Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2013 жылға арналған жоспары туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1778 Қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2013 жылға арналған жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмысын үйлестіру және осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жүктелсін.
3. Жоспарда көзделген заң жобаларын әзірлеуші мемлекеттік органдар заң жобаларын Жоспарда белгіленген айдың 1-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне және Жоспарда белгіленген айдың 20-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1778 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2013 жылға арналған жоспары

 

с №

Заң жобасының атауы

Әзірлеуші мемлекеттік орган

Ұсыну мерзімі

Заң жобаларын сапалы әзірлеу және уақтылы енгізу үшін жауапты тұлға

Әділетмині

Үкімет

Парламент

1

2

3

4

5

6

7

1 Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында исламдық қаржыландыру қағидаттарына негізделген қаржы лизингін дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ЭДСМ

Қаңтар

Қаңтар

Наурыз

А.М. Ескендіров

2 Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында қаржы пирамидаларының қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

БП (келісім бойынша)

Қаңтар

Ақпан

Наурыз

И.Д. Меркель

3 «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері туралы

ИЖТМ

Қаңтар

Ақпан

Наурыз

Қ.А. Төлеушин

4 Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ИЖТМ

Қаңтар

Ақпан

Наурыз

Қ.А. Төлеушин

5 Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару органдары арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ЭДСМ

Қаңтар

Ақпан

Наурыз

Д.М. Шәженова

6 «Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы

Қаржымині

Қаңтар

Ақпан

Сәуір

Р.Е. Дәленов

7 «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына конституциялық мерзімдерді есептеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы

Әділетмині

Қаңтар

Ақпан

Сәуір

З.Х. Баймолдина

8 «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ДСМ

Қаңтар

Ақпан

Сәуір

Э.Ә. Байжүнісов

9 Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оқ-дәрілер мен жарылғыш заттар айналымы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қорғанысмині

Қаңтар

Наурыз

Мамыр

Т.Ж. Жанжүменов

10 Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыртқы барлау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Сырбар» СБҚ  (келісім бойынша)

Наурыз

Сәуір

Мамыр

Г.Ж. Байжанов

11 Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ҚТҮКШІА

Наурыз

Сәуір

Мамыр

М.А. Ысмайылов

12 Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

СДШІА

Наурыз

Сәуір

Маусым

М.Е. Омаров

13 Қазақстан Республикасының туризм саласындағы кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ИЖТМ

Наурыз

Сәуір

Маусым

Қ.А. Төлеушин

14 Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

БҚА

Наурыз

Сәуір

Маусым

А.Б. Мәтішев

15 Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, уағдаластық міндеттерді қорғауды кепілдендіру және оларды бұзу үшін жауапкершілікті қатандату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Әділетмині

Наурыз

Сәуір

Маусым

З.Х. Баймолдина

16 Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі (жаңа редакция)

БП (келісім бойынша)

Наурыз

Мамыр

Тамыз

И.Д. Меркель

17 Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне қылмыстық заңнаманы жетiлдiру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

БП (келісім бойынша)

Наурыз

Мамыр

Тамыз

И.Д. Меркель

18 «Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы

ЖС (келісім бойынша)

Сәуір

Мамыр

Маусым

А.А.Қасымов

19 Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне сот төрелігін жүзеге асыруды одан әрі оңайлату, төрешілдік рәсімдерді азайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ЖС (келісім бойынша)

Сәуір

Мамыр

Маусым

А.А.Қасымов

20 Рұқсаттар және хабарламалар туралы

ЭДСМ

Сәуір

Мамыр

Маусым

М.Ә. Құсайынов

21 Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ЭДСМ

Сәуір

Мамыр

Маусым

М.Ә. Құсайынов

22 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы

ЖС (келісім бойынша)

Сәуір

Мамыр

Шілде

Е.Н. Әбдіқадыров

23 Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне сайлау заңнамасы мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

ЖС (келісім бойынша)

Сәуір

Мамыр

Шілде

Е.Н. Әбдіқадыров

24 Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу кодексi (жаңа редакция)

БП (келісім бойынша)

Мамыр

Маусым

Тамыз

И.Д. Меркель

25 Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне қылмыстық іс жүргізу заңнамасын жетілдіру бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

БП (келісім бойынша)

Мамыр

Маусым

Тамыз

И.Д. Меркель

26 «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы

БП (келісім бойынша)

Мамыр

Маусым

Тамыз

И.Д. Меркель

27 Бітімгершілік қызметі туралы

Қорғанысмині

Мамыр

Шілде

Тамыз

С.Н. Громов

28 Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне жер қойнауын пайдалану мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

МГМ

Сәуір

Маусым

Қыркүйек

Қ.Б. Сафинов

29 Қазақстан Республикасының Қылмыстық — атқару кодексi (жаңа редакция)

ІІМ

Мамыр

Маусым

Қыркүйек

А.Ж. Күренбеков

30 Кәсіптік одақтар туралы

Еңбекмині

Мамыр

Шілде

Қыркүйек

Е.Қ. Егемберді

31 Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіптік одақтардың қызметі және еңбек қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Еңбекмині

Мамыр

Маусым

Қыркүйек

Е.Қ. Егемберді

32 Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы азаматтарының және тұруға ықтияры бар тұлғалардың кірістері мен мүлкін декларациялауы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қаржымині

Мамыр

Шілде

Қыркүйек

Р.Е.Дәленов

33 Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

БҒМ

Мамыр

Маусым

Қыркүйек

М.К Орынханов

34 Қазақстан Республикасындағы лотереялар және лотерея қызметі туралы

СДШІА

Маусым

Шілде

Қыркүйек

М.Е. Омаров

35 Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне лотереялар және лотерея қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

СДШІА

Маусым

Шілде

Қыркүйек

М.Е. Омаров

36 Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі (жаңа редакция)

Әділетмині

Маусым

Шілде

Қыркүйек

З.Х. Баймолдина

37 Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Әділетмині

Маусым

Шілде

Қыркүйек

З.Х. Баймолдина

38 Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ҚТҮКШІА

Маусым

Шілде

Қыркүйек

Н.П. Тихонюк

39 Дене шынықтыру және спорт туралы (жаңа редакция)

СДШІА

Маусым

Шілде

Қыркүйек

Е.Б. Қанағатов

40 Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

СДШІА

Маусым

Шілде

Қыркүйек

Е.Б. Қанағатов

41 Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ЭДСМ

Маусым

Шілде

Қыркүйек

М.Е. Әбілқасымова

42 Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне энергетика объектілерінің жұмысына бақылау мен қадағалауды ұйымдастырудың нақты және тиімді жүйесін қалыптастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ИЖТМ

Шілде

Тамыз

Қазан

Б.М. Жақсалиев

43 Ең төменгі әлеуметтік стандарттар мен кепілдіктер туралы

ЭДСМ

Шілде

Тамыз

Қазан

М.Е. Әбілқасымова

44 2014 – 2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы

Қаржымині

Тамыз

Тамыз

Тамыз

Л.М. Қармазина

45 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2014 – 2016 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы

ЭДСМ

Тамыз

Тамыз

Тамыз

М.Е. Әбілқасымова

46 Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері арасындағы 2014 – 2016 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы

ЭДСМ

Тамыз

Тамыз

Тамыз

М.Ә. Құсайынов

47 Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік саласын құқықтық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Әділетмині

Тамыз

Қыркүйек

Желтоқсан

З.Х. Баймолдина

48 Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі (жаңа редакция)

Әділетмині

Қыркүйек

Қазан

Желтоқсан

З.Х. Баймолдина

49 Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Әділетмині

Қыркүйек

Қазан

Желтоқсан

З.Х. Баймолдина

50 Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы

ЭДСМ

Қыркүйек

Қазан

Желтоқсан

М.Ә. Құсайынов

51 Әлеуметік жұмыс орындары туралы

Еңбекмині

Қыркүйек

Қазан

Желтоқсан

Е.Қ. Егемберді

52 Мемлекеттік аудит туралы

Қаржымині

Қыркүйек

Қазан

Желтоқсан

Б.Ш. Шолпанқұлов

53 Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік аудит мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қаржымині

Қыркүйек

Қазан

Желтоқсан

Б.Ш. Шолпанқұлов

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
Әдiлетминi – Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi
БҚА – Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі
БП – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы
ДСМ – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Еңбекмині – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
ИЖТМ – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі
ЖС – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты
Қаржымині – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Қорғанысмині – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі
ҚТКШІА – Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі
МГМ – Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі
СДШІА – Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі
ІІМ – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
ЭДСМ – Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі
СБҚ «Сырбар» – Қазақстан Республикасының «Сырбар» Сыртқы барлау қызметi