Құқықтық мәдени деңгейді одан әрі арттыру, құқықтық түсіндіру жұмысының нысандары мен әдістерін жетілдіру, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеудің тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтық мәдени деңгейін арттыру жөніндегі 2012 – 2014 жылдарға арналған кешенді жоспар (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.
      2. Жергiлiктi атқарушы органдар Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтық мәдени деңгейін арттыру жөніндегі өңірлік кешенді жоспарларды әзiрлесiн.
      3. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісім бойынша):
      1) Жоспарды іске асыру жөніндегі шараларды қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жартыжылдық және жыл қорытындылары бойынша 10 шілде мен 10 қаңтардан кешіктірмей Жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
      4. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі жартыжылдық және жыл қорытындылары бойынша 20 шілде мен 20 қаңтардан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат ұсынсын.
      5. Жоспардың орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі бақылау мен үйлестіру Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жүктелсін.
      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 2 наурыздағы
№ 285 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтық мәдени деңгейін
арттыру жөніндегі 2012 – 2014 жылдарға арналған кешенді
іс-шаралар жоспары

 

Р/с

Іс-шараның атауы

Аяқталу нысаны

Орындауға (іске асыруға) жауаптылар

Орындау (іске асыру) мерзімі

Болжанатын шығыстар (мың. теңге)

Қаржыландыру көздері

1

2

3

4

5

6

7

1 Ақпараттық-насихаттау жұмысының түрлi нысандары мен әдiстерiн пайдалана отырып, ауыл халқына көшпелі консультациялар

Консультациялар

Әділетмині, орталық атқарушы органдар, БП (келісім бойынша), ЭҚСЖКА (келісім бойынша)

Тоқсан сайын

Талап етiлмейдi

2 Халықтың жекелеген санаттарымен, атап айтқанда, кәсіпкерлермен, журналистермен, зейнеткерлермен, мүгедектермен және аз қамтылған азаматтармен құқық түсіндіру жұмыстарын жүргізу

Тренингтер

Әділетмині, мүдделі мемлекеттік органдар

Тоқсан сайын

Талап етiлмейдi

3 Азаматтарға мемлекеттік органдардың қызметiне қатысты мәселелер бойынша консультациялар беру

Консультациялар

Әділетмині, орталық және жергілікті атқарушы органдар

Тоқсан сайын

Талап етiлмейдi

4 Әділет органдары, «Нұр Отан» ХДП қызметкерлерінің, адвокаттардың, нотариустардың және тағы да басқалардың қатысуымен республикалық «Әділет кеңес береді» акциясын өткізу

Консультациялар

Әділетмині, «Нұр Отан» ХДП, жергілікті атқарушы органдар

Жартыжылдық бойынша

Талап етiлмейдi

5 Ашық есік күндерін өткізу тәжірибесін енгізу және адвокаттар алқасының, нотариаттық палатаның азаматтарға тегін заң консультацияларын беруі

Консультациялар

Әділетмині

Ай сайын

Талап етілмейді

6 Неғұрлым өзектi құқықтық мәселелер бойынша, атап айтқанда, мiндеттемелiк, жер, неке-отбасылық қатынастар, меншiк құқығын қорғау және т.б. бойынша басшылар мен мамандардың БАҚ-та сөз сөйлеулерi

БАҚ-тағы баяндамалар

Әділетмині, орталық атқарушы органдар

Тоқсан сайын

Талап етiлмейдi

7 Мерзiмдi баспасөз басылымдарында құқықтық тақырып бойынша ақпараттық материалдарды орналастыру

Ақпараттық материалдардың шығуы

Әділетмині, ЖС (келiсiм бойынша), БП (келiсiм бойынша), ЭҚСЖКА (келiсiм бойынша), мүдделі мемлекеттік және  жергілікті атқарушы органдар

Тоқсан сайын

2012 ж. — 3 500,0;2013 ж. — 3 500,0;2014 ж. — 3 500,0;Барлығы: 10 500,0 Жергілікті бюджетте көзделген қаражат шегінде

Республикалық бюджет қаражаты Жергілікті бюджет қаражаты

8 Прокурорлық тексерулер нәтижелерін БАҚ-та жариялау

БАҚ-тағы баяндамалар

БП (келiсiм бойынша)

Жыл сайын, жартыжылдық және жылдың қорытындылар бойынша

Талап етiлмейдi

9 Мемлекеттiк органдар мен лауазымды тұлғалар қызметінің өзектi мәселелерi бойынша халықаралық, республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциялар, семинарлар өткiзу

Халықаралық, республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциялар, семинарлар

Әділетмині, орталық атқарушы органдар, ЖС (келiсiм бойынша), БП (келiсiм бойынша), ЭҚСЖКА (келiсiм бойынша)

Жыл сайын жылдың қорытындылары бойынша

2012 ж. – 1 002,0;2013 ж. – 1 002,0;2014 ж. – 1 002,0; Барлығы: 3 006,0

Республикалық бюджет қаражаты

10 Заңгер ғалымдар, құқық қорғау, сот және өзге де органдардың неғұрлым тәжiрибелi практик қызметкерлерiн тарта отырып, құқықтық пәндердiң оқытушыларын қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру бойынша курстар өткізу

Оқыту курстары

Әділетмині, БҒМ, ІІМ, ЖС (келiсiм бойынша), БП (келiсiм бойынша), ЭҚСЖКА (келiсiм бойынша) (курстарға қатысу бойынша)

Жыл сайын жылдың қорытындылары бойынша

2012 ж. — 2 907,0;2013 ж. — 2 907,0;2014 ж. — 2 907,0; Барлығы: 8 721,0

Республикалық бюджет қаражаты

11 Мемлекеттiк органдардың, оның iшiнде, жергiлiктi атқарушы органдардың, атап айтқанда құқықтық түсiндiру бөлімдерін (рубрикаларын) көбейту және қажеттi құқықтық ақпаратты орналастыру бойынша интернет-ресурстарының жұмыс істеуін жетiлдiру

Интернет-ресурстарда құқықтық түсiндiру бөлімдерін (рубрикаларын) көбейту

Орталық және жергілікті атқарушы органдар

Жыл сайын жылдың қорытындылары бойынша

Талап етiлмейдi

12 Өзекті құқықтық мәселелер бойынша интернет-конференциялар өткiзу

Интернет-конференцияларды ұйымдастыру

Орталық және жергілікті атқарушы органдар

Жарты жылда кемінде бір рет

Талап етiлмейдi

13 Құқықтық тақырып бойынша жарнамалық-имидждік роликтер жасау және трансляциялау

Жарнамалық-имидждік роликтердің трансляция

Әділетмині, ЖС (келiсiм бойынша), БП (келiсiм бойынша), ЭҚСЖКА (келiсiм бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар

Жыл сайын жылдың қорытындылары бойынша

2012 ж. — 5 600,0;2013 ж. — 5 600,0;2014 ж. — 5 600,0;Барлығы: 16 800,0

Республикалық бюджет қаражаты

14 Теле және радиоарналарда салалық тақырып бойынша жұртшылықты, оның ішінде, заң қоғамдастығы сарапшыларын кеңінен тарта отырып, телевизиялық бағдарламалар (хабарлар) мен радиохабарлар циклін жасау және трансляциялау

Теле және радиохабарлардың (бағдарламалардың) трансляция

Әділетмині, МАМ, ЖС (келiсiм бойынша), БП (келiсiм бойынша), ЭҚСЖКА (келiсiм бойынша), орталық және жергілікті атқарушы органдар

Жыл сайын жылдың қорытындылары бойынша

2012 ж. — 8 800,0;2013 ж. — 8 800,0;2014 ж. — 8 800,0;Барлығы: 26 400,0 Жергілікті бюджетте көзделген қаражат шегінде

Республикалық бюджет қаражаты Жергілікті бюджет қаражаты

15 Телеарналарда халықтың құқықтық мәдени деңгейiн одан әрi арттыруға бағытталған деректi фильмдердi жасау және трансляциялау

Деректi фильмдердiң трансляция

Әділетмині, ЖС (келiсiм бойынша), БП (келiсiм бойынша), ЭҚСЖКА (келiсiм бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар

Жыл сайын жылдық қорытындылар бойынша

2012 ж. — 6 000,0;2013 ж. — 6 000,0;2014 ж. — 6 000,0; Барлығы: 18 000,0

Республикалық бюджет қаражаты

16 «Білім» телеарнасында құқықтық тақырып бойынша телебағдарламалар циклін құру және одан әрі жұмыс істеуін мәселесін пысықтау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

МАМ, Әділетмині (толықтыру бойынша), орталық атқарушы органдар, ЖС (келiсiм бойынша), БП (келiсiм бойынша), ЭҚСЖКА (келiсiм бойынша) (телебағдарлама ларды толықтыру бойынша)

2012 жыл

Талап етiлмейдi

17 Азаматтардың құқықтық мәдени деңгейін арттыруға бағытталған сыртқы жарнаманы (билбордтар, жарнамалық парақшалар сериясы және тағы басқа) жасау және орналастыру

Сыртқы жарнаманы орналастыру

Жергілікті атқарушы органдар

Жыл сайын, жартыжылдық және жылдың қорытындылар бойынша

Жергілікті бюджетте көзделген қаражат көлемінде

Жергілікті бюджет қаражаты

18 Құқықтық тақырып бойынша баспа, электрондық оқып-үйрету, ғылыми және басқа да құқықтық тақырыптағы әдебиет әзірлеу және шығару

Баспа, электрондық оқып-үйрету, ғылыми және басқа да әдебиет

Әділетмині, мүдделі мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар

Жыл сайын жылдың қорытындылары бойынша

2012 ж. — 5 000,0;2013 ж. — 5 000,0;2014 ж. — 5 000,0;Барлығы: 15 000,0 Жергілікті бюджетте көзделген қаражат көлемінде

Республикалық бюджет қаражаты Жергілікті бюджет қаражаты

19 Құқықтық оқу-ағарту мәселелері бойынша үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау

Бірлескен отырыстар, кездесулер өткізу

Әділетмині, мүдделі мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар

Тоқсан сайын

Талап етiлмейдi

20 Құқықтық тақырыпты жариялау жөніндегі медиа-жоспарды әзірлеу және іске асыру

Медиа-жоспар

Әділетмині, МАМ, орталық атқарушы органдар, ЖС (келiсiм бойынша), БП (келiсiм бойынша), ЭҚСЖКА (келiсiм бойынша)

Жыл сайын, жартыжылдық және жылдың қорытындылары бойынша

Талап етiлмейдi

21 Құқықтық ақпарат қызметінің жұмыс істеуін және оның жұмысын одан әрі жетілдіруді қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат

Әділетмині, орталық атқарушы органдар

Жыл сайын, жартыжылдық және жылдың қорытындылары бойынша

2012 ж.- 46 966,0; 2013 ж.- 46 966,0; 2014 ж. – 46 966,0; Барлығы: 140 898,0

Республикалық бюджет қаражаты

 

      Ескертпе:
      Іс-шаралар бойынша қаражат көлемі жыл сайын «Республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нақтылануы мүмкін
      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

ЭСЖҚА                 — Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа
және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
агенттiгi (қаржы полициясы)
ЖС                    — Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты
БП                    — Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы
IIМ                   — Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi
МАМ                   — Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат
министрлiгi
БҒМ                   — Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым
министрлiгi
Әділетмині            — Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi
СА                    — Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі
«Нұр Отан» ХДП        — «Нұр Отан» Халықтық демократиялық партиясы
ЖОО                   — жоғары оқу орындары
БАҚ                   — бұқаралық ақпарат құралдары