«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 28-бабының 3-тармағына, 33-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттардың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мынадай нормативтері белгіленсін:
1) бағдарламаны теледидар арқылы баяндау 4 625 000 (төрт миллион алты жүз жиырма бес мың) теңге сомасында;
2) бағдарламаны радио арқылы баяндау 169 000 (жүз алпыс тоғыз мың) теңге сомасында;
3) баспа басылымдарында екі мақала жариялау 810 000 (сегіз жүз он мың) теңге сомасында;
4) сайлаушылармен кездесулер үшін үй-жайлар жалдау 200 000 (екі жүз мың) теңге сомасында;
5) үгіттiк баспа материалдарын басып шығару 290 000 (екі жүз тоқсан мың) теңге сомасында;
6) көліктік шығыстар 200 000 (екі жүз мың) теңге сомасында.
2. Осы қаулы тіркелген Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттардың назарына жеткізілсін.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы
Қ. Тұрғанқұлов
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
хатшысы
Б. Мелдешов
Астана, 2011 жылғы 26 ақпан
№ 31/52