Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдiк мерзімді баспа басылымдарын есепке алуды жүзеге асыру қағидаларын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 шілдедегі N 843 Қаулысы

 

Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда — ҚР Үкiметiнiң 2012.08.28 № 1098 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

 

«Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi  Заңын  орындау үшiн Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

 

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдік мерзімді баспа басылымдарын есепке алуды жүзеге асыру қағидалары бекiтiлсiн.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Үкiметiнiң 2012.08.28 № 1098 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

 

2. Алып тасталды — ҚР Үкiметiнiң 2012.08.28 № 1098 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

 

3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

 

Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

 

Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2002 жылғы 29 шiлдедегi
N 843 қаулысымен
бекiтiлген

 

    Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдiк мерзімді баспа басылымдарын есепке алуды жүзеге асыру қағидалары

 

Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда — ҚР Үкiметiнiң 2012.08.28 № 1098 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

 

    1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңының талаптарына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының ақпараттық кеңiстiгiнің жай-күйiн дұрыс әрi уақтылы талдау мақсатында Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдiк мерзімді баспа басылымдарын есепке алуды жүзеге асыру тәртiбiн белгiлейдi.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкiлеттi орган – бұқаралық ақпарат құралдары саласында мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган);
2) жергiлiктi атқарушы орган – облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкiмi басқаратын, өз құзыретi шегiнде тиiстi аумақта мемлекеттiк басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;
3) шетелдiк мерзімді баспа басылымы – Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде басылатын және тұрақты атауы, ағымдық нөмiрi бар, кемiнде үш айда бiр рет шығарылатын газет, журнал, альманах, бюллетень, олардың қосымшасы;
4) таратушы – шетелдiк мерзімді баспа басылымдарын меншiк иесiмен, шығарушысымен шарт бойынша немесе өзге де заңды негiздерде Қазақстан Республикасының аумағында таратуды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға (филиал немесе өкiлдiк);
5) Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдiк мерзімді баспа басылымдарын есепке алу туралы анықтама – таратушыға жергiлiктi атқарушы орган беретiн және таратушы анықтаған аумақта таратылатын шетелдiк мерзімді баспа басылымдары атауларының тiзбесiн растайтын құжат (бұдан әрi – анықтама).
3. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында (бұдан әрі – Қазақстан Республикасының аумағы) таратылатын шетелдік мерзімді баспа басылымдарын есепке алуды жергiлiктi атқарушы орган жүзеге асырады.
4. Уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдiк мерзімді баспа басылымдарын есепке алудың бiрыңғай тiзiлiмiн жүргiзедi.
5. Жергiлiктi атқарушы орган тоқсан сайын, есептік тоқсаннан кейінгі айдың 5 (бесінші) күнінен кешіктірмей, таратушы өтініште көрсеткен мәлiметтердi Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдiк мерзімді баспа басылымдарын есепке алудың бiрыңғай тiзiлiмiне енгiзу үшiн уәкiлеттi органға жiберiп тұрады.

 

   2. Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдiк мерзімді баспа басылымдарын есепке алуды жүзеге асыру тәртiбi

 

6. Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдiк мерзімді баспа басылымдарын есепке алу үшiн таратушы жергiлiктi атқарушы органға мынадай құжаттарды тапсырады:
1) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес өтініш;
2) жеке тұлға үшiн – кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға құқығын растайтын құжаттың көшiрмесi;
3) заңды тұлға үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* көшірмесі немесе анықтама;
филиал немесе өкілдік үшін – филиалды немесе өкілдікті есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* көшірмесі немесе анықтама.
Ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.
Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді — ҚР Үкіметінің 23.04.2013 № 387 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
7. Өтiнiш жергiлiктi атқарушы органда тiркелген күнінен бастап он жұмыс күні iшiнде қаралады.
8. Ұсынылған құжаттар осы Қағидалардың талаптарына сәйкес болған жағдайда жергiлiктi атқарушы орган осы Қағидалардың 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепке алу журналына жазба енгізу арқылы Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспа басылымдарын есепке қояды.
9. Өтінішті қарау қорытындылары бойынша таратушыға осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес анықтама беріледі не мынадай негіздемелер бойынша бас тартады:
1) осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген барлық қажеттi құжат ұсынылмаса;
2) өтініште толық немесе дұрыс ақпарат көрсетілмесе;
3) таратушыға қатысты қызметтің осы түрімен айналысуға тыйым салатын сот шешiмi болса;
4) шетелдiк мерзімді баспа басылымдары өнiмiне қатысты оларды Қазақстан Республикасының аумағында таратуға тыйым салу туралы сот шешiмi болса.
10. Анықтаманы жоғалтып немесе бүлдіріп алған жағдайда өтініш берушіге еркін нысандағы жазбаша өтініш беру арқылы жергілікті атқарушы органда тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні мерзімі ішінде, оң жақтағы жоғарғы бұрышында «Телнұсқа» деген жазуы бар жаңа нөмір берілген анықтаманың телнұсқасы беріледі.
11. Анықтама алынған күнінен бастап бір жыл iшiнде жарамды. Егер осы Қағидалардың 1-қосымшасында көрсетілген таратушыға немесе таратылатын шетелдік мерзімді баспа басылымдарына қатысты мәліметтер берілген анықтаманың қолданылу уақытында өзгерсе, осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен жергiлiктi атқарушы орган таратушының жазбаша үндеу бойынша жаңа анықтаманы алу туралы өтінішін қарастырады.
12. Анықтаманың қолданылу мерзiмi аяқталғаннан кейiн осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен жергiлiктi атқарушы орган таратушының өтініші бойынша жаңа анықтаманы береді.

 

  Қазақстан Республикасында
таратылатын шетелдiк мерзімді
баспа басылымдарын есепке
алу қағидаларына
1-қосымша

 

_____________________________________________________________________
(өтінішті тіркейтін органның атауы және мекенжайы)

 

   Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдiк мерзімді баспа
басылымдарын есепке алу туралы
өтініш

 

Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда — ҚР Үкіметінің 23.04.2013 № 387 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

 

Сізден Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдiк мерзімді
баспа басылымдарын есепке алуды сұраймын.
Таратушының деректері:
_____________________________________________________________________
(ұйымдық-құқықтық нысанын көрсетумен дара кәсіпкердің/заңды тұлғаның
атауы)
_____________________________________________________________________
(ЖСН/БСН)
_____________________________________________________________________
(тіркелген орны, нақты мекенжайы, байланыс телефондары, электрондық
поштасы)

 

 

Р/c

Шетелдік мерзімді баспа   басылымдары атауының тізбесі

Шетелдiк мерзімді баспа   басылымдарының таралу аумағы

Таратылатын шетелдiк мерзімді   баспа басылымдарының тiлi (тiлдерi)

Негiзгi тақырыптық бағыттылығы

Мерзімділігі

Таратылатын даналарының   болжамды саны

1.

2.

 

Қосымшалар: 1. _________________________
2. _________________________
бірінші басшының/дара кәсіпкердің қолы

 

М.О. 20__ ж. «___» _____________________

 

  Қазақстан Республикасында
таратылатын шетелдiк мерзімді
баспа басылымдарын есепке
алу қағидаларына
2-қосымша

 

   Есепке алу журналы

 

 

Р/с №

Тіркелген күні

Анықтама нөмірі

Таратушының атауы және оның ұйымдастыру-құқықтық   нысаны

Анықтаманың қолданылу мерзімі

Толтыруға жауапты жергілікті   атқарушы орган қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты және қолы

1

2

3

4

5

6

 

  Қазақстан Республикасында
таратылатын шетелдiк мерзімді
баспа басылымдарын есепке
алу қағидаларына
3-қосымша

 

______________________________
______________________________
(таратушыға анықтама берілген
жергiлiктi атқарушы органның
атауы)

 

   Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдiк мерзімді баспа басылымдарын есепке алу туралы анықтама

 

№ _________                                  20__ ж. «___» __________
(тiркеу нөмiрi)

 

Осы анықтама «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес_______________________________берілген
(таратушының атауы және оның ұйымдастыру-құқықтық нысаны)

 

және шетелдiк мерзімді баспа басылымдарын 20___ж. «___» __________ бастап есепке алынғанын растайды.

 

Шетелдiк мерзімді баспа басылымдары атауының толық тізбесі:
1. ________________
2. ________________
3. ________________
4. және т.б.

 

Шетелдiк мерзімді баспа басылымдарының таралу аумағы:
_____________________________________________________________________

 

Осы анықтама 20___ ж.«___» ________ дейiн жарамды.

 

Орган басшысы қолы

 

МО 20__ ж. «___»___________

Источник: Информационно-правовая система «Әділет»  http://adilet.zan.kz/