Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 маусымдағы № 774 Қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасында телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссияны құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 ақпандағы № 203 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 6, 52-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссияны құру туралы»;
кiрiспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Телерадио хабарларын тарату саласындағы қоғамдық мүддені есепке алу және қорғау, сондай-ақ халықтың теле-, радиоарналарға қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:»;
1-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мынадай құрамда телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелерi жөнiндегi комиссия құрылсын:»;
Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

Мыңбай                                   — Қазақстан Республикасының Мәдениет және
Дархан Қамзабекұлы              ақпарат министрі, төраға

Қырықбаев                              — Қазақстан Республикасының Мәдениет және
Арман Оразбайұлы                 ақпарат вице-министрі, төрағаның
орынбасары

Қалианбеков                           — Қазақстан Республикасының Мәдениет және
Болат Серікұлы                      ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат
комитетінің төрағасы, хатшы

Мұхамеджанов                        — Қазақстан Республикасының Парламенті
Төлеген Мұхамеджанұлы        Сенатының депутаты (келісім бойынша)

Әшімбаев                                — Қазақстан Республикасының Парламенті
Мәулен Сағатханұлы               Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)

Ықсанова                                — Қазақстан Республикасының Парламенті
Гүлнар Мұстақымқызы            Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)

Қуанышев                                — Қазақстан Республикасы Президентiнiң
Жапсарбай Iлиясұлы               Әкiмшiлiгi Iшкi саясат бөлiмiнiң
меңгерушiсi (келiсiм бойынша)

Бабақұмаров                          — Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің
Ержан Жалбақұлы                  Кеңсесi Басшысының орынбасары

Башимов                                 — «Еуропа құқығы және адам құқықтары
Марат Советұлы                     институты» қоғамдық бiрлестiгiнiң
сарапшысы, профессор, заң ғылымдарының
докторы (келiсiм бойынша)

Кациев                                    — Қазақстандағы «Internews Network»
Олег Ахсарович                      халықаралық ұйымы өкілдігінің директоры
(келісім бойынша)

Жұмабаев                               — «Қазақстан Республикасы телерадио
Айдар Әбілмәжінұлы              хабарларын таратушылар қауымдастығы»
қоғамдық қорының төрағасы (келісім
бойынша)

Матаев                                    — Қазақстан журналистер одағы басқармасының
Сейітқазы Бейсенқазыұлы       төрағасы (келісім бойынша)

Оразов                                    — «Нұр Медиа» жауапкершілігі шектеулі
Нұрай Нұрғожаұлы                 серіктестігі бас директорының бірінші
орынбасары (келісім бойынша)

Ерімбетов                               — «Әлеуметтік әріптестік орталығы»
Нұрлан Кенжебекұлы              корпоративтік қорының бас директоры
(келісім бойынша)

Жолдыбай                              — «Бас редакторлар клубы» республикалық
Кенжеболат Махмұтұлы          қоғамдық бірлестігінің президенті (келісім
бойынша)

мына:

«Нұршабеков                                      — Қазақстан Республикасы Байланыс және
Ризат Рахатбекұлы                 ақпарат министрлігі Байланыс және
ақпараттандыру комитетінің төрағасы»

деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«Нұршабеков                                      — Қазақстан Республикасы Көлік және
Ризат Рахатбекұлы                 коммуникация министрлігі Байланыс және
ақпараттандыру комитетінің төрағасы»;

көрсетілген құрамнан Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев, Ләззат Мұратқызы Танысбай, Болат Талапұлы Берсебаев, Есім Ғарифолла, Ерлан Зайроллаұлы Нығматулин, Қуаныш Сұлтанұлы Сұлтанов шығарылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң Ақпарат және мұрағат комитетi болып белгiленсiн.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

     

Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов