2011 жылғы 3 сәуірге тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі сайлау іс-шараларын өткізудің мерзімдері туралы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2011 жылғы 4 ақпандағы № 16/22


Қазақстан Республикасы Конституциясының 41-бабының 3-1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12-бабының 1) тармақшасына, 51-1, 66-1-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Президенттiгіне кандидаттарды ұсыну 2011 жылғы 5 ақпаннан басталады және 2011 жылғы 20 ақпанда аяқталады;
Қазақстан Республикасының Президенттiгіне кандидаттарды тіркеу кандидаттар «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес барлық қажетті құжаттарды ұсынғаннан кейін басталады және 2011 жылғы 2 наурызда аяқталады деп белгіленсін.
2. 2011 жылғы 3 сәуірге тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған күнтізбелік жоспары (бұдан әрі – Күнтізбелік жоспар) бекітілсін.
3. Күнтізбелік жоспар облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларына сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз ету үшін жіберілсін.
4. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

Төраға Қ. Тұрғанқұлов

Хатшы Б. Мелдешов

Қазақстан Республикас
Орталық сайлау комиссиясының
2011 жылғы 4 ақпандағы № 16/22
қаулысымен бекітілген

ВложенияРазмер
2011 жылғы 3 сәуірге тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі сайлау іс-шараларын өткізудің мерзімдері туралы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2011 жылғы 4 ақпандағы № 16/.do75 Кбайт