Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қыркүйектегі № 1183 Қаулысы

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiнiң 34-бабына, «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-115-2-баптарына, «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2)3) тармақшаларына29-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) «Отандық теле-, радиоарналарды есепке, қайта есепке қою» мемлекеттік қызмет стандарты;
2) «Қазақстан Республикасының аумағына таралатын шетелдік теле-, радиоарналарды есепке, қайта есепке қою» мемлекеттік қызмет стандарты бекiтiлсiн.
2. Осы қаулымен бекітілген, 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін «Отандық теле-, радиоарналарды есепке, қайта есепке қою» мемлекеттік қызмет стандартының 8-тармағын, 11-тармағының бірінші бөлігінің 4) тармақшасын, 11-тармағының төртінші бөлігінің  2) тармақшасын және 16-тармағының бірінші бөлігінің 3) тармақшасын және «Қазақстан Республикасының аумағына таралатын шетелдік теле-, радиоарналарды есепке, қайта есепке қою» мемлекеттік қызмет стандартының 8-тармағын, 11-тармағының бірінші бөлігінің 4) тармақшасы, 11-тармағының төртінші бөлігінің 4) тармақшасын және 16-тармағының бірінші бөлігінің 2) тармақшасын қоспағанда, осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                            К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 12 қыркүйектегі
№ 1183 қаулысымен
бекітілген

«Отандық теле-, радиоарналарды есепке, қайта есепке қою»
мемлекеттiк қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

1. «Отандық теле-, радиоарналарды есепке, қайта есепке қою» мемлекеттiк қызметiн (бұдан әрі — мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң Ақпарат және мұрағат комитетi (бұдан әрi – Комитет) мына мекенжайда көрсетедi: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесi, № 8 үй, «Министрлiктер үйi» ғимараты, 15-кiреберiс, № 217 кабинет.
2. Көрсетілетін мемлекеттiк қызмет нысаны автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет «Телерадио хабарларын тарату туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 18 қаңтардағы Заңының 7-бабының 21) тармақшасы және 1718-баптары негізінде жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызмет туралы ақпаратты «электрондық үкімет» веб-порталынан: www.e.gov.kz, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң (бұдан әрi-Министрлiк) интернет-ресурсынан: www.mki.gov.kz, сондай-ақ Комитетке 8 (7172) 74-05-38 телефоны бойынша хабарласу арқылы алуға болады.
Мемлекеттiк қызмет стандарты Министрлiктiң интернет ресурсында www.mki.gov.kz. мекенжайы бойынша «Мемлекеттiк қызмет» бөлiмiнiң «Отандық теле-, радиоарналарды есепке қою, қайта есепке қою» кіші бөлiмінде орналастырылған.
5. Отандық теле-, радиоарналарды есепке қою, қайта есепке қою туралы куәлiк (бұдан әрi — куәлік) беру не куәлiк беруден жазбаша түрде бас тарту туралы дәлелдi жауап көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесi болып табылады.
Куәлiк осы стандарттың 1 немесе 2-қосымшасына сәйкес қағаз тасығышта берiледi.
Куәлiк жоғалған немесе бүлiнген жағдайда телнұсқасы берiледi.
6. Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетiледi.
7. Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiмдерi:
1) осы стандарттың 11-тармағында анықталған қажеттi құжаттарды тапсырған күнінен бастап күнтiзбелiк он бес күн iшiнде;
2) қажеттi құжаттарды тапсыру кезiнде кезек күтудiң ең көп уақыты – 30 минут;
3) мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудiң ең көп уақыты – 30 минуттан аспайды.
Куәліктің телнұсқасы қажетті құжаттар тапсырылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде беріледі.
8. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі, отандық теле-, радиоарнаны есепке қойғаны және отандық теле-, радиоарнаны есепке қойғаны туралы куәліктің телнұсқасын бергені үшін Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгілеген тәртіппен тіркеу алымы алынады.
9. Мемлекеттiк қызмет демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, күн сайын көрсетiледi. Құжаттарды қабылдау сағат 9.00-дан 18.00-ға дейiн жүзеге асырылады, түскi үзiлiс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн. Қабылдау кезекке тұру тәртiбiмен, алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады.
10. Мемлекеттiк қызмет көрсету Комитеттің ғимаратында жүзеге асырылады. Ғимарат режимі: ғимаратқа кiру кiретiн жеке есiгi бар рұқсаттама бюросы беретiн бiржолғы рұқсат қағазы бойынша жүзеге асырылады. Бiржолғы рұқсат қағазы тiкелей мемлекеттiк қызмет көрсететiн тұлғаның телефонмен берген өтiнiмi бойынша рәсiмделедi.
Ғимараттағы құқықтық тәртiптi сақтау үшiн тәулiктiк күзет бекетi, өртке қарсы дабыл бар. Кiреберiс есiгi дене мүмкiндiктерi шектеулi адамдарға арналған пандустармен жабдықталған.

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

11. Куәлікті алу үшін мемлекеттiк қызметтi алушы (немесе сенiмхат бойынша өкiлi) Комитетке мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы стандарттың 3-қосымшасына сәйкес өтiнiш;
2) трансляцияланатын және рестрансляцияланатын теле-радиобағдарламаларды таспаға басу және алты ай бойы сақтау туралы міндеттеме;
3) теле-,радиоарнаның меншік иесінің кіретін есігі бөлек жайлар мен алаңдарға немесе оларды жалға алуға, оның ішінде:
телерадио хабарларын таратудың жұмыс істеуі үшін қажетті техникалық құралдарды орналастыруға және пайдалануға арналған) студиялық, аппараттық, қосалқы) арнайы үй-жайларға;
шығармашылық (редакциялық) персоналды орналастыруға арналған үй-жайларға;
әкімшілік-басқару персоналына арналған үй-жайларға мүліктік құқықтарының болуы туралы мәліметтер нысаны.
4) отандық теле-,радиоарнаны есепке қою үшін бюджетке тіркеу алымының төленгенін растайтын құжат.
Куәлікті қайта есепке қою үшін, (меншік иесінің ауысуына, не ұйымдық-құқықтық нысанының, атауының, сондай-ақ теле,-радиоарна атауының өзгеруіне байланысты) мемлекеттік қызметті алушы:
1) осы стандарттың 3-қосымшасына сәйкес өтiнiш;
2) теле-, радиоарнаны есепке қою туралы куәліктің бұрын берілген түпнұсқасы;
3) меншік иесі өзгерген жағдайда осы өзгерісті растайтын құжат талап етіледі;
4) теле-, радиоарнаның меншік құқығының басқа тұлғаға берілгендігін растайтын шарт.
Куәлiк жоғалған немесе бүлiнген жағдайда, мемлекеттік қызметті алушыға жаңа нөмір бере отырып және бұрын берілген куәлiктің нөмірі мен күні көрсетіліп оң жағындағы жоғарғы бұрышында «Телнұсқа» деген жазуы бар куәліктің телнұсқасы берiледi.
Куәліктің телнұсқасын алу үшін мемлекеттік қызметті алушы:
1) осы стандарттың 3-қосымшасына сәйкес өтiнiш;
2) отандық теле-,радиоарнаны есепке қою туралы куәліктің телнұсқасын беру үшін бюджетке тіркеу алымының төленгендігін растайтын құжатты ұсынады.
Комитет мемлекеттік қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екi жұмыс күнi iшiнде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге мiндеттi. Ұсынылған құжаттардың толық емес фактiлерi анықталған жағдайда, Комитет аталған мерзiмде өтiнiштi одан әрi қараудан жазбаша дәлелдi түрде бас тартады. Әрі қарай Комитет осы негіз бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға құқылы емес.
12. Өтiнiштiң үлгiсi «электрондық үкiметтің» веб-порталында: www.e.gov.kz, сондай-ақ Министрлiктiң интернет-ресурсында: www.mki.gov.kz («Мемлекеттiк қызмет» бөлiмiнiң «Отандық теле-, радиоарналарды есепке қою», қайта есепке қою кіші бөлімінде) орналастырылған.
13. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн қажеттi құжаттар пошта арқылы немесе Комитет кеңсесіне мына мекенжай бойынша тапсырылады: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй, «Министрлiктер үйi» ғимараты, 15-кiреберiс, № 224 кабинет.
14. Күнi мен уақыты, Комитет кеңсесiнiң құжатты қабылдаған қызметкерiнiң тегi, аты-жөнi көрсетiлген мемлекеттік қызметті алушыға (немесе өкілге сенімхат бойынша) осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген талон құжаттардың қабылданғандығын растау болып табылады.
15. Куәлік мемлекеттік қызметті алушының қолына беріледі, немесе өкіліне сенімхат бойынша, болмаса өтініште көрсетілген мекен-жайға пошта арқылы жолданады.
Куәлікті беру берілген куәліктер журналында тіркеледі.
16. Егер:
1) уәкiлеттi орган бұрын сол атпен және сол аумаққа таралатын не оның аты бұрын құрылған теле-, радиоарнаның атымен айырғысыз дәрежеде ұқсас теле-, радиоарнаны есепке қойғаны туралы куәлiк берген болса;
2) өтiнiштiң мазмұны осы стандарттың 3-қосымшасының талаптарына сай келмейтiн болса;
3) теле-, радиоарнаны есепке қою үшiн тіркеу алымы төленбесе;
4) меншiк иесiнiң ауысуына орай теле-, радиоарнаны қайта есепке қою туралы өтiнiште теле-,радиоарнаға меншiк құқығын басқа тұлғаға беру туралы шарттың нөмірі мен күні көрсетілмесе;
5) шығарылуын бұрын сот тоқтатқан, аты (атының бiр бөлiгi) бiрдей және тақырыптық бағыты дәл сондай теле-, радиоарна есепке қоюды мәлiмдеген болса немесе аты мен тақырыптық бағытын қайталайтын теле-, радиоарна мәлiмделген болса, сондай-ақ шығарылуы сот шешiмiмен тоқтатылған теле-, радиоарнаның меншiк иесi немесе бас редакторы (редакторы) соттың шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап үш жыл iшiнде өтiнiш берген жағдайда мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартылады.
Егер Комитет осы стандартта белгiленген мерзiмде мемлекеттік қызметті алушыға куәлiк бермеген не дәлелдi түрде бас тартуды ұсынбаған жағдайда, оларды беру мерзiмi өткен күннен бастап куәлiк берiлдi деп есептеледi.
Комитет куәлiкті беру мерзiмi өткен күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей мемлекеттік қызметті алушының өтiнiшіне тиiстi куәлiкті беруге мiндеттi.
Комитет куәлiкті бермеген жағдайда бес жұмыс күнi өткеннен кейiн куәлiк алынды деп есептеледi, ал Комитеттің құжаттарды қабылдаған күнi туралы белгi соғылған құжаттың көшiрмесi куәлiктің заңдылығын растайтын құжат болып табылады.

3. Жұмыс қағидаттары

17. Комитет мемлекеттік қызметті алушыға қатысты мынадай қағидаттарды басшылыққа алады:
1) адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;
2) қызметтік міндетті орындау кезінде заңдылықты сақтау;
3) сыпайылық;
4) түпкілікті және толық ақпарат ұсыну;
5) жеке және заңды тұлғалардың құжаттарын сақтау және құпиялылығы.

4. Жұмыс нәтижелері

18. Мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерi осы стандарттың 4-қосымшасына сәйкес сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.
19. Мемлекеттік органның жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызметтiң сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң нысаналы мәндерi жыл сайын Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрiнiң бұйрығымен бекiтiледi.

5. Шағымдану тәртiбi

20. Комитеттiң немесе Министрлiктiң кеңсесi уәкiлеттi лауазымды тұлғалардың iс-әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбiн мына: Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй, «Министрлiктер үйi» ғимараты, 15-кiреберiс, № 224 және (немесе) № 263 кабинет мекенжайы бойынша, сондай-ақ 8 (7172) 74-04-71, 74-04-54 телефондары арқылы түсiндiредi және шағымды дайындауға жәрдем көрсетедi.
21. Көрсетiлген қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда шағым жазбаша түрде пошта арқылы не қолма-қол Комитет немесе Министрлiк басшылығының атына осы стандарттың 20-тармағында көрсетiлген мекенжай бойынша жұмыс күндерi сағат 9.00-ден 18.00-ға дейiн берiледi, түскi үзiлiс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн.
22. Дөрекі қызмет көрсетуге жасалған шағым жазбаша түрде пошта арқылы не қолма-қол Комитеттiң немесе Министрлiктiң кеңсесi арқылы осы стандарттың 20-тармағында көрсетiлген мекенжай бойынша жұмыс күндерi сағат 9.00-ден 18.00-ға дейiн жiберiледi, түскi үзiлiс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн.
23. Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушының заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа шағымдануға құқығы бар.
24. Шағым еркін нысанда рәсімделеді. Мемлекеттік қызметті алушы өз шағымында міндетті түрде мыналарды көрсетеді:
1) тегі, аты, әкесінің аты;
2) жауап жіберілетін пошталық мекенжайы;
3) шағымның мәнін баяндау;
4) жеке қолы және күні.
Қажет болған жағдайда, мемлекеттік қызметті алушы өз дәлелдерін растайтын құжаттар мен материалдарды немесе оның көшірмелерін жазбаша шағымға қоса береді.
25. Шағымды Комитеттiң және (немесе) Министрлiктiң кеңсесi осы стандарттың 20-тармағында көрсетiлген мекенжайда тiркейдi.
Шағым берген тұлғаға өтiнiштiң қабылданған күнi мен уақытын, оны қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi көрсетiле отырып, талон берiледi.
Шағымды қарау барысы туралы ақпаратты шағымды қабылдаған тұлғадан не осы стандарттың 20-тармағында көрсетiлген телефондар арқылы алуға болады.
Комитет қызметкерлерiнiң заңсыз iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) жасалған шағым Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңының 8-бабында көзделген мерзiмде қаралады.
Шағымды қарау нәтижесi мемлекеттік қызметті алушының (сенiмхат бойынша не өкiлiнiң) өтiнiшi бойынша пошта арқылы не қолма-қол берiледi.
26. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет туралы қосымша ақпаратты Министрлiктiң www.mki.gov.kz интернет-ресурсынан алуға болады.

«Отандық теле-, радиоарналарды
есепке, қайта есепке қою»
мемлекеттік қызмет стандартына
1-қосымша

Нысан

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ

АҚПАРАТ ЖӘНЕ МҰРАҒАТ КОМИТЕТІ

Отандық теле-, радиоарнаны есепке қою туралы КУӘЛІК

№ _________

Астана қаласы                           20 __ жыл «__» ____________

Отандық теле-, радиоарнаның атауы: ________________________________

Отандық теле-, радиоарнаның меншік иесі: __________________________

Тақырыптық бағыты: ________________________________________________

Телерадио хабарларын тарату түрлері: _______________________________

Төраға _____________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)

М.О.

«Отандық теле-, радиоарналарды
есепке, қайта есепке қою»
мемлекеттік қызмет стандартына
2-қосымша

3-қосымша

Нысан

_____________________________________
(куәлік беруші органның толық атауы)
_____________________________________
(куәлік беруші орган басшысының
тегі, аты, әкесінің аты)

Өтініш

Сізден ________________________________________________________
(қайта есепке қою және телнұсқа беруді жүзеге асырған жағдайда оның себебі көрсетіледі)
теле-, радиоарнаны есепке қоюды (қайта есепке қоюды, телнұсқа беруді жүзеге асыруды) сұраймын.
Теле-, радиоарнаның меншік иесінің атауы: ___________________________
_____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) меншік иесінің атауы және ұйымдық-құқықтық нысаны)

Теле-, радиоарна меншік иесінің мекен-жайы __________________________
(тұратын жері/ орналасқан жері, байланыс деректері)

Салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН) ________________________________

Теле-,радиоарнаның тақырыптық бағыты, жеке және ретрансляцияланатын хабар таратуының орташа тәулiктiк көлемі
_____________________________________________________________________Өтiнiшке қоса беріледі:
1.__________________
2.__________________
3.__________________

_____________________________________________________ _______________
Өтінім берушінің (тегі, аты, әкесінің аты/ атауы)          (қолы)

М.О. «___» ___________________ 20 __ ж.

«Отандық теле-, радиоарналарды
есепке, қайта есепке қою»
мемлекеттік қызмет стандартына
4-қосымша

Нысан

Сапа және тиімділік көрсеткіштері

Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні

Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні

1. Уақтылығы

1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну жағдайларының %-ы (үлесі)      

2. Сапа

2.1. Қызметті ұсыну процесінің сапасына қанағаттанған алушылардың %-ы (үлесі)      

3. Қолжетімділік

3.1. Қызметті ұсынудың тәртібі туралы ақпарат оны қанағаттанған алушылардың %-ы (үлесі)      
3.2. Электронды форматта қол жеткізуге болатын ақпарат туралы қызметтер %-ы (үлесі)      

4. Шағымдану процесі

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған алушылардың % -ы (үлесі)      

5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған алушылардың %-ы (үлесі)      

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 12 қыркүйектегі
№ 1183 қаулысымен
бекітілген

«Қазақстан Республикасының аумағына таралатын шетелдік
теле-, радиоарналарды есепке, қайта есепке қою»
мемлекеттік қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

1. «Қазақстан Республикасының аумағына таралатын шетелдік теле-, радиоарналарды есепке, қайта есепке қою» мемлекеттiк қызметiн (бұдан әрі-мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң Ақпарат және мұрағат комитетi (бұдан әрi – Комитет) мына мекенжайда көрсетедi: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесi, № 8 үй, «Министрлiктер үйi» ғимараты, 15-кiреберiс, № 227, 217 кабинеттер.
2. Көрсетілетін мемлекеттiк қызмет нысаны автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 18 қаңтардағы «Телерадио хабарларын тарату туралы» Заңының 7-бабының 13) тармақшасы1920 және 21-баптары негізінде жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызмет туралы ақпаратты «электрондық үкімет» веб-порталынан: www.e.gov.kz, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң (бұдан әрi – Министрлiк) интернет-ресурсынан: www.mki.gov.kz, сондай-ақ Комитетке 8 (7172) 74-04-82, 74-05-38 телефондары бойынша хабарласу арқылы алуға болады.
Мемлекеттiк қызмет стандарты Министрлiктiң интернет ресурсында www.mki.gov.kz. мекенжайы бойынша «Мемлекеттiк қызмет» бөлiмiнiң «Шетелдік теле-, радиоарналарды есепке қою» бөлiмшесiнде орналастырылған.
5. Қазақстан Республикасының аумағына таралатын шетелдік теле-, радиоарналарды есепке қою, қайта есепке қою туралы куәлiк (бұдан әрi – куәлiк) беру не куәлiгiн беруден жазбаша түрде бас тарту туралы дәлелдi жауап көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесi болып табылады.
Діни бағыттағы шетелдік теле-, радиоарналарды есепке қою Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жүргізілетін дінтану сараптамасынан кейін жүзеге асырылады.
Куәлiк осы стандарттың 1 немесе 2-қосымшасына сәйкес қағаз тасығышта берiледi.
Куәлiк жоғалған немесе бүлiнген жағдайда телнұсқасы берiледi.
6. Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi –мемлекеттік қызметті алушы) көрсетiледi.
7. Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiмдерi:
1) осы стандарттың 11-тармағында анықталған қажеттi құжаттарды тапсырған күннен бастап күнтiзбелiк он бес күн iшiнде;
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі алушы ұсынған материалдар бойынша дiнтану сараптамасын жүргiзу кезiнде тоқтатыла тұрады және сараптама қорытындысын алғаннан кейін қайта басталады. Сараптама Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігіне келiп түскен күннен бастап күнтiзбелiк отыз күннен аспайтын мерзiмде жүргізіледі. Сараптама жүргiзу мерзімі сараптама жүргіу үшін сарапшының (сарапшылардың) қосымша материалдар мен ақпаратты зерделеуi қажет болған жағдайда, күнтiзбелiк отыз күнге ұзартылуы мүмкiн.
2) қажеттi құжаттарды тапсыру кезiнде кезек күтудiң ең көп уақыты — 30 минут;
3) мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудiң ең көп уақыты уақыт — 30 минуттан аспайды.
Куәліктің телнұсқасы осы стандарттың 11-тармағында анықталған қажетті құжаттар тапсырылғаннан кейін он күнтізбелік күн ішінде беріледі.
8. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі, Қазақстан Республикасының аумағына таралатын шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қойғаны және Қазақстан Республикасының аумағына таралатын шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қойғаны туралы куәліктің телнұсқасын бергені үшін Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгілеген тәртіппен тіркеу алымы алынады.
9. Мемлекеттiк қызмет демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, күн сайын көрсетiледi. Құжаттарды қабылдау сағат 9.00-дан 18.00-ға дейiн жүзеге асырылады, түскi үзiлiс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн. Қабылдау кезекке тұру тәртiбiмен, алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады.
10. Мемлекеттiк қызмет көрсету Комитеттің ғимаратында жүзеге асырылады. Ғимарат режимі: ғимаратқа кiру кiретiн жеке есiгi бар рұқсаттама бюросы беретiн бiржолғы рұқсат қағазы бойынша жүзеге асырылады. Бiржолғы рұқсат қағазы тiкелей мемлекеттiк қызмет көрсететiн тұлғаның телефонмен берген өтiнiмi бойынша рәсiмделедi.
Ғимараттағы құқықтық тәртiптi сақтау үшiн тәулiктiк күзет бекетi, өртке қарсы дабыл бар. Кiреберiс есiгi дене мүмкiндiктерi шектеулi адамдарға арналған пандустармен жабдықталған.

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

11. Куәлікті алу үшін мемлекеттiк қызметтi алушы (немесе сенiмхат бойынша өкiлi) Комитетке мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы стандарттың 3-қосымшасына сәйкес өтiнiш;
2) жеке тұлғалар үшiн — теле-, радиоарнаның меншiк иесi болып табылатын шетелдiк жеке тұлғаның паспортының немесе жеке басын куәландыратын басқа құжатының көшiрмесi, қазақ және орыс тiлдерiндегi аудармасын нотариат куәландырған, кәсiпкерлiк қызметпен айналысу құқығын растайтын құжаттың көшiрмесi;
3) заңды тұлғалар үшiн — сауда тiзiлiмiнен заңдастырылған үзiндi немесе құрылтайшы – шетелдiк заңды тұлға шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын басқа заңдастырылған құжат;
4) шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою үшін бюджетке тіркеу алымының төленгендігін растайтын құжат.
Куәлікті қайта есепке қою үшін (теле-, радиоарнанын атауының өзгеруіне, негізгі тақырыптық бағытының өзгеруіне байланысты) алушы:
1) осы стандарттың 3-қосымшасына сәйкес өтiнiш;
2) жеке тұлғалар үшiн – теле-, радиоарнаның меншiк иесi болып табылатын шетелдiк жеке тұлғаның паспортының немесе жеке басын куәландыратын басқа құжатының көшiрмесi, қазақ және орыс тiлдерiндегi аудармасын нотариат куәландырған, кәсiпкерлiк қызметпен айналысу құқығын растайтын құжаттың көшiрмесi;
3) заңды тұлғалар үшiн – сауда тiзiлiмiнен заңдастырылған үзiндi немесе құрылтайшы – шетелдiк заңды тұлға шет мемлекет заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын басқа заңдастырылған құжат;
4) теле-, радиоарнаны есепке қою туралы куәліктің бұрын берілген түпнұсқасы;
Куәлiк жоғалған немесе бүлiнген жағдайда, мемлекеттік қызметті алушыға жаңа нөмір бере отырып және бұрын берілген куәлiктің нөмірі мен күні көрсетіліп оң жағындағы жоғарғы бұрышында «Телнұсқа» деген жазуы бар куәліктің телнұсқасы берiледi.
Куәліктің телнұсқасын алу үшін мемлекеттік қызметті алушы:
1) осы стандарттың 3-қосымшасына сәйкес өтiнiшті;
2) жеке тұлғалар үшiн – теле-, радиоарнаның меншiк иесi болып табылатын шетелдiк жеке тұлғаның паспортының немесе жеке басын куәландыратын басқа құжатының көшiрмесi, қазақ және орыс тiлдерiндегi аудармасын нотариат куәландырған, кәсiпкерлiк қызметпен айналысу құқығын растайтын құжаттың көшiрмесi;
3) заңды тұлғалар үшiн – сауда тiзiлiмiнен заңдастырылған үзiндi немесе құрылтайшы – шетелдiк заңды тұлға шет мемлекет заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын басқа заңдастырылған құжат;
4) шетелдік теле-,радиоарналарды есепке қою үшін куәліктің телнұсқасын беру үшін бюджетке тіркеу алымын төленгендігін растайтын құжатты ұсынады.
Комитет мемлекеттік қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап, екi жұмыс күнi iшiнде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге мiндеттi. Ұсынылған құжаттардың толық емес фактiлерi анықталған жағдайда, Комитет аталған мерзiмде өтiнiштi одан әрi қараудан жазбаша дәлелдi түрде бас тартады. Әрі қарай, Комитет аталған негіз бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға құқылы емес.
12. Өтiнiштiң үлгiсi «электрондық үкiметтің» веб-порталында: www.e.gov.kz, сондай-ақ Министрлiктiң интернет-ресурсында: www.mki.gov.kz («Мемлекеттiк қызмет» бөлiмiнiң Қазақстан Республикасы аумағына таралатын «Шетелдік теле-, радиоарналарды есепке қою, қайта есепке қою» бөлiмшесінде) орналастырылған.
13. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн қажеттi құжаттар пошта арқылы немесе Комитет кеңсесіне мына мекенжай бойынша тапсырылады: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй, «Министрлiктер үйi» ғимараты, 15-кiреберiс, № 224 кабинет.
14. Күнi мен уақыты, Комитет кеңсесiнiң құжатты қабылдаған қызметкердiң тегi, аты-жөнi көрсетiлген мемлекеттік қызметті алушыға талон (немесе өкілге сенімхат бойынша) осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың қабылданғандығын растау болып табылады.
15. Куәлік өтініште көрсетілген мекен-жайға пошта арқылы жолданады.
Куәлікті беру берілген куәліктер журналына тіркеледі.
16. Егер:
1) өтiнiш мазмұны осы стандарттың 3-қосымшасының талаптарына сәйкес келмейтiн болса;
2) теле-, радиоарнаны есепке қою үшiн тіркеу алымы төленбеген болса;
3) шетелдiк теле-, радиоарнаның материалдары Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi, тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiрудi, соғысты, экстремизмдi немесе терроризмдi, қатыгездiк пен зорлық-зомбылықты, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық астамшылықты насихаттауды және үгiттеудi, ұлтаралық және конфессияаралық араздықты қоздыруға бағытталған ақпаратты, сондай-ақ порнографиялық және арнайы сексуалдық-эротикалық сипаттағы кино- және бейнеөнiмдердi, сондай-ақ суицидтi насихаттайтын ақпаратты қамтитын болса;
4) дiнтану сараптамасы нәтижелерi бойынша терiс қорытынды болса;
5) шетелдiк теле-, радиоарна өнiмдерiне қатысты Қазақстан Республикасының аумағында оны таратуға тыйым салу туралы сот шешiмi болса, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады.
Егер Комитет осы стандартта белгiленген мерзiмде мемлекеттік қызметті алушыға куәлiк бермеген не дәлелдi түрде бас тартуды ұсынбаған жағдайда, оларды беру мерзiмi өткен күннен бастап куәлiк берiлдi деп есептеледi.
Комитет куәлiкті беру мерзiмi өткен сәттен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей мемлекеттік қызметті алушыға тиiстi куәлiкті беруге мiндеттi.
Комитет куәлiкті бермеген жағдайда бес жұмыс күнi өткеннен кейiн куәлiк алынды деп есептеледi, ал Комитеттің құжаттарды қабылдаған күнi туралы белгi соғылған құжаттың көшiрмесi куәлiктің заңдылығын растайтын құжат болып табылады.

3. Жұмыс қағидаттары

17. Комитет қызметтерді алушыға қатысты мынадай қағидаттарды басшылыққа алады:
1) адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;
2) қызметтік міндетті орындау кезінде заңдылықты сақтау;
3) сыпайылық;
4) түпкілікті және толық ақпарат ұсыну;
5) жеке және заңды тұлғалардың құжаттарын сақтау және құпиялылығы.

4. Жұмыс нәтижелері

18. Мемлекетті қызметті алушыға мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерi осы стандарттың 4-қосымшасына сәйкес сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.
19. Мемлекеттік органның жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызметтiң сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң нысаналы мәндерi жыл сайын Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрiнiң бұйрығымен бекiтiледi.

5. Шағымдану тәртiбi

20. Комитеттiң немесе Министрлiктiң кеңсесi уәкiлеттi лауазымды тұлғалардың iс-әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбiн мына: Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй, «Министрлiктер үйi» ғимараты, 15-кiреберiс, № 224 және (немесе) № 263 кабинет мекенжайы бойынша, сондай-ақ 8 (7172) 74-04-71, 74-04-54 телефондары арқылы түсiндiредi және шағымды дайындауға жәрдем көрсетедi.
21. Көрсетiлген қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда шағым жазбаша түрде пошта арқылы не қолма-қол Комитет немесе Министрлiк басшылығының атына осы стандарттың 20-тармағында көрсетiлген мекенжай бойынша жұмыс күндерi сағат 9.00-ден 18.00-ға дейiн берiледi, түскi үзiлiс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн.
22. Дөрекі қызмет көрсетуге жасалған шағым жазбаша түрде пошта арқылы не қолма-қол Комитеттiң немесе Министрлiктiң кеңсесi арқылы осы стандарттың 20-тармағында көрсетiлген мекенжай бойынша жұмыс күндерi сағат 9.00-ден 18.00-ға дейiн жiберiледi, түскi үзiлiс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн.
23. Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушының заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа шағымдануға құқығы бар.
24. Шағым еркін нысанда рәсімделеді. Мемлекеттік қызметті алушы өз шағымында міндетті түрде мыналарды көрсетеді:
1) тегі, аты, әкесінің аты;
2) жауап жіберілетін пошталық мекенжайы;
3) шағымның мәнін баяндау;
4) жеке қолы және күні.
Қажет болған жағдайда, мемлекеттік қызметті алушы өз дәлелдерін растайтын құжаттар мен материалдарды немесе оның көшірмелерін жазбаша шағымға қоса береді.
25. Шағымды Комитеттiң және (немесе) Министрлiктiң кеңсесi осы стандарттың 20-тармағында көрсетiлген мекенжайда тiркейдi.
Шағым берген тұлғаға өтiнiштiң қабылданған күнi мен уақытын, оны қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi көрсетiле отырып, талон берiледi.
Шағымды қарау барысы туралы ақпаратты шағымды қабылдаған тұлғадан не осы стандарттың 20-тармағында көрсетiлген телефондар арқылы алуға болады.
Комитет қызметкерлерiнiң заңсыз iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) жасалған шағым «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңының 8-бабында көзделген мерзiмде қаралады.
Шағымды қарау нәтижесi мемлекеттік қызметті алушының (сенiмхат бойынша не өкiлiнiң) өтiнiшi бойынша пошта арқылы не қолма-қол берiледi.
26. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет туралы қосымша ақпаратты Министрлiктiң www.mki.gov.kz интернет-ресурсынан алуға болады.

«Қазақстан Республикасының
аумағына таралатын шетелдік теле-,
радиоарналарды есепке, қайта есепке
қою» мемлекеттік қызмет стандартына
1-қосымша

Нысан

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ

АҚПАРАТ ЖӘНЕ МҰРАҒАТ КОМИТЕТІ

Қазақстан Республикасының аумағына таралатын шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою туралы

КУӘЛІК № _________

Астана қаласы                              20 __ жыл «__» __________

Шетелдік теле-, радиоарнаның атауы:_________________________________

Шетелдік теле-, радиоарнаның меншік иесі: __________________________

Теле-, радиобағдарламалардың тілі (тілдері):________________________

Тақырыптық бағыты: _________________________________________________

Төраға _____________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)

«Қазақстан Республикасының
аумағына таралатын шетелдік теле-,
радиоарналарды есепке, қайта есепке
қою» мемлекеттік қызмет стандартына
2-қосымша

Нысан

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ

АҚПАРАТ ЖӘНЕ МҰРАҒАТ КОМИТЕТІ

Қазақстан Республикасының аумағына таралатын шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою туралы

КУӘЛІК № _________

Астана қаласы                              20 __ жыл «__» __________

Шетелдік теле-, радиоарнаның атауы:_________________________________

Шетелдік теле-, радиоарнаның меншік иесі: __________________________

Теле-, радиобағдарламалардың тілі (тілдері):________________________

Тақырыптық бағыты: _________________________________________________

Төраға _____________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)

«Қазақстан Республикасының
аумағына таралатын шетелдік теле-,
радиоарналарды есепке, қайта есепке
қою» мемлекеттік қызмет стандартына
3-қосымша

Нысан

_____________________________________
(куәлік беруші органның толық атауы)
_____________________________________
(куәлік беруші орган басшысының
тегі, аты, әкесінің аты)

Өтініш

Сізден ______________________________________________________________
(қайта есепке қою және телнұсқа беруді жүзеге асырған жағдайда оның себебі көрсетіледі)
теле-, радиоарнаны есепке алуды (қайта есепке алуды, телнұсқа беруді жүзеге асыруды) сұраймын.
Теле-, радиоарнаның меншік иесінің атауы: __________________________
____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) тұратын орны/ орналасқан жері, ұйымдық-құқықтық нысаны, телефоны, электрондық мекенжайы)
Теле-, радиобағдарламалардың тілі (тілдері):_________________________
Теле-, радиоарнаның хабар тарату кестесi: ___________________________
(кейінгі ай)
Теле-, радиоарнаның негiзгi тақырыптық бағыты: ______________________
Теле-, радиоарнаның бас редактор/редакторы: _________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
Теле-, радиокомпанияның заңды мекенжайы: ____________________________
(индексі, қала, аудан, көше, үй, телефон, электрондық мекенжайы)
Теле-, радиокомпанияның Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау туралы мiндеттемесi _________________________________________________

Өтiнiшке қоса беріледі:
1.__________________
2.__________________
3.__________________
___________________________________________________ _________________
Өтінім берушінің (тегі, аты, әкесініңаты/атауы)          (қолы)

М.О. «___» ___________________ 20 __ ж.

«Қазақстан Республикасының
аумағына таралатын шетелдік теле-,
радиоарналарды есепке, қайта есепке
қою» мемлекеттік қызмет стандартына
4-қосымша

Нысан

Сапа және тиімділік көрсеткіштері

Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні

Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні

1. Уақтылығы

1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну жағдайларының %-ы (үлесі)      

2. Сапа

2.1. Қызметті ұсыну процесінің сапасына қанағаттанған алушылардың %-ы (үлесі)      

3. Қолжетімділік

3.1. Қызметті ұсынудың тәртібі туралы ақпарат оны қанағаттанған

алушылардың %-ы (үлесі)