Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегi N 2464 Конституциялық заңы
1. Жалпы бөлiм
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. Конституциялық заңның бүкiл мәтiнi бойынша, 14-тарауды қоспағанда, «жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiнiң», «жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн», «жергiлiктi өзiн-өзi басқару органына мүше», «жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелiгiне», «жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелiгiне», «жергiлiктi өзiн-өзi басқару органының мүшелiгiне», «жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiн», «жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерi», «жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiне», «жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшесiнiң», «жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшесiн», «жергiлiктi өзiн-өзi басқару органының мүшесi» деген сөздер тиiсiнше «өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiнiң», «өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн», «өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органына мүше», «өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелiгiне», «өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелiгiне», «өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органының мүшелiгiне», «өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiн», «өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерi», «өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiне», «өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшесiнiң», «өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшесiн», «өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органының мүшесi» деген сөздермен ауыстырылды — ҚР 2007.06.19 N 268 Конституциялық заңымен.
1-бап. Осы Конституциялық заң реттейтiн қатынастар
Осы Конституциялық заң Республика Президентiнiң, Парламентiнiң Сенаты мен Мәжiлiсi, мәслихаттары депутаттарының және өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiнiң сайлауын әзiрлеу мен өткiзу кезiнде пайда болатын қатынастарды реттейдi, сондай-ақ Республика азаматтарының ерiк бiлдiру бостандығын қамтамасыз ететiн кепiлдiктердi белгiлейдi.
Ескерту. 1-бапқа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 1999.05.06 N 375 Конституциялық заңымен.
2-бап. Сайлау бостандығы
Республикадағы сайлау Республика азаматының сайлау және сайлану құқығын еркiн жүзеге асыруына негiзделедi.
3-бап. Сайлау құқығы принциптерi
1. Республика Президентiн, Парламентi Мәжiлiсiнiң және мәслихаттарының депутаттарын, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау жалпыға бiрдей, тең және төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру жағдайында өткiзiледi.
2. Республика Парламентi Сенатының депутаттарын сайлау жанама сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру жағдайында өткiзiледi.
3. Республика азаматтарының сайлауға қатысуы ерiктi болып табылады. Азаматты сайлауға қатысуға немесе қатыспауға мәжбүрлеуге, сондай-ақ оның еркiн бiлдiрудi шектеуге ешкiмнiң де құқығы жоқ.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда — ҚР 1999.05.06 N 375 Конституциялық заңымен.
4-бап. Жалпыға бiрдей сайлау құқығы
1. Жалпыға бiрдей белсендi сайлау құқығы — Республиканың он сегiз жасқа жеткен азаматтарының тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне немесе кез келген өзге жағдаяттарға қарамастан, сайлауда дауыс беруге қатысу құқығы.
2. Бәсең сайлау құқығы — Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң, мәслихатының депутаты немесе жергiлiктi өзiн-өзi басқару органына мүше болып сайлану құқығы.
3. Сайлауға сот iс-әрекетке қабiлетсiз деп таныған, сондай-ақ сот үкiмiмен бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтар қатыспайды.
4. Мыналар:
1) сотталғандығы белгiленген тәртiппен өтелмеген немесе алып тасталмаған адам;
2) сыбайлас жемқорлық қылмыс және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаудағы кiнәсiн сот заңда белгiленген тәртiппен таныған адам Қазақстан Республикасының Президенттiгiне, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң, оның iшiнде партиялық тiзiмдер бойынша, мәслихаттардың депутаттығына кандидат, сондай-ақ өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелiгiне кандидат бола алмайды.
Ескерту. 4-бапқа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 1998.05.08 N 222, 1999.05.06 N 375, 2004.04.14 N 545, 2005.04.15 N 44, 2009.02.09 N 124-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Конституциялық заңдарымен.
5-бап. Тең сайлау құқығы
1. Сайлаушылар Республика Президентi, партиялық тiзiмдер бойынша сайланатын Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаттары және мәслихаттарының депутаттары сайлауына тең негiздерде қатысады әрi олардың әрқайсысының бiр сайлау бюллетенiне тиiсiнше бiр дауысы болады.
2. Сайлаушылар Республиканың өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлауға тең негiздерде қатысады әрi олардың әрқайсысының тең дауыс саны болады.
3. Кандидаттардың сайлауға тең құқықтармен және шарттармен қатысуына кепiлдiк берiледi.
Ескерту. 5-бапқа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 1999.05.06 N 375, 2004.04.14 N 545, 2007.06.19 N 268 Конституциялық заңдарымен.
6-бап. Төте сайлау құқығы
Республика Президентiн, Парламентi Мәжiлiсiнiң және мәслихаттарының депутаттарын, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн азаматтар тiкелей сайлайды.
7-бап. Жанама сайлау құқығы
1. Парламент Сенатының депутаттарын сайлауға таңдаушылар — мәслихаттардың депутаты болып табылатын Республика азаматтары қатысады.
2. Таңдаушылар Сенат депутаттарын сайлауға тең негiздерде қатысады әрi олардың әрқайсысының Сенат депутатын сайлаған кезде бiр дауысы болады.
3. Алып тасталды — ҚР 1998.05.08 N 222 Конституциялық заңымен.
Ескерту. 7-бапқа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 1998.05.08 N 222 Конституциялық заңымен.
8-бап. Жасырын дауыс беру
Республика Президентiн, Парламентiнiң және мәслихаттарының депутаттарын, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлауда жасырын дауыс берiледi әрi сайлаушылардың еркiн бiлдiруiне қандай да болсын бақылау жасау мүмкiндiгiне жол берiлмейдi.
9-бап. Сайлау жүйелерi
1. Президенттi, Парламент Сенаты депутаттарын, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжiлiсi депутаттарын сайлау кезiнде дауыс санаудың мынадай жүйесi қолданылады:
1) алып тасталды — ҚР 1998.11.06 N 285 Конституциялық заңымен;
2) мыналар:
— дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (таңдаушылардың) елу процентiнен астамының дауысын алған;
— қайта дауыс беру кезiнде басқа кандидатқа қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (таңдаушылардың) дауыс санының көпшiлiгiн алған.
1-1. Саяси партиялардан Парламент Мәжiлiсiнiң депутаттары бiртұтас жалпыұлттық сайлау округi бойынша партиялық тiзiмдермен сайланады.
2. Мәслихаттардың депутаттарын сайлау кезiнде басқа кандидаттарға қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың дауыс санының көпшiлiгiн алған кандидат сайланған болып саналады.
3. Өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау кезiнде дауыс санаудың мынадай жүйесi қолданылады:
1) алып тасталды — ҚР 1999.05.06 N 375 Конституциялық заңымен;
2) басқа кандидаттарға қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың көпшiлiгi жақтап дауыс берген кандидаттар сайланған болып саналады.
Ескерту. 9-бапқа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 1998.11.06 N 285, 1999.05.06 N 375, 2004.04.14 N 545, 2007.06.19 N 268 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Конституциялық заңдарымен.
2-тарау. Сайлау органдары
10-бап. Сайлау органдары, олардың жүйесi мен
өкiлеттiктерiнiң мерзiмi
1. Қазақстан Республикасында сайлауды әзiрлеу мен өткiзудi ұйымдастыратын мемлекеттiк сайлау органдары сайлау комиссиялары болып табылады.
2. Сайлау комиссияларының бiртұтас жүйесiн мыналар құрайды:
1) Республиканың Орталық сайлау комиссиясы;
2) аумақтық сайлау комиссиялары;
3) округтiк сайлау комиссиялары;
4) учаскелiк сайлау комиссиялары.
3. Сайлау комиссияларының өкiлеттiк мерзiмi — бес жыл.
Аумақтық, округтiк және учаскелiк сайлау комиссияларын саяси партиялардың ұсыныстары негiзiнде тиiстi мәслихаттар сайлайды.
Әрбiр саяси партия тиiстi сайлау комиссиясының құрамына бiр кандидатура ұсынуға құқылы. Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшесi болып табылмайтын кандидатура ұсынуға құқылы.
Мәслихат белгiлеген, сайлау комиссияларын құру мерзiмiне дейiн бiр айдан кем болмауға тиiс мерзiмде саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бiрлестiктердiң және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылған адамдар оның жұмысына қатысуға келiсетiнi туралы өтiнiштерiн қоса бередi. Сайлау комиссиясының төрағасы, төрағаның орынбасары, хатшысы сайлау комиссиясының алғашқы отырысында сайланады.
Сайлау комиссияларының жаңа құрамын құру сайлау комиссияларының өкiлеттiк мерзiмi аяқталардан кемiнде екi ай бұрын басталады және өкiлеттiк мерзiмiнiң бiтуiне кемiнде үш күн қалғанда аяқталады.
Сайлау комиссияларын құратын органдар сайлау комиссияларының өкiлеттiк мерзiмi iшiнде олардың құрамына өзгерiстер енгiзуге құқылы.
4. Сайлау комиссияларын құру туралы шешiм, олардың құрамы мен орналасқан жерi туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланады.
5. Сайлау комиссияларының өз құзыретiнiң шегiнде қабылдаған шешiмдерi тиiстi аумақтағы барлық мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының, сондай-ақ олардың лауазымды адамдарының орындауы үшiн мiндеттi.
6. Сайлау комиссиялары өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыруы кезiнде олардың қызметiне араласуға жол берiлмейдi.
7. Сайлау комиссиясының қызметi сайлау комиссиясын құратын органның шешiмi бойынша немесе жоғары тұрған сайлау комиссиясы өтiнiшiнiң негiзiнде сот шешiмiмен тоқтатылуы мүмкiн.
8. Сайлау комиссиясының мүшесiн, осы Конституциялық заңның 19-бабының 6 және 7-тармақтарында көрсетiлген жағдайларды қоспағанда, өкiлеттiктерiнен айыруға болмайды.
Ескерту. 10-бапқа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 2004.04.14 N 545 Конституциялық заңымен.
11-бап. Республиканың Орталық сайлау комиссиясы
1. Орталық сайлау комиссиясы Республика сайлау комиссияларының бiртұтас жүйесiне басшылық етедi және тұрақты жұмыс iстейтiн орган болып табылады.
2. Орталық сайлау комиссиясы комиссияның Төрағасынан және алты мүшесiнен тұрады.
Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының орынбасары мен хатшысы комиссияның алғашқы отырысында сайланады.
3. Алып тасталды — ҚР 2007.06.19 N 268 Конституциялық заңымен.
4. Орталық сайлау комиссиясының өз аппараты болады.
5. Орталық сайлау комиссиясы мен оның аппаратын ұстауға жұмсалатын шығыстар республикалық бюджеттен қаржыландырылады.
Ескерту. 11-бапқа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 2007.06.19 N 268, 2009.02.09 N 124-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Конституциялық заңдарымен.
12-бап. Республиканың орталық сайлау комиссиясының
өкiлеттiктерi
Орталық сайлау комиссиясы:
1) Республиканың аумағында сайлау туралы заңдардың атқарылуына бақылауды жүзеге асырады; олардың бiрыңғай қолданылуын қамтамасыз етедi; өзiнiң құзыретi шегiнде бүкiл Республика аумағында мiндеттi шешiмдер қабылдайды; .V106401
2) Президент пен Парламент Мәжiлiсi депутаттарының сайлауын әзiрлеу мен өткiзудi ұйымдастырады; Парламент Сенаты депутаттарының сайлауын ұйымдастыру мен өткiзуге басшылық етедi;
2-1) саяси партияларды Парламент Мәжiлiсi депутаттарының партиялық тiзiм бойынша сайланатын бөлiгiне қатыстыру мәселесiн қарайды;
3) алып тасталды — ҚР 2007.06.19 N 268 Конституциялық заңымен;
3-1) алып тасталды — ҚР 2004.04.14 N 545 Конституциялық заңымен;
4) сайлау науқанын өткiзуге жұмсалатын шығыстардың мөлшерлi сметасын жасап, Республика Үкiметiне ұсынады;
5) Президенттi, Парламент депутаттарын сайлау жөнiндегi сайлау комиссияларына басшылықты жүзеге асырады; олардың шешiмдерiнiң күшiн жояды және тоқтата тұрады; республикалық бюджеттiң сайлау науқанын өткiзуге арнап бөлiнген қаражатын олардың арасында бөледi; сайлау комиссияларының қызметiне қажеттi материалдық-техникалық жағдайлар жасалуын бақылайды; аумақтық және округтiк сайлау комиссияларының шешiмдерi мен iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) түскен арыздар мен шағымдарды қарайды; сайлау туралы заңнаманы түсiндiрудi ұйымдастырады; саяси партиялардың өкiлдерiмен және сайлау процесiне басқа да қатысушылармен сайлауды ұйымдастыру және өткiзу жөнiнде семинарлар өткiзедi, сайлау жүйелерi саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
6) Президенттi сайлау жөнiнде дауыс беруге арналған бюллетеньдердiң нысаны мен мәтiнiн, Парламенттiң, мәслихаттардың депутаттарын және өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау жөнiнде дауыс беруге арналған бюллетеньдердiң нысанын, оларды жасау тәртiбiн, сондай-ақ қорғалу дәрежесiн сайлаушылар (таңдаушылар) тiзiмдерiнiң, Президенттiкке кандидаттарды қолдайтын сайлаушылардың қолдарын жинауға және Сенаттың депутаттығына кандидаттарды қолдайтын таңдаушылардың қолдарын жинауға арналған қол қою парақтарының, өзге сайлау құжаттарының нысандарын, дауыс беруге арналып, мөлдiр материалдан жасалған жәшiктiң нысанын және сайлау комиссиялары мөрлерiнiң үлгiлерiн, сайлау құжаттарын сақтау тәртiбiн , сондай-ақ қорғалу дәрежесiн белгiлейдi ; Президенттi және Парламенттiң және мәслихаттардың депутаттарын сайлау жөнiндегi сайлау бюллетеньдерiн дайындауды қамтамасыз етедi;
6-1) дауыс беру құқығына арналған есептен шығару куәлiктерiн жасауды ұйымдастырады, оларды беру және есепке алу тәртiбiн айқындайды ;
7) сайлауды әзiрлеу мен өткiзуге байланысты мәселелер бойынша мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың есебiн, сондай-ақ сайлау туралы заңдардың сақталуы мәселелерi бойынша қоғамдық бiрлестiктер органдарының хабарламасын тыңдауға хақылы;
8) Республика Президенттiгiне кандидаттарды тiркейдi, оларға тиiстi куәлiктер бередi, кандидаттарды тiркеу туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабар жариялайды;
9) Президенттi және Парламент депутаттарын сайлау жөнiндегi сайлау алдындағы науқанның барысы туралы сайлаушыларды хабарландырып отырады, мерзiм-мерзiм ақпарат бюллетенiн шығарады;
10) Республика бойынша тұтас алғанда Президенттi және Парламент депутаттарын сайлау қорытындыларын шығарады, сайланған Президенттi және Парламенттiң депутаттарын тiркейдi, бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабар жариялайды;
11) Президент сайлауы кезiнде қайта дауыс беру мен қайта сайлауды тағайындайды және өткiзiлуiн ұйымдастырады;
12) Парламент депутаттарының қайта сайлауын тағайындайды;
13) шығып қалғандардың орнына Парламент депутаттарының сайлауын тағайындайды;
14) мәслихаттардың кезектi және кезектен тыс сайлауын тағайындайды;
15) мәслихаттар мен өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарын сайлауды ұйымдастыру мен өткiзу кезiнде аумақтық сайлау комиссияларына әдiстемелiк басшылықты және олардың қызметiнiң осы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуiн бақылауды жүзеге асырады; Осы Конституциялық заңның бұзылуы анықталған кезде тиiстi сайлау комиссиясының қызметiн тоқтату туралы өтiнiшпен сайлау комиссиясын құратын органға немесе сотқа жүгiнедi;
16) әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс халқының мөлшерiне сәйкес олардан сайланатын мәслихаттар депутаттарының санын анықтайды;
16-1) Орталық сайлау комиссиясының ресми интернет-ресурсына сайлау заңдары жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердi, сайлауды тағайындау мен өткiзу туралы, сондай-ақ болып өткен сайлаудағы дауыстарды есептеу нәтижелерi туралы ақпаратты орналастырады;
16-2) Қазақстан Республикасының сайлаушы азаматтарының бiрыңғай электрондық Тiркеу тiзiлiмiн жүргiзедi;
16-3) электрондық сайлау жүйесiн пайдалана отырып сайлау өткiзу кезiнде тиiстi сайлау комиссияларының мүшелерiне оны қолдануды үйретедi;
16-4) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халыққа сайлауда электрондық сайлау жүйесiн пайдалануды үйретудi ұйымдастырады;
17) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
Ескерту. 12-бапқа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 1999.05.06 N 375, 2004.04.14 N 545, 2007.06.19 N 268, 2009.02.09 N 124-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Конституциялық заңдарымен.
13-бап. Аумақтық сайлау комиссиялары
1. Облыстық (республикалық маңызы бар қалалар және Республика астанасы), аудандық, қалалық, қаладағы аудандық сайлау комиссиялары аумақтық сайлау комиссиялары болып табылады.
2. Аумақты сайлау комиссиялары:
1) Президент, Парламент және мәслихаттар депутаттарының, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiнiң сайлауын ұйымдастыруды және өткiзудi қамтамасыз етедi;
2) жетi адамнан құрылады.
3. Алып тасталды — ҚР 2004.04.14 N 545 Конституциялық заңымен.
4. Президент, Парламент және мәслихаттар депутаттарының сайлауы жөнiндегi аумақтық сайлау комиссияларының құрамы сайлау тағайындалғаннан немесе хабарланғаннан кейiн — он күннен, ал өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiнiң сайлауы жөнiндегi аумақтық комиссиялардың құрамы жетi күннен кешiктiрiлмей бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Ескерту. 13-бап жаңа редакцияда — ҚР 1999.05.06 N 375 Конституциялық заңымен, өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 2004.04.14 N 545 Конституциялық заңымен.
14-бап. Аумақтық сайлау комиссиясының өкiлеттiктерi
Тиiстi аумақтық сайлау комиссиясы:
1) әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстер аумағында сайлау туралы заңдардың атқарылуына бақылауды жүзеге асырады;
2) Президенттi, Парламенттiң және мәслихаттардың депутаттарын, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлауды әзiрлеу мен өткiзудi қамтамасыз етедi;
2-1) партиялық тiзiмдерiн ұсынған Президенттiкке кандидаттардың, саяси партиялардың сенiм бiлдiрген адамдарын тiркейдi, оларға тиiстi куәлiктер бередi;
3) төменгi тұрған аумақтық, округтiк және учаскелiк сайлау комиссияларының қызметiне басшылық етедi; олардың шешiмдерiнiң күшiн жояды және тоқтата тұрады; республикалық бюджеттiң сайлау науқанын өткiзуге арнап бөлiнген қаражатын олардың арасында бөледi; округтiк және учаскелiк сайлау комиссияларының қызметiне қажеттi материалдық-техникалық жағдайлар жасалуын бақылайды; округтiк және учаскелiк сайлау комиссияларының шешiмдерi мен iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) түскен арыздар мен шағымдарды қарайды; тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс шегiнде құрылған барлық сайлау комиссияларының Орталық сайлау комиссиясының шешiмдерiн атқаруын ұйымдастырады; осы Конституциялық заңның бұзылуына жол берген сайлау комиссияларының қызметiн тоқтату туралы сайлау комиссиясын құратын органға немесе сотқа жүгiнедi;
4) сайлауды әзiрлеу мен өткiзуге байланысты мәселелер бойынша сайлау комиссияларының, мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың есебiн, сондай-ақ сайлау туралы заңдардың сақталуы мәселелерi бойынша қоғамдық бiрлестiктер органдарының хабарламасын тыңдауға хақылы;
5) Сенат депутаттары сайлауын өткiзудi қамтамасыз етедi: Сенат депутаттығына кандидаттарды, олардың сенiм бiлдiрген адамдарын тiркейдi, оларға тиiстi куәлiктер бередi; бұқаралық ақпарат құралдарында кандидаттарды тiркеу туралы хабарлар жариялайды; дауыс беруге арналған пункттер дайындайды, дауыс беруге арналған кабиналар мен жәшiктердiң жасалуын қамтамасыз етедi; Сенат депутаттары сайлауындағы дауыс берудiң нәтижелерiн шығарады және дауыс берудiң нәтижелерi шығарылған хаттамаларды Сенат депутаттарын тiркеуi үшiн Орталық сайлау комиссиясына бередi;
6) мәслихаттар депутаттарын сайлау жөнiнде сайлау округтерiн құрады және олардың тiзiмдерiн жариялайды, сайлау комиссияларының орналасқан жерi туралы сайлаушыларға хабарлайды;
6-1) дауыс беруге арналған учаскелердiң бiрыңғай нөмiрленуiн белгiлейдi;
7) мәслихаттардан басқа, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау жөнiндегi сайлау бюллетеньдерiнiң жасалуын қамтамасыз етедi;
8) округтiк сайлау комиссияларынан тиiстi мәслихаттың депутаттығына кандидаттарды тiркеу туралы хаттамаларды алады және округтiк сайлау комиссияларының тiркелген кандидаттардың тiзiмдерiн жариялауын қамтамасыз етедi;
9) мәслихаттар депутаттарын сайлаудың қорытындыларын шығарады, сайланған депутаттарды тiркейдi және бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабар жариялайды; Орталық сайлау комиссиясының ресми интернет-ресурсында жариялау үшiн тиiстi сайлау округтерi мен учаскелерi бойынша дауыстарды санау хаттамаларын Орталық сайлау комиссиясына бередi;
10) қайта дауыс беру, қайта сайлау мен Сенаттың және мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау ұйымдастырады;
11) мәслихаттардан басқа, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау, қайта сайлау және шығып қалған мүшелерiнiң орнына сайлау тағайындайды және ұйымдастырады; тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс аумағында орналасқан мәслихаттардан басқа, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау жөнiндегi округтiк сайлау комиссиясының функциясын орындайды; мәслихаттардан басқа, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелiгiне кандидаттарды, олардың сенiм бiлдiрген адамдарын тiркейдi, оларға тиiстi куәлiктер бередi; жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында кандидаттарды тiркеу туралы хабарлар жариялайды; мәслихаттардан басқа, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлаудың қорытындысын шығарады; жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында сайлаудың қорытындысы туралы хабар жариялайды;
12) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
Ескерту. 14-бапқа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 1999.05.06 N 375, 2004.04.14 N 545, 2007.06.19 N 268, 2009.02.09 N 124-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Конституциялық заңдарымен.
15-бап. Округтiк сайлау комиссиялары
1. Округтiк сайлау комиссиялары сайлау oкругтерiнде мәслихаттардың депутаттарын сайлауды ұйымдастыру мен өткiзудi қамтамасыз етедi.
2. Округтiк сайлау комиссиясы жетi адамнан құрылады.
3. Округтiк сайлау комиссияларының құрамы сайлау тағайындалғаннан немесе хабарланғаннан кейiн он күннен кешiктiрiлмей бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Ескерту. 15-бап жаңа редакцияда — ҚР 1999.05.06 N 375 Конституциялық заңымен, өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 2004.04.14 N 545, 2007.06.19 N 268 Конституциялық заңдарымен.
16-бап. Округтiк сайлау комиссиясының өкiлеттiктерi
Округтiк сайлау комиссиясы:
1) тиiстi сайлау округiнiң аумағында сайлау туралы заңдардың атқарылуын бақылауды жүзеге асырады;
2) мәслихаттар депутаттарын сайлаудың өткiзiлуiн ұйымдастырады;
3) учаскелiк сайлау комиссияларының қызметiн ұйымдастырып, үйлестiрiп отырады; олардың шешiмдерiнiң күшiн жояды және тоқтата тұрады; учаскелiк сайлау комиссияларының қызметiне қажеттi материалдық-техникалық жағдай жасалуын бақылайды; учаскелiк сайлау комиссияларының шешiмдерi мен iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне)
түскен арыздар мен шағымдарды қарайды; Осы Конституциялық заңның бұзылғаны анықталған кезде сайлау комиссиясының қызметiн тоқтату туралы өтiнiшпен сайлау комиссиясын құратын органға немесе сотқа жүгiнедi;
4) алып тасталды — ҚР 2004.04.14 N 545 Конституциялық заңымен;
5) мәслихаттардың депутаттығына ұсынылған кандидаттарды, олардың сенiм бiлдiрген адамдарын тiркейдi, оларға тиiстi куәлiктер бередi, жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында кандидаттарды тiркеу туралы хабар жариялайды;
6) сайлаушылар тiзiмдерiнiң уақытылы әрi дұрыс жасалып, барша жұрттың танысуына ұсынылуын бақылайды;
7) учаскелiк сайлау комиссияларын сайлау бюллетеньдерiмен қамтамасыз етедi;
8) сайлауды әзiрлеу мен өткiзуге байланысты мәселелер бойынша учаскелiк сайлау комиссияларының және округтiң аумағында орналасқан мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың есептерiн, сондай-ақ сайлау туралы заңдардың сақталуы мәселелерi бойынша қоғамдық бiрлестiктер органдарының хабарламасын тыңдауға хақылы;
9) учаскелiк сайлау комиссияларынан дауыс берудiң нәтижелерi туралы хаттамаларды алады, солардың негiзiнде округ бойынша сайлау нәтижелерiн анықтайды, бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабар жариялайды;
10) Алып тасталды — ҚР 2007.06.19 N 268 Конституциялық заңымен;
11) қайта сайлау және мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау өткiзедi;
12) Республика заңдарына сәйкес басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
Ескерту. 16-бапқа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 2004.04.14 N 545, 2007.06.19 N 268 Конституциялық заңдарымен.
17-бап. Учаскелiк сайлау комиссиялары
1. Учаскелiк сайлау комиссиялары тиiстi сайлау учаскелерiнде Президенттi, Парламент Мәжiлiсiнiң және мәслихаттардың депутаттарын, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлауды ұйымдастыру мен өткiзудi қамтамасыз етедi.
Учаскелiк сайлау комиссиялары жетi мүшеден тұратын құрамда құрылады.
2. Президент, Парламент және мәслихаттар депутаттарының сайлауы жөнiндегi учаскелiк сайлау комиссияларының құрамы сайлау тағайындалғаннан немесе хабарланғаннан кейiн — жетi күннен, ал өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау жөнiндегi аумақтық комиссиялардың құрамы үш күннен кешiктiрiлмей бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Ескерту. 17-бап жаңа редакцияда — ҚР 1999.05.06 N 375 Конституциялық заңымен, өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 2004.04.14 N 545 Конституциялық заңымен.
18-бап. Учаскелiк сайлау комиссияларының өкiлеттiктерi
Учаскелiк сайлау комиссиясы:
1) сайлау учаскесiнде Президенттi, Парламент Мәжiлiсiнiң, мәслихаттардың депутаттарын және өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау жөнiндегi сайлау шараларын жүргiзедi;
2) учаскелiк комиссияның орналасқан жерi туралы сайлаушыларды хабарландырады;
3) тиiстi сайлау учаскесiнде сайлаушылардың тiзiмiн нақтылайды;
4) азаматтарды сайлаушылардың тiзiмiмен таныстырады, тiзiмдердегi қателiктер мен жаңсақтықтар туралы арыздарды қарайды және оған тиiстi өзгерiстер енгiзу туралы мәселелердi шешедi;
5) сайлаушыларды дауыс беру күнi, уақыты және орны туралы хабарландырады;
6) дауыс беруге арналған үй-жай дайындайды, кабиналар мен жәшiктердiң жасалуын қамтамасыз етедi;
7) сайлау күнi сайлау учаскесiнде дауыс берiлуiн ұйымдастырады;
8) дауыс санауды жүргiзедi және учаскедегi дауыс беру нәтижелерiн анықтайды;
9) дауыс берудi әзiрлеу мен ұйымдастыру мәселелерi жөнiндегi арыздар мен шағымдарды қарайды және солар бойынша шешiмдер қабылдайды;
10) Республика заңдарына сәйкес басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
Ескерту. 18-бапқа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 2004.04.14 N 545 Конституциялық заңымен.
19-бап. Сайлау комиссиясы мүшесiнiң мәртебесi
1. Сайлау комиссияларының мүшелерi мемлекеттiк органдардың өкiлдерi болып табылады және мемлекеттiң қорғауында болады.
2. Сайлау комиссиялары мүшелерiнiң құқықтық жағдайы Қазақстан Республикасының Конституциясымен , осы Конституциялық заңымен және өзге де заң актiлерiмен айқындалады.
2-1. Мыналар:
сотталғандығы заңда белгiленген тәртiппен өтелмеген немесе алып тасталмаған адам; ( K970167 )
сот iс-әрекетке қабiлетсiз немесе iс-әрекет қабiлетi шектеулi деп таныған адам сайлау комиссиясының мүшесi бола алмайды.
3. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы, мүшелерi және оның аппаратының қызметкерлерi өз өкiлеттiктерiн кәсiби тұрақты негiзде жүзеге асырады.
Сайлау комиссиясының төрағасы сотта және басқа да мемлекеттiк органдарда комиссияның мүддесiн бiлдiредi, сондай-ақ ол сайлау комиссиясының мүдделерiн бiлдiру жөнiндегi өкiлеттiктi тиiстi сенiмхат беру арқылы басқа адамдарға беруге құқылы.
4. Сайлау комиссиясының осы баптың 3-тармағында аталмаған мүшелерi сайлау өткiзу кезеңiнде өздерiнiң келiсiмiнсiз жұмыс берушiнiң ұйғарымы бойынша жұмыстан шығарылмайды не басқа жұмысқа ауыстырылмайды.
5. Сайлау комиссиясының мүшесi:
1) тиiстi сайлау комиссиясының отырыстары туралы, жедел шешiм қабылдауды қажет ететiн жағдайларды қоспағанда, қырық сегiз сағат бұрын хабардар етiледi;
2) сайлау комиссиясының отырысында сөз сөйлеуге, тиiстi сайлау комиссиясының құзыретiне жататын мәселелер бойынша ұсыныстар енгiзуге және олар бойынша дауыс берiлуiн талап етуге құқылы;
3) күн тәртiбiне сәйкес отырыстың басқа қатысушыларына сұрақтар қоюға және оларға мәнi бойынша жауаптар алуға құқылы;
4) өзi құрамында тұрған сайлау комиссиясының құжаттарымен және материалдарымен танысуға, олардың куәландырылған көшiрмелерiн алуға;
5) өзi құрамында тұрған сайлау комиссиясы мүшелерiнiң төрттен үшiнiң даусымен расталған уәкiлеттiгi бойынша төменгi тұрған сайлау комиссиясының қызметiн тексерудi жүзеге асыруға құқылы;
6) Қазақстан Республикасы Конституциясының, осы Конституциялық заңының және өзге де заңдарының талаптарын, жалпыжұрт таныған әдеп нормаларын сақтауға мiндеттi;
7) өзiне жүктелген мiндеттердi, сайлау комиссиясының және оның төрағасының, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмдерi мен нұсқауларын орындауға мiндеттi;
8) азаматтардың сайлау құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуге, шешiмдер қабылдау кезiнде әдiл және тәуелсiз болуға, сондай-ақ кандидаттар мен партиялық тiзiм ұсынған саяси партиялардың қызметiне жария баға беруден аулақ болуға мiндеттi;
9) өзi өкiлi болып табылатын саяси партияның не өзге де қоғамдық бiрлестiктiң шешiмдерiмен байланысты болмайды және олардың мүдделерiн қорғауға құқығы жоқ.
6. Сайлау комиссиясының мүшесi сайлау комиссиясының белгiленген өкiлеттiк мерзiмi аяқталғанда, оның қызметi тоқтатылған кезде, сондай-ақ:
1) мiндеттерiн атқарудан босату туралы өз еркiмен өтiнiш берген;
2) Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылған;
3) тиiстi сайлау комиссиясы құрылған әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң шегiнен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кеткен;
4) соттың оған қатысты айыптау үкiмi заңды күшiне енген;
5) оны iс-әрекетке қабiлетсiз, iс-әрекетке қабiлетi шектеулi, хабар-ошарсыз кеткен деп тануы немесе оны қайтыс болған деп жариялағаны туралы сот шешiмi заңды күшiне енген;
6) қайтыс болған жағдайларда сайлау комиссиясын құрған органның шешiмi бойынша өз мiндеттерiн атқарудан босатылады.
Аумақтық, округтiк және учаскелiк сайлау комиссиясының мүшесi өзiн ұсынған саяси партия қызметiн тоқтатқан жағдайда өз мiндеттерiнен босатылады.
Саяси партияны тарату туралы шешiмнiң Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен қабылдануы ол ұсынған аумақтық, округтiк және учаскелiк сайлау комиссиялары мүшесiнiң мiндетiнен босатылуына негiз болады.
7. Комиссия мүшесi лауазымдық өкiлеттiгiн немесе осы Конституциялық заңның талаптарын бiрнеше мәрте бұзған жағдайда сайлау комиссиясын құратын орган оны лауазымын атқарудан босатады.
8. Жоғары тұрған сайлау комиссиясы сайлау комиссиясын құратын орган осы Конституциялық заңның 10-бабында белгiленген тәртiппен сайлау комиссиясының мүшесiн сайлағанға дейiн шығып қалған комиссия мүшесiнiң орнына сайлау комиссиясының мүшесiн тағайындайды.
9. Сайлау комиссиясы бiр ұйымның қызметкерлерiнен тұрмауға тиiс.
10. Сайлау комиссиясының мүшесi тиiстi комиссия орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағында тұруға тиiс.
Ескерту. 19-бап жаңа редакцияда — ҚР 2004.04.14 N 545 Конституциялық заңымен, өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 2005.04.15 N 44, 2007.06.19 N 268, 2009.02.09 N 124-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Конституциялық заңдарымен.
20-бап. Сайлау комиссияларының қызметiн ұйымдастыру
және олардың әрекеттерiне шағым жасау. Сайлау
комиссияларының қызметiндегi жариялылық
1. Сайлау комиссияларының қызметi алқалылық, жариялылық және ашықтық негiзiнде жүзеге асырылады.
2. Алғашқы отырыстарды:
1) Орталық сайлау комиссиясының отырысын комиссияның төрағасы комиссия сайланғаннан кейiн он төрт күннiң iшiнде шақырады;
2) төменгi тұрған сайлау комиссияларының отырыстарын тиiстi жоғары тұрған комиссиялардың төрағалары олар құрылғаннан кейiнгi жетi күн мерзiмнен кешiктiрмей шақырады.
3. Сайлау науқанын әзiрлеу мен өткiзу кезеңiнде комиссиялардың отырыстары кемiнде екi аптада бiр рет өткiзiледi. Өзге уақытта комиссиялар өздерiнiң отырыстарын қажетiне қарай комиссия төрағасының немесе мүшелерiнiң кемiнде үштен бiрiнiң бастамашылығымен өткiзедi.
4. Егер сайлау комиссияларының отырыстарына комиссия мүшелерi жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысса, олар заңды болады.
5. Комиссиялардың шешiмдерi, осы Конституциялық заңда белгiленгеннен өзге жағдайларды қоспағанда, олардың мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк даусымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Сайлау комиссиясының оның шешiмiмен келiспейтiн мүшелерi ерекше пiкiрiн айтуға құқылы, ол дереу жоғары тұрған сайлау комиссиясының назарына жеткiзiледi және комиссия отырысының хаттамасына жазбаша нысанда тiркеледi.
6. Сайлау комиссиялары жалпыға қолжетiмдi телекоммуникациялық желiлерде орналастырылатын, ал осы Конституциялық заңда көзделген жағдайларда өзгедей жолмен жариялауға жататын өз шешiмдерiмен барлық адамдардың еркiн танысуы үшiн жағдай жасайды.
Сайлау комиссияларының құрамында өкiлi жоқ саяси партиялар сайлау науқанын даярлау және өткiзу кезеңiне кеңесшi дауыс құқығын бере отырып өз өкiлiн тиiстi сайлау комиссиясына жiберуге құқылы.
Саяси партияның кеңесшi дауыс құқығы бар өкiлi сайлау комиссиясының отырысында сөз сөйлеуге, сайлау комиссиясының құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша ұсыныстар енгiзуге құқылы, сайлау комиссиясының әрекетiне (әрекетсiздiгiне) жоғары тұрған сайлау комиссиясына немесе сотқа шағым жасауға құқылы.
7. Сайлау комиссиясының отырыстарына кандидаттар, сенiм бiлдiрiлген адамдар, байқаушылар, қызметтiк куәлiгi мен редакцияның тапсырмасы болған кезде бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi қатыса алады.
Депутаттыққа кандидаттар, партиялық тiзiмдерiн ұсынған саяси партиялар өздерiне қатысты мәселелер қаралатын кезде тиiстi сайлау комиссияларының отырыстары мен күн тәртiбi туралы алдын ала хабардар етiледi.
Сайлау комиссиясының үй-жайында сайлау процесiне қатысы жоқ бөгде адамдардың болуына тыйым салынады.
8. Дауыс беру күнi дауыс беруге арналған сайлау учаскесi ашылған кезден бастап және сайлаушылардың дауыстарын санау кезiнде дауыс беру нәтижелерi анықталғанға дейiн сайлау учаскесiнде бiр мезгiлде әрбiр кандидаттан сенiм бiлдiрiлген бiр-бiр адамнан, қызметтiк куәлiгi мен редакцияның тапсырмасы болған кезде әрбiр бұқаралық ақпарат құралынан бiр-бiр өкiлден және Қазақстан Республикасының әрбiр саяси партиясынан, өзге де қоғамдық бiрлестiгiнен, басқа да коммерциялық емес ұйымдарынан бiр-бiр байқаушыдан және шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушылары қатысуға құқылы.
9. Егер осы Конституциялық заңда шағым жасаудың өзге мерзiмдерi белгiленбесе, сайлау комиссиясының шешiмдерiне және iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шешiм қабылданған немесе iс-әрекет (әрекетсiздiк) жасалған күннен бастап он күннiң iшiнде жоғары тұрған сайлау комиссиясына және (немесе) сотқа шағым жасалуы мүмкiн. Көрсетiлген мерзiмдер өткеннен соң сайлау комиссиясының шешiмiне және iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) берiлген өтiнiш қарауға жатпайды. K990411
Өтiнiштер сайлау комиссиясы мен сотта бiр мезгiлде қаралған кезде сайлау комиссиясы сот шешiмi күшiне енгенге дейiн өтiнiштi қарауды тоқтата тұрады. Сот түскен өтiнiш туралы және оны қарау нәтижелерi бойынша сот шешiмiнiң заңды күшiне енгенi жөнiнде сайлау комиссиясын хабардар етедi.
10. Мемлекеттiк органдар, ұйымдар, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары, сондай-ақ олардың лауазымды адамдары сайлау комиссияларына өздерiнiң өкiлеттiктерiн жүзеге асыруға көмек көрсетуге, оларға қажеттi мәлiметтер мен материалдар беруге, сайлау
комиссияларының өтiнiштерiне — үш күн мерзiм iшiнде, ал сайлау күнi және оның қарсаңындағы күнi дереу жауап қайтаруға мiндеттi.
11. Аумақтық, округтiк, учаскелiк сайлау комиссияларының мүшелерi сайлауды әзiрлеу мен өткiзу кезеңiне өздерiнiң қалауымен комиссияның шешiмi бойынша сайлауды өткiзуге бөлiнген қаражаттың есебiнен ақы төлене отырып, өндiрiстiк немесе қызметтiк
мiндеттерiн орындаудан босатылуы мүмкiн.
Сайлау комиссияларының мемлекеттiк қызметшiлер болып табылатын мүшелерiнiң сайлауды әзiрлеу мен өткiзу кезеңiнде өздерiнiң негiзгi жұмыс орны бойынша орташа айлық жалақысы сақталады. Сайлау комиссияларының өзге мүшелерiне осы кезеңде сайлау өткiзуге бөлiнген қаражат есебiнен кемiнде ең төменгi үш жалақы мөлшерiнде жалақы белгiленедi.
Сайлау комиссиялары мүшелерiнiң, оның iшiнде мемлекеттiк қызметшiлер болып табылатын мүшелерiнiң үстеме жұмысына, мереке және демалыс күндерiндегi жұмысына, түнгi уақыттағы еңбегiне ақы төлеу сайлау өткiзуге бөлiнген қаражаттың есебiнен жүзеге асырылады.
12. Мыналар:
1) Парламент, мәслихаттар депутаттары, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерi;
2) Президенттiкке, Парламенттiң, мәслихаттардың депутаттығына кандидаттар, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерi, сондай-ақ кандидаттардың сенiм бiлдiрген адамдары;
3) мемлекеттiк саяси қызметшi лауазымындағы адамдар;
4) Қазақстан Республикасы соттарының судьялары сайлау комиссияларының мүшелерi бола алмайды.
Кандидаттардың жұбайы (зайыбы) мен жақын туыстары, сондай-ақ кандидаттарға тiкелей бағынышты адамдар осы кандидат қатысатын сайлау округiнде сайлауды тiкелей ұйымдастыру мен өткiзудi қамтамасыз ететiн сайлау комиссияларының құрамында бола алмайды.
Осы тармақтың екiншi тармақшасында аталған адамдар тиiстi кандидат тiркелген күннен бастап сайлау комиссиясының мүшесi мiндетiнен босатылады.
Ескерту. 20-бап жаңа редакцияда — ҚР 2007.06.19 N 268 Конституциялық заңымен, өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 2009.02.09 N 124-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Конституциялық заңымен.
20-1-бап. Қазақстан Республикасы саяси партияларының,
өзге де қоғамдық бiрлестiктерiнiң,
коммерциялық емес ұйымдарының байқаушылары
1. Қазақстан Республикасының саяси партиялары, өзге де қоғамдық бiрлестiктерi, коммерциялық емес ұйымдары байқаушысының өкiлеттiктерi оның тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiлiп, жазбаша нысанда куәландырылуға тиiс. Бұл құжат байқаушыны жiберген ұйымның мөрiмен расталады және ол байқаушының жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде жарамды болады. Құжаттар сайлау комиссиясының төрағасына не оны алмастыратын адамға байқаушы туралы деректердi есепке алу журналына енгiзу арқылы оны тiркеу үшiн көрсетiледi.
2. Қазақстан Республикасы саяси партияларының, өзге де қоғамдық бiрлестiктерiнiң, коммерциялық емес ұйымдарының байқаушылары:
1) сайлау комиссиясының отырысына қатысуға;
2) дауыс беруге, соның iшiнде үй-жайдан тыс жерде дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың саны туралы ақпарат алуға;
3) дауыс берудi өткiзу және дауыстарды санау кезiнде тиiстi сайлау учаскесiнiң дауыс беруге арналған үй-жайында болуға;
4) тасымалданатын сайлау жәшiгiн бақылап жүруге, соның iшiнде оларды тасымалдау кезiнде көлiк құралында болуға;
5) сайлау учаскесiнде, дауыс беруге арналған пунктте дауыс беру барысын, дауыстарды санау және дауыс беру нәтижелерiн ресiмдеу рәсiмiн барлық аталған рәсiмдердi анық көру мүмкiндiгiн қамтамасыз ететiн жағдайларда байқауға;
6) тиiстi сайлау комиссиясының және (немесе) оның мүшелерiнiң шешiмдерiне, iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) жоғары тұрған сайлау комиссиясына немесе сотқа шағымдануға;
7) сайлаушылардың дауыс беруге арналған үй-жайға келу мүмкiндiгi болмаған жағдайда олардың дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс беруiн өткiзу кезiнде қатысуға;
8) учаскелiк сайлау комиссиясы мүшелерiнiң пайдаланылмаған сайлау бюллетеньдерiн санауы және жоюы кезiнде қатысуға;
9) дауыс беру барысына және оның қорытындыларын шығаруға кедергi жасамай, фотожазба, дыбысжазба және бейнежазба жасауға;
10) дауыс беру нәтижелерi туралы хаттамаларды жоғары тұрған сайлау комиссияларына беру рәсiмiн байқауға;
11) дауыс беру өткiзiлгеннен кейiн дауыс беру қорытындылары туралы сайлау комиссиясының хаттамаларымен танысуға, олардың куәландырылған көшiрмелерiн алуға;
12) сайлау комиссиясы мүшелерiнiң назарын осы Конституциялық заң талаптарының бұзылуына аударуға, оларға бұзушылықтар туралы тиiстi жазбаша мәлiмдемелердi, актiлердi табыс етуге және табыс еткенi туралы белгi соқтыруға құқылы. Сайлау комиссиясының төрағасы, оны алмастыратын адам сенiм бiлдiрiлген адамдардың, байқаушылардың өтiнiштерi бойынша дауыстарды санау хаттамасына олардың жасаған актiлерiн қоса беруге мiндеттi.
3. Қазақстан Республикасы саяси партияларының, өзге де қоғамдық бiрлестiктерiнiң, коммерциялық емес ұйымдарының байқаушылары:
1) олардың жеке басы мен өкiлеттiгiн куәландыратын құжаттарын өздерiмен алып жүруге;
2) сайлау процесiне, сайлау комиссиясының дауыстарды санау және шешiмдердi қабылдау рәсiмiне араласпауға;
3) сайлау комиссиясының жұмысына кедергi келтiретiн iс-әрекеттер жасамауға;
4) сайлау учаскесiнде сайлау комиссиясы төрағасының тиiстi сайлау комиссиясы белгiлеген тәртiп ережелерiн сақтау жөнiндегi талаптарын орындауға;
5) өз ескертулерiн құжатталған, шынайы және тексеруге болатын фактiлермен негiздеуге;
6) Қазақстан Республикасының осы Конституциялық заңының және өзге де заңнамасының талаптарын сақтауға;
7) алаламауға, нақты кандидатқа, саяси партияға артықшылық бермеуге мiндеттi.
4. Қазақстан Республикасы саяси партияларының, өзге де қоғамдық бiрлестiктерiнiң, коммерциялық емес ұйымдарының байқаушылары Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған жағдайда, тиiстi сайлау комиссиясы байқаушыны тiркеудiң күшiн жоюға құқылы.
Ескерту. 20-1-бап жаңа редакцияда — ҚР 2007.06.19 N 268 Конституциялық заңымен.
20-2-бап. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың
байқаушылары, шетелдiк бұқаралық ақпарат
құралдарының өкiлдерi
1. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдарға Қазақстан Республикасындағы сайлауды байқауға қатысуға шақыруды Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы, Сыртқы iстер министрi жiбере алады.
Шақыру Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi арқылы жiберiледi.
Шақыруда миссия саны мен құрамына, сондай-ақ миссияда гендерлiк балансты, елдiк өкiлдiктi қамтамасыз етуге қатысты тiлектер қамтылуы мүмкiн.
2. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушылары Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң ұсынуы бойынша Орталық сайлау комиссиясының жанында аккредиттеледi.
Аккредиттеу үшiн шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiне өз байқаушыларының, өкiлдерiнiң тiзiмiн ұсынады.
Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушылары болып табылмайтын жеке тұлғалар аккредиттеуге жатпайды.
Қазақстан Республикасында саяси, экономикалық немесе басқа мүдделерi бар не Қазақстан Республикасының, шет мемлекеттiң заңнамасын немесе халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған нормаларын бұзғаны үшiн олардың аккредиттелуi керi қайтарып алынған (күшi жойылған) не аккредиттеуге өтiнiм бергенге дейiнгi бес жыл iшiнде қылмыстық iс, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық немесе сайлау кезеңiнде заңсыз қызмет жасауда кiнәлi деп танылған адамдар аккредиттелмейдi.
3. Шет мемлекеттердiң, халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеу мерзiмiн Орталық сайлау комиссиясы белгiлейдi.
4. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың аккредиттелген байқаушыларына олардың сайлау науқанын өткiзу кезеңiндегi қызметi үшiн негiз болып табылатын, Орталық сайлау комиссиясы белгiлеген үлгiдегi куәлiк берiледi. Аккредиттеудi жүргiзу дауыс беру күнiнен бес күн бұрын аяқталады.
5. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар байқаушыларының, шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдары өкiлдерiнiң өз мәртебесiн Қазақстан Республикасындағы сайлауды байқауға қатысы жоқ қызметтi жүзеге асыру үшiн пайдалануға құқығы жоқ.
6. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар байқаушыларының, шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдары өкiлдерiнiң:
1) сайлау процесiнiң барлық кезеңдерiне қатысуға;
2) сайлау комиссияларында сайлау науқанының барысы туралы ақпарат алуға;
3) дауыс берудi өткiзу және дауыстарды санау кезiнде сайлау учаскелерiне кiруге;
4) сайлау процесiне қатысушылармен кездесуге;
5) өздерiнiң байқағандары, анықталған заң бұзушылықтар туралы сайлау комиссияларының мүшелерiн хабардар етуге, ұсынымдар енгiзуге;
6) жария мәлiмдемелер жасауға;
7) дауыс беру нәтижелерi туралы хаттамаларды жоғары тұрған сайлау комиссияларына беру рәсiмiн байқауға құқығы бар.
7. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушылары, шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi:
1) жеке басын және аккредиттелгенiн куәландыратын құжаттарын өздерiмен бiрге алып жүруге;
2) сайлау процесiне, сайлау комиссиясының дауыстарды санау және шешiмдер қабылдау рәсiмiне араласпауға;
3) сайлау комиссиясының жұмысына кедергi келтiретiн iс-әрекеттер жасамауға;
4) сайлау учаскесiнде сайлау комиссиясы төрағасының тиiстi сайлау комиссиясы белгiлеген тәртiп ережелерiн сақтау жөнiндегi талаптарын орындауға;
5) алаламауға, нақты кандидатқа, саяси партияға артықшылық бермеуге;
6) Қазақстан Республикасының осы Конституциялық заңының және өзге де заңнамасының талаптарын сақтауға мiндеттi.
8. Осы Конституциялық заңда көзделген жағдайларда Орталық сайлау комиссиясы шет мемлекет, халықаралық ұйым байқаушысының аккредиттелуiн керi қайтарып алуға құқылы.
9. Байқаушылар Қазақстан Республикасының заңнамасын немесе халықаралық құқықтың жалпыжұрт таныған нормаларын бұзған жағдайда, тиiстi сайлау комиссиясы Орталық сайлау комиссиясына шет мемлекет, халықаралық ұйым байқаушысының аккредиттелуiн керi қайтарып алу туралы ұсыныс енгiзуге құқылы.
Ескерту. 20-2-баппен толықтырылды — ҚР 2007.06.19 N 268 Конституциялық заңымен, өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 2009.02.09. N 124-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Конституциялық заңымен.
3-тарау. Сайлау округтерi мен учаскелерi
21-бап. Сайлау округтерi мен олардың жүйесi
1. Қазақстан Республикасында мәслихаттардың депутаттарын, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiн сайлау кезiнде аумақтық сайлау округтерiнiң жүйесi құрылып, пайдаланылады.
2. Сайлау округтерi Республиканың әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiсi және сайлаушылардың мөлшермен бiрдей саны болуы ескерiлiп құрылады. Бұл ретте облыс шегiндегi, республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасындағы, аудандық, қалалық сайлау округтерiндегi сайлаушылар санының айырмасы осы әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктегi әрбiр депутаттық мандатқа сайлаушылардың орташа санының он бес процентiнен аспауға тиiс.
3. Республика Президентi және бара-бар өкiлдiк жүйесi бойынша партиялық тiзiмдер негiзiнде сайланатын Мәжiлiс депутаттарының сайлауы кезiнде Қазақстан Республикасының бүкiл аумағы бiртұтас жалпыұлттық сайлау округi болып табылады.
4. Мәслихаттардың депутаттарын сайлау кезiнде осы баптың 2-тармағында белгiленген шарттар сақталып, бiр мандаттық аумақтық сайлау округтерi құрылады.
5. Өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiн сайлау кезiнде қалалық және селолық қауымдастықтардың аумақтарын қамтитын көп мандатты аумақтық сайлау округтерi құрылады.
Ескерту. 21-бапқа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 1999.05.06 N 375, 2004.04.14 N 545, 2007.06.19 N 268 Конституциялық заңдарымен.
22-бап. Сайлау округтерiн құру және олардың
шекараларын қайта қарау
1. Сайлау округтерiн аумақтық сайлау комиссиялары құрады.
2. Сайлау округтерiнiң тiзiмiн, олардың шекараларын және округтiк сайлау комиссияларының орналасқан жерлерiн көрсетiп, сайлау тағайындалғаннан немесе жарияланғаннан кейiн он күннен кешiктiрмей тиiстi сайлау комиссиялары тиiстi бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.
3. Сайлау округтерiнiң тiзiмiне өзгерiстер енгiзудi, олардың шекаралары мен сайлау комиссияларының орналасқан жерлерiн анықтауды тиiстi сайлау комиссиясы жүзеге асырады.
Ескерту. 22-бапқа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 2007.06.19 N 268 Конституциялық заңымен.
23-бап. Сайлау учаскелерiн құру
1. Аудандар мен қалаларда дауыс берудi өткiзу және дауыс санау үшiн тиiстi әкiмдердiң сайлау комиссияларымен келiсiлген шешiмдерiмен сайлау учаскелерi құрылады. Сайлау учаскелерi сайлаушыларға барынша қолайлылық туғызу мақсатында, жергiлiктi және өзге жағдаяттар ескерiле отырып, құрылады.
2. Сайлау учаскелерi мынадай жағдаяттар:
1) әрбiр сайлау учаскесiнде үш мыңнан аспайтын сайлаушы болуы;
2) әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстегi әкiмшiлiк-аумақтық құрылым шекарасының сақталуы ескерiле отырып құрылады.
3) алып тасталды — ҚР 2004.04.14 N 545 Конституциялық заңымен.
3. Қазақстан Республикасына қарайтын әскери бөлiмдерде және сайлау күнi жүзуде жүрген кемелерде, демалыс үйлерiнде, санаторийлерде, тұрақты емдеу-профилактикалық мекемелерiнде, шалғайдағы және қатынасу қиын аудандарда орналасқан азаматтар тұратын мекендерде, алыс мал шаруашылығы учаскелерiнде, тергеу изоляторлары мен уақытша ұстау изоляторларында олардың орналасқан жерi, кеменiң тiркелген порты немесе тұрған жерi бойынша тиiстi сайлау округтерiне кiретiн сайлау учаскелерi құрылады. Шет мемлекеттердегi Қазақстан Республикасы өкiлдiктерiнiң жанынан Республика Сыртқы iстер министрлiгi орналасқан аумақтағы сайлау округiне қарайтын сайлау учаскелерi құрылады.
4. Сайлау учаскелерiн құру кеме капитандарының, бөлiмдер немесе әскери құрамалар командирлерiнiң, осы баптың 3-тармағында аталған мекемелер басшыларының тиiстi әкiмдер мен Республиканың Сыртқы iстер министрлiгiнiң ұсыныстарына сәйкес жүзеге асырылады.
5. Тиiстi әкiмдер сайлау тағайындалғаннан немесе жарияланғаннан кейiн жетi күн мерзiм iшiнде, ал өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiнiң сайлауын өткiзген кезде үш күн мерзiмде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сайлаушыларды әрбiр сайлау учаскесiнiң шекарасы жөнiнде хабардар етедi.
Ескерту. 23-бапқа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 1999.05.06 N 375, 2004.04.14 N 545, 2005.04.15 N 44, 2009.02.09 N 124-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Конституциялық заңдарымен.
4-тарау. Сайлаушылар (таңдаушылар) тiзiмi
24-бап. Сайлаушылар (таңдаушылар) тiзiмдерi
және оларды жасау тәртiбi
1. Президенттi, Парламент Мәжiлiсi мен мәслихаттардың депутаттарын, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлаған кезде сайлаушылар тiзiмi жасалады. Сенат депутаттарын сайлау кезiнде таңдаушылардың тiзiмдерi жасалады.
2. Алып тасталды — ҚР 2004.04.14 N 545 Конституциялық заңымен.
3. Нақтылы сайлау учаскесiнде азаматты сайлаушылар тiзiмiне енгiзу үшiн оның осы сайлау учаскесiнiң аумағында тұрғылықты жерi бойынша тiркелу фактiсi негiз болады.
4. Сайлаушылар тiзiмi әлiпби тәртiбiмен немесе өзге тәртiппен жасалады. Тiзiмде сайлаушының тегi, аты, әкесiнiң аты, туған жылы (18 жастағылар үшiн — қосымша күнi мен айы) және тұрғылықты мекен-жайы көрсетiледi. Таңдаушылар тiзiмi әлiпби тәртiбiмен немесе өзге тәртiппен жасалады және тегiн, атын, әкесiнiң атын, туған жылын, таңдаушы депутаты болып табылатын мәслихаттың атауы әрi оның тұрғылықты мекен-жайын қамтиды.
5. Сайлаушылардың тұрғылықты жерi бойынша тiзiмiн тиiстi жергiлiктi атқарушы орган халықты есепке алуды жүзеге асыратын органдар ұсынған мәлiметтердiң негiзiнде жасайды.
Әрбiр сайлаушы сайлау жарияланған немесе тағайындалған кезден бастап тиiстi жергiлiктi атқарушы органда сайлаушы ретiнде тiркелуге құқылы.
Егер сайлаушыға сайлаудан кемiнде отыз күн бұрын сайлау күнi өзiнiң тiркелген орны бойынша дауыс беруге арналған үй-жайға келу мүмкiндiгi болмайтыны белгiлi болса, оның өзiнiң болатын жерi бойынша жергiлiктi атқарушы органға өзiн тиiстi сайлаушылар тiзiмiне енгiзу жөнiнде жазбаша өтiнiш беруге құқығы бар.
Осы тармаққа сәйкес азамат өтiнiш жасаған кезде жергiлiктi атқарушы орган азаматты тiркелу орны бойынша сайлаушылар тiзiмiнен шығаруды және оны сол азамат дауыс беретiн учаскенiң сайлаушылар тiзiмiне енгiзудi ұйымдастырады.
Әрбiр сайлау учаскесi бойынша сайлаушылардың тiзiмiне тиiстi әкiм қол қояды және ол дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын тиiстi сайлау комиссиясына акт бойынша тапсырылады.
Басқа құзыреттi органдар мен ұйымдардың деректерiмен алдын ала салыстырылған сайлаушылар туралы мәлiметтердi жергiлiктi атқарушы орган әр жылдың 1 шiлдесiне және 1 қаңтарына электрондық жеткiзушi арқылы және қағазға түсiрiлген күйiнде тиiстi аумақтық сайлау комиссияларына тапсырады.
Жергiлiктi атқарушы органдардың лауазымды адамдары тиiстi сайлау комиссиясына тапсырылған сайлаушылар тiзiмдерiнiң, сондай-ақ сайлаушылар туралы деректердiң дұрыстығы үшiн жауапты болады.
6. Жатақханаларда тұратын күндiзгi бөлiмдерде оқитын студенттер мен аспиранттар сайлаушылар тiзiмiне жатақхананың орналасқан жерi бойынша енгiзiледi.
7. Әскер бөлiмдерiндегi сайлаушы әскери қызметшiлердiң, сондай-ақ әскер бөлiмдерi орналасқан жерлерде тұратын олардың отбасы мүшелерi мен басқа сайлаушылардың тiзiмi әскер бөлiмдерiнiң командирлерi берген мәлiметтер негiзiнде жасалады.
8. Демалыс үйлерiнде, санаторийлерде, тұрақты емдеу-профилактикалық мекемелерiнде, шалғайдағы және қатынасу қиын аудандарда орналасқан азаматтар тұратын мекендерде, алыс мал шаруашылығы учаскелерiнде, тергеу изоляторлары мен уақытша ұстау изоляторларында, сондай-ақ шет мемлекеттердегi Қазақстан Республикасының өкiлдiктерi жанынан, Қазақстан Республикасына қарайтын және дауыс беретiн күнi жүзуде жүрген кемелерде құрылған сайлау учаскелерi бойынша сайлаушылардың тiзiмдерi аталған мекемелердiң басшылары, тиiстi әкiмдер, өкiлдiктер басшылары мен кеме капитандары берген деректер негiзiнде жасалады.
Уақытша болу орындарында (демалыс үйлерiнде, санаторийлерде, тұрақты емдеу-профилактикалық мекемелерiнде, алыс мал шаруашылығы учаскелерiнде, тергеу изоляторлары мен уақытша ұстау изоляторларында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегi өкiлдiктерi жанынан, Қазақстан Республикасының
иелiгiндегi және сайлау күнi жүзуде жүрген кемелерде) құрылған сайлау учаскелерi бойынша сайлаушылар тiзiмдерi дауыс берiлетiн күннiң алдындағы күндегi жағдай бойынша мiндеттi түрде нақтылануға тиiс.
9. Парламент Сенаты депутаттарын сайлау бойынша таңдаушылар тiзiмдерiн тиiстi аумақтық сайлау комиссиялары тиiстi облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасы) мәслихаты хатшысының ұсынуы бойынша жасайды.
10. Дауыстарды санау басталғаннан кейiн сайлаушылар (таңдаушылар) тiзiмдерiне өзгерiстер енгiзуге тыйым салынады.
Ескерту. 24-бапқа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 2004.04.14 N 545, 2005.04.15 N 44 Конституциялық заңдарымен.
25-бап. Сайлаушылардың (таңдаушылардың) тiзiмiне
енгiзу
1. Сайлаушылар тiзiмдерiне:
1) Республиканың белсендi сайлау құқығы бар азаматтары;
2) тиiстi сайлау учаскелерi аумағында тұрғылықты жерi бойынша тiркелген азаматтар;
3) демалыс үйлерiнде, санаторийлерде, тұрақты емдеу-профилактикалық мекемелерiнде, шалғайдағы және қатынасу қиын аудандарда орналасқан азаматтар тұратын мекендерде, алыс мал шаруашылығы учаскелерiнде, тергеу изоляторлары мен уақытша ұстау изоляторларында, Қазақстан Республикасына қарайтын және дауыс беретiн күнi жүзуде жүрген кемелерде құрылған сайлау учаскелерi бойынша дауыс берудi өткiзетiн күнi аталған мекемелер мен ұйымдарда немесе кеме бортында болған азаматтардың бәрi;
4) әскер бөлiмдерi бойынша әскер бөлiмдерiнде тұрған әскери қызметшiлердiң барлығы, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерi және әскер бөлiмдерi орналасқан жерлерде тұратын басқа да сайлаушылар енгiзiледi. Әскер бөлiмдерiнен тыс жерлерде тұратын әскери қызметшiлер сайлаушылар тiзiмiне тұрғылықты жерi бойынша жалпы негiзде енгiзiледi;
5) шет мемлекеттердегi Қазақстан Республикасының өкiлдiктерi жанындағы сайлау учаскелерi бойынша тиiстi шет мемлекетте тұратын немесе ұзақ мерзiмдi шетелдiк iссапарда жүрген әрi Республиканың жарамды паспорты бар барлық азаматтар енгiзiледi. Шет мемлекетке жеке шақыру бойынша, қызметтiк, iскерлiк және туристiк сапарға келген Республика азаматтары учаскелiк сайлау комиссиясына өтiнiш жасаған жағдайда және олардың Қазақстан Республикасы азаматы деген жарамды паспорты болса, сайлаушылар тiзiмiне енгiзiледi.
2. Таңдаушылар тiзiмiне:
1) облыс аумағында орналасқан мәслихаттардың
2) тиiсiнше республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасы мәслихатының барлық депутаттары енгiзiледi.
3. Азамат (таңдаушы) сайлаушылардың (таңдаушылардың) бiр ғана тiзiмiне ене алады.
Ескерту. 25-бапқа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 2004.04.14 N 545, 2005.04.15 N 44 Конституциялық заңдарымен.
26-бап. Сайлаушылардың (таңдаушылардың) тiзiмiмен
таныстыру
1. Азаматтардың тұрғылықты жерi бойынша құрылған сайлау учаскелерiндегi сайлаушылар тiзiмдерiн дауыс беретiн күнге он бес күн қалғанда тиiстi сайлау комиссиялары танысу үшiн сайлаушыларға бередi.
Әскери бөлiмдерде, Қазақстан Республикасына тиесiлi және сайлау күнi жүзуде жүрген кемелерде, демалыс үйлерiнде, санаторийлерде, тұрақты емдеу-профилактикалық мекемелерде, шалғайдағы және қатынасу қиын аудандарда орналасқан азаматтар тұратын жерлерде, алыс мал шаруашылығы учаскелерiнде, тергеу изоляторлары мен уақытша ұстау изоляторларында, Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегi шетелдiк мекемелерiнiң жанынан құрылған сайлау учаскелерi бойынша сайлаушылар тiзiмдерi сайлаушыларға танысу үшiн дауыс беруге бес күн қалғанда; өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау өткiзiлетiн кезде құрылған сайлау учаскелерi бойынша — дауыс беруге жетi күн қалғанда берiледi.
2. Сенат депутаттарын сайлау бойынша таңдаушылар тiзiмдерi танысу үшiн жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау жолымен сайлауға дейiн кемiнде жетi күн бұрын ұсынылады.
3. Азаматтарға (таңдаушыларға) тиiстi сайлау комиссияларының үй-жайларында сайлаушылар (таңдаушылар) тiзiмiмен танысу, сондай-ақ оларға енгiзiлген сайлаушылар (таңдаушылар) жөнiндегi деректердiң дұрыстығын тексеру мүмкiндiгi берiледi.
Учаскелiк сайлау комиссияларының жұмыс кестесiн, дауыс беру күнiн қоспағанда, тиiстi аумақтық сайлау комиссиялары айқындайды.
4. Әрбiр азамат (таңдаушы) сайлаушылар тiзiмдерiндегi өзi туралы деректердi тексеруге және тiзiмге енгiзiлмегенi, дұрыс енгiзiлмегенi немесе тiзiмнен шығарып тасталғаны, сондай-ақ тiзiмдердегi сайлаушы (таңдаушы) туралы деректерде жаңсақтық жiберiлгенi үшiн шағымдануға құқылы. Сайлаушылар тiзiмiне енгiзу, одан шығару не тiзiмдерге түзетулер жасау қажеттiгi туралы арыздарды тиiстi сайлау комиссиясы сайлау комиссиясына арыз келiп түскен күнi қарайды. Арыз мақұлданбаған жағдайда сайлау комиссиясы арызданушыға оның арызының мақұлданбағаны туралы дәлелдi шешiмнiң көшiрмесiн кешiктiрмей бередi. Шешiмге сайлау комиссиясы тұрған жер бойынша тиiстi сотқа шағым жасауға болады, ол шағымды — арыз келiп түскен күнi қарап, түпкiлiктi шешiм қабылдайды. Арызданушы үшiн дұрыс шешiм қабылданған жағдайда сайлау комиссиясы сайлаушылар (таңдаушылар) тiзiмiне түзетудi немесе енгiзiлмеген сайлаушыны тiзiмге енгiзудi дереу жүргiзедi.
Ескерту. 26-бапқа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 2004.04.14 N 545, 2009.02.09 N 124-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Конституциялық заңдарымен.
5-тарау. Сайлау алдындағы үгiт
27-бап. Сайлау алдындағы үгiт
1. Сайлау алдындағы үгiт — сайлаушылардың белгiлi бiр кандидатты, саяси партияны жақтап немесе қарсы дауыс беруге қатысуына түрткi болу мақсатындағы қызмет.
Шетелдiктердiң, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдiк заңды тұлғалардың және халықаралық ұйымдардың кандидаттарды, партиялық тiзiмдерiн ұсынған саяси партияларды ұсынуға және сайлауға, сайлауда белгiлi бiр нәтижеге қол жеткiзуге кедергi болатын және (немесе) демеп жiберетiн қызметтi жүзеге асыруына тыйым салынады.
2. Сайлау алдындағы үгiт кандидаттар тiркелген мерзiмi аяқталған кезден басталып, сайлау болатын күннiң алдындағы күнгi жергiлiктi уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады. Қайтадан дауыс берудi өткiзген кезде сайлау алдындағы үгiт қайтадан дауыс беру күнi тағайындалған күннен басталып, сайлау болатын күннiң алдындағы күнгi жергiлiктi уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.
3. Сайлау алдындағы үгiт:
1) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы;
2) сайлау алдындағы жария iс-шараларды (сайлау алдындағы жиналыстарды және сайлаушылармен (таңдаушылармен) кездесулердi, сайлау алдындағы жария пiкiр таластар мен пiкiр алысуларды, митингiлердi, шерулердi, демонстрацияларды және заңнамада белгiленген тәртiппен және осы Конституциялық заңда тыйым салынбаған өзге де сайлау алдындағы iс-шараларды), сондай-ақ кандидаттардың және олардың сенiм бiлдiрген адамдарының сайлаушылармен (таңдаушылармен) жеке кездесулерiн өткiзу жолымен;
3) баспа, дыбыс-бейне және өзге де үгiт материалдарын шығару және (немесе) тарату жолымен жүзеге асырылады.
4. Мыналарға:
1) мемлекеттiк органдарға, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына, сондай-ақ қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде олардың лауазымды адамдарына;
2) Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшiлерiне, ұлттық қауiпсiздiк органдарының, құқық қорғау органдарының қызметкерлерi мен судьяларға;
3) сайлау комиссияларының мүшелерiне;
4) дiни бiрлестiктерге сайлау алдындағы үгiттi жүргiзуге, кез келген сайлау алдындағы үгiт материалдарын таратуға тыйым салынады.
5. Мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдары болып табылатын кандидаттарға өзiнiң лауазымдық немесе қызмет жағдайының артықшылықтарын пайдалануға тыйым салынады.
Осы Конституциялық заңда мыналар:
1) бағынышты немесе басқа да қызмет жағынан тәуелдi адамдарды, аталған адамдар кандидаттың сенiм бiлдiрген адамдары ретiнде үгiттi жүзеге асыратын жағдайларды қоспағанда, сайлау алдындағы үгiт жүргiзуге тарту;
2) кандидаттың, партиялық тiзiм ұсынған саяси партияның сайлануына септiгiн тигiзетiн қызметтi жүзеге асыру үшiн мемлекеттiк органдар орналасқан үй-жайларды пайдалану, егер өзге кандидаттарға, саяси партияларға аталған үй-жайларды осындай шарттармен пайдалануға кепiлдiк берiлмесе, лауазымдық немесе қызмет жағдайының артықшылықтарын пайдалану деп ұғынылады.
Осы тармақта белгiленген шектеулердi сақтау лауазымды адамдарға өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындауға кедергi келтiрмеуге тиiс.
6. Кандидаттар не олардың сенiм бiлдiрген адамдары болып тiркелген журналистердiң, бұқаралық ақпарат құралдары редакциялары лауазымды адамдарының сайлауды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы көрсетуге қатысуына құқығы жоқ.
7. Бұқаралық ақпарат құралдары кандидаттардың, саяси партиялардың сайлау науқанын объективтi көрсетудi жүзеге асыруға; кандидаттың немесе саяси партияның ар-намысына, қадiр-қасиетiне және iскерлiк беделiне көрiнеу нұқсан келтiретiн үгiт материалдары мен өзге де ақпаратты жариялаудан аулақ болуға; өтiнiш келiп түскеннен кейiн баспа басылымының таяудағы нөмiрiнде сол бетте, сондай көлемде және сол қарiппен немесе теледидар не радио хабарларында жиырма төрт сағат iшiнде сондай уақытта аталған адамдарға ар-намысын, қадiр-қасиетiн және iскерлiк беделiн қорғауы үшiн терiске шығаруды тегiн жариялауына мүмкiндiк беруге мiндеттi.
Бұқаралық ақпарат құралдары барлық кандидаттарды және партиялық тiзiмдердi ұсыну, оларды сайлау комиссияларының тiркеуi жөнiндегi iс-шаралар туралы ақпаратты баспасөз бетiнен орын, эфир уақытының көлемi бойынша бiрдей таратуға мiндеттi.
Бұқаралық ақпарат құралдары тиiстi сайлау комиссияларының сайлау алдындағы науқан барысы туралы ақпаратты және осы Конституциялық заңда белгiленген хабарламаларды жариялауына кiдiрiссiз мүмкiндiк туғызады.
8. Бұқаралық ақпарат құралдарының лауазымды адамдары, осы Конституциялық заңның 29-бабының 1-тармағында көрсетiлген материалдарды жариялау жағдайларын қоспағанда, кандидаттар мен саяси партиялардың сайлау алдындағы науқан барысында айтқан пiкiрлерi үшiн жауапты болмайды.
9. Сайлау науқаны үшiн арнайы әзiрленген баспа материалдарын, соның iшiнде безендiрiлген материалдарды, сондай-ақ омырауға тағатын белгiлердi, жалауларды, жалаушаларды тегiн таратуды қоспағанда, сайлаушыларға тегiн немесе жеңiлдiк шарттарымен тауарлар, бағалы қағаздар берiп, қызметтер көрсету, сондай-ақ лотереялар, қайырымдылық акцияларын өткiзу, ақша төлеу не осындайларға уәде беру арқылы сайлау алдындағы үгiттi жүргiзу сайлау алдындағы жөнсiз үгiт деп саналады. Сайлау алдындағы жөнсiз үгiттi жүргiзуге тыйым салынады.
Сайлау жарияланған (тағайындалған) кезден бастап, кандидаттарға, партиялық тiзiмдерiн ұсынған саяси партияларға, сондай-ақ олардың атынан немесе оларды қолдап кeз келген жеке және заңды тұлғаларға, ойын-сауық және спорттық iс-шараларын ұйымдастыруды қоспағанда, қайырымдылық iс-шараларын өткiзуге тыйым салынады.
Кандидаттың, партиялық тiзiмiн ұсынған саяси партияның, сондай-ақ олардың сенiм бiлдiрген адамдарының осы тармақта белгiленген ережелердi бұзуы кандидатты, партиялық тiзiмдi тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жоюға әкеп соғады.
10. Қандай да бiр адамның бейнесiн — оның жазбаша келiсiмiнсiз, ал ол қайтыс болған жағдайда мұрагерлерiнiң жазбаша келiсiмiнсiз пайдалану арқылы сайлау алдындағы үгiт жүргiзуге тыйым салынады.
Ескерту. 27-бап жаңа редакцияда — ҚР 2004.04.14 N 545 Конституциялық заңымен, өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 2005.04.15 N 44, 2009.02.09 N 124-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Конституциялық заңдарымен.
28-бап. Сайлау алдындағы үгiт жүргiзу құқығы
1. Мемлекет азаматтарға, қоғамдық бiрлестiктерге Қазақстан Республикасының осы Конституциялық заңына, өзге де заң актiлерiне сәйкес белгiлi бiр кандидатты, саяси партияны жақтап не қарсы кедергiсiз сайлау алдындағы үгiт жүргiзу құқығына кепiлдiк бередi. V074778
Осы Конституциялық заңға сәйкес сайлау қорларын құрмайтын азаматтар, қоғамдық бiрлестiктер қаржыландыруды талап етпейтiн сайлау алдындағы үгiт жүргiзуге құқылы.
2. Осы Конституциялық заңға сәйкес белгiленген тiркеу мерзiмi аяқталған кезден бастап, үгiт науқаны аяқталғанға дейiн кандидаттардың, партиялық тiзiмiн ұсынған саяси партиялардың өздерiнiң сайлау алдындағы бағдарламаларын баспасөзде және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында үгiттеуге және насихаттауға құқығы бар.
Кандидаттардың, партиялық тiзiмдерiн ұсынған саяси партиялардың сайлау алдындағы үгiт жүргiзуi үшiн бұқаралық ақпарат құралдарына қол жеткiзуiнiң тең жағдайына кепiлдiк берiледi.
3. Мемлекет кандидаттарға өз бағдарламаларымен бұқаралық ақпарат құралдарына шығуы үшiн бiрдей қаражат бөлiнуiне кепiлдiк бередi. Әрбiр кандидаттың телевизиядан он бес минуттық сөз сөйлеуiне, радиодан он минуттық сөз сөйлеуiне, сондай-ақ баспа басылымдарында 0,1 баспа табақтан аспайтын көлемде екi мақала жариялауына қаражат берiледi.
Партиялық тiзiмдерiн ұсынған саяси партиялар теледидарда Орталық сайлау комиссиясы ұйымдастыратын, ол белгiлейтiн уақыт көлемiнде саяси пiкiр-сайыстарға қатысуға құқылы.
Бұқаралық ақпарат құралдары тiркелген кандидаттарға және партиялық тiзiмдерiн ұсынған саяси партияларға шарттық негiзде эфир уақытын, баспасөз бетiнен орын бередi. Бұқаралық ақпарат құралдарында кандидаттарға және партиялық тiзiмдерiн ұсынған саяси партияларға эфир уақытын, баспасөз бетiнен орын беру туралы шарттың талаптары белгiлi бiр кандидатқа, саяси партияға артықшылық туғызбауға тиiс. Эфирден және баспасөзден орын беру төлемiнiң мөлшерi, шарттары мен тәртiбi туралы мәлiметтердi тиiстi телерадиохабарларын тарату ұйымы, мерзiмдiк баспа басылымының редакциясы сайлаудың тағайындалғаны туралы шешiм ресми жарияланғаннан кейiнгi оныншы күннен кешiктiрмей хабарлауға және жариялауға тиiс, сондай-ақ Президент сайлауы кезiнде — Орталық және облыстық сайлау комиссияларына, Парламенттiң, мәслихаттардың депутаттары мен өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiн сайлау кезiнде өзге де аумақтық, сондай-ақ oкругтiк сайлау комиссияларына берiлуге тиiс.
Бұқаралық ақпарат құралы кандидаттардың, партиялық тiзiмiн ұсынған саяси партиялардың бiрiне эфир уақытын, баспасөз бетiнен орын бөлуге берген келiсiмi басқа да кандидаттарға, партиялық тiзiмдерiн ұсынған саяси партияларға эфир уақытын, баспасөз бетiнен орын бөлуге келiсiм беруi болып табылады.
Кандидаттар мен партиялық тiзiмдерiн ұсынған саяси партиялардың бұқаралық ақпарат құралдарына шығуының кезектiлiгi жазбаша өтiнiштердiң келiп түсу ретiмен не егер өтiнiштер бiр мезгiлде келiп түссе, жеребе бойынша белгiленедi.
Кандидаттардың телевизия мен радиода сөйлеп жатқан сөздерiн бөлуге және сөйлеген сөздерiне iле-шала, сондай-ақ баспа басылымдарындағы сөздерiне сол нөмiрде түсiнiктеме жасауға тыйым салынады.
4. Жергiлiктi атқарушы органдар және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары кандидаттарға сайлаушылармен кездесуi үшiн шарттық негiзде үй-жай бередi. Үй-жай беру шарты барлық кандидаттар үшiн бiрдей және тең болуға тиiс.
Сайлау комиссиялары жергiлiктi атқарушы органдармен және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен бiрлесiп, бөлiнген үй-жайда кандидаттардың сайлаушылармен кездесулер кестесiн жасайды және оны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.
5. Тиiстi сайлау комиссиялары партиялық тiзiмдер бойынша дауысқа түсетiн кандидаттардан басқа кандидаттарға плакаттар, листовкалар, ұрандар мен өзге де үгiттiк баспа материалдарын басып шығару үшiн бiрдей мөлшерде ақша бөледi. Барлық үгiттiк баспа материалдарында сол материалдарды шығарған ұйым, олар басылған жерi мен таралымы, тапсырыс жасаған тұлғалар, қандай қаражаттан төленгендiгi туралы мәлiметтер болуға тиiс. Yгiттiк баспа материалдарын Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерде дайындауға, анонимдiк үгiт материалдарын таратуға тыйым салынады.
6. Жергiлiктi атқарушы органдар тиiстi сайлау комиссияларымен бiрлесiп барлық кандидаттар үшiн үгiттiк баспа материалдарын орналастыру үшiн орын белгiлейдi және оларды стендтермен, тақталармен, тұғырлықтармен жарақтандырады. Үгiттiк баспа материалдары барлық кандидаттар үшiн тең құқықтар қамтамасыз ететiн жағдайда орналастырылады.
Кандидаттар үгiттiк баспа материалдарын тиiстi объект иесiнiң рұқсатымен өзге де орындарда iлiп қоюға құқылы.
Үгiт материалдарын ескерткiштерге, ескерткiш тұғырларға, тарихи, мәдени немесе сәулеттiк құндылығы бар үйлер мен ғимараттарға, сондай-ақ дауыс беруге арналған үй-жайларға iлiп қоюға тыйым салынады.
Сайлау комиссиясының үй-жайы мен дауыс беруге арналған үй-жайда кандидаттың фотосуретiмен және Орталық сайлау комиссиясы белгiлеген мәлiметтердiң стандартты жиынтығымен, бiр нысанда кандидаттар туралы ақпарат орналастырылады.
Сайлау комиссиясының үй-жайы мен дауыс беруге арналған үй-жайда партиялық тiзiмдерiн ұсынған саяси партиялар туралы Орталық сайлау комиссиясы белгiлеген мәлiметтердiң стандартты жиынтығынан тұратын бiрыңғай форматтағы ақпарат орналастырылады.
7. Президенттiкке, Парламент және мәслихат депутаттығына кандидаттар өз сайлау қорларының қаражаты есебiнен бұқаралық ақпарат құралдарына шығуға, сайлау алдындағы жария iс-шараларды өткiзуге, қосымша үгiт материалдарын шығаруға байланысты шығындарды төлеуге, сондай-ақ көлiк және iссапар шығыстарының орнын толтыруға құқылы. Бұл мақсатқа кез келген басқа көздерден өзге ақша тартуға, сайлау науқаны барысында кандидаттар пайдаланатын, кандидаттардың сайлау қорлары қаражатынан ақысы төленбеген жеке және заңды тұлғалардың кез келген тауарын, жұмысы мен қызметiн қабылдауға, аталған жеке және заңды тұлғаларға осы қызметтердiң көрсетiлгенi үшiн кандидат тарапынан жәрдемнiң кез келген түрiне тыйым салынады.
Кандидатқа, саяси партияларға сайлау алдындағы үгiттi жүргiзуге байланысты қызмет көрсететiн жеке және заңды тұлғаларда олардың осы қызметтердi қабылдауға жазбаша келiсiмi болуға тиiс. Жазбаша келiсiмi жоқ тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
8. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың мерзiмдi баспа басылымдары сайлау комиссияларының хабарламаларын, сайлауға қатысатын кандидаттар туралы деректердi Орталық сайлау комиссиясы белгiлеген тәртiппен және көлемде жариялауға мiндеттi.
9. Сайлаумен байланысты қоғамдық пiкiрге сұрау caлу нәтижелерiн жариялаған кезде бұқаралық ақпарат құралдары сұрау салуды жүргiзген ұйымды, сұрау салуды жүргiзуге тапсырыс берген және оның ақшасын төлеген адамдарды, сұрау салу жүргiзiлген уақытты, ақпарат жинау әдiсiн, сұрау салудың нақты тұжырымын, сұралғандардың саны мен сұрау салу нәтижесiнiң қателiк коэффициентiн көрсетуге мiндеттi.
Бұқаралық ақпарат құралдарында қоғамдық пiкiрге сұрау салу нәтижелерiн, сайлау нәтижелерiнiң болжамын, сайлауға байланысты өзге де зерттеулердi дауыс берiлетiн күн алдындағы бес күн iшiнде және дауыс берiлетiн күнi жариялауға жол берiлмейдi.
Сайлау күнi дауыс берiлетiн үй-жайда немесе дауыс беру пунктiнде қоғамдық пiкiрге сұрау салуға тыйым салынады.
Ескерту. 28-бап жаңа редакцияда — ҚР 2004.04.14 N 545 Конституциялық заңымен, өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 2007.06.19 N 268, 2009.02.09 N 124-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Конституциялық заңдарымен.
29-бап. Кандидаттың, саяси партияның сайлау алдындағы
бағдарламасы
Президенттiкке, Парламент және мәслихат депутаттығына, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органының мүшелiгiне кандидат, партиялық тiзiмiн ұсынған саяси партия өзiнiң болашақ қызметiнiң сайлау алдындағы бағдарламасын баяндайды. Сайлау алдындағы бағдарламада Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгерту, оның тұтастығын бұзу, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiру, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық араздықты қоздыру, қатыгездiк пен зорлық-зомбылыққа бас ұру, сондай-ақ заңдарда көзделмеген әскерилендiрiлген құралымдар құру идеялары уағыздалмауға тиiс.
Аталған талаптар бұзылған жағдайда тиiстi сайлау комиссиясы кандидатты тiркеуден, саяси партияның партиялық тiзiмiн тiркеуден бас тартуға, ал кандидат немесе саяси партия мұндай сайлау алдындағы бағдарламаны тiркелгеннен кейiн ұсынған жағдайда кандидатты немесе партиялық тiзiмдi тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жоюға құқылы.
Ескерту. 29-бап жаңа редакцияда — Қазақстан Республикасының 2004.04.14. N 545 Заңымен .
30-бап. <*>
Ескерту. 30-бап алынып тасталды — ҚР 2004.04.14 N 545 Конституциялық заңымен.
31-бап. Сенiм бiлдiрген адамдар
1. Кандидаттардың, партиялық тiзiмдерiн ұсынған саяси партиялардың өздерiне сайлау науқанын жүргiзуге көмектесетiн, сайлау алдындағы үгiттi жүргiзетiн, кандидаттар, саяси партиялар мүдделерiн бiлдiретiн сенiм бiлдiрiлген адамдары болуына құқылы.
2. Кандидаттар, партиялық тiзiмдерiн ұсынған саяси партиялар сенiм бiлдiрiлген адамдарын өздерiнiң қалаулары бойынша тиiстi сайлау округiндегi әр сайлау учаскесiне үш адамнан аспайтын санда анықтайды және оларды тiркеу үшiн тиiстi сайлау комиссиясына хабарлайды.
Сенат депутаттығына кандидаттың әрбiр ауданда, қалада, қаладағы ауданда бiр-бiрден сенiм бiлдiрiлген адамдары болуына құқығы бар.
Кандидат, саяси партия сенiм бiлдiрiлген адамдар ретiнде ұсынған адамдар тиiстi сайлау комиссиясына өзiнiң сенiм бiлдiрiлген адам болуға келiскенi туралы өз өтiнiшiн табыс етедi.
3. Сайлау комиссиясы сенiм бiлдiрiлген адамдарды тiркегеннен кейiн оларға тиiстi куәлiк бередi.
4. Сенiм бiлдiрiлген адам Қазақстан Республикасының азаматы болуға тиiс, ол Сенат депутатын сайлау кезiнде мәслихат депутаты, қандай да бiр сайлау комиссиясының мүшесi, саяси мемлекеттiк қызметшi лауазымындағы адам болмауға тиiс.
5. Сенiм бiлдiрiлген адамдар Қазақстан Республикасының саяси партиялары, өзге де қоғамдық бiрлестiктерi, коммерциялық емес ұйымдары байқаушыларының құқықтарын иеленедi, мiндеттерiне ие болады және кандидаттың, партиялық тiзiмiн ұсынған саяси партияның өздерiне жазбаша нысанда берген өкiлеттiгi шегiнде әрекет етедi.
6. Сенiм бiлдiрiлген адамдар сайлау науқаны аяқталғаннан кейiн, өз ұйғарымымен, кандидаттың және партиялық тiзiмiн ұсынған саяси партияның шешiмiмен, сондай-ақ кандидатты, партиялық тiзiмдi тiркеудiң күшi жойылған, осы Конституциялық заң бұзылған жағдайларда өз мәртебесiнен айырылады.
Ескерту. 31-бап жаңа редакцияда — ҚР 2004.04.14 N 545 Конституциялық заңымен, өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 2005.04.15 N 44, 2007.06.19 N 268 Конституциялық заңдарымен.
32-бап. Сайлау алдындағы үгiттi тоқтату
1. Сайлау болатын күнi және оның қарсаңындағы күнi кез келген үгiтке тыйым салынады.
2. Сайлау комиссияларының үй-жайларынан және дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс жерлерде бұрыннан iлулi тұрған баспа үгiт материалдарын сол орындарында қалдыруға болады.
Ескерту. 32-бапқа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 2004.04.14 N 545 Конституциялық заңымен.
6-тарау. Сайлауды қаржыландыру
33-бап. Сайлауды мемлекеттiк қаржыландыру
1. Партиялық тiзiмдер бойынша сайланатын Парламент Мәжiлiсi депутаттарының сайлауын қоспағанда, Президенттiң, Парламент, мәслихаттар депутаттарының, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiнiң сайлауы республикалық бюджет қаражатынан жергiлiктi атқарушы органдардың осы мақсаттарға арнап ашылған шоттары арқылы қаржыландырылады. Бұл шоттарға республикалық бюджеттен түсетiн бюджет қаражатына иелiк етудi аумақтық сайлау комиссиялары жүзеге асырады. Қаржыландыру тәртiбi Қазақстан Республикасының бюджеттiк заңнамасында белгiленедi .
2. Республикалық бюджет қаражатынан:
1) сайлау комиссияларын ұйымдастыру мен оның қызметiне, үй-жайды жалға алуға, iссапар шығыстарына, консультанттарға, сарапшыларға, лингвистикалық комиссияның мүшелерiне, электронды сайлау жүйелерiнiң пайдаланылуын қамтамасыз ететiн мамандарға еңбек ақы төлеуге;
2) осы Конституциялық заңның 28-бабының 3-тармағына сәйкес партиялық тiзiмдер бойынша дауысқа түсетiн кандидаттардан басқа кандидаттардың бұқаралық ақпарат құралдарындағы сөздерiне;
3) осы Конституциялық заңның 28-бабының 4 және 5-тармақтарына сәйкес жүргiзiлетiн кандидаттардың сайлау алдындағы көпшiлiк шараларын өткiзуге, партиялық тiзiмдер бойынша дауысқа түсетiн кандидаттардан басқа кандидаттардың үгiт материалдарын шығаруға;
4) партиялық тiзiмдер бойынша дауысқа түсетiн кандидаттардан басқа кандидаттардың Орталық сайлау комиссиясы белгiлеген мөлшерде көлiкке;
5) сайлау комиссиясының үй-жайы мен дауыс беруге арналған үй-жайда орналастырылатын Президенттiкке, Парламент Сенатының және мәслихаттардың депутаттығына, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелiгiне кандидаттар туралы, сондай-ақ партиялық тiзiмдерiн ұсынған саяси партиялар туралы ақпараттық плакаттарды дайындауға жұмсаған шығындары жабылады.
3. Халықаралық ұйымдар мен халықаралық қоғамдық бiрлестiктер, шетелдiк мемлекеттiк органдар, шет елдердiң Заңды тұлғалары мен азаматтығы жоқ адамдар тарапынан Республикадағы сайлауды қаржыландыруға, олардың қандай да болмасын тiкелей немесе жанама түрде республикадағы сайлауды қаржыландыруға қатысуына тыйым салынады.
4. Алып тасталды — 2005.04.15 N 44 Конституциялық Заңымен.
Ескерту. 33-бапқа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 1999.05.06 N 375, 2004.04.14 N 545, 2005.04.15 N 44, 2007.06.19 N 268, 2009.02.09 N 124-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Конституциялық заңдарымен.
34-бап. Сайлауды мемлекеттiк емес қаржыландыру
1. Президенттi және Парламент және мәслихаттар депутаттарын сайлауда кандидаттардың сайлау алдындағы үгiтiн осы Конституциялық заңда белгiленген тәртiппен құрылатын сайлау қорлары қаражатынан қаржыландыруға болады.
2. Сайлау қорлары заңдарда белгiленген тәртiппен мемлекеттiк тiркеуге жатады.
3. Сайлау қорлары мынадай көздерден:
1) кандидаттардың жеке қаражатынан, саяси партиялардың қаражатынан;
2) кандидатқа оны ұсынған Республиканың қоғамдық бiрлестiгi бөлген қаражаттан;
3) Республика азаматтары мен ұйымдарының ерiктi қайырмалдықтарынан құралады. Мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының, қайырымдылық ұйымдарының, дiни бiрлестiктердiң, өздерiнiң жарғылық капиталында шетелдiк қатысушысы бар қазақстандық заңды тұлғалардың ерiктi қайырмалдықтарына, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың анонимдiк қайырмалдықтарына тыйым салынады.
4. Сайлау қорларына заңды жолмен алынған қаражат қана берiледi. Қорға келiп түскен ақшаның жалпы сомасы және оның көздерi туралы ақпаратты сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейiн он күн iшiнде:
Қазақстан Республикасының Президентiн, Парламент Мәжiлiсiнiң депутаттарын партиялық тiзiм бойынша сайлау кезiнде — Орталық сайлау комиссиясы;
Парламент Сенатының депутаттарын сайлау кезiнде — облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың және астананың) сайлау комиссиялары;
мәслихаттардың депутаттарын сайлау кезiнде — округтiк сайлау комиссиялары бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.
5. Аталған көздерден сайлау қорларына жолдануы мүмкiн ақшалай қаражаттың шектi мөлшерi осы Конституциялық заңның Ерекше бөлiмiнде белгiленедi. Белгiленген мөлшерден артық түскен ақша қаражаты сайлау қорына есептеуге жатқызылмайды және оларды қосқан азаматтар мен ұйымдарға қайтарылып берiледi. Бұл ретте аталған қаражатты қайтаруға байланысты шығыстар оларды енгiзген азаматтар мен ұйымдар есебiнен жабылады. Дерегi жоқ қайырмалдықтар республикалық бюджет кiрiсiне енгiзiледi.
6. Сайлау қорын құрайтын ақша қаражаты кандидат, партиялық тiзiм тiркелгеннен кейiн тиiстi сайлау комиссиясы банк мекемелерiнде ашатын арнаулы уақытша шоттарға түсiрiледi. Аталған шот бойынша кiрiс есептелмейдi және төленбейдi. Осы Конституциялық заңда аталған мақсаттар үшiн сайлау қорының қаражатына иелiк ету құқығы тек қана кандидатқа және партиялық тiзiмдердi ұсынған саяси партияларға берiледi. Банктер тиiстi сайлау комиссиясына арнаулы уақытша шотқа келiп түскен қаражат және олардың жұмсалуы туралы апта сайын есеп бередi. Тиiстi сайлау комиссиясының сұратуы бойынша сол мәлiметтер жиырма төрт сағаттың iшiнде берiледi. Сайлау қорларының қаражатын жұмсау тәртiбiн және тиiстi банк мекемесiн Орталық сайлау комиссиясы белгiлейдi .
7. Кандидат өз кандидатурасын алып тастаған саяси партия партиялық тiзiмдi керi қайтарып алған немесе кандидатты, партиялық тiзiмдi ұсыну немесе кандидатты, партиялық тiзiмдi тiркеу туралы шешiмнiң күшi жойылған жағдайда сайлау қорына түскен ақша қаражаты оны қосқан азаматтар мен ұйымдарға дереу қайтарылуға жатады. Бұл ретте аталған қаражатты қайтаруға байланысты шығыстар оларды енгiзген азаматтар мен ұйымдар есебiнен жабылады.
8. Арнаулы уақытша шоттар бойынша барлық қаржылық операциялар, оның iшiнде жеке және заңды тұлғалармен есеп айырысулар, мiндеттi аударымдар, салықтар және бюджетке төленетiн басқа да төлемдер сайлаудың алдындағы күнi сағат 18-де тоқтатылады.
Қайта дауыс беру өткiзiлген жағдайда кандидаттың сайлау қорына түсiруге рұқсат берiлген ақшаның шектi сомасы бiр жарым есе ұлғайтылады.
Қайтадан дауыс беру өткiзiлген кезде өздерiне қатысты қайтадан дауыс беру өткiзiлетiн кандидаттардың арнаулы уақытша шоттары бойынша қаржы операциялары қайтадан дауыс беру тағайындалған күнi қайта жаңғыртылады және сайлау күнiнiң алдындағы күнгi сағат он сегiзде тоқтатылады.
Сайлау қорына ол құрылған кезден бастап түскен ақшаның жалпы сомасы осы Конституциялық заңмен белгiленген шектен acпaуғa тиiс.
9. Сайлау қорытындылары анықталғаннан кейiн бес күннен кешiктiрмей кандидат, саяси партия тиiстi сайлау комиссиясына өзiнiң сайлау қорының қаражатын пайдаланғаны жөнiнде есеп беруге мiндеттi. Сайлау қорының сайлау науқаны мақсаттарына жұмсалмай қалған ақшалай қаражатының үштен екiсi республикалық бюджетке жiберiледi, ал үштен бiрi кандидатқа, саяси партияға қайтарылады.
10. Кандидаттың, партиялық тiзiмiн ұсынған саяси партияның осы баптың 1-8-тармақтарында белгiленген ережелердi, сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясы белгiлеген сайлау қорлары қаражатын жұмсау тәртiбiн бұзуы — кандидатты, партиялық тiзiмдi тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жоюға, ал сайлау өткiзiлгеннен кейiн кандидаттың Президент, Парламент депутаты, мәслихат депутаты, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органының мүшесi ретiнде тiркелуiне дейiн тиiстi аумақ немесе округ бойынша сайлауды жарамсыз деп тануға әкеп соғады.
Ескерту. 34-бапқа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 1999.05.06 N 375, 2004.04.14 N 545, 2005.04.15 N 44, 2007.06.19 N 268, 2009.02.09 N 124-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Конституциялық заңдарымен.
35-бап. Сайлау шараларын сайлау комиссияларының
қаржыландыруы
1. Президенттi, Парламент, мәслихаттар депутаттарын, сондай-ақ өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау кезiндегi сайлау iс-шараларын қаржыландыруды Орталық сайлау комиссиясы жүзеге асырады.
2. Сайлау комиссияларының төрағалары ақшалай қаражатқа иелiк етедi және қаржы құжаттарының сайлау комиссияларының қаржы мәселелерi жөнiндегi шешiмдерiне сай келуi үшiн жауап бередi.
Ескерту. 35-бапқа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 2004.04.14 N 545 Конституциялық заңдарымен.
36-бап. Сайлау науқанын өткiзуге бөлiнген
қаражаттың жұмсалуын бақылау
1. Сайлау науқандарына республикалық бюджеттен бөлiнген қаражатты кандидаттардың жұмсауын бақылау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Сайлау қорлары қаражатының жұмсалуын бақылауды тиiстi сайлау комиссиялары және банк мекемелерi жүзеге асырады.
3. Тиiстi сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша аталған бақылауды жүргiзуге өздерiнiң құзыретiне сәйкес мемлекеттiк органдардың мамандары тартылуы мүмкiн.
Ескерту. 36-бапқа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 1999.05.06 N 375, 2004.04.14 N 545 Конституциялық заңдарымен.
7-тарау. Дауыс беру тәртiбi
37-бап. Сайлау бюллетенi
1. Сайлау бюллетенiне мемлекеттiк тiлдiң әлiпбилiк тәртiбiмен тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiле отырып, барлық тiркелген кандидаттар енгiзiледi. Саяси партияларға дауыс беруге арналған сайлау бюллетенiне жеребемен айқындалған тәртiппен саяси партиялардың атаулары енгiзiледi. Жеребе тартуды Орталық сайлау комиссиясы жүргiзедi. Жеребе тартуды өткiзудiң тәртiбiн Орталық сайлау комиссиясы белгiлейдi.
2. Сайлау бюллетеньдерi мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде басылады.
Сайлау бюллетеньдерi сайлау округiндегi сайлаушылардың жалпы санының 1 процентi резервiмен сайлау округiндегi сайлаушылардың санына тең мөлшерде дайындалады.
3. Сайлау бюллетеньдерi учаскелiк сайлау комиссияларына сайлаудан кем дегенде бiр күн бұрын сайлау учаскесiндегi сайлаушылардың жалпы санының 1 процентi резервiмен жеткiзiледi.
4. Алып тасталды — ҚР 2004.04.14 N 545 Конституциялық заңымен.
5. Сайлау бюллетеньдерi орналасқан үй мөрлеп бекiтiлiп, iшкi iстер органдарының күзетуiне тапсырылады.
Ескерту. 37-бапқа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 1999.05.06 N 375, 2004.04.14 N 545, 2007.06.19 N 268 Конституциялық заңдарымен.
38-бап. Дауыс беру уақыты мен орны
1. Президенттi, Парламент Мәжiлiсi мен мәслихаттар депутаттарын, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiн сайлау жөнiндегi дауыс беру сайлау күнi жергiлiктi уақытпен сағат жетiден жиырмаға дейiн өткiзiледi. Аумақтық немесе округтiк сайлау комиссиялары тиiстi әкiмнiң, учаскелiк сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша дауыс берудi бастайтын және аяқтайтын басқа уақыт белгiлеуге хақылы. Бұл орайда дауыс берудi сағат алтыдан ерте бастап, сағат жиырма екiден кеш аяқтауға болмайды. Дауыс берудi бастау және аяқтау уақытын өзгерту туралы аумақтық немесе округтiк комиссиялардың шешiмi сайлаушылардың назарына жеткiзiлуге тиiс.
2. Учаскелiк сайлау комиссиясы дауыс беретiн уақыт пен орын туралы дауыс беру өткiзiлетiн күнге дейiн он күннен кешiктiрмей, ал мәслихаттардан басқа, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiнiң сайлауын өткiзген кезде бес күннен кешiктiрмей сайлаушыларды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, сондай-ақ өзге де әдiстермен хабардар етуге тиiс.
3. Қазақстан Республикасының иелiгiндегi және сайлау күнi жүзуде жүрген кемелерде, әскер бөлiмдерiнде, шалғайдағы және қатынасу қиын аудандарда, алыстағы мал шаруашылығы учаскелерiнде, демалыс үйлерiнде, санаторийлерде, тұрақты емдеу-профилактикалық мекемелерiнде, тергеу изоляторлары мен уақытша ұстау изоляторларында, сондай-ақ шет мемлекеттердегi Қазақстан Республикасының өкiлдiктерi жанынан құрылған сайлау учаскелерiнде, егер тiзiмге енгiзiлген сайлаушылардың бәрi дауыс берсе, учаскелiк сайлау комиссиясы дауыс берудi кез келген уақытта аяқталды деп жариялай алады. Мұндай учаскелердiң тiзбесiн тиiстi сайлау комиссиясы сайлауға дейiн жетi күннен кешiктiрмей, мәслихаттардан басқа, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлауды өткiзгенде үш күннен кешiктiрмей бекiтедi.
4. Сенат депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру бiр күннiң iшiнде өткiзiледi. Бұл ретте дауыс беру уақытын аумақтық сайлау комиссиясы анықтайды.
Ескерту. 38-бапқа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 2004.04.14 N 545, 2007.06.19 N 268, 2009.02.09 N 124-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Конституциялық заңдарымен.
39-бап. Дауыс беруге арналған үй-жай
1. Президенттi, Парламенттiң, мәслихаттардың депутаттарын, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлауға дауыс беру арнайы бөлiнген бөлмелерде өткiзiлуге тиiс, оларда жасырын дауыс беруге арналған кабиналар жеткiлiктi мөлшерде жабдықталуға, сайлау бюллетеньдерiн беретiн орындар белгiленiп, дауыс беруге арналған жәшiктердiң қойылуы дауыс беретiн адамдар оларға жасырын дауыс беруге арналған кабиналар арқылы өтiп келетiндей болуға тиiс. Бұл ретте байқаушылар, сенiм бiлдiрiлген адамдар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi мен сайлау комиссиясы мүшелерiнiң сайлау жәшiктерiн, жасырын дауыс беруге арналған кабиналарға кiрудi және шығуды бақылауына жағдай жасалуға тиiс.
2. Дауыс беруге арналған үй-жайдағы адамдар дауыс берудi өткiзу жөнiндегi комиссия белгiлеген ережелердi қатаң сақтауға мiндеттi. Тиiстi сайлау комиссиясының төрағасы бiр мезгiлде дауыс беруге арналған үй-жайдағы сайлаушылардың санын реттейдi; тәртiпке жауапты болады және осы Конституциялық заңның ережелерiн бұзып, дауыс берудi өткiзуге кедергi келтiрген кез келген адамның ол жерден кетуiн талап етуге хақылы.
Дауыс беру күнi дауыс беруге арналған үй-жайда сайлау процесiне қатысы жоқ бөгде адамдардың болуына тыйым салынады.
Қазақстан Республикасының Сайлау туралы заңдарын бұзған жағдайда, учаскелiк сайлау комиссиясының мүшесi оның жұмысына қатысудан дереу шеттетiледi, ал байқаушы мен өзге адамдар сайлау комиссиясының жазбаша нысанда қабылданған дәлелдi шешiмi бойынша дауыс беруге арналған үй-жайдан шығарылады.
Осы шешiмнiң орындалуын iшкi iстер органдары жүзеге асырады, олар сонымен қатар сайлау комиссиясының шеттетiлген мүшесiн, сондай-ақ шығарылған байқаушыны немесе өзге адамды Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа тарту жөнiнде шаралар қабылдайды.
3. Дауыс беруге арналған үй-жайларда тәртiптi қамтамасыз ету iшкi iстер органдарына жүктеледi. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерi дауыс беруге арналған үй-жайда комиссия төрағасының шақыруымен ғана болуға тиiс және тәртiп қалпына келтiрiлгеннен кейiн не комиссия төрағасының өтiнiшi бойынша ол жерден дереу шығуға мiндеттi.
Ескерту. 39-бапқа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 1999.05.06 N 375, 2004.04.14 N 545, 2009.02.09 N 124-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Конституциялық заңдарымен.
40-бап. Дауыс берудi ашу
1. Президенттi, партиялық тiзiм бойынша сайланатын Мәжiлiстiң депутаттарын, мәслихаттардың депутаттарын, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау жөнiнде дауыс беретiн күнi учаскелiк сайлау комиссиялары дауыс беру басталғанға дейiн бiр сағат бұрын дауыс беруге арналған учаскелердi аша бастауға тиiс.
2. Сенат депутаттарын және Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжiлiсi депутаттарын сайлау жөнiнде дауыс беретiн күнi тиiстi аумақтық сайлау комиссиялары дауыс беру басталғанға дейiн бiр сағат бұрын дауыс беруге арналған пункттердi аша бастауға тиiс.
3. Алып тасталды — ҚР 2004.04.14 N 545 Конституциялық заңымен.
4. Учаскелiк (аумақтық) сайлау комиссиясының төрағасы:
1) дауыс беру басталардан отыз минут бұрын комиссия мүшелерiнiң қатысуымен сайлау жәшiктерiнде сайлау бюллетеньдерiнiң бар екенiн немесе жоқ екенiн, жәшiктердiң бүтiндiгiн тексередi, дауыс беруге арналған жәшiктерге пломба салады немесе мөр басады;
2) комиссияның сайлау бюллетеньдерiн беруге жауапты мүшелерiн белгiлейдi.
Ескерту. 40-бапқа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 2004.04.14 N 545, 2007.06.19 N 268 Конституциялық заңдарымен.
41-бап. Дауыс берудi ұйымдастыру
1. Әрбiр сайлаушы (таңдаушы) өзi дауыс бередi.
2. Сайлауда дауыс құқығын басқа бiреуге беруге және сол сияқты басқа адам үшiн дауыс беруге жол берiлмейдi.
3. Дауыс беруге арналған бюллетеньдер сайлаушыларға (таңдаушыларға) сайлаушылар тiзiмдерi (таңдаушылар тiзiмдерi) негiзiнде сайлаушының (таңдаушының) жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуi бойынша берiледi.
4. Сайлаушылар (таңдаушылар) тiзiмге бюллетеньдердi алғандығы туралы қол қояды.
5. Комиссияның бюллетеньдi (бюллетеньдердi) берген мүшесi оларға өзiнiң қолын қояды, сондай-ақ бюллетеньдi (бюллетеньдердi) алған сайлаушының (таңдаушының) тiзiмдегi тегiнiң тұсына қол қояды.
Сайлау комиссиясының төрағасы мен хатшысының бюллетеньдер бepуге құқығы жоқ.
6. Жекелеген сайлаушылар денсаулық жағдайына, отбасының сырқат мүшесiне күтiм жасау себебiне, сондай-ақ сайлау учаскелерi құрылмаған шалғайдағы және қатынасу қиын аудандарда болуына байланысты дауыс беруге келе алмаған жағдайда, учаскелiк сайлау комиссиясы олардың дауыс беру күнi жергiлiктi уақыт бойынша сағат он екiден кешiктiрiлмей берiле алатын жазбаша өтiнiшi бойынша осы сайлаушылардың тұрған жерiнде дауыс берудi ұйымдастыруға тиiс.
Осы тармақта көрсетiлген өтiнiш келiп түскен жағдайда, сайлау комиссиясының төрағасы өтiнiш берген сайлаушының сайлаушылар тiзiмiндегi аты-жөнiнiң тұсына тиiстi белгi қояды.
Дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс берудi ұйымдастырған кезде тасымалданатын жәшiктердi сайлау комиссиясының екi мүшесi алып жүредi.
Учаскелiк сайлау комиссиясының мүшелерi байқаушыларды, сенiм бiлдiрiлген адамдарды және бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерiн сайлаушылардың дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс беруi туралы хабардар етуге мiндеттi.
Сайлау комиссиясының мүшелерi дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс берудi ұйымдастыру үшiн шыққан кезде оларға байқаушылар не сенiм бiлдiрiлген адамдар iлесiп жүруге құқылы.
Дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс берудi ұйымдастыру кезiнде сайлау комиссиясының мүшелерi, сайлау бюллетеньдерiнiң бүлiнуi мүмкiн екендiгi ескерiле отырып, олардың қажеттi мөлшерiмен қамтамасыз етiлуге тиiс.
Дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс жерлерде дауыс берiлген жағдайда бюллетень (бюллетеньдер) сайлаушыларға дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс беру туралы өтiнiштерiнiң негiзiнде берiледi, олар бұл туралы өтiнiштерiне қол қояды.
Бюллетень (бюллетеньдер) берген комиссия мүшесi оған өз қолын қояды, сондай-ақ дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс беру туралы өтiнiшке де қол қояды.
6-1. Жалпы жұрттың танысуы үшiн сайлаушылар тiзiмдерiн ұсыну мен сайлау күнi арасындағы кезеңде сайлаушы өзiнiң болу орнын ауыстырған кезде учаскелiк сайлау комиссиясы сайлаушының өтiнiшi бойынша және ол жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде сайлаушыға дауыс беру құқығын беретiн есептен шығару куәлiгiн табыс етедi. Бұл ретте сайлаушылар тiзiмiне тиiстi белгi қойылады. Дауыс беру құқығын беретiн есептен шығару куәлiгiн көрсеткен кезде учаскелiк сайлау комиссиясы дауыс беретiн күнi сайлаушыны оның келген орны бойынша сайлау учаскесiндегi сайлаушылар тiзiмiне енгiзедi.
Есептен шығару куәлiгi бiр елдi мекеннiң шегiндегi басқа сайлау округiнде немесе басқа сайлау учаскесiнде дауыс беруге қатысқысы келетiн сайлаушыларға берiлмейдi.
Есептен шығару куәлiктерiн беру дауыс беретiн күннiң алдындағы күнi жергiлiктi уақыт бойынша сағат он сегiзде тоқтатылады.
7. Алып тасталды — ҚР 2004.04.14 N 545 Конституциялық заңымен.
8. Алып тасталды — ҚР 2004.04.14 N 545 Конституциялық заңымен.
9. Дауыс берудi осы баптың 6-тармағына сәйкес ұйымдастырып, өткiзу азаматтардың сайлау құқықтарын бұзу, дауыс беру құпиясын бұзу немесе сайлаушының ерiк бiлдiруiн бұрмалау мүмкiндiгiн болдырмауға тиiс.
Ескерту. 41-бапқа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 1999.05.06 N 375, 2004.04.14 N 545, 2005.04.15 N 44, 2007.06.19 N 268 Конституциялық заңдарымен.
42-бап. Дауыс берудi өткiзу
1. Дауыс берушiлер сайлау бюллетеньдерiн жасырын дауыс беруге арналған кабиналарда толтырады. Оларды толтыру кезiнде дауыс берушiден басқа кiмнiң болса да кiрiп тұруына тыйым салынады. Бюллетеньдердi өз бетiнше толтыруға мүмкiндiгi жоқ сайлаушы (таңдаушы) өзi сенетiн адамның көмегiн пайдалануға хақылы, оның аты-жөнi дауыс бергеннен кейiн сайлаушылардың тiзiмiне тiркелiп, тұсына сайлаушының (таңдаушының) бюллетень алғандығы жөнiнде қолы қойылады. Мыналар ондай адам болуға тиiс емес:
1) сайлау комиссиясының мүшесi;
2) жергiлiктi өкiлдi немесе атқарушы органның лауазымды адамы;
3) кандидаттың сенiм бiлдiрген адамы;
4) бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлi-журналист;
5) тиiстi сайлау комиссиясында тiркелген байқаушы.
2. Сайлаушы (таңдаушы) өзi дауыс беретiн кандидат тегiнiң оң жағындағы бос шаршының iшiне кез келген белгi соғады.
Сайлаушы саяси партиялардың атаулары бар бюллетеньде өзi жақтап дауыс беретiн саяси партия атауының оң жағындағы бос шаршыға
кез келген белгi қояды.
3. Сайлаушы мәслихаттардан басқа, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органының мүшелерiн сайлаған кезде өзi дауыс беретiн кандидаттар тегiнiң оң жағындағы бос шаршының iшiне кез келген белгi соғады.
3-1. Бюллетеньге қарындашпен белгi қоюға, сондай-ақ оған қандай да болсын түзету енгiзуге жол берiлмейдi.
4. Толтырылған бюллетеньдердi сайлаушы (таңдаушы) дауыс беруге арналған жәшiкке салады.
5. Алып тасталды — ҚР 2004.04.14 N 545 Конституциялық заңымен.
Ескерту. 42-бапқа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 1998.11.06 N 285, 1999.05.06 N 375, 2004.04.14 N 545, 2007.06.19 N 268 Конституциялық заңдарымен.
8-тарау. Дауыс беру қорытындыларын анықтау
43-бап. Сайлау учаскесiндегi (дауыс беру пунктiндегi)
дауыстарды санау
1. Президенттi, партиялық тiзiмдер бойынша сайланатын Парламент Мәжiлiсiнiң депутаттары мен мәслихаттар депутаттарын, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiн сайлау кезiнде барлық сайлау учаскелерiнде дауыстарды санау, егер сол учаскеде осы Конституциялық заңда белгiленген тәртiппен дауыс беру уақыты өзгертiлмеген болса, жергiлiктi уақытпен сағат жиырмада басталады. Дауыс беру уақыты өзгерген жағдайда дауыстарды санау дауыс беру аяқталғаннан кейiн басталады.
Дауыстарды санауды сайлау комиссиясының мүшелерi дауыс беру қорытындысы анықталғанға дейiн үзiлiссiз жүргiзедi, қорытындылар осы Конституциялық заңға сәйкес дауыстарды санау кезiнде қатысатын адамдардың назарына жеткiзiлуге тиiс. Сайлау учаскесiнде дауыстарды санау уақыты санау басталған кезден бастап он екi сағаттан аспауға тиiс.
Дауыс беруге арналған үй-жайдағы дауыстарды санау жүргiзiлетiн столдар учаскелiк сайлау комиссиялары мүшелерiнiң iс-әрекетiн үй-жайдағы қатысушы барлық адамдардың көрiп отыруы қамтамасыз етiлетiндей етiп орналастырылады. Дауыстарды санау кезiнде қатысатын сенiм бiлдiрiлген адамдар мен байқаушылар дауыстарды санауды бюллетеньдердегi белгiлердiң көрiнiп тұруы қамтамасыз етiлетiндей қашықтық пен жағдайда байқап тұрады.
Сайлау бюллетеньдерiн санау кезiнде комиссия төрағасы немесе комиссияның белгiлi бiр мүшесi қатысушыларға сайлау бюллетенiн көрсетедi және сайлаушының ерiк бiлдiруiн жариялайды.
Бұл ретте бюллетеньдер әрбiр кандидат, партиялық тiзiмiн ұсынған саяси партия бойынша және жарамсыз бюллетеньдер бойынша жеке-жеке қатталып жиналады.
2. Парламент Сенаты депутаттарын және Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжiлiсi депутаттарын сайлау кезiнде дауыстарды санау дауыс беру аяқталғаннан кейiн кiдiрiссiз басталады.
3. Дауыстарды санау әрбiр кандидат, әрбiр саяси партия бойынша жеке-жеке жүргiзiледi. Дауыс беруге арналған жәшiктердi төраға дауыс берудiң аяқталғаны туралы хабарлағаннан кейiн тиiстi сайлау комиссиясы ашуға тиiс. Дауыс беру аяқталғанға дейiн жәшiктердi ашуға тыйым салынады.
3-1. Дауыс беру аяқталған соң бюллетеньдер салынған жәшiктердi ашқанға дейiн учаскелiк сайлау комиссиясы сайлаушылардың тiзiмдерi бойынша бюллетеньдер алған сайлаушылардың есебiн жүргiзедi және олардың жалпы санын анықтайды. Учаскелiк сайлау комиссиясының төрағасы не оның орнындағы комиссия мүшесi санау нәтижелерiн жария етедi және оларды дауыс беру нәтижелерi туралы хаттамаға енгiзедi.
Бiрiншi болып тасымалданатын сайлау жәшiктерi кезегiмен ашылады. Тасымалданатын сайлау жәшiгiндегi бюллетеньдердiң саны дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс беру мүмкiндiгiн жасау туралы жазбаша өтiнiштердiң санына сәйкес келуге тиiс. Егер тасымалданатын сайлау жәшiгiнде белгiленген үлгiдегi сайлау бюллетеньдерiнiң саны жазбаша өтiнiштердiң тиiстi санынан артық болып шықса, онда бұл жәшiктегi барлық сайлау бюллетеньдерi жарамсыз деп танылады. Бұл жағдайда тасымалданатын сайлау жәшiгiнен алынған барлық сайлау бюллетеньдерiнiң жарамсыз деп танылғаны туралы акт жасалады, онда сонымен бiрге осы тасымалданатын жәшiктiң көмегiмен дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс берудi өткiзген комиссия мүшелерiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiледi. Дауыс беруге арналған тасымалданатын жәшiктер ашылғаннан кейiн тұрақты жәшiктер ашылады.
4. Жәшiктердi ашардың алдында пайдаланылмаған барлық бюллетеньдердi тиiстi сайлау комиссиясы санайды және жояды. Сайлау комиссиясы сайлаушылардың тiзiмдерi бойынша:
1) учаскедегi (дауыс беру пунктiндегi) сайлаушылардың (таңдаушылардың) жалпы санын;
2) бюллетеньдер алған сайлаушылар (таңдаушылар) санын;
3) комиссияның әрбiр мүшесi берген бюллетеньдер санын анықтайды.
4-1. Жәшiктердi ашқаннан кейiн сайлау комиссиясы бюллетеньдердiң саны бойынша:
1) дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (таңдаушылардың) жалпы санын;
2) әрбiр кандидат үшiн, әрбiр саяси партия үшiн берiлген дауыстар санын;
3) жарамсыз ден танылған бюллетеньдер санын;
4) учаскелiк сайлау комиссиясы алған бюллетеньдер санын;
5) жойылған бюллетеньдер санын анықтайды.
Дауыс беруге арналған жәшiктерден алынған бюллетеньдердiң саны сайлаушылар тiзiмдерiнiң және дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс беру туралы өтiнiштердiң негiзiнде берiлген бюллетеньдер санынан асып кеткен жағдайда, сайлау комиссиясының әрбiр мүшесi берген бюллетеньдер саны анықталады.
5. Мынадай бюллетеньдер:
1) белгiленбеген үлгiдегi;
2) тиiстi сайлау комиссиясы мүшесiнiң қолы қойылмаған;
3) мәслихаттардан басқа, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау кезiнде дауыс берудi қоспағанда, бiр кандидаттан артық, бiр саяси партиядан артық белгiленген;
4) белгi қарындашпен қойылған, түзету немесе өзге де бұрмалау iздерi бар, сондай-ақ сайлаушылардың ерiк бiлдiруiн анықтау мүмкiн емес бюллетеньдер жарамсыз деп танылады.
Дауыстарды тiкелей санау кезiнде жарамсыз сайлау бюллетеньдерi дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (таңдаушылардың) бюллетеньдерi қатарынан алып тасталады.
6. Алып тасталды — ҚР 1999.05.06 N 375 Конституциялық заңымен.
7. Келiспеушiлiк пайда болған жағдайда мәселенi учаскелiк комиссия дауыс беру жолымен шешедi. Бұл ретте шешiм комиссия мүшелерiнiң жалпы санының жартысынан астамы даусымен қабылданады.
7-1. Учаскелiк сайлау комиссиясы (Сенат депутаттарының, Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжiлiсi депутаттарының сайлауы кезiнде аймақтық сайлау комиссиясы) сенiм бiлдiрiлген адамның талабы бойынша дауыстарды қайта санауды осы баптың 1 және 2-тармақтарында белгiленген мерзiмде бiр рет қана жүргiзедi.
8. Дауыстарды санау нәтижелерiн учаскелiк сайлау комиссиясы қарап, хаттамаларға түсiредi, оларға сайлау комиссиясының төрағасы мен мүшелерi қол қояды. Сайлау комиссиясының төрағасы болмаған жағдайда оның орнына хаттамаларға учаскелiк сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары немесе хатшысы қол қояды.
Дауыс беру нәтижелерi туралы хаттамаларды қарындашпен және әр түстi сиялармен толтыруға, сондай-ақ оларға қандай да бiр түзетулер енгiзуге жол берiлмейдi. Бұл ретте дауыс беру нәтижелерiнiң сандық мәнi сөзбен жазылып қайталануы тиiс.
Хаттаманың көшiрмесi жалпыжұрттың танысуы үшiн сайлау учаскесiнiң үй-жайындағы арнайы белгiленген орынға дереу iлiнедi және үй-жайда екi күн бойы тұрады.
Осы Конституциялық заңға сәйкес, дауыстарды санау кезiнде қатысқан адамның тiлегi бойынша оған комиссия төрағасы мен хатшысының қолдары қойылып, сайлау комиссиясының мөрiмен куәландырылған хаттаманың көшiрмесi берiледi.
8-1. Сайлау округi бойынша сайлау нәтижелерi округтiк сайлау комиссиясының отырысында анықталады, ол отырыс орны мен уақыты туралы мәлiметтер бұқаралық ақпарат құралдарында жариялана отырып, округтiк сайлау комиссиясы дауыс берiлетiн күннен кемiнде он күн бұрын айқындаған сайлау учаскелерiнiң бiрiнде өткiзiледi. Нәтижелер осы учаскеге жеткiзiлетiн учаскелiк сайлау комиссияларының хаттамалары негiзiнде анықталады.
Сайлау округi бойынша сайлау нәтижелерi туралы хаттаманың көшiрмесi жалпыжұрттың танысуы үшiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында iлiнедi және үй-жайда үш күн бойы тұрады.
Осы Конституциялық заңға сәйкес, дауыстарды санау кезiнде қатысқан адамның тiлегi бойынша оған комиссия төрағасы мен хатшысының қолдары қойылып, сайлау комиссиясының мөрiмен куәландырылған хаттаманың көшiрмесi берiледi.
8-2. Округтiк сайлау комиссиясы дауыс беру күнiнен бастап бес күннен кешiктiрмей сайлау учаскелерiндегi дауыстарды санаудың нәтижелерi туралы алдын ала жиынтық тiзiмдеме жасайды және оны жалпы жұрттың танысуы үшiн өз отырысы өткен сайлау учаскесiнiң үй-жайында iледi.
Ресми жиынтық тiзiмдеме учаскелiк сайлау комиссияларының дауыстарды санаудың нәтижелерi туралы алынған хаттамаларының негiзiнде жасалады, оған округтiк сайлау комиссиясының төрағасы мен хатшысы қол қояды және ол жалпы жұрттың танысуы үшiн iлiнедi.
9. Тиiстi жоғары тұрған сайлау комиссиясы учаскелiк сайлау комиссияларының (Сенат депутаттарын, Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжiлiсi депутаттарын сайлаған кезде аумақтық сайлау комиссияларының) хаттамаларында қателердi, сәйкессiздiктердi анықтаған болса, сондай-ақ дауысты есептеудiң дұрыстығына күмәнданатын болса, ол комиссия тиiстi учаскелiк (аумақтық) сайлау комиссиясы сайлаушыларының дауысын қайта санау туралы шешiм қабылдауға хақылы. Сайлаушылардың дауысын қайта санау жоғары тұрған сайлау комиссиясы мүшесiнiң және дауыстардың дұрыс саналмағандығы фактiлерiн табыс еткен өтiнiш берушiлердiң қатысуымен жүргiзiледi.
Сайлау комиссиясы шешiмiнiң негiзiнде жүзеге асырылатын дауыстарды қайта санау сайлау қорытындылары ресми жарияланғанға дейiн жүргiзiлуге тиiс.
Ескерту. 43-бапқа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 1999.05.06 N 375, 2004.04.14 N 545, 2005.04.15 N 44, 2007.06.19 N 268 Конституциялық заңдарымен.
44-бап. Сайлау қорытындыларын анықтау және жариялау
1. Президенттi, Парламент депутаттарын сайлау қорытындыларын Орталық сайлау комиссиясы анықтайды.
2. Мәслихат депутаттарын, сондай-ақ өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау қорытындыларын аумақтық сайлау комиссиялары анықтайды.
3. Сайлау қорытындылары хаттамаға түсiрiлiп, оған сайлау комиссиясының төрағасы мен мүшелерi қол қояды. Комиссияның төрағасы болмаған жағдайда оның орнына хаттамаға комиссия төрағасының орынбасары немесе хатшысы қол қояды.
4. Сайлау қорытындылары туралы хабарды:
1) Президенттi, Парламент депутаттарын сайлау қорытындылары туралы хабарды Орталық сайлау комиссиясы сайлау өткiзiлген күннен бастап он күннен кешiктiрмей бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды;
2) мәслихаттар депутаттарын, сайлау қорытындылары туралы хабарды тиiстi аумақтық және округтiк сайлау комиссиялары сайлау өткiзiлген күннен бастап жетi күннен кешiктiрмей жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды;
3) мәслихаттардан басқа, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлаудың қорытындысы туралы хабарды тиiстi аумақтық сайлау комиссиясы сайлау өткiзiлген күннен кейiн төрт күннен кешiктiрмей бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.
5. Орталық (аумақтық) сайлау комиссиясының хабарламасында: сайлау датасы, сайлаушылар (таңдаушылар) тiзiмдерiне енгiзiлген және дауыс беруге қатысқан азаматтардың жалпы саны; сайлау округтерiнiң жалпы саны; дауысқа түскен кандидаттардың жалпы саны; дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс берген сайлаушылардың саны; сайлауға қатысқан саяси партиялардың саны; қайта дауыс беру өткiзiлетiн әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер саны саны; тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк бойынша Президенттiкке, Парламент Сенаты депутаттығына әрбiр кандидат үшiн, әрбiр саяси партия үшiн берiлген дауыстар саны; Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжiлiсi депутаттығына кандидаттар үшiн берiлген дауыстар саны; сайланған Президент, Парламент Сенатының, Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжiлiсiнiң депутаттары; мәслихаттардың депутаттары, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерi, олардың тегi, аты, әкесiнiң аты, туған жылы, атқаратын лауазымы (жұмысы), тұрғылықты жерi, сондай-ақ кандидаттың қалауына қарай оның саяси партияға қатыстылығы, қай ұлтқа жататыны туралы мәлiметтер көрсетiледi.
Тиiстi округтiк сайлау комиссиясының хабарламасында: сайлаушылар тiзiмдерiне енгiзiлген және дауыс беруге қатысқан азаматтардың жалпы саны; әрбiр кандидат үшiн берiлген дауыс саны; сайлау учаскелерi бойынша жарамсыз деп танылған бюллетеньдердiң саны; мәслихаттар депутаттығына сайланған адамдардың тегi, аты, әкесiнiң аты, туған жылы, атқаратын қызметi (жұмысы), тұрғылықты жерi, сондай-ақ кандидаттың қалауына қарай оның саяси партияға қатыстылығы, қай ұлтқа жататыны туралы мәлiметтер көрсетiледi.
Орталық және аумақтық сайлау комиссияларының хабарламаларындағы деректер — сайлау округтерi бойынша, ал округтiк сайлау комиссияларының хабарламаларындағы деректер сайлау учаскелерi бойынша ұсынылады. Тиiстi сайлау комиссиясы сайлаудың алдын ала қорытындылары туралы тiзiмдеме нысанындағы хабарламаны дауыстарды санау аяқталғаннан және тиiстi хаттама жасалғаннан кейiн қырық сегiз сағаттан кешiктiрмей жариялайды.
6. Алып тасталды — ҚР 2006.12.22 N 208 Конституциялық заңымен.
Ескерту. 44-бапқа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 1999.05.06 N 375, 2004.04.14 N 545, 2005.04.15 N 44, 2006.12.22 N 208, 2007.06.19 N 268 Конституциялық заңдарымен.
45-бап. Президенттi, Парламент, мәслихаттар
депутаттарын және өзге де жергiлiктi
өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiн тiркеу
Тиiстi сайлау комиссиялары осы Конституциялық заң белгiлеген тәртiппен жетi күн мерзiм iшiнде олардан Конституцияға және Республика заңдарына сәйкес Президенттiң , Парламент , мәслихат депутатының және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органы мүшесiнiң мәртебесiмен сыйыспайтын өз мiндеттерiн доғару туралы жазбаша өтiнiштерiн алғаннан кейiн сайланған Президенттi, Парламент, мәслихат депутаттары, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн тiркейдi.
Ескерту. 45-бапқа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 1999.05.06 N 375 Конституциялық заңдарымен.
46-бап. Президенттiң, Парламент, мәслихаттар
депутатының және жергiлiктi өзi-өзi басқару
органдары мүшелерiнiң куәлiгi мен омырауға
тағатын белгiсi
1. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Республика Президентi қызметiне кiрiскен кезде Президентке тиiстi куәлiгi мен Орталық сайлау комиссиясы белгiлеген үлгiдегi омырауға тағатын белгiнi тапсырады.
2. Орталық сайлау комиссиясы Республика Парламентi депутаттарын сайлау қорытындылары бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғаннан кейiн әрбiр депутатқа куәлiгi мен белгiленген үлгiдегi омырауға тағатын белгiсiн тапсырады.
3. Бұқаралық ақпарат құралдарында тiзiмдер жарияланғаннан кейiн тиiстi аумақтық сайлау комиссиясы:
1) мәслихаттар депутаттарына — олардың әрқайсысына мәслихат депутаттарының куәлiгiн және Орталық сайлау комиссиясы белгiлеген үлгiдегi омырауға тағатын белгiнi бередi;
2) өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiне — олардың әрқайсысына өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшесiнiң Орталық сайлау комиссиясы белгiлеген үлгiдегi куәлiгiн бередi.
9-тарау. Сайлау бостандығының кепiлдiктерi
47-бап. Кандидаттар қызметiнiң сайлау науқаны
барысындағы кепiлдiктерi
1. Президенттiкке, Парламент, мәслихаттар депутаттығына кандидаттар тiркелген күнiнен бастап сайлау қорытындысы жарияланғанға дейiн жұмыстан, әскери қызметтен және әскери жиындардан босатылуға құқылы. Кандидаттардың сайлауға қатысқан уақыты тiркелген күнге дейiн оның жұмыс iстеген мамандығы бойынша еңбек стажына есептеледi.
2. Президенттiкке, Парламент, мәслихаттар депутаттығына, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелiгiне кандидаттарды олар тiркелген күннен бастап және сайлау қорытындылары жарияланғанға дейiн өздерiнiң келiсiмiнсiз жұмысынан босатуға, басқа жұмысқа немесе лауазымға ауыстыруға, сондай-ақ iссапарларға жiберуге не әскери жиындарға шақыруға болмайды.
3. Президенттiкке, Парламент депутаттығына кандидаттарды олар тiркелген күннен бастап және сайлау қорытындылары жарияланғанға дейiн, сондай-ақ оларды Президент, Парламент депутаты ретiнде тiркегенге дейiн Орталық сайлау комиссиясының келiсiмiнсiз тұтқынға алуға, ерiксiз әкелуге, оларға сот тәртiбiмен қолданылатын әкiмшiлiк жазалау шараларын қолдануға, қылмыстық жауаптылыққа тартуға, сондай-ақ тiкелей қылмыс үстiнде ұсталғаннан және ауыр қылмыс жасағаннан басқа реттерде ұстауға болмайды.
Ескерту. 47-бапқа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 1999.05.06 N 375, 2004.04.14 N 545 Конституциялық заңдарымен.
48-бап. Мемлекеттiк органдардың сайлау бостандығын
қамтамасыз ету жөнiндегi қызметi
1. Соттар, прокуратура мен iшкi iстер органдары үшiн, сондай-ақ тұрғын үй қорын пайдалану жөнiндегi ұйымдар үшiн дауыс беру күнi мен соның қарсаңындағы күн жұмыс күнi болып табылады.
2. Iшкi iстер органдары мен тұрғын үй қорын пайдалану жөнiндегi ұйымдар сайлау комиссиялары қажет ететiн, тиiсiнше, мынадай:
1) дауыс берудi өткiзу кезiнде қоғамдық тәртiп пен сайлау бостандығын қамтамасыз ету;
2) сайлаушылар тiзiмдерiн нақтылау;
3) сайлау комиссияларының қызметiнде туындаған басқа да мәселелер жөнiнде көмек көрсетуге мiндеттi.
3. Егер сайлау комиссиясы өзiнiң атына берiлген өтiнiштi тексеру кезiнде өтiнiште көрсетiлген мән-жайларды құқық қорғау органдарының тексеруi қажет деп тапса, онда тиiстi органдар сайлау комиссиясының өтiнiшi бойынша мән-жайларды тексередi және өтiнiштi алған күннен бастап — үш күндiк мерзiмде, ал егер өтiнiш дауыс берiлетiн күн алдындағы бес күнге жетпейтiн уақыт iшiнде не дауыс берiлетiн күнi алынған жағдайда дереу өтiнiш бойынша шешiм шығарады.
Ескерту. 48-бапқа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 2004.04.14 N 545, 2009.02.09 N 124-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Конституциялық заңдарымен.
49-бап. Сайлау науқаны барысындағы шешiмдер мен
iс-әрекеттерге шағым беру және олардың
күшiн жою
Соттар мен прокуратура органдары сайлау комиссиялары мүшелерiнiң, азаматтардың, заңда белгiленген тәртiппен тiркелген қоғамдық бiрлестiктер өкiлдерiнiң дауыс берудi өткiзуге қатысты, сондай-ақ сайлау туралы заңдардың бұзылуы жөнiндегi сайлауды әзiрлеу мен өткiзу кезеңiнде келiп түскен арыздарын қарап, оларды бес күн мерзiмде, ал дауыс беру алдындағы бес күнге жетпейтiн уақыт iшiнде және дауыс беру күнi келiп түскендерiн дереу қарауға мiндеттi.
Жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару органдарының, кәсiпорындар мен ұйымдардың, олардың лауазымды адамдарының сайлау туралы заңдарды бұзатын шешiмдерi мен iс-әрекеттерiне сотқа шағым жасалады.
Соттар, прокуратура органдары мен сайлау комиссиялары өз жұмысын сайлау процесi кезiнде, оның iшiнде демалыс күндерi және сайлау өтетiн күнi, шағымдарды қабылдау мен қарауды осы Конституциялық заңда белгiленген мерзiмде қамтамасыз ететiндей етiп ұйымдастырады.
Азаматтар мен ұйымдардың сайлау заңнамасын бұзушылықтар туралы өтiнiштерiн, егер осы Конституциялық заңда өзгеше көзделмесе, сайлау комиссиялары шағым түскен күннен бастап бес күннiң iшiнде қарайды.
Сайлау комиссиясының және оның мүшелерiнiң шешiмдерi мен iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) жасалған шағымды, егер осы Конституциялық заңда өзгеше көзделмесе, жоғары тұрған комиссия шағым түскен күннен бастап үш күннiң iшiнде қарайды. ( V990836 )
Ескерту. 49-бапқа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 1999.05.06 N 375, 2004.04.14 N 545, 2005.04.15 N 44 Конституциялық заңдарымен.
50-бап. Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңдарын
бұзғаны үшiн жауаптылық
1. Тұлға:
1) сайлау комиссиясының жұмысына араласқан;
2) дауыс беруге кедергi келтiрген;
3) кандидатты, партиялық тiзiмдердi тiркеуге байланысты мiндеттердi орындауға кедергi келтiрген;
4) дауыстарды санауға және сайлау қорытындыларын анықтауға байланысты мiндеттердi орындауға кедергi келтiрген;
5) кандидатты, саяси партияны сайлау мақсатында өзiнiң лауазымдық немесе қызмет жағдайының артықшылықтарын пайдаланған;
6) сайлау құжаттарын қолдан жасаған;
7) дауыстарды көрiнеу қате санаған;
8) сайлау нәтижелерiн көрiнеу қате айқындаған;
9) дауыс беру құпиясын бұзған;
10) Республика азаматының өз сайлау құқығын еркiн жүзеге асыруына зорлық-зомбылық жасау, алдау, қорқыту, сатып алу жолымен кедергi келтiрген жағдайда заңмен белгiленген қылмыстық жауаптылықта болады.
2. Тұлға:
1) осы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес мәлiметтердi бермеген немесе жарияламаған;
2) сайлау комиссиясының өз құзыретi шегiнде қабылдаған шешiмiн орындамаған;
3) сайлау алдындағы үгiттi кандидатты, саяси партия ұсынған партиялық тiзiмдi тiркегенге дейiн, сайлау күнi не соның алдындағы күнi жүргiзген;
4) сайлау алдындағы үгiт жүргiзу құқығына кедергi келтiрген;
5) кандидаттар, саяси партиялар туралы көрiнеу жалған мәлiметтер таратқан немесе олардың ар-намысы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн өзге де iс-әрекеттер жасаған;
6) сайлау комиссиясы мүшелерiнiң құқықтарын бұзған;
7) азаматтардың сайлаушылар тiзiмiмен танысу құқығын бұзған;
8) сайлаушылар тiзiмдерiн жасау үшiн сайлаушылар туралы жалған мәлiметтер берген;
9) басқа адамдар үшiн дауыс беру мақсатымен азаматтарға сайлау бюллетеньдерiн берген;
10) сайлауға қатысу үшiн демалыс бермеген;
11) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сайлау алдындағы үгiт жүргiзу талаптарын бұзған;
12) анонимдi үгiт материалдарын дайындаған немесе таратқан;
13) үгiт материалдарын қасақана жойған немесе зақымдаған;
14) кандидаттарға, партиялық тiзiмдерiн ұсынған саяси партияларға олардың сайлау қорларынан тыс қаржылық (материалдық) қолдау көрсеткен;
15) кандидатты сайлау үшiн шет мемлекеттерден, ұйымдардан, азаматтардан, азаматтығы жоқ адамдардан қайырмалдық алған;
16) сайлауға байланысты қоғамдық пiкiрге сұрау салу жүргiзудiң талаптарын бұзған;
17) сайлауда кандидаттардың, саяси партиялардың сенiм бiлдiрiлген адамдарының, бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi мен байқаушылардың заңды қызметiне кедергi келтiрген жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген әкiмшiлiк және өзге де жауаптылықта болады.
3. Осы Конституциялық заңның бұзылуы анықталған кезде сайлау комиссиясы сотқа не прокуратураға жүгiнуге құқылы.
4. Кандидат, саяси партия осы Конституциялық заңның талаптарын бұзған кезде, кандидатты тiркеуден бас тарту немесе тiркеудiң күшiн жою үшiн негiз болып табылатын талаптарды қоспағанда, оларға ескертiледi, ал қайта бұзған кезде тиiстi сайлау комиссиясы кандидатты, партиялық тiзiмдi тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жояды.
Ескерту. 50-бап жаңа редакцияда — ҚР 2004.04.14 N 545 Конституциялық заңдарымен.
9-1-тарау. Электрондық сайлау жүйесiн пайдаланып сайлау
өткiзудiң ерекшелiктерi
Ескерту. 9-1-тараумен толықтырылды — ҚР 2004.04.14 N 545 Конституциялық заңымен.
50-1-бап. Электрондық сайлау жүйесi
1. Сайлау өткiзу кезiнде сайлаушылардың тiзiмiн жасау, дауыс беру, дауыс берудiң қорытындыларын белгiлеу мен сайлау нәтижесiн анықтау үшiн сайлау округi аумағында электрондық сайлау жүйесi пайдаланылуы мүмкiн.
Электрондық сайлау жүйесiн пайдаланып сайлау өткiзген кезде осы Конституциялық заңның нормалары электрондық сайлау жүйесiн пайдаланудың ерекшелiктерi ескерiле отырып қолданылады.
2. Электрондық сайлау жүйесi — сайлауға әзiрлену мен оны өткiзу кезiнде ақпараттық процестердi автоматтандыруға арналған ақпараттық технологиялардың, ақпараттық желiлердiң және оларды бағдарламалық-техникалық қамтамасыз ету құралдарының жиынтығы.
Электрондық сайлау жүйесiнде пайдаланылатын бағдарламалық-техникалық құралдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сертификатталуға тиiс.
3. Электрондық сайлау жүйесiн пайдаланып сайлау өткiзген кезде сенiм бiлдiрiлген адамдар, байқаушылар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi осы Конституциялық заңда көзделген құқықтар мен мiндеттерге толық көлемде ие болады.
4. Электрондық сайлау жүйесi Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен құрылған мемлекеттiк комиссия оны қабылдағаннан кейiн пайдаланылады.
Электрондық сайлау жүйесi пайдаланылатын сайлау округтерi мен сайлау учаскелерiн Орталық сайлау комиссиясы олардың электрондық дауыс беруге дайын болуына қарай анықтайды.
5. Электрондық сайлау жүйесiнiң жабдықтары учаскелiк сайлау комиссиясы мүшелерiнiң қатысуымен дауыс беруге кемiнде үш күн қалғанда ашылып, орнатылады, ол туралы акт жасалады.
Жабдықтарды ашу және орнату кезiнде сенiм бiлдiрiлген адамдар, байқаушылар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi қатысуға құқылы.
Электрондық сайлау жүйесiнiң жабдықтары орнатылған кезден бастап сайлау учаскесiн күзетудi iшкi iстер органдарының қызметкерлерi қамтамасыз етедi.
6. Жергiлiктi атқарушы органдар дауыс берiлетiн күнi сайлау учаскесi ашылған кезден бастап дауыс беру нәтижелерi Орталық сайлау комиссиясына берiлгенге дейiн электрондық дауыс беру өткiзiлетiн учаскелерге электр энергиясының үздiксiз берiлуiн қамтамасыз етедi.
7. Электрондық сайлау жүйесiн пайдалану тәртiбiнiң осы Конституциялық заңмен регламенттелмеген бөлiгiн Орталық сайлау комиссиясы белгiлейдi .
Ескерту. 50-1-бапқа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 2005.04.15 N 44 Конституциялық заңымен.
50-2-бап. Электрондық сайлау жүйесiне қойылатын талаптар
1. Электрондық сайлау жүйесi Конституция және осы Конституциялық заң талаптарының сақталуын, оған енгiзiлетiн және одан шығатын ақпараттардың дұрыстығын, толықтығын және уақтылығын қамтамасыз етуге тиiс.
2. Электрондық сайлау жүйесi ақпараттарға рұқсат етiлмеген жолмен қол жеткiзудi, ақпараттарды жинаушы, өңдеушi, жинақтаушы, сақтаушы, iздестiрушi және берушi бағдарламалық-техникалық құралдардың жұмыс ырғағын бұзуды, аталған құралдардың iстен шығуын болдырмайтын тиiстi қауiпсiздiк шараларымен қамтамасыз етiлуге тиiс.
3. Сайлауда электрондық сайлау жүйесiн пайдаланған кезде мыналарға:
Орталық сайлау комиссиясы белгiлегеннен басқа электрондық жүйелердi пайдалануға;
оны ортақ қолжетiмдi телекоммуникациялық желiлерге және электрондық сайлау жүйесiнде қолданылмайтын өзге де ақпараттық жүйелер мен байланыс желiлерiне қосуға;
электрондық дауыс берудi өткiзуге, дауыстарды санауға, сайлау нәтижелерi туралы ақпараттарды беруге заңсыз араласып, бақылау жасауға жол берiлмейдi.
4. Электрондық сайлау жүйесi кез келген енгiзiлген ақпаратты оның енгiзiлуiне қарай iс-әрекеттi cипаттап және енгiзудiң дәл уақытын көрсете отырып, автоматты түрде сақтауға мүмкiндiк беретiн бағдарламалық-техникалық қамтамасыз ету құралдарын (дауыс беру туралы деректердi жазу құрылғысын) қамтуға тиiс.
50-3-бап. Электрондық сайлау жүйесiн пайдаланып дауыс
беруге арналған үй-жай
1. Электрондық сайлау жүйесiн пайдаланып дауыс беруге арналған үй-жай, дауыс беруге арналған кабинада дауыс берудi қоспағанда, қатысып отырған адамдарға электрондық сайлау жүйесiн пайдаланып дауыс беру кезiндегi iс-әрекеттiң көрiнуi қамтамасыз етiлетiндей болып жабдықталады.
2. Электрондық сайлау жүйесiн пайдаланып дауыс беруге арналған үй-жайда электрондық сайлау жүйесiне қызмет көрсетуге Орталық сайлау комиссиясы белгiлеген тәртiппен рұқсат алған маман бола алады.
50-4-бап. Электрондық сайлау бюллетенi
1. Электрондық сайлау жүйесiн пайдаланып сайлау өткiзген кезде дауыс беру электрондық сайлау жүйесi құралдарымен жасалатын электрондық бюллетеньмен жүргiзiледi.
2. Электрондық сайлау бюллетенiнiң мәтiнi мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде жазылады және осы Конституциялық заңның 37-бабының 1-тармағында белгiленген талаптарға сай келуге тиiс.
50-5-бап. Электрондық дауыс берудi ұйымдастыру
1. Сайлау комиссиясының төрағасы дауыс беру басталардан отыз минут бұрын комиссия мүшелерiнiң қатысуымен:
электрондық сайлау жүйесiнiң дұрыс жұмыс iстеп тұрғандығын тексередi;
комиссияның сайлаушыларды есепке алуға және электрондық дауыс беруге арналған құрылғыны беруге жауапты мүшелерiн анықтайды.
Электрондық сайлау жүйесiнiң жұмысын тексерген кезде дауыс беруге арналған үй-жайда сенiм бiлдiрiлген адамдар, байқаушылар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi болуға құқылы.
Осы тарауда көзделген жағдайларды қоспағанда, электрондық сайлау жүйесiне қатысты ic-әрекеттi кiмнiң болса да жүзеге асыруына тыйым салынады.
2. Дауыс беру басталғанға дейiн сайлау комиссиясының төрағасы электрондық сайлау жүйесiн қосудың мөр басылып жабылған паролiн ашады және электрондық сайлау жүйесiн оны енгiзу жолымен iске қосады. Бұл ретте қатысушыларға парольдiң сақталу шараларының бүтiндiгiне алдын ала көз жеткiзу мүмкiндiгi қамтамасыз етiлуi тиiс.
Электрондық сайлау жүйесiн қосу Орталық сайлау комиссиясы белгiлеген уақытта жүргiзiледi.
3. Сайлаушы электрондық дауыс беруге сайлаушылардың тiзiмдерi негiзiнде сайлаушының жеке басын куәландыратын құжатын көрсетуi бойынша жiберiледi.
4. Дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс берген кезде осы Конституциялық заңға сәйкес сайлаушылар дауыс беруге арналған тасымалданатын құрылғының көмегiмен дауыс бередi, ол дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс дауыс берген барлық сайлаушылардың дауыстары туралы деректердiң сақталу мүмкiндiгiмен қамтамасыз етiлуге тиiс.
Осы Конституциялық заңның 41-бабының 6-тармағына сәйкес берген өтiнiштерi негiзiнде сайлаушылар тiзiмiнен олар туралы деректер электрондық дауыс беруге арналған тасымалданатын құрылғыға алдын ала енгiзiлiп қойылады.
5. Сайлаушы электрондық дауыс берудi жасырын дауыс беруге арналған кабинада жүзеге асырады, онда осы Конституциялық заңның 42-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, дауыс беретiн адамнан басқа адамның қатысуына тыйым салынады.
Сайлаушы электрондық дауыс беру бюллетенiнен электрондық дауыс беруге арналған құрылғыны басқару элементтерiн пайдалану жолымен өзi дауыс бергiсi келетiн кандидаттың аты-жөнiн табады және соған дауыс бергенiн растайды.
Сайлаушы саяси партия үшiн дауыс берген кезде электрондық дауыс беруге арналған құрылғыны басқару элементтерiн пайдалану жолымен өзi дауыс бергiсi келетiн саяси партияның атауын табады және соған дауыс бергенiн растайды.
Дауыс беруге арналған кабинада дауыс берген сайлаушы электрондық дауыс беруге арналған құрылғыны сайлау комиссиясының мүшесiне бередi.
6. Электрондық дауыс беруге және дауыстарды санауға кедергi келтiретiн техникалық ақаулар туындаған жағдайда сайлау комиссиясы бағдарламаны қайта қосу туралы шешiм қабылдауға құқылы, ол хаттамамен ресiмделедi және оған сайлау комиссиясының мүшелерi қол қояды.
Бұл шешiмнiң орындалуы электрондық сайлау жүйесiн пайдалануды қамтамасыз ететiн маманға жүктеледi.
7. Егер жабдықтың техникалық жай-күйi сайлауды тиiстi дәрежеде өткiзуге мүмкiндiк бермесе, онда тиiстi сайлау учаскесiнде дауыс беру Орталық немесе тиiстi аумақтық сайлау комиссиясының шешiмiмен ақауларды жоюға және дауыс берудi ұйымдастыруға қажеттi мерзiмге кейiнге қалдырылады.
Тиiстi сайлау учаскесiнде ақаулар туындағанға дейiн дауыс берген сайлаушылар кейiнгi дауыс беруге жалпы негiзде қатысады.
Ескерту. 50-5-бапқа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 2009.02.09 N 124-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Конституциялық заңымен.
50-6-бап. Электрондық сайлау жүйесiн пайдаланған
кезде дауыстарды санау
1. Электрондық дауыс берудi пайдаланған кезде дауыстарды санау электрондық сайлау жүйесiмен жүргiзiледi.
Дауыстарды санау осы Конституциялық заңмен белгiленген уақытта басталады, бiрақ осы учаскедегi дауыс беруге арналған барлық құрылғылардағы деректер электрондық сайлау жүйесiне енгiзiлмей тұрып басталмауы керек.
Дауыстарды санау туралы мәлiметтер дауыс беру туралы деректер құрылғысында тiркелуге тиiс.
2. Сайлау учаскесiндегi электрондық дауыс беру нәтижелерi туралы ақпарат электрондық жүйемен электрондық хаттамаға енгiзiлiп, ол комиссия мүшелерiнiң электрондық цифрлық қолтаңбаларымен расталады.
Сайлау комиссиясының мүшелерi қол қойған электрондық хаттаманың қағаздағы көшiрмесi сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға iлiнедi және үй-жайда екi күн бойы тұрады.
3. Осы Конституциялық заңға сәйкес дауыстарды санау кезiнде қатысқан адамның тiлегi бойынша оған комиссия төрағасы мен хатшысының қолдары қойылып, тиiстi сайлау комиссиясының мөрiмен расталған, электрондық дауыс беру нәтижелерi туралы электрондық хаттаманың қағазға түсiрiлген көшiрмесi берiледi.
50-7-бап. Электрондық сайлау жүйесiн пайдаланған
кезде сайлау қорытындыларын белгiлеу
1. Электрондық сайлау жүйесiн пайдаланған кезде сайлау округтерi бойынша сайлау қорытындыларын электрондық хаттамалар негiзiнде Орталық сайлау комиссиясы белгiлейдi және олар тиiстi сайлау комиссияларына хабарланады.
Электрондық сайлау жүйесi арнайы бөлiнген коммуникациялық желiлерге осы тармаққа сәйкес ақпарат беру үшiн қажеттi мерзiмге ғана қосылады.
2. Егер дауыс беру осы Конституциялық заңның 50-5-бабының 7-тармағымен көзделген тәртiппен кейiнге қалдырылған жағдайда, тиiстi сайлау округы бойынша сайлау қорытындылары тиiстi сайлау округының барлық учаскелерiнде дауыс беру өткiзiлгеннен кейiн белгiленедi.
50-8-бап. Электрондық сайлау жүйесiн пайдаланып
дауыс беру нәтижелерiне шағымдану
1. Жоғары тұрған сайлау комиссиясына немесе сотқа электрондық сайлау жүйесiн пайдаланып дауыс беру нәтижелерiне шағымдану кезiнде дауыс беру туралы деректердi жазуға арналған құрылғы дәлелдеме ретiнде қаралады.
2. Дауыс беру туралы деректердi жазуға арналған құрылғылар осы баптың мақсаттары үшiн тиiстi облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) аумақтық сайлау комиссиясында сақталады.
50-9-бап. Дауыс беру туралы деректердi жазуға
арналған құрылғыларды сақтау
Дауыстар саналғаннан кейiн дауыс беру туралы деректердi жазуға арналған құрылғы пакетке салынып, сайлау комиссиясының мөрiмен бекiтiледi және тиiстi облыстық (pecпубликалық маңызы бар қала, астана) сайлау комиссиясына берiледi.
Дауыс беру туралы деректердi жазуға арналған құрылғылар сайлау аяқталған күннен бастап бiр жыл бойына сақталады.
II. Ерекше бөлiм
10-тарау. Қазақстан Республикасы Президентiнiң сайлауы
51-бап. Республика Президентiнiң кезектi сайлауы
Президенттiң кезектi сайлауы бес жылда бiр рет тиiстi жылғы желтоқсанның бiрiншi жексенбiсiнде өткiзiледi және ол мерзiмi жағынан Республика Парламентiнiң жаңа құрамын сайлаумен тұспа-тұс келмеуге тиiс.
Ескерту. 51-бапқа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 1998.11.06 N 285, 2007.06.19 N 268 Конституциялық заңдарымен.
51-1-бап. Республика Президентiнiң кезектен тыс сайлауы
1. Президенттiң кезектен тыс сайлауы Республика Президентiнiң шешiмiмен тағайындалады және тағайындалған күнiнен бастап екi ай iшiнде өткiзiледi.
2. Кезектен тыс сайлаудан кейiнгi Президенттiң кезектi сайлауы бес жыл өткен соң осы Конституциялық заңда белгiленген мерзiмде жарияланады.
Ескерту. Конституциялық заң 51-1-баппен толықтырылды — ҚР 2011.02.03 № 404-IV (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Конституциялық заңымен.
52-бап. <*>
Ескерту. 52-бап алып тасталды — ҚР 1998.11.06 N 285 Конституциялық заңымен.
53-бап. Республика Президентi сайлауын жариялау
1. Президенттiң кезектi сайлауын Парламент Мәжiлiсi қыркүйектiң екiншi жексенбiсiнен кешiктiрмей жариялайды.
2. Алынып тасталды — ҚР 1998.11.06 N 285 Конституциялық заңымен.
3. Бiр адам қатарынан екi реттен артық Президент болып сайлана алмайды.
Бұл шектеу Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентiне — Елбасына қолданылмайды.
Ескерту. 53-бапқа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 1998.11.06 N 285, 2005.04.15 N 44, 2007.06.19 N 268, 2010.06.14 № 289-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Конституциялық заңдарымен.
54-бап. Республика Президенттiгiне кандидатқа қойылатын
талаптар
1. Президент болып сайлану үшiн азамат Конституцияның 41-бабының 2-тармағында белгiленген талаптарды қанағаттандыруға, сондай-ақ Конституцияның 33-бабының 2 және 3-тармақтарына және осы Конституциялық заңға сәйкес белсендi сайлау құқығына ие болуға тиiс.
2. Президенттiкке кандидатқа Конституция мен осы Конституциялық заң қоятын талаптарға оның сәйкестiгiн азаматтың өзiн-өзi ұсыну туралы өтiнiшi немесе республикалық қоғамдық бiрлестiктiң жоғары органының кандидатты ұсыну туралы хаттамасының үзiндiсiн кандидаттың дауысқа түсуге келiсiмi туралы өтiнiшiмен қоса тапсырған кезден бастап бес күн iшiнде Орталық сайлау комиссиясы белгiлейдi. Бұл ретте Президентке кандидаттың Қазақстан Республикасында соңғы он бес жыл тұру фактiсiн Орталық сайлау комиссиясы анықтайды, ал кандидаттың мемлекеттiк тiлдi еркiн игергенiн анықтау рәсiмi Республика Конституциялық Кеңесiнiң Конституцияның 41-бабының 2-тармағына ресми түсiндiрме беруi туралы актiсiне сәйкес Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен анықталады.
3. Алып тасталды — ҚР 2004.04.14 N 545 Конституциялық заңымен.
Ескерту. 54-бапқа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 1998.05.08 N 222, 1999.05.06 N 375, 2004.04.14 N 545, 2007.06.19 N 268 Конституциялық заңдарымен.
55-бап. Республика Президенттiгiне кандидаттар ұсыну
1. Президенттiкке кандидаттар ұсыну құқығы белгiленген тәртiппен тiркелген республикалық, қоғамдық бiрлестiктерде, сондай-ақ өзiн-өзi ұсыну жолымен — азаматтарда болады.
2. Президенттiкке кандидаттар ұсыну сайлау жарияланған күннен кейiнгi күнi басталып, сайлауға екi ай қалғанда аяқталады.
3. Президенттiкке кандидаттарды қоғамдық бiрлестiктер атынан олардың жоғары органдары ұсынады. Қоғамдық бiрлестiктер осы қоғамдық бiрлестiктiң мүшесi болып табылмайтын адамдарды кандидаттыққа ұсынуға хақылы. Қоғамдық бiрлестiк Президенттiкке бiр ғана кандидат ұсынуға хақылы. Президенттiкке кандидат ұсыну туралы шешiм республикалық қоғамдық бiрлестiктiң жоғары органы мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк даусымен қабылданады да хаттамадан үзiндi жасалады. Республикалық қоғамдық бiрлестiктiң жоғары органының шешiмi:
1) Президенттiкке кандидатқа жеткiзiледi;
2) Президенттiкке кандидаттың дауысқа түсуге келiсiм беруi туралы өтiнiшiмен қоса Орталық сайлау комиссиясына тапсырылады.
4. Президенттiкке кандидаттыққа өзiн-өзi ұсыну олардың Орталық сайлау комиссиясына тиiстi өтiнiш беруi арқылы жүргiзiледi.
5. Егер кандидаттарды тiркеу мерзiмi аяқталатын күнi Президенттiкке екiден кем кандидат тiркелген жағдайда, Орталық сайлау комиссиясы кандидаттарды ұсыну мерзiмiн жиырма күннен аспайтын мерзiмге ұзартады.
Ескерту. 55-бапқа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 1999.05.06 N 375, 2004.04.14 N 545, 2005.04.15 N 44 Конституциялық заңдарымен.
56-бап. Республика Президенттiгiне кандидатты
қолдап қол жинау
1. Сайлаушылардың Президенттiкке кандидатты қолдауы олардың қол жинауы арқылы расталады.
2. Президенттiкке кандидатты сайлаушылардың Республиканың облыстарының, республикалық маңызы бар қаласының және астанасының кем дегенде үштен екiсiнiң атынан теңдей өкiлдiк ететiн сайлаушылардың жалпы санының кем дегенде бiр процентi қолдауға тиiс.
3. Президенттiкке кандидатты қолдап қол жинауды сенiм бiлдiрiлген адамдар ұйымдастырады және кандидаттың Конституциямен және осы Конституциялық заңмен белгiленген талаптарға сәйкестiгiн тексеруден кейiн бес күннен кем емес мерзiмде осы Конституциялық заңның 55-бабының 3 және 4-тармақтарында белгiленген оны ұсыну туралы құжаттар негiзiнде Орталық сайлау комиссиясы беретiн қол қою парақтарымен ресiмделедi.
4. Әрбiр қол қою парағының рет нөмiрi болуға тиiс және оған кандидаттың тегi, аты, әкесiнiң аты мен оның сенiм бiлдiрген адамының жеке қолы, қол жинаушының тегi, аты, әкесiнiң аты, қол жинау жүргiзiлген елдi мекеннiң атауы, сондай-ақ қол қоятын адамдар туралы мынадай мәлiметтер бар бағаналар енгiзiлуге тиiс:
1) тегi, аты және әкесiнiң аты;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың нөмiрi мен сериясы;
3) туған күнi, айы мен жылы;
4) тұрғылықты немесе уақытша тұратын жерiнiң мекен-жайы;
5) жеке қолы.
5. Қол жинаушы адам қол жинаған кезде тиiстi қол қоятын парақта жеке қолы қойылған кандидаттың сенiм бiлдiрген адамының тiркелгенi туралы куәлiктiң көшiрмесiн көрсетуге тиiс.
6. Орталық сайлау комиссиясы:
1) қол қою парағының үлгiсiн бекiтедi;
2) Президенттiкке кандидаттарды қол қою парақтарының қажеттi санымен қамтамасыз етуге мiндеттi.
7. Президенттiкке кандидатты қолдауға қол жинау жөнiндегi толтырылған қол қою парақтары аумақтық сайлау комиссиясына тапсырылады, ол он күн iшiнде паспорт қызметi қызметкерлерiн қатыстыра отырып қойылған қолдардың шын екендiгiн тексерудi жүзеге асырады, тиiстi хаттаманы ресiмдейдi және оны Орталық сайлау комиссиясына жолдайды.
8. Қойылған қолдардың дұрыстығын тексеру, осы баптың 2-тармағына сәйкес, Президенттiкке кандидатқа қажеттi дұрыс қойылған қолдар саны анықталғанға дейiн жүргiзiледi.
Ескерту. 56-бапқа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 1999.05.06 N 375, 2004.04.14 N 545 Конституциялық заңдарымен.
57-бап. <*>
Ескерту. 57-бап алып тасталды — ҚР 2004.04.14 N 545 Конституциялық заңымен.
58-бап. Республика Президенттiгiне кандидаттың
сайлау қорының мөлшерi
Кандидаттың сайлау қоры:
1) жалпы сомасы заңмен белгiленген ең төменгi жалақы мөлшерiнен бес мың еседен артық аспауға тиiстi кандидаттың жеке қаражатынан;
2) жалпы сомасы заңмен белгiленген ең төменгi жалақы мөлшерiнен жетi мың еседен артық аспауға тиiс кандидатты ұсынған республикалық қоғамдық бiрлестiктiң қаражатынан;
3) жалпы сомасы заңмен белгiленген ең төменгi жалақы мөлшерiнен он бес мың еседен артық аспауға тиiс Республика азаматтары мен ұйымдарының өз еркiмен берген қайырмалдықтарынан құралады.
Ескерту. 58-бапқа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 2004.04.14 N 545 Конституциялық заңымен.
59-бап. Республика Президенттiгiне кандидаттарды тiркеу
1. Президенттiкке кандидаттарды тiркеудi Орталық сайлау комиссиясы жүзеге асырады.
2. Президенттiкке кандидат тiркелгенге дейiн және оның Конституция мен осы Конституциялық заң талаптарына сәйкес келуi тексеруден өткеннен кейiн, сондай-ақ оны қолдап жиналған қолдарды тексергеннен кейiн Орталық сайлау комиссиясының есеп-шотына заңмен белгiленген ең төменгi жалақының елу мәрте мөлшерiнде сайлау жарнасын енгiзедi. Кандидат сайлау қорытындылары бойынша Республика Президентi болып сайланған немесе кандидат дауыс беру қорытындылары бойынша дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының кемiнде бес процентiн алған жағдайларда, сондай-ақ кандидат қайтыс болған жағдайда енгiзiлген жарна кандидатқа қайтарылады. Қалған жағдайлардың бәрiнде енгiзiлген жарна қайтарылмауға тиiс және республикалық бюджет кiрiсiне алынады.
Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) тiркеуге дейiн тұрғылықты жерi бойынша салық органдарына осы Конституциялық заңға сәйкес белгiленген ұсыну мерзiмi басталатын айдың бiрiншi күнiне мемлекет алдындағы салық мiндеттемелерiнiң орындалуына салық бақылауын қамтамасыз ететiн Қазақстан Республикасының уәкiлеттi мемлекеттiк органы белгiлеген тәртiппен және нысанда табысы және мүлкi туралы декларациялар ұсынады.
Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) жариялаған табысы және мүлкi туралы мәлiметтердiң дұрыстығын салық қызметi органдары кандидат тiркелген күннен бастап он бес күн iшiнде тексередi.
Бұл ретте салық қызметi органдарынан кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) табысы және мүлкi туралы мәлiметтер беру жөнiнде талап алған ұйымдар сұратылған ақпаратты талап алынған күннен бастап төрт күн iшiнде беруге мiндеттi.
3. Президенттiкке кандидаттар нешеу болса да тiркеуге ұсынылады.
4. Президенттiкке кандидаттарды тiркеу, егер сайлауды тағайындау кезiнде өзгеше көзделмесе, сайлауға дейiн екi ай бұрын басталады және сайлауға қырық күн қалғанда аяқталады.
5. Қоғамдық ұйымнан Президенттiкке кандидаттарды тiркеу мынадай құжаттар болған жағдайда жүзеге асырылады:
1) қоғамдық бiрлестiктiң жоғары органының Президенттiкке кандидат ұсыну жөнiндегi мәжiлiсiнiң осы қоғамдық бiрлестiктi Республиканың Әдiлет министрлiгiнде тiркеу туралы құжаттың көшiрмесi қоса тiркелген хаттаманың үзiндiсi;
2) Президенттiкке кандидат болып дауысқа түсуге келiсiм беру жөнiндегi өтiнiш;
3) азаматтардың кандидатты қолдап жиналған қолдарын тексерудiң нәтижесi туралы аумақтық сайлау комиссиясының хаттамалары;
4) кандидаттың өмiрбаяндық деректерi;
4-1) алып тасталды — ҚР 2004.04.14 N 545 Конституциялық заңымен;
4-2) кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) табысы және мүлкi туралы декларация тапсырғаны туралы салық органының анықтамасы;
5) кандидаттың сайлау жарнасын енгiзгенiн куәландыратын құжат.
6. Президенттiкке кандидат өзiн өзi ұсынған жағдайда оны тiркеу мына құжаттары болған жағдайда жүзеге асырылады:
1) Президенттiкке кандидат болып дауысқа түсу ниетi жөнiндегi өтiнiшi;
2) аумақтық сайлау комиссиясының азаматтардың Президенттiкке кандидатты қолдап жиналған қолдарды тексеру нәтижелерi жөнiндегi хаттамасы;
3) кандидат туралы өмiрбаяндық деректер;
3-1) алып тасталды — ҚР 2004.04.14 N 545 Конституциялық заңымен;
3-2) кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) табысы және мүлкi туралы декларация тапсырғаны туралы салық органының анықтамасы;
4) кандидаттың сайлау жарнасын енгiзгендiгiн куәландыратын құжат.
7. Орталық сайлау комиссиясы:
1) Президенттiкке кандидаттарды тiркегеннен кейiн жетi күннен кешiктiрмей бұқаралық ақпарат құралдарында әрбiр кандидаттың тегiн, аты мен әкесiнiң атын, туған жылын, атқаратын қызметiн (жұмысын), жұмыс орны мен тұрғылықты жерiн көрсетiп, сондай-ақ кандидаттың қалауына қарай оның қоғамдық бiрлестiкке қатыстылығы мен ұлты туралы мәлiметтердi жариялайды;
2) тiркелген кезде кандидаттарға тиiстi куәлiк бередi;
3) мынадай жағдайда:
кандидат ұсыну ережелерiн бұзған, тiркеу үшiн қажеттi құжаттарды табыс етпеген;
кандидат Конституцияда және осы Конституциялық заңда оған қойылатын талаптарға сәйкес келмеген;
кандидат өзiнiң сайлау алдындағы науқанында лауазымдық немесе қызмет жағдайын пайдаланған;
кандидат өзiн тiркегенге дейiн, сайлау күнi не соның алдындағы күнi сайлау алдындағы үгiт жүргiзген;
сот кандидаттың және (немесе) оның сенiм бiлдiрiлген адамдарының басқа кандидаттың ар-намысы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн, оның iскерлiк беделiн түсiретiн жалған мәлiметтердi тарату фактiсiн анықтаған;
сот кандидат пен оның сенiм бiлдiрiлген адамдарының сайлаушыларды сатып алу фактiлерiн анықтаған;
осы Конституциялық заңда белгiленген өзге де жағдайларда кандидатты тiркеуден бас тартады немесе тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жояды;
3-1) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы заңдарына сәйкес кандидаттың немесе оның жұбайының (зайыбының) декларацияны тапсыру кезiне декларацияда көрсеткен табысы мен мүлкi туралы мәлiметтердiң дұрыс еместiгi анықталған жағдайда кандидатты тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жояды.
Тiркеуден бас тартуға немесе тiркеудiң күшiн жоюға қатысты кандидаттар тиiстi сотқа шағым жасай алады.
Дауыс беретiн күнге екi күн қалғанда кандидатты тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жоюға немесе бұған дейiн тiркеуден шығарылған кандидатты қалпына келтiруге жол берiлмейдi.
8. Орталық сайлау комиссиясының Президенттiкке кандидатты тiркеуден бас тартуына немесе тiркеу жөнiндегi шешiмнiң күшiн жоюына кандидаттың жеке өзi не оны ұсынған қоғамдық бiрлестiк он күн iшiнде Жоғарғы Сотқа шағым беруi мүмкiн, ол шағымды берiлген күнiнен бастап он күн мерзiм iшiнде қарайды. Жоғарғы Соттың шешiмi түпкiлiктi болып табылады.
Ескерту. 59-бапқа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 1998.05.08 N 222, 1999.05.06 N 375, 1999.06.28 N 407, 2004.04.14 N 545, 2005.04.15 N 44 Конституциялық заңдарымен.
60-бап. Кандидатурасын алып тастау, кандидат ұсыну
туралы шешiмнiң күшiн жою
1. Президенттiкке кандидат тiркелген күннен бастап және дауыс беруге екi күн қалғанға дейiнгi кез келген уақытта Орталық сайлау комиссиясына бұл туралы жазбаша өтiнiш бере отырып өз кандидатурасын алып тастай алады.
2. Республикалық қоғамдық бiрлестiктiң жоғары органы тiркеуге дейiн және тiркеуден кейiн кез келген уақытта тиiсiнше Орталық сайлау комиссиясына ұсыныс жасау арқылы Президенттiкке кандидат ұсыну жөнiндегi өз шешiмiнiң күшiн жоя алады.
3. Мұндай жағдайда Орталық сайлау комиссиясы кандидатты тiркемейдi не оны тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жояды.
4. Егер кандидатураны алу немесе кандидатты ұсыну туралы шешiмнiң күшiн жою осыған мәжбүр ететiн себептерсiз жүргiзiлген болса, онда Орталық сайлау комиссиясы сайлау науқанын өткiзуге республикалық бюджет қаражатынан жұмсалған шығыстың бiр бөлiгiн кандидаттың немесе тиiсiнше оны ұсынған қоғамдық бiрлестiктiң есебiне жатқызуға хақылы.
Ескерту. 60-бапқа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 1999.05.06 N 375, 2004.04.14 N 545, 2005.04.15 N 44 Конституциялық заңдарымен.
61-бап. Тiркеу мерзiмi аяқталғаннан кейiн шығып
қалғандардың орнына Республика
Президенттiгiне кандидаттар ұсыну
1. Тiркеу мерзiмi аяқталғаннан кейiн кандидаттардың шығып қалуы нәтижесiнде Президенттiкке екiден кем кандидат қалған жағдайда, Орталық сайлау комиссиясы өз қаулысымен сайлауды екi айдан аспайтын мерзiмге ұзартады.
2. Мұндай жағдайда Президенттiкке кандидаттар ұсыну осы Конституциялық заңда белгiленген ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 61-бапқа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 1999.05.06 N 375, 2004.04.14 N 545 Конституциялық заңдарымен.
62-бап. Республика Президентiн сайлау кезiндегi
дауыстарды санау
1. Президент сайлауында дауыстарды санау нәтижелерi аумақтық сайлау комиссияларының мәжiлiстерiнде белгiленедi және хаттамаға енгiзiледi, оған комиссия төрағасы мен мүшелерi қол қойып, екi күн мерзiм iшiнде Орталық сайлау комиссиясына жолданады.
2. Дауыстарды санау нәтижелерiн анықтауға байланысты өзге мәселелер осы Конституциялық заңның Жалпы бөлiмiнде белгiленген ережелерге сәйкес шешiледi.
Ескерту. 62-бапқа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 1999.05.06 N 375 Конституциялық заңдарымен.
63-бап. Қайта дауыс беру
1. Егер сайлау бюллетенiне екiден артық Президенттiкке кандидаттар енгiзiлiп және олардың бiрде-бiреуi сайланбай қалса, Орталық сайлау комиссиясы ең көп дауыс алған екi кандидат бойынша Президент сайлауы жөнiнде қайта дауыс беру тағайындайды. Кандидаттардың бiреуi шығып қалған жағдайда, сайлау бюллетенiне неғұрлым көп дауыс алған келесi кандидат енгiзiледi.
2. Қайта дауыс беру осы Конституциялық заңның талаптарын сақтай отырып екi ай мерзiмнен кешiктiрiлмей өткiзiледi. Қайта дауыс берудi өткiзу туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланады.
3. Алып тасталды — ҚР 1998.11.06 N 285 Конституциялық заңымен.
Ескерту. 63-бапқа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 1998.11.06 N 285, 1999.05.06 N 375, 2004.04.14 N 545 Конституциялық заңдарымен.
64-бап. Қайта сайлау
1. Егер Президент сайлауы жарамсыз деп танылса, не қайта дауыс беру сайланған Президенттi анықтауға мүмкiндiк бермесе, Орталық сайлау комиссиясы Президент сайлауын қайта тағайындайды.
2. Қайта сайлау алғашқы сайлаудан кейiн екi ай мерзiмнен кешiктiрiлмей өткiзiледi. Дауыс беру бастапқы сайлауды өткiзу үшiн жасалған тiзiм бойынша және сол сайлау учаскелерiнде өткiзiледi.
3. Сайлау комиссияларын құру, Президенттiкке кандидаттар ұсыну мен тiркеу, басқа да сайлау шаралары осы Конституциялық заңда белгiленген тәртiп бойынша жүзеге асырылады. Бұл ретте сайлау шаралары мерзiмiнiң қысқартылуын Орталық сайлау комиссиясы анықтайды.
4. Қайта сайлау өткiзу туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланады.
Ескерту. 64-бапқа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 1999.05.06 N 375, 2004.04.14 N 545 Конституциялық заңдарымен.
65-бап. Республика Президентi сайлауының қорытындыларын
анықтау және жариялау
1. Орталық сайлау комиссиясы аумақтық сайлау комиссиясы хаттамаларының негiзiнде сайлаудан кейiн жетi күндiк мерзiмнен кешiктiрмей Президент сайлауының қорытындыларын белгiлейдi және тиiстi қаулы қабылдайды.
2. Республика Президентi болып:
1) дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың елу процентiнен астамының дауысын алған;
2) қайта дауыс беру кезiнде, басқа кандидатпен салыстырғанда, дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың көпшiлiк дауысын алған.
3) алып тасталды — ҚР 2004.04.14 N 545 Конституциялық заңымен.
3. Республика Президентi сайлауының қорытындысын анықтау мен жариялауға байланысты өзге мәселелер осы Конституциялық заңның Жалпы бөлiмiнде белгiленген ережелерге сәйкес шешiледi.
Ескерту. 65-бапқа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 1998.11.06 N 285, 1999.05.06 N 375, 2004.04.14 N 545 Конституциялық заңдарымен.
66-бап. Сайланған Республика Президентiн тiркеу
1. Орталық сайлау комиссиясы аумақтық сайлау комиссияларының хаттамалары негiзiнде сайлау өткiзген күннен бастап жетi күн мерзiм iшiнде сайланған Республика Президентiн тiркейдi.
2. Егер учаскелердiң немесе әкiмшiлiк бөлiнiстердiң жалпы санының кемiнде төрттен бiр бөлiгiнде:
1) сайлау жарамсыз деп танылса;
2) не оның барысында немесе дауысты санау не дауыс беру нәтижелерiн анықтау кезiнде осы Конституциялық заңды бұзу орын алса, Орталық сайлау комиссиясы тиiстi сайлау комиссияларының ұсынысы, азаматтардың арыздары бойынша сайланған Президенттi тiркеуден бас тартуы мүмкiн.
3. Осы баптың 2-тармағында көрсетiлген ретпен қабылданған Орталық сайлау комиссиясының шешiмiне Президенттiкке кандидат оның қабылданған күнiнен бастап он күн iшiнде Жоғарғы Сотқа шағым бере алады, ол он күн мерзiм iшiнде түпкiлiктi шешiм қабылдайды.
Ескерту. 66-бапқа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 1999.05.06 N 375 Конституциялық заңдарымен.
66-1-бап. Республика Президентiнiң кезектен тыс сайлауын
өткiзу
Президенттiң кезектен тыс сайлауы осы Конституциялық заңда Президенттiң кезектi сайлауы үшiн белгiленген қағидаларға сәйкес өткiзiледi. Сайлау iс-шараларын өткiзу мерзiмiн Орталық сайлау комиссиясы айқындайды.
Ескерту. Конституциялық заң 66-1-баппен толықтырылды — ҚР 2011.02.03 № 404-IV (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Конституциялық заңымен.
67-бап. <*>
Ескерту. 67-бап алып тасталды — ҚР 1998.11.06 N 285 Конституциялық заңдарымен.
68-бап. Республика Конституциялық Кеңесiнiң Республика
Президентi сайлауын өткiзудiң дұрыстығы
жөнiндегi мәселенi қарауы
1. Республика Президентiнiң, Сенат Төрағасының, Мәжiлiс Төрағасының, Парламент депутаттары жалпы санының кемiнде бестен бiр бөлiгiнiң, Премьер-Министрдiң сайлау қорытындылары шығарылғаннан кейiн он күн iшiнде берiлуi мүмкiн өтiнiшi бойынша Конституциялық Кеңес дау туындаған жағдайда Республика Президентi сайлауын өткiзудiң дұрыстығы жөнiндегi мәселенi шешедi. Бұл ретте Республика Президентiнiң қызметке кiрiсуi өтiнiштi қарау кезiнде тоқтатыла тұрады.
2. Орталық сайлау комиссиясы Республика Президентi сайлауын өткiзудiң дұрыстығы жөнiнде дау туындаған жағдайда сайлауды әзiрлеу мен өткiзуге байланысты материалдарды Конституциялық Кеңеске бередi.
3. Конституциялық Кеңес Конституцияны бұзу анықталған учаскелердегi (әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстердегi) Республика Президентi сайлауы Конституцияға сәйкес емес деп таныған жағдайда Орталық сайлау комиссиясы тиiстi учаскелердегi (әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстердегi) сайлауды жарамсыз деп тану және сайлау жарамсыз деп танылған учаскелерде (әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстерде) екi ай iшiнде қайта дауыс беру өткiзу жөнiнде шешiм қабылдайды.
Ескерту. 68-бапқа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 1999.05.06 N 375, 2004.04.14 N 545 Конституциялық заңдарымен.
11-тарау. Республика Парламентi Сенатының депутаттарын сайлау
69-бап. Сенат депутаттары сайлауын тағайындау
1. Сайлау тағайындауға мыналар:
1) кезектi сайлау үшiн — Сенат депутаттарының конституциялық өкiлеттiгi мерзiмiнiң бiтуi;
2) кезектен тыс сайлау үшiн — Парламент өкiлеттiгiнiң мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы Сенатта өкiлдiгi жоқ тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстердiң құрылуы;
3) шығып қалған депутаттардың орнына сайлау өткiзу үшiн — депутат өкiлеттiгiнiң мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы, оны мандатынан айыру не оның қайтыс болуы негiз болып табылады.
2. Осы баптың 1-тармағының 1)-тармақшасында белгiленген жағдайда депутаттар сайлауын Сенат депутаттарының конституциялық өкiлеттiгi мерзiмiнiң бiтуiне дейiн кемiнде төрт ай қалғанда Республика Президентi тағайындайды және ол конституциялық өкiлеттiк мерзiмiнiң бiтуiнен кемiнде екi ай бұрын өткiзiледi.
3. Осы баптың 1-тармағының 2)-тармақшасында көзделген жағдайда депутаттар сайлауын Республика Президентi бiр мезгiлде Парламент өкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын тоқтату туралы шешiм қабылдай отырып әрi Парламент өкiлеттiгiн тоқтатқан күннен бастап екi айдың iшiнде тағайындайды.
4. Осы баптың 1-тармағының 3)-тармақшасында көзделген жағдайда шығып қалғандар орнына депутаттар сайлауын Орталық сайлау комиссиясы мерзiмiнен бұрын тоқтатылған, депутаттық мандатынан айырылған, не оның қайтыс болған сәтiнен бастап екi айдан кешiктiрмей тағайындайды.
5. Сенат депутаттары сайлауы Конституцияның 41-бабының 3-тармағының талаптары ескерiле отырып тағайындалады және мерзiмi бойынша Парламент Мәжiлiсi депутаттарының сайлауымен сәйкес келе алмайды.
Ескерту. 69-бапқа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 1999.05.06 N 375 Конституциялық заңдарымен.
70-бап. Сенат депутаттығына кандидаттарға
қойылатын талаптар
Сенат депутаты болып сайлану үшiн азамат Конституцияның 51-бабының 4-тармағында белгiленген талаптарды қанағаттандыруға, сондай-ақ Конституцияның 33-бабының 2 және 3-тармақтарына және осы Конституциялық заңға сәйкес белсендi сайлау құқығына ие болуға тиiс.
Ескерту. 70-бапқа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 1999.05.06 N 375, 2004.04.14 N 545 Конституциялық заңдарымен.
71-бап. Сенат депутаттығына кандидаттар ұсыну
1. Сенат депутаттығына кандидаттар ұсыну сайлау тағайындалғаннан кейiн келесi күнi басталып, сайлау өткiзiлетiн күнге бiр ай қалғанда аяқталады.
2. Сенат депутаттығына кандидаттар ұсыну:
1) облыстық (республикалық маңызы бар қалалар мен астана), қалалық, аудандық мәслихаттар сессияларында жүргiзiледi. Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бiрлестiктер өздерiнiң мәслихаттардағы өкiлдерi арқылы Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының депутаттығына кандидатуралар ұсынады. Бұл ретте бiрнеше мәслихаттан бiр кандидат ұсынылуы мүмкiн;
2) өзiн-өзi ұсыну тәртiбiмен жүргiзiледi.
3. Сенат депутаттығына кандидат болып тиiстi облыстың, республикалық маңызы бар қаланың немесе Республика астанасының аумағында тұратын азамат ұсыныла алады.
4. Сенат депутаттығына кандидат етiп ұсыну жөнiндегi шешiм тиiстi мәслихат депутаттарының жалпы санының көпшiлiк дауысымен қабылданады және бұл шешiм:
1) ұсынылған кандидатқа жеткiзiледi;
2) кандидаттың дауысқа түсуге келiсiмi туралы өтiнiшiмен бiрге тиiстi облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасының сайлау комиссиясына жiберiледi.
5. Сенат депутаттығына кандидаттардың өзiн-өзi ұсынуы азаматтардың тиiстi аумақтық сайлау комиссиясына осы әкiмшiлiк аумақтық бөлiнiс бойынша өзiнiң Сенат депутаттығына кандидат болып дауысқа түсу ниетi жайында өтiнiш беру арқылы жүргiзiледi.
6. Облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасының) сайлау комиссиясы үш күн iшiнде кандидаттың Конституция мен осы Конституциялық заң қоятын талаптарға сәйкестiгiн анықтайды және осы баптың 4-тармағының 2)-тармақшасында, 5-тармағында көрсетiлген оның ұсынылуы туралы құжаттар негiзiнде оған таңдаушылардың қолдарын жинау үшiн қол қою парақтарын бередi.
7. Кандидаттарды тiркеу мерзiмi аяқталған күнi Сенаттың депутаттығына екiден кем кандидат тiркелген жағдайда, Орталық сайлау комиссиясы тиiстi аумақтық сайлау комиссиясының ұсынуы бойынша кандидаттарды ұсыну мерзiмiн жиырма күннен аспайтын мерзiмге ұзартады.
Ескерту. 71-бапқа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 1999.05.06 N 375, 2004.04.14 N 545, 2007.06.19 N 268 Конституциялық заңдарымен.
72-бап. Сенат депутаттығына кандидатты қолдап қол жинау
1. Сенат депутаттығына кандидат облыс мәслихаттарының, республикалық маңызы бар қала немесе Республика астанасы мәслихатының өкiлдерi болып табылатын таңдаушылардың жалпы санының кемiнде он процентiнiң қолдауына, бiрақ бiр мәслихаттан таңдаушылар дауысының жиырма бес процентiнен аспайтын даусына ие болуға тиiс.
2. Таңдаушылардың қолдауы олардың қолдарын жинаумен куәландырылады. Бұл орайда таңдаушылардың әрқайсысы Сенаттың депутаттығына бiр кандидатты ғана қолдап өз қолын қоюға құқылы. Сенаттың депутаттығына кандидат тiркелгеннен кейiн қойылған қол тек сот шешiмiнiң негiзiнде ғана керi қайтарылып алынады.
3. Сенат депутаттығына кандидатты қолдап қол жинауды сенiм бiлдiрiлген адамдар ұйымдастырады және бұл тиiстi облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасының) сайлау комиссиясы беретiн қол қою парақтарымен ресiмделедi.
4. Әрбiр қол қою парағында рет нөмiрi мен кандидаттың және қол жинаушының тегi, аты мен әкесiнiң аты, кандидаттың жеке қолы, сондай-ақ өз қолдарын қоятын таңдаушылар жайында мынадай мәлiметтердi бiлдiретiн бағаналар болуға тиiс:
1) тегi, аты мен әкесiнiң аты;
2) өзi депутаты болып табылатын мәслихат;
3) туған күнi, айы мен жылы;
4) тұрғылықты мекен жайы;
5) жеке қолы.
5. Қол қою парағының үлгiсiн Орталық сайлау комиссиясы бекiтедi.
6. Толтырылған қол қою парақтары тиiсiнше облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасының) сайлау комиссиясына тапсырылады, олар бес күн мерзiм iшiнде жиналған қолдардың растығын паспорт қызметiнiң қызметкерлерiн қатыстыра отырып тексерудi жүзеге асырады және тиiстi хаттаманы ресiмдейдi.
7. Егер қойылған қолдардың растығын тексеру нәтижесiнде жиналған қолдардың бiр процентiнен артығы рас болмай шыққан жағдайда, Сенат депутаттығына кандидатты тiркеуден бас тартылады.
Ескерту. 72-бапқа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 1999.05.06 N 375, 2004.04.14 N 545 Конституциялық заңдарымен.
73-бап. Сенат депутаттығына кандидаттарды тiркеу
1. Сенат депутаттығына кандидаттарды тiркеудi тиiсiнше облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасының) сайлау комиссиялары жүзеге асырады.
2. Сенат депутаттығына кандидат тiркелгенге дейiн және оның Конституция мен осы Конституциялық заң қоятын талаптарға сәйкестiгi тексерiлгеннен кейiн, сондай-ақ оны қолдап жиналған қолдар тексерiлгеннен кейiн Орталық сайлау комиссиясының шотына депозит ретiнде заңдарда белгiленген ең төменгi жалақының он бес еселенген мөлшерiнде сайлау жарнасын енгiзедi. Кандидат сайлау қорытындылары бойынша Парламент Сенатының депутаты болып сайланған немесе кандидат дауыс беру қорытындылары бойынша дауыс беруге қатысқан таңдаушылар даусының кемiнде бес процентiн алған жағдайларда, сондай-ақ кандидат қайтыс болған жағдайда енгiзiлген жарна кандидатқа қайтарылады. Қалған жағдайлардың бәрiнде енгiзiлген жарна қайтарылмауға тиiс және республикалық бюджет кiрiсiне алынады.
Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) тiркеуге дейiн тұрғылықты жерi бойынша салық органдарына осы Конституциялық заңға сәйкес белгiленген ұсыну мерзiмi басталатын айдың бiрiншi күнiне мемлекет алдындағы салық мiндеттемелердiң орындалуына салық бақылауын қамтамасыз ететiн Қазақстан Республикасының уәкiлеттi мемлекеттiк органы белгiлеген тәртiппен және нысанда табысы және мүлкi туралы декларациялар ұсынады.
Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) жариялаған табысы және мүлкi туралы мәлiметтердiң дұрыстығын салық қызметi органдары кандидат тiркелген күннен бастап он бес күн iшiнде тексередi.
Бұл ретте салық қызметi органдарынан кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) табысы және мүлкi туралы мәлiметтер беру жөнiнде талап алған ұйымдар сұратылған ақпаратты талап алынған күннен бастап төрт күн iшiнде беруге мiндеттi.
3. Сенат депутаттығына кандидатты тiркеу барлық қажеттi құжаттар алынғаннан кейiн басталып, егер сайлау тағайындау кезiнде өзгеше көзделмесе, сайлау күнiне жиырма күн қалғанда аяқталады.
4. Мәслихаттан (мәслихаттардан) ұсынылған Сенат депутаттығына кандидатты тiркеу мына құжаттар:
1) облыстық, қалалық немесе аудандық мәслихаттың депутаттыққа кандидат етiп ұсыну туралы шешiмi;
2) депутаттыққа кандидат болып дауысқа түсуге келiсiмi туралы өтiнiшi;
3) тиiсiнше облыстық немесе қалалық (республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасы) сайлау комиссиясының таңдаушылардың кандидатты қолдап қойған қолдарын тексеруiнiң нәтижесi туралы хаттамасы;
4) кандидаттың өмiрбаяндық деректерi;
4-1) алып тасталды — ҚР 2004.04.14 N 545 Конституциялық заңымен;
4-2) кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) табысы және мүлкi туралы декларация тапсырғаны туралы салық органының анықтамасы;
5) кандидаттың сайлау жарнасын енгiзгендiгiн куәландыратын құжаты болған жағдайда жүзеге асырылады.
5. Сенат депутаттығына кандидатты тiркеу ол өзiн-өзi ұсынған жағдайда, мына құжаттар:
1) азаматтың депутаттыққа кандидат болып дауысқа түсу ниетi туралы өтiнiшi;
2) тиiсiнше облыстық немесе қалалық (республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасының) сайлау комиссиясының таңдаушылардың кандидатты қолдайтын қолдарын тексеру нәтижелерi туралы хаттамасы;
3) кандидат туралы өмiрбаяндық деректер;
3-1) алып тасталды — ҚР 2004.04.14 N 545 Конституциялық заңымен;
3-2) кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) табысы және мүлкi туралы декларация тапсырғаны туралы салық органының анықтамасы;
4) кандидаттың сайлау жарнасын енгiзгенiн растайтын құжат болған жағдайда жүзеге асырылады.
6. Облыстық немесе қалалық (республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасының) сайлау комиссиясы:
1) Сенат депутаттығына кандидаттарды тiркеген кезде оларға тиiстi куәлiк бередi;
2) Сенат депутаттығына кандидаттарды тiркегеннен кейiн жетi күннен кешiктiрмей әр кандидаттың тегiн, атын, әкесiнiң атын, туған жылын, атқаратын қызметiн (жұмысын), жұмыс орны мен тұрғылықты жерiн, сондай-ақ кандидаттың қалауына қарай оның қоғамдық бiрлестiкке қатыстылығы мен ұлты туралы мәлiметтердi көрсете отырып, тiркеу туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабар жариялайды;
3) мынадай жағдайда:
кандидат ұсыну ережелерiн бұзған, тiркеу үшiн қажеттi құжаттарды табыс етпеген;
кандидат Конституцияда және осы Конституциялық заңда оған қойылатын талаптарға сәйкес келмеген;
кандидат өзiнiң сайлау алдындағы науқанында лауазымдық немесе қызмет жағдайын пайдаланған;
кандидат сайлау алдындағы үгiттi өзiн тiркегенге дейiн, сайлау күнi не соның алдындағы күнi жүргiзген;
кандидаттың және (немесе) оның сенiм бiлдiрiлген адамдарының басқа кандидаттың ар-намысы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн, оның iскерлiк беделiн түсiретiн жалған мәлiметтердi таратқан фактiсiн сот анықтаған;
сот кандидат пен оның сенiм бiлдiрiлген адамдарының сайлаушыларды сатып алу фактiлерiн анықтаған;
осы Конституциялық заңда белгiленген өзге де жағдайларда кандидатты тiркеуден бас тартады немесе оны тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жояды;
3-1) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы заңдарына сәйкес кандидаттың немесе оның жұбайының (зайыбының) декларацияны тапсыру кезiне декларацияда көрсеткен табысы мен мүлкi туралы мәлiметтердiң дұрыс еместiгi анықталған жағдайда кандидатты тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жояды.
Тiркеуден бас тартуға немесе тiркеудiң күшiн жоюға қатысты кандидаттар тиiстi сотқа шағым жасай алады.
Дауыс беретiн күнге екi күн қалғанда кандидатты тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жоюға немесе бұған дейiн тiркеуден шығарылған кандидатты қалпына келтiруге жол берiлмейдi.
7. Кандидатты тiркеуден бас тартуға немесе тiркеу туралы шешiм күшiнiң жойылуына оны ұсынған мәслихат (мәслихаттар) немесе кандидаттың жеке өзi жетi күн мерзiмде Орталық сайлау комиссиясына немесе сотқа шағым бере алады. Бұл ретте шағым берiлген күнiнен бастап жетi күн iшiнде қаралады.
8. Тиiстi аумақтық сайлау комиссиясы Сенат депутаттығына кандидаттарды тiркеу туралы хаттама жасайды, ол үш күндiк мерзiмде Орталық сайлау комиссиясына табыс етiледi.
Ескерту. 73-бапқа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 1998.05.08 N 222, 1999.05.06 N 375, 1999.06.28 N 407, 2004.04.14 N 545, 2005.04.15 N 44 Конституциялық заңдарымен.
74-бап. Кандидатурасын алып тастау, Сенат депутаттығына
кандидат етiп ұсыну туралы шешiмнiң күшiн жою
1. Сенат депутаттығына кандидат тiркелген күннен бастап және дауыс бepугe екi күн қалғанға дейiнгi кезеңде тиiсiнше облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасының) сайлау комиссиясына бұл туралы жазбаша өтiнiш бере отырып, өз кандидатурасын алып тастай алады.
2. Кандидатты ұсынған мәслихат (мәслихаттар) тiркеуге дейiнгi және одан кейiнгi уақытта облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасының) сайлау комиссиясына тиiстi ұсыныс жасау арқылы кандидат ұсыну жөнiндегi өз шешiмiнiң күшiн жоя алады.
3. Мұндай жағдайларда тиiстi сайлау комиссиясы кандидатты тiркемейдi не кандидатты тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жояды.
4. Егер кандидатурасын алып тастау немесе кандидатты ұсыну туралы шешiмнiң күшiн жою осыған мәжбүр еткен себептерсiз жүргiзiлген болса, онда аумақтық сайлау комиссиясы сайлау науқанын өткiзуге республикалық бюджеттен жұмсалған қаражаттың бiр бөлiгiн кандидаттың немесе оны ұсынған тиiстi мәслихаттың есебiне жатқызуға хақылы.
Ескерту. 74-бапқа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 1999.05.06 N 375, 2004.04.14 N 545, 2005.04.15 N 44 Конституциялық заңдарымен.
75-бап. Сенат депутаттығына кандидаттың сайлау қорының
мөлшерi
Кандидаттың сайлау қоры:
1) жалпы сомасы Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген ең төменгi жалақының екi жүз есе мөлшерiнен аспауға тиiс кандидаттың жеке қаражатынан;
2) жалпы сомасы Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген ең төменгi жалақының бес жүз есе мөлшерiнен аспауға тиiс Қазақстан Республикасының азаматтары мен ұйымдарының ерiктi қайырмалдықтарынан құралады.
Ескерту. 75-бап жаңа редакцияда — ҚР 2004.04.14 N 545 Конституциялық заңымен.
76-бап. Тiркеу мерзiмi аяқталғаннан кейiн шығып
қалғандардың орнына Сенат депутаттығына
кандидаттар ұсыну
1. Тiркеу мерзiмi аяқталғаннан кейiн кандидаттардың шығып қалуы нәтижесiнде Сенат депутаттығына екiден кем кандидат қалған жағдайда, Орталық сайлау комиссиясы тиiстi облыстық (республикалық маңызы бар қала және астана), қалалық сайлау комиссиясының ұсынуы бойынша, өз қаулысымен сайлаудың мерзiмiн ұзартады, бiрақ ол екi айдан аспауға тиiс.
2. Бұл жағдайда Сенат депутаттығына кандидаттар ұсыну осы Конституциялық заңда белгiленген ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 76-бапқа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 2004.04.14 N 545 Конституциялық заңымен.
77-бап. Сенат депутаттарын сайлау жөнiндегi
таңдаушылардың бiрлескен отырысын
өткiзу тәртiбi
1. Сенат депутаттарын сайлау таңдаушылардың бiрлескен отырысында жүргiзiледi.
2. Егер бiрлескен отырысқа тиiсiнше облыстың барлық мәслихаттарынан, республикалық маңызы бар қаланың немесе Республика астанасының мәслихатынан өкiл болатын сайланған депутаттар санының
елу проценттен астамы қатысса, ол заңды болады.
3. Егер Сенат депутатын сайлау жөнiндегi отырыста болған таңдаушылардың елу процентiнен астамы дауыс беруге қатысса, ол өткiзiлген болып есептеледi.
4. Бiрлескен отырыста тиiсiнше облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қалалар мен Республика астанасы) мәслихатының хатшысы төрағалық етушi болып табылады.
5. Таңдаушылардың бiрлескен отырысына тиiсiнше облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасы) сайлау комиссиясының төрағасы мен мүшелерi қатысады.
6. Бiрлескен отырыс өткiзiлетiн жерде тиiсiнше облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасының) сайлау комиссиясы Сенат депутатын сайлау жөнiндегi дауыс беру пунктiн ұйымдастырады.
7. Сенат депутаттарын сайлау жөнiндегi бiрлескен отырыстың өткiзiлгенiн куәландыратын құжат тиiсiнше облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасының) тиiстi мәслихат хатшысының сайлау комиссиясына тапсыратын бiрлескен отырыс хаттамасы болып табылады.
8. Бiрлескен отырыс тиiсiнше облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасы) сайлау комиссиясының төрағасы Сенат депутатын сайлау жөнiндегi дауыс беру нәтижелерiн жариялағаннан кейiн жабылады.
Ескерту. 77-бапқа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 1999.05.06 N 375, 2004.04.14 N 545 Конституциялық заңдарымен.
78-бап. Сенат депутаты сайлауындағы дауыс санау
1. Сенат депутаты сайлауындағы дауыс санау нәтижелерi тиiсiнше облыстық, қалалық сайлау комиссиясының (республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасының) дауыс беру пунктiнде өткiзiлетiн мәжiлiсiнде анықталады.
2. Облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасының) сайлау комиссиясы дауыс беру нәтижелерi бойынша Сенат депутатын сайлау жөнiндегi дауыс санаудың хаттамасын жасайды, оған:
1) сайлау комиссиясының төрағасы мен мүшелерi қол қояды;
2) таңдаушылардың бiрлескен мәжiлiсiнде жария етiледi;
3) сайлау күнiнен бастап екi күннен аспайтын мерзiм iшiнде Орталық сайлау комиссиясына жiберiледi.
3. Дауыс санау нәтижесiн анықтауға байланысты өзге де мәселелер осы Конституциялық заңның Жалпы бөлiмiнде белгiленген ережелерге сәйкес шешiледi.
Ескерту. 78-бапқа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 1999.05.06 N 375 Конституциялық заңдарымен.
79-бап. Сенат депутатын сайлау кезiнде қайта дауыс беру
1. Егер сайлау бюллетенiне Сенат депутаттығына екiден астам кандидаттар енгiзiлген болса және олардың бiрде-бiрi сайланбаса, тиiсiнше облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасының) сайлау комиссиясы ең көп дауыс алған екi кандидат бойынша қайта дауыс берудi тағайындайды. Кандидаттардың бipeуi шығып қалған жағдайда, сайлау бюллетенiне неғұрлым көп дауыс алған келесi кандидат енгiзiледi.
2. Қайта дауыс беру осы Конституциялық заңның талаптары сақтала отырып, бастапқы дауыс беру болған күнi өткiзiледi.
3. Алып тасталды — ҚР 1999.05.06 N 375 Конституциялық заңымен.
Ескерту. 79-бапқа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 1999.05.06 N 375, 2004.04.14 N 545 Конституциялық заңдарымен.
80-бап. Сенат депутаттарын қайта сайлау
1. Егер сайлау таңдаушылардың қажеттi санының келмеуi себептi өткiзiлмеген деп танылған болса немесе ол жарамсыз деп танылған болса, не екi кандидат дауысқа түскен кезде олар сайланбай қалса, Орталық сайлау комиссиясы тиiстi аумақтық сайлау комиссиясының ұсынысы бойынша қайта сайлау өткiзу жөнiнде шешiм қабылдайды.
2. Қайта сайлау бастапқы сайлаудан кейiн екi ай мерзiмнен кешiктiрiлмей өткiзедi. Депутаттыққа кандидаттарды ұсыну мен тiркеу, қайта сайлау кезiнде жүзеге асыру көзделген басқа да шаралар осы Конституциялық заңда белгiленген ережелерге сәйкес жүргiзiледi. Бұл ретте сайлау шараларының қысқартылған мерзiмiн Орталық сайлау комиссиясы белгiлейдi.
3. Қайта сайлау туралы хабар жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
4. Алып тасталды — ҚР 2004.04.14 N 545 Конституциялық заңымен.
Ескерту. 80-бапқа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 1999.05.06 N 375, 2004.04.14 N 545 Конституциялық заңдарымен.
81-бап. Сенат депутаттары сайлауының қорытындыларын
анықтау және жариялау
1. Республика бойынша тұтас алғанда Сенат сайлауының қорытындыларын Орталық сайлау комиссиясы сайлау өткiзiлген күннен бастап жетi күн мерзiмнен кешiктiрмей шығарады.
2. Сенат депутаты сайлауында:
1) дауыс беруге қатысқан таңдаушылардың елу процентiнен астамының дауысын алған;
2) қайта дауыс беру кезiнде басқа кандидатпен салыстырғанда таңдаушылардың дауыс санының көпшiлiгiн дауысын алған.
3) алып тасталды — ҚР 2004.04.14 N 545 Конституциялық заңымен;
3. Сайлаудың қорытындыларын анықтауға және жариялауға байланысты өзге де мәселелер осы Конституциялық заңның Жалпы бөлiмiнде белгiленген ережелерге сәйкес шешiледi.
Ескерту. 81-бапқа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 1999.05.06 N 375, 2004.04.14 N 545 Конституциялық заңдарымен.
82-бап. Сенат депутаттарын тiркеу
1. Орталық сайлау комиссиясы тиiсiнше облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қала және Республика астанасы) сайлау комиссияларының хаттамалары негiзiнде Сенаттың сайланған депутаттарын тiркейдi.
2. Орталық сайлау комиссиясы тиiсiнше облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қалалар мен Республика астанасы) сайлау комиссиясының ұсынысы немесе таңдаушылардың арыздары бойынша, егер сайлау барысында немесе дауыстарды санау не дауыс беру нәтижелерiн анықтау кезiнде осы Конституциялық заңды бұзу орын алған болса, Сенат депутаты сайлауын жарамсыз деп табуы және Сенат депутатын тiркеуден бас тартуы мүмкiн. Бұл ретте Орталық сайлау комиссиясының осы шешiмiне оның қабылданған күнiнен бастап он күн iшiнде Сенат депутаттығына кандидат сотқа шағым бере алады, ол он күн мерзiм iшiнде шешiм қабылдайды.
Ескерту. 82-бапқа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 1997.06.19 N 133-1, 1999.05.06 N 375 Конституциялық заңдарымен.
83-бап. Сенат депутаттарының кезектен тыс сайлауы
мен шығып қалғандардың орнына депутаттар
сайлауын өткiзу
1. Сенат депутаттарының кезектен тыс сайлауы мен шығып қалғандардың орнына депутаттар сайлауы Сенат депутаттарын кезектен тыс сайлау үшiн осы Конституциялық заңда белгiленген ережелерге сәйкес өткiзiледi. Бұл ретте сайлау шараларын өткiзу мерзiмiн Орталық сайлау комиссиясы белгiлейдi.
2. Сенат депутаттары өкiлеттiгiнiң конституциялық мерзiмi бiтуiне бiр жыл қалғанда шығып қалған депутаттың орнына сайлау өткiзiлмейдi.
Ескерту. 83-бапқа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 1999.05.06 N 375, 2004.04.14 N 545 Конституциялық заңдарымен.
84-бап. Сенат депутаттары сайлауын өткiзудiң дұрыстығы
туралы мәселенi Конституциялық Кеңестiң қарауы
1. Республика Президентiнiң, Сенат Төрағасының, Мәжiлiс Төрағасының, Парламент депутаттары жалпы санының кемiнде бестен бiр бөлiгiнiң, Республика Премьер-Министрiнiң сайлау қорытындылары шығарылғаннан кейiн он күн iшiнде берiлуi мүмкiн өтiнiшi бойынша Конституциялық Кеңес дау туындаған жағдайда Сенат депутаттары сайлауын өткiзудiң дұрыстығы туралы мәселенi шешедi. Бұл жағдайда сайланған Сенат депутаттарын тiркеу өтiнiштi қарау уақытына тоқтатыла тұрады.
2. Орталық сайлау комиссиясы Сенат депутаттары сайлауын өткiзудiң дұрыстығы туралы дау туындаған жағдайда сайлауды әзiрлеу мен өткiзуге байланысты материалдарды Конституциялық Кеңеске бередi.
3. Конституциялық Кеңес Конституцияны бұзу анықталған әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстерде Сенат депутаттары сайлауын Конституцияға сәйкес емес деп таныған жағдайда, Орталық сайлау комиссиясы осы әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстердегi сайлауды жарамсыз деп тану және сайлау жарамсыз деп танылған әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстерде екi ай iшiнде қайта сайлау өткiзу туралы шешiм қабылдайды.
Ескерту. 84-бапқа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 1999.05.06 N 375, 2004.04.14 N 545 Конституциялық заңдарымен.
12-тарау. Республика Парламентi Мәжiлiсiнiң
депутаттарын сайлау
85-бап. Мәжiлiс депутаттары сайлауын тағайындау
1. Мыналар:
1) Мәжiлiс депутаттарының өкiлдiгiнiң конституциялық мерзiмiнiң бiтуi кезектi сайлауды;
2) Парламент немесе Парламент Мәжiлiсi өкiлеттiгiнiң мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы кезектен тыс сайлауды;
3) депутат өкiлеттiгiнiң мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы, депутатты мандатынан айыру не оның қайтыс болуы шығып қалғандардың орнына депутаттар сайлауын тағайындауға негiз болып табылады.
2. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайда депутаттар сайлауын Республика Президентi Мәжiлiс депутаттары өкiлеттiгi мерзiмiнiң бiтуiнен кемiнде бес ай бұрын тағайындайды және ол екi айдан кешiктiрiлмей өткiзiледi.
3. Осы баптың 1-тармағының 2)-тармақшасында көзделген жағдайда депутаттар сайлауын Республика Президентi бiр мезгiлде Парламент немесе Парламент Мәжiлiсi өкiлеттiгiнiң мерзiмiнен бұрын тоқтатылғаны туралы шешiм қабылдай отырып, Парламенттiң немесе Парламент Мәжiлiсiнiң өкiлеттiгi мерзiмiнен бұрын тоқтатылған күннен бастап екi айдың iшiнде тағайындайды.
3-1. Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Мәжiлiс депутаттарының сайлауы күнi Мәжiлiстiң партиялық тiзiм бойынша сайланатын депутаттар сайлауы өткiзiлетiн күнмен дәл келмеуi мүмкiн.
4. Осы баптың 1-тармағының 3)-тармақшасында көзделген жағдайларда шығып қалғандардың орнына депутаттар сайлауын депутат мандаты мерзiмiнен бұрын тоқтатылған және одан айырылған не ол қайтыс болған сәттен бастап үш айдан кешiктiрмей Орталық сайлау комиссиясы тағайындайды.
5. Сайлау күнi Конституцияның 41-бабының 3-тармағының талаптары ескерiле отырып белгiленедi.
Ескерту. 85-бапқа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 1999.05.06 N 375, 2007.06.19 N 268 Конституциялық заңдарымен.
86-бап. Мәжiлiс депутаттығына кандидаттарға
қойылатын талаптар
Мәжiлiс депутаты болып сайлану үшiн азамат Конституцияның 51-бабының 4-тармағында белгiленген талаптарды қанағаттандыруға, сондай-ақ Конституцияның 33-бабының 2 және 3-тармақтарына және осы Конституциялық заңға сәйкес белсендi сайлау құқығына ие болуға тиiс.
Ескерту. 86-бапқа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 1999.05.06 N 375, 2004.04.14 N 545 Конституциялық заңдарымен.
87-бап. Мәжiлiс депутаттығына кандидаттар ұсыну
1. Партиялық тiзiмдер бойынша сайланатын Мәжiлiс депутаттығына кандидаттар ұсыну құқығы — белгiленген тәртiппен тiркелген саяси партияларға, ал Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Мәжiлiс депутаттығына кандидаттарға қатысты Ассамблея Кеңесiне тиесiлi.
2. Бiртұтас жалпыұлттық сайлау округiнiң аумағы бойынша Мәжiлiс депутаттығына сайлау үшiн адамдарды партиялық тiзiмге енгiзу саяси партияның жоғары органы мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк даусымен жүргiзiледi. Саяси партиялардың партиялық тiзiмдерге осы саяси партияның мүшелерi болып табылмайтын адамдарды кiргiзуге құқығы жоқ.
Саяси партияның жоғары органының шешiмi азаматтың партиялық тiзiмге енгiзуге келiсiмi туралы өтiнiшiмен бiрге Орталық сайлау комиссиясына жiберiледi.
3. Саяси партиялар партиялық тiзiмдердi мемлекеттiк тiлдiң әлiпбиi ретiмен жасайды. Партиялық тiзiмдi саяси партияның өкiлi саяси партияның жоғары органының партиялық тiзiмдi ұсыну туралы хаттамасынан үзiндi көшiрмемен бiрге бiр мезгiлде Орталық сайлау комиссиясына ұсынады. Өкiлдiң өкiлеттiктерi тиiстi құжаттармен расталуға тиiс.
4. Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжiлiсiнiң депутаттығына кандидаттар ұсынуды Ассамблея Кеңесi жүргiзедi. Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесiнiң шешiмi көпшiлiк дауыспен қабылданады және хаттамадан үзiндi көшiрмемен ресiмделедi.
Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесiнiң шешiмi азаматтың сайлауға түсуге келiсiмi туралы өтiнiшiмен бiрге Орталық сайлау комиссиясына жiберiледi.
5. Егер сайлауды белгiлеу кезiнде өзгеше көзделмесе, партиялық тiзiмдер бойынша сайланатын Мәжiлiс депутаттығына кандидаттарды ұсыну сайлаудан екi ай бұрын басталып, оған қырық күн қалғанда аяқталады.
Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Мәжiлiс депутаттығына кандидаттарды ұсыну сайлаудан бiр ай бұрын басталып, оған жиырма күн қалғанда аяқталады.
Ескерту. 87-бап жаңа редакцияда — ҚР 2007.06.19 N 268 Конституциялық Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 2009.02.09. N 124-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Конституциялық заңымен.
88-бап. Сайлау жарнасы
1. Партиялық тiзiмдердi ұсынған саяси партиялар партиялық тiзiмге енгiзiлген әрбiр адам үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген ең төменгi жалақының он бес еселенген мөлшерiнде Орталық сайлау комиссиясының шотына саяси партиялардың қаражатынан сайлау жарнасын енгiзедi.
2. Парламент Мәжiлiсi депутаттарының алдыңғы сайлауында дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының жетi және одан да көп процентiн алған саяси партиялар сайлау жарнасын төлемейдi.
3. Парламент Мәжiлiсi депутаттарының алдыңғы сайлауында дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының бестен жетiге дейiнгi процентiн алған саяси партия осы баптың 1-тармағында белгiленген сайлау жарнасы мөлшерiнiң елу процентi мөлшерiнде сайлау жарнасын төлейдi.
Парламент Мәжiлiсi депутаттарының алдыңғы сайлауында дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының үштен беске дейiнгi процентiн алған саяси партия осы баптың 1-тармағында белгiленген сайлау жарнасы мөлшерiнiң жетпiс процентi мөлшерiнде сайлау жарнасын төлейдi.
4. Саяси партия сайлау қорытындылары бойынша дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының кемiнде жетi процентiн алған жағдайларда, сондай-ақ партиялық тiзiмге енгiзiлген жалғыз кандидат қайтыс болған жағдайда енгiзiлген жарна саяси партияға қайтарылады. Қалған жағдайлардың бәрiнде енгiзiлген жарна қайтарылмауға тиiс және
республикалық бюджет кiрiсiне алынады.
Ескерту. 88-бап жаңа редакцияда — ҚР 2007.06.19 N 268 Конституциялық заңымен.
89-бап. Мәжiлiс депутаттығына кандидаттарды тiркеу
1. Саяси партиялар ұсынған партиялық тiзiмдердi және Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесi ұсынған кандидаттарды тiркеудi Орталық сайлау комиссиясы жүзеге асырады.
2. Кандидат және оның зайыбы (жұбайы) тiркелгенге дейiн тұрғылықты жерi бойынша салық органдарына осы Конституциялық заңға сәйкес белгiленген ұсыну мерзiмi басталатын айдың бiрiншi күнiне мемлекет алдындағы салық мiндеттемелерiнiң орындалуына салықтық
бақылауды қамтамасыз ететiн Қазақстан Республикасының уәкiлеттi мемлекеттiк органы белгiлеген тәртiппен және нысанда табысы мен мүлкi туралы декларацияны ұсынады.
Саяси партия ұсынған кандидат және оның зайыбы (жұбайы) декларацияда көрсеткен табысы мен мүлкi туралы мәлiметтердiң дұрыстығын салық қызметi органдары партиялық тiзiм тiркелген күннен бастап он бес күн iшiнде тексередi.
Бұл ретте саяси партия ұсынған кандидаттың және оның зайыбының (жұбайының) табысы мен мүлкi туралы мәлiметтердi ұсыну жөнiндегi салық қызметi органдарының талаптарын алған ұйымдар сұратылған ақпаратты талаптар алынған күннен бастап төрт күн iшiнде беруге мiндеттi.
Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесi ұсынған кандидат және оның зайыбы (жұбайы) декларацияда көрсеткен табысы мен мүлкi туралы мәлiметтердiң дұрыстығын салық қызметi органдары кандидат тiркелген күннен бастап үш күн iшiнде тексередi.
Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесi ұсынған кандидаттың және оның зайыбының (жұбайының) табысы мен мүлкi туралы мәлiметтер беру жөнiндегi салық қызметi органдарының талаптарын алған ұйымдар сұратылған ақпаратты талаптар алынған күннен бастап екi күн iшiнде беруге мiндеттi.
3. Партиялық тiзiмдердi тiркеу мынадай құжаттар болған жағдайда жүргiзiледi:
1) Республиканың Әдiлет министрлiгiнде саяси партияның тiркелгенi туралы құжаттың көшiрмесi қоса тiркелген, саяси партияның жоғары органының партиялық тiзiмдi ұсыну туралы хаттамасынан үзiндi көшiрме;
2) азаматтың партиялық тiзiмге енгiзуге келiсiмi туралы өтiнiшi;
3) партиялық тiзiмге енген әрбiр адам туралы өмiрбаяндық деректер;
4) кандидаттың және оның жұбайының (зайыбының) табысы мен мүлкi туралы декларация тапсырғаны туралы салық органының анықтамасы;
5) саяси партияның сайлау жарнасын енгiзгенiн растайтын құжат;
6) партиялық тiзiмге енгiзiлген адамның осы тiзiмдi ұсынған саяси партияға мүшелiгiн растайтын құжат.
4. Тiркеуге бiр саяси партиядан оған саяси партиялар арасында бөлiнетiн депутаттық мандаттардың белгiленген санының отыз процентiнен аспайтын адамдар саны енгiзiлген бiр ғана тiзiм жiберiледi.
5. Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесi ұсынған кандидаттарды тiркеу мынадай құжаттар болған жағдайда жүргiзiледi:
1) Ассамблея Кеңесiнiң кандидаттарды ұсыну туралы хаттамасынан үзiндi көшiрме;
2) азаматтың депутаттыққа кандидат болып сайлауға түсуге келiсiмi туралы өтiнiшi;
3) Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесi ұсынған әрбiр адам туралы өмiрбаяндық деректер;
4) Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесi ұсынған кандидаттың және оның зайыбының (жұбайының) табысы мен мүлкi туралы декларация тапсырғаны туралы салық органының анықтамасы.
6. Орталық сайлау комиссиясы:
1) партиялық тiзiмдер тiркелгеннен кейiнгi оныншы күннен кешiктiрмей бұқаралық ақпарат құралдарында саяси партияның атауын және партиялық тiзiмге енгiзiлген адамдардың санын, сондай-ақ партиялық тiзiмге енгiзiлген әрбiр адамның тегiн, атын, әкесiнiң атын, туған жылын, атқаратын қызметiн (жұмысын), жұмыс орны мен тұрғылықты жерiн көрсете отырып, тiркелгенi туралы хабар жариялайды;
2) Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесi ұсынған кандидаттар тiркелгеннен кейiнгi үшiншi күннен кешiктiрмей бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстан халқы Ассамблеясының атауын, Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесi ұсынған адамдардың санын, әрбiр ұсынылған
адамның тегiн, атын, әкесiнiң атын, туған жылын, атқаратын қызметiн (жұмысын), жұмыс орны мен тұрғылықты жерiн, сондай-ақ кандидаттардың қалауы бойынша қай ұлтқа жататынын көрсете отырып, тiркелгенi туралы хабар жариялайды;
3) тiркеу кезiнде кандидаттарға тиiстi куәлiктер бередi;
4) мынадай жағдайларда:
саяси партия партиялық тiзiмдi ұсыну ережелерiн бұзған, тiркеу үшiн қажеттi құжаттарды ұсынбаған;
партиялық тiзiмдi ұсынған саяси партия, ол ұсынған кандидаттар, оның сенiм бiлдiрген адамдары сайлау алдындағы үгiттi тiркелгенге дейiн жүргiзген;
тұтас партиялық тiзiмнiң елу процентiнен астамын құрайтын адамдар партиялық тiзiмнен шыққан;
партиялық тiзiмдi ұсынған саяси партияның немесе оның сенiм бiлдiрген адамдарының кандидаттың, партиялық тiзiмдi ұсынған басқа саяси партияның немесе партиялық тiзiмге енгiзiлген адамның ар-намысы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн, оның iскерлiк беделiн түсiретiн жалған мәлiметтердi тарату фактiсiн сот анықтаған;
партиялық тiзiмдi ұсынған саяси партияның немесе оның сенiм бiлдiрген адамдарының сайлаушыларды сатып алу фактiлерiн сот анықтаған;
осы Конституциялық заңда белгiленген өзге де жағдайларда партиялық тiзiмдi тiркеуден бас тартады немесе оны тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жояды.
Дауыс беретiн күнге екi күн қалғанда партиялық тiзiмдi тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жоюға немесе бұрын тiркеуден шығарылған партиялық тiзiмдi қалпына келтiруге жол берiлмейдi;
5) мынадай жағдайда:
партиялық тiзiмге енгiзiлген адам Қазақстан Республикасының Конституциясында және осы Конституциялық заңда кандидатқа қойылатын талаптарға сай келмеген;
партиялық тiзiмге енгiзiлген адамның өзiнiң сайлау алдындағы науқанында лауазымдық немесе қызмет жағдайын пайдаланған;
партиялық тiзiмге енгiзiлген адам сайлау алдындағы үгiттi партиялық тiзiм тiркелгенге дейiн жүргiзген;
партиялық тiзiмге енгiзiлген адамның партиялық тiзiмдi ұсынған саяси партияның кандидатының немесе партиялық тiзiмге енгiзiлген басқа адамның ар-намысы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн, олардың iскерлiк беделiн түсiретiн жалған мәлiметтердi тарату фактiсiн сот анықтаған;
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамасына сәйкес партиялық тiзiмге енгiзiлген адамның және оның зайыбының (жұбайының) декларацияда көрсеткен табысы мен мүлкi туралы мәлiметтердiң дұрыс еместiгi анықталған;
партиялық тiзiмге енгiзiлген адамның немесе оның сенiм бiлдiрген адамдарының сайлаушыларды сатып алу фактiлерiн сот анықтаған;
осы Конституциялық заңда белгiленген өзге де жағдайларда партиялық тiзiмге енгiзiлген адамды осы тiзiмнен шығару туралы шешiм қабылдайды.
Партиялық тiзiмге енгiзiлген адамды осы тiзiмнен шығару туралы шешiмге партиялық тiзiмдi ұсынған саяси партия не партиялық тiзiмнен шығарылған адам тиiстi сотқа шағым жасауына болады, сот шешiмi түпкiлiктi болып табылады.
Партиялық тiзiмге енгiзiлген адамды дауыс беретiн күнге екi күн қалғанда шығару туралы шешiм қабылдауға жол берiлмейдi;
6) Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесi ұсынған кандидатты мынадай жағдайларда:
адам Қазақстан Республикасының Конституциясында және осы Конституциялық заңда кандидатқа қойылатын талаптарға сай келмеген;
ол өзiнiң сайлау алдындағы науқанында лауазымдық немесе қызмет жағдайын пайдаланған;
Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесi кандидаттарды ұсыну ережелерiн бұзған, тiркеу үшiн қажеттi құжаттарды ұсынбаған;
кандидат, оның сенiм бiлдiрген адамдары сайлау алдындағы үгiттi тiркелгенге дейiн жүргiзген;
кандидаттың және (немесе) оның сенiм бiлдiрген адамдарының басқа кандидаттың ар-намысы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн, оның iскерлiк беделiн түсiретiн жалған мәлiметтердi тарату фактiсiн сот анықтаған;
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамасына сәйкес декларация берген кезде кандидаттың және оның зайыбының (жұбайының) декларацияда көрсеткен табысы мен мүлкi туралы мәлiметтердiң дұрыс еместiгi анықталған жағдайда;
кандидаттың немесе оның сенiм бiлдiрген адамдарының сайлаушыларды сатып алу фактiлерiн сот анықтаған;
осы Конституциялық заңда белгiленген өзге де жағдайларда тiркеуден бас тартады немесе тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жояды.
Дауыс беретiн күнге екi күн қалғанда кандидатты тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жоюға немесе бұрын тiркеуден алып тасталған кандидатты қалпына келтiруге жол берiлмейдi.
7. Партиялық тiзiмдi тiркеуден бас тартуға немесе оны тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жоюға жетi күн мерзiмде Орталық сайлау комиссиясына және (немесе) сотқа шағым жасауға болады. Бұл ретте Орталық сайлау комиссиясы немесе сот шағым берiлген күннен бастап жетi күн мерзiмде шағым бойынша шешiм шығарады.
Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесi ұсынған кандидатты тiркеуден бас тартуға немесе оны тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жоюға екi күн мерзiмде Орталық сайлау комиссиясына және (немесе) сотқа шағым жасауға болады. Бұл ретте Орталық сайлау комиссиясы немесе сот бiр күн iшiнде шағым бойынша шешiм шығарады.
8. Партиялық тiзiмдердi тiркеу, егер сайлауды тағайындау кезiнде өзгеше белгiленбесе, сайлаудан екi ай бұрын басталып, оған бiр ай қалғанда аяқталады.
Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесi ұсынған кандидаттарды тiркеу, егер сайлауды тағайындау кезiнде өзгеше белгiленбесе, сайлаудан жиырма күн бұрын басталып, оған он бес күн қалғанда аяқталады.
Ескерту. 89-бап жаңа редакцияда — ҚР 2007.06.19 N 268, 2009.02.09 N 124-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Конституциялық заңдарымен.
90-бап. Кандидатураны алып тастау, Мәжiлiс
депутаттығына кандидат етiп ұсыну
туралы шешiмнiң күшiн жою
1. Партиялық тiзiмге енгiзiлген адам Орталық сайлау комиссиясына жазбаша өтiнiш бере отырып, өз кандидатурасын партиялық тiзiмнен керi қайтарып ала алады. Бұл жағдайларда Орталық сайлау комиссиясы партиялық тiзiмге енгiзiлген адамды шығару туралы шешiм қабылдайды.
2. Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесi, ол ұсынған кандидат Орталық сайлау комиссиясына жазбаша өтiнiш жасай отырып, кандидатураны керi қайтарып ала алады. Бұл жағдайда Орталық сайлау комиссиясы кандидатты тiркеудiң күшiн жою туралы шешiм
қабылдайды.
Ескерту. 90-бап жаңа редакцияда — ҚР 2007.06.19 N 268 Конституциялық заңымен.
91-бап. <*>
Ескерту. 91-бап алып тасталды — ҚР 2004.04.14 N 545 Конституциялық заңымен.
92-бап. <*>
Ескерту. 92-бап алып тасталды — ҚР 2007.06.19 N 268 Конституциялық заңымен.
92-1-бап. Саяси партиялардың сайлау қорының мөлшерi
1. Саяси партиялар ұсынатын партиялық тiзiмдердiң құрамында дауысқа түсетiн кандидаттардың өз сайлау қорларын құруға құқығы жоқ.
2. Саяси партияның сайлау қоры:
1) саяси партияның жалпы сомасы заңдарда белгiленген ең төменгi жалақының мөлшерiнен бес мың еседен аспауы тиiс жеке қаражатынан;
2) Республиканың азаматтары мен ұйымдарының жалпы сомасы заңдарда белгiленген ең төменгi жалақы мөлшерiнен он мың еседен аспауы тиiс ерiктi қайырмалдықтарынан құралады.
Ескерту. 92-1-баппен толықтырылды — ҚР 1999.05.06 N 375 Конституциялық заңымен.
93-бап. <*>
Ескерту. 93-бап алып тасталды — ҚР 2007.06.19 N 268 Конституциялық заңымен.
93-1-бап. Қазақстан халқы Ассамблеясының Мәжiлiс
депутаттарының сайлауы жөнiндегi
сессиясын өткiзу тәртiбi
1. Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжiлiсiнiң депутаттарын сайлау Республика Президентi шақыратын Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында өткiзiледi.
2. Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясына аумағында сессия өткiзiлетiн, Республика астанасының не республикалық маңызы бар қаланың тиiстi аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы мен мүшелерi қатысады.
Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесi дауыс беруге дейiн он күннен кешiктiрмей дауыс беру өткiзiлетiн орын туралы Орталық сайлау комиссиясына хабарлайды.
3. Сайлау комиссиясы Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясы өткiзiлетiн үй-жайда Парламент Мәжiлiсi депутаттарының сайлауы бойынша дауыс беруге арналған пункт ұйымдастырады.
4. Қазақстан халқы Ассамблеясының Мәжiлiс депутаттарының сайлауы жөнiндегi сессиясының өткiзiлгендiгiн куәландыратын құжат аумақтық сайлау комиссиясына ұсынылатын сессияның хаттамасы болып табылады.
5. Тиiстi аумақтық сайлау комиссиясы Мәжiлiс депутаттарының сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелерiн жария еткеннен кейiн сессия жабылады.
Ескерту. 93-1-баппен толықтырылды — ҚР 2007.06.19 N 268 Конституциялық заңымен.
94-бап. Партиялық тiзiмдер бойынша Мәжiлiс
депутаттарының сайлауында дауыстарды санау
1. Учаскелiк сайлау комиссиясы дауыс беру нәтижелерi бойынша дауыс беру хаттамасын жасайды, ол дереу тиiстi аумақтық сайлау комиссиясына жiберiледi.
2. Партиялық тiзiмдер бойынша сайлаудың нәтижелерi Орталық сайлау комиссиясының отырысында тиiстi аумақтық сайлау комиссияларының хаттамалары негiзiнде белгiленедi, олар сайлау күнiнен бастап екi күннен аспайтын мерзiмде Орталық сайлау комиссиясына жiберiледi. Сайлау нәтижелерi туралы хаттама жасалады.
3. Дауыстарды санаудың нәтижесi мен сайлау нәтижесiн анықтауға байланысты өзге де мәселелер осы Конституциялық заңның Жалпы бөлiмiнде белгiленген ережелерге сәйкес шешiледi.
Ескерту. 94-бап жаңа редакцияда — ҚР 2007.06.19 N 268 Конституциялық заңымен.
94-1-бап. Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын
Мәжiлiс депутаттарының сайлауында
дауыстарды санау
1. Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Мәжiлiс депутаттарының сайлауында дауыстарды санау нәтижелерi дауыс беруге арналған пунктте өткiзiлетiн тиiстi аумақтық сайлау комиссиясының отырысында белгiленедi.
2. Аумақтық сайлау комиссиясы дауыс беру нәтижелерi бойынша Мәжiлiс депутаттарының сайлауы жөнiндегi дауыстарды санау хаттамасын жасайды, ол Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында жария етiледi және сайлау күнiнен бастап екi күннен аспайтын мерзiмде Орталық сайлау комиссиясына жiберiледi.
3. Дауыстарды санау нәтижесiн анықтауға байланысты өзге де мәселелер осы Конституциялық заңның Жалпы бөлiмiнде белгiленген ережелерге сәйкес шешiледi.
Ескерту. 94-1-баппен толықтырылды — ҚР 2007.06.19 N 268 Конституциялық заңымен.
95-бап. Мәжiлiс депутаттарының сайлауы кезiнде
қайта дауыс беру
1. Егер сайлау барысында немесе дауыстарды санау не сайлау нәтижелерiн анықтау кезiнде осы Конституциялық заңды азаматтардың ерiк бiлдiру нәтижелерiн дұрыс анықтауға мүмкiндiк бермейтiн бұзушылық орын алса, Орталық сайлау комиссиясы тиiстi аумақтық
сайлау комиссиясының ұсынуы немесе азаматтардың өтiнiштерi бойынша тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктегi Мәжiлiс депутаттарының сайлауын жарамсыз деп тануы мүмкiн. Мұндай жағдайда Орталық сайлау комиссиясы тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте қайта дауыс берудi тағайындайды.
2. Қайта дауыс беру Орталық сайлау комиссиясы белгiлеген мерзiмде сол партиялық тiзiмдер бойынша, сол сайлау учаскелерiнде және бастапқы сайлауды өткiзу үшiн жасалған сол сайлаушылардың тiзiмдерi бойынша өткiзiледi. Қайта дауыс берудi өткiзу туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланады.
Ескерту. 95-бап жаңа редакцияда — ҚР 2007.06.19 N 268 Конституциялық заңымен.
96-бап. Мәжiлiс депутаттарын қайта сайлау
1. Егер партиялық тiзiмдер бойынша Мәжiлiс депутаттарының сайлауы жарамсыз деп танылған болса, Орталық сайлау комиссиясы партиялық тiзiмдер бойынша Парламент Мәжiлiсi депутаттарының қайта сайлауын өткiзу туралы шешiм қабылдайды. Қайта дауыс беру сол сайлау
учаскелерiнде және бастапқы сайлауды өткiзу үшiн жасалған сол сайлаушылардың тiзiмдерi бойынша өткiзiледi.
2. Егер сайлау жарамсыз деп танылған болса не бастапқы сайлауды өткiзу кезiнде адам сайланбай қалған жағдайда Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжiлiсi депутаттарының қайта сайлауын Орталық сайлау комиссиясы тағайындайды.
3. Қайта сайлау бастапқы сайлаудан кейiн екi ай мерзiмнен кешiктiрiлмей немесе Орталық сайлау комиссиясы белгiлейтiн мерзiмде өткiзiледi. Қайта сайлау кезiнде жүзеге асыру көзделген сайлау iс-шаралары осы Конституциялық заңда белгiленген тәртiппен өткiзiледi. Бұл ретте сайлау iс-шараларының қысқартылған мерзiмдерiн Орталық сайлау комиссиясы айқындайды.
4. Қайта сайлауды өткiзу туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланады.
Ескерту. 96-бап жаңа редакцияда — ҚР 2007.06.19 N 268 Конституциялық заңымен.
97-бап. Мәжiлiс депутаттары сайлауының нәтижелерiн
анықтау және жариялау
1. Республиканы тұтас алғанда Мәжiлiс депутаттары сайлауының қорытындыларын Орталық сайлау комиссиясы сайлау өткiзiлген күннен бастап жетi күн мерзiм iшiнде анықтайды.
2. Алып тасталды — ҚР 2007.06.19 N 268 Конституциялық заңымен.
3. Сайлау қорытындыларын анықтауға және жариялауға байланысты өзге де мәселелер осы Конституциялық заңның Жалпы бөлiмiнде белгiленген ережелерге сәйкес шешiледi.
Ескерту. 97-бапқа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 1999.05.06 N 375, 2004.04.14 N 545, 2007.06.19 N 268 Конституциялық заңдарымен.
97-1-бап. Депутаттық мандаттарды партиялық тiзiмдер
бойынша дауыс берудiң қорытындыларына қарай бөлу
1. Орталық сайлау комиссиясы дауыс беруге қатысқан сайлаушылар санының жетi және одан да көп процентiн алған әрбiр партиялық тiзiм үшiн бiртұтас жалпыұлттық округтiң аумағы бойынша берiлген сайлаушылар дауысының жиынтығын есептеп шығарады. Жетi проценттiк кедергiден өткен саяси партияны жақтап дауыс берген сайлаушылар дауысының жиынтығы бөлiнетiн депутаттық мандаттар санына бөлiнедi. Алынған нәтиже алғашқы сайлау жеке саны (квота) болып табылады.
2. Егер дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының жетi процентiн тек қана бiр саяси партия алса, онда депутаттық мандаттарды бөлуге көрсетiлген саяси партияның тiзiмi, сондай-ақ дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының келесi көп санын жинаған партиялардың партиялық тiзiмi жiберiледi.
Екi саяси партияға берiлген сайлаушылар дауысының жиынтығы бөлiнетiн депутаттық мандаттар санына бөлiнедi. Алынған нәтиже алғашқы сайлау жеке саны (квота) болып табылады.
3. Депутаттық мандаттарды бөлуге қатысқан әрбiр партиялық тiзiм алған дауыстардың саны алғашқы сайлау жеке санына бөлiнедi.
Жетi проценттiк кедергiнi еңсермеген және осы баптың 2-тармағына сәйкес мандаттарды бөлуге қатысқан партиялардың тiзiмiмен алынған дауыстардың саны алғашқы сайлау жеке санына бөлiнедi және 0,7 түзету коэффициентiне көбейтiледi.
Санды бөлу нәтижесiнде алынған тұтас бөлiк партиялық тiзiм құрған тиiстi саяси партия алатын депутаттық мандаттар саны болып табылады.
Жетi проценттiк кедергiнi еңсермеген және осы баптың 2-тармағына сәйкес мандаттарды бөлуге қатысқан саяси партия кемiнде екi мандат алады.
4. Егер осы баптың 3-тармағына сәйкес жүргiзiлген iс-әрекеттен кейiн бөлiнбеген мандаттар қалса, оларды қайта бөлу жүргiзiледi. Бөлiнбеген мандаттар осы баптың 3-тармағына сәйкес бөлудiң нәтижесiнде алынған санның ең көп бөлшектенген бөлiгiне (қалдығына) ие болған партиялық тiзiмдерге бiр-бiрден берiледi. Ең көп қалдық тең болған жағдайда басымдық бұрын тiркелген партиялық тiзiмге берiледi.
Осы баптың 2-тармағына сәйкес мандаттарды бөлу кезiнде бөлiнбеген мандаттар дауыс беру қорытындысы бойынша жетi проценттiк кедергiнi еңсерген партиялық тiзiмге берiледi.
5. Депутаттық мандаттарды бөлу кезектiлiгiн саяси партияның басшы органы осы Конституциялық заңның 89-бабының 4-тармағына сәйкес партиялық тiзiмге енгiзiлген кандидаттар арасынан сайлау қорытындылары жарияланған күннен бастап он күннен кешiктiрмей айқындайды.
Осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнде белгiленген мерзiмдерде саяси партияның басшы органы алынған депутаттық мандаттарды бөлу кезектiлiгiн айқындамаған жағдайда, Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен партия алған депутаттық мандаттарды бөлу мемлекеттiк тiлдiң әлiпбилiк ретiмен тiркелген тiзiмдерге сай жүзеге асырылады.
6. Депутат мерзiмiнен бұрын шығып қалған жағдайда, оның мандаты Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен саяси партияның тiзiмiне енгiзiлген кандидаттар арасынан саяси партияның басшы органы осы баптың 5-тармағына сәйкес айқындайтын келесi кандидатқа берiледi.
Тиiстi партиялық тiзiмде кандидаттар қалмаған жағдайда Мәжiлiс депутаттарының келесi сайлауына дейiн мандат бос қалады.
Саяси партиялар Орталық сайлау комиссиясына бұл туралы жазбаша өтiнiш және саяси партияның басшы органы отырысының хаттамасынан үзiндi көшiрме бере отырып, кандидаттардың партиялық тiзiмдегi кезектiлiгiн өзгертуге құқылы.
Ескерту. 97-1-баппен толықтырылды — ҚР 1999.05.06 N 375 Конституциялық заңымен, жаңа редакцияда — ҚР 2009.02.09 N 124-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Конституциялық заңымен.
98-бап. Мәжiлiс депутаттарын тiркеу
Орталық сайлау комиссиясы сайланған Мәжiлiс депутаттарын тiркейдi.
Ескерту. 98-бап жаңа редакцияда — ҚР 2007.06.19 N 268 Конституциялық заңымен.
99-бап. Мәжiлiс депутаттарының кезектен тыс сайлауын
және шығып қалған депутаттар орнына сайлау
өткiзу
1. Мәжiлiс депутаттарының кезектен тыс сайлауы және шығып қалған депутаттар орнына сайлау осы Конституциялық заңның Мәжiлiс депутаттарының кезектi сайлауы үшiн белгiленген ережелерiне сәйкес өткiзiледi. Бұл ретте сайлау шараларын өткiзу мерзiмiн Орталық сайлау комиссиясы белгiлейдi.
2. Мәжiлiс депутаттары өкiлеттiгiнiң конституциялық мерзiмi бiтуiне бiр жыл қалғанда, шығып қалған депутаттың орнына сайлау өткiзiлмейдi.
Ескерту. 99-бапқа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 1999.05.06 N 375, 2004.04.14 N 545 Конституциялық заңдарымен.
100-бап. Конституциялық Кеңестiң Мәжiлiс депутаттары
сайлауын өткiзудiң дұрыстығы туралы мәселенi
қарауы
1. Республика Президентiнiң, Сенат Төрағасының, Мәжiлiс Төрағасының, Парламент депутаттары жалпы санының кемiнде бестен бiр бөлiгiнiң, Республика Премьер-Министрiнiң сайлау қорытындылары шығарылғаннан кейiн он күн iшiнде берiлуi мүмкiн ұсынысы бойынша Конституциялық Кеңес дау туындаған жағдайда Мәжiлiс депутаттары сайлауын өткiзудiң дұрыстығы туралы мәселенi шешедi. Бұл жағдайда сайланған Мәжiлiс депутаттарын тiркеу ұсынысты қарау уақытына тоқтатыла тұрады.
2. Орталық сайлау комиссиясы Мәжiлiс депутаттары сайлауын өткiзудiң дұрыстығы туралы дау туындаған жағдайда сайлауды әзiрлеу мен өткiзуге байланысты материалдарды Конституциялық Кеңеске бередi.
3. Конституциялық Кеңес Конституцияны бұзу анықталған әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстердiң аумағында партиялық тiзiмдер бойынша Мәжiлiс депутаттарының сайлауын Конституцияға сәйкес емес деп таныған жағдайда, Орталық сайлау комиссиясы бұл әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстердiң аумағындағы сайлауды жарамсыз деп тану және қайта дауыс берудi өткiзу туралы шешiм қабылдайды.
4. Конституциялық Кеңес Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Мәжiлiс депутаттарының сайлауын Конституцияға сәйкес емес деп таныған жағдайда, Орталық сайлау комиссиясы оны жарамсыз деп тану және Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Мәжiлiс депутаттарының қайта сайлауын өткiзу туралы шешiм қабылдайды.
Ескерту. 100-бапқа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 1999.05.06 N 375, 2004.04.14 N 545, 2007.06.19 N 268 Конституциялық заңдарымен.
13-тарау. Республика мәслихаттары депутаттарының
сайлауы
101-бап. Мәслихаттар депутаттары сайлауын тағайындау
1. Мыналар:
1) мәслихаттар өкiлеттiгiнiң конституциялық мерзiмiнiң аяқталуы, заңда белгiленген жағдайларды қоспағанда, кезектi сайлауды;
2) мәслихаттар өкiлеттiгiнiң мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы кезектен тыс сайлауды;
3) депутат өкiлеттiгiнiң мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы, оны мандатынан айыру не оның қайтыс болуы шығып қалғандардың орнына депутат сайлауын тағайындау үшiн негiз болып табылады.
2. Мәслихат депутаттарының кезектi сайлауын Орталық сайлау комиссиясы мәслихаттардың өкiлеттiк мерзiмiнiң аяқталуынан кемiнде үш ай бұрын тағайындайды және ол мәслихаттар өкiлеттiгiнiң конституциялық мерзiмiнiң аяқталуына кемiнде бiр ай қалғанда өткiзiлуге тиiс.
3. Өкiлеттiгi мерзiмiнен бұрын тоқтатылған мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын Орталық сайлау комиссиясы мәслихат өкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын тоқтату туралы Президент Жарлығының, мәслихаттың өзiн-өзi тарату туралы шешiмiнiң негiзiнде тағайындайды және ол мәслихаттар өкiлеттiгi мерзiмiнен бұрын тоқтатылған күннен бастап екi айдан кешiктiрiлмей өткiзiлуге тиiс.
4. Мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қала және Республика астанасы) сайлау комиссиясы тағайындайды.
Мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау наурыздың соңғы жексенбiсiнде және (немесе) қазанның соңғы жексенбiсiнде бiр мезгiлде өткiзiледi.
Орталық сайлау комиссиясымен келiсiм бойынша мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды тиiстi аумақтық сайлау комиссиялары басқа күнге тағайындауы мүмкiн.
5. Барлық деңгейдегi мәслихаттар депутаттарының кезектi сайлауы бiр мезгiлде өткiзiледi және мерзiмi жөнiнен Президент сайлауына, Парламент Сенаты сайлауына тұспа-тұс келмеуге тиiс.
6. Сайлау күнi туралы хабар бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Ескерту. 101-бапқа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 1999.05.06 N 375, 2004.04.14 N 545, 2007.06.19 N 268, 2009.02.09 N 124-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Конституциялық заңдарымен.
102-бап. Мәслихаттар депутаттарына қойылатын талаптар
Мәслихат депутаты болып сайлану үшiн азамат Конституцияның 86-бабының 3-тармағында белгiленген талаптарды қанағаттандыруға, сондай-ақ Конституцияның 33-бабының 2 және 3-тармақтарына және осы Конституциялық заңға сәйкес сайлау құқығына ие болуға тиiс.
Ескерту. 102-бапқа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 1999.05.06 N 375, 2004.04.14 N 545 Конституциялық заңдарымен.
103-бап. Мәслихаттар депутаттығына кандидаттар ұсыну
1. Мәслихаттар депутаттығына кандидаттар ұсынуды белгiленген тәртiп бойынша тiркелген республикалық немесе жергiлiктi қоғамдық бiрлестiктер, сондай-ақ олардың құрылымдық бөлiмшелерi және
өзiн-өзi ұсыну жолымен азаматтар жүзеге асырады.
2. Республикалық немесе жергiлiктi қоғамдық бiрлестiктердiң, олардың құрылымдық бөлiмшелерiнiң мәслихат депутаттығына кандидаттар ұсынуын, әрбiр кандидат дауысқа түсетiн сайлау округiн көрсете отырып, олардың жоғары органдары жүргiзедi. Қоғамдық бiрлестiктiң осы қоғамдық бiрлестiктiң мүшесi болып табылмайтын адамдарды депутаттыққа кандидат етiп ұсынуға құқығы жоқ. Қоғамдық бiрлестiк не оның құрылымдық бөлiмшесi әрбiр сайлау округiнде мәслихат депутаттығына бiр ғана кандидат ұсына алады. Mәcлихат депутаттығына кандидаттар ұсыну туралы шешiм республикалық немесе жергiлiктi қоғамдық бiрлестiктiң, оның құрылымдық бөлiмшесiнiң жоғары органы мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк даусымен қабылданады және хаттамадан үзiндi көшiрмемен ресiмделедi.
3. Республикалық немесе жергiлiктi қоғамдық бiрлестiк жоғарғы органының шешiмi:
1) ұсынылған кандидаттың назарына жеткiзiледi;
2) кандидаттың дауысқа түсуге келiсiмi туралы өтiнiшiмен бiрге тиiстi округтiк сайлау комиссиясына жiберiледi.
4. Азаматтардың мәслихат депутаттығына кандидаттар ұсынуы өзiн-өзi ұсыну тәртiбiмен тиiстi округтiк сайлау комиссиясына осы аумақтық сайлау округi бойынша мәслихат депутаттығына кандидат болып дауысқа түсу ниетi туралы өтiнiш беру жолымен жүргiзiледi.
5. Ешкiм бiреуден артық сайлау округiнде кандидат болып ұсыныла алмайды.
6. Сайлау тағайындалған кезде өзгеше белгiленбесе, депутаттыққа кандидаттар ұсыну, сайлау күнiнен екi ай бұрын басталып, сайлау күнiне бiр ай қалғанда аяқталады.
7. Егер кандидаттарды тiркеу мерзiмi аяқталған күнi тиiстi сайлау округi бойынша мәслихат депутаттығына екiден кем кандидат тiркелген жағдайда, аумақтық сайлау комиссиясы тиiстi округтiк сайлау комиссиясының ұсынуы бойынша кандидаттар ұсыну мерзiмiн жиырма күннен аспайтын мерзiмге ұзартады.
8. Округтiк сайлау комиссиясы үш күн iшiнде кандидаттың Конституция мен осы Конституциялық заңда өзiне қойылған талаптарға сәйкестiгiн анықтайды.
Ескерту. 103-бапқа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 1999.05.06 N 375, 2004.04.14 N 545 Конституциялық заңдарымен.
104-бап. Мәслихаттар депутаттығына кандидаттар тiркеу
1. Депутаттыққа кандидаттарды тiркеудi округтiк сайлау комиссиялары жүзеге асырады.
Мәслихат депутаттығына кандидат тiркелгенге дейiн және оның Конституция мен осы Конституциялық заңда қойылатын талаптарға сәйкестiгi тексерiлгеннен кейiн жергiлiктi атқарушы органдардың шотына депозит ретiнде заңнамада белгiленген ең төменгi жалақының бес еселенген мөлшерiнде сайлау жарнасын енгiзедi. Кандидат сайлау қорытындылары бойынша мәслихат депутаты болып сайланған немесе дауыс беру қорытындылары бойынша кандидат дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының кемiнде бес процентiн алған жағдайларда, сондай-ақ кандидат қайтыс болған жағдайда енгiзiлген жарна кандидатқа қайтарылады. Қалған жағдайлардың бәрiнде енгiзiлген жарна қайтарылуға жатпайды және республикалық бюджет кiрiсiне алынады.
1-1. Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) тiркеуге дейiн тұрғылықты жерi бойынша салық органдарына осы Конституциялық заңға сәйкес белгiленген ұсыну мерзiмi басталатын айдың бiрiншi күнiне мемлекет алдындағы салық мiндеттемелердiң орындалуына салық бақылауын қамтамасыз ететiн Қазақстан Республикасының уәкiлеттi мемлекеттiк органы белгiлеген тәртiппен және нысанда табысы және мүлкi туралы декларациялар ұсынады.
Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) жариялаған табысы және мүлкi туралы мәлiметтердiң дұрыстығын салық қызметi органдары кандидат тiркелген күннен бастап он бес күн iшiнде тексередi.
Бұл ретте салық қызметi органдарынан кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) табысы және мүлкi туралы мәлiметтер беру жөнiнде талап алған ұйымдар сұратылған ақпаратты талап алынған күннен бастап төрт күн iшiнде беруге мiндеттi.
2. Қоғамдық бiрлестiктен ұсынылған кандидатты тiркеу мынадай құжаттар:
1) қоғамдық бiрлестiктiң жоғары органының, осы қоғамдық бiрлестiктiң әдiлет органдарында тiркелгенi туралы құжаттың көшiрмесi тiркеле отырып, тиiстi сайлау округi бойынша кандидат ұсыну жөнiндегi отырысы хаттамасының үзiндiсi;
2) азаматтың өзiн ұсынған қоғамдық бiрлестiктен осы сайлау округi бойынша депутаттыққа кандидат болып дауысқа түсуге келiсiмi туралы өтiнiшi;
3) кандидат туралы өмiрбаяндық деректер;
4) алып тасталды — ҚР 2004.04.14 N 545 Конституциялық заңымен;
5) кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) табысы және мүлкi туралы декларация тапсырғаны туралы салық органының анықтамасы;
6) кандидаттың сайлау жарнасын енгiзгенiн растайтын құжат болған жағдайда жүргiзiледi.
3. Өзiн-өзi ұсынған жағдайда кандидатты тiркеу мынадай құжаттар:
1) осы сайлау округi бойынша кандидат болып дауысқа түсу ниетi туралы өтiнiшi;
2) кандидат туралы өмiрбаяндық деректер бар болған ретте жүзеге асырылады;
3) алып тасталды — ҚР 2004.04.14 N 545 Конституциялық заңымен;
4) кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) табысы және мүлкi туралы декларация тапсырғаны туралы салық органының анықтамасы;
5) кандидаттың сайлау жарнасын енгiзгенiн растайтын құжат болған ретте жүзеге асырылады.
4. Тiркеуге мәслихат депутаттығына кандидаттардың кез келген саны ұсынылады.
5. Мәслихат депутаттығына кандидаттар тiркеу туралы округтiк сайлау комиссиясы хаттама жасайды, ол бес күн мерзiм iшiнде тиiстi аумақтық сайлау комиссиясына табыс етiледi.
6. Округтiк сайлау комиссиясы:
1) кандидаттарды тiркегеннен кейiн жетiншi күннен кешiктiрмей жергiлiктi баспасөз құралдарында әр кандидаттың тегiн, атын, әкесiнiң атын, туған жылын, атқаратын қызметiн (жұмысын), жұмыс орны мен тұрғылықты жерiн, сондай-ақ кандидаттың өз қалауына қарай оның қоғамдық бiрлестiкке қатыстылығы мен ұлты туралы мәлiметтердi көрсете отырып тiркеу туралы хабар жариялайды;
2) тiркеген кезде кандидаттарға тиiстi куәлiктер бередi;
3) мынадай жағдайда:
кандидат ұсыну ережелерiн бұзған, тiркеу үшiн қажеттi құжаттарды табыс етпеген;
кандидат Конституцияда және осы Конституциялық заңда оған қойылатын талаптарға сәйкес келмеген;
кандидат өзiнiң сайлау алдындағы науқанында лауазымдық немесе қызмет жағдайын пайдаланған;
кандидат сайлау алдындағы үгiттi өзiн тiркегенге дейiн, сайлау күнi не соның алдындағы күнi жүргiзген;
кандидаттың және (немесе) оның сенiм бiлдiрiлген адамдарының басқа кандидаттың ар-намысы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн, оның iскерлiк беделiн түсiретiн жалған мәлiметтердi таратқан фактiсiн сот анықтаған;
сот кандидат пен оның сенiм бiлдiрiлген адамдарының сайлаушыларды сатып алу фактiлерiн анықтаған;
осы Конституциялық заңда белгiленген өзге де жағдайларда кандидатты тiркеуден бас тартады немесе тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жояды;
3-1) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы заңдарына сәйкес кандидаттың немесе оның жұбайының (зайыбының) декларацияны тапсыру кезiне декларацияда көрсеткен табысы мен мүлкi туралы мәлiметтердiң дұрыс еместiгi анықталғанда кандидатты тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жояды.
Тiркеуден бас тартуға немесе тiркеудiң күшiн жоюға қатысты кандидаттар тиiстi сотқа шағым жасай алады.
Дауыс беретiн күнге екi күн қалғанда кандидатты тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жоюға немесе бұған дейiн тiркеуден шығарылған кандидатты қалпына келтiруге жол берiлмейдi.
7. Кандидатты тiркеуден бас тартуға немесе тiркеу туралы шешiмнiң жойылуына қоғамдық бiрлестiк немесе кандидаттың өзi аумақтық сайлау комиссиясына немесе сотқа жетi күн мерзiм iшiнде шағым бере алады. Бұл ретте аумақтық сайлау комиссиясы немесе сот шағым берiлген күннен бастап жетi күн мерзiм iшiнде шешiм шығарады.
8. Мәслихат депутаттығына кандидатты тiркеу, егер сайлау тағайындалған кезде өзгеше белгiленбесе, сайлау күнiнен екi ай бұрын басталып, сайлау күнiне жиырма бес күн қалғанда аяқталады.
Ескерту. 104-бапқа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 1998.05.08 N 222, 1999.05.06 N 375, 2004.04.14 N 545, 2005.04.15 N 44, 2007.06.19 N 268, 2009.02.09 N 124-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Конституциялық заңдарымен.
105-бап. Кандидатурасын алып тастау, мәслихат
депутаттығына кандидат етiп ұсыну туралы
шешiмнiң күшiн жою
1. Мәслихат депутаттығына кандидат тiркелген күннен бастап және дауыс бepугe екi күн қалғанға дейiнгi кезеңде округтiк сайлау комиссиясына бұл туралы жазбаша өтiнiш бере отырып, өз кандидатурасын қайтып ала алады.
2. Республикалық немесе жергiлiктi қоғамдық бiрлестiктiң, қоғамдық бiрлестiктiң құрылымдық бөлiмшесiнiң жоғары органы тiркеуге дейiнгi және одан кейiнгi уақытта округтiк сайлау комиссиясына тиiстi ұсыныс берiп, мәслихат депутаттығына кандидат ұсыну туралы шешiмiнiң күшiн жоя алады.
3. Мұндай жағдайларда округтiк сайлау комиссиясы кандидатты тiркемейдi немесе кандидатты тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жояды.
4. Егер кандидатурасын алып тастау немесе кандидатты ұсыну туралы шешiмнiң күшiн жою осыған мәжбүр ететiн себептерсiз жүргiзiлген болса, онда округтiк сайлау комиссиясы сайлау науқанын өткiзуге республикалық бюджеттен жұмсалған қаражаттың бiр бөлiгiн кандидаттың немесе оны ұсынған тиiстi қоғамдық бiрлестiктiң есебiне жатқызуға хақылы.
Ескерту. 105-бапқа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 1999.05.06 N 375, 2004.04.14 N 545, 2005.04.15 N 44 Конституциялық заңдарымен.
106-бап. Мәслихат депутаттығына кандидаттың сайлау
қорының мөлшерi
Кандидаттың сайлау қоры:
1) жалпы сомасы Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген ең төменгi жалақының жүз есе мөлшерiнен аспауға тиiс кандидаттың жеке қаражатынан;
2) кандидатқа өзiн ұсынған қоғамдық бiрлестiк бөлген, жалпы сомасы Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген ең төменгi жалақының екi жүз есе мөлшерiнен аспауға тиiс қаражаттан;
3) жалпы сомасы Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген ең төменгi жалақының үш жүз есе мөлшерiнен аспауға тиiс Қазақстан Республикасының азаматтары мен ұйымдарының ерiктi қайырмалдықтарынан құралады.
Ескерту. 106-бап жаңа редакцияда — ҚР 2004.04.14 N 545 Конституциялық заңымен.
107-бап. Тiркеу мерзiмi аяқталғаннан кейiн шығып
қалғандардың орнына мәслихаттар депутаттығына
кандидаттар ұсыну
1. Тiркеу мерзiмi аяқталғаннан кейiн кандидаттардың шығып қалуы нәтижесiнде тиiстi сайлау округi бойынша мәслихат депутаттығына екiден кем кандидат қалған жағдайда, аумақтық сайлау комиссиясы тиiстi округтiк сайлау комиссиясының ұсынуы бойынша өз шешiмiмен сайлау мерзiмiн ұзартады, бiрақ ол екi айдан аспауға тиiс.
2. Мұндай жағдайда мәслихат депутаттығына кандидаттар ұсыну осы Конституциялық заңда белгiленген ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 107-бапқа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 1999.05.06 N 375, 2004.04.14 N 545 Конституциялық заңдарымен.
108-бап. Мәслихат депутатын сайлау кезiнде
дауыстарды санау
1. Учаскелiк сайлау комиссиясы дауыс беру нәтижелерi бойынша дауыс беру хаттамасын жасайды, ол дереу округтiк сайлау комиссиясына жiберiледi.
2. Мәслихат депутатын сайлау нәтижелерi учаскелiк сайлау комиссияларының хаттамалары негiзiнде округтiк сайлау комиссиясының отырысында анықталады. Мәслихат депутаттары сайлауының нәтижелерi туралы округтiк комиссия төрағасы мен мүшелерiнiң қолы қойылып, сайлау өткiзiлген күннен бастап екi күннен аспайтын мерзiмде тиiстi аумақтық сайлау комиссиясына жiберiлетiн хаттама жасалады.
3. Дауыс беру нәтижесi мен сайлау нәтижесiн анықтаумен байланысты өзге де мәселелер осы Конституциялық заңның Жалпы бөлiмiнде белгiленген ережелерге сәйкес шешiледi.
Ескерту. 108-бапқа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 1999.05.06 N 375 Конституциялық заңымен.
109-бап. <*>
Ескерту. 109-бап алып тасталды — ҚР 2004.04.14 N 545 Конституциялық заңымен.
110-бап. Мәслихаттар депутаттарын қайта сайлау
1. Егер сайлау жарамсыз деп танылса аумақтық сайлау комиссиясы қайта сайлау өткiзу жөнiнде шешiм қабылдайды. Дауыс беру сол сайлау учаскелерiнде бастапқы сайлауды өткiзу үшiн жасалған сайлаушылар тiзiмдерi бойынша өткiзiледi.
2. Қайта сайлау бастапқы сайлаудан кейiн екi ай мерзiмнен кешiктiрiлмей өткiзiледi. Қайта сайлауда жүзеге асыру көзделген сайлау шаралары осы Конституциялық заңда белгiленген ережелерге сәйкес жүргiзiледi. Бұл ретте сайлау шараларының қысқартылған мерзiмiн аумақтық сайлау комиссиясы белгiлейдi.
3. Қайта сайлау өткiзу туралы жергiлiктi ақпарат құралдарында хабарланады.
4. Алып тасталды — ҚР 2004.04.14 N 545 Конституциялық заңымен.
Ескерту. 110-бапқа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 1999.05.06 N 375, 2004.04.14 N 545 Конституциялық заңдарымен.
111-бап. Мәслихаттар депутаттары сайлауының
қорытындыларын анықтау және жариялау
1. Мәслихат депутаттары сайлауының қорытындыларын тиiстi аумақтық сайлау комиссиялары сайлау өткiзiлген күннен бастап бес күн мерзiмнен кешiктiрмей анықтайды.
2. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар басқа кандидаттарға қарағанда көп дауыс берген кандидат мәслихаттың сайланған депутаты болып есептеледi.
3. Мәслихат депутаттары сайлауының қорытындыларын анықтау мен жариялауға байланысты басқа мәселелер осы Конституциялық заңның Жалпы бөлiмiнде белгiленген ережелерге сәйкес шешiледi.
Ескерту. 111-бапқа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 1999.05.06 N 375, 2004.04.14 N 545 Конституциялық заңдарымен.
112-бап. Мәслихаттар депутаттарын тiркеу
1. Тиiстi аумақтық сайлау комиссиясы округтiк сайлау комиссияларының хаттамалары негiзiнде сайланған мәслихаттар депутаттарын тiркейдi.
2. Тиiстi аумақтық сайлау комиссиясы округтiк сайлау комиссиясының ұсынысы немесе азаматтардың арыздары бойынша, егер сайлау барысында немесе дауыстарды санау не сайлау нәтижелерiн анықтау кезiнде осы Конституциялық заңды бұзу орын алса, мәслихат депутаты сайлауын жарамсыз деп тануы және мәслихат депутатын тiркеуден бас тартуы мүмкiн. Бұл орайда мәслихат депутаттығына кандидаттар аумақтық сайлау комиссиясының осы шешiмiне оның қабылданған күнiнен бастап он күн iшiнде сотқа шағым бере алады, ол он күн iшiнде шешiм қабылдайды.
Ескерту. 112-бапқа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 1999.05.06 N 375 Конституциялық заңымен.
113-бап. Мәслихаттар депутаттарының қайта сайлауы
мен шығып қалғандардың орнына депутаттар
сайлауын өткiзу
1. Мәслихаттар депутаттарының қайта сайлауы мен шығып қалғандардың орнына депутаттар сайлауы осы Конституциялық заңда мәслихаттар депутаттарының кезектi сайлауы үшiн белгiленген ережелерге сәйкес өткiзiледi. Бұл ретте сайлау шараларын өткiзу мерзiмiн тиiстi аумақтық сайлау комиссиясы белгiлейдi.
2. Мәслихат өкiлеттiгiнiң конституциялық мерзiмiнiң аяқталуына бiр жыл қалғанда шығып қалған депутаттың орнына сайлау өткiзiлмейдi.
Ескерту. 113-бапқа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 1999.05.06 N 375, 2004.04.14 N 545 Конституциялық заңдарымен.
14-тарау. Қазақстан Республикасының өзге де жергiлiктi
өзiн-өзi басқару органдарына сайлау
Ескерту. 14-тарауға өзгерту енгiзiлдi — ҚР 2007.06.19 N 268 Конституциялық заңымен.
114-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына
сайлау тағайындау
1. Мыналар:
1) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының заңмен белгiленген өкiлеттiгi мерзiмiнiң аяқталуы сайлау тағайындауға;
2) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органы мүшесiнiң өкiлеттiгiнiң мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы, оның мандатынан айыру не оның қайтыс болуы шығып қалғанның орнына мүше сайлауын тағайындауға негiз болып табылады.
2. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының сайлауын аумақтық сайлау комиссиясы жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының өкiлеттiгi мерзiмiнiң бiтуiнен кемiнде екi ай бұрын тағайындайды және олардың заңмен белгiленген өкiлеттiгi мерзiмiнiң бiтуiне кемiнде бiр ай уақыт қалғанда өткiзiлуге тиiс.
Сайлауларды өткiзу тәртiбiн Орталық сайлау комиссиясы осы Конституциялық заңға сәйкес айқындайды.
3. Сайлау күнi туралы хабар жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Ескерту. 114-бапқа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 2004.04.14 N 545 Конституциялық заңдарымен.
115-бап. Өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару
органдары мүшелерiне қойылатын талаптар
Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органының мүшесi болып сайлану үшiн азамат Қазақстан Республикасының тиiстi заңымен белгiленген талаптарды қанағаттандыруға, сондай-ақ оның Конституцияның 33-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес сайлану құқығы болуға тиiс.
Ескерту. 115-бапқа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 2004.04.14 N 545 Конституциялық заңдарымен.
116-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының
мүшелерiн сайлау кезiндегi сайлау округтерi
мен сайлау комиссиялары
Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау кезiнде:
1) халық топтары жинақы тұратын ауылдық және қалалық жергiлiктi қауымдастықтардың аумақтары сайлау округтерi болып табылады;
2) округтiк сайлау комиссиясының қызметiн тиiстi аумақтық сайлау комиссиясы атқарады;
3) сайлауды ұйымдастыру мен өткiзудi учаскелiк сайлау комиссиялары жүзеге асырады.
117-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының
мүшелiгiне кандидаттар ұсыну
1. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелiгiне кандидаттар ұсыну құқығы сайлау құқығы бар әрi ауылдық және қалалық жергiлiктi қауымдастықтарда жинақы тұратын кемiнде елу азамат болған жағдайда құқылы азаматтар жиналысында, сондай-ақ өзiн-өзi ұсыну жолымен азаматтарда болады.
2. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына кандидаттар ұсыну туралы шешiмдi жиналысқа қатысқан азаматтар санының көпшiлiк даусымен қабылданады, ол тиiстi хаттамамен ресiмделедi.
3. Азаматтар жиналысының шешiмi:
1) ұсынылған кандидаттың назарына жеткiзiледi;
2) кандидаттың дауысқа түсуге келiсiмi туралы өтiнiшiмен бiрге тиiстi аумақтық сайлау комиссиясына жiберiледi.
4. Азаматтардың жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелiгiне кандидаттар ұсынуы өзiн-өзi ұсыну тәртiбiмен тиiстi аумақтық сайлау комиссиясына жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелiгiне тиiстi ауылдық немесе қалалық жергiлiктi қауымдастық аумағы бойынша кандидат болып дауысқа түсу ниетi туралы өтiнiш беру жолымен жүргiзiледi.
5. Осы ауылдық немесе қалалық жергiлiктi қауымдастық аумағында тұрмайтын азамат жергiлiктi өзiн-өзi басқару органының мүшелiгiне кандидат болып ұсыныла алмайды.
6. Ұсынылатын кандидаттар саны шектелмейдi.
7. Кандидаттарды ұсыну сайлау тағайындалғаннан кейiнгi келесi күннен басталып сайлау күнiнен он төрт күн бұрын аяқталады.
8. Кандидаттарды тiркеу мерзiмi аяқталған күнi жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелiгiне екiден кем кандидат тiркелген жағдайда, аумақтық сайлау комиссиясы кандидаттар ұсыну мерзiмiн ұзартады, бiрақ ол жиырма күннен аспауға тиiс.
9. Аумақтық сайлау комиссиясы үш күн iшiнде кандидаттың Конституцияда және осы Конституциялық заңда қойылған талаптарға сәйкестiгiн анықтайды.
Ескерту. 117-бапқа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 1999.05.06 N 375, 2004.04.14 N 545 Конституциялық заңдарымен.
118-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының
мүшелiгiне кандидаттарды тiркеу
1. Кандидаттарды тiркеудi аумақтық сайлау комиссиялары жүзеге асырады.
1-1. Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) тiркеуге дейiн тұрғылықты жерi бойынша салық органдарына осы Конституциялық заңға сәйкес белгiленген ұсыну мерзiмi басталатын айдың бiрiншi күнiне мемлекет алдындағы салық мiндеттемелерiнiң орындалуына салық бақылауын қамтамасыз ететiн Қазақстан Республикасының уәкiлеттi мемлекеттiк органы белгiлеген тәртiппен және нысанда табысы және мүлкi туралы декларациялар ұсынады.
Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) жариялаған табысы және мүлкi туралы мәлiметтердiң дұрыстығын салық қызметi органдары кандидат тiркелген күннен бастап он бес күн iшiнде тексередi.
Бұл ретте салық қызметi органдарынан кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) табысы және мүлкi туралы мәлiметтер беру жөнiнде талап алған ұйымдар сұратылған ақпаратты талап алынған күннен бастап төрт күн iшiнде беруге мiндеттi.
2. Азаматтар жиналысы ұсынған кандидатты тiркеу мына құжаттар:
1) азаматтар жиналысының хаттамасы;
2) азаматтың жергiлiктi өзiн-өзi басқару органының мүшелiгiне кандидат болып дауысқа түсуге келiсiмi туралы өтiнiшi;
3) кандидат туралы өмiрбаяндық деректер;
4) алып тасталды — ҚР 2004.04.14 N 545 Конституциялық заңымен;
5) кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) табысы және мүлкi туралы декларация тапсырғаны туралы салық органының анықтамасы болған жағдайда жүргiзiледi.
3. Өзiн-өзi ұсынған жағдайда кандидатты тiркеу мына құжаттар:
1) кандидат болып дауысқа түсу ниетi туралы өтiнiшi;
2) кандидат туралы өмiрбаяндық деректер;
3) алып тасталды — ҚР 2004.04.14 N 545 Конституциялық заңымен;
4) кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) табысы және мүлкi туралы декларация тапсырғаны туралы салық органының анықтамасы болған жағдайда жүзеге асырылады.
4. Тiркеуге кандидаттардың кез-келген саны ұсынылады.
5. Кандидаттарды тiркеу жөнiнде аумақтық сайлау комиссиясы хаттама жасайды.
6. Аумақтық сайлау комиссиясы:
1) кандидаттарды тiркегеннен кейiн төртiншi күннен кешiктiрмей әр кандидаттың тегiн, атын, әкесiнiң атын, туған жылын, атқаратын қызметiн (жұмысын), жұмыс орны мен тұрғылықты жерiн, сондай-ақ кандидаттың өз қалауына қарай оның қоғамдық бiрлестiкке қатыстылығы мен ұлты туралы мәлiметтердi көрсете отырып, жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында хабар жариялайды;
2) тiркеген кезде кандидаттарға тиiстi куәлiктер бередi;
3) мынадай жағдайда:
кандидат ұсыну ережелерiн бұзған, тiркеу үшiн қажеттi құжаттарды табыс етпеген;
кандидат Конституцияда және осы Конституциялық заңда оған қойылатын талаптарға сәйкес келмеген;
кандидат өзiнiң сайлау алдындағы науқанында лауазымдық немесе қызмет жағдайын пайдаланған;
кандидат сайлау алдындағы үгiттi өзiн тiркегенге дейiн, сайлау күнi не соның алдындағы күнi жүргiзген;
кандидаттың және (немесе) оның сенiм бiлдiрiлген адамдарының басқа кандидаттың ар-намысы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн, оның iскерлiк беделiн түсiретiн жалған мәлiметтердi таратқан фактiсiн сот анықтаған;
сот кандидат пен оның сенiм бiлдiрiлген адамдарының сайлаушыларды сатып алу фактiлерiн анықтаған;
осы Конституциялық заңда белгiленген өзге де жағдайларда кандидатты тiркеуден бас тартады немесе тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жояды;
3-1) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы заңдарына сәйкес кандидаттың немесе оның жұбайының (зайыбының) декларацияны тапсыру кезiне декларацияда көрсеткен табысы мен мүлкi туралы мәлiметтердiң дұрыс еместiгi анықталған жағдайда кандидатты тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жояды.
Тiркеуден бас тартуға немесе тiркеудiң күшiн жоюға қатысты кандидаттар тиiстi сотқа шағым жасай алады.
Дауыс беретiн күнге екi күн қалғанда кандидатты тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жоюға немесе бұған дейiн тiркеуден шығарылған кандидатты қалпына келтiруге жол берiлмейдi.
7. Кандидатты тiркеуден бас тартуға немесе оны тiркеу туралы шешiмiнiң жойылуына азаматтар жиналысы немесе кандидаттың өзi үш күн мерзiм iшiнде жоғары тұрған аумақтық сайлау комиссиясына немесе сотқа шағым бере алады. Бұл ретте аумақтық сайлау комиссиясы немесе сот шағым берiлген күннен бастап үш күн iшiнде шағым жөнiнде шешiм шығарады.
8. Кандидатты тiркеу сайлау күнiнен жиырма күн бұрын басталып, оған он үш күн қалғанда аяқталады.
Ескерту. 118-бапқа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 1998.05.08 N 222, 1999.05.06 N 375, 2004.04.14 N 545, 2005.04.15 N 44 Конституциялық заңдарымен.
119-бап. Кандидатурасын алып тастау, жергiлiктi
өзiн-өзi басқару органы мүшелiгiне кандидат
етiп ұсыну туралы шешiмнiң күшiн жою
1. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органы мүшелiгiне кандидат тiркелген күннен бастап және дауыс беруге екi күн қалғанға дейiнгi кезеңде тиiстi аумақтық сайлау комиссиясына бұл туралы жазбаша өтiнiш бере отырып, өз кандидатурасын алып тастай алады.
2. Азаматтар жиналысы тiркеуге дейiнгi және одан кейiнгi уақытта аумақтық сайлау комиссиясына тиiстi ұсыныс жасау арқылы кандидатты ұсыну туралы өз шешiмiнiң күшiн жоя алады.
3. Мұндай жағдайларда аумақтық сайлау комиссиясы кандидатты тiркемейдi не кандидатты тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жояды.
Ескерту. 119-бапқа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 2004.04.14 N 545, 2005.04.15 N 44 Конституциялық заңдарымен.
120-бап. <*>
Ескерту. 120-бап алып тасталды — ҚР 2004.04.14 N 545 Конституциялық заңымен.
121-бап. Тiркеу мерзiмi аяқталғаннан кейiн шығып
қалғандардың орнына жергiлiктi өзiн-өзi
басқару органдарының мүшелiгiне кандидаттар
ұсыну
1. Кандидаттарды тiркеу мерзiмi аяқталған күнi жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелiгiне екiден кем кандидат тiркелген жағдайда, аумақтық сайлау комиссиясы тиiстi округтiк сайлау комиссиясының ұсынуы бойынша өз шешiмiмен сайлау мерзiмiн ұзартады, бiрақ ол бiр айдан аспауға тиiс.
2. Мұндай жағдайда кандидаттарды ұсыну осы Конституциялық заңда белгiленген ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 121-бапқа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 1999.05.06 N 375, 2004.04.14 N 545 Конституциялық заңдарымен.
122-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшесiн
сайлау кезiнде берiлген дауыстарды санау
1. Учаскелiк сайлау комиссиясы дауыс беру нәтижелерi бойынша дауыс беру хаттамасын жасайды, ол дереу аумақтық сайлау комиссиясына жiберiледi.
2. Дауыстарды санаудың нәтижелерiн анықтауға байланысты өзге мәселелер осы Конституциялық заңның Жалпы бөлiмiнде белгiленген ережелерге сәйкес шешiледi.
Ескерту. 122-бапқа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 1999.05.06 N 375 Конституциялық заңымен.
123-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары
мүшелерiн қосымша сайлау
1. Егер жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының сайланған мүшелерiнiң саны тиiстi жергiлiктi өзiн-өзi басқару органындағы мандаттар санынан кем болған жағдайда, аумақтық сайлау комиссиясы бастапқы сайлау өткiзiлген күннен бастап бiр ай мерзiм iшiнде жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiнiң қосымша сайлауын тағайындайды.
2. Қосымша сайлау осы Конституциялық заңда бастапқы сайлау үшiн белгiленген ережелерге сәйкес өткiзiледi.
Ескерту. 123-бапқа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 1999.05.06 N 375 Конституциялық заңымен.
124-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары
мүшелерiн қайта сайлау
1. Егер сайлау жарамсыз деп танылған болса, аумақтық сайлау комиссиясы қайта сайлау өткiзу туралы шешiм қабылдайды. Дауыс беру сол сайлау учаскелерiнде және сайлаушылардың бастапқы сайлауды өткiзу үшiн жасалған тiзiмдерi бойынша жүргiзiледi.
2. Қайта сайлау бастапқы сайлаудан кейiн бiр ай мерзiмнен кешiктiрiлмей өткiзiледi. Қайта сайлау кезiнде жүзеге асыру көзделген сайлау шаралары осы Конституциялық заңда белгiленген ережелерге сәйкес жүргiзiледi.
3. Қайта сайлау өткiзу туралы жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланады.
4. Алып тасталды — ҚР 2004.04.14 N 545 Конституциялық заңымен.
Ескерту. 124-бапқа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 1999.05.06 N 375, 2004.04.14 N 545 Конституциялық заңдарымен.
125-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары
мүшелерiн сайлау қорытындыларын анықтау
және жариялау
1. Сайлау қорытындылары аумақтық сайлау комиссиясының мәжiлiсiнде учаскелiк сайлау комиссияларының хаттамалары негiзiнде сайлау өткiзiлген күннен кейiн үш күн мерзiмнен кешiктiрiлмей анықталады. Сайлау қорытындылары туралы аумақтық комиссияның төрағасы мен мүшелерiнiң қолы қойылған хаттама жасалады.
1-1. Басқа кандидаттармен салыстырғанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының көпшiлiк санын алған кандидаттар берiлген мандаттарға сәйкес жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының сайланған мүшелерi болып саналады.
2. Сайлау қорытындыларын анықтаудың және жариялаудың өзге мәселелерi осы Конституциялық заңның Жалпы бөлiмiнде белгiленген ережелерге сәйкес шешiледi.
Ескерту. 125-бапқа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 1999.05.06 N 375 Конституциялық заңдарымен.
126-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары
мүшелерiн тiркеу
1. Тиiстi аумақтық сайлау комиссиясы учаскелiк сайлау комиссияларының хаттамалары негiзiнде жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының сайланған мүшелерiн сайлау өткiзiлген күннен кейiн үш күн мерзiмде тiркейдi.
2. Тиiстi аумақтық сайлау комиссиясы учаскелiк сайлау комиссиясының ұсынысы немесе азаматтардың арыздары бойынша, егер сайлау барысында немесе дауыстарды санау не сайлау нәтижелерiн анықтау кезiнде осы Конституциялық заңды бұзу орын алса, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiнiң сайлауын жарамсыз деп тануы және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн тiркеуден бас тартуы мүмкiн. Бұл ретте кандидаттар аумақтық сайлау комиссиясының осы шешiмiне оның қабылданған күнiнен бастап бес күн iшiнде сотқа шағым бере алады, ол он күн мерзiм iшiнде шешiм қабылдайды.
Ескерту. 126-бапқа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 1999.05.06 N 375 Конституциялық заңымен.
127-бап. Шығып қалғандардың орнына жергiлiктi өзiн-өзi
басқару органдары мүшелерiнiң сайлауын өткiзу
1. Шығып қалғандардың орнына жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiн сайлау осы Конституциялық заңда кезектi сайлау үшiн белгiленген ережелерге сәйкес өткiзiледi. Бұл ретте сайлау шараларын өткiзу мерзiмiн тиiстi аумақтық сайлау комиссиясы белгiлейдi.
2. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органы өкiлеттiгiнiң Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген мерзiмi аяқталуына бiр жыл қалғанда жергiлiктi өзiн-өзi басқару органының шығып қалған мүшесiнiң орнына сайлау өткiзiлмейдi.
Ескерту. 127-бапқа өзгерiс енгiзiлдi -ҚР 1999.05.06 N 375, 2004.04.14 N 545 Конституциялық заңдарымен.
15-тарау. Қорытынды және өтпелi ережелер
128-бап. <*>
Ескерту. 128-бап алып тасталды — ҚР 2004.04.14 N 545 Конституциялық заңымен.
129-бап. Кезектен тыс сайлау өткiзген кезде Парламент
Сенатының жаңа сайланымы депутаттарын сайлау
тәртiбi
1. Кезектен тыс сайлау өткiзген кезде Сенаттың жаңа сайланымы депутаттарының сайлауы жөнiндегi сайлау iс-шаралары, дауыс берудi өткiзудi, сайлау қорытындыларын белгiлеудi және Сенат депутаттарының өкiлеттiк мерзiмiн айқындауды қоспағанда, осы Конституциялық заңға сәйкес өткiзiледi.
2. Сенаттың жаңа сайланымы депутаттарының сайлауы бойынша таңдаушылардың — облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) мәслихаттары депутаттарының бiрлескен отырысында дауыс беру Сенат депутаттарының екi мандатына бiр мезгiлде өткiзiледi.
3. Аумақтық сайлау комиссиясы барлық тiркелген кандидаттарды сайлау бюллетенiнде әлiпби тәртiбiмен орналастырады. Кандидаттың аты-жөнiнiң оң жағынан қай кандидатқа дауыс бергенiн белгiлеу үшiн екi шаршы орналастырылады. Бiр шаршы — алты жылға сайланатын кандидат үшiн, екiншiсi үш жылға сайланатын кандидат үшiн белгi қоюға арналады.
4. Таңдаушы дауыс беру кезiнде өзi дауыс беретiн кандидаттардың аты-жөнiнiң оң жағындағы бос тұрған екi шаршыға кез келген белгiнi, тиiсiнше бiр шаршыға белгiнi — алты жылға сайлау үшiн, екiншi шаршыға үш жылға сайлау үшiн қояды.
5. Дауыс санау мен дауыс беру нәтижесiн анықтау Сенат депутаттарының екi мандаты бойынша бөлек жүргiзiледi.
6. Сенаттың жаңа сайланымы депутаттарының сайлауында дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санының елу процентiнен астамының даусын алған кандидаттар сайланған деп есептеледi.
7. Егер Сенат депутаттары дауыс берудiң бiрiншi турында сайланбаса, қайтадан дауыс беру өткiзiледi. Қайтадан дауыс беру әртүрлi бюллетеньдер бойынша, бiр бюллетень алты жылға сайланатын кандидатқа дауыс беру үшiн, екiншiсi үш жылға сайланатын кандидатқа дауыс беру үшiн жүргiзiледi. Сайлау бюллетенiне дауыс беруге қатысқан таңдаушылардың неғұрлым көп дауысына ие болған екi кандидат енгiзiледi. Басқа кандидатпен салыстырғанда таңдаушылар дауысының көбiне ие болған кандидат сайланған деп есептеледi.
Ескерту. 129-бапқа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 1999.05.06 N 375, 2004.04.14 N 545 Конституциялық заңдарымен.
130-бап. <*>
Ескерту. 130-бап алып тасталды — ҚР 2004.04.14 N 545 Конституциялық заңымен.
131-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының
мүшелерiн сайлау мерзiмi
Республика Конституциясында көзделген, мәслихаттардан басқа, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының сайлауын тиiсiнше облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қалалар мен Республика астанасының) сайлау комиссиялары жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мәртебесi мен өкiлеттiктерiн белгiлейтiн заң қолданысқа енгiзiлгеннен кейiн тағайындайды.
Ескерту. 131-бапқа өзгерту енгiзiлдi — ҚР 2007.06.19 N 268 Конституциялық заңымен.
132-бап. <*>
Ескерту. 132-бап алып тасталды — ҚР 2004.04.14 N 545 Конституциялық заңымен.
133-бап. Осы Конституциялық заңның күшiне енуi
және қолданылуы
Осы Конституциялық заң:
1) жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi;
2) осы Конституциялық заң күшiне енгеннен кейiн пайда болған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Ескерту. 133-бапқа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 1999.05.06 N 375 Конституциялық заңымен.
Қазақстан Республикасының
Президентi