Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:1. «Қазақстан Республикасында телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссияны құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 ақпандағы № 203 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 6, 52-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:«Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссияны құру туралы»;  кiрiспе мынадай редакцияда жазылсын: «Телерадио хабарларын тарату саласындағы қоғамдық мүддені есепке алу және қорғау, сондай-ақ халықтың теле-, радиоарналарға қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:»;   1-тармақта:бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «1. Мынадай құрамда телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелерi жөнiндегi комиссия құрылсын:»;   Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

Мыңбай                   — Қазақстан Республикасының Мәдениет және
Дархан Қамзабекұлы         ақпарат министрі, төраға

Қырықбаев                — Қазақстан Республикасының Мәдениет және
Арман Оразбайұлы           ақпарат вице-министрі, төрағаның
орынбасары

Қалианбеков              — Қазақстан Республикасының Мәдениет және
Болат Серікұлы             ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат
комитетінің төрағасы, хатшы

Мұхамеджанов             — Қазақстан Республикасының Парламенті
Төлеген Мұхамеджанұлы      Сенатының депутаты (келісім бойынша)

Әшімбаев                 — Қазақстан Республикасының Парламенті
Мәулен Сағатханұлы         Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)

Ықсанова                 — Қазақстан Республикасының Парламенті
Гүлнар Мұстақымқызы        Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)

Қуанышев                 — Қазақстан Республикасы Президентiнiң
Жапсарбай Iлиясұлы         Әкiмшiлiгi Iшкi саясат бөлiмiнiң
меңгерушiсi (келiсiм бойынша)

Бабақұмаров              — Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің
Ержан Жалбақұлы            Кеңсесi Басшысының орынбасары

Башимов                  — «Еуропа құқығы және адам құқықтары
Марат Советұлы             институты» қоғамдық бiрлестiгiнiң
сарапшысы, профессор, заң ғылымдарының
докторы (келiсiм бойынша)

Кациев                   — Қазақстандағы «Internews Network»
Олег Ахсарович             халықаралық ұйымы өкілдігінің директоры
(келісім бойынша)

Жұмабаев                 — «Қазақстан Республикасы телерадио
Айдар Әбілмәжінұлы         хабарларын таратушылар қауымдастығы»
қоғамдық қорының төрағасы (келісім
бойынша)

Матаев                   — Қазақстан журналистер одағы басқармасының
Сейітқазы Бейсенқазыұлы    төрағасы (келісім бойынша)

Оразов                   — «Нұр Медиа» жауапкершілігі шектеулі
Нұрай Нұрғожаұлы           серіктестігі бас директорының бірінші
орынбасары (келісім бойынша)

Ерімбетов                — «Әлеуметтік әріптестік орталығы»
Нұрлан Кенжебекұлы         корпоративтік қорының бас директоры
(келісім бойынша)

Жолдыбай                 — «Бас редакторлар клубы» республикалық
Кенжеболат Махмұтұлы       қоғамдық бірлестігінің президенті (келісім
бойынша)

      мына:

«Нұршабеков              — Қазақстан Республикасы Байланыс және
Ризат Рахатбекұлы          ақпарат министрлігі Байланыс және
ақпараттандыру комитетінің төрағасы»

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«Нұршабеков              — Қазақстан Республикасы Көлік және
Ризат Рахатбекұлы          коммуникация министрлігі Байланыс және
ақпараттандыру комитетінің төрағасы»;

      көрсетілген құрамнан Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев, Ләззат Мұратқызы Танысбай, Болат Талапұлы Берсебаев, Есім Ғарифолла, Ерлан Зайроллаұлы Нығматулин, Қуаныш Сұлтанұлы Сұлтанов шығарылсын;   3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң Ақпарат және мұрағат комитетi болып белгiленсiн.». 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов