Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері


Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 маусымдағы № 610 Қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қарамағындағы ұйымдар Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің қарамағына берілсін.
2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 26 маусымдағы
№ 610 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Мәдениет комитетінің қарамағына берілетін ұйымдардың тізбесі

Театрлар

1. «Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
2. «Күләш Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
3. «М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
4. «М. Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
5. «Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
6. «Н. Сац атындағы Орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
7. «Республикалық мемлекеттік ұйғыр музыкалық комедия театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
8. «Республикалық мемлекеттік корей музыкалық комедия театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
9. «Республикалық неміс драма театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

Концерттік ұйымдар

10. «Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
11. «Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
12. «Қазақстан Республикасының «Салтанат» мемлекеттік би ансамблі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
13. «Қазақстан Камератасы» классикалық музыка ансамблі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
14. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік академиялық би театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
15. «Ақ жауын» мемлекеттік камералық оркестрі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
16. «Қазақ әуендері» акционерлік қоғамы.

Мұражайлар

17. «Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығы» мемлекеттік мекемесі.
18. «Алтын және бағалы металдар мемлекеттік мұражайы» мемлекеттік мекемесі.
19. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік орталық мұражайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
20. «Ә. Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер мұражайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
21. «Сирек кездесетін қияқты саз аспаптарының мемлекеттік коллекциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
22. «Республикалық кітап мұражайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

Кино

23. «Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамы.

Тарихи-мәдени қорықтар

24. «Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайы» мемлекеттік мекемесі.
25. «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайы» мемлекеттік мекемесі.
26. «Әзірет-Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы» мемлекеттік мекемесі.
27. «Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайы» мемлекеттік мекемесі.
28. «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы» мемлекеттік мекемесі.
29. «Тамғалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайы» мемлекеттік мекемесі.
30. «Ордабасы» ұлттық тарихи-мәдени қорығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

Кітапханалар

31. «Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы» мемлекеттік мекемесі.
32. «Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана» мемлекеттік мекемесі.
33. «Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы» мемлекеттік мекемесі.

Өзге де ұйымдар

34. «Қазақстан Республикасында Мәдениет пен өнерді қолдау мемлекеттік қоры» мемлекеттік мекемесі.
35. «Қазқайтажаңарту» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
36. «Мәдени саясат және өнертану институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
37. «Көшпелілердің мәдени мұрасы проблемалары жөніндегі қазақ ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
38. «Көркемсурет көрмелері және аукциондар дирекциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 26 маусымдағы
№ 610 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру

1. «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515-құжат):
кіріспедегі «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңын іске асыру және лицензиялау жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында» деген сөздер алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Лицензиялауға жататын қызметтің түрлеріне, лицензиялар беруге өкілеттік берілген мемлекеттік органдардың (лицензиярлардың) тізбесінде:
реттік нөмірі 42-жолда:
2-бағанда «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-бағанда «археологиялық және тарихи, мәдени ескерткіштерге реставрациялық жұмыстарды» деген сөздер «тарих пен мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялық жұмыстарды» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі» деген бөлімде:
реттік нөмірлері 415-1, 415-2, 415-3, 415-4, 415-5, 415-6, 415-7, 415-8, 415-10, 415-12, 415-13, 415-14, 415-15, 415-18, 415-19, 415-20, 415-22, 415-26, 415-27, 415-29, 415-31, 416-жолдар алынып тасталсын;
«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті» деген кіші бөлім және реттік нөмірі 416-2 жол алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы кіші бөліммен және реттік нөмірлері 416-4, 416-5, 416-6, 416-7, 416-8, 416-9, 416-10, 416-11, 416-12, 416-13, 416-14, 416-15, 416-16, 416-17, 416-18, 416-19, 416-20, 416-21, 416-22, 416-23, 416-24-жолдармен толықтырылсын:

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті

416-4 «Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры» республикалық мемлекеттік қазыналық
кәсіпорны Алматы қаласы

416-5 «М. Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Алматы қаласы

416-6 «М.Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Алматы қаласы

416-7 «Ғ.Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар
мен жасөспірімдер театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Алматы қаласы

416-8 «Н. Сац атындағы орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Алматы қаласы

416-9 «Республикалық мемлекеттік ұйғыр музыкалық комедия театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Алматы қаласы

416-10 «Республикалық мемлекеттік корей музыкалық комедия театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Алматы қаласы

416-11 «Республикалық неміс драма театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Алматы қаласы

416-12 «Жамбыл атындағы қазақ филармониясы» республикалық қазыналық кәсіпорны Алматы қаласы

416-13 «Құрманғазы атындағы қазақ академиялық халық аспаптар республикалық мемлекеттік кәсіпорны Алматы қаласы

416-14 «Қазақстан камератасы» классикалық музыка ансамблі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Алматы қаласы

416-15 Қазақстан Республикасының «Салтанат» мемлекеттік би ансамблі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Алматы қаласы

416-16 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік академиялық би театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Алматы қаласы

416-17 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік орталық мұражайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Алматы қаласы

416-18 «Бірегей музыкалық шекті аспаптар мемлекеттік коллекциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Алматы қаласы

416-19 «Қазақстан Республикасының Ә. Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Алматы қаласы

416-20 «Республикалық кітап мұражайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Алматы қаласы

416-21 «Ордабасы ұлттық тарихи-мәдени қорығы» республикалық мемлекеттік қазыналы кәсіпорны Оңтүстік Қазақстан блысы,
Ордабасы ауданы

416-22 «Қазқайтажаңарту» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында) Алматы қаласы

416-23 «К. Байсейітова атындағы ұлттық опера және балет театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Астана қаласы

416-24 «Ақ жауын» мемлекеттік камералық оркестрі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны». Астана қаласы

3. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі» деген бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті».
4. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 42, 538-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі «Достық үйі - Этносаралық қатынастар проблемаларын зерттеу орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
5. «Тарих пен мәдениет ескерткіштеріне археологиялық және (немесе) ғылыми-қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 маусымдағы № 495 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 221-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Тарих пен мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе) ғылыми-қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау ережесінде:
2-тармақта «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақта «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығымен» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті төрағасының бұйрығымен» деген сөздермен ауыстырылсын.