(2009.11.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының тәуелсiз егемендi мемлекет ретiнде дамуының басты шарты болып табылады.
Осы Заң мемлекеттiк органдардың, меншiк нысандарына қарамастан ұйымдардың және азаматтардың ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы құқықтық қатынастарын реттейдi, Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң мақсатын, жүйесi мен бағыттарын белгiлейдi.

1-тарау. Жалпы ережелер

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) азық-түлік қауіпсіздігі – тұтынудың физио логия лық нормаларын және демографиялық өсуді қана ғат тандыру үшін жеткілікті болатын сапалы азық-түлік тауарларына халықтың нақты және экономикалық қол жеткізуін қамтамасыз етуге мемлекеттің қабілетті екендігін білдіретін экономиканың жай-күйі;
2) ақпараттық қауіпсіздік – мемлекеттік ақпараттық ресурстардың, сондай-ақ ақпарат саласында жеке адамның құқықтары мен қоғам мүдделері қорғалуының жай-күйі;
3) әскери қауіпсіздік – елдің тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығына әскери сипатта төнген нақты және ықтимал қауіп-қатерлер мен қол сұғушылықтан Қазақстан Республикасы қорғалуының жай-күйі;
4) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі (бұдан әрі – ұлттық қауіпсіздік) – елдің ұлттық мүдделерінің нақты және ықтимал қауіп-қатерлерден қорғалуының жай-күйі;
5) Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделері (бұдан әрі – ұлттық мүдделер) – іске асырылуына мемлекеттің адам мен азаматтың конституциялық құқықтарын, Қазақстан қоғамының құндылықтарын, негіз қалаушы мемлекеттік институттарды қорғауды қамтамасыз ету қабілеті байланысты болатын Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық әлеуметтік және басқа да қажеттерінің жиынтығы;
6) қоғамдық қауіпсіздік – Қазақстан Респуб ли касының азаматтары өмірінің, денсаулығының және игі і лігінің, сондай-ақ Қазақстан қоғамы құндылықтарының нұқ сан келтіруге қабілетті ықтимал қауіптер мен қатерлерден саяси-құқықтық, рухани-адамгершілік, әлеуметтік жағынан қорғалуы;
7) сыртқы қауіпсіздік – Қазақстан Республикасы ұлттық мүдделерінің шет мемлекеттер, шетелдік ұйымдар мен азаматтар тарапынан туындайтын қауіп-қатерлерден қорғалуының жай-күйі;
8) ұлттық қауіпсіздік объектілері – жеке адам, оның құқықтары мен бостандықтары, қоғам, оның материалдық және рухани құндылықтары, мемлекет, оның конституциялық құрылысы, тәуелсіздігі және аумақтық тұтастығы;
9) ұлттық қауіпсіздік субъектілері – өз өкілеттігін биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот билігі тармақтарының органдары арқылы жүзеге асыратын мемлекет, азаматтар мен ұйымдар;
10) ұлттық қауіпсіздікке төнетін қауіп-қатер – ұлттық мүдделерді іске асыруға кедергі жасайтын немесе оларға қауіп төндіретін жағдайлардың, процестер мен факторлардың жиынтығы;
11) ұлттық қауіпсіздік тұжырымдамасы – жеке адам мен азаматтардың конституциялық құқықтарын, Қа зақ стан қоғамының құндылықтарын, негіз қалаушы мем лекеттік институттарды қорғауды қамтамасыз ету жө нін дегі ресми қабылданған көзқарастар мен шаралар жүйесі;
12) экологиялық қауіпсіздік – жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің өмірлік маңызды мүдделері мен құ қықтарының қоршаған ортаға антропогендік және табиғи әсерлер салдарынан туындайтын қатерлерден қорғалуының жай-күйі;
13) экономикалық қауіпсіздік – Қазақстан Республикасы ұлттық экономикасының тұрақты дамуы мен экономикалық тәуелсіздігіне қатер төндіретін ішкі және сыртқы жағдайлардан, процестер мен фактор лардан қорғалуының жай-күйі.

2-бап. Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк саласындағы заңдары
Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк саласындағы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

3-бап. Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету принциптерi
Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң принциптерi:
1) ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру кезiнде заңдылықты сақтау;
2) ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету күштерiнiң бiр-бiрiне жедел хабардар етiп отыруы және келiсiлген iс-қимыл жасауы;
3) ұлттық қауiпсiздiктiң барлық түрлерiнiң бiрлiгi, өзара байланысы және теңестiрiлгендiгi;
4) саяси, экономикалық және ақпараттық шаралардың басымдығы;
5) жеке адамның, қоғам мен мемлекеттiң өзара жауапкершiлiгi;
6) ұлттық қауiпсiздiктi қорғау жөнiндегi iс-әрекеттiң күллi жиынтығын iске асыруды бақылау болып табылады.

4-бап. Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерi
Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерi:
1) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету;
2) елде қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылықты сақтау;
3) Қазақстанның бүкiл халқының игiлiгi үшiн экономикалық даму;
4) қазақстандық патриотизмдi тәрбиелеу және Қазақстан халқының бiрлiгiн нығайту;
5) Қазақстан қоғамының материалдық және рухани құндылықтарын сақтау мен еселей түсу;
6) Қазақстан Республикасы конституциялық құрылысының, оның iшiнде мемлекеттiк тәуелсiздiгiнiң, бiрегей құрылысы мен президенттiк басқару нысанының, тұтастығының, мемлекеттiк шекарасына қол сұғылмаушылық пен ел аумағының бөлiнбестiгiнiң бұлжымас берiктiгi;
7) мемлекеттiк институттардың тұрақты жұмыс iстеуi, оларды нығайту және қызметiнiң пәрмендiлiгiн арттыру;
8) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлерi мен әскери құрамаларының жарақталуы мен жауынгерлiк әзiрлiгiн қамтамасыз ету;
9) заңдарды бұлжытпай орындау және құқық тәртiбiн сақтау;
10) әрiптестiк негiзiнде халықаралық ынтымақтастықты дамыту;
11) отандық агроөнеркәсіптік кешен субъек ті лерінің азық-түлік қауіпсіздігін толығынан қамтамасыз ететіндей тиянақты жұмыс істеуі және дамуы болып табылады.

5-бап. Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiне төнетiн қауiп-қатер
Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiне төнетiн қауiп-қатерлер мыналар:
1) заңдылық пен құқық тәртiбiнiң әлсiреуi, оның iшiнде ұйымдасқан нысандарын қоса алғанда қылмыстылықтың өсуi, мемлекеттiк органдардың қылмыстық құрылымдармен астасуы, лауазымды адамдардың капиталдың заңсыз айналымына сүйеушi болуы, сыбайлас жемқорлық, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының қорғалу дәрежесi төмендеуiне ықпал ететiн қару мен есiрткi заттардың заңсыз айналысы;
2) конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге бағытталған iс-әрекет, оның iшiнде Қазақстан Республикасының бiрегей құрылысына, тұтастығына, қол сұғылмаушылығына, аумағының бөлiнбестiгiне қиянат келтiретiн iс-әрекет;
3) елдiң қорғаныс қабiлетiнiң әлсiреуi, мемлекеттiк шекараның қол сұғылмаушылығына төнген қауiп-қатер, Қазақстан Республикасына қатысты күш қолдану, оған қарсы агрессия;
4) шет мемлекеттердiң арнаулы қызметтерi мен ұйымдарының, сондай-ақ жеке адамдардың Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiне нұқсан келтiруге бағытталған барлаушылық, террорлық, диверсиялық және өзге де iс-әрекеттерi;
5) мемлекеттiк органдардың қызметiне iрiткi салу, олардың iркiлiссiз жұмыс iстеуiн бұзу, елдiң басқарылу дәрежесiн төмендету;
6) кез келген нысандағы саяси экстремизм, оның iшiнде әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық араздықты немесе алаусыздықты қоздыру;
7) ұлтаралық және конфессияаралық жанжалдардан, жаппай тәртiпсiздiктерден, рұқсат етiлмеген жиналыстардан, митингiлерден, шерулер мен демонстрациялардан, заңсыз тосқауылдар мен ереуiлдерден көрiнетiн әлеуметтiк-саяси жағдайдың шиеленiсуi;
8) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделмеген әскерилендiрiлген құрамалар құру;
9) экологиялық жағдайдың күрт нашарлауы, табиғи апаттар мен табиғи және техногендiк сипаттағы өзге де төтенше жағдайлар, жұқпалы аурулар мен iндеттер;
10) стратегиялық ресурстардың ел мүдделерiне кереғар пайдаланылуын, инвестициялық белсендiлiктiң артуына, соның iшiнде Қазақстан Республикасына шетелдiк инвестициялардың құйылуына кедергi жасауды қоса алғанда, мемлекеттiң экономикалық қауiпсiздiгiне нұқсан келтiру, капиталды елден сыртқа бақылаусыз әкетуi;
11) демографиялық жағдайдың нашарлауы, соның iшiнде бала туудың күрт төмендеуi, өлiм-жітiмнiң көбеюi, бақылаусыз көшi-қон процестерiнiң туындауы;
12) елдiң бiлiм және интеллектуалдық әлеуетi сапасының нашарлауы;
13) елдiң ұлттық мүдделерiн қорғау жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердiң жетiлдiрiлмегендiгi немесе болмауы.
14) ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түлік тауарлары өндірісінің қысқаруына, сапасының, бәсекеге қабілеттілігінің және қолжетімділігінің төмендеуіне, олардың Қазақстан Республикасында өндірілмей тін де рі нің басқа мемлекеттерден берілімінің қысқаруына бай ла нысты азық-түлік қауіпсіздігі жай-күйінің на шарлауы.

2-тарау. Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жүйесi
және оның негiзгi мiндеттерi

6-бап. Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жүйесi
Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жүйесiн қолданылып жүрген заңдардың негiзiнде және бiрыңғай мемлекеттiк саясат шеңберiнде оны қамтамасыз ететiн, бiр-бiрiмен өзара iс-қимыл жасайтын күштер, өз құзыретi шегiнде ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету үшiн бүкiл жауапкершiлiктi толық мойнына алатын өзге де мемлекеттiк органдар мен ұйымдар құрайды.

7-бап. Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жүйесiнiң негiзгi мiндеттерi
Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жүйесiнiң негiзгi мiндеттерi:
1) ұлттық қауiпсiздiкке төнетiн қауiп-қатердi болжау және анықтау;
2) ұлттық қауiпсiздiкке төнетiн қауiп-қатердiң алдын алу мен оны зарарсыздандыру жөнiндегi жедел және ұзақ мерзiмдi шаралар кешенiн әзiрлеп, жүзеге асыру;
3) ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етушi күштердi құрып, әзiрлiкте ұстау;
4) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес жалпыға бiрдей және аймақтық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге қатысу болып табылады.

8-бап. Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету күштерi
1. Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету күштерiне:
1) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi, басқа да әскерлерi мен әскери құрамалары;
2) ұлттық қауiпсiздiк, iшкi iстер, сыртқы барлау, әскери және қаржы полициясы органдары, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi, салық және кеден қызметтерi, төтенше жағдайлардың зардаптарын жою қызметтерi жатады.
2. Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етушi күштер бiр-бiрiмен заңдарда белгiленген шекте өзара iс-қимыл жасайды және өз құзыретiне жататын мәселелер бойынша бiр-бiрiне өзара хабардар етiп отырады.
3. Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету өз құзыретi шегiнде дербес, сондай-ақ ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету күштерiнiң өтiнiштерi бойынша жүзеге асыратын барлық мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың бәрiне мiндеттi болып табылады.

3-тарау. Қазақстан Республикасы Президентiнiң,
Қазақстан Республикасы Парламентiнiң, Үкiметiнiң, соттарының,
мемлекеттiк органдары мен меншiк
нысандарына қарамастан ұйымдарының ұлттық қауiпсiздiктi
қамтамасыз ету саласындағы өкiлеттiктерi

9-бап. Қазақстан Республикасының Президентiнiң өкiлеттiгi
Қазақстан Республикасының Президентi:
1) елдiң ұлттық мүдделерiн қорғау саласында мемлекеттiк билiктiң барлық тармақтарының үйлесiмдi iс-қимылын қамтамасыз етедi;
2) ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мәселелерi бойынша актiлер шығарады;
3) Қауiпсiздiк Кеңесiн құрады, оның мiндеттерi мен өкiлеттiгiн белгiлейдi, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк тұжырымдамасын бекiтедi;
4) Ұлттық қауiпсiздiкке төнген нақты, ықтимал қатердi айқындайды және Қауiпсiздiк Кеңесiнiң пiкiрiн ескере отырып, барлық азаматтардың, қоғам мен мемлекеттiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi қажеттi шаралар қолданады;
5) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына сәйкес ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мәселелерi бойынша өзге де қажеттi өкiлеттiктi жүзеге асырады.

10-бап. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң өкiлеттiгi
Қазақстан Республикасының Парламентi:
1) Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мәселелерi бойынша заңдар қабылдайды, оларға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзедi;
2) соғыс және бейбiтшiлiк мәселелерiн шешедi;
3) Қазақстан Республикасы Президентiнiң ұсынуымен Республиканың Қарулы Күштерiн бейбiтшiлiк пен қауiпсiздiктi қолдау жөнiндегi халықаралық мiндеттемелердi орындау үшiн пайдалану жөнiнде шешiм қабылдайды;
4) ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мәселелерi бойынша парламенттiк тыңдау өткiзедi;
5) ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының Конституциясы жүктеген өзге де өкiлеттiктi жүзеге асырады.

11-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өкiлеттiгi
Қазақстан Республикасының Үкiметi:
1) Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Мәжiлiсiне ұлттық қауiпсiздiк саласындағы заңдардың жобаларын енгiзедi және сол заңдардың орындалуын қамтамасыз етедi;
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiгi тұжырымдамасын әзiрлеудi ұйымдастырады;
3) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi қызметiне басшылық етедi;
3-1) мыналардың:
ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғала рының, сондай-ақ мемле кет қаты сатын өзге де заңды тұл ға лардың жарғылық капиталда рына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің;
мемлекетпен аффилиир ленбе ген заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбелерін түзеді;
3-2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы стратегия лық объектілер жөніндегі комис сияның ұсынымдары негізінде жеке және заңды тұлғаларға тиесілі Қазақстан Республикасы ның ұлттық мүдде леріне қауіп туғызуы мүмкін стратегиялық объектілер мен азаматтық-құқық тық мәміле лер жасасуға рұқсат беру немесе рұқсат беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды:
3-3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан стратегиялық объектілер жөнінде комиссия құрады ;
4) Конституцияға, заңдарға және Президенттiң актiлерiне сәйкес ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мәселелерi бойынша өзге де қажеттi өкiлеттiктi жүзеге асырады.

12-бап. Соттардың өкiлеттiгi
Соттар:
1) жеке адамның, қоғам мен мемлекеттiң қауiпсiздiгiне қол сұғылатын қылмыстар туралы iстер бойынша сот төрелiгiн жүзеге асырады;
2) азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды, Конституцияның, осы Заңның және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң, сондай-ақ Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етедi.

13-бап. Мемлекеттiк органдардың өкiлеттiгi
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары өздерiнiң бiрiншi басшылары арқылы және өздерiнiң құзыретi шегiнде:
1) қарамағындағы ұйымдардың ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды жоспарлау мен өткiзу жөнiндегi қызметiне басшылық етедi;
2) жоғары тұрған мемлекеттiк органдарға ұлттық қауiпсiздiк жүйесiн жетiлдiру жөнiнде ұсыныс енгiзедi;
3) ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң сақталуын қамтамасыз етедi;
4) әрекеттерi (немесе әрекетсiздiгi) ұлттық мүдделердiң бұзылуына, Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiне қатер төндiруге әкеп соғатын лауазымды адамдарды, мемлекеттiк қызметшiлердi тиiсiнше жауапқа тартады.

14-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарының, меншiк нысандарына қарамастан ұйымдардың өкiлеттiгi
Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдары, меншiк нысандарына қарамастан ұйымдар өздерiнiң құзыретi шегiнде:
1) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстерде ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қолданып, жұмыс ұйымдастырады;
2) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген жұмылдыру қуаттары мен жұмылдыру резервтерiнiң (ресурстарының) сақталуын қамтамасыз етедi.

15-бап. Қауiпсiздiк Кеңесi
1. Қауiпсiздiк Кеңесi Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы консультациялық-кеңесшi орган болып табылады.
2. Қауiпсiздiк Кеңесiн ұйымдастыру мен оның қызмет тәртiбiн Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейдi.

4-тарау. Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету

16-бап. Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету кезiндегi азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепiлдiктерi
1. Қазақстан Республикасы ұлттық заңдар мен халықаралық шарттарға сәйкес өз аумағындағы әрбiр адамның және азаматтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етедi. Қазақстан Республикасы өз шегiнен тыс жердегi Қазақстан азаматтарына мемлекеттiң қорғалуы мен қамқоршылығына кепiлдiк бередi.
2. Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету кезiнде адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары тек заңдармен және конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртiптi, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен адамгершiлiгiн сақтау мақсатында қажет болатын мөлшерде ғана шектелуi мүмкiн. Бұл орайда азаматтар мен ұйымдар заңдарда белгiленген тәртiппен ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету субъектiлерiнен өз құқықтары мен бостандықтарының шектелулi жөнiнде түсiндiрме алуға құқылы.
3. Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету кезiнде өз өкiлеттiгiн асыра сiлтеген лауазымды адамдар заңда белгiленгенiндей жауапты болады.
4. Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге жәрдем көрсеткен азаматтар мен ұйымдарға мемлекеттiк қолдау жасауға, оның iшiнде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оларды құқықтық жағынан қорғауға кепiлдiк берiледi.

17-бап. Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар
1. Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге:
1) мемлекеттiң барлық органдары мен лауазымды адамдары, сондай-ақ ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды iске асыруға заңды негiзде қатысушы азаматтар құзыретiнiң ара-жiгiн жiтi ажыратып, олардың үйлесiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз ете отырып, дәйектi iске асырылатын бiртұтас мемлекеттiк саясат;
2) нақты және ықтимал қауiп-қатерге ұлттық мүдделердi қорғау жөнiнде лайықты шаралар қолдану;
3) жеке адамның, қоғам мен мемлекеттiң өзара жауапкершiлiгi, олардың мүдделерiн теңестiрiп отыру арқылы қол жеткiзiледi.
2. Қазақстан Республикасы өзiнiң ұлттық қауiпсiздiгiн өз қолында бар барлық құралдар мен әдiстер, оның iшiнде бiржақты немесе халықаралық шарттарға сәйкес қолданылатын экономикалық, саяси, әскери, құқықтық, арнаулы (барлау, қарсы барлау) құралдар мен әдiстер арқылы қамтамасыз етедi.
3. Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету:
1) осы саладағы мемлекет қызметiнiң негiзгi бағыттарын белгiлеу;
2) ұлттық қауiпсiздiкке төнген қатердi анықтау және болжау;
3) ұлттық қауiпсiздiкке төнетiн қатердiң алдын алу және оны зарарсыздандыру жөнiнде, оның iшiнде осы қатердi туғызушы себептер мен жағдайларды жою жөнiнде оралымды және ұзақ мерзiмдi шаралар кешенiн жүзеге асыру;
4) ұлттық мүдделерге тiкелей қатер төнген, оларға қол сұғылған жағдайларда, оның iшiнде iшкi мемлекеттiк, шекарааралық және ғаламдық сипаттағы тосын және төтенше жағдайлар туындаған реттерде ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету күштерi мен құралдарын жұмылдыру;
5) ұлттық мүдделердi қорғау жөнiндегi шешiмдер мен iс-әрекеттердi дереу қабылдау, ұлттық қауiпсiздiкке қол сұғатын кез келген заңсыз iс-әрекеттердiң жолын кесу, өзге де құқық шектеу шараларын жүзеге асыру;
6) ұлттық мүдделерге қол сұғушылыққа байланысты зардаптарды оқшаулау және жою, қалпына келтiру шаралары кешенiн жүзеге асыру арқылы ұлттық мүдделердiң қорғалуының қажеттi деңгейiне қол жеткiзу мен оны сақтап отырудан тұрады.

18-бап. Экономикалық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету
1. Экономикалық қауiпсiздiк мемлекеттiк органдардың, меншiк нысандарына қарамастан ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың:
1) Қазақстанның экономикалық тәуелсiздiгiн қамтамасыз етуге;
2) Қазақстанның дүниежүзiлiк экономикалық жүйеден экономикалық тұйықталуына жол бермеуге;
3) ел экономикасының ресурстық-энергетикалық негiзiн сақтау мен нығайтуға;
4) Қазақстанның геосаяси төңiрегiнде туындайтын ықтимал терiс факторлардың әсерiне байланысты мемлекет экономикасының шетiндiк дәрежесiн барынша азайтуға;
5) отандық және халықаралық қаржы институттарымен өзара тиiмдi ынтымақтастықты қамтамасыз етуге, отандық экономиканы қалпына келтiру мен дамытуға арналған iшкi, сыртқы несие ресурстары мен инвестициялық мүмкiндiктер бағытының басымдығына;
6) мемлекеттiк бюджет тапшылығының мүмкiн болатын шектi деңгейiнен асып кетпеуге және оның кiрiс бөлiгiн нығайтуға;
7) бюджет қаражаты мен мемлекеттiк ресурстардың нысанасыз пайдаланылмауына жол бермеуге;
8) сыртқы қарыздың республикалық бюджет туралы заңда белгiленген мөлшерге қарағанда ұлғайып кетуiне жол бермеуге;
9) Қазақстан аймақтарының әлеуметтiк-экономикалық дамуындағы қатерлi теңдессiздiкке жол бермеуге;
10) бәсекенi көтермелеу және монополизмдi шектеу жағдайында ел экономикасында қазақстандық тауар өндiрушiлердiң үлесiн арттыруға;
11) экономикалық өсудi қамтамасыз етуге бағытталған шешiмдерiмен және iс-әрекеттерiмен қамтамасыз етiледi.
2. Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерiн қорғау, оның iшiнде мемлекеттiң өнеркәсiп әлеуетiн сақтау мен нығайту мақсатында мемлекет шетелдiк инвесторларға берiлетiн кепiлдiктердi сақтай отырып, Қазақстан экономикасының шетелдiк ұйымдар мен шетел қатысатын ұйымдардың басқаруындағы немесе меншiгiндегi объектiлердiң жай-күйi мен пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады.

3. Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi талаптар Қазақстан Республикасының стратегиялық peсурстарын пайдалану жөнiндегi келiсiм-шарттар жасалған (өзгертiлген) кезде, осы келiсiм-шарттардың орындалуы мен олардың орындалуын бақылау, сондай-ақ мемлекеттік органның жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалану құқығын басқа тұлғаға iшiнара немесе толық беруiне рұқсат беруi немесе рұқсат беруден бас тартуы туралы шешiм қабылдауы кезiнде және жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғадағы қатысу үлесін (акциялар пакетін) иеліктен айыруға рұқсат беруi немесе рұқсат беруден бас тартуы кезiнде мiндеттi түрде ескерiледi.
Бұл ретте мемлекеттiк орган, өтiнiм берушіге осы тармақта көзделген мәмiлелердi жасауға рұқсат беруден, егер бұл бір елден шыққан бір тұлғада немесе тұлғалар тобында мұнай операцияларын жүргізу құқықтарының шоғырлануына әкеп соғатын болса, бас тартуға құқылы.
Аффилиирленген тұлғалармен мәмiлелерге қатысты да осы шарттың сақталуы мiндеттi.
4. Мыналарға:
1) шегiнде еңбек, қаржы ресурстары мен өзге де ресурстардың еркiн орын ауыстыруы жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының рынок кеңiстiгiнiң;
2) Қазақстан Республикасының бiртұтас және дербес қаржы жүйесiнiң, соның iшiнде елдiң бүкiл аумағында ұлттық валюта-теңге айналысының;
3) Қазақстан Республикасының бiртұтас және дербес коммуникациялық және энергетикалық жүйелерiнiң қалыптасуы мен iркiлiссiз жұмыс iстеуi мүдделерiне қайшы келетiн қандай да болсын шешiмдер қабылдауға және iс-қимыл жасауға жол берiлмейдi.
5. Мыналарға:
1) Қазақстан экономикасына инвестициялардың құйылуына кедергi жасайтын;
2) теңге бағамының күрт құлдырауына, мемлекеттiң алтын-валюта активтерiнiң сарқылуына, елдiң экономикасы мен ақша айналысын тұралатып тастауы мүмкiн мемлекеттiк қарыз көлемiнiң өсуiне ұрындыратын;
3) капиталдың елден сыртқа бақылаусыз әкетiлуiне ықпал ететiн шешiмдер қабылдауға және iс-қимылға тыйым салынады және бұл жауаптылыққа әкеп соғады.
6. Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының стратегиялық ресурстарына (объектiлерiне) меншiк құқығының ауысуына және туындауына шектеу қояды.

19-бап. Қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету
1. Қоғамдық қауiпсiздiк мемлекеттiк органдардың, меншiк нысандарына қарамастан ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың:
1) азаматтардың жеке қауiпсiздiгiн, олардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету кепiлдiктерiн нығайтуға;
2) қазақстандық патриотизмге және ұлтаралық татулыққа негiзделген жалпыұлттық психологияны қалыптастыруға;
3) Қазақстан халқының бiрлiгiн нығайтуға;
4) халықтың табиғи өсiмiн көтермелеуге және дағдарысты демографиялық процестерге қарсы әрекет жасау жөнiнде дер кезiнде шаралар қолдануды қамтамасыз етуге;
5) қылмысқа, соның iшiнде оның ұйымдасқан түрлерiне, сыбайлас жемқорлық пен терроршылдыққа қарсы күрестi күшейтуге;
6) саяси тұрақтылыққа қауiп төндiретiн жұмыссыздықтың күрт өсуi мен халықтың тұрмыс деңгейiнiң төмендеуiн тежеуге;
7) халықтың денсаулығы мен адамгершiлiгiне, Қазақстан халқының тектiк қорына қауiп төндiретiн нашақорлық пен маскүнемдiктiң, сондай-ақ басқа да әлеуметтiк факторлардың алдын алуға;
8) елдiң интеллектуалдық әлеуетiнiң төмендеуiне кедергi жасауға бағытталған шешiмдерiмен және iс-әрекеттерiмен қамтамасыз етiледi.
2. Мыналарға:
1) Қазақстан халқының бiрлiгiн бұзуға және ұлтаралық қатынастар жай-күйiн нашарлатуға;
2) елдегi қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылықты бұзуға;
3) дiннiң мемлекет iстерiне және мемлекеттiң дiн iстерiне заңсыз араласуына әкеп соқтыруға;
4) қылмыс пен құқық бұзушылықтың өсуiне көрiнеу алып келуге ықпал ететiн шешiмдер қабылдау мен iс-қимыл жасауға жол берiлмейдi.
3. Азаматтардың, соның iшiнде саяси партиялар мен өзге де қоғамдық бiрлестiктер өкiлдерiнiң:
1) конституциялық құрылысты құлатуға немесе күштеп өзгертуге, соның iшiнде жiкшiлдiкке немесе Қазақстан Республикасының бiрегей құрылысына, оның аумағының тұтастығына, қол сұғылмаушылығына және бөлiнбейтiндiгiне қатер төндiретiн немесе өзге де iс-қимылға;
2) билiктi басып алуға;
3) Қазақстан Республикасының қалыптасқан органдарының, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына сәйкес сайланған (тағайындалған) лауазымды адамдардың өкiлеттiгiн күш қолданып тоқтатуға немесе қызметiне кедергi келтiруге;
4) орын алып отырған конфессиялық айырмашылықтар мен түрлi дiни көзқарастарды саяси мақсатқа пайдалануға шақыруы ұлттық қауiпсiздiкке нұқсан келтiредi және заңда белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады деп танылады.
4. алынып тасталды

20-бап. Әскери қауiпсiздiктi қамтамасыз ету
1. Мемлекеттiң барлық органдары мен лауазымды адамдарының, меншiк нысандарына қарамастан ұйымдар мен азаматтардың мiндетi:
1) Қазақстан Республикасының қорғаныс қабiлетiн нығайтуға;
2) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнiң жауынгерлiк қабiлет деңгейiн ұстап тұруға және оны арттыруға;
3) жұмылдырушы қуаттар мен жұмылдырушылық резервтердi (ресурстарды) сақтауға жәрдемдесу болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының қорғаныс қабiлетiне және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлерi мен әскери құрамаларының жауынгерлiк қабiлетiне нұқсан келтiруi мүмкiн шешiмдер мен iс-қимылдардың қандайын болса да қолдануға тыйым салынады.
3. Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға көзделген реттердi қоспағанда:
1) Қазақстан аумағында шет мемлекеттердiң әскери базаларын орналастыруға;
2) шет мемлекеттердiң әскери құрамаларының, қару-жарақтары мен әскери техникасының Қазақстанның аумағы арқылы транзиттiк түйiсуi мен өткiзiлуiне жол берiлмейдi.
4. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi, басқа да әскерлерi мен әскери құрамалары ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына сәйкес тартылады.

21-бап. Экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету
Тиiстi мемлекеттiк органдардың, меншiк нысандарына қарамастан ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың мiндетi:
1) қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және қорғау;
2) Қазақстанға экологиялық жағынан қауiптi технологиялардың, заттар мен материалдардың бақылаусыз әкелiнуiне жол бермеу;
3) ел аумағының радиоактивтi, химиялық ластануына, бактериологиялық зарарлануына жол бермеу;
4) экологиялық жағынан қауiптi және жетiлдiрiлмеген технологиялардың қолданылу ауқымын қысқарту;
5) шаруашылық және өзге де қызметтiң келеңсiз экологиялық зардаптарын жою болып табылады.

22-бап. Ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету
1. Қазақстан Республикасында ақпаратты, оның iшiнде мемлекеттiк ақпарат ресурстарын қорғаудың ұлттық жүйесi құрылып, нығайтылады.
2. Қазақстан Республикасының органдары мен лауазымды адамдарының сыртқы саяси және сыртқы экономикалық мәселелер бойынша шешiмдер қабылдауы дүниежүзiлiк саяси және экономикалық даму үрдiстерi, басқа, әсiресе шектес мемлекеттердiң саясаты мен экономикасындағы ахуалдар туралы шынайы және алдын ала берiлетiн ақпаратқа негiзделуге тиiс.
3. Мемлекеттiк органдардың, меншiк нысанына қарамастан ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың мiндетi:
1) Қазақстанның ақпараттық тәуелдiлiгiне;
2) басқа мемлекеттердiң тарапынан ақпараттық экспансия жасау мен қоршауға;
3) Қазақстан Республикасының Президентiн, Парламентiн, Үкiметiн және ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етушi күштерiн ақпараттық жағынан оқшаулауға жол бермеу жөнiнде барлық қажеттi шараларды қолдану болып табылады.
4. Мыналарға:
1) Қазақстан Республикасының ақпараттық кеңiстiгiн қалыптастыру және оның үздiксiз жұмыс iстеуi;
2) Қазақстанның байланыс пен информатиканың әлемдiк жүйесiне кiруi жөнiндегi ұлттық мүдделерiне қайшы келетiн қандай да болсын шешiмдер қабылдауға және iс-қимыл жасауға жол берiлмейдi.
5. Мыналарға:
1) бес жыл iшiнде лауазымдық жағдайына байланысты мемлекеттiк құпия болып табылатын мәлiметтерге қол жеткiзген адамдардың Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуiне;
2) Қазақстан Республикасының аумағында мазмұны ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіретін баспа өнімін және шетелдік бұқаралық ақпарат құралының өнімін таратуға;
3) мемлекет мүдделерiне байланысты қызметтiк және өзге де ақпаратты жария етуге;
4) шетелдiк жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасындағы заңды тұлға — бұқаралық ақпарат құралдары өкiлiнiң немесе осы салада қызметiн жүзеге асырушының акциялар пакетiнiң (үлесiнiң, пайлардың) 20 процентiнен астамын тiкелей және (немесе) жанама түрде иеленуiне, пайдалануына, билiк етуiне және (немесе) басқаруына тыйым салынады.
6. алынып тасталды

22-1-бап. Байланыс саласындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету
1. Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін қорғау және ақпараттық оқшаулануын болдырмау мақсатында уәкілетті мемлекеттік органдар инвесторларға берілетін кепілдіктерді сақтай отырып, магистральдық байланыс жолдарын басқару мен пайдалануды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметіне, сондай-ақ шет ел қатысатын ұйымдардың басқаруындағы немесе меншігіндегі байланыс желілеріне осы Заңда айқындалған тәртіппен бақылау жасауды жүзеге асырады.
2. Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін сақтау мақсатында, оның ішінде ерекше кезеңде әрі табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар, карантиндер, өзге де төтенше жағдайлар туындаған кезде байланыс желілерінің үздіксіз және тұрақты пайдаланылуын қамтамасыз етуге бағытталған шараларды қолдану мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың міндеті болып табылады.
3. Қазақстан Республикасының органдары мен лауазымды адамдары байланыс желілерін салу, оларды пайдалану және дамыту мәселелері жөнінде шешім қабылдау кезінде Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін сақтау талаптарын басшылыққа алуға тиіс.
4. Мыналарға:
1) шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдар мен шетелдік заңды тұлғалардың магистральдық байланыс жолдарын басқаруына және пайдалануына;
2) басқару орталығы Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан байланыс желілерін оның аумағында құруға және пайдалануға;
3) қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторы ретінде байланыс жолын иеленуші және (немесе) оларды басқару немесе пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымның дауыс беретін акцияларының, сондай-ақ үлестерінің, пайларының он процентінен астамын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын уәкілетті органның келісімінсіз жеке және заңды тұлғалардың дербес немесе бір топ адамдар құрамында сатып алуына немесе меншікке өзгеше алуына;
4) қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторы ретінде телекоммуникация саласындағы қызметті жүзеге асыратын, жер бетіндегі (кәбілдік, оның ішінде талшықты-оптикалық, радиорелелік) байланыс жолдарын иеленетін заңды тұлғаның дауыс беретін акцияларының, сондай-ақ үлестерінің, пайларының жиынтығы 49 процентінен астамын шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдар мен шетелдік заңды тұлғалардың тікелей және (немесе) жанама иеленуіне, пайдалануына, билік етуіне және (немесе) басқаруына;
5) жедел-іздестіру шараларын қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сай келмейтін байланыс желілерін пайдалануға беруге тыйым салынады.
5. Байланыс саласында ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың акцияларын (үлестерін, пайларын) иелену немесе олардың қызметіне қатысу бөлігіндегі өзге де шектеулер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді.

23-бап. Мемлекеттiк институттардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету
1. Мемлекеттiк институттардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары мен лауазымды адамдарының аса маңызды мiндетi, олардың қызметтiк iс-әрекетiн бағалау өлшемдерiнiң бiрi болып табылады.
2. Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi талаптарда:
1) елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуының бағыттары мен кезеңдерiн стратегиялық жоспарлау;
2) мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардың заң шығару, басқару актiлерi мен өзге де актiлердi әзiрлеуi, қабылдауы және орындауы кезiнде мiндеттi түрде ескерiледi.
3. Мыналарға:
1) Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, соның iшiнде оның құқық қорғау органдарының қауiпсiздiк қызметтерi мен соттарының бiртұтас жүйесiнiң;
2) Қазақстан Республикасының бiртұтас құқықтық жүйесiнiң қалыптасуы мен iркiлiссiз жұмыс iстеуi мүдделерiне қайшы келетiн қандай да болсын шешiмдер қабылдауға және iс-қимыл жасауға жол берiлмейдi.
4. Мемлекет:
1) мемлекеттiк қызметтiң беделi мен абыройын арттыруға;
2) белгiленген талаптарға сәйкес келмейтiн адамдардың мемлекеттiк қызметке кiруiне жол бермейтiн ұйымдық-құқықтық тетiктер қалыптастыруға бағытталған шаралар қолданады.
5. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметшiлерi өз қызметiнде жалпы мемлекеттiк мүдделердi басшылыққа алуға мiндеттi. Мемлекеттiк қызметшiлердiң мемлекеттiк өкiметтiң беделiне күмән келтiруi мүмкiн, лауазымдық жағдайын қызметтен тыс мүдделерге пайдалануға апарып соғатын шешiмдер қабылдауына және iс-қимыл жасауына тыйым салынады.
6. Мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдарының:
1) республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражатын, соның iшiнде мемлекеттiк сатып алуға арналған қаражатты және бөлiнген несие ресурстарын үлестеп бөлуге;
2) рұқсаттар мен лицензиялар беруге;
3) шаруашылық қызмет субъектiлерiне заңдарда белгiленген жеңiлдiктер мен преференциялар беруге;
4) мемлекеттiк меншiк объектiлерiн жекешелендiруге байланысты шешiмдер қабылдау рәсiмдерi заңдарда белгiленген шекте ашық және бақылаулы сипатта болуға тиiс.

24-бап. Сыртқы қауiпсiздiктi қамтамасыз ету
1. Қазақстан Республикасы ұлттық қауiпсiздiктiң халықаралық кепiлдiктерiн алу мақсатында Қазақстанның ұлттық қауiпсiздiгiнiң құрамдас бөлiгi болып табылатын халықаралық (ғаламдық, аймақтық) қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге қатысады.
2. Сыртқы саяси қатынастар саласында ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету:
1) ғаламдық бейбiтшiлiк тәртiбiн қалыптастыру жөнiндегi халықаралық күш-жiгерге қатысудан;
2) Қазақстанның геосаяси төңiрегiндегi ұжымдық қауiпсiздiктiң тиiмдi жүйесiн қалыптастыру мен нығайтудан;
3) Қазақстан Республикасы ұлттық қауiпсiздiгiнiң мүдделерiне сай қызмет iстейтiн халықаралық ұйымдарға қатысудан;
4) елден тыс жерлерде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге бағытталған шараларға қатысудан;
5) қажет болған жағдайларда шектес мемлекеттермен бiрлесiп, ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге қатысты мәселелердi шешуден тұрады.
3. Қазақстан Республикасы:
1) сенiмдi шекаралық бақылауды жүзеге асыру мақсатында мемлекеттiк шекараны қорғау жүйесiн дамытып, нығайтады;
2) ұқсас халықаралық бақылау жүйелерiне кiрiгу арқылы мемлекеттiң әуе кеңiстiгiне бақылаудың ұлттық жүйесiн қалыптастырады;
3) заңсыз көшiп келуге жол бермеу жөнiнде қажеттi шаралардың бәрiн қолданады.
4. Қазақстан Республикасына қарсы зиянкестiк қызметтi жүзеге асыратын, Қазақстанның егемендiгiне, аумақтық тұтастығына, оның халқының бiрлiгiне, елдегi қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылыққа жария қарсы шығатын шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуiне жол берiлмейдi. Қазақстан Республикасының аумағында жүрген және осындай жария бой көрсетуге жол берген шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар ел шегiнен қуылуға тиiс әрi Қазақстан Республикасының заңдары мен халықаралық шарттарына сәйкес өзге түрде де жауапқа тартылады.

24-1-бап. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету
1. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қауіп-қатерлердің алдын алуға және оларды бейтараптандыруға бағытталған әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық, әкімшілік және өзге де шараларды әзірлеу және іске асыру арқылы жүзеге асырылады.
2. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету:
1) жасына, мүліктік және әлеуметтік жағдайына, тұрған және тұрғылықты жеріне қарамастан тұтынудың физиологиялық нормаларына сәйкес сапалы азық-түлік тауарларына халықтың нақты және экономикалық қол жеткізуін қамтамасыз ету;
2) Қазақстан Республикасында өндірілетін, әке лі нетін және өткізілетін азық-түлік тауарлары сапасының Қа зақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіп сіз дігі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәй кестігі;
3) ішкі және сыртқы қолайсыз факторлардың әсеріне қарамастан азық-түлік тауарларының мем ле кет тік ресурстарын қалыптастыру, жаңарту және толықтыру;
4) аграрлық азық-түлік нарығына қол жеткізу үшін тең бәсекелестік ортаны құру;
5) мемлекет пен жеке кәсіпкерлік субъектілерінің өзара іс-қимылы мен ынтымақтастығы;
6) азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мә селелерінде қоғамдық бірлестіктердің, кәсіпкерлер қа уым дастықтарының (одақтарының) рөлін арттыруға жәр демдесу;
7) аграрлық азық-түлік нарығының жай-күйі туралы ақпараттың қолжетімділігі мен ашықтығы принциптеріне құрылады.
Мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың:
1) азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйін нашарлататын;
2) азық-түлік тауарларына бағаның негізсіз кө терілуін, азық-түліктің ішкі ресурстарының төмендеуін арандататын;
3) азық-түлік тауарларын Қазақстан Респуб ли ка сының шегінен тысқары жерлерге заңсыз әкетуге ықпал ететін;
4) сапасыз және халық үшін қауіпті азық-түлік та уар ларын ішкі нарыққа әкелуге ықпал ететін шешімдер қа былдауына және іс-әрекеттер (әрекетсіздік) жасауына жол берілмейді.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйі нашарлаған кезде азық-түлік тауарларының экспорты мен импортына уақытша тыйым салу мен шектеулер енгізуге құқылы.

25-бап. Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды қаржыландыру
Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етушi күштердiң қызметi мен осыған бағытталған шаралар бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылады.

5-тарау. Қорытынды ережелер

26-бап. Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң қолданылуын қадағалау
Осы Заңның және ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң дәл қолданылуына жоғары дәрежелi қадағалауды Қазақстан Республикасының Прокуратурасы жүзеге асырады.

27-бап. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік сала сындағы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.

28-бап. Осы Заңның өзге де нормативтiк құқықтық актiлермен арақатынасы
Осы Заңның ережелерi ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң жекелеген бағыттары мен әдiстерiн реттейтiн заң актiлерi мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу және қабылдау үшiн негiз болып табылады.

29-бап. Халықаралық шарттар және елдiң ұлттық қауiпсiздiгi
Мыналарға:
1) Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiне нұқсан келтiруi мүмкiн немесе мемлекеттiк тәуелсiздiгiн жоғалтуға әкеп соғатын;
2) Қазақстан Республикасының егемендiк құқықтары аясын тарылтатын халықаралық шарттар жасасуға жол берiлмейдi.

Қазақстан Республикасының
Президентi

Н. Назарбаев