Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау жөнінде комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 9 наурыздағы № 181 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құрамынамыналар енгізілсін:

 

Кенжебаев
Арман Жанатбекұлы
«Қазақстан орындаушыларының құқықтарын басқару қоғамы» республикалық қоғамдық бірлестігінің бас директоры (келісім бойынша)
Айдарбеков
Бауыржан Тілеужанұлы
«Абырой» авторлық қоғамы» республикалық қоғамдық бірлестігінің бас директоры (келісім бойынша)
Блиев
Әсет Асылбекұлы
«Фонограммалар өндірушілердің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі директорының бірінші орынбасары (келісім бойынша);

 

      мына:

 

«Жақсылықов
Тимур Мекешұлы
Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда вице-министрі»

 

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

 

«Жақсылықов
Тимур Мекешұлы
Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрi»;

 

      көрсетілген құрамнан Дархан Әзімханұлы Әзімхан шығарылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов