«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 27 мамырдағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2010


1. Қоса беріліп отырған «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 27 мамырдағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі:
1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін;
2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
3. «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 28 ақпандағы № 37-ө өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген өкіммен бекітілген «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесінде:
реттік нөмірлері 1, 2 және 6-жолдар алынып тасталсын.


Премьер-Министр
К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2010 жылғы 21 шілдедегі
104-ө өкімімен
бекітілген


«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 27 мамырдағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі

Нормативтік құқықтық актінің атауы

Актінің нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттік орган

Орындау мерзімі

1

2

3

4

5

1.

Мемлекеттік мәдениет ұйымдарына, жекелеген кәсіби көркем, шығармашылық ұжымдарға «Ұлттық» мәртебе беру ережесі мен шарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

2010 жылғы қараша

2.

Мемлекеттік мәдениет ұйымдарына, жекелеген кәсіби көркем, шығармашылық ұжымдарға «Академиялық» мәртебе беру ережесі мен шарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

2010 жылғы қараша

3.

Мемлекеттік мәдениет ұйымдарына аттестация жүргізу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

2010 жылғы қараша

4.

Фильмге прокаттау куәлігін беру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

2010 жылғы желтоқсан

5.

Мәдениет ұйымдары желісінің ең төменгі мемлекеттік нормативтерін және облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандық, облыстық маңызы бар қалалардың, селолық деңгейлердегі мемлекеттік мәдениет ұйымдарының үлгі штаттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

2010 жылғы қараша

6.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 қаңтардағы № 27 және 2008 жылғы 19 қаңтардағы № 31 қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

2010 жылғы желтоқсан

7.

Республикалық конкурстар мен фестивальдарды өткізудің үлгі ережелерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрінің бұйрығы

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

2010 жылғы қараша

8.

Фильмнің индексін айқындау өлшемдерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрінің бұйрығы

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

2010 жылғы желтоқсан

9.

Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органдары құжаттардың әмбебап жинақтарын қалыптастыруды, сақтауды және кітапхана пайдаланушыларға беруді жүргізетін, кітапхана ресурстарын өзара пайдалануды ұйымдастыруды жүзеге асыратын және басқа кітапханаларға әдістемелік көмек көрсететін облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, қалалық және аудандық, облыстық маңызы бар қалалардың кітапханаларына «Орталық» мәртебе беру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрінің бұйрығы

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

2010 жылғы қараша

10.

Фильмді ұлттық деп тану ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрінің бұйрығы

Қазакстан Республикасы Мәдениет министрлігі

2010 жылғы желтоқсан

11.

Фильмнің индексі туралы ақпаратты көрсету жөніндегі стандарттарды бекіту туарлы

Қазакстан Республикасы Мәдениет министрінің бұйрығы

Казакстан Республикасы Мәдениет министрлігі

2010 жылғы желтоқсан

12.

Фильмге прокаттау куәлігінің нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрінің бұйрығы

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

2010 жылғы желтоқсан

13.

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 25 мамырдағы № 152 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрінің бұйрығы

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

2010 жылғы желтоқсан