Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 3 қазандағы N 891 Қаулысы

 

«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қоса берiлiп отырған мемлекеттiк органдардың интернет-ресурстарына орналастырылатын мемлекеттiк органдар туралы электрондық ақпараттық ресурстардың тiзбесi бекiтiлсiн.      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2007 жылғы 3 қазандағы
N 891 қаулысымен
бекiтiлген

Мемлекеттiк органдардың интернет-ресурстарына орналастырылатын
мемлекеттiк органдар туралы электрондық ақпараттық
ресурстардың тiзбесi*

     

Р/с

Параметрi

Өлшемдерi

1

2

3

1 Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәмiздерi Мемлекеттiк Ту, Мемлекеттiк Елтаңба
2 Мемлекеттiк орган туралы жалпы ақпарат 1. Почталық мекен-жайы
2. Электрондық почтаның мекен-жайы
3. Анықтамалық қызметтердiң телефондары
4. Өкiлеттiктерiнiң сипаттамасы
5. Өкiлеттiктерiн, мiндеттерi мен функцияларын анықтайтын заңдардың, нормативтiк актiлердiң тiзбесi
6. Мемлекеттiк органның символикасы (олар бар болған кезде)
7. Мемлекеттiк органның құрылғаны туралы тарихи анықтама
3 Құрылымы 1. Мiндеттерi мен функциялары
2. Құрылымдық бөлiмшелердiң тiзбесi
3. Кiшi ведомстволық ұйымдардың тiзбесi
4. Ведомстволық бағынысты ұйымдардың почталық мекен-жайы, электрондық почтаның мекен-жайы, анықтамалық қызмет телефондары (көрсетiлген ұйымдар бар болған кезде)
5. Бiрiншi басшылар туралы мәлiметтер
6. Құрылымдық бөлiмшелердiң басшылары туралы мәлiметтер
7. Аумақтық органдардың тiзбесi (олар бар болған кезде), аумақтық органдардың мiндеттерi мен функциялары, аумақтық органдардың почталық мекен-жайы, электрондық почтасының мекен-жайы, анықтамалық қызмет телефондары, аумақтық органдардың басшылары туралы мәлiметтер
4 Ақпараттық қолдау 1. Мемлекеттiк органның қарамағындағы жалпы пайдаланымдағы ақпараттық жүйелердiң, деректер банкiнiң, тiзiлiмдердiң, тiркелiмдердiң тiзбелерi. Азаматтар мен ұйымдарға ұсынылатын ақпараттық ресурстар мен қызметтердiң тiзбесi.
2. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жоспарларын iске асыру және ақпараттық жүйелердi әзiрлеу туралы ақпарат.
5 Статистикалық ақпарат Органның құзыретiне қатысты бөлiгiнде саланы дамытудың жай-күйi мен серпiнiн сипаттайтын статистикалық деректер мен көрсеткiштер
6 Талдамалық ақпарат Мемлекеттiк органның
қызметi туралы ақпараттық
сипаттағы талдамалық
баяндамалар мен шолулар
7 Мемлекеттiк органның норма жасау қызметi 1. Мемлекеттiк орган қабылдаған нормативтiк құқықтық актiлер
2. Заңнамалық және заңға тәуелдi актiлер жобаларының мәтiндерi
8 Жұмыс тәртiбi 1. Мемлекеттiк органның рұқсат беру iс-әрекеттерiн (лицензиялау, аккредиттеу, тiркеу және басқалары) жүзеге асыру тәртiбi
2. Заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес орган қарауға қабылдайтын өтiнiш құжаттарының нысандары
9 Мемлекеттiк органның қызметi 1. Мақсатты бағдарламалар мен тұжырымдамалардың жобалары туралы мәлiметтер
2. Басшылар мен басшылар орынбасарларының ресми сөйлеген сөздерi мен мәлiмдемелерiнiң мәтiндерi
10 Конкурстар, тендерлер және басқаларын өткiзу 1. Ашық конкурстар,
аукциондар, тендерлер,
сараптамалар және басқа
да iс-шаралар туралы
мәлiметтер және оларды
өткiзу шарттары
2. Оларға заңды және
жеке тұлғалардың қатысу
тәртiбi
11 Халықпен жұмыс 1. Мемлекеттiк органның
азаматтарды қабылдау
және олардың өтiнiшiн
қарау тәртiбi
2. Құзыретiне азаматтарды
қабылдауды ұйымдастыру
және азаматтар мен
ұйымдардың өтiнiшiн
қарауды қамтамасыз ету
кiретiн бөлiмше
басшысының немесе өзге
лауазымды адамның тегi,
аты және әкесiнiң аты
3. Мемлекеттiк органның
қызметi туралы ауызша
нысанда ақпарат беретiн
құрылымдық бөлiмшелердiң
атауы, лауазымды адамның
тегi, аты және әкесiнiң
аты
4. Азаматтарды қабылдау
және олардың өтiнiштерiн
қарау мәселелерi бойынша
азаматтарға ақпарат алуға
мүмкiндiк беретiн
байланыс телефондары,
азаматтарды қабылдау
жүргiзiлетiн мекен-жай,
қабылдау уақыты,
сондай-ақ қабылдауға
жазылу тәртiбi
5. Азаматтар мен
ұйымдардың мемлекеттiк
органға өтiнiштерiне
шолулар, мұндай
өтiнiштердi қарау
нәтижелерi туралы және
қабылданған шаралар
туралы қорытылған ақпарат
12 Кадрлық  қамтамасыз ету 1. Азаматтардың мемлекет-
тiк қызметке кiру
тәртiбi, мемлекеттiк
қызметтiң бос лауазымдары
туралы мәлiметтер
2. Мемлекеттiк қызметтiң
бос лауазымдарына
орналасуға кандидаттарға
қойылатын бiлiктiлiк
талаптары
3. Бос лауазымдарды
атқаруға қатысты ақпарат
алуға болатын
телефондардың нөмiрi
13 Алынып тасталды — ҚР Үкiметiнiң 2012.05.29 № 698 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
14 Қоғамдық маңызды өлшемдер 1. Сұрақ-жауап сервисiнiң
болуы
2. Жаңалыққа жазылу
мүмкiншiлiгi
3. Мемлекеттiк, орыс және
ағылшын тiлдерiнде
негiзгi бөлiмдердiң болуы
4. Интерактивтi сұрақтар
5. Жаңалықтар таспасы
6. Жаңалықтар мұрағаты

      *Қол жетiмдiлiгi шектелген электрондық ақпараттық ресурстарды интернет-ресурстарда орналастыруға тыйым салынады