Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы         11 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2), 3) тармақшаларына, 29-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған «Теле-, радиоарналарды тарату бойынша қызметпен айналысу үшін лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

3. Осы қаулы «Теле-, радиоарналарды тарату бойынша қызметпен айналысу үшін лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу» мемлекеттік қызметінің стандарты 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 8-тармақты, 10-тармақтың жетінші абзацын және 16-тармақтың                             2-тармақшасын қоспағанда алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

 

 

Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі                                                К. Мәсімов 


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012  жылғы «     »

№  қаулысымен бекітілген

 

 

«Теле-, радиоарналарды тарату бойынша қызметпен айналысу үшін лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу» мемлекеттік қызмет стандарты 

 

 

  1. 1.                 Жалпы ережелер

1. «Теле-, радиоарналарды тарату бойынша қызметпен айналысу үшін лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) «электронды үкімет»: www.e.gov.kz веб-порталы немесе «Е-лицензиялау»: www.elicense.kz веб-порталы арқылы (бұдан әрі – портал) электронды-сандық қолтаңбаны (бұдан әрі — ЭСҚ) қолдану арқылы көрсетіледі.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметінің нысаны: толық  автоматтандырылған.

3. Мемлекеттік қызмет «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылдың 11 қаңтардағы Заңының 24-бабы негізінде   көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызмет туралы ақпаратты «электронды үкімет»: www.e.gov.kz веб-порталынан, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) www.mki.gov.kz интернет-ресурсынан, сондай-ақ Комитетке 8 (7172) 74-05-38; 74-04-71 телефоны бойынша хабарласу арқылы алуға болады.

Мемлекеттік қызмет стандарты www.mki.gov.kz мекенжайы бойынша Министрліктің интернет-ресурсында «Мемлекеттік қызмет» бөлімінің «Телерадио хабарларын тарату саласындағы лицензиялау» кіші бөлімінде орналастырылған.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты «электронды үкіметтің» 1414 call-орталығы ақпараттық-анықтамалық қызметінің телефоны арқылы алуға болады.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі теле-, радиоарналарды тарату бойынша қызметпен айналысу үшін лицензия беру (бұдан әрі — лицензия) немесе электронды құжат нысанында лицензия беруден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.

Лицензия жоғалған, бүлінген жағдайда телнұсқасы беріледі.

Осы стандарттың 11-тармағында ескерілген кездерде қайта ресімделген лицензия беріледі.

Лицензия алушыға портал арқылы беріледі.

6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – алушы) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1) осы стандарттың 10 тармағында айқындалған қажетті құжаттарды қоса отырып, портал арқылы электронды сұраныс жіберу күнінен бастап он бес жұмыс күні көлемінде;

2) қайта ресімделген лицензияны беру – портал арқылы электронды сұраныс жіберу күнінен бастап он жұмыс күні көлемінде.

8. Мемлекеттік қызмет ақылы көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес алынатын алымның ставкасы жеке және заңды тұлғалардан – алымды төлеген күнге қолданылатын алты айлық есептік көрсеткішті.

Лицензияны қайтадан ресімдегені үшін — алты айлық есептік көрсеткіштітің 10 процентін құрайды.

Алым Қазақстан Республикасының банктері арқылы төленеді, олар ақының мөлшері мен күнін растайтын түбіртек береді.

9. Порталдың жұмыс кестесі: тәулік бойы, түскі үзіліссіз.

Электронды сұраныстарды өңдеу Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетімен (бұдан әрі — Комитет) демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын, Комитеттің бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес, сағат 9.00-ден сағат 18.00-ға дейін, сағат 13-00-ден 14-30-ға дейінгі үзіліс арқылы жүзеге асырылады.

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

 

10. Лицензияны алу үшін алушы (не сенімхат бойынша өкілі) мынадай құжаттарды ұсынады:

1) осы стандартқа 1-қосымшаларға сәйкес өтініш;

2) заңды тұлға үшiн – жарғының және өтiнiш берушiнi заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмелерi;

3) жеке тұлға үшiн – жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;

4) дара кәсiпкер үшiн – өтiнiш берушiнi дара кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi;

5) өтiнiш берушiнi салық органында есепке қою туралы куәлiктiң көшiрмесi;

6) теле-, радиоарналарды тарату бойынша қызметпен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымды төлегенiн растайтын құжаттың көшірмесі;

7) бiлiктiлiк талаптарына сәйкес мәлiметтер мен құжаттар.

Алушыға қойылатын біліктілік талаптары мыналарды қамтиды:

1) тиісті дипломдардың, сертификаттар мен аттестаттардың көшірмелерімен, еңбек кітапшасындағы жазбалармен расталған,  телерадиохабарларын тарату саласында бейіндік жоғары немесе орта арнайы білімі және мамандығы бойынша кемінде бір жыл практикалық тәжірибесі бар, жалпы саны кемінде үштен бір бөлікті құрайтын инженер-техник мамандардың болуы;

2) телерадио хабарларын тарату саласындағы қолданыстағы стандарттарға сәйкес, теле-, радиоарналар хабарларының техникалық сапасын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелер;

3) төтенше жағдайлар кезінде халықты хабарландыруды ұйымдастыру сызбасы және оларды сақтау бойынша міндеттемелер;

4) Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамаларды сақтауды техникалық қамтамасыз ету сызбасы;

5) Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамаларын сақтауды техникалық қамтамасыз ету үшін қолданылатын жабдықатар туралы ақпарат (шетелдік теле-, радиоарналарды таратуда);

6) телерадио хабарларын тарату жүйесін ұйымдастыру сызбасы;

7) лицензия алу сәтінен бастап, қызмет көрсетуді бастау туралы міндеттемелер;

8) уәкілетті органда тіркелген отандық және шетелдік теле-, радиоарналардың республика аумағында тарауы туралы міндеттемелер;

9) міндетті теле-, радиоарналарды тарату бойынша (көпбағдарламалы хабар тарату үшін) міндеттемелер;

10) бұқаралық ақпарат құралдары, телерадиохабарлар тарату және жарнама салаларында Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау туралы кепілдік;

11) телерадиоарналарды таратуды қамтамасыз ететін, сертификатталған техникалық және аппараттық-бағдарламалық құралдарды пайдалану бойынша міндеттемелер;

12) теле-, радиоарнаны теле-, радиоарна меншігімен ретрансляциялауға (көпбағдарламалы хабар тарату үшін) арналған алдыңғы шарттардың көшірмелері;

13) уәкілетті органда шетелдік теле-, радиоарналарды тіркеу туралы анықтамалардың көшірмесі (шетелдік теле-, радиоарналарды таратуда);

14) нысанға өтініш берушінің мүліктік құқығын орнататын немесе оны жалға алуы құжаттармен расталған ғимараттар мен алаңдар (техникалық құралдарды орналастыру және пайдалану үшін, әкімшілік-басқару қызметкерлері үшін, халыққа қызмет көрсету орындары);

15) Қазақстан Республикасының мемлекеттік өлшеу жүйесі тізіліміне енгізілген, бақылау-өлшеу және сынақ жұмыстарын өткізу үшін (өтініш берушіге тиесілі меншік құқығымен немесе тиісті келісімшарт болған жағдайда жалға алу) метрологиялық базаны қамтамасыз ету жөніндегі міндеттеме;

16) мынадай мазмундағы ақпаратты қамтитын, түсіндірме жазба:

кәсіпкерлік субъектілеріне тиістілігі (шағын, орта, ірі);

құрылатын желінің атауы (эфирлі, кабельді, спутникті);

хабар тарату аумағы;

желі түрі, қолдаланылатын стандарттар;

даму кезеңдері бойынша, таратылатын теле-, радиоарналардың тізбесі және қысқаша сипаттамалары;

қолданылатын шартты қол жетімді жүйелер;

желіні пайдалану және басқару жүйесін ұйымдастыру принципі;

желі сыйымдылығы және/немесе қосылушылардың саны, оның ішінде даму кезеңі бойынша;

Қазақстан Республикасының аумағындағы басқа телерадио хабарларын тарату және байланыс операторларының желісіне, жалпы пайдалану телекоммуникация желілерінің өзара әрекеті;

станцияаралық байланыстарды ұйымдастыру тәсілі (өтініш берушінің өзге желілердің жалға алынған арналарынан нақты техникалық құралдарын пайдалану арқылы телерадио хабарларын таратудың желілерінің жеке құралдары бойынша)

Өтініш берушінің желілерін телерадио хабарларын таратудың өзге операторлары желісіне шығуын ұйымдастыру тәсілі (ынтымақтастық мүмкіндігін дәлелдейтін ниет немесе өзге құжаттар туралы хаттама көшірмелерін қосымша көрсету);

жиілікті иеленуге қажетті жабдықтардың тізбесі;

бас станцияларға желіде таратылатын телерадиохабар тарату теле-, радио арналарын жеткізу тәсілдері мен көзі;

санитарлық паспорт (жиілікті иелену арқылы жабдықты қолдану кезінде).

17) жерсеріктік байланыс арналарын пайдалану жағдайында:

пайдаланылатын жасанды жер серіктерінің атауы, орналасуы және тиесілігі, олардың тұру нүктесі, қызмет аумағы;

жерсеріктік оператор ұсынған қабылдау-тарату спутниктік станцияларының желісінде пайдаланылатын трансмиссиялық жоспарлар көшірмелері;

қолданылатын жерсеріктік ресурстардың даму кезеңдері бойынша өсу көлемі (қолданылатын спутниктік ресурс көлемі);

арнаның орташа ақпараттық жылдамдығы;

спутниктік жүйенің энергетикалық сипаттамасы.

Электронды сұраныс, жоғарыда көрсетілген сұраныс жолдаушының құжаттары алушының ЭСҚ-мен ресімделеді, сканерлеген нұсқада қоса тіркеледі .

11. Лицензия мынадай жағдайларда:

1) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты өзгергенде;

2) дара кәсіпкерді қайта тіркеген, оның атауы мен мекен-жайы өзгерген кезде;

3) заңды тұлғаны бірігу, қосылу, бөлініп шығу немесе қайта құру нысанында қайта ұйымдастырған кезде;

4) заңды тұлғаның атауы және (немесе) заңды мекен-жайы өзгерген кезде қайта ресімдеуге жатады.

Қайта ресімделген лицензияны алу үшін алушы электронды сұраныс, осы тармақтың 1) – 4) тармақшаларында көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттарды қоса отырып, сұраныс жолдаған алушының расталған ЭСҚ-сын жолдайды.

12. Өтініштің үлгісі www.e.gov.kz «электрондық үкімет» порталында, сондай-ақ Министрліктің www.mkі.kz интернет-ресурсында («Мемлекеттік қызмет» бөлімінің «Телерадио хабарларын тарату саласындағы лицензиялау» кіші бөлімі) орналастырылған.

13. Электронды сұраныс жолдау алушының «жеке кабинеті» арқылы жүзеге асырылады. Сұраныс автоматты түрде Комитетке жолданады.

14. Порталға жүгінген уақытта алушының «жеке кабинетіне» өтініштің (сұраным нөмірі) жолданғаны жөнінде хабарлама жіберіледі.

Өтінішті жолдау және оған нөмір беру сәтінен бастап, екі күн ішінде Комитет өтінішті тіркейді, ал алушының «жеке кабинетіне», сондай-ақ порталға тіркеу кезінде көрсетілген электронды мекенжайға қабылдау мерзімін көрсету арқылы Комитетпен өтінішті қабылдау туралы хабарлама жолданады.

15. Лицензия электрондық түрде алушының веб-порталдағы «жеке кабинетіне» жолданады.

16. Егер:

1) Қазақстан Республикасының заңдарында субъектілердің осы санаты үшін қызметтің жекелеген түрімен айналысуға тыйым салынған;

2) теле-, радиоарналарды тарату бойынша қызметпен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым енгізілмеген;

3) алушы біліктілік талаптарына сай келмеген;

4) алушыға қатысты оған теле-, радиоарналарды тарату бойынша қызметпен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімі болған;

5) сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот өтініш берушіге лицензия алуға тыйым салған жағдайларда, лицензия беруден бас тарту жүзеге асырылады.

Жазбаша, дәлелді бас тарту алушының порталдағы «жеке кабинетіне» екі жұмыс күні көлемінде жолданады.

 

3. Жұмыс қағидаттары

 

17. Комитеттің қызметі адамның конституциялық құқықтарын, қызметтік борышын атқару кезінде заңдылықты сақтауға негізделеді және әдептілік, толыққанды ақпарат беру, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады.

 

4. Жұмыс нәтижелері

 

18. Алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету жұмысының нәтижелері осы стандарттың 2-қосымшасына сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

19. Комитеттің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапасы және тиімділік көрсеткіштерінің  нысаналы мәні жыл сайын Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің  бұйрығымен бекітіледі.

 

5. Шағымдану тәртібі

 

20. Комитеттің немесе Министрліктің кеңсесі уәкілетті лауазымды тұғалардың іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін мына: 010000, Астана қаласы, Орынбор к., № 8, «Министрліктер үйі» ғимараты, 15-кіреберіс, № 224 және (немесе) № 263 бөлме мекенжайы бойынша, сондай-ақ 8 (7172) 74-04-71, 74-04-54 телефондары арқылы түсіндіреді және шағымды дайындауға жәрдем көрсетеді.

Сонымен қатар, шағымдану тәртібі жөніндегі ақпаратты «электрондық үкіметі» call-орталығының ақпараттық-анықтамалық қызметінің 1414 телефоны арқылы алуға болады.

21. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым жазбаша түрде пошта арқылы не қолма-қол Комитет немесе Министрлік басшылығының атына осы стандарттың 20-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ға дейін беріледі, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

Алушыға шағымды веб-порталдағы «виртуалды қабылдау» арқылы жолдауға болады.

22. Дөрекі қызмет көрсетуге жасалған шағым жұмыс күндері жазбаша түрде пошта арқылы не қолма-қол Комитеттің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы осы стандарттың 20-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ға дейін жіберіледі, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

23. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда алушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқығы бар.

24. Комитет қызметкерлерінің іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) жасалған шағым лицензия беру туралы өтініштің көшірмесін қоса бере отырып, еркін нысанда жасалады. Алушы өз шағымында мiндеттi түрде мыналарды көрсетедi:

1) тегi, аты, әкесiнiң аты;

2) жауап жiберiлетiн пошталық мекенжайы;

3) шағымның мәнiн баяндау;

4) жеке қолы және күнi.

25. Шағымды Комитеттің және (немесе) Министрліктің кеңсесі осы стандарттың 20-тармағында көрсетілген мекенжайда тіркейді.

Шағым берген тұлғаға өтініштің қабылданған күнi мен уақытын, оны қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi көрсетіле отырып, талон берiледi.

Шағымды қарау барысы туралы ақпаратты шағымды қабылдаған тұлғадан не осы стандарттың 20-тармағында көрсетілген телефондар арқылы алуға болады.

Шағымды қарау нәтижесі алушының (не сенімхат бойынша өкілінің) өтініші бойынша пошта арқылы не қолма-қол беріледі.

Портал арқылы жүгінген уақытта электрондық шағым жолданғаннан кейін алушының «жеке кабинетінде» шағым жөнінде ақпарат қол жетімді және ол ақпарат Комитетте өтінішті өңдеу барысы (қабылдау, тіркеу, орындау белгілері, қарау немесе қараудан бас тарту жөнінде жауап) өзгерген сайын жаңартылып отырады.

Комитет қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) жасалған шағым «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңының              8-бабында көзделген мерзімде қаралады.

26. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы қосымша ақпаратты Министрліктің www.mki.gov.kz интернет-ресурсынан алуға болады.

______________________


«Теле-, радиоарналарды тарату бойынша қызметпен айналысу үшін лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу» мемлекеттік

қызмет стандартына

1-қосымша

Қазақстан Республикасы

Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетіне

(лицензия беретін органның толық атауы)


кімнен _________________________________________________________

(заңды тұлғаның немесе жеке тұлғаның толық атауы)

 

ӨТІНІШ

_________________________________________________________аумағында

__________________________________________________________________

(қызметтің түрін көрсету)

жүзеге асыру үшін лицензия беруді өтінемін.

 

Ұйым туралы мәлімет:

1. Меншік түрі_____________________________________________________

2. Құрылған жылы__________________________________________________

3. Тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік________________________________

                                                                         (№, кім және қашан берді)

4. Мекен-жайы_____________________________________________________

(индекс, облысы, аудан, қала, көше, үйдің нөмірі, телефон, факс)

5. Есептік шот _____________________________________________________

                         (шоттың нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)

6. Филиалдар және өкілдіктер ________________________________________

7. Қоса берілетін құжаттар:

__________________________________________________________________________________________________________________________________

__________________________________________________________________

 

Басшысы__________________________________________________________

(қолы)                                                       (тегі, аты-жөні)

 

М.О.

 

«___»______________20__ ж.


«Теле-, радиоарналарды тарату бойынша қызметпен айналысу үшін лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу» мемлекеттік

қызмет стандартына

2-қосымша

Кесте. Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiшiнiң мәнi

 

Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерi

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылғы нысаналы мәні

Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні

1. Уақтылығы

1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызмет көрсету жағдайларының %-ы (үлесi)

2. Сапасы

2.1. Қызметті көрсету үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

3. Қолжетімділік

3.1. Қызмет көрсету сапасына және оны ұсыну тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

3.2. Ақпаратқа электрондық форматта қол жеткізуге болатын қызметтер %-ы (үлесі)

4. Шағымдану үдерісі

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың % -ы (үлесі)

5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

 

 

_________________________

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Об утверждении стандарта государственной услуги

«Выдача лицензии, переоформление лицензии для занятия деятельностью по распространению теле-, радиоканалов»

 

 

В соответствии со статьей 34 Бюджетного кодекса Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года, статьями 9-1, 15-2 Закона Республики Казахстан от 27 ноября 2000 года «Об административных процедурах» и подпунктами 2), 3) статьи 6, статьей 29 Закона Республики Казахстан от         11 января 2007 года «Об информатизации» Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

1. Утвердить прилагаемый стандарт государственной услуги «Выдача лицензии, переоформление лицензии для занятия деятельностью по распространению теле-, радиоканалов».

2. Министерству культуры и информации Республики Казахстан принять меры, вытекающие из настоящего постановления.

3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования, за исключением пункта 8, абзаца седьмого пункта 10 и подпункта 2) пункта 16 стандарта государственной услуги «Выдача лицензии, переоформление лицензии для занятия деятельностью по распространению теле-, радиоканалов», которые вводятся в действие с 1 января 2013 года.

 

Премьер-Министр   

      Республики Казахстан                                                      К. Масимов