«Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңының 7-бабының 14-5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды тіркеу және пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1641 қаулысымен
бекітілген

Жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті
құрылғыларды тіркеу және пайдалану, сондай-ақ азаматтық
мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Жиілік белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарды) тағайындау, радиоэлектрондық құралдарды мен жоғары жиілікті құрылғыларды тіркеу және пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу қағидалары (бұдан әрі — Қағидалар) жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беру, радиоэлектрондық құралдар (бұдан әрі — РЭҚ) мен жоғары жиілікті құрылғыларды (бұдан әрі — ЖЖҚ) тіркеу және пайдалану, РЭҚ-ның электромагниттік үйлесімділігін (бұдан әрі — ЭМҮ) есептеуді жүргізудің жалпы тәртібін айқындайды.
Осы Қағидалардың талаптары байланыс саласындағы лицензиялық қызмет түрін жүзеге асыратын және (немесе) өндірістік қызметте РЭҚ және (немесе) ЖЖҚ пайдаланатын барлық жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.
Қағидаларда Халықаралық электр байланысы одағының 1988 жылғы 9 желтоқсандағы Радиобайланыс регламентінің (International Communication Unit, (ITU), Мельбурн) ережелері және Қазақстан Республикасының радиожиіліктер жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының ұсыныстары ескерілді.
Осы Қағидалар:
1) осы Қағидалардың 1-қосымшасында көрсетілген тізбеге сәйкес РЭҚ пен ЖЖҚ-ға;
2) Қазақстан Республикасының радиожиіліктер жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының ұсыныстарына сәйкес Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі радиожиілікпен қамтамасыз ететін мемлекеттік органдардың, мемлекеттік кәсіпорындардың РЭҚ пен ЖЖҚ-ға қолданылмайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) абоненттік құрылғы — абонент берген ақпаратты тарату немесе қабылдау үшін электр байланысы сигналдарын қалыптастыратын және байланыс операторының желісіне қосылатын жеке пайдаланылатын байланыс құралы;
2) РЭҚ және (немесе) ЖЖҚ иесі — осы құралдар немесе құрылғылар шаруашылық жүргізу құқығында немесе жедел басқару құқығында немесе өзге заңды негізде (жалға алу, өтеусіз пайдалану) меншігінде болатын заңды немесе жеке тұлға;
3) жоғары жиілікті құрылғы — телекоммуникация саласында пайдалануды қоспағанда, электромагниттік энергияны өнеркәсіптік, ғылыми, медициналық, тұрмыстық немесе басқа мақсаттарда пайдалануға және шоғырландыруға арналған жабдық және (немесе) аспаптар;
4) өтініш беруші — РЭҚ және (немесе) ЖЖҚ иесі не жеке немесе заңды тұлға, не оның сенім білдірілген тұлғасы;
5) радиожиілік спектрін пайдаланушы — жиіліктер белдеуі немесе радиожиілік (радиожиілік арнасы) берілген (тағайындалған) жеке немесе заңды тұлға;
6) радиожиілік немесе радиожиілік арнасын иелікке беру — тиісті радиожиілік органы радиожиілік спектрін пайдаланушыға беретін радиожиілік спектрін пайдалануға арналған рұқсат, ол осы рұқсатта көрсетілген жиіліктер жолағын, радиоэлектронды құралды, жиілік белдеулерін (радиожиілік арналарын) пайдалануға арналады;
7) жылжымалы радиоэлектрондық құрал — географиялық координаталарға тұрақты байланыстырылмаған радиоэлектрондық құрал;
8) радиожиілік спектрі — 3 кГц-тен 400 ГГц-ке дейінгі ауқымдағы радиожиіліктердің белгілі бір жиынтығы;
9) радиоэлектрондық құрал — көмекші жабдықты қоса алғанда, радиотолқындарды таратуға және (немесе) қабылдауға арналған және бір немесе бірнеше таратушы және (немесе) қабылдаушы құрылғылардан не олардың құрамаларынан құралатын техникалық құрал;
10) электромагнитті үйлесімділік (ЭМҮ) — техникалық құралдың өзге техникалық құралдарға радиокедергілер жасамау және нақты пайдалану шарттарында өздеріне абайсызда келтірілген радиокедергілер әсер еткен кезде талап етілетін сапамен бір мезгілде қызмет ету қабілеті;
11) жиілікті бірлесіп пайдалану — екі немесе одан да көп пайдаланушылар пайдаланатын жиіліктер;
12) стационарлық радиоэлектрондық құрал — тұрақты географиялық координаты бар радиоэлектрондық құрал;
13) уәкілетті орган — Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру комитеті;
14) радиожиілік ресурсы — белгілі бір аумақта эфирде жұмыс істеуге арналған, Халықаралық электр байланысы одағының талаптарын қанағаттандыратын және:
жиіліктердің диапазоны;
жиіліктердің қолданылатын спектрінің ені;
пайдаланылатын технологиялар, көрсетілген ресурсты пайдалануға рұқсат қолданысының уақыт кезеңі ескерілетін қолданыстағы және әлеуетті ықтимал жиілік тағайындауларының жиынтығы;
15) Ұлттық Кесте — Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 11 қыркүйектегі № 1379 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының радиоқызметтері арасында 3 кГц-тен 400 ГГц-ке дейінгі жиіліктер диапазонындағы жиіліктер белдеулерін бөлу кестесі.
3. Рұқсат құжаттарын рәсімдеу кезіндегі лауазымды адамдардың әрекетіне және (немесе) әрекетсіздігіне Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көрсетілген тәртіп бойынша шағымдануға болады.

2. Жиілік белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын)
иелікке беру тәртібі
4. Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін (бұдан әрі — РЖС) пайдалануға рұқсат осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес тізімде көрсетілген РЭҚ ресімделеді.
5. Қазақстан Республикасының РЖС пайдалануға рұқсат немесе Қазақстан Республикасының туы астында жүзетін кемелер үшін радиожиілік спектрін пайдалануға кеме станциясының рұқсатын (бұдан әрі — кеме станциясының рұқсаты) алу үшін өтініш беруші радиожиілік ресурсы (бұдан әрі — РЖР) пайдаланылатын жердегі уәкілетті органның аумақтық органына (бұдан әрі — аумақтық орган) радиожиілік белдеулерін (номиналдарын) иелікке беруге өтінім (бұдан әрі — өтінім) қағаз тасығышта үш данада (кеме станциясының рұқсатын алу үшін екі данада) және электрондық тасығышта немесе www.elicense.kz. интернет-ресурсы арқылы электрондық түрде ұсынуға тиіс. Әр байланыс түрі үшін жеке өтінім беріледі.
6. Өтінім мынадай құжаттардан тұрады:
1) осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша белгіленген үлгідегі өтініш;
2) сұралып отырған радиожиіліктер белдеулерінің (номиналдың) негіздемесі келтірілетін, жоспарланып отырған радиожелінің (радиотораптардың) мақсаты мен сипаты, пайдаланылатын стандарттар мен хаттамалардың, пайдалануға жоспарланған РЭҚ ерекшеліктері, байланысты ұйымдастыру сызбасы егжей-тегжейлі баяндалатын түсіндірме жазба;
3) осы Қағидалардың 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша тиісті радиобайланыс түріне белгіленген үлгідегі РЭҚ-қа арналып толтырылған сауалнама (кеме станциялары үшін техникалық деректерімен осы Қағидалардың 12-қосымшасына сәйкес толтырылған сауалнама).
7. Егер өтінім берілген белдеулер (номиналдар) радиожиілігі 1 ГГц-ке дейін болса, аумақтық орган радиожиілікті иелікке берудің қолда бар базасына сәйкес радиожиілік белдеулерін (номиналдарын) іріктейді, осы Қағидалардың 13-қосымшасына сәйкес нысан бойынша техникалық қорытынды әзірлейді және оны өтінімге қоса тіркеп, өтінім келіп түскен кезден бастап үш жұмыс күні ішінде байланыс саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты ұйымына (бұдан әрі — Ұйым) жолдайды.
Өтінім берілген радиожиілік белдеулері (номиналдары) (барлық байланыс түрлері бойынша (WLL) сымсыз радиоға қол жетімділік желілерінен басқа) 1 ГГц-тен асатын болса, аумақтық орган өтінімді келіп түскен кезден бастап үш жұмыс күні ішінде (техникалық қорытындысыз) Ұйымға қарауға жолдайды.
Сымсыз радиоға қол жетімділік желілеріндегі (WLL) өтінім берілген белдеулер (номиналдар) 1 ГГц артық болса, аумақтық орган өтінім келіп түскен кезден бастап үш жұмыс күні ішінде оны уәкілетті органның қарауына жолдайды.
1 ГГц артық сымсыз радиоға қол жетімділік желілеріндегі (WLL) өтінім берілген белдеулерді (номиналдарды) уәкілетті орган өтінім келіп түскен кезден бастап үш жұмыс күні ішінде қарап, Ұйымға жолдайды.
Өтінім түгел жинақталмаған не өтінім берілген радиожиілік белдеулері (номиналдар) бос болмаған жағдайда аумақтық орган және (немесе) уәкілетті орган бас тартудың негізделген себептерін көрсетіп, өтінім келіп түскен кезден бастап екі жұмыс күні ішінде өтінім берушіні жазбаша нысанда хабардар етеді.
Өтінімді қабылдаудан бас тарту өтінім берушіні тиісті ескертулерді түзеткеннен кейін қайтадан өтінім беру құқығынан айырмайды.
Ұйым аумақтық және (немесе) уәкілетті органнан өтінім келіп түскеннен кейін үш жұмыс күнінің ішінде РЭҚ және ЖЖҚ ЭМҮ алдын ала есептеу рәсімін жүргізіп, оның нәтижесі бойынша аумақтық органға және (немесе) уәкілетті органға жазбаша түрде хабарлайды.
8. Алдын ала есептеу қорытындысы оң нәтиже берген жағдайда уәкілетті орган:
1) Қазақстан Республикасы әскери басқармасының орталық атқарушы органы — Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен (бұдан әрі — Қорғаныс министрлігі) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 11 қыркүйектегі № 1379 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының радиоқызметтері арасында 3 кГц-тен 400 ГГц-ке дейінгі жиіліктер диапазонындағы жиіліктер белдеулерін бөлу кестесіне (бұдан әрі — Бөлу кестесі) не Қазақстан Республикасының радиожиіліктер жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының (бұдан әрі — мүдделі ұйымдар) шешімдеріне сәйкес орталық атқарушы органдармен РЖС келісу рәсімін жүргізеді;
2) кедергісіз жұмысты қамтамасыз ету мақсатында РЖР-тың шекаралас мемлекеттерімен халықаралық үйлестіру рәсімін жүргізеді. Бұл рәсімді жүргізудің қажеттілігі РЭҚ және ЖЖҚ ЭМҮ алдын ала жүргізілген есептеу нәтижелері бойынша анықталады. Егер РЭҚ және ЖЖҚ ЭМҮ есептеу кезінде орнату жоспарланып отырған РЭҚ және ЖЖҚ шекаралас мемлекеттің РЭҚ және ЖЖҚ кедергі келтіретіні анықталған болса, онда шекаралас мемлекеттер арасында жасалған келісімдерге (Қазақстан Республикасының шекара маңындағы аймақтарында) және (немесе) Халықаралық электр байланысы одағының Радиобайланыс регламентіне сәйкес халықаралық үйлестіру жүргізу қажет.
9. РЭҚ және ЖЖҚ ЭМҮ алдын ала есебінің қорытындысы теріс нәтиже берген жағдайда, сондай-ақ өтінімдегі техникалық деректердің толтырылуы дұрыс емес және (немесе) сенімсіз болған жағдайда аумақтық орган және (немесе) уәкілетті орган Ұйымнан хабарлама келіп түскен кезден бастап үш жұмыс күні ішінде өтінім берушіні бас тартудың себептерін негіздеп, жазбаша түрде хабардар етеді.
Өтінімді қабылдаудан бас тарту өтінім берушіні тиісті ескертулерді түзеткеннен кейін аумақтық органға және (немесе) уәкілетті органға қайтадан өтінім беру құқығынан айырмайды.
10. 8-тармақта көрсетілген рәсімдерді жүргізу қажет болмаған жағдайда, уәкілетті орган өтінім келіп түскен кезден бастап үш жұмыс күні ішінде Ұйымды Қағидалардың 53-58-тармақтарында айтылған рәсімдерге сәйкес РЭҚ және ЖЖҚ ЭМҮ сараптама қорытындысын қолданыстағы және жоспарланған, оның ішінде шекаралас мемлекеттердің РЭҚ және азаматтық мақсаттағы ЖЖҚ-мен (бұдан әрі — ЭМҮ қорытындысы) ресімдеу қажеттілігі туралы ескертеді.
11. Ұйымның ЭМҮ қорытындысын рәсімдеу мерзімі Ұйым мен өтінім беруші арасында РЭҚ ЭМҮ есебін жүргізу қызметін көрсету шартына қол қойылғаннан және ақысы төленгеннен кейін келісім рәсімінің оң қорытындысы туралы уәкілетті органнан хабарлама келіп түскен күннен бастап он жұмыс күнінен аспайды. Ұйым ЭМҮ қорытындысының түпнұсқасын өтінім берушіге, ал көшірмесін уәкілетті органға береді не жолдайды.
12. Келісу рәсімін жүргізу үшін уәкілетті орган Қорғаныс министрлігіне осы Қағидалардың 8-тармағының 1) тармақшасына сәйкес өтінім жібереді.
13. Сұрауды қарастыру мерзімі материалдар келіп түскен кезден бастап жиырма жұмыс күнінен аспайды. Егер өтінім берген радиожиілік белдеулерін (номиналдарын) келісуге болмайтын болса, Қорғаныс министрлігі және (немесе) мүдделі ведомстволар уәкілетті органға негізделген бас тартуды жазбаша түрде жолдайды.
14. Жиіліктерді иелікке беру Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды, қорғанысты, қауіпсіздікті және құқық тәртібін қорғауды қамтамасыз ету мүддесіне орай байланыс саласындағы қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілердің басқа жиіліктерге көшуіне байланысты залалдарын бір мезгілде өтей отырып өзгертілуі мүмкін.
Көрсетілген мерзім ішінде жазбаша жауап болмаған жағдайда, уәкілетті орган өтінімді қарау мерзімінің аяқталғаны туралы хабарлама жолдайды. Қорғаныс министрлігі және (немесе) мүдделі ведомстволар бес жұмыс күні ішінде хабарламаға жауап жолдауға міндетті.
Мыналарды:
1) Қазақстан Республикасының радиожиіліктер жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының ұсынымдары негізінде уәкілетті орган беретін, бұрын Қорғаныс министрлігімен келісілген;
2) Ұлттық кестеде «АЗ» санаты ретінде көрсетілген азаматтық пайдаланушылардың РЭҚ;
3) кеме станцияларын — Халықаралық электр байланысы одағының Радиобайланыс регламентімен бекітілген радиожиілік спектрін пайдалануға кеме станциясының рұқсаты;
4) егер РЭҚ пен ЖЖҚ техникалық параметрлері мен орнатылған орны өзгермесе, бұрын келісілген радиожиілік белдеулерін (номиналдарын) келісу рәсімдерін жүргізу талап етілмейді.
17. Шекаралас мемлекеттермен жиілікті халықаралық үйлестіру рәсімін өткізу қажет болған кезде уәкілетті орган өтінім берушіні өтінімді қарау мерзімінің ұзартылатыны туралы хабардар етеді.
Радиожиіліктер белдеуін (номиналдарды) халықаралық үйлестіру рәсімін жүргізуді уәкілетті орган шекаралас мемлекеттер арасында жасалған келісімдерге (Қазақстан Республикасының шекара маңындағы аймақтарында) және (немесе) 1988 жылғы 9 желтоқсандағы (Мельбурн қаласы) Халықаралық электр байланысы одағының Радиобайланыс регламентіне сәйкес жүзеге асырады, бұл ретте өтінімді қарау мерзімі төрт айдан аспайды.
18. Радиожиілік белдеулерін (номиналдарын) және (немесе) халықаралық үйлестіру рәсімін жүргізгеннен кейін уәкілетті орган:
1) нәтиже оң болған жағдайда келісу және (немесе) халықаралық үйлестіру рәсімдерін жүргізу нәтижесі бойынша хабарлама алған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде Ұйымға өтінім берілген радиожиілік белдеулеріне (номиналдарына) ЭМҮ қорытындысын ресімдеу үшін хабарлама жолдайды. ЭМҮ қорытындысы осы Қағидалардың 11-тармағында сипатталған рәсімге сәйкес ресімделеді;
2) келісу және (немесе) халықаралық үйлестіру рәсімдерінің нәтижелері теріс болған кезде уәкілетті орган РЖР тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды. Бұл жағдайда аумақтық органға, Ұйымға және Өтінім берушіге бұл туралы хабарлайды.
19. Уәкілетті орган ЭМҮ қорытындысының көшірмесін алғаннан кейін ЭМҮ қорытындысының көшірмелері келіп түскен кезден бастап бес жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 14-қосымшасына сәйкес РЖС пайдалануға рұқсатты ресімдеп, осы Қағидалардың 15-қосымшасына сәйкес кодтар береді.
20. Қағаз және (немесе) электронды түрде (www.elicense.kz интернет ресурсы арқылы) ресімделген РЖС пайдалануға рұқсатты немесе РЖС пайдалануға кеме станциясының рұқсатын (түпнұсқасын) уәкілетті орган РЖС пайдаланылатын жердегі аумақтық органға жолдайды.
21. РЖС пайдалануға рұқсатты уәкілетті орган келесі жылдың 25 наурызына дейінгі мерзімге береді.
22. РЖС пайдалану үшін берілген рұқсатты тиісті аумақтық орган (РЖР пайдаланылатын жердегі) жыл сайын, өтініш беруші РЖС пайдалануға мемлекеттік бюджетке жылдық төлемінің бірінші бөлігін төлегенін растайтын құжатты ұсынғаннан кейін келесі жылдың 25 наурызына дейінгі мерзімін көрсетіп ұзартады, аумақтық орган бастығының қолымен және мөрімен расталады (егер РЖС пайдалануға рұқсат электронды түрде (www.elicense.kz) интернет ресурсы арқылы) ресімделген болса, ол аумақтық орган бастығының электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталады).
23. РЖС пайдалануға рұқсатты ұзартудан:
1) радиожиілік спектрін үш тоқсан пайдаланғаны үшін төлемақы мемлекеттік бюджетке дер кезінде төленбеген жағдайда;
2) аумақтық орган жүргізетін радиожиілік спектрі мониторингінің нәтижелерімен расталатын радиожиілік белдеулерін (номиналдарын) жыл бойы пайдаланбаған, сондай-ақ белгіленген уақытта аумақтық органда радиожиілік белдеулерінде (номиналдарында) жұмыс істейтін РЭҚ және ЖЖҚ тіркелмеген, пайдалануға енгізудің актісі болмаған жағдайда;
3) осы Қағидалардың 14-тармағына сәйкес Қорғаныс министрлігі жиіліктерді иелікке беруді өзгерту жөнінде шешім қабылдаған жағдайда бас тартылады.
23. РЖС пайдалануға рұқсаттың немесе РЖС пайдалануға кеме станциясы рұқсатының түпнұсқасын алған аумақтық орган оларды алған кезінен бастап үш күндік мерзімде тіркейді, өтініш берушіге хабарлайды, сондай-ақ РЖС пайдалануға төлем сомасын көрсетіп (жылдың қалған мерзіміне) белгіленген үлгідегі РЖС пайдалануға мемлекеттік бюджетке төлемақы төлеуге хабарлама жазады және табыстайды. РЖС пайдалануға мемлекеттік бюджетке төлемақы төлеу өтінім берушінің тіркелген орны бойынша жүргізіледі.
24. Қағаз түрінде ресімделген РЖС пайдалануға рұқсат иесіне не өтінім берушіге ол РЖС рұқсат алу құқығына сенімхат және ұсынылған хабарламаға сәйкес РЖС пайдалану үшін мемлекеттік бюджетке төлемақы төленгенін растайтын құжатты ұсынғаннан кейін беріледі.
Егер РЖС пайдалануға рұқсат немесе РЖС пайдалануға кеме станциясының рұқсаты (түпнұсқасы) электрондық түрде (www.elicense.kz интернет ресурсы арқылы) ресімделген жағдайда, өтінім беруші аумақтық органнан мемлекеттік бюджетке төлемақы төлеуге хабарлама алып, ұсынылған хабарламаға сәйкес РЖС пайдаланғаны үшін мемлекеттік бюджетке төлемақы төленгенін растайтын құжатты ұсынады.
25. Көрмелер, спорттық жарыстар, ғылыми-зерттеу және эксперименталдық жұмыстарды, сондай-ақ алты айға дейінгі мерзімге өзге де іс-шараларды өткізу кезеңіне уәкілетті орган азаматтық мақсаттағы РЖС үшін радиожиіліктер белдеулерін (номиналдарын) келісу рәсімдерін жұмыс тәртібімен, кейіннен құжаттамалық растау арқылы жедел жүзеге асырады. Мұндай жағдайда уәкілетті орган осы Қағидалардың 16-қосымшасына сәйкес өтінім беруші көрсеткен мерзімге РЖС пайдалануға уақытша рұқсат береді.
26. Радиожиіліктер белдеулерін (номиналдарды) бірлесіп пайдалануға тек РЖР-дің негізгі пайдаланушысының жазбаша келісімімен және өндірістік мақсатта ғана пайдалану үшін рұқсат етіледі. РЖР әрбір пайдаланушыға РЖС-ін пайдалануға жеке рұқсат ресімделеді. Әрбір пайдаланушы РЖС-ін пайдалану үшін мемлекеттік бюджетке төлемақы төлеуді, негізгі РЖС пайдаланушымен бірдей шарттарда жеке жүргізеді. РЖС пайдалануға рұқсатты бірінші алған пайдаланушы негізгі пайдаланушы болып саналады.
27. РЖС пайдалану үшін рұқсат осы Қағиданың 17-қосымшасына сәйкес тізімде көрсетілген РЖС және ЖЖҚ-ға ресімделмейді.
28. Егер РЭҚ және ЖЖҚ техникалық параметрлері мен тағайындалуы өзгермеген болса, мынадай жағдайларда келісу рәсімін өткізбей, РЖС пайдалануға рұқсат қайта ресімделеді:
1) жеке тұлғаның аты-жөні немесе заңды тұлғаның атауы өзгерген;
2) егер заңды тұлға қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның құқықтық мұрагері болып табылған;
3) РЖС пайдалану рұқсат лицензияның ажырамас бөлігі болып табылатын байланыс саласындағы қызметке лицензия алған (және/немесе қайта ресімдеген).
29. Бұдан басқа жағдайларда РЖС пайдалануға рұқсат қайта ресімделмейді және РЖС пайдалануға рұқсат алу рәсімі қайтадан өткізілуге тиіс.
30. РЖС пайдалануға рұқсатты қайта ресімдеу, оның күшін жою және телнұсқасын алу үшін өтінім беруші аумақтық органға қажетті құжаттарды ұсынады.
Құжаттарды алған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде аумақтық орган оларды одан әрі РЖС пайдалануға рұқсатты ресімдеу, күшін жою немесе төлнұсқасын алу үшін уәкілетті органға жолдайды.
Уәкілетті орган аумақтық органнан өтінім келіп түскен кезден бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде РЖС пайдалануға рұқсатты қайта ресімдейді, күшін жояды және төлнұсқасын береді.
31. РЖС пайдалануға рұқсатты қайта ресімдеу үшін өтінім беруші мынадай құжаттар ұсынады:
1) өтініш;
2) түсіндірме жазба;
3) РЖС пайдалануға рұқсаттың түпнұсқасы (РЖС пайдалануға рұқсат электронды түрде (www.elicense.kz интернет ресурсы арқылы) алынған болса, аталған құжаттың қажеті жоқ);
4) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәліктің көшірмесі немесе жеке тұлғаның жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;
5) Қазақстан Республикасының салық төлеушісі куәлігінің көшірмесі;
6) ЭМҮ қорытындысының көшірмесі;
7) РЖС пайдалану үшін мемлекеттік бюджетке төлемақы төленгенін растайтын құжат;
8) заңды тұлға қайта ұйымдастырылған жағдайда, құқықтық мұрагерлікті растайтын құжат.
32. РЖС пайдалануға рұқсат жоғалған жағдайда, оның төлнұсқасы беріледі, бұл ретте өтінім беруші мынадай құжаттарды ұсынады:
1) өтініш;
2) түсіндірме жазба;
3) РЖС пайдалануға рұқсаттың көшірмесі;
4) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі немесе жеке тұлғаның жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;
5) Қазақстан Республикасының салық төлеушісі куәлігінің көшірмесі;
6) РЖС пайдалану үшін мемлекеттік бюджетке төлемақы төленгенін растайтын құжат.
33. Пайдаланушы РЖС пайдаланудан бас тартқан жағдайда, РЖС пайдаланушы аумақтық органға РЖС пайдалануға рұқсаттың жою үшін мынадай құжаттарды ұсынады:
1) бас тарту себептері көрсетілген өтініш;
2) РЖС пайдалануға рұқсаттың түпнұсқасы (РЖС пайдалануға рұқсат электронды түрде (www.elicense.kz интернет ресурсы арқылы) алынған болса, аталған құжаттың қажеті жоқ);
3) күшін жойған кезге дейін РЖС пайдаланғаны үшін мемлекеттік бюджетке төлемақы төленгенін растайтын құжат;
4) РЭҚ пайдалану құқығына рұқсат бар болған жағдайда демонтаж актісі.
34. РЖС пайдалануға рұқсат мынадай жағдайларда күшін жою үшін алынады:
1) радиожиілік спектрі пайдаланылған үш тоқсан үшін мемлекеттік бюджетке төлем уақтылы төленбеген жағдайда;
2) аумақтық орган жүргізетін радиожиілік спектрі мониторингінің нәтижелерімен расталатын радиожиілік белдеулерін (номиналдарын) жыл бойы пайдаланбаған, сондай-ақ белгіленген уақытта аумақтық органда радиожиілік белдеулерінде (номиналдарында) жұмыс істейтін РЭҚ және ЖЖҚ тіркелмеген, пайдалануға енгізу актісі болмаған жағдайда;
3) РЖС пайдалануға рұқсат берілген күнінен бастап үш ай ішінде өтінім беруші РЖС пайдалануға рұқсатты талап етпеген жағдайда.
35. РЖР пайдаланушының өзіне бекітілген радиожиілік белдеулерін (номиналдарын) уақытша немесе тұрақты пайдалануға басқа пайдаланушыларға беруіне тыйым салынады.
36. Пайдаланудан бас тартылған және күші жойылған жиіліктерді қайтадан иелікке беруді уәкілетті орган жүзеге асырады.

3. Радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиілікті
құрылғыларды тіркеу
37. Қазақстан Республикасының сәйкестік сертификаты бар, Қазақстан Республикасының аумағында сатып алынған РЭҚ пен ЖЖҚ және шетелден әкелінген РЭҚ пен ЖЖҚ (теңіз кемелерінде орнатылған теңіз РЭҚ-дан басқа. Шетелдік кемелерді қазақстандық жеке немесе заңды тұлғалар бір жылдық және (немесе) одан көп уақытқа кіреге алған (жалға алған) жағдайда, теңіз РЭҚ пайдаланылатын жердегі аумақтық органда теңіз РЭҚ тіркеу қажет) пайдалану басталғанға дейін отыз жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркелуге тиіс. Осы Қағидалардың 18-қосымшасында көрсетілген тізбеге сәйкес РЭҚ және ЖЖҚ мемлекеттік тіркеуге жатады. Осы Қағидалардың 1-қосымшасында көрсетілген Тізбеге сәйкес РЭҚ және ЖЖҚ мемлекеттік тіркеуге жатпайды.
38. РЭҚ және ЖЖҚ тіркеуді жүзеге асыру үшін өтінім беруші, оның ішінде шетелдік кемені бір жылға және (немесе) одан көп мерзімге кіреге (жалға) алған Қазақстандық жеке және заңды тұлғалар РЭҚ және ЖЖҚ пайдалану орны бойынша аумақтық органға қағаз және электрондық тасығышта немесе www.elicense.kz интернет-ресурсы арқылы электрондық түрде өтінім берулері қажет.
Өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) осы Қағидалардың 19-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
2) осы Қағидалардың 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша радиобайланыстың тиісті түріне белгіленген үлгідегі РЭҚ-қа, осы Қағидалардың 20-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ЖЖҚ-ға сауалнама (теңіз кемелеріне орнатылған РЭҚ-тан басқа);
3) жабдықты әкелу кезеңінде берілген Қазақстан Республикасының РЭҚ және ЖЖҚ сәйкестік сертификатының көшірмесі;
4) РЭҚ және ЖЖҚ мемлекеттік тіркеу үшін алымның мемлекеттік бюджетке төленгенін растайтын құжат;
5) сатып алудың немесе шетелден әкелудің заңдылығын растайтын құжат (сатып алу-сату шартының көшірмесі немесе қабылдау-беру актісі).
ЖЖҚ тіркеу үшін осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген құжаттарды ұсыну талап етілмейді.
Телефон арнасы радиоұзартқыштарын, 27 МГц жиілігі диапазонындағы РЭҚ тіркеуге арналған өтінімде осы тармақтың 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсыну талап етілмейді, оның орнына осы Қағидалардың 21 және 22-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша сауалнама-өтініш қоса беріледі.
Өтінім дұрыс ресімделмеген не толық болмаған жағдайда, аумақтық орган себептерін көрсете отырып, тіркеуден жазбаша уәжделген бас тартуды жолдайды, бұл ретте өтінімді қарау мерзімі екі жұмыс күнін құрайды. Құжаттарды қайтадан ұсынған жағдайда, оларды қарау мерзімі жаңартылады.
39. Өтінімді қарастыру рәсімі аяқталғаннан кейін аумақтық орган 5 жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 23-қосымшасына сәйкес нысан бойынша РЭҚ және ЖЖҚ, 27 МГц жиілігі диапазонындағы РЭҚ және қуаты екі ваттқа дейінгі шағын қуатты алып жүруге болатын РЭҚ үшін осы Қағидаларға 24-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті дайындайды және береді, осы Қағидалардың 25-қосымшасына сәйкес белгіленген нысанда РЭҚ және ЖЖҚ мемлекеттік тіркеу журналына енгізеді.
40. РЭҚ және ЖЖҚ мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі мерзімі шектелмеген құжат және ол Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жарамды болып табылады.
41. РЭҚ және ЖЖҚ тіркеу РЭҚ және ЖЖҚ иеленушілерге оларды пайдалануға рұқсатсыз пайдалануға енгізуге құқық бермейді.

4. Радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиілікті
құрылғыларды пайдалану
42. РЭҚ және ЖЖҚ мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті алғаннан кейін өтінім беруші тиісті аумақтық органға (РЭҚ немесе ЖЖҚ пайдалану орны бойынша) РЭҚ және ЖЖҚ пайдалануға рұқсат алу үшін қағаз және электрондық тасығышта немесе www.elicense.kz интернет-ресурсы арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат форматында (теңіз кемелеріне орнатылған теңіз РЭҚ-тан және 27 МГц жиілігі өрісіндегі РЭҚ пен қуаты екі ваттқа дейінгі шағын қуатты алып жүруге болатын РЭҚ-тан басқа) қажет. Жазбаша түрде өтінім берген кезде (floppy диск, CD диск) электронды тасымалдағыштарда ақпарат ұсынуы керек.
Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) осы Қағидалардың 26-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) осы Қағидалардың 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша радиобайланыстың тиісті түріне белгіленген үлгідегі РЭҚ, осы Қағидалардың 20-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ЖЖҚ сауалнама;
3) мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органымен келісілген РЭҚ санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысының көшірмесі (егер РЭҚ-қа санитариялық паспорт ресімдеу көзделген болса);
4) РЖС пайдалануға рұқсаттың көшірмесі (егер РЖС пайдалануға рұқсатты ресімдеу көзделген жағдайда, ал егер РЖС пайдалану үшін рұқсат электронды түрде (www.elicense.kz интернет ресурсы арқылы) алынған болса аталған құжатты ұсыну талап етілмейді);
5) ЭМҮ қорытындысының көшірмесі (егер ЭМҮ қорытындысын алу көзделген жағдайда);
6) РЭҚ және ЖЖҚ мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі (егер РЭҚ және ЖЖҚ мемлекеттік тіркеу туралы куәлік электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат форматында (www.elicense.kz интернет ресурсы арқылы) алынған болса аталған құжатты ұсыну талап етілмейді).
Аумақтық орган РЭҚ және ЖЖҚ пайдалануға рұқсат алу үшін берілген өтінішті ресімдеудің дұрыстығын тексереді.
Өтініш дұрыс ресімделмеген жағдайда, аумақтық орган өтінім келіп түскен сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде жазбаша түрде өтінімді одан әрі қарай қараудан дәлелді бас тарту ұсынады.
43. Өтінімді РЭҚ пайдалануға рұқсат алу үшін өтінім берушінің жүгінуі негізінде тиісті аумақтық орган қабылдаған жағдайда, өтінім берушімен бірге он күндік мерзімде РЭҚ қабылдау жүргізіледі, оның нәтижесі бойынша осы Қағидалардың 27-қосымшасына сәйкес нысан бойынша үш жұмыс күні ішінде пайдалануға енгізу туралы акт жасалады.
44. Тараптар РЭҚ және ЖЖҚ пайдалануға енгізу актісіне қол қойғаннан кейін аумақтық орган үш жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 28, 29-қосымшаларына сәйкес үлгі бойынша РЭҚ және ЖЖҚ пайдалануға рұқсат дайындайды.
РЭҚ және ЖЖҚ пайдалану үшін рұқсат келесі жылдың 25 наурызына дейінгі мерзімге беріледі.
45. ЖЖҚ пайдалануға рұқсат алу үшін осы Қағидалардың 42-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген құжаттарды ұсыну талап етілмейді.
Осы Қағидалардың 20-қосымшасына сәйкес ЖЖҚ сауалнама-рұқсаттың «уәкілетті органның аумақтық органының рұқсаты» деген IV тарауы толтырылған жағдайда, бастықтың қолы және аумақтық органның мөрі қойылады (егер сауалнама-рұқсат электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат форматында (wwww.elicense.kz интернет ресурсы арқылы) ресімделген болса, ол аумақтық орган бастығының электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталады).
РЭҚ және ЖЖҚ пайдалану аумағы өзгерген жағдайда, иесіне немесе өтінім берушіге РЭҚ және ЖЖҚ пайдалану үшін рұқсатты қайта ресімдеу қажет, бұл үшін мынадай құжаттарды ұсына отырып, осы РЭҚ тіркеуді жүргізген аумақтық органнан РЭҚ және ЖЖҚ есептен шығару керек:
1) еркін үлгідегі өтініш;
2) РЭҚ және ЖЖҚ пайдалану рұқсаттың түпнұсқасы (егер РЭҚ және ЖЖҚ пайдалану рұқсаты электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат форматында (www.elicense.kz интернет ресурсы арқылы) алынған болса, аталған құжаттың қажеті жоқ);
3) РЭҚ пайдаланудан шығару актісі (қажеттілігіне қарай).
Есептен шығарғаннан кейін РЭҚ және ЖЖҚ иесіне мынадай құжаттарды ұсынумен РЭҚ және ЖЖҚ жаңа пайдалану орны бойынша аумақтық органға он жұмыс күні ішінде РЭҚ және ЖЖҚ пайдалану үшін жаңа рұқсат алуы қажет;
4) осы Қағидалардың 26-қосымшасына сәйкес өтініш;
5) осы Қағидалардың 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11 және 21, 22-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша радиобайланыстың тиісті түріне белгіленген үлгідегі РЭҚ, осы Қағидалардың 20-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ЖЖҚ сауалнама;
6) санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдарымен келісілген РЭҚ және ЖЖҚ-ға санитарлық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесі (РЭҚ-қа санитарлық паспорт ресімдеу қарастырылған жағдайда);
7) ЭМҮ қорытындысының көшірмесі (егер ЭМҮ қорытындысын алу қажет болса);
8) РЖС пайдалануға рұқсаттың көшірмесі (егер РЖС пайдалануға рұқсат ресімдеу көзделген болса, ал егер РЖС пайдалану үшін рұқсат электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат (www.elicense.kz интернет ресурсы арқылы) форматында ресімделген болса) аталған құжатты ұсыну талап етілмейді).
Өтінім иесі жоғарыда аталған құжаттарды ұсынғаннан кейін аумақтық орган үш жұмыс күні ішінде қайта ресімдейді және РЭҚ мен ЖЖҚ пайдалануға жаңадан рұқсат береді.
РЭҚ және ЖЖҚ иесі ауысқан жағдайда, жаңа иесіне 30 жұмыс күні ішінде РЭҚ және ЖЖҚ мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің түпнұсқасын міндетті түрде қоса беріп, РЭҚ және ЖЖҚ пайдалануға жаңадан рұқсат және мемлекеттік тіркеу туралы куәлік алу үшін аумақтық органға баруы қажет.
РЭҚ және ЖЖҚ иесінің жүгінуінен кейін, аумақтық бөлімше бес жұмыс күні ішінде жаңа РЭҚ және ЖЖҚ мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін және пайдалануға рұқсатын береді.
46. Радиожеліні жабу, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды ауыстыру, оларды пайдаланудан шығару осы Қағидалардың 30-қосымшасына сәйкес бір ай мерзімде жазбаша түрде аумақтық органды міндетті түрде хабардар ете отырып жүргізіледі.
47. Телефон арнасының радиоұзартқыштарын (бұдан әрі — радиоұзартқыш), 27 МГц жиілігі өрісінде РЭҚ және қуаты 2 Вт дейінгі қуатты алып жүруге болатын РЭҚ пен жылжымалы радиобайланыс жүйелерін пайдалануға өтінім берген кезде аумақтық орган базалық (стационарлық) станцияны және әрбір тасымалдағыш (мобильді) терминал үшін жеке рұқсат ресімдейді, бұл ретте базалық станцияны пайдалануға арналған рұқсатта оның орналасқан орны көрсетілуі керек.
48. Әрбір радиоұзартқыш жинағына және әрбір 27 МГц жиілігі өрісінде РЭҚ және қуаты 2 Вт дейін қуатты алып жүруге болатын РЭҚ Қазақстан Республикасының Радиожиіліктер жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының шешіміне орай осы Қағидалардың 18-қосымшасына сәйкес тізбеде көрсетілген РЭҚ техникалық параметрлеріне тиісті арналардың белгілі саны бекітіледі.
49. Осы Қағидалардың 40-тармағында көрсетілген РЭҚ-тен басқа РЭҚ (ЖЖҚ) пайдалануға рұқсатты тиісті аумақтық орган (РЭҚ пайдалану орны бойынша) бес жұмыс күніне дейінгі мерзімде өтінім беруші аумақтық органға өтініш білдіргеннен кейін келесі жылдың 25 наурызына дейінгі қолдану мерзімін көрсеткен және РЭҚ пайдаланғаны үшін мемлекеттік бюджетке төленген жылдық төлемнің бірінші бөлігінің төленгені туралы тиісті құжатты ұсынған жағдайда жыл сайын ұзартады.
50. РЭҚ техникалық өлшемдері, антеннаның аспа биіктігі, РЭҚ орнату орны өзгерген жағдайларда, РЭҚ иесі аумақтық органға (РЭҚ пайдалану орны бойынша) осы Қағидада белгіленген тәртіп бойынша РЭҚ пайдалануға рұқсатты қайта ресімдеулері үшін тиісті өтінімімен жүгінуі қажет.
РЭҚ иесі өтінім бергеннен кейін аумақтық орган үш жұмыс күні ішінде РЭҚ пайдалануға рұқсатты қайта ресімдеу рәсімін жүргізеді.
51. Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ғимараттарындағы және аумақтарындағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиясын құрайтын мәліметтерді пайдаланатын, тек үкіметтік байланысқа қатысты арнайы тағайындалған телекоммуникация желілеріне және ішкі ведомстволық байланысқа қатысты радиоэлектрондық құралдар және олардың антенналы-фидерлі құрылғыларын осы Қағидадағы және мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық актілердегі арнайы талаптарды орындағаннан кейін ғана орнатуға рұқсат етіледі.
Ішкі ведомстволық байланыстың радиоэлектрондық құралдарын және олардың антенналы-фидерлі құрылғыларын орнату Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісуге жатады.
Мемлекеттік органдар мен Ұйымдарда арнайы тағайындалған телекоммуникация желілеріне және үкіметтік байланысқа қатысты емес радиоэлектрондық құралдарды орнатуға арнайы бөлінген техникалық орын-жайлар мен алаңдар, режимдік орын-жайлардан кемінде 10 метр қашықтықта орнатылады.
Арнайы бөлімше болмаған жағдайда ішкі ведомстволық байланыстың радиоэлектрондық құралдарын қондыруды, техникалық қызмет көрсетуді (жөндеу, профилактикалық жұмыстар), ауыстыру, РЭҚ пайдалану қорытындысы жөніндегі жұмыстарды орындаушы ұлттық қауіпсіздік органдарымен келіседі.
Қазақстан Республикасы аумағында Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы уәкілетті органның сәйкес рұқсаты жоқ байланыс операторларына ұялы байланыс қызметтерін көрсетуге жол берілмейді.
52. Қазақстан Республикасының аумағындағы шет мемлекеттердің дипломатиялық және консулдық өкілдіктерінде орнатылатын радиоэлектронды құралдарды пайдалану Қазақстан Республикасы Сыртқы Істер министрлігінің ұсынысы бойынша уәкілетті орган беретін рұқсаттамалар негізінде жүргізіледі.

5. Азаматтық қолданыстағы радиоэлектрондық құралдардың
электромагниттік үйлесімділігінің есебін жүргізу тәртібі
53. Азаматтық мақсаттағы РЭҚ және ЖЖҚ пайдалану үшін қолданылатын және жоспарланатын РЭҚ және ЖЖҚ ЭМҮ есебі (бұдан әрі — есеп) осы Қағиданың 31-қосымшасына сәйкес тізбеде көрсетілген РЭҚ және ЖЖҚ үшін жүргізіледі. Басқа РЭҚ және ЖЖҚ үшін есептеу жүргізу және ЭМҮ қорытындысын алу талап етілмейді.
54. Есеп мынадай жағдайларда жүргізіледі:
1) РЖС пайдалануға рұқсат алу;
2) егер бұрын РЖС пайдалануға рұқсат алу кезінде есеп жүргізілмесе, РЭҚ пайдалануға рұқсат алу;
3) техникалық параметрлерді өзгерту, оның ішінде РЭҚ қондыру орны (географиялық координаттарының өзгеруі, антенна аспа биіктігінің өзгеруі, антеннаның бағытының өзгеруі).
55. Өтінімде ұсынылған деректерді ұйымның мамандары ЭМҮ РЭҚ және ЖЖҚ алдын ала есебін жүргізу үшін өңдейді және:
1) нәтиже оң болған жағдайда, уәкілетті орган одан әрі ресімдеуді жүргізуі үшін үш жұмыс күні ішінде аумақтық органға және (немесе) уәкілетті органға аталған радиожиіліктің белдеулерін (номиналдарын) келісу және (немесе) халықаралық үйлестіру рәсімдерін өткізу үшін хат жолданады;
2) нәтиже теріс болған жағдайда, үш жұмыс күні ішінде басқа жиілікті таңдау үшін аумақтық органға және (немесе) уәкілетті органға хабарланады.
Уәкілетті органнан келісу рәсімдерінің оң нәтижесі және (немесе) халықаралық үйлестіру туралы хабарлама алғаннан кейін, Ұйым РЭҚ және ЖЖҚ ЭМҮ есептеуін өткізуге ие тұлғамен немесе өтінім білдірушімен азаматтық заңнама нормаларына сәйкес шарт жасасады.
56. ЭМҮ есебін жүргізуді ұйымның мамандары шекаралас елдердің радиоэлектрондық құралдарын есепке алып, электронды түрде аумақтық органдар толықтыратын республикалық деректер базасы негізінде он жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
57. ЭМҮ РЭҚ қорытындысы есеп жүргізудің оң нәтижесі бойынша және иесімен немесе өтініш берушімен РЭҚ және ЖЖҚ ЭМҮ есебін жүргізу қызметі үшін төлемақысы төленген сәтінен бастап осы Қағиданың 32 және 33-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша үш жұмыс күні ішінде ресімделеді және өтінім берушіге беріледі.
РЭҚ және ЖЖҚ ЭМҮ қорытындысы Ұйымда сақталады.
58. ЭМҮ қорытындысының түпнұсқасы жоғалған жағдайда, құжатты қалпына келтіру үш жұмыс күнінен кешіктірмей РЭҚ ЭМҮ сараптамасын жасамай-ақ, шарттық қатынастарға сәйкес, сондай-ақ мынадай жағдайларда:
1) жеке тұлғаның аты-жөні немесе заңды тұлғаның атауы өзгерсе, сонымен бірге РЭҚ техникалық параметрлері және РЭҚ орналасуының географиялық координаттары өзгертілмесе;
2) егер заңды тұлға қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның құқықтық мұрагері болып табылса, сонымен қатар РЭҚ техникалық параметрлері және РЭҚ орналасуының географиялық координаттары өзгермесе жүргізіледі.

http://adilet.minjust.kz/kaz/docs/P1100001641