Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 16 мамырдағы № 203-V ҚРЗ
РҚАО-ның ескертпесі!
Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз.
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20, 21-құжаттар; № 4, 28-құжат; № 16, 131-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114, 115-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 16, 18-құжаттар; № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 2, 21, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 4, 37-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 13, 15-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 7, 36-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат):
1) 10-бапта:
3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) кәсiпкерлiк қызметтi, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген рұқсаттардан және хабарламалардан басқа, қандай да бір рұқсаттар алмай не хабарламаларды жібермей жүзеге асыру мүмкiндiгi арқылы;»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібін белгілеу адамдардың өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны, меншікті қорғау, ұлттық қауіпсіздікті және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында қызметтің немесе әрекеттің (операцияның) қауіптілік деңгейіне қарай «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен жүргізіледі.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өнімге қойылатын талаптар, сәйкестікті міндетті растау жөніндегі талаптар мемлекеттік реттеу мақсаттарына қол жеткізу үшін жеткіліксіз болған жағдайларда, рұқсат беру тәртібі белгіленеді.»;
2) 19-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Егер дара кәсіпкер лицензиялануға жататын қызметті жүзеге асырса, оның осындай қызметті жүзеге асыру құқығына лицензиясы болуы міндетті.
Лицензия Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен беріледі.
Қазақстан Республикасының Үкіметі дара кәсіпкерлерге лицензиялар берудің оңайлатылған тәртібін белгілеуге құқылы.»;
3) 35-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Заңды тұлғаның құқық қабiлеттiлiгi ол құрылған кезде пайда болады және оны тарату аяқталған кезде тоқтатылады. Айналысу үшiн рұқсат алу қажет болатын қызмет саласында заңды тұлғаның құқық қабiлеттiлiгi осындай рұқсатты алған кезден бастап пайда болады және ол алып қойылған, қолданыс мерзiмi өткен немесе Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгiленген тәртiппен жарамсыз деп танылған кезде тоқтатылады.»;
4) 49-баптың 2-тармағы 4) тармақшасының үшінші абзацындағы «рұқсатсыз (лицензиясыз)» деген сөздер «лицензиясыз» деген сөзбен ауыстырылсын;
5) 159-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қажеттi рұқсатты алмай не рұқсаттың қолданыс мерзiмi аяқталғаннан кейiн жасалған мәмiле жарамсыз болады.».
2. 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Орман кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 16, 140-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжат, № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 27-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 г. № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 жылғы 15 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 12-бап мынадай мазмұндағы 17-20) тармақшамен толықтырылсын:
«17-20) өсімдіктер дүниесінің объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын, оның ішінде сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген санатқа жатқызылған өсімдіктер түрлерін Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсаттар беру қағидаларын бекітеді;»;
2) 13-баптың 1-тармағында:
18-2) тармақша алып тасталсын;
18-4) тармақшадағы «және бекітеді» деген сөздер алып тасталсын.
3. 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 17, 141-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 19, 147-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 15-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 79, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 10-құжат; 2014 жылғы 15 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 36-бап мынадай мазмұндағы 20-1) тармақшамен толықтырылсын:
«20-1) арнайы су пайдалануға рұқсат алуға өтініштің нысанын және арнайы су пайдалануға рұқсаттың нысанын бекітеді;»;
2) 37-баптың 1-тармағында:
мынадай мазмұндағы 4-2) тармақшамен толықтырылсын:
«4-2) су тұтынудың және су бұрудың үлестік нормаларын келіседі;»;
5-1) және 6) тармақшалар алып тасталсын;
6-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6-1) арнайы су пайдалануға рұқсат алуға өтініштің нысанын және арнайы су пайдалануға рұқсаттың нысанын әзірлейді;»;
3) 40-баптың 2-тармағында:
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) осы Кодексте белгiленген тәртiппен арнайы су пайдалануға рұқсат беру, оның қолданысын тоқтата тұру, оны ұзарту және қайта ресімдеу, сондай-ақ арнайы су пайдалану құқығын тоқтату;»;
мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) салық органына ұсынғанға дейін жерүсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем бойынша салық есептілігін растау;»;
4) 51-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен арнайы су пайдалануға рұқсаттың қолданысын тоқтата тұру және арнайы су пайдалану құқығын тоқтату туралы ұсыныстар енгізуге;»;
5) 66-бапта:
6-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) өнеркәсіптік, коммуналдық-тұрмыстық, сорғытылған және басқа да сарқынды суларды жерүстi су объектiлеріне, су шаруашылығы құрылыстарына немесе жер бедеріне ағызу;»;
8-тармақта:
бірінші абзацта:
«тазартылған» деген сөз алып тасталсын;
«объектiлерiне» деген сөзден кейін «, су шаруашылығы құрылыстарына немесе жер бедеріне» деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) сарқынды суларды беруге немесе қабылдауға өтінімдерімен қайталама су пайдаланушылардың тізбесі бар жеке немесе заңды тұлғаларға рұқсат беріледі.»;
9-тармақта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) суды беруге өтінімдерімен қайталама су пайдаланушылардың тізбесі;»;
мынадай мазмұндағы 5) және 6) тармақшалармен толықтырылсын:
«5) жерасты суларын шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін алған кезде санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы;
6) су пайдаланудың шарттарын жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органның аумақтық бөлімшелерімен келісімі бар жеке және заңды тұлғаларға рұқсат беріледі.»;
10-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нысан бойынша арнайы су пайдалануға рұқсат беру туралы өтінішті;»;
4) тармақшадағы «көшірмесін ұсынады.» деген сөздер «көшірмесін;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6), 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын:
«6) су тұтыну және су бұру көлемдерінің негіздемесі бойынша есептеулерді;
7) жерүсті және (немесе) жерасты суларын шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін алған кезде санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны;
8) сарқынды суларды беруге немесе қабылдауға өтінімдерімен қайталама су пайдаланушылардың тізбесін ұсынады.»;
мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:
«10-1. Уәкілетті органның өңірлік органдары тәулігіне елуден екі мың текше метрге дейін алу лимиттерімен жер қойнауы бөлігінен шаруашылық-ауыз су және өндірістік-техникалық жерасты суларын пайдалануға арналған арнайы су пайдалануға рұқсат алу үшін құжаттарды алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның тиісті аумақтық бөлімшесіне осы су пайдалану шарттарын келісу үшін сауал жібереді.
Жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органның өңірлік органына оң не теріс қорытынды ұсынуға міндетті.»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Арнайы су пайдалануға рұқсатты уәкілетті органның өңірлік органдары өтiнiш берушi осы Кодекске сәйкес ұсынған барлық қажеттi құжаттармен бірге өтiнiш берген күннен бастап жиырма төрт жұмыс күнінен кешiктiрмей бередi.»;
мынадай мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылсын:
«14-1. Арнайы су пайдалануға рұқсаттың қолданыс мерзімі осы Кодекстің 70-бабына сәйкес айқындалады.»;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Заңды тұлға атауының өзгеруі және (немесе) оның орналасқан жерінің өзгеруі, жеке тұлға тегінің, атының, әкесінің атының (ол болған кезде) өзгеруі, дара кәсіпкерді қайта тіркеу жеке немесе заңды тұлғаның жазбаша өтінішінің негізінде арнайы су пайдалануға рұқсатты қайта ресімдеуді талап етеді.
Өтініш уәкілетті органның өңірлік органына өзгерістер болған кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде заңды тұлға атауының өзгергені және (немесе) оның орналасқан жерінің өзгергені, жеке тұлға тегінің, атының, әкесінің атының (ол болған кезде) өзгергені, дара кәсіпкердің қайта тіркелгені туралы растайтын құжаттар қоса беріле отырып жіберіледі.
Арнайы су пайдалануға рұқсатты қайта ресімдеу кезінде оның нөмірі, шарттары және қолданыс мерзімі өзгеріссіз қалады. Рұқсат беру құжатының жоғарғы оң жақ бұрышына «Қайта ресімделді» деген белгі соғылады.
Арнайы су пайдалану шарттарының өзгеруі арнайы су пайдалануға жаңа рұқсат алуды талап етеді.»;
мынадай мазмұндағы 15-1-тармақпен толықтырылсын:
«15-1. Егер су пайдалану шарттары өзгеріссіз қалған жағдайда, арнайы су пайдалануға рұқсаттың қолданыс мерзімі жеке немесе заңды тұлғаның жазбаша өтініші негізінде ұзартылуы мүмкін.»;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Арнайы су пайдалануға рұқсат берген уәкілетті органның өңірлік органы оның қолданысын мынадай:
1) арнайы су пайдалануға рұқсат алу үшін ұсынылған мәліметтердің анық еместігі анықталған;
2) Қазақстан Республикасының су және экологиялық заңнамасының талаптарын бұзушылықтар анықталған;
3) осы Кодекстің 74-бабында көзделген су пайдалану құқығы шектелген жағдайларда, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен тоқтата тұрады.
Тексеру барысында осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген фактілер анықталған кезде уәкілетті органның өңірлік органы мерзімдерін көрсете отырып, оларды жою туралы нұсқама береді. Белгіленген мерзім өткеннен кейін уәкілетті органның өңірлік органы бұзушылықты жою фактісін анықтау тұрғысынан қайталап тексеру жүргізеді.
Нұсқама белгіленген мерзімде орындалмаған жағдайда уәкілетті органның өңірлік органы қайталап тексеруді жүргізген кезден бастап он жұмыс күні ішінде тоқтата тұрудың себебі мен мерзімін көрсете отырып, арнайы су пайдалануға рұқсаттың қолданысын тоқтата тұру туралы хабарлама жібереді.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасы негізінде арнайы су пайдалануға рұқсаттың қолданысын тоқтата тұрған жағдайда, уәкілетті органның өңірлік органы рұқсаттың қолданысын тоқтата тұрудың себебін көрсете отырып, жеке немесе заңды тұлғаны хабардар етумен ғана шектеледі.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшалары негізінде тоқтатыла тұрған арнайы су пайдалануға рұқсаттың қолданысын қайта бастау ұсынылған анық емес мәліметтер және анықталған бұзушылықтар жойылғаннан кейін немесе осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасында негізделген мән-жайлар тоқтатылғаннан кейін жүзеге асырылады.»;
6) 75-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«75-бап. Арнайы су пайдалану құқығын тоқтату
1. Арнайы су пайдалану құқығы:
1) су пайдаланушы су пайдалану құқығынан бас тартқан;
2) су пайдалану мерзiмi өтiп кеткен;
3) су пайдаланушы жеке тұлға қайтыс болған;
4) су пайдаланушы заңды тұлға таратылған;
5) су объектiлерi табиғи немесе жасанды түрде жойылып кеткен;
6) су объектілерін пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен басқа жеке және заңды тұлғаларға ауысқан жағдайларда тоқтатылуға жатады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2), 5) және 6) тармақшаларында көзделген арнайы су пайдалану құқығын тоқтату негіздері туындаған жағдайда уәкілетті органның өңірлік органы жеке немесе заңды тұлғаға арнайы су пайдалануға рұқсаттың қолданысын тоқтату туралы жазбаша хабарлама жібереді.
2. Арнайы су пайдалану құқығы:
1) ауыз сумен жабдықтауға арналған су ресурстары бiр жыл бойы пайдаланылмаған;
2) су ресурстары үш жыл бойы пайдаланылмаған;
3) су ресурстарын мемлекеттiк мұқтаждықтар үшiн пайдалану қажеттiлігi туындаған;
4) арнайы су пайдалануға рұқсаттың қолданысын тоқтата тұруға негіз болған бұзушылықтар жойылмаған жағдайларда, арнайы су пайдалануға рұқсаттан айыру арқылы тоқтатылуға жатады.
3. Осы баптың 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген арнайы су пайдалануға рұқсаттан айыру үшін негіздер су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау барысында анықталады.
Осы баптың 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда уәкілетті органның өңірлік органы анықталған бұзушылықтарды жою қажет болғанға дейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде жеке немесе заңды тұлғаға арнайы су пайдалануға рұқсаттан айыру туралы жазбаша хабарлама жібереді.
4. Уәкілетті органның өңірлік органы арнайы су пайдалану құқығының тоқтатылғаны туралы жазбаша хабарламада көрсеткен күннен бастап арнайы су пайдалану құқығы тоқтатылған деп есептеледі.
Арнайы су пайдалану құқығын тоқтату туралы шешім су пайдалану шартын бұзу үшін негіз болып табылады.».
4. 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 1, 1-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 11-12, 55-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж. № 1, 4-құжат; № 2, 10-құжат; 2014 жылғы 15 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 21-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау мен қызметтер көрсетуге қызметті лицензиялауды Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.»;
2) 171-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) рұқсат беру органдарымен;».
5. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 114, 115-құжаттар; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж. № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; 2014 жылғы 15 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 19 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 25 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ішкі істер органдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 12-баптың 1-1-тармағы мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«2009 жылғы 1 қаңтардан кейін туындаған, ұлттық басқарушы холдингтің ірі акционер ретінде банктің жарғылық капиталына қатысуы және (немесе) ұлттық басқарушы холдингтің лауазымды адамдарының осындай банктің басқару органына қатысуы өзара байланыстығының жалғыз негізі болып табылатын тұлғалар өзара байланысты тараптар деп танылмайды.»;
2) 13-баптың 1-тармағында:
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) салықтық өтініш бойынша осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімдерде Қазақстан Республикасындағы көздерден резидент емес алған кірістердің және ұсталған (төленген) салықтардың сомалары туралы анықтама алуға;»;
мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
«8-1) сауал бойынша осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімдерде салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер алуға;»;
3) 20-баптың 1-тармағында:
12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«12) салық төлеушінің (салық агентінің, оператордың) салықтық өтініші бойынша осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімдерде Қазақстан Республикасындағы көздерден резидент емес алған кірістердің және ұсталған (төленген) салықтардың сомалары туралы анықтама ұсынуға;»;
мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:
«12-1) осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімдерде салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер беруге;»;
4) 73-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтық өтініш алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде салық органы уәкілетті орган әзірлеген және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нысан бойынша салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру туралы немесе салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұрудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.»;
5) 74-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Салық органының салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру туралы шешімі салықтық өтініш берілген күнге уәкілетті орган әзірлеген және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нысан бойынша шығарылады.»;
6) 90-баптың 2-тармағында:
4-1) тармақшадағы «бөлігінде борышкерге қойылатын талаптар мөлшері азайтылған кезде бұрын шегерімдерге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомасы – осы Кодекстің 106-бабының 1, 1-1, 1-3, 3 және 4-тармақтарына сәйкес провизияларды (резервтерді) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеуші құрған провизиялардың (резервтердің) мөлшерлерін азайтудан түсетін табыс деп танылмайды.» деген сөздер «бөлігінде;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4-2) тармақшамен толықтырылсын:
«4-2) акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған заңды тұлғаға тиесілі, ұлттық даму институты болып табылатын банк кредит (қарыз) бойынша талап ету құқықтарын басқаға берген жағдайда – банктің бастапқы құжаттарына сәйкес осындай банк басқаға беруді жүргізген кредит (қарыз) бойынша талап ету құқықтарының құны мен кредит (қарыз) бойынша талап ету құқықтарын басқаға беру күні борышкерден алынуға жататын кредит (қарыз) бойынша талап ету құны арасындағы теріс айырма бөлігінде борышкерге қойылатын талаптар мөлшері азайтылған кезде бұрын шегерімдерге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомасы – осы Кодекстің 106-бабының 1, 1-1, 1-3, 3 және 4-тармақтарына сәйкес провизияларды (резервтерді) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеуші құрған провизиялардың (резервтердің) мөлшерлерін азайтудан түсетін кіріс деп танылмайды.
Осы тармақша акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, ұлттық даму институты болып табылатын банктің басқару органының осындай кредит (қарыз) бойынша талап ету құқықтарын басқаға беруді жүргізу туралы шешімі болған кезде қолданылады.»;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) банктің бастапқы құжаттарына сәйкес банк басқаға беруді жүргізген кредит (қарыз) бойынша талап ету құқығының құны мен кредит (қарыз) бойынша талап ету құқығын басқаға берген күні банктің борышкерден алуға жататын кредит (қарыз) бойынша талап ету құны арасындағы терiс айырма бөлiгiнде банк кредит (қарыз) бойынша талап ету құқықтарын мынадай ұйымдарға:
екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған, дауыс беретін акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі ұйымға;
2012 жылғы 1 қаңтарға дейін берілген және күмәнді және үмітсіз активтер деп танылған кредиттер (қарыздар) бойынша банктердің талап ету құқығын сатып алатын банктің еншілес ұйымына берген жағдайда борышкерге қойылатын талаптар мөлшері азайтылған кезде бұрын шегерімдерге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомасы осы Кодекстің 106-бабының 1, 1-1, 1-3, 3 және 4-тармақтарына сәйкес провизияларды (резервтерді) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеуші құрған провизиялардың (резервтердің) мөлшерлерін азайтудан түсетін кіріс деп танылмайды;»;
7) 91-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«91-бап. Талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кіріс
Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, мыналар:
1) талап ету құқығын сатып алатын салық төлеуші үшін – негізгі борышты талап ету бойынша борышкерден алынуға жататын сома, оның ішінде талап ету құқығын басқаға берген күнгі негізгі борыштан тыс сома мен талап ету құқығын сатып алу құны арасындағы оң айырма;
2) талап ету құқығын басқаға берген салық төлеуші үшін – салық төлеушінің бастапқы құжаттарына сәйкес басқаға беру жүргізілген талап ету құқығының құны мен борышкерден талап ету құқығын басқаға берген күні алынуға жататын талап ету құны арасындағы оң айырма талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кіріс болып табылады.
Талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кіріс талап ету құқығын басқаға беру жүргізілген салық кезеңінде танылады.
Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйым үшін борышкер нақты төлеген сома мен талап ету құқығын сатып алу құны арасындағы оң айырма күмәнді және үмітсіз активтер деп танылған кредиттер (қарыздар) бойынша талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кіріс болып табылады.»;
8) 99-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 14-2) тармақшасындағы «табыстар алып тасталуға жатады.» деген сөздер «кірістер;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 14-3) тармақшамен толықтырылсын:
«14-3) Қазақстан Республикасының Үкімет айқындаған заңды тұлғаның акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, ұлттық даму институты болып табылатын банктен кредиттер (қарыздар) бойынша талап ету құқықтарын сатып алуға байланысты алынған талап ету құқықтарын басқаға беруден түсетін кірістері алып тасталуға жатады.
Осы тармақша акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, ұлттық даму институты болып табылатын банктің басқару органының осындай кредит (қарыз) бойынша талап ету құқықтарын басқаға беруді жүргізу туралы шешімі болған кезде қолданылады.»;
9) 103-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы баптың мақсаты үшін мыналар:
1) осы Кодекстің 12-бабында айқындалған сыйақылар;
2) өзара байланысты тараптар арасындағы кредит (қарыз) шарты бойынша тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл);
3) өзара байланысты тарапқа берілетін кепілдік үшін төлем сыйақылар деп танылады.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, шегерімге жатқызылуға тиіс сыйақы сомасы осы Кодекстің 57-бабының 2-тармағына сәйкес есепке жазу әдісімен айқындалады.
Осы Кодекстің 106-бабының 1, 1-1 және 3-тармақтарына сәйкес шегерімге жатқызылуға тиіс провизиялар (резервтер) құруға құқылы тұлғаға міндеттемелер бойынша төлемдер түріндегі сыйақы:
1) есепті салық кезеңінде және (немесе) есепті салық кезеңінің алдындағы салық кезеңдерінде шығыс деп танылған шығыс сомасының шегінде есепті салық кезеңінде;
2) есепті салық кезеңінде шығыс деп танылған шығыс сомасы шегінде есепті салық кезеңінің алдындағы салық кезеңдерінде нақты төленген мөлшерде шегерімге жатады.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Сыйақыны шегеру осы баптың 1-1-тармағында белгіленген ережелер ескеріле отырып, мынадай формула бойынша есептелетін сома шегінде жүргізіледі:
(А+Д)+(ЖК/МС)*(ШК)*(Б+В+Г),
мұнда:
А – Б, В, Г, Д көрсеткіштеріне енгізілген сомаларды қоспағанда, сыйақы сомасы;
Б – Д көрсеткішіне енгізілген сомаларды қоспағанда, өзара байланысты тарапқа төленетін сыйақы сомасы;
В – Б көрсеткішіне енгізілген сомаларды қоспағанда, осы Кодекстің 224-бабына сәйкес айқындалатын жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тіркелген тұлғаларға төленетін сыйақы сомасы;
Г – В көрсеткішіне енгізілген сомаларды қоспағанда, кепілдіктерді, кепілгерлікті немесе қамтамасыз етудің өзге нысанын орындаған жағдайда депозитке немесе қамтамасыз етілген кепілдікке, кепілгерлікке немесе өзара байланысты тараптардың қамтамасыз етуінің өзге нысанына берілген қарыздар бойынша тәуелсіз тарапқа төленетін сыйақы сомасы;
Д – Қазақстан Республикасында құрылған кредиттік серіктестік беретін кредиттер (қарыздар) үшін сыйақы сомасы;
ШК – шекті коэффициент;
ЖК – жеке капиталдың орташа жылдық сомасы;
МС – міндеттемелердің орташа жылдық сомасы.
А, Б, В, Г, Д сомаларын есептеу кезінде құрылысқа алынған және құрылыс кезеңіне есепке жазылған кредит (қарыз) үшін сыйақылар алып тасталады.
Өзара байланысты болып табылмайтын тарап осы баптың мақсаты үшін тәуелсіз тарап деп танылады.»;
10) 238-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Кепiл берушiге кепiлдіктегі мүлiктi (тауарды) берген кезде кепiл берушiдегi салық салынатын айналым мөлшерi өткізілетін кепiлдiктегi мүлiк (тауар) құны негізінде оған қосылған құн салығы енгiзiлмей, айқындалады.»;
11) 250-баптың 2-тармағының 3) және 8) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«3) бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметті Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес лицензиясыз жүзеге асыратын тұлғалардың қызмет көрсетулері;»;
«8) ерікті зейнетақы жарналарын (ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры) тарту құқығымен инвестициялық портфельді, сондай-ақ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының активтерін басқару жөніндегі қызмет;»;
12) 426-баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) осы баптың 5-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, салық төлеушілер тапсыратын, уәкілетті орган әзірлеген және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нысан бойынша қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламада (осы тараудың мақсаты үшін бұдан әрі – қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама) – бір салық салу режимінен өзге салық салу режиміне ауысу кезіндегі салық төлеушілер, сондай-ақ жаңадан құрылған (пайда болған) заңды тұлғалар жүзеге асырады.»;
13) 557-баптың 3-тармағының 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«12) Қазақстан Республикасының заңнамасында салық құпиясын құрайтын салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер беру көзделген мемлекеттік органдарға және (немесе) тұлғаларға береді;»;
14) 569-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Салық органы қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою үшін салықтық өтiнiш берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік бере отырып, салық төлеушіні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қоюды жүргізеді немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нысан бойынша оны қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қоюдан бас тарту туралы шешім шығарады.»;
15) 574-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген салықтық өтініш салық органына мынадай мерзімдерде:
1) осы баптың 1-тармағының 1), 2), 5) (темекі өнімдерін өндіруді қоспағанда), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген қызметтi жүзеге асырған кезде жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыру басталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей;
2) осы баптың 1-тармағы 3), 4), 5) (темекі өнімдерін көтерме саудада өткізуді қоспағанда), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген қызметті жүзеге асырған кезде лицензия берілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей табыс етіледі.
Осы баптың 4-тармағында көрсетілген салықтық өтініш осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген қызметті жүзеге асырған кезде салық органына мұнай өнімдерін өндірушінің өндірістік объектісіне, мұнай өнімдері базасына (резервуарға), автомай құю станциясына, алкоголь өнімін көтерме саудада өткізу кезінде қойма үй-жайларына меншік құқығын растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе оларды жалдау шартының көшірмесін, осындай шарттардың бірін бір жыл кезеңге дейін не мұнай өнімдерін өндірушімен мұнайды қайта өңдеу шартын жасасқан кезде, қоса беріле отырып, ұсынылады.
Салыстыру үшін шарттың түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда шарттардың көшірмелерін нотариат куәландыруға тиіс.»;
16) 581-баптың 10) және 13) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«10) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес міндеттеме тоқтатылған күнге дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлға немесе заңды тұлға болып табылатын қарыз алушыға берiлген кредиттер (қарыздар) бойынша мiндеттемелердің тоқтатылуы кезінде қарыз алушының орналасқан (тұрғылықты) жеріндегі салық органын күнтізбелік отыз күн ішінде тоқтатылған міндеттеменің мөлшері туралы хабардар етуге міндетті.
Осы тармақшаның ережелері міндеттемені орындау жолмен ол тоқтатылған кезде қолданылмайды.»;
«13) уәкілетті органның сайтында өзі туралы ақпарат орналастырылған әрекетсіз салық төлеушіге және осы банкте ашық банк шоты бар, салық қызметінің органдары салық төлеушінің банк шоттары бойынша инкассолық өкім немесе шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім шығарған салық төлеушіге банк шоттарын (корреспонденттік шоттарды, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді алуға арналған банк шоттарын қоспағанда) ашудан бас тартуға міндетті.
Осы баптың мақсаттары үшін бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органда ашылған мемлекеттік мекемелердің шоттары банк шоттарына теңестіріледі, ал бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға теңестіріледі.»;
17) 598-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«598-бап. Салық берешегiнiң, міндетті зейнетақы
жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы
жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша
берешегiнiң жоқ (бар) екендiгi туралы
мәлiметтердi беру тәртiбi
1. Салық төлеуші (салық агенті) тіркеу есебіне алынған жері бойынша «электрондық үкіметтің» веб-порталы; салық органдарының ақпараттық жүйелерінің веб-қосымшасы; халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы салық органына салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер (осы баптың мақсаты үшін – берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер) алу үшін сауал беруге құқылы.
2. Салық органы берешектiң жоқ (бар) екендiгi туралы мәлiметтердi электрондық түрде:
1) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді, қайта тіркеуді, заңды тұлғалар қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеуді, құрылымдық бөлімшелерді есептік тіркеуді, қайта тіркеуді, есептік тіркеуден шығаруды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға – Бизнес-сәйкестендіру нөмірлері ұлттық тізілімінің мәліметтері негізінде;
2) мемлекеттік органдарға және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында мұндай мәліметтер беру белгіленген тұлғаларға – мұндай органның және (немесе) тұлғаның сауалы бойынша;
3) салық төлеушіге (салық агентіне) – салық төлеушінің (салық агентінің) сауалы бойынша береді.
3. Берешектiң жоқ (бар) екендiгi туралы мәліметтер салық төлеушінің (салық агентінің) тiркеу есебiне алынған жері бойынша салық органдарында ашылған дербес шоттардың деректерi ескеріле отырып жасалады.
4. Берешектің жоқ (бар) екендiгi туралы мәліметтер уәкілетті органның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.
5. Берешектің жоқ (бар) екендiгi туралы мәліметтер:
1) Бизнес-сәйкестендіру нөмірлері ұлттық тізілімінің мәліметтері негізінде – мәліметтер келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей;
2) мемлекеттік органның және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында мұндай мәліметтер беру белгіленген тұлғаның сауалы бойынша – сауал келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жасалады.
6. Заңды тұлға таратылған немесе шетелдік заңды тұлғаның филиалы (өкілдігі) қызметiн тоқтатқан жағдайда, мұндай тұлғаның және (немесе) филиалдың (өкілдіктің) берешегiнiң жоқ (бар) екендiгi туралы мәліметтер осы Кодекстің 37 және 37-1-баптарында белгіленген шарттар сақталған кезде Бизнес-сәйкестендіру нөмірлері ұлттық тізілімінің мәліметтері негізінде беріледі.
7. Жеке тұлға, оның ішінде дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретінде тіркеу есебіне қойылған жеке тұлға Қазақстан Республикасынан тұрақты тұрғылықты жерге кеткен кезде мұндай тұлғаның берешегiнiң жоқ (бар) екендiгi туралы мәліметтер осы Кодекстің 41, 42 және 43-баптарында белгіленген шарттар сақталған кезде беріледі.»;
18) 627-бапта:
2-тармақтың екінші бөлігінің жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«акциздiк және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және төлнұсқалығы, алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға ілеспе жүкқұжаттарының болуы және төлнұсқалығы, лицензияның, патенттiң, осы Кодекстiң 574-бабында көрсетiлген тiркеу карточкасының болуы мәселелерi бойынша тақырыптық тексерулер кезiнде – нұсқамада көрсетiлген аумақтың учаскесiнде кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын салық төлеушi;»;
5-тармақта:
2) тармақшада:
бірінші бөліктің жиырмасыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«акциздiк және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және төлнұсқалығы, алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға ілеспе жүкқұжаттарының болуы және төлнұсқалығы, лицензияның, патенттiң, осы Кодекстiң 574-бабында көрсетiлген тiркеу карточкасының болуы;»;
екінші бөліктің бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«акциздiк және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және төлнұсқалығы, алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға ілеспе жүкқұжаттарының болуы және төлнұсқалығы, лицензияның, патенттiң, осы Кодекстiң 574-бабында көрсетiлген тiркеу карточкасының болуы мәселелерi бойынша тақырыптық тексеру жүргiзуге қатысу үшiн жеке кәсiпкерлiк субъектілерi бiрлестiктерiнiң өкiлдерi осындай бiрлестiктермен келiсу бойынша тартылуы мүмкiн.»;
9-тармақтың бірінші бөлігі 2) тармақшасының жиырма алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«акциздiк және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және төлнұсқалығы, алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға ілеспе жүкқұжаттарының болуы және төлнұсқалығы, лицензияның, патенттiң, осы Кодекстiң 574-бабында көрсетiлген тiркеу карточкасының болуы мәселелерi бойынша;»;
19) 632-бапта:
2-тармақтың 1) тармақшасының бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«акциздiк және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және төлнұсқалығы, алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға ілеспе жүкқұжаттарының болуы және төлнұсқалығы, лицензияның, патенттің, осы Кодекстің 574-бабында көрсетілген тіркеу карточкасының болуы;»;
3-тармақтың бірінші бөлігінің 16) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«16) акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және төлнұсқалығы, алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға ілеспе жүкқұжаттарының болуы және төлнұсқалығы, лицензияның, патенттің, осы Кодекстің 574-бабында көрсетілген тіркеу карточкасының болуы;»;
6-тармақтың бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және төлнұсқалығы, алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға ілеспе жүкқұжаттарының болуы және төлнұсқалығы, лицензияның, патенттің, осы Кодекстің 574-бабында көрсетілген тіркеу карточкасының болуы мәселелері бойынша тақырыптық тексерулерді қоспағанда, бір нұсқама негізінде бір ғана салықтық тексеру жүргізілуі мүмкін.»;
20) 633-баптың 3 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Салық қызметі органының салықтық тексеру жүргізетін лауазымды адамы мынадай: салық органдарында тіркеу есебіне қою; бақылау-кассалық машиналардың болуы; төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтың (құрылғының) болуы; акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және төлнұсқалығы, алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға ілеспе жүкқұжаттарының болуы және төлнұсқалығы, лицензияның, патенттің, осы Кодекстің 574-бабында көрсетілген тіркеу карточкасының болуы мәселелері бойынша тақырыптық тексерулерді қоспағанда, салық төлеушіге (салық агентіне) нұсқаманың төлнұсқасын табыс етеді. Нұсқаманың көшірмесіне салық төлеушінің (салық агентінің) нұсқамамен танысқаны және оны алғаны туралы қолы, нұсқаманы алған күні мен уақыты қойылады.
4. Мынадай: салық органдарында тіркеу есебіне қою; бақылау-кассалық машиналардың болуы; төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтың (құрылғының) болуы; акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және төлнұсқалығы, алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға ілеспе жүкқұжаттарының болуы және төлнұсқалығы, лицензияның, патенттің, осы Кодекстің 574-бабында көрсетілген тіркеу карточкасының болуы мәселелері бойынша тақырыптық тексерулер жүргізілген кезде салық төлеушіге немесе оның тауарларды өткізуді жүзеге асыратын және қызметтер көрсететін қызметкеріне танысу үшін нұсқаманың төлнұсқасы көрсетіледі және оның көшірмесі табыс етіледі. Төлнұсқаға салық төлеушінің немесе оның тауарларды өткізуді жүзеге асыратын және қызметтер көрсететін қызметкерінің нұсқамамен танысқаны және оның көшірмесін алғаны туралы қолы, нұсқаманың көшірмесін алған күні мен уақыты қойылады.»;
21) 660-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы алып тасталсын.
6. 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 20-21, 89-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 32-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149, 152-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 12, 83-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 7, 36-құжат; № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 13, 62-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж. № 1, 4-құжат; 2014 жылғы 15 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 7-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 29-7) тармақшамен толықтырылсын:
«29-7) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар қабылдауды жүзеге асыру, сондай-ақ рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу;»;
2) 9-баптың 2-тармағының 11) және 18-2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«11) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес медициналық және фармацевтикалық қызметті, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызмет түрлерін лицензиялауды жүзеге асырады;»;
«18-2) медициналық және фармацевтикалық қызметпен айналысу, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызмет түрлері бойынша Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;»;
3) 13-1-бапта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) халықтың декреттелген топтарын гигиеналық оқыту;»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен беріледі.»;
4) 18-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Медициналық қызметтердің, профилактика, диагностика, емдеу және медициналық оңалту әдістері мен құралдарының, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың жарнамасын тарату және орналастыру мамандандырылған медициналық басылымдарда және денсаулық сақтау ұйымдарында ғана жүзеге асырылады.
Рецепт бойынша босатылатын, оның ішінде құрамында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттардың жарнамасы тек медицина және фармацевтика қызметкерлеріне арналған мамандандырылған баспасөз басылымдарында ғана жүзеге асырылуы мүмкін.»;
3-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) тиісті қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия болмаған кезде дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы жарнамалауға;»;
4 және 5-тармақтар алып тасталсын;
5) 62-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама – физикалық факторлардың ағзалық-лептикалық, санитариялық-гигиеналық, эпидемиологиялық, микробиологиялық, вирусологиялық, паразитологиялық, санитариялық-химиялық, биохимиялық, токсикологиялық, радиологиялық, радиометриялық, дозиметриялық өлшеулерінің, басқа да зерттеулер мен сынақтардың кешені, сондай-ақ жобалардың, өнімдердің, кәсіпкерлік және (немесе) өзге қызмет объектілерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігін бағалау мақсатында жобалар сараптамасы.»;
8-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) шикізатты, тамақ өнімдерін, ауыз суды, құрылыс материалдарын, кең тұтынылатын тауарларды, уытты, радиоактивті және биологиялық заттарды өндіру, тасымалдау, сақтау, қолдану және өткізу жағдайларына;»;
6) 174-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Кодекстiң 172-бабының 3-тармағында және 173-бабының 4-тармағында көрсетiлген денсаулық сақтау ұйымдарының адамның ағзаларын (ағзаларының бөлiктерiн) және (немесе) тiндерін, қан мен оның компоненттерiн Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуі және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкетуі тауарлардың сыртқы саудасын лицензиялау саласындағы Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен берілетін лицензия негізінде жүзеге асырылады.».
7. 2010 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 14, 70-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 11, 102-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 13-құжат; № 7, 36-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат):
1) 41-баптың 2-тармағында:
1) тармақша алып тасталсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) құрылтай құжаттарының көшірмелері;»;
2) 48-баптың 2-тармағында:
1) тармақша алып тасталсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) құрылтай құжаттарының көшірмелері;»;
3) 55-баптың 2-тармағында:
1) тармақша алып тасталсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) құрылтай құжаттарының көшірмелері;».
8. «Тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану туралы» 1992 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., № 15, 363-құжат; 1995 ж., № 20, 120-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 17, 139-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат):
19-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асырады;».
9. «Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы» 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 15, 201-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 447-құжат; 2001 ж., № 23, 309, 321-құжаттар; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 15, 63-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 14, 89-құжат; № 24, 148-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 17-18, 114-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 21-құжат; № 14, 92, 96-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 жылғы 15 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-баптың 9) тармақшасындағы «лицензиясы немесе» деген сөздер алып тасталсын;
2) 11-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген рұқсатқа ие болуға;»;
3) 25-баптың екінші бөлігінің 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) рұқсаттық бақылауды;».
10. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 23-құжат; № 12, 88-құжат; № 15-16, 100-құжат; № 23, 141-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 11-12, 262-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж, № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 10, 123-құжат; 2003 ж., № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 4, 33-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 116-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 14-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж. № 10-11, 56-құжат):
1) 15-баптың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы 55-4) және 55-5) тармақшалармен толықтырылсын:
«55-4) қаржы ұйымдарының қаржы қызметтерін тұтынушыларға ұсынуы үшін Қазақстанның Ұлттық Банкінің келісуі талап етілетін қаржы өнімдерінің тізбесін (түрлерін);
55-5) қаржы ұйымдарының қаржы қызметтерін тұтынушыларға қаржы өнімдерін, сондай-ақ микроқаржы ұйымдарының өз тұтынушыларына микрокредиттер ұсынуы үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің келісім беру қағидаларын;»;
2) 56-баптың бірінші бөлігінің 5), 6) және 7) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«5) қолма-қол шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиялау тәртібін белгілейді және лицензиялар және (немесе) лицензияларға қосымшалар береді;
6) айырбастау пункттерін ашу тәртібін белгілейді және уәкілетті банктердің айырбастау пункттеріне куәліктер береді;
7) қолма-қол шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарын белгілейді;»;
3) 62-5-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункттерінің біліктілік талаптарына сәйкестігін қарап тексеру;».
11. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18, 21-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 г. № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат):
1) 5-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар қаржы қызметтерін тұтынушыларға қаржы өнімдерін ұсыну үшін уәкiлеттi органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жағдайларда және тәртіппен уәкілетті органның алдын ала келісімін алуға міндетті.»;
2) 26-баптың 2-тармағында:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) өтініш беруші жарғысының нотариат куәландырған көшірмесін;»;
4) тармақша алып тасталсын;
3) 29-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы, 8-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасындағы «көшірмесін;» деген сөз «көшірмесін ұсынуға міндетті.» деген сөздермен ауыстырылып, 2) тармақшасы және 11-тармағының 1) тармақшасы алып тасталсын;
4) 30-бапта:
2-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) қолма-қол шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыруды қоса алғанда, шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру;»;
6-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы баптың 2-тармағының 9) тармақшасында көзделген банк операциясына лицензия қолма-қол шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру бөлігінде олар үшін осы қызмет айрықша болып табылатын заңды тұлғаларға беріледі.»;
5) 31-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Банктер қаржы қызметтерін тұтынушыларға қаржы өнімдерін ұсыну үшін уәкiлеттi органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жағдайларда және тәртіппен уәкілетті органның алдын ала келісімін алуға міндетті.»;
6) мынадай мазмұндағы 31-1-баппен толықтырылсын:
«31-1-бап. Банктің, банк операцияларының жекелеген
түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қаржы
өнімдерін келісу
1. Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген тәртіппен және қаржы өнімдерінің тізбесіне (түрлеріне) сәйкес қаржы қызметтерін тұтынушыларға қаржы өнімдерін ұсыну үшін уәкілетті органның келісімін алуға міндетті.
2. Уәкілетті орган қабылданған шешім туралы банкті, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымды жазбаша хабардар етеді.
3. Уәкілетті орган құжаттардың толық топтамасы ұсынылмаған не ұсынылған құжаттар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға қаржы қызметтерін тұтынушыларға қаржы өнімдерін ұсыну үшін келісім беруден бас тартады.
4. Уәкілетті орган банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қаржы қызметтерін тұтынушыларға қаржы өнімдерін ұсыну үшін берілген келісімдерді есепке алуды жүргізеді.»;
7) 48-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«48-бап. Барлық немесе жекелеген банк операцияларын жүргiзуге лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданысын тоқтата тұру, тоқтату не олардан айыру үшiн негiздер»;
1-тармақта:
бірінші абзац және к-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Барлық немесе жекелеген банк операцияларын жүргiзуге лицензияны және (немесе) оған қосымшаны тоқтата тұру не олардан айыру мынадай негiздердің кез келгені бойынша жүргiзiледi:»;
«к-1) банктiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның өзiне берiлген лицензияға және (немесе) оған қосымшаға сәйкес қызметтi ол берiлген күннен бастап қатарынан күнтiзбелiк он екi ай бойы жүзеге асырмауы;»;
мынадай мазмұндағы к-2) тармақшамен толықтырылсын:
«к-2) қызметінің айрықша түрі қолма-қол шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаның өзiне берiлген лицензияға және (немесе) оған қосымшаға сәйкес қызметтi қатарынан күнтiзбелiк он екi ай бойы жүзеге асырмауы;»;
1-4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1-4. Барлық немесе жекелеген банк операцияларын жүргiзуге лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданысын тоқтату «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша және лицензиатты барлық немесе жекелеген банк операцияларын жүргiзуге құқылы және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лицензиялануға жататын тұлғалар тізбесінен алып тастаған кезде жүзеге асырылады.».
12. «Атом энергиясын пайдалану туралы» 1997 жылғы 14 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 83-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 8, 52-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат):
1) 1-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«мемлекеттiк реттеу – уәкiлеттi органның ядролық және радиациялық қауiпсiздiк жөнiндегi нормалар мен қағидаларды әзiрлеу, бекiту және қолданысқа енгiзу, атом энергиясын пайдалану саласындағы қызмет түрлерiн лицензиялау жөнiндегi және рұқсаттық бақылау жасау қызметi;»;
2) 7-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) атом энергиясын қауiпсiз пайдалануды мемлекеттік реттеуді, атом энергиясын пайдалану саласындағы қызмет түрлерiн бақылауды және лицензиялауды және рұқсаттық бақылауды;»;
3) 8-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес атом энергиясын пайдалану саласында лицензиялауды және рұқсаттық бақылауды жүзеге асыру;»;
4) 11-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«11-бап. Атом энергиясын пайдалануға байланысты қызметті
лицензиялау
Атом энергиясын пайдалануға байланысты қызмет Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен міндетті түрде лицензиялануға жатады.
Уәкілетті органның атом энергиясын пайдалану саласындағы қызмет түрлеріне лицензиялардың қолданысын мынадай жағдайларда:
1) радиациялық авариялар және (немесе) авариялық жағдайлар кезінде;
2) тексерулер нәтижесінде анықталған, ядролық материалдармен, радиоактивті қалдықтармен, иондандырушы сәуле көздерімен айналысу, оларды сақтау, тасымалдау, есепке алу және бақылау кезінде ядролық және (немесе) радиациялық қауіпсіздік талаптары бұзылған кезде;
3) анық емес мәліметтер табылған кезде;
4) уәкілетті органның нұсқамалары белгіленген мерзімдерде орындалмаған кезде алты айдан аспайтын мерзімге тоқтата тұруға құқығы бар.
Лицензияның қолданысын тоқтата тұрған кезде уәкілетті орган лицензиатқа қолданысын тоқтата тұрудың себептері мен бұзушылықтарды жою мерзімдерін көрсете отырып, лицензияны тоқтата тұру туралы шешімді жібереді.»;
5) 12-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Пайдаланушы ұйым уәкілетті органға Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау туралы заңнамасында белгіленген мерзімдерде атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке байланысты кез келген авария және (немесе) авариялық жағдай туралы хабарлауға міндетті.».
13. «Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 206-құжат; 1998 ж., № 22, 307-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 15-16, 236-құжат; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 48-құжат; № 12, 86-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 21, 172-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 84-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат):
9-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Нотариус лицензиясын беруден бас тарту негiздерi «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленедi.».
14. «Адвокаттық қызмет туралы» 1997 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 22, 328-құжат; 2001 ж., № 15-16, 236-құжат; 2003 ж., № 11, 65-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 130-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 23, 179-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 6, 44-құжат; № 10, 77-құжат; 2013 ж., № 14, 72, 74-құжат; № 15, 76-құжат):
1) 10-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«10-бап. Лицензия беруден бас тарту
Лицензия беруден «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негiздер бойынша бас тартылады.»;
2) 12-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтату Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.»;
3) 29-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде) өзгерген жағдайда, адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияны қайта ресiмдеу туралы өтiнiштi Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен және шарттармен лицензиарға беруге;».
15. «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 2-3, 25-құжат; 2001 ж., № 20, 258-құжат; 2002 ж., № 5, 50-құжат; 2004 ж., № 5, 29-құжат; № 13, 74-құжат; 2005 ж., № 17-18, 73-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 12, 86-құжат; № 13, 100-құжат; № 19, 147-құжат; 2008 ж., № 13-14, 55-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; № 22, 94-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 5-6, 30-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81-құжат):
36-баптың 4-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-1. Рұқсат алу тәртібін регламенттейтін, рұқсат беру немесе біліктілік талаптарын және (немесе) осындай талаптарға өтініш берушілердің сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесін бекітетін нормативтік құқықтық актілер олар алғашқы жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткенге дейін қолданысқа енгізілмейді.».
16. «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж, № 16, 220-құжат; 2001 ж., № 23, 318-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2008 ж., № 15-16, 60-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 16-құжат, № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат):
1) 13-баптың 13-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«13-1) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке және заңды тұлғалардан асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметтің басталғаны туралы хабарламалар қабылдауды жүзеге асырады;»;
2) 16-баптың 3-тармағының 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жеке және заңды тұлғалардан асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметтің басталғаны туралы хабарламаларды қабылдауға құқылы.»;
3) 16-2-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жеке және заңды тұлғалар асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметті бастағанға дейін бұл жөнінде уәкілетті органды «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен хабардар етуге міндетті.».
17. «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 16, 214-құжат; 1999 ж., № 19, 646-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 23, 138, 142-құжаттар; 2006 ж., № 2, 17-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 87-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 20, 23-құжаттар, 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 112-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 9, 15-құжаттар, № 3, 21-құжат; № 4, 30-құжат; № 11, 80-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 79, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 4-5, 24-құжат):
1) 13-баптың 1-тармағының 5-7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5-7) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 2-тармағының 7) тармақшасында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген рұқсаттарды береді;»;
2) 14-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 13-4) тармақшамен толықтырылсын:
«13-4) рұқсаттық бақылауды жүзеге асыруға;»;
3) 18-1-баптың 1-тармағында:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) егер табиғи монополия субъектiсiнiң иеліктен шығарылатын мүлкінің не ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлiк баланста ескерілген, оған қатысты өзге де мәмілелер жасалатын мүлкінің баланстық құны ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлiк балансқа сәйкес оның активтерiнiң баланстық құнының 0,05 пайызынан асатын болса, олар табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердiң (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) немесе олардың шектi деңгейлерiнiң артуына, тұтынушылармен жасасқан шарттардың бұзылуына, берiк байланыстағы технологиялық жүйенiң бұзылуына, ұсынылатын реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (өндiрiлетiн тауарлардың, жұмыстардың) тоқтап қалуына не көлемiнiң едәуiр кемуiне әкеп соқпайтын жағдайда табиғи монополия субъектiсiнiң реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) өндірісіне және ұсынылуына арналған мүлкiмен мәмiлелер жасасуға;»;
2) тармақша алып тасталсын.
18. «Аудиторлық қызмет туралы» 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 22, 309-құжат; 2000 ж., № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 5-құжат; № 8, 52-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 86-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 23, 138-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 79-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат):
1) 3-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Егер «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес осы тармақта көзделген өз қызметiнiң бейiнi бойынша жекелеген қызмет түрлерiн көрсету рұқсаттар алуды немесе хабарламалар жіберуді талап етсе, аудиторлық ұйымдар рұқсаттары болмай немесе хабарламаларды жібермей бұл қызметтердi көрсетуге құқылы емес.»;
2) 6-бап мынадай мазмұндағы 4-1) және 4-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«4-1) міндетті аудит жүргізетін аудиторлық ұйымдарға қойылатын ең төмен талаптарды бекітеді;
4-2) кәсiби ұйымдарды аккредиттеу тәртiбiн бекітеді;»;
3) 7-баптың 1-2) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1-2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен (бұдан әрі – Ұлттық Банк) келісу бойынша міндетті аудит жүргізетін аудиторлық ұйымдарға қойылатын ең төмен талаптарды әзірлейді;
2) кәсіби ұйымдарды аккредиттеу тәртібін әзірлейді;»;
4) 10-баптың 1 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Кәсiби ұйымның аккредиттелуi Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен нысан бойынша аккредиттеу туралы куәлiкпен расталады. Аккредиттеу туралы куәлiк Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында жарамды.»;
«3. Кәсiби ұйымдарды аккредиттеу тәртiбiне сәйкес келетін кәсiби ұйымдардың құрылымы мен жұмыс органдары олардың жарғыларында айқындалады.»;
5) 16-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Аудиторлық қызмет Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен лицензиялануға жатады.
2. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда ғана лицензия өзінің қолданысын тоқтатады.».
19. «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 24, 448-құжат; 2002 ж., № 4, 34-құжат; 2004 ж., № 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 19, 150-құжат; № 20, 152-құжат; 2010 ж., № 8, 41-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2013 ж., № 12, 57-құжат; 2014 жылғы 25 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ішкі істер органдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 7-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) ойық ұңғылы спорттық атыс қаруын не үрлемелі энергиясы 7,5 Дж-дан жоғары және калибрі 4,5 мм-дан асатын спорттық пневматикалық қаруды, сондай-ақ спорттық сұқпа суық қаруды спорт объектілерінен тыс жерде сақтауға немесе пайдалануға; жануарлар дүниесі объектілерін жинап, инъекциялауға байланысты ғылыми-зерттеу және профилактикалық жұмыстар жүргізуге арналған садақтар мен арбалеттерді сақтауды және пайдалануды қоспағанда, адырнасының керілу күші 14 кг-дан асатын лақтырылатын қаруды сақтау және алып жүру рұқсатынсыз спорт объектілерінен тыс жерде сақтауға немесе пайдалануға;»;
2) 10-бапта:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Лицензия Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында тізбесі айқындалған құжаттар негізінде беріледі.»;
5-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген басқа да негіздер болып табылады.»;
3) 14-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Иемденіп алынған қару оны иемденіп алған күннен бастап бір апта мерзімде тиісті ішкі істер органында тіркелуге тиіс. Қару тіркелген кезде қаруды иемденіп алудың заңдылығын растайтын құжаттардың негізінде осы қаруды сақтау мен алып жүруге бес жыл мерзімге рұқсат беріледі.»;
4) 19-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«19-бап. Рұқсаттардың қолданысын тоқтата тұру, қайта
бастау және тоқтату, сондай-ақ оларды беруден
бас тарту
1. Ішкі істер органдары, егер адамның:
1) тұрақты тұрғылықты жері болмаған;
2) қаруды сақтау үшін тиісті жағдайлары болмаған жағдайларда, қаруды сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге рұқсаттарды тоқтата тұрады.
Адам қылмыстық жауаптылыққа тартылған жағдайда рұқсаттың қолданысы сот шешім қабылдағанға дейін тоқтатыла тұрады.
Осы Заңда көзделген негіздер бойынша рұқсаттың қолданысын тоқтата тұру туралы шешім қабылданар алдында рұқсатты берген ішкі істер органы рұқсат иесіне алдын ала жазбаша ескертуге тиіс. Ескертуде нақты қандай құқықтық нормалар мен қағидалардың бұзылғаны немесе орындалмағаны көрсетіледі және жол берілген бұзушылықтарды жою үшін күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзім тағайындалады.
2. Рұқсаттың қолданысын тоқтата тұруға негіз болған бұзушылықтар жойылған кезде рұқсат иесі рұқсаттың қолданысын тоқтата тұру мерзімі өткенге дейін ішкі істер органына растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, бұзушылықтардың жойылғаны туралы өтініш беруге құқылы.
Рұқсаттың қолданысын қайта бастау және тоқтатылуына бастамашылық жасау «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен және негіздер бойынша жүзеге асырылады.
3. Рұқсат иесі рұқсаттың қолданысын тоқтата тұруға негіз болған бұзушылықтардың жойылғаны туралы өтінішті тоқтата тұру мерзімі өткенге дейін ұсынбаған жағдайда, ішкі істер органы рұқсаттың қолданысын тоқтату рәсіміне бастамашылық жасайды.
Рұқсаттың қолданысын тоқтату туралы мәселені қарау процесінде рұқсат иесі бұзушылықтың жойылу фактісін дәлелдеуге құқылы. Мұндай жағдайда, рұқсат беру органы осы баптың 2-тармағын басшылыққа алуға тиіс.
4. Ішкі істер органдары алдын ала тоқтата тұрмай қаруды сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге рұқсаттардың қолданылсын:
1) рұқсаттан ерікті түрде бас тартылған не қару иесі қайтыс болған;
2) қылмыс жасағаны үшін заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған сотталғандығы болған;
3) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлiмi бабының тиiстi бөлiгiнде көзделген бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаның төменгi шегiнің мерзiмі өткенге дейiн ақталмайтын негiздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылған;
4) бір жыл ішінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 111, 111-1, 112, 298, 330, 330-1, 332, 333, 334, 335, 336, 336-1, 336-2, 336-3, 336-4, 338, 340, 341, 341-1, 344, 355, 356, 356-2, 357, 362, 362-1, 363, 365, 367, 368, 369, 370, 371, 372, 374, 374-1, 375, 377, 378, 387, 388-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық қайталап жасалған;
5) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 79-1, 79-5 және 355-1-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар жасалған;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, рұқсаттар алу мүмкіндігін болғызбайтын мән-жайлар туындаған;
7) азаматтық немесе қызметтік қару иесі көрсетілген қарудың конструкциясын қайта жасап, бұл оның баллистикалық және басқа да техникалық сипаттамаларының өзгеруіне әкеп соққан;
8) азаматтық және қызметтiк қару азаматтық және қызметтiк қарудың және оның патрондарының айналымы саласындағы техникалық регламенттерге, сондай-ақ криминалистiк талаптарға сәйкес келмеген;
9) егер адам экстремизмге, терроризмге немесе ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес желісі бойынша ішкі істер және (немесе) ұлттық қауіпсіздік органдарында есепте тұрған жағдайларда тоқтатады.
Ішкі істер органының қаруды сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге рұқсаттың қолданысын тоқтату туралы шешіміне сотқа шағым жасауға болады.
Рұқсаттың қолданысы тоқтатылған жағдайда қолданыс тоқтатылған күннен бастап үш жыл өткен соң оны алу үшін қайталап өтініш жасауға болады. Рұқсаттан ерікті түрде бас тартылған жағдайда оны алуға қайталап өтініш жасау мерзімдері белгіленбейді.
5. Осы баптың 1 және 4-тармақтарында көзделген жағдайларда, ішкі істер органдары қаруды иемденіп алуға, сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге рұқсат беруден бас тартады.»;
5) 20-баптың бірінші бөлігі 1) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«белгіленген тәртіппен көрсетілген лицензиялар мен рұқсаттардың қолданысы тоқтатыла тұрғанда немесе одан айырылғанда;»;
6) 21-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қаруды, оның негізгі бөліктерін өндіру, қарудың жойылған зақымдаушы қасиеттерін қалпына келтіру мақсатында оны құрастыру, қайта жасау немесе жөндеу, сондай-ақ оның патрондарын жасау Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес лицензиялануға тиіс.».
20. «Мемлекеттік құпиялар туралы» 1999 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 4, 102-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; 2002 ж., № 15, 147-құжат; 2004 ж., № 6, 41-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 24, 122, 128-құжаттар; 2010 ж., № 3-4, 11-құжат; № 7, 32-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 8, 63-құжат; 2013 ж., № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 1, 4-құжат):
9-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес қызмет түрлерін лицензиялауды жүзеге асырады;».
21. «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 20, 720-құжат; 2004 ж., № 5, 27-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 17, 82-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат; № 22, 128-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат):
1) 4-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы алып тасталсын;
2) 6-бап алып тасталсын;
3) 10-бапта:
1 және 1-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының аумағына этил спиртінің немесе шарап материалының импорты алкоголь өнімін өндіруге лицензия және сыртқы сауда шарты (келісімшарты), оған қосымша және (немесе) толықтыру болған кезде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының аумағына алкоголь өнімінің (шарап материалынан басқа) импорты алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және көтерме саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы және сыртқы сауда шарты (келісімшарты), оған қосымша және (немесе) толықтыру болған кезде жүзеге асырылады.
1-1. Алкоголь өнімінің импортына осы Заңның 5-бабының 1-тармағында көрсетілген түрлер және сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес олардың атаулары бойынша жол беріледі.
Қазақстан Республикасына әкелінетін этил спирті мен алкоголь өнімінің сапасы техникалық регламенттер мен стандарттарға сәйкес болуға тиіс.»;
2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және көтерме саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін өндіру жөніндегі қызметті немесе алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензияның болуы алкоголь өнімінің экспортына құқық береді.»;
4) 12-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Өндіруші:
1) алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және көтерме саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада өткізу жөніндегі;
2) алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар тұлғаларға алкоголь өнімін көтерме саудада өткізуді жүзеге асыруға құқылы.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Өндіруші алкоголь өнімін бөлшек саудада өткізуді фирмалық мамандандырылған дүкендер арқылы жүзеге асыруға құқылы.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және көтерме саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар адамдар алкоголь өнімін тек қана осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар тұлғаларға өткізуге құқылы.»;
5) 15-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтауды және көтерме саудада өткізуді қоспағанда, алкоголь өнімін сақтауға және көтерме саудада өткізуге, сондай-ақ алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтауды және бөлшек саудада өткізуді қоспағанда, алкоголь өнімін сақтауға және бөлшек саудада өткізуге – облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері беретiн лицензиялардың негiзiнде жүзеге асырылады.»;
1-1-тармақ алып тасталсын;
2, 3, 4 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуi және айналымы саласындағы лицензия, осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, иеліктен шығарылмайтын, лицензиаттың оны басқа жеке және заңды тұлғаларға беруіне болмайтын болып табылады.
Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтауға және бөлшек саудада өткізуге арналған лицензия иеліктен шығарылатын болып табылады.
3. Лицензия әрбiр қызмет объектiсiне нақты мекенжайы бойынша берiледi.
Лицензия құжаттармен бiрге өтiнiш ұсынылған күннен бастап он бес жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей беріледі.
4. Осы тармақтың екінші бөлігінде белгiленген жағдайларды қоспағанда, этил спиртін өндiруге лицензиясы болмай этил спиртiн сақтауға және өткiзуге тыйым салынады.
Алкоголь өнімін өндіруге лицензия өндірушіге:
алкоголь өнімін өндіруге арналған этил спиртін лицензияда көрсетілген алкоголь өнімінің өндірісі орналасқан жердегі қойма үй-жайларда сақтауға;
өзі өндірген алкоголь өнімін лицензияда көрсетілген өндіріс орналасқан жерде сақтауға және алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және көтерме саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар тұлғаларға көтерме саудада өткізуге құқық береді.
Алкоголь өнiмiн өндiру аумағында оны сақтау және көтерме саудада өткiзу жөнiндегі, сондай-ақ алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызмет лицензиялануға жатпайды.»;
«6. Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуіне және айналымына байланысты жекелеген қызмет түрлері Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес лицензиялануға жатады.»;
6) 19-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«19-бап. Лицензияның қолданысын тоқтата тұру немесе одан
айыру
Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуі және айналымы саласындағы лицензияның қолданысын тоқтата тұру немесе одан айыру Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.»;
7) 20-бап алып тасталсын.
22. «Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы» 1999 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 21, 770-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 21-22, 124-құжат):
7-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жекелеген қызмет түрлерімен немесе әрекеттермен (операциялармен) селолық тұтыну кооперациясы рұқсаттың не хабарлама жіберудің негізінде ғана айналыса алады.».
23. «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 21, 771-құжат; 2001 ж., № 10, 122-құжат; 2003 ж., № 24, 175-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 12, 77-құжат; 2007 ж., № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 7-құжат; № 15-16, 74-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 22, 130-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 25-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 2, 11-құжат):
11-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мерзімді баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттігін есепке қою кезiнде өзге рұқсат беру талаптарын қоюға тыйым салынады.».
24. «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» 2000 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 7, 165-құжат; 2004 ж., № 11-12, 62-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 60-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат):
1) 1-баптың 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«13) өлшем құралдарын салыстырып тексерушi – өлшем құралдарын салыстырып тексеруді жүргізу құқығына Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен аттестатталған мемлекеттiк метрологиялық қызметтiң немесе аккредиттелген заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерiнiң маманы;»;
2) 5-баптың 2-тармағында:
11-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«11-1) өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы техникалық сарапшыларға аттестаттау және қайта аттестаттау жүргізу қағидаларын, сондай-ақ оларға қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді және бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 11-2) тармақшамен толықтырылсын:
«11-2) өлшем құралдарын салыстырып тексерушілерге аттестаттау және қайта аттестаттау жүргізу қағидаларын, сондай-ақ оларға қойылатын рұқсат беру талаптарын әзірлейді;»;
3) 11-1-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдiстемелерiн әзiрлеу, тіркеу және қолдану тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.»;
4) 12-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Өлшемдерді орындау әдістемелерін әзірлеу, тіркеу және метрологиялық аттестаттау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.»;
5) 19-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Өлшем құралдарын салыстырып тексеруді мемлекеттiк метрологиялық қызметтiң немесе аккредиттелген заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерiнiң салыстырып тексерушiлерi өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдiстемесiне сәйкес жүзеге асырады. Салыстырып тексерушiлердi аттестаттау Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен бес жылда бір рет жүзеге асырылады.».
25. «Күзет қызметі туралы» 2000 жылғы 19 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 14-15, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 34-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 12, 51-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; 2014 жылғы 25 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ішкі істер органдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 5-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Күзет қызметі «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалатын тәртіппен, осы Заңда көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып лицензиялануға жатады. Күзет қызметін жүзеге асыруға лицензиясы жоқ заңды тұлғаларға күзет қызметтерін көрсетуге тыйым салынады.»;
2) 15-1-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Хабарлама жасау тәртібі «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.»;
3) 18-бапта:
3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Сатып алынған қару тиiстi iшкi iстер органында оның сатып алынған күнiнен бастап бiр апта мерзiмде тiркелуге жатады. Қаруды тiркеу кезiнде қаруды сатып алудың заңдылығын растайтын құжаттар негiзiнде бұл қаруды сақтауға, сақтау мен алып жүруге бес жыл мерзiмге рұқсат берiледi.
Рұқсаттың нысанын және оның қолданыс мерзiмiн ұзарту тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
4. Жеке күзет ұйымының күзетшісі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаруды және арнаулы құралдарды сақтау мен алып жүру құқығына рұқсат алуға тиіс.»;
4) 19-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жеке күзет ұйымдары күзетшiлерiнiң қару мен арнаулы құралдарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шекте:
1) күзетiлетiн объектiге немесе оның қызметкерлерiне шабуылдарды тойтару үшiн;
2) күзетiлетiн адамға шабуылды тойтару үшiн;
3) құқық бұзушыларды ұстап алу үшін, оның ішінде егер олар қарсылық көрсетсе, оларды iшкi iстер органдарына апару үшiн, егер олар қашып кетуi немесе айналасындағыларға немесе өзiне зиян келтiруi мүмкiн деп пайымдауға жеткіліктi негiздер болса;
4) жануарлардың шабуылынан қорғану үшiн;
5) дабыл сигналдарын беру немесе көмекке шақыру үшiн;
6) қажеттi қорғаныс және аса қажеттiлiк жағдайларында қолдануға құқығы бар.
Арнаулы құралдар мен қаруды осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерінде көзделмеген мақсаттарда қолдануға тыйым салынады.
Арнаулы құралдарды немесе қаруды өзге мақсаттарда, сондай-ақ өз өкiлеттiктерiнен, қажеттi қорғаныс шегiнен асыра пайдалануға жол берген адам Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.
Арнаулы құралдарды немесе қаруды өз өкiлеттiгiнен, қажеттi қорғаныс шегiнен асыра қолдану жеке күзет ұйымы күзетшiсi құжаттарының күшiн жоюға әкеп соғады.».
26. «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 20, 379-құжат; 2004 ж., № 5, 29-құжат; 2007 ж., № 12, 86-құжат; № 19, 147-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 15, 118-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 14, 72-құжат):
1) 1-баптың 4 және 5-тармақтары алып тасталсын;
2) 9-2-баптың бірінші бөлігінің төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жоспарлы құжаттарды, нормативтік құқықтық актілерді орындауға, мемлекеттік органның жоспарлы құжаттарында көзделген мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге, мемлекеттік қызметтер көрсетуге, оның ішінде рұқсаттарды, сондай-ақ оларға қосымшаларды беруге, ұзартуға, қайта ресімдеуге, қалпына келтіруге және оларға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да әрекеттерді жүзеге асыруға бағытталған функциялар іске асыру функциялары болып табылады;»;
3) 15-3-бап алып тасталсын;
4) 21-бапта:
1-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленген мерзімдерде уәжді түрде бас тартуды ұсынбаған жағдайда рұқсаттардың автоматты түрде берілетіндігін қамтуға тиіс.»;
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) рұқсаттар беруге;».
27. «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» 2000 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 20, 381-құжат; 2001 ж., № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 3, 19-құжат; № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 23, 97-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат):
1) 4-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Бағалаушы жеке тұлғалар бағалау қызметімен осы Заңға сәйкес бағалау қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғамен еңбек шартының негізінде не «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген лицензия негізінде дара кәсіпкер ретінде дербес айналысуға құқылы.
3. Бағалаушы заңды тұлғалар «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген лицензия негізінде бағалау қызметімен айналысуға құқылы.»;
2) 20-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Бағалау қызметін лицензиялау Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.».
28. «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 22, 406-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; 2005 ж., № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 85-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; № 8, 52-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат):
1) 11-1-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қаржы өнімдерін ұсыну үшін уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жағдайларда және тәртіппен уәкілетті органның алдын ала келісімін алуға міндетті.»;
2) мынадай мазмұндағы 31-1-баппен толықтырылсын:
«31-1-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржы
өнімдерін келісу
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген тәртіппен және қаржы өнімдерінің тізбесіне (түрлеріне) сәйкес қаржы қызметтерін тұтынушыларға қаржы өнімдерін ұсыну үшін уәкілетті органның келісімін алуға міндетті.
2. Уәкілетті орган қабылданған шешім туралы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын жазбаша хабардар етеді.
3. Уәкілетті орган құжаттардың толық топтамасы ұсынылмаған не ұсынылған құжаттар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қаржы қызметтерін тұтынушыларға қаржы өнімдерін ұсыну үшін келісім беруден бас тартады.
4. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қаржы қызметтерін тұтынушыларға қаржы өнімдерін ұсыну үшін берілген келісімдерді есепке алуды жүргізеді.»;
3) 32-баптың 4-тармағының 9) тармақшасы алып тасталсын;
4) 33-бапта:
2-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын;
7-тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасындағы «көшірмесін;» деген сөз «көшірмесін уәкілетті органға ұсынуға міндетті.» деген сөздермен ауыстырылып, 2) тармақшасы алып тасталсын;
10-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын;
5) 37-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшалары алып тасталсын;
8-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын.
29. «Ауылшаруашылық серіктестіктері және олардың қауымдастықтары (одақтары) туралы» 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 23, 413-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2011 ж., № 6, 49-құжат):
11-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Ауылшаруашылық серiктестiгiнiң айналысу үшiн рұқсат алу қажет болатын қызмет саласындағы құқық қабiлеттiлiгi осындай рұқсат алған кезден бастап пайда болады.».
30. «Астық туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 2, 12-құжат; № 15-16, 232-құжат; 2003 ж., № 19-20, 148-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 9, 67-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 20, 89-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 14, 94-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 4-5, 24-құжат):
13-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Заңды тұлға бiр немесе бiрнеше астық қоймаларында (элеваторларда, астық қабылдау пункттерiнде) астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленген тәртiппен лицензия алуға құқылы.».
31. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 21-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж. № 2, 10-құжат; № 3, 21-құжат; 2014 жылғы 15 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 25 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ішкі істер органдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 6-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 4-2) тармақшамен толықтырылсын:
«4-2) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін үлгі қағидалары негізінде әзірленген қалалар мен елді мекендердің аумақтарында құрылыс салу қағидаларын, жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекіту;»;
2) 27-бапта:
1-тармақтың 22-3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«22-3) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес лицензиялауды, рұқсат беру рәсімдерін, хабарламалар қабылдауды жүзеге асырады;»;
мынадай мазмұндағы 1-3-тармақпен толықтырылсын:
«1-3. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдігі Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен үлгі қағидаларының негізінде қалалар мен елді мекендердің аумақтарында құрылыс салу қағидаларын, жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын әзірлейді.»;
3) 31-баптың 1-тармағының 22) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«22) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен лицензиялауды жүзеге асырады;».
32. «Тұтыну кооперативі туралы» 2001 жылғы 8 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 10, 138-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат):
6-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жекелеген қызмет түрлерiмен немесе әрекеттермен (операциялармен) тұтыну кооперативi рұқсаттың не хабарлама жіберудің негiзiнде ғана айналыса алады.».
33. «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» 2001 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 13-14, 175-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; 2003 ж., № 23, 168-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 17, 139-құжат; 2008 ж., № 13-14, 57-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 4-5, 24-құжат; 2014 жылғы 15 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 9-баптың 3-тармағында:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес туристiк қызметтi лицензиялау;»;
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес туристік қызмет саласындағы стандарттау;»;
2) 11-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес туроператорлық қызметті лицензиялауды жүзеге асырады;»;
3) 15-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес туроператорлық қызмет лицензияланатын қызмет түрі болып табылады.».
34. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 243-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 6, 10-құжат; № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 144-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 21, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6-құжаттар; № 2, 10, 12-құжаттар; 2014 жылғы 15 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 19 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 17-баптың 1-тармағы екінші бөлігінің 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын органдарды хабардар етпей құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргiзу;»;
2) 32-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жекелеген қызмет түрлері Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес лицензиялануға жатады.»;
3) 68-баптың 11-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Тапсырыс беруші құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу басталғанға дейін кемінде он жұмыс күні бұрын «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын органдарды құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабардар етуге міндетті.».
35. «Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 246-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 14, 89-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 15, 125-құжат; 2012 ж., № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; 2014 жылғы 19 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
16-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жол қызметiн лицензиялау Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.».
36. «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., № 2, 16-құжат; 2004 ж., № 20, 116-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 11, 36-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 18, 143-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 14, 95, 96-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; 2014 жылғы 15 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 4-бапта:
2-тармақтың 25) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«25) кеме экипажының ең аз құрамына қойылатын талаптарды белгілеу және кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлік беру тәртібін айқындау;»;
3-тармақ мынадай мазмұндағы 55-2) және 55-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«55-2) кеме экипажының ең аз құрамына қойылатын талаптарды және кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлік беру тәртібін әзірлеу;
55-3) кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәліктің нысанын әзірлеу және бекіту;»;
2) 8-3-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Кеме кітабында мемлекеттік тіркеуге жататын өздігінен жүзетін кемелердің кеме жүргізушілері кеме жүргізушілерді даярлау бағдарламасы бойынша оқытудан өтуге және оларда өздігінен жүзетін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлігі өзімен бірге болуға тиіс.
Өздігінен жүзетін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік беруді, кеме жүргізушілерді даярлау бағдарламасын келісуді және шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды есепке алуды уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі кеме жүргізушілерді шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.
Ұйымдар шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды ашу кезінде уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне:
1) оқытушылар құрамының су көлігі саласындағы мамандықтар бойынша жоғары немесе орта техникалық білімі туралы дипломдарының көшірмелерін;
2) кеме жүргізушілерді шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидаларына сәйкес шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлаудың үлгі бағдарламасы негізінде әзірленген шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау бойынша оқу бағдарламасын;
3) оқу процесін ұйымдастыру үшін меншік құқығында немесе жалға алынған үй-жайдың болуын растайтын құжаттың көшірмесін қоса бере отырып, шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы хабарлама жібереді.
Шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен беріледі.
Шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды ашқан ұйымдар аумақтық бөлімшеге шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау бағдарламасы бойынша оқудан табысты өткен адамдардың тізімін жіберуге міндетті. Оқудан өткен адамдар туралы ақпаратты беру тәртібі кеме жүргізушілерді шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидаларында айқындалады.»;
3) 177-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Кеме бортында жауапкершiлiктiң сақтандырылуын немесе қаржылық қамтамасыз етiлуiн растайтын куәлiктiң болуы мiндеттi. Куәлiктi Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен және нысан бойынша кеменi мемлекеттiк тiркеу органы бередi.».
37. «Әділет органдары туралы» 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 6, 67-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 14, 18-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 18, 143-құжат; 2008 ж., № 10-11, 39-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 15-16, 75-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 128-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 17-18, 111-құжат; № 24, 145, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 15, 118-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат):
1) 17-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) сот-сараптама қызметiн ұйымдастыру және сот сарапшыларына Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен лицензиялар беру;»;
2) 19-баптың 1-тармағының 1) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) мемлекеттiк нотариат кадрларын iрiктеу, аттестаттау және орналастыру, Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен адвокаттар мен нотариустарға лицензиялар беру, оларды тоқтата тұру және тоқтату (олардан айыруды қоспағанда);»;
«3) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес жекелеген қызмет түрлерін лицензиялау;».
38. «Өсімдіктерді қорғау туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 13-14, 140-құжат; 2004 ж., № 17, 98-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 18, 84, 85-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат):
1) 14 және 14-1-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«14-бап. Өсімдіктерді қорғау саласындағы қызметті
лицензиялау
Өсімдіктерді қорғау саласындағы қызметті лицензиялау Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
14-1-бап. Пестицидтерді (улы химикаттарды) зиянсыздандыру
1. Тыйым салынған, жарамсыз болып қалған пестицидтер (улы химикаттар) мен пестицидтердің (улы химикаттардың) ыдыстары зиянсыздандырылуға жатады. Пестицидтердi (улы химикаттарды) зиянсыздандыру тәртiбiн уәкiлеттi орган қоршаған орта және су ресурстары және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен келiсу бойынша айқындайды.
2. Пестицидтердi (улы химикаттарды) зиянсыздандыру үшiн арнаулы сақтау орындары (көмiндiлер) пайдаланылады.
3. Арнаулы сақтау орындарын (көмiндiлердi) салуға, сондай-ақ пестицидтердi (улы химикаттарды) зиянсыздандыруға рұқсатты қоршаған орта және су ресурстары саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бередi.
4. Өңірлерде арнаулы сақтау орындарын (көмiндiлердi) орналастырудың орындылығын және олардың санын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары қоршаған орта және су ресурстары және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен келiсу бойынша айқындайды.»;
2) 17-баптың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленген талаптардың сақталуына бақылаудан тұрады.»;
3) 19-2-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Тiркеу және өндiру сынақтарын жүргiзу тәртiбiн уәкiлеттi орган қоршаған орта және су ресурстары және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен келісу бойынша белгiлейдi.»;
4) 19-3-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Пестицидтердi (улы химикаттарды) зиянсыздандыру тәртiбiн, сондай-ақ арнаулы сақтау орындарын (көмiндiлердi) тиiстi жағдайда күтіп-ұстау шарттарын уәкiлеттi орган қоршаған орта және су ресурстары және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен келісу бойынша айқындайды.».
39. «Геодезия және картография туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 13-14, 141-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат):
1) 7-баптың тақырыбы және 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«7-бап. Геодезия және (немесе) картография саласындағы
хабарлама
1. Геодезиялық және (немесе) картографиялық қызметтің мынадай түрлері «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен берілетін қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама бойынша жүзеге асырылады:
1) геодезиялық жұмыстарды жүргізу;
2) картографиялық жұмыстарды жүргізу.»;
2) 7-1-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«7-1-бап. Геодезиялық және (немесе) картографиялық жұмыстарды жүргізуді жүзеге асыратын субъектілерге қойылатын талаптар».
40. «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 15, 148-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 16-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат):
1) 8-бапта:
46) тармақша алып тасталсын;
46-9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«46-9) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес ветеринариялық мақсаттағы препараттар өндіруді лицензиялау;»;
2) 10-бапта:
1-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес жануарлардан алынатын өнім мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптаманы лицензиялау;»;
1-1-тармақта:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес жануарлардан алынатын өнім мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптаманы лицензиялау;»;
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке және заңды тұлғалардан ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар қабылдау, сондай-ақ рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу;»;
2-тармақ мынадай мазмұндағы 20-7) тармақшамен толықтырылсын:
«20-7) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке және заңды тұлғалардан ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар қабылдау, сондай-ақ рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу;»;
3) 11-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар қызметтің лицензияланатын түрлерін Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес берілген лицензия негізінде жүзеге асырады.»;
4) 12-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«12-бап. Ветеринария саласындағы қызметті лицензиялау
Ветеринария саласындағы қызметті лицензиялау Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.»;
5) 13-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Ветеринария мамандықтары бойынша жоғары, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі бар адамдардың ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқығы бар.
Ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар осы Заңның 13-1-бабында көзделген тәртіппен өз қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама жасайды.»;
6) 2-тарау мынадай мазмұндағы 13-1-баппен толықтырылсын:
«13-1-бап. Ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті
жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны
туралы хабарламалар
1. Ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметтің мынадай түрлері хабарлама жасауға жатады:
1) ветеринариялық емдеу-профилактикалық қызметі;
2) ветеринариялық мақсаттарға арналған дәрiлiк заттарды, биологиялық препараттарды, ветеринариялық және зоогигиеналық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттарды өткiзу;
3) дезинфекция, дезинсекция, дератизация, дегельминтизация жүргізу.
2. Жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру басталғанға немесе тоқтатылғанға дейін бұл жөнінде республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органын «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен хабардар етуге міндетті.
3. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органын ветеринариялық емдеу-профилактикалық қызметтің басталғаны туралы хабардар еткен жеке және заңды тұлғалардың:
1) қызметті жүзеге асыру үшін қажетті жабдық жиынтығын иеленуі;
2) штатында ветеринария саласындағы тиісті мамандықтар бойынша қызметкерлерінің болуы (заңды тұлғалар);
3) ветеринария саласындағы тиісті мамандық бойынша білімі туралы дипломының болуы (жеке тұлғалар) міндетті.
4. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органын ветеринариялық емдеу-профилактикалық қызметтің басталғаны туралы хабардар еткен жеке және заңды тұлғалар хабарламаға:
1) тегін, атын, әкесінің атын, білімін, дипломның нөмірі мен берілген күнін қамтитын, ұйымның бірінші басшысы қол қойған және мөрімен бекемделген жиынтық кестені (заңды тұлғалар);
2) ветеринария саласындағы тиісті мамандық бойынша білімі туралы дипломның көшірмесін (жеке тұлғалар);
3) мамандандырудан немесе біліктілігін жетілдіруден және оны арттырудың басқа да түрлерінен өткені туралы сертификатты;
4) ветеринариялық-санитариялық қорытындының көшірмесін қоса береді.
5. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органын ветеринариялық мақсаттарға арналған дәрiлiк заттарды, биологиялық препараттарды, ветеринариялық және зоогигиеналық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттарды өткiзу жөніндегі қызметтің басталғаны туралы хабардар еткен жеке және заңды тұлғалардың:
1) қызметті жүзеге асыру үшін меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде үй-жайларының және жабдық жиынтығын иеленуі;
2) штатында ветеринария саласындағы тиісті мамандықтар бойынша қызметкерлерінің болуы (заңды тұлғалар);
3) ветеринария саласындағы тиісті мамандық бойынша білімі туралы дипломының болуы (жеке тұлғалар) міндетті.
Хабарламаға осы баптың 4-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген құжаттар, сондай-ақ:
1) объектіге есептік нөмір берілгені туралы растаудың;
2) меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде тиісті үй-жайлардың болуын растайтын құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері қоса беріледі.
6. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органын дезинфекция, дезинсекция, дератизация, дегельминтизация жүргізу жөніндегі қызметтің басталғаны туралы хабардар еткен жеке және заңды тұлғалардың:
1) қызметті жүзеге асыру үшін меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде қажетті үй-жайларының, жабдық жиынтығының және техникасын иеленуі;
2) штатында ветеринария саласындағы тиісті мамандықтар бойынша қызметкерлерінің болуы (заңды тұлғалар);
3) ветеринария саласындағы тиісті мамандық бойынша білімі туралы дипломының болуы (жеке тұлғалар) міндетті.
Хабарламаға осы баптың 4-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген құжаттар, сондай-ақ меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиісті үй-жайлардың болуын растайтын құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері қоса беріледі.
7. Осы бапта көзделген құжаттарды ұсыну оларда қамтылған ақпаратты мемлекеттік ақпараттық жүйелерден және (немесе) мәліметтер нысанынан алу мүмкін болған кезде талап етілмейді.
Құжаттар «электрондық үкіметтің» веб-порталы немесе халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы берілген кезде құжаттар электрондық нысанда ұсынылады.».
41. «Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 3, 16-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат):
1) 1-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) аттестаттау туралы куәлiк – мемлекеттiң тұқым шаруашылығы саласындағы аттестатталған субъектiлердiң қызметiн тануын айғақтайтын, өз құзыреті шегінде облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органы берген құжат;»;
2) 4-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) рұқсаттық бақылау;»;
3) 6-баптың 1-тармағының 30) тармақшасы алып тасталсын;
4) 6-1-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізеді;»;
5) 9-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) аттестатталған тұқым шаруашылығы субъектiлерiнiң қызметiн олардың Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен рұқсат беру талаптарына сәйкестігі тұрғысынан бақылауды;».
42. «Су пайдаланушылардың селолық тұтыну кооперативi туралы» 2003 жылғы 8 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 6, 35-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 6, 49-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат):
6-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жекелеген қызмет түрлерiмен немесе әрекеттермен (операциялармен) су пайдаланушылардың селолық тұтыну кооперативi рұқсаттың не хабарлама жіберудің негiзiнде ғана айналыса алады.».
43. «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 10, 55-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 4, 28, 33-құжаттар; № 9, 67-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 2, 21-құжат; № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 4, 30-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат):
1) 79-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) қызметтің қандай да бір түрлерін жүзеге асыруға қоғамның рұқсаттар алуы, қызметтің қандай да бір түрлерін жүзеге асыруға қоғамның бұрын алған рұқсаттары қолданысының тоқтатыла тұруы немесе тоқтатылуы;»;
2) 80-баптың 1-тармағы екінші бөлігінің 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) қоғамның белгілі бір қызмет түрлерімен айналысуына және (немесе) белгілі бір әрекеттер (операциялар) жасауына рұқсаттар;».
44. «Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» 2003 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 12, 88-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат):
1) 4-баптың 4 тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) темекi өнiмдерiн өндiру жөнiндегi қызметке бiлiктiлiк талаптарын және оларға сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесін бекiтедi;»;
2) 5-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес темекi өнiмдерiн өндiруге лицензиялар бередi;»;
3) 9-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«9-бап. Темекi өнiмдерiн өндiру жөнiндегi қызметтi
лицензиялау
Темекі өнiмдерiн өндiру жөнiндегi қызмет Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес лицензиялануға жатады.»;
4) 10-баптың 1-тармағында:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) осы Заңның 6, 7 және 8-баптарында белгiленген нормалар және Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасы бұзылған;»;
5) тармақшадағы «ережелерін бұзған жағдайда», «заңдарына» деген сөздер тиісінше «қағидалары бұзылған жағдайларда», «заңнамасына» деген сөздермен ауыстырылсын.
45. «Көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы» 2003 жылғы 1 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 14, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 2, 25-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2014 жылғы 19 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
18-1-бапта:
1-тармақта:
2) және 3) тармақшалар алып тасталсын;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) құрылтай құжаттарының көшiрмелері;»;
5) тармақша алып тасталсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Құжаттарды қарау және аккредиттеу туралы куәлік беру туралы шешім немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылдау мерзімі өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күнiнен аспауға тиіс.».
46. «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 14, 119-құжат; 2004 ж., № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 17, 141-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 125-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 14, 15-құжаттар; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 6, 27-құжат):
1) 11-баптың 3-тармағының 4) тармақшасы және 12-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы алып тасталсын;
2) мынадай мазмұндағы 31-1-баппен толықтырылсын:
«31-1-бап. Лицензиаттардың қаржы өнімдерін келісу
1. Лицензиат уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген тәртіппен және қаржы өнімдерінің тізбесіне (түрлеріне) сәйкес қаржы қызметтерін тұтынушыларға қаржы өнімдерін ұсыну үшін уәкілетті органның келісімін алуға міндетті.
2. Уәкілетті орган лицензиатты қабылданған шешім туралы жазбаша хабардар етеді.
3. Уәкілетті орган құжаттардың толық топтамасы ұсынылмаған не ұсынылған құжаттар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда лицензиатқа қаржы қызметтерін тұтынушыларға қаржы өнімдерін ұсыну үшін келісім беруден бас тартады.
4. Уәкілетті орган лицензиаттарға қаржы қызметтерін тұтынушыларға қаржы өнімдерін ұсыну үшін берілген келісімдерді есепке алуды жүргізеді.»;
3) 32-6-бапта:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Ислам арнайы қаржы компаниясын ерікті түрде қайта ұйымдастыру немесе тарату ислам арнайы қаржы компаниясы шығарған ислам бағалы қағаздары шығарылымын өтеудің қорытындылары туралы есеп бекітілгеннен кейін жүзеге асырылуы мүмкін.»;
8-тармақ алып тасталсын;
4) 45-баптың 4-1-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлiкпен толықтырылсын:
«Лицензиат қаржы өнімдерін ұсыну үшін уәкілетті органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген жағдайларда және тәртiппен уәкілетті органның алдын ала келiсiмiн алуға міндетті.»;
5) 51-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Лицензияның қолданысы Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгiленген негiздер бойынша тоқтатылады.»;
6) 81-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Орталық депозитарийдiң қағидалар жинағы орталық депозитарийдiң бағалы қағаздар рыногы субъектiлерiмен өзара қарым-қатынасын айқындайды.
Орталық депозитарийдің қағидалар жинағын сақтау орталық депозитарийдің көрсетілетін қызметтерін пайдаланатын барлық субъектілер үшін міндетті болып табылады. Орталық депозитарийдің қағидалар жинағын орталық депозитарийдің директорлар кеңесі бекітеді.»;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Орталық депозитарий қағидалар жинағы қабылданған не оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде бұл жөнінде уәкілетті органды осы құжаттарды қоса бере отырып, хабардар етеді.»;
7) 85-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сауда-саттықты ұйымдастырушының қағидаларын оның атқарушы органы әзiрлейдi, сауда-саттықты ұйымдастырушының директорлар кеңесi бекiтедi.»;
2-тармақ алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Сауда-саттықты ұйымдастырушы қағидалар қабылданған не оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде бұл жөнінде уәкілетті органды осы құжаттарды қоса бере отырып, хабардар етеді.».
47. «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 15, 132-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 16, 91-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 85-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 4, 28-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат, № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 111, 112-құжаттар; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат):
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) қаржы өнімі – бұл қаржы нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыру шеңберінде қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға ұсыну үшін қаржы ұйымы әзірлеген көрсетілетін қызмет.»;
2) 9-баптың 1-тармағында:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында көзделген жағдайларда қаржы нарығында кәсiби қызметтi жүзеге асыруға лицензиялар беру, оларды тоқтата тұру және олардан айыру тәртiбiн белгiлейдi, көрсетілген лицензияларды бередi, олардың қолданысын тоқтата тұрады және олардан айырады;»;
мынадай мазмұндағы 12-1) және 12-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«12-1) қаржы ұйымдары қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға ұсынуы үшін уәкілетті органның келісімін талап ететін қаржы өнімдерінің тізбесін (түрлерін) белгілейді;
12-2) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда, қаржы ұйымдарына олар қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға қаржы өнімдерін ұсынуы үшін келісім береді, сондай-ақ көрсетілген келісімді беру тәртібін айқындайды.».
48. «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 15, 134-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; 2014 жылғы 19 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 9-баптың 5 және 6-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Жеке немесе заңды тұлғалар тахографтарды орнату және оларға қызмет көрсету бойынша қызметті жүзеге асыруды бастар алдында «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдарға белгіленген нысанда хабарлама жіберуге міндетті.
6. Жеке немесе заңды тұлғалар электрондық (цифрлық) тахографтарға электрондық карточкаларды дайындау және беру бойынша қызметті жүзеге асыруды бастар алдында «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен уәкілетті органға белгіленген нысанда хабарлама жіберуге міндетті.»;
2) 12-бап мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын:
«15-1) автомобильмен тасымалдаушыларға автомобильмен халықаралық жүк тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат беру қағидаларын бекітеді;»;
3) 13-баптың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«10) автомобильмен тасымалдаушыларға автомобильмен халықаралық жүк тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат беру қағидаларын әзірлейді;»;
4) 14-баптың 2-тармағының 10-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«10-1) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес лицензиялауды жүзеге асырады;»;
5) 16-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«16-бап. Автомобиль көлiгi саласындағы лицензиялау
Автомобиль көлiгi саласындағы кәсiпкерлiк қызметтiң жекелеген түрлерi Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес берiлетiн лицензия негiзiнде жүзеге асырылады.»;
6) 19-6-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) қауiптi жүктердi тасымалдауға арналған (Қазақстан Республикасының аумағы бойынша 1, 6 және 7-сыныптағы қауiптi жүкті тасымалдауға уәкiлеттi орган берген арнайы рұқсатпен, қауiптi жүктi тасымалдау маршрутының бланкісімен, автокөлік құралы жүргізушісіне қауіпті жүк тасымалдауға рұқсат беру туралы куәлікпен, көлік құралын халықаралық қатынаста қауіпті жүктерді тасымалдауға жіберу туралы куәлікпен);»;
7) 19-7-бапта:
бірінші бөлікте:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасының автомобиль көлігі саласында сақталуын бақылау;»;
мынадай мазмұндағы 24) тармақшамен толықтырылсын:
«24) көлік құралын халықаралық қатынаста қауіпті жүктерді тасымалдауға жіберу туралы куәлік беру.»;
екінші және үшінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде, осы баптың бірінші бөлігінің 1), 2), 8), 9), 11), 15), 20), 21), 22), 23) және 24) тармақшаларында көзделгендерді қоспағанда, бақылау функцияларын Қазақстан Республикасының кеден органдары жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарында осы баптың бірінші бөлігінің 2) (лицензияның болуын бақылау бөлігінде), 4), 8), 9) және 10) тармақшаларында көзделген бақылау функцияларын Қазақстан Республикасының жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.»;
8) 26-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Дара кәсiпкерлер немесе заңды тұлғалар таксимен тасымалдаушы ретінде қызметті жүзеге асыруды бастар алдында жергілікті атқарушы органға «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен қызметтің басталғаны туралы хабарлама жіберуге міндетті.»;
9) 32-баптың 4-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) тасымалдаушыға тауар-көлiк жүкқұжатын, ал Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қажет болған жағдайларда, жүк тасымалдары үшiн қажеттi өзге де құжаттарды (сертификат, тиісті рұқсат, ветеринариялық құжаттар, кеден декларациялары) көрсетуге мiндеттi.»;
10) 37-бапта:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Дара кәсiпкер немесе заңды тұлға халықаралық және республикаішілік қатынастарда қауiптi жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдары жүргізушілерін арнайы даярлау жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастар алдында «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен уәкілетті органға белгіленген нысанда хабарлама жіберуге міндетті.»;
7-тармақтың 5) тармақшасындағы «тәртібі айқындалады.» деген сөздер «тәртібі;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) көлік құралын халықаралық қатынаста қауіпті жүктерді тасымалдауға жіберу туралы куәлік беру тәртібі айқындалады.»;
мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
«8. Көлік құралын халықаралық қатынаста қауіпті жүктерді тасымалдауға жіберу туралы куәлікті уәкілетті орган міндетті техникалық қарап тексеруден өтудің белгіленген мерзімділігіне сәйкес келесі міндетті техникалық қарап тексеруден өту мерзімі көрсетілген техникалық қарап тексерудің диагностикалық картасы негізінде береді.
Көлік құралын халықаралық қатынаста қауіпті жүктерді тасымалдауға жіберу туралы куәлік техникалық қарап тексерудің диагностикалық картасының қолданыс мерзіміне беріледі.».
49. «Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., № 6, 44-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 23, 141-құжат; 2009 ж., № 17, 80-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; № 15, 81-құжат; № 21-22, 114-құжат, 2014 ж., № 1, 4-құжат):
1) 16-1-баптың 3-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Лицензияларды беру тәртібі мен мерзімдері Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында айқындалады.»;
2) 18-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жекелеген тауарларды әкетуге және (немесе) әкелуге сан жағынан шектеулер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес енгізіледі және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес лицензиялау жолымен жүзеге асырылады.».
50. «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 14, 81-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат, № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 121-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146, 150-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 25-құжат; № 8, 63, 64-құжаттар; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 12, 57-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 1, 4-құжат; 2014 жылғы 15 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 19 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 25 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ішкі істер органдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 17-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«17-бап. Байланыс саласындағы қызметті лицензиялау
Байланыс саласындағы қызметті лицензиялауды уәкілетті орган Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.»;
2) 17-1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, шектеулі, оның ішінде басқа тауарлардың құрамына кіріктірілген не кіретін радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген орган Қазақстан Республикасы ратификациялаған тауарлардың сыртқы саудасын лицензиялау саласындағы халықаралық шарттар мен «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес беретін лицензия негізінде жүзеге асырылады.»;
3) 26-бапта:
4-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген тәртіппен тиiстi лицензияларды алған жағдайда байланыс қызметінің өзге де түрлерін көрсетуге құқылы.»;
5-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген тәртiппен тиiстi лицензияларды алған жағдайда байланыс қызметінің өзге де түрлерін көрсетуге құқылы.»;
6-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен тиiстi лицензияларды алған жағдайда байланыс қызметінiң өзге де түрлерін көрсетуге құқылы.».
51. «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 15, 87-құжат; 2005 ж., № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 18, 143-құжат; № 19, 149-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат):
9-баптың 1-тармағының 2) және 2-1) тармақшалары алып тасталсын.
52. «Iшкi су көлiгi туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 15, 88-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 23, 141-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат):
1) 15-4-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Кеме кітабында мемлекеттік тіркеуге жататын өздігінен жүзетін кемелердің кеме жүргізушілері кеме жүргізушілерін даярлау бағдарламасы бойынша оқудан өтуге және оларда өздігінен жүзетін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлігі өзімен бірге болуға тиіс.
Өздігінен жүзетін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік беруді, кеме жүргізушілерін даярлау бағдарламасын келісуді және шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды есепке алуды уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.
Ұйымдар шағын көлемді кемелердің кеме жүргiзушiлерiн даярлау жөніндегі курстарды ашу кезінде аумақтық бөлiмшеге:
1) оқытушылар құрамы үшін су көлiгi мамандығы бойынша жоғары немесе орта техникалық бiлiмi туралы дипломдарының көшiрмелерiн;
2) кеме жүргiзушiлерiн шағын көлемдi кеменi басқару құқығына аттестаттау қағидаларына сәйкес, шағын көлемдi кемелердің кеме жүргізушілерін даярлаудың үлгі бағдарламасы негізінде әзiрленген шағын көлемді кемелердің кеме жүргiзушiлерiн даярлау жөніндегі оқу бағдарламасын;
3) оқу процесін ұйымдастыру үшiн меншiк құқығындағы немесе жалға алған үй-жайдың болуын растайтын құжаттың көшiрмесiн қоса бере отырып, шағын көлемді кемелердің кеме жүргiзушiлерiн даярлау жөніндегі қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлама жібереді.
Шағын көлемді кемелердің кеме жүргiзушiлерiн даярлау жөніндегі қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен беріледі.
Шағын көлемді кемелердің кеме жүргiзушiлерiн даярлау жөніндегі курстарды ашқан ұйымдар аумақтық бөлімшеге шағын көлемді кемелердің кеме жүргiзушiлерiн даярлау бағдарламасы бойынша оқудан табысты өткен адамдардың тізімін жіберуге міндетті. Оқудан өткен адамдар туралы ақпаратты беру тәртібі кеме жүргiзушiлерiн шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидаларында айқындалады.»;
2) 34-баптың 1-1-тармағы алып тасталсын.
53. «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 18, 107-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 75-құжат):
1) 8-бапта:
24-2) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 24-14), 24-15), 24-16), 24-17) және 24-18) тармақшалармен толықтырылсын:
«24-14) ішкі және сыртқы нарықтардағы сауда үшін бекіре тұқымдас балықтардың уылдырығын маркалау тәртібін бекітеді;
24-15) балық аулауға және балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарттардың үлгілік нысанын бекітеді;
24-16) қолдануға рұқсат етілген кәсіпшілік және кәсіпшілік емес балық аулау құралдарының түрлері мен тәсілдерінің тізбесін бекітеді;
24-17) су жинау құрылыстарының балық қорғау құрылғыларына қойылатын талаптарды бекітеді;
24-18) Жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі төнген түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды жасанды өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды әкімшілік органда тіркеу қағидаларын бекітеді;»;
2) 9-баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде:
12), 15), 16), 17), 21) және 29) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«12) ішкі және сыртқы нарықтардағы сауда үшін бекіре тұқымдас балықтардың уылдырығын маркалау тәртібін әзірлейді;»;
«15) жануарлар дүниесiнiң объектiлерiн, олардың бөлiктерi мен дериваттарын, оның iшiнде сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген санаттарға жатқызылған жануарлардың түрлерiн әкетуге келісім бередi;»;
«16) жануарлар дүниесін пайдалануға биологиялық негіздеме дайындаудың тәртібін әзірлейді;
17) балық аулауға және балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарттардың үлгі нысанын белгiлейдi және әзірлейді;»;
«21) қолдануға рұқсат етілген кәсіпшілік және кәсіпшілік емес балық аулау құралдарының түрлері мен тәсілдерінің тізбесін әзірлейді;»;
«29) су жинау құрылыстарындағы балық қорғау құрылғыларына қойылатын талаптарды әзірлейді және оларды орнатуды келіседі;»;
48) тармақша алып тасталсын;
51-10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«51-10) Жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі төнген түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды жасанды өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды әкімшілік органда тіркеу қағидаларын әзірлейді;»;
3) 20-1-бап алып тасталсын;
4) 52-бапта:
1-тармақтың 7-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7-1) су жинау құрылыстарын оларды тиісті балық қорғау құрылғыларымен жабдықталуы тұрғысынан қарап тексеруді жүзеге асыруға;»;
2-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды, будандастыруды жүзеге асыру тәртiбiнiң сақталуына;».
54. «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 17, 102-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 7, 38-құжат; № 13, 87-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 3, 21-құжат; № 12, 85-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 79-құжат):
1) 4-бап мынадай мазмұндағы 38-8) және 38-9) тармақшалармен толықтырылсын:
«38-8) ұйымдарды энергетикалық сараптама жүргізуге аккредиттеу қағидаларын бекітеді;
38-9) энергетика ұйымдарының басшылары мен мамандарын аттестаттау қағидаларын бекітеді;»;
2) 5-баптың 23) және 24) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«23) ұйымдарды энергетикалық сараптама жүргізуге аккредиттеу қағидаларын әзірлейді;
24) энергетика ұйымдарының басшылары мен мамандарын аттестаттау қағидаларын әзірлейді;»;
3) 7-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«7-1-бап. Электр энергетикасы саласындағы лицензиялау
Электр энергетикасы саласындағы жекелеген қызмет түрлері Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес лицензиялануға жатады.»;
4) 9-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қосалқы (шунтталатын) электр беру желілері мен шағын стансаларды жобалау және салу уәкілетті органмен, табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен және жүйелік оператормен алдын ала келісе отырып жүзеге асырылады.»;
5) 22-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Электр энергетикасының объектiлерiн және (немесе) оның жекелеген бөлiктерiн сатып алу-сату, жалға немесе сенiмгерлік басқаруға беру уәкiлеттi орган мен табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк органды алдын ала хабардар ете отырып жүзеге асырылады.».
55. «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 21, 124-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 92-құжат; № 24, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 60-құжат; 2009 ж., № 17, 80-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 5, 41-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 81-құжат; № 21-22, 114-құжат):
1) 6-бап мынадай мазмұндағы 14-2) тармақшамен толықтырылсын:
«14-2) сәйкестiктi растау, аккредиттеу, тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру және оларды аттестаттау тәртібін бекіту, сондай-ақ оларға қойылатын рұқсат беру талаптарын белгілеу;»;
2) 7-бапта:
бірінші бөліктің 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«11) сәйкестiктi растау, аккредиттеу, тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру және оларды аттестаттау тәртібін әзірлейді және оларды ұйымдастырады, сондай-ақ оларға қойылатын рұқсат беру талаптарын әзірлейді;»;
үшінші бөлікте:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) сәйкестiк сертификатының, сәйкестiк туралы декларацияның, тауардың шығарылған елiн айқындау жөнiндегі сертификаттың нысандарын белгiлейдi және оларды дайындауды ұйымдастырады;»;
3-1) тармақша алып тасталсын;
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) Қазақстан Республикасының аумағында шетелдiк үлгiнің сәйкестiгін растау саласындағы құжаттарды беру жөніндегі қызметтi жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабардар еткен шетелдiк және халықаралық ұйымдардың тiзiлiмiн жүргізеді.»;
3) 12-бапта:
3-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) сәйкестiк туралы декларацияларды тiркейдi;»;
5-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен сәйкестік туралы тіркелген декларациялар, берілген сәйкестік сертификаттары туралы, сертификаттаудан бас тарту туралы деректердің электрондық есебін және оларды беруді жүзеге асыруға;»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Сәйкестікті растау жөніндегі органдар және сарапшы-аудиторлар сәйкестікті міндетті растау қағидаларын бұзғаны және сәйкестік сертификатын заңсыз бергені, сәйкестік туралы декларацияларды заңсыз тіркегені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.»;
4) 16-1-баптың 4-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Тауардың шығарылған елiн, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторларды аттестаттау Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен бес жылда бір рет жүзеге асырылады.»;
5) 26-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Шетелдiк үлгiнің сәйкестiгін растау саласындағы құжаттарды беретін шетелдiк және халықаралық ұйымдар «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен қызметтің басталғаны туралы уәкiлеттi органды хабардар ете отырып, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыруға құқылы.».
56. «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2005 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 11, 38-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 13-14, 63-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат; 2012 ж., № 1, 6-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат):
1) 1-баптың 1) және 13) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) айырбастау пункттері – қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операциялары жүргізілетін арнайы жабдықталған орындар;»;
«13) уәкілетті ұйымдар – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, қызметінің айрықша түрі қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғалар;»;
2) 5-баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру тәртібін және оған қойылатын талаптарды;»;
3) 6-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«6-бап. Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау
операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызметті
жүзеге асыруға қойылатын талаптар
1. Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруды өздеріне берілген лицензияға немесе Қазақстан Республикасының заңдарымен берілген құқығына сәйкес шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар уәкілетті банктер және уәкілетті ұйымдар жүзеге асырады.
2. Уәкілетті ұйым қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі берген қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензияның және оған уәкілетті ұйымның айырбастау пункті (пункттері) көрсетілетін қосымшаның (қосымшалардың) негізінде өздерінің айырбастау пункттері арқылы жүзеге асырады.
Лицензия алу үшін уәкілетті ұйымда айырбастау пунктінің болуы міндетті.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі уәкілетті ұйымдарды лицензиялау тәртібі мен шарттарын, қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызметке қойылатын талаптарды, сондай-ақ уәкілетті банктің айырбастау пункттерін ашу, қызметін тоқтата тұру, қайта бастау, оларды жабу туралы хабарлама жасау тәртібін қоса алғанда, Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қағидаларын белгiлейдi.
4. Уәкілетті ұйымдарға арналған біліктілік талаптары құрылтайшылардың құрамына, ұйымдық-құқықтық нысанына, жарғылық капитал мөлшеріне және оны қалыптастыру тәртібіне, айырбастау пункттерінің үй-жайына, жабдығына және персоналына қойылатын талаптарды, сондай-ақ бөлімшелерді құру және басқа да заңды тұлғаларға қатысу жөніндегі шектеулерді қамтиды.
5. Уәкілетті ұйымдар лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалған құжаттардан басқа осы Заңның 10-бабы бірінші бөлігінің 8), 9) тармақшаларында көзделген құжаттарды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленген шарттарда және тәртіппен ұсынады.
6. Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензияны (оған қосымшаны қоса алғанда) беру немесе лицензияны беруден бас тарту уәкілетті ұйым толық құжаттар топтамасын ұсынған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Жарамды лицензияға қосымша беру немесе лицензияны және (немесе) оған қосымшаны қайта ресімдеу немесе мұндай құжаттарды беруден бас тарту уәкілетті ұйым толық құжаттар топтамасын ұсынған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Лицензияны және (немесе) оған қосымшаны беруден, қайта ресімдеуден бас тартылған кезде өтініш берушіге жазбаша нысанда уәжді түрде жауап беріледі.
7. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден бас тарту үшін мыналар негіздер болып табылады:
1) осы Заңға сәйкес көзделген құжаттарды не мәліметтерді ұсынбау;
2) өтініш берушінің осы Заңға сәйкес белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негіздер.
8. Уәкілетті банктер айырбастау пункттерін ашу, қызметін тоқтата тұру, қайта бастау, оларды жабу туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін хабардар етеді.
Айырбастау пунктін ашу туралы хабарламаны уәкілетті банк айырбастау пункті операциялар жүргізуді бастайтын күннен кешіктірмей жүзеге асырады. Хабарламаны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі хабарлама жасалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде уәкілетті банктің белгіленген үлгідегі құжатын – айырбастау пункті куәлігін бере отырып растайды.
Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызмет бойынша ақпаратты ұсыну нысандары мен тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.»;
4) 8-баптың 6-тармағы алып тасталсын;
5) 10-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Резиденттер қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға қойылатын талаптарға сәйкес, сондай-ақ осы Заңда белгiленген валюталық peттеу режимдерiнiң талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне мынадай құжаттарды ұсынады:»;
6) 30-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Уәкілетті банктер мен уәкiлеттi ұйымдардың Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасын бұзушылықтары анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген ықпал ету шараларын және санкцияларды қолдануға құқылы.»;
2-тармақ алып тасталсын;
7) 32-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Арнайы валюталық режим Қазақстан Республикасының Үкіметімен және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлескен консультациялар негізінде дайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің актісімен енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Президентінің арнайы валюталық режим енгізу туралы актісінде белгіленетін рұқсаттар мен хабарламаларға «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының күші қолданылмайды.».
57. «Жеке кәсіпкерлік туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 3, 21-құжат; № 16, 99-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 17, 136-құжат; 2008 ж., № 13-14, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 60-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 18, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 11-12, 54-құжат; № 15-16, 74, 77-құжаттар; № 17, 82-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29-құжат; № 15, 71-құжат; № 22, 128-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 26-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 81-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 4-5, 24-құжат):
1) 6-бапта:
2 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi мынадай санаттарға жатқызылады:
1) шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi, оның ішінде микрокәсiпкерлiк субъектiлерi;
2) орта кәсiпкерлiк субъектiлерi;
3) iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi.»;
«5. Заңды тұлға құрмаған дара кәсiпкерлер және жұмыскерлерiнiң жылдық орташа саны жүз адамнан аспайтын және жылдық орташа табысы республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштің үш жүз мың еселенген мөлшерінен аспайтын, жеке кәсiпкерлiкті жүзеге асыратын заңды тұлғалар шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылады.»;
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Жұмыскерлерiнiң жылдық орташа саны он бес адамнан аспайтын немесе жылдық орташа табысы республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштің отыз мың еселенген мөлшерінен аспайтын, жеке кәсiпкерлiкті жүзеге асыратын шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi микрокәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылады.»;
6-тармақтың бірінші бөлігінің 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«13) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымымен байланысты қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар шағын кәсіпкерлік, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілері болып танылмайды.»;
2) 8-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес рұқсат беру тәртібі енгізілген жеке кәсiпкерлiктің түрлерiн жүзеге асыруға лицензиялар және рұқсаттар алуға;»;
3) 19-баптың 3-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) екiншi деңгейдегi банктер және микрокредит беру арқылы кредит берудi ұйымдастыру;»;
4) 34-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«34-бап. Жеке кәсіпкерлік саласында лицензиялауды және
рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру
Жеке кәсіпкерліктің жекелеген түрлерін лицензиялау және оларға рұқсат беру рәсімдері Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.».
58. «Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 16, 101-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 17, 79-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат):
6-1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын ғимараттар құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметті лицензиялау осы Заңға және Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.».
59. «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 24, 147-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 49-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 25-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, ст. 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат):
1) 6-баптың 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«14) фильмге прокаттау куәлігін берудің тәртібі мен нысанын бекітеді;»;
2) 28-2-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Фильмге прокаттау куәлігін беруді уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нысан бойынша жүзеге асырады.».
60. «Ойын бизнесі туралы» 2007 жылғы 12 қантардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 2, 15-құжат; 2009 ж., № 9-10, 48-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 111-құжат; № 22, 132-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 9-құжаттар):
1) 9-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ойын бизнесі саласындағы қызметті лицензиялау осы Заңға және Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.»;
2) 13-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Өтініш беруші Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына әрбір лицензияны алу үшін уәкілетті органға (лицензиарға) өзінің осы Заңда белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды табыс етеді.».
61. «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 4, 32-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат):
1) 1-баптың 1), 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) аккредиттеу – уәкiлеттi органның осы Заңда көзделген, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нысан бойынша куәлiкпен расталған бухгалтерлердiң кәсiби ұйымдарының және бухгалтерлердi кәсiби сертификаттау жөнiндегi ұйымдардың құқықтылығын тануы;»;
«3) бухгалтерлердi кәсiби сертификаттау жөнiндегi аккредиттелген ұйым (бұдан әрi – сертификаттау жөнiндегi ұйым) – кәсiби бухгалтерлерге кандидаттарды сертификаттауды жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен аккредиттелген заңды тұлға;
4) бухгалтерлердiң аккредиттелген кәсiби ұйымы (бұдан әрi – кәсiби ұйым) – бухгалтерлердің және (немесе) бухгалтерлiк ұйымдардың бiрлестiгi болып табылатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен аккредиттелген коммерциялық емес ұйым;»;
2) 7-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Нысандары немесе оларға қойылатын талаптар осы баптың
2-тармағына сәйкес бекiтiлмеген қағаз және электрондық жеткiзгiштердегi бастапқы құжаттарды дара кәсiпкерлер мен ұйымдар дербес әзiрлейдi не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітілген нысандарды немесе талаптарды қолданады, олар мынадай мiндеттi деректемелердi қамтуға тиiс:
1) құжаттың (нысанның) атауы;
2) жасалған күнi;
3) құжат өз атынан жасалған ұйымның атауы немесе дара кәсiпкердiң тегi және аты-жөнi;
4) операцияның немесе оқиғаның мазмұны;
5) операцияның немесе оқиғаның өлшем бiрлiгi (сан және құн көрiнiсiнде);
6) операцияның жасалуына (оқиғаны растауға) және оның дұрыс ресiмделуiне жауапты адамдар лауазымының атауы, тегi, аты-жөнi және қолы;
7) сәйкестендіру нөмірі.»;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Операцияның немесе оқиғаның сипатына, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң талаптарына және есепке алу ақпаратын өңдеу тәсiлiне қарай, егер бұл Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмесе, бастапқы құжаттарға қосымша деректемелер енгiзiлуi мүмкін.»;
3) 19-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша жария мүдделі ұйымдар үшiн депозитарий құрылады, бұл ұйымдар осы депозитарийге Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен қаржылық есептiлiктi тапсыруға мiндеттi.»;
4) 20-бапта:
1-1-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) және 3-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«3-1) ұлттық стандарттарды және оларға әдiстемелiк ұсынымдарды бекiтедi;
3-2) кәсiби ұйымдардың, сертификаттау жөнiндегi ұйымдар есептiлiгінің тiзбесiн, нысандарын және оларды ұсыну мерзiмдiлiгiн бекітеді;»;
5-тармақта:
мынадай мазмұндағы 11-1) және 12-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«11-1) кәсiби бухгалтерлікке кандидаттарды сертификаттауды жүргiзу қағидаларын бекiтеді;»;
«12-1) кәсіби бухгалтерлердің біліктілігін арттыру қағидаларын бекітеді;»;
15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«15) кәсiби ұйымдардың, сертификаттау жөнiндегi ұйымдар есептiлiгінің тiзбесiн, нысандарын және оларды ұсыну мерзiмдiлiгiн әзірлейді;»;
мынадай мазмұндағы 18-1) тармақшамен толықтырылсын:
«18-1) жария мүдделі ұйымдардың (қаржы ұйымдарынан басқа) жариялауы үшін жылдық қаржылық есептіліктің тізбесін және нысандарын әзірлейді;»;
20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«20) бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласында және кәсiби ұйымдар мен сертификаттау жөнiндегi ұйымдардың қызметіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;»;
5) 21-бапта:
5-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Кәсiби ұйым мынадай рұқсат беру талаптарына сай келуге тиiс:»;
мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:
«10. Сертификаттау жөнiндегi ұйым:
1) Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасын сақтауға;
2) уәкiлеттi органға белгiленген тәртiппен өз қызметi туралы есептiлiктi ұсынуға;
3) бұзушылықтар мен кемшіліктерді толық жою бойынша қабылданған шаралар туралы ақпарат ұсынуға міндетті.»;
6) 22-баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Сертификаттау жөнiндегi ұйым мынадай рұқсат беру талаптарына сай келуге тиiс:».
62. «Экспорттық бақылау туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 16, 132-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат):
1) 9-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Өнiмнiң экспорты мен импортын лицензиялау Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.»;
2) 10-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар (мәлiмдеушiлер) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен осы Заңның 8-бабының қолданыс аясына жатпайтын өнiммен, зияткерлiк шығармашылық қызмет нәтижелерiмен сыртқы экономикалық мәмiлелердi жүзеге асыру үшiн уәкiлеттi мемлекеттiк органның лицензиясын:
1) оларды Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесiнiң уәкiлеттi органы немесе өзге де мемлекеттiк органы аталған өнiм мен зияткерлiк шығармашылық қызмет нәтижелерi осы баптың 1-тармағында көрсетiлген мақсаттарда пайдаланылуы мүмкiн екендiгi туралы хабардар еткен;
2) олардың аталған өнiм мен зияткерлiк шығармашылық қызмет нәтижелерi осы баптың 1-тармағында көрсетiлген мақсаттарда пайдаланылуы мүмкiн деп пайымдауына негiз болған жағдайларда алуға мiндеттi.».
63. «Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 134-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; 2014 жылғы 15 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 7-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) химиялық өнімді есепке алудың тәртібін бекіту;»;
2) 8-баптың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) химиялық өнімнің жекелеген түрлерін есепке алудың тәртібін бекітуді;»;
3) 14-баптың 2-тармағының 4) тармақшасы алып тасталсын.
64. «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 135-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 20, 87-құжат; № 21, 97-құжат; № 24, 128-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 9-10, 47, 49-құжаттар; № 15-16, 74-құжат; № 17, 78, 82-құжаттар; № 24, 129, 133-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 17-18, 108-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 2, 26-құжат; № 4, 37-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161, 171-құжаттар; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 22-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 12, 83-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 94-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6, 9-құжаттар; № 4-5, 24-құжат):
1) 8-баптың 6-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік ақпараттық жүйеде мәліметтер болмаған жағдайда, әлеуеттi өнiм берушi Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес берiлген тиiстi лицензияның нотариат куәландырған көшiрмесiн табыс етеді.»;
2) 16-баптың 3-тармағының төртінші бөлігі алып тасталсын.
65. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 20, 151-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 128-құжат; № 18, 142-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 2, 7-құжат; № 7, 34-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6-құжаттар; № 3, 21-құжат):
1) 5-бап мынадай мазмұндағы 8-1), 8-2) және 8-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«8-1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асырады;
8-2) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама берген білім беру ұйымдарының тізілімін жүргізеді;
8-3) білім беру ұйымын Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалардың тізілімінен алып тастайды;»;
2) 40-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Меншік нысанына және ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан бір немесе бірнеше білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын және (немесе) білім алушыларды, тәрбиеленушілерді бағып-күтуді және тәрбиелеуді қамтамасыз ететін заңды тұлғалар, заңды тұлғаны құрмай мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламаларын іске асыратын дара кәсіпкерлер білім беру ұйымдары болып табылады.
Білім беру ұйымдарын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалар (құрылтайшылар) құрады.
Білім беру ұйымдарының қызметі тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгі қағидаларымен және солардың негізінде әзірленген жарғылармен реттеледі.
Заңды тұлға құрмай мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың білім беру бағдарламаларын іске асыратын дара кәсіпкерлердің қызметі тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгі қағидаларымен реттеледі.»;
2-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) білім беру қызметінің хабарлама жасау тәртібі көзделген кіші түрлері үшін – хабарлама берілген кезден бастап туындайды және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен хабарламалар тізілімінен білім беру ұйымы алып тасталған кезден бастап тоқтатылады.»;
3) 57-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«57-бап. Білім беру қызметін лицензиялау
1. Заңды тұлғалардың (бұдан әрі – лицензиат) білім беру қызметі Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес лицензиялануға жатады.
2. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың білім беру қызметін лицензиялау техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мамандықтарының сыныптауышына сәйкес біліктіліктер бойынша жүргізіледі.
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың білім беру қызметін лицензиялау жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтарының сыныптауышына сәйкес мамандықтары бойынша жүргізіледі.
Бұл ретте, лицензияға қосымшаларда мамандық немесе біліктілік бойынша шифр, атауы, оқу мерзімі көрсетіледі.
3. Лицензиар лицензияны беру, білім беру ұйымының қайта ұйымдастырылуына байланысты лицензияны қайта ресімдеу мәселелерін алқалы және жария қарау үшін консультациялық-кеңесші орган құрады.
4. Білім беру қызметіне лицензияның қолданысы лицензиаттың (заңды мекенжайына сәйкес) тіркелген орны бойынша әкімшілік-аумақтық бірліктің шектерімен шектеледі.
5. Лицензиардың білім беру қызметімен айналысуға құқық беретін лицензияның қолданысын Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұруға құқығы бар.
6. Білім беру ұйымы оның түрін өзгерту жолымен қайта ұйымдастырылған жағдайда, қайта ұйымдастыру нәтижесінде жаңадан пайда болған білім беру ұйымының білім беру қызметінің тиісті түрін және (немесе) кіші түрін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі расталған жағдайда, оның қолда бар лицензиясы және (немесе) лицензияға қосымшасы қайта ресімдеуге жатады.
Бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын бiлiм беру ұйымдары қайта ұйымдастырылған жағдайда, лицензиар қайта ұйымдастыруды жүргізгенге дейін қайта ұйымдастырылатын білім беру ұйымының біліктілік талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізеді. Қайта ұйымдастыру жүргізілгеннен кейін лицензиат лицензияны қайта ресімдеуге өтініш береді, ал лицензиар өзі бұрын жүргізген біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру негізінде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны береді.
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін лицензиат Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін нысан бойынша өтінішті, лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжатты, сондай-ақ:
1) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың көшірмелерін;
2) өзінің бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігі туралы мәлiметтер мен құжаттарды береді.
Лицензиар осы тармақта көзделген негіз бойынша бастама жасалған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны:
1) осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген құжаттар ұсынылмаған немесе тиісті түрде ресімделмеген;
2) өтініш беруші біліктілік талаптарына сәйкес келмеген жағдайда қайта ресімдеуден бас тартады.
Лицензия және оған қосымшалар тиісті құжаттармен өтініш ұсынылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қайта ресімделеді.
Лицензия қайта ресімделгенге дейін лицензиат қызметті қайта ресімдеуге жататын лицензияның негізінде жүзеге асырады.»;
4) мынадай мазмұндағы 57-1-баппен толықтырылсын:
«57-1-бап. Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту саласындағы
қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе
тоқтатылғаны туралы хабарлама
1. Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымының қызметі Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес хабарлама жасау тәртібімен жүзеге асырылады.
2. Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту саласындағы қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдауды білім беру саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.»;
5) 59-бапта:
1 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Бiлiм беру жүйесiндегi мемлекеттiк бақылау мемлекеттiң бiлiм алуға құқықты қамтамасыз етуіне және бiлiм берудің оқу бағдарламаларын iске асыратын заңды тұлғалардың, сондай-ақ заңды тұлға құрмай дара кәсіпкерлердің өздерi жүзеге асыратын бiлiм беру қызметiнiң Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы заңнамасының және Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасының талаптарына сәйкестігін сақтауға бағытталған және оны бiлiм саласындағы уәкiлеттi орган, жергiлiктi атқарушы органдар өз құзыретi шегiнде жүзеге асырады.»;
«8. Бiлiм беру ұйымдарының Қазақстан Республикасының бiлiм туралы және рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасының сақтауын бақылау тексерулер нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.»;
мынадай мазмұндағы 8-1, 8-2, 8-3 және 8-4-тармақтармен толықтырылсын:
«8-1. Лицензияның қолданысы тоқтатыла тұрған кезде лицензиаттың білім туралы құжатты бере отырып, білім берудің оқу жылын аяқтауға құқығы бар.
8-2. Лицензияның қолданысы тоқтатыла тұрған кезде лицензиат:
1) мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға арналған конкурсқа қатысуға;
2) лицензиямен және (немесе) оған қосымшалармен әрекеттер жасауға (тоқтатуға, қайта ресімдеуге, жаңа лицензиялар және (немесе) тоқтатыла тұрған лицензияға қосымшалар алуға) құқылы емес.
8-3. Қызметін хабарлама жасау тәртібімен жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының қызметі тоқтатыла тұрған кезде білім беру ұйымдары:
3) мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға арналған конкурсқа қатысуға;
4) бұзушылықтарды жойғанға және білім беру саласындағы уәкілетті орган қызметті қайта бастағанға дейін қызметті жүзеге асыруға құқылы емес.
8-4. Қызметін хабарлама жасау тәртібімен жүзеге асыратын, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тексерілуге жатады.
Қызметін хабарлама жасау тәртібімен жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының қызметін білім беру саласындағы уәкілетті органның Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен тоқтата тұруға құқығы бар.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша қызметтер көрсететін субъектілер тексеру және (немесе) мемлекеттік аттестаттау нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жоймаған кезде, білім беру саласындағы уәкілетті орган мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар тізілімінен білім беру ұйымын алып тастайды.».
66. «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 15-16, 59-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат):
26-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«26-бап. Аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алу, оның қолданысын тоқтату, тоқтата тұру, одан айыру»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Өтініш берушінің аккредиттеу аттестатын алу кезінде жалған ақпарат бергені анықталған жағдайда аккредиттеу жөніндегі органның өтініші бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен сот аккредиттеу аттестатынан айырады.».
67. «Тауар биржалары туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 9-10, 46-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 10, 77-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 9-құжаттар):
1) 1-баптың 1-1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1) биржалық брокер (бұдан әрi – брокер) – «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi орган беретiн лицензия негiзiнде тауар биржасында өз қызметiн жүзеге асыратын, акционерлiк қоғамның немесе жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын және клиенттiң тапсырмасы бойынша, соның есебiнен және мүддесi үшiн биржалық тауармен мәмiлелер жасайтын заңды тұлға;
2) биржалық дилер (бұдан әрі – дилер) – «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган беретін лицензия негізінде тауар биржасында өз қызметін жүзеге асыратын, акционерлік қоғамның немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын және өзінің мүддесі үшін және өзінің есебінен, сондай-ақ клиенттің тапсырмасы бойынша биржалық тауармен мәмілелер жасайтын заңды тұлға;»;
2) 3-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) тауар биржаларының, биржалық брокерлердің және дилерлердің қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесін бекітеді;»;
3) 4-баптың 3-5) және 10) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«3-5) тауар биржаларының, биржалық брокерлердің және дилерлердің қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесін әзірлейді;»;
«10) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен тауар биржалары саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асырады;»;
4) 5-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«5-бап. Тауар биржалары саласындағы қызметті лицензиялау
Тауар биржалары саласындағы қызметті лицензиялау Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.»;
5) 19-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Тауар биржасындағы брокерлік және дилерлік қызмет «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес уәкілетті орган беретін лицензия негізінде жүзеге асырылады.».
68. «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» 2010 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 1-2, 3-құжат; 2013 ж., № 13, 64-құжат):
1) 13-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Біліктілік комиссиялары қызметінің қағидаларын және олардың құрамын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.»;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Сот сарапшысы біліктілігін беру үшін біліктілік емтихандарын қабылдау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.»;
2) 14-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Аттестаттау комиссиялары қызметінің қағидаларын және олардың құрамын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.»;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Сот сарапшысын аттестаттауды, оның ішінде кезектен тыс аттестаттауды жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.»;
3) 15-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Сот-сараптама қызметімен айналысуға лицензияны берудің, беруден бас тартудың тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленеді.»;
4) 16-баптың 1, 2, 3 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сот-сараптама қызметімен айналысуға лицензияның қолданысын тоқтата тұрудың, қайта бастаудың, тоқтатудың және одан айырудың тәртібі, негіздері мен шарттары Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленеді.
2. Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында көзделген жалпы негіздерден басқа, жеке тұлғаның сот-сараптама қызметімен айналысуына лицензияның қолданысы:
1) ол мемлекеттік қызметте болған;
2) ол Қазақстан Республикасы Парламенті депутатының, өз қызметін бюджет қаражаты есебінен ақы төленетін тұрақты немесе босатылған негізде жүзеге асыратын мәслихат депутатының өкілеттіктерін атқарған;
3) сот сараптамасы органдарында сарапшы лауазымында жұмыс істеген;
4) мерзімді әскери қызметті өткерген кезеңде тоқтатыла тұрады.
3. Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында көзделген жалпы негіздерден басқа, жеке тұлғаның сот-сараптама қызметімен айналысуына лицензияның қолданысын тоқтатуды:
адам соттың заңды күшіне енген шешімі бойынша әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі, қайтыс болған не хабарсыз кеткен деп танылған;
адам Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан;
адам қасақана қылмыс жасағаны үшін ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылған;
соттың адамға қатысты айыптау үкімі заңды күшіне енген жағдайларда, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
4. Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында көзделген жалпы негіздерден басқа, жеке тұлғаның сот-сараптама қызметімен айналысуына лицензиядан айыру:
1) адам сот-сараптама қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын өрескел не бірнеше рет бұзған;
2) адамды аттестаттау нәтижелерімен расталған кәсіптік даярлығының жеткіліксіз деңгейі салдарынан оның сот сарапшысы міндеттерін атқаруы мүмкін болмаған;
3) адам аттестаттаудан өтуден жалтарған жағдайларда, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның қуынымы бойынша сот тәртібімен жүзеге асырылады.
Көрсетілген жағдайларда, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган жанындағы сот-сараптама қызметiн лицензиялау жөнiндегi комиссия сот-сараптама қызметiмен айналысуға лицензиядан айыру туралы қуыным арызды дайындау жөніндегі ұсыныспен лицензиялаушы органның басшысына жүгiнедi.
Сот-сараптама қызметiмен айналысуға лицензиядан айыру оның қолданысын тоқтатуға әкеп соғады.».
69. «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 7, 27-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 5, 43-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат):
1) 142-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Біліктілік емтиханын тапсыруға жіберу үшін қажетті құжаттардың тізбесі уәкілетті орган бекітетін біліктілік емтихандары туралы ережеде белгіленеді. Жеке сот орындаушысының лицензиясын берудің мерзімдері мен тәртібі Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес белгіленеді.»;
2) 144-бапта:
1-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында көзделген жалпы негіздерден басқа, жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтату уәкілетті органның қуынымы бойынша мынадай жағдайларда:»;
4) тармақша алып тасталсын;
2-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында көзделген жалпы негіздерден басқа, жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысы уәкілетті органның шешімі бойынша:».
70. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 12, 60-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4, 30-құжат; № 6, 46-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 15, 97-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; 2014 жылғы 15 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 16-бап мынадай мазмұндағы 61-1) тармақшамен толықтырылсын:
«61-1) ілеспе газды өңдеуді дамыту бағдарламасын орындау туралы есептіліктің нысандары мен мерзімдерін бекітеді;»;
2) 18-бапта:
15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«15) ілеспе газды өңдеуді дамыту бағдарламасын орындау туралы есептіліктің нысандары мен мерзімдерін әзірлеу;»;
мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын:
«16-1) мұнай және газ саласындағы лицензиялауды жүзеге асыру;»;
3) 62-бапта:
3-тармақта:
бірінші бөлік алып тасталсын;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың жобасына міндетті құқықтық, экологиялық, экономикалық сараптамалар жасалуға тиіс.»;
4 және 5-тармақтар алып тасталсын;
4) 63-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«63-бап. Жұмыс бағдарламасы
1. Жұмыс бағдарламасы келісімшарттың міндетті бөлігі (қосымшасы) болып табылады, белгіленген тәртіппен әзірленген және бекітілген жобалау құжаттарының негізінде жасалады.
2. Нәтижесінде жұмыс бағдарламасының көрсеткіштері өзгеретін жобалау құжаттарының көрсеткіштері өзгерген кезде жұмыс бағдарламасына тиісті өзгерістер енгізілуге тиіс. Жұмыс бағдарламасына өзгерістер жер қойнауын пайдаланушы мен құзыретті орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы арасындағы келісімшартқа қосымша келісімге қол қою арқылы енгізіледі.»;
5) 68-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау құжаттарының, сондай-ақ келісімшарт жасасуға мүмкіндік беретін міндетті сараптамалардың нәтижелерін алу негізінде жасалады.»;
6) 70-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Егер пайдалы қазбаларды барлауды немесе өндіруді жүргізу кезінде табудың немесе кен орнының географиялық шекараларының (құрлықта немесе теңізде орналасуына қарамастан) геологиялық немесе тау-кендік бөлуде көрсетілген келісімшарттық аумақ шегінен шығып кеткені байқалса, онда оны кеңейту туралы мәселені кең таралған пайдалы қазбаларды барлауды немесе өндіруді жүргізу кезінде құзыретті орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы, егер бұл аумақ жер қойнауын пайдаланудан бос болған жағдайда, келісімшарт жасасу үшін осы Заңда белгіленген тәртіппен және мерзімдерде конкурс өткізбей-ақ, келісімшарт талаптарын өзгерту арқылы шешуге тиіс.»;
7) 93-баптың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Теңізде мұнай операцияларын жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы құзыретті органның рұқсатын алмай теңіз құрылысын салуды немесе орналастыруды бастауға құқылы емес. Рұқсатты алу үшін мұндай жер қойнауын пайдаланушы құзыретті органға теңіз құрылысының жоспарланатын орналастырылуы не салынуы басталғанға дейін өтініш беруге міндетті. Өтініште жоспарланатын теңіз құрылысының не осындай теңіз құрылысын салу жөніндегі жүргізілетін жұмыстардың сипаты, мерзімдері мен орналасатын жері қамтылуға тиіс. Құзыретті орган теңізде мұнай операцияларын жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының өтінішін қарауға және өтініш берілген кезден бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей тиісті шешім қабылдауға міндетті.
Теңіздегі жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу үшін жұмыстар орындауды және (немесе) қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға осы бапта белгіленген нормалар қолданылады.»;
8) 96-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Теңізде мұнай-газ құбырларын салуды және пайдалануды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы мұнай-газ құбырларын салу, монтаждау немесе тарту жөніндегі жұмысты құзыретті органның рұқсатынсыз бастауға құқылы емес. Мұндай рұқсат осы Заңның 93-бабының 8-тармағында белгіленген жалпы тәртіппен беріледі.»;
9) 100-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Теңiздегi ғылыми зерттеулер құзыретті органды «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалатын тәртіппен зерттеулердің басталғаны туралы хабардар ете отырып қана жүргiзiлуi мүмкін. Теңiздегi ғылыми зерттеулер жүргiзу қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.».
71. «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 17-18, 113-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 жылғы 15 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 13-бап мынадай мазмұндағы 60-1) тармақшамен толықтырылсын:
«60-1) Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшуды жүргізу қағидаларын бекітеді;»;
2) 14-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшуды жүргізу қағидаларын әзірлейді;».
72. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 1, 1-құжат; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 14-құжаттар; № 3, 21, 25, 27-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 11-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 16, 83-құжат; № 21-22, 115-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; 2014 жылғы 15 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 25 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ішкі істер органдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 16-баптың 3-тармағы үшінші бөлігінің 6) тармақшасы алып тасталсын;
2) қосымшаның 1-тармағының 102) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«102) рұқсаттық бақылау саласында;».
73. «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» 2011 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 13, 113-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 11, 80-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; 2014 жылғы 15 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 17-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«17-бап. Мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берумен байланысты қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама»;
1 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілер мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берумен байланысты қызметті жүзеге асыру басталғанға немесе тоқтатылғанға дейін бұл жөнінде мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органды «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен хабардар етуге міндетті.»;
«3. Резервуарды немесе мұнай өнімдерінің базасын иелену және (немесе) пайдалану құқығы тоқтатылған жағдайда, мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы беруші мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берумен байланысты қызметті жүзеге асырудың тоқтатылғаны туралы хабарлама береді.»;
2) 21-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Мұнай өнімдерін сақтау және көтерме сауда арқылы өткізу осы Заңның 19-бабының 5-тармағы сақталған жағдайда жүзеге асырылуға тиіс.».
74. «Ғарыш қызметі туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 1, 4-құжат; № 14, 92-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; 2014 жылғы 15 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 11-бапта:
3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік тіркеу уәкілетті органға өтініш келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күніне дейінгі мерзімде жүзеге асырылады.»;
6-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Мемлекеттік тіркеуден бас тартылған кезде уәкілетті орган өтініш келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей бас тартудың себептерін көрсете отырып, өтініш берушіге жазбаша уәжді түрде жауап жібереді.»;
2) 13-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«13-бап. Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті лицензиялау
Жеке және заңды тұлғалардың ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметі Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес берілетін лицензия негізінде жүзеге асырылады.».
75. «Газ және газбен жабдықтау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 2, 8-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 15, 82-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; 2014 жылғы 15 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-баптың 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«13) газ желісі ұйымы – аккредиттеу туралы куәлігі бар және газ толтыру стансасын пайдалануды, сондай-ақ осы Заңда белгіленген шарттарда сұйытылған мұнай газын көтерме және бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлға;»;
2) 28-баптың 7-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) сол бір ғана газ толтыру стансаларын екі және одан да көп газ желісі ұйымдарының бір мезгілде пайдалануына;».
76. «Телерадио хабарларын тарату туралы» 2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 3, 24-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат):
1) 7-баптың 1-тармағының 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен телерадио хабарларын тарату саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асырады;»;
2) 14-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Телерадио хабарларын тарату саласындағы қызметті лицензиялауды «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес уәкілетті орган жүзеге асырады.».
77. «Магистральдық құбыр туралы» 2012 жылғы 22 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 11, 79-құжат; 2014 жылғы 15 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
9-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«9-бап. Магистральдық құбыр саласындағы қызметті
лицензиялау
Магистральдық құбыр саласындағы жекелеген қызмет түрлері Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес лицензиялануға жатады.».
78. «Микроқаржы ұйымдары туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 20, 120-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат):
1) 3-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Микроқаржы ұйымы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген тәртіппен микрокредиттерді ұсыну үшін уәкілетті органның алдын ала келісімін алуға міндетті.»;
2) 14-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы алып тасталсын;
3) мынадай мазмұндағы 31-1-баппен толықтырылсын:
«31-1-бап. Микроқаржы ұйымының көрсетілетін қызметтерін
келісу
1. Микроқаржы ұйымы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген тәртіппен микроқаржы ұйымының тұтынушыларына микрокредиттерді беру бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсыну үшін уәкілетті органның келісімін алуға міндетті.
2. Уәкілетті орган микроқаржы ұйымын қабылданған шешім туралы жазбаша хабардар етеді.
3. Уәкілетті орган құжаттардың толық топтамасы ұсынылмаған не ұсынылған құжаттар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда микроқаржы ұйымына микроқаржы ұйымының тұтынушыларына микрокредиттер беру бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсыну үшін келісім беруден бас тартады.
4. Уәкілетті орган микроқаржы ұйымдарына микроқаржы ұйымының тұтынушыларына микрокредиттерді ұсыну үшін берілген келісімдерді есепке алуды жүргізеді.».
79. «Оңалту және банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы 2014 ж., № 4-5, 23-құжат):
1) 12-бапта:
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Әкімші ретінде қызметті жүзеге асыру үшін адамдарға қойылатын рұқсат беру талаптары мыналар:
1) жоғары заңгерлік немесе экономикалық бiлiмiнiң болуы;
2) экономикалық, қаржылық немесе заң қызметі салаларында кемінде үш жыл жұмыс тәжiрибесiнiң болуы;
3) Қазақстан Республикасының азаматтығы;
4) наркологиялық немесе психиатриялық диспансерде есепте тұратыны туралы мәліметтердің болмауы;
5) жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығының болмауы;
6) сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танығаны туралы мәліметтердің болмауы.
5. Біліктілік емтиханын тапсыру және рұқсат беру талаптарына сәйкестік әкімші ретінде тіркелу үшін негіздер болып табылады.
Біліктілік емтиханы қажеттілігіне қарай, бірақ тоқсанына бір реттен жиі өткізілмейді.
Біліктілік емтиханын өткізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.»;
6-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Тіркеуге, тіркеуден шығаруға, тіркелген тұлғаның деректеріне өзгерістер енгізуге арналған өтініштердің нысандарын, сондай-ақ тіркелгендігін растау және тіркеуден бас тарту нысандарын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.»;
7-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) өтiнiш берушi осы бапта белгiленген рұқсат беру талаптарына сәйкес келмеген;»;
2) 15-бап мынадай мазмұндағы 23-1) және 23-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«23-1) тiркеуге, тiркеуден шығаруға, тiркелген тұлғаның деректерiне өзгерiстер енгiзуге арналған өтiнiштердiң нысандарын, сондай-ақ тiркелгендiгiн растау және тiркеуден бас тарту нысандарын әзірлейді;
23-2) біліктілік емтиханын өткізу тәртібін әзірлейді;».
2-бап. Осы Заң, мыналарды:
1) 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 5-тармағының 9) тармақшасын;
2) 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 5-тармағының 10) және 16) тармақшаларын;
3) 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін және 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылатын 1-баптың 5-тармағының 6) тармақшасының екінші – төртінші абзацтарын, 8) тармақшасын;
4) 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін және 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылатын 1-баптың 5-тармағының 1) тармақшасын;
5) 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін және 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылатын 1-баптың 5-тармағының 6) тармақшасының бесінші – сегізінші абзацтарын, 7) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» ШЖҚ РМК