Адвокаттық қызмет туралы Қазақстан Республикасының


(2010.19.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
I-тарау. Жалпы ережелер (1 - 6 баптар)
2-тарау. Адвокаттың мәртебесі (7 - 18 баптар)
3-тарау. Адвокаттық қызметті ұйымдастыру (19 - 33 баптар)
4-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер (34 - бап)

I-тарау. Жалпы ережелер

1-бап. Адвокатураның мақсаты
1. Қазақстан Республикасындағы адвокатура адамның өз құқықтарын, бостандықтарын сотта қорғауға және бiлiктi заң көмегiн алуға мемлекет кепiлдiк берген және Қазақстан Республикасының Конституциясымен баянды етiлген құқығын жүзеге асыруға жәрдемдесуге арналған.
2. Адвокатура қылмыстық iстер бойынша қорғау, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша, сондай-ақ қылмыстық және азаматтық істер мен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша өкілдік ету,сондай-ақ азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау мен iске асыруға жәрдемдесу мақсатында заң көмегiнiң өзге де түрлерiн көрсету жөнiндегi адвокаттардың қызметiн ұйымдастырады.
Адвокаттық қызмет шеңберiнде адвокаттар көрсететiн заң көмегi кәсiпкерлiк қызмет болып табылмайды.

2-бап. Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының адвокаттық қыз мет туралы заңнамасы Қазақстан Республикасы ның Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақ стан Республикасының адвокаттық қызметті реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда жазылғаннан өзгеше ережелер көзделсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
3. Жеке және заңды тұлғалардың істері бойынша қорғау мен өкілдік етуді жүзеге асырған кездегі адвокат тардың іс жүргізу құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді.

3-бап. Адвокатураның ұйымдастырылуы мен қызметiнiң
принциптерi
Адвокатура ұйымдастырылуы мен қызметi:
1) адвокаттардың өз қызметiн жүзеге асыру кезiндегi тәуелсiздiгi;
2) адвокаттық қызметтi заңдарда тыйым салынбаған әдiстерiн және құралдармен жүзеге асыру;
3) заң актiлерiнде тiкелей көзделген жағдайларды қоспағанда, прокуратура, соттар, анықтау және алдын ала тергеу органдары, басқа мемлекеттiк органдар, өзге ұйымдар мен лауазымды адамдар тарапынан адвокаттардың қызметiне араласуға жол бермеу;
4) кәсiби мiнез-құлық нормаларын ұстану және адвокаттық құпияны сақтау принциптерiне негiзделедi.

4-бап. Адвокаттар көрсететін заң көмегінің түрлері
1. Заң көмегін көрсете отырып, адвокаттар:
1) ауызша және жазбаша нысанда да құқықтық мәсе ле лер бойынша консультациялар мен анықтамалар береді;
2) арыздар, шағымдар, өтініштер мен құқықтық сипаттағы басқа да құжаттарды жасайды;
3) сенім білдірушінің өкілі ретінде азаматтық сот ісін жүргізуге қатысады;
4) қорғаушының немесе сенім білдірушінің өкілі ретінде қылмыстық және әкімшілік сот ісін жүргізуге қатысады;
5) аралық сотта, халықаралық коммерциялық төрелік те (сотта) және дауларды шешетін өзге де органдарда істі қарауға сенім білдірушінің өкілі ретінде қатысады;
6) мемлекеттік органдарда, қоғамдық бірлестіктер мен өзге де ұйымдарда сенім білдірушінің мүддесін білдіреді;
7) егер шет мемлекеттердің заңнамасында, халық ара лық сот органдарының және өзге де халықаралық ұйым дардың жарғылық құжаттарында немесе Қазақ стан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, шет мемлекеттердің мемлекеттік орган дарында, соттарында және құқық қорғау орган дарында, халықаралық сот органдарында, шет мемле кет тердің мемлекеттік емес органдарында сенім білдіру шінің мүддесін білдіреді;
8) сенім білдірушінің өкілі ретінде атқарушылық ісін жүргізуге, сондай-ақ қылмыстық жазаны орындау кезінде қатысады;
2. Адвокаттар заңнамада тыйым салынбаған өзге де заң көмегін көрсетеді.
3. Көмек сұрап келген адам оған заң көмегін тегін көрсету үшін, сондай-ақ тағайындалған (осы Заңның 6-бабы) жағдайларды қоспағанда, егер қорғалушы өзіне адвокат таңдамаса немесе таңдай алмаса, оның қатысуы міндетті қылмыстық істер бойынша қорғаушы ретінде адвокат таңдауда еркін.
4. Қылмыстық істер бойынша кәсіби қорғауды адвокаттар ғана жүзеге асырады.

5-бап. Адвокаттар көрсететін заң көмегіне ақы төлеу және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу
1. Адвокаттар көрсететін заң көмегіне ақы төлеу мөлшері және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу көмек сұрап келген адаммен адвокат жасасатын жазбаша шартта белгіленеді.
Шарт жасасу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Шарттың бір данасы заң көмегін көрсету туралы шарт жасасқан адамға беріледі.
Мыналар:
1) қорғаушы не өкіл ретінде тапсырмаларды орындауға қабылдаған адвокаттың тегін, атын және әкесінің атын көрсету;
2) адвокаттық қызмет ұйымының нысанын және өзі мүшесі болып табылатын адвокаттар алқасын көрсету;
3) тапсырмалардың нысаны;
4) адвокат көрсететін заң көмегіне ақы төлеудің және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстар ды өтеудің мөлшері мен тәртібі;
5) шартты бұзу тәртібі мен жағдайлары шарттың маңызды талаптары болып табылады.
Олар бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке, мемлекеттік емес заңды тұлғаларды білдіретін тараптардың мүліктік даулары туралы істер бойынша шарттарды қоспағанда, адвокаттар көрсететін заң көмегіне істің нәтижесіне немесе адвокаттық қызметтің табыстылығына байланысты ақы төлеу мөлшерін белгілейтін шарттарға немесе ұйғарылған соманың бір бөлігін адвокат алатын шарттарға жол берілмейді.
Заң көмегіне ақы төлеу, оның ішінде ауызша заң консультациялары және тапсырмаларды орындауға байланысты шығыстар есебінен адвокаттың қолма-қол ақша алуына тиісті қаржы құжатынсыз жол берілмейді.
2. Заңнамада көзделген жағдайларда, адвокат көрсететін заң көмегіне ақы төлеу, іссапар, көлік және оның басқа да шығыстары анықтау, алдын ала тергеу органдарының қаулылары және соттардың ұйғарымы бойынша бюджет қаражатынан жүргізіледі.
3. Адвокат көрсететін заң көмегіне ақы төлеудің және осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларда қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеудің мөлшері мен тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

6-бап. Заң көмегін тегін көрсету
1. Адвокаттар мыналарға:
1) асыраушысының қайтыс болуына, жұмыспен байланысты мертігуіне немесе денсаулығының өзгедей бұзылуы арқылы келтірілген зиянды өтеу туралы істерді соттардың қарауы кезінде талап қоюшыларға;
2) егер соттың қарауындағы дау кәсіпкерлік қызметпен байланысты болмаса, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен оларға теңестірілген адамдар, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер, І және ІІ топтағы мүгедектер, жасы бойынша зейнеткерлер болып табылатын талап қоюшылар мен жауапкерлерге;
3) алименттер өндіріп алу, зейнетақылар мен жәрдемақылар тағайындау, ақтау, босқын немесе орал ман мәртебесін алу мәселелері жөнінде азаматтар ға, ата-ана сының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке тол мағандарға заң көмегін тегін көрсетеді, қажет жағдай ларда құқықтық сипаттағы жазбаша құжаттар жасайды.
2. Осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақ шаларында көзделген жағдайларда тегін заң көмегі Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасында белгіленген тәртіппен көрсетіледі.
Осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көздел ген жағдайларда, адвокатқа адам жүгінгеннен кейін заң көмегі тікелей көрсетіледі. Өтініш білдіруші жүгінген нен кейін тікелей заң көмегін беру мүмкін болмаған кезде, ол жүгін ген сәттен бастап үш жұмыс күнінен аспайтын мер зімде қабылдау уақыты туралы хабардар етілуге тиіс. Мұн дай жағдайларда заң көмегін беру ұзақтығы бір сағаттан аспауға тиіс. Қажет болған жағдайда көрсетілген мерзімді тиісті адвокаттық құрылым басшысы ұзарта алады. Бір мәселе бойынша адам құқықтық көмекті тек қана бір рет ала алады.
3. Осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес адвокат көрсеткен заң көмегінің есебін осын дай көмекті ұсынатын адвокат Қазақстан Респуб ликасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүргізеді.
4. Осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақ ша ларында көзделген жағдайларда, адвокаттар көр сететін заң көмегіне ақы төлеу тиісті сот шешімі негізін де бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайларда, адвокат көрсететін заң көмегі не ақы төлеу адвокаттың орындаған жұмысы туралы акті және өзі мүшесі болып табылатын тиісті адвокаттар алқасының өтінімі негізінде бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Адвокаттар алқасының өтінімінде тегін заң көмегі көрсетілген адамдардың саны және төлеуге жататын сома туралы мәліметтер болуға тиіс.
Осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларда адвокат көрсететін заң көмегіне ақы төлеу және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу мөлшері мен тәртібін, сондай-ақ адвокат көрсеткен заң көмегінің есебін жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

2-тарау. Адвокаттың мәртебесі

7-бап. Қазақстан Республикасындағы адвокат
1. Адвокат - жоғары заң білімі бар, адвокаттық қызмет пен айналысуға лицензия алған, міндетті түрде адвокаттар алқасының мүшесі болып табылатын және осы Заңмен регламенттелетін адвокаттық қызмет шеңберінде кәсіптік негізде заң көмегін көрсететін Қазақстан Республикасының азаматы.
2. Сот тәртібімен әрекетке қабілетсіз не әрекет қабілеті шектеулі деп танылған не өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адам адвокат бола алмайды.
Заңда белгіленген тәртіппен соттылығы өтелген не месе алынған; қасақана қылмыс жасағаны үшін ақтамай тын негіздер бойынша қылмыстық жауапкер шіліктен босатылған; теріс себептер бойынша мемле кеттік, әскери қызметтен, прокуратура органдарынан, өзге де құқық қорғау органдарынан, соттардан және әділет органдарынан босатылған немесе адвокаттар алқасынан шығарылған; адвокаттық қызметпен айналысуға лицензиясынан айрылған; осы Заңның 12-бабының 3-тармағында және 5-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша лицензиясының қолданысы тоқтатылған адам - осындай оқиғалар басталғаннан кейін үш жыл бойы адвокат бола алмайды.

8-бап. Адвокаттың көмекшiлерi мен тағлымдамадан өтушiлерi
1. Адвокаттың көмекшiлерi мен тағлымдамадан өтушiлерi болуы мүмкiн.
2. Адвокаттың көмекшiлерi еңбек шартының негiзiнде заң консультациясында, адвокат кеңсесiнде немесе адвокаттық қызметпен жеке-дара айналысатын адвокаттың жанында жұмыс iстей алады.
Адвокаттың көмекшiлерi адвокаттың нұсқаулары бойынша және соның жауапкершiлiгiмен адвокаттың тапсырмаларын орындауға құқылы.
3. Жоғары заң білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары ғана адвокаттың тағылымдамадан өтушілері бола алады.
Тағылымдамадан өтушілер адвокаттар алқасы төралқасы қаулысының негізінде кемінде бес жыл адвокаттық қызмет стажы бар адвокаттарда үш айдан бір жылға дейінгі мерзімге тағылымдамадан өтеді. Тағылымдамадан өту адвокаттар алқасы мен тағылымдамадан өтуші арасында жасалатын шарт негізінде жүзеге асырылады.
Тағылымдамадан өтуші ретіндегі жұмыс кезеңі заң мамандығы бойынша жұмыс стажына есептеледі.
4. Тағлымдаманың тәртiбiн, мерзiмi мен шарттарын адвокаттар алқасы белгiлейдi.

9-бап. Адвокаттың лицензиясы
1. Әділет аттестаттау комиссиясының шешімі негізінде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі берген адвокат лицензиясы лицензияда көрсетілген адамның адвокаттық қызметпен айналысуына рұқсат беру болып табылады.
2. Лицензия адвокаттар алқасында үш айдан бір жылға дейінгі мерзімде тағылымдамадан өткен адамдарға олар аттестаттаудан өткен жағдайда беріледі. Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдардың аттестаттаудан өту ережесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бекітетін Адвокаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың мемлекеттiк тiзiлiмi туралы ережеге сәйкес Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі осы тізілімді жүргізеді және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына тарайтын мерзімді баспа басылымдарында адвокаттар лицензияларын беру, лицензияларының қолданылуын тоқтата тұру, лицензияларынан айыру және қолданылуын тоқтату туралы мәліметтерді жариялайды.
3. Аттестаттаудан өтпестен адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия алуға:
1) Қазақстан Республикасы Әділет біліктілік алқасында немесе Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Біліктілік комиссиясында біліктілік емтиханын тапсырған адамдардың;
2) тұрақты судьялардың және өз міндеттерін орындау кезінде атына кір келтіретін теріс қылықтары және заңды бұзғаны үшін судья қызметінен босатылған судьяларды қоспағанда, тұрақты судья болып жұмыс істеген адамдардың құқығы бар.
Прокуратура, тергеу және анықтау органдарында кемінде он жыл жұмыс істеген прокурорлар, тергеушілер мен анықтаушылар, жағымсыз себептер бойынша босатылғандарды қоспағанда, адвокаттар алқасында тағылымдамадан өткеннен кейін емтихан тапсырудан босатылады.
4. Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру туралы шешімді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі қабылдайды.
5. Лицензия негізгі, тұрақты болып табылады және оның күші Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылады.

10-бап. Лицензия беруден бас тарту
Лицензиялау туралы заң актiлерiнде көзделген негiздер бойынша лицензия беруден бас тартылуы мүмкiн.

11-бап. Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру
1. Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасында белгіленеді.
2. Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасында көзделген жалпы негіздерден басқа, адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысы:
1) адам мемлекеттік қызметте болған;
2) Қазақстан Республикасы Парламенті депутатының, өз қызметін тұрақты немесе босатылған негізде мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен төленетін мәслихат депутатының өкілеттіктерін орындаған;
3) мерзімді әскери қызмет өткерген;
4) осы Заңның 31-бабы 1-тармағының 4), 7) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша оның адвокаттар алқасының мүшелігінен шығарылуы кезеңінде тоқтатыла тұрады.
Аталған жағдайларда лицензияның қолданысы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығымен тоқтатыла тұрады. Қабылданған шешім туралы лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған адам, соттар, құқық қорғау органдары және адвокаттар алқасы хабардар етіледі.

12-бап. Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензиядан айыру және оның қолданысын тоқтату
1. Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензиядан айыру Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
1-1) заңсыз жолмен алынған кірістерді заң дастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржы ландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Рес пу б ликасының заңнамасында көзделген талаптар жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан да көп рет) бұзылған;
2. Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтату Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
3. Осы баптың 2-тармағында көзделген негіздерден басқа, адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтату Қазақстан Респуб ликасы Әділет министрлігінің талап-арызы бойынша:
1) адвокат өз кәсіби міндеттерін орындау кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын, адвокатураны ұйымдастыру және оның қызметі принциптерін өрескел не бірнеше рет бұзған;
2) біліктілігінің жеткіліксіздігі салдарынан адвокаттың өз кәсіби міндеттерін орындауы мүмкін болмаған жағдайларда сот тәртібімен жүзеге асырылады.
4. Адвокаттар алқасы төралқасының өтініші осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларда адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтату туралы талап-арыз дайындау үшін негіз болып табылады.
Аумақтық әділет органының ұсынымы осы баптың 3-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайда адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтату туралы талап-арыз дайындау үшін негіз болып табылады.
Қазақстан Республикасының Әділет министрі сот шешімі негізінде адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтату туралы бұйрық шығарады, оның көшірмесі лицензиясының қолданысы тоқтатылған адамға жіберіледі. Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысының тоқтатылғаны туралы соттар, құқық қорғау органдары және адвокаттар алқасы хабардар етіледі.
5. Осы баптың 2-тармағында көзделген негіздерден басқа, адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтатуды Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі:
1) заңды күшіне енген сот шешімі бойынша адвокат әрекет қабілеті жоқ немесе әрекет қабілеті шектеулі, қайтыс болды не хабар-ошарсыз кетті деп танылған;
2) адвокат Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатқан;
3) адвокат қасақана қылмыс жасағаны үшін ақтамайтын негіздер бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босатылған;
4) қасақана қылмыс жасағаны үшін адвокатқа қатысты соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген;
5) адвокатқа медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы сот шешімі заңды күшіне енген жағдайларда жүзеге асырады.
6. Аумақтық әділет органының ұсынымы осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайларда адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтату туралы шешім қабылдау үшін негіз болып табылады.
Қазақстан Республикасының Әділет министрі адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтату туралы бұйрық шығарады, оның көшірмесі лицензиясының қолданысы тоқтатылған адамға жіберіледі. Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысының тоқтатылғаны туралы соттар, құқық қорғау органдары және адвокаттар алқасы хабардар етіледі.

13-бап. Адвокаттың өкiлеттiктерiн куәландыру
1. Адвокаттың нақты істі жүргізуге өкілеттігі ордермен куәландырылады. Ордердің нысанын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бекітеді. Ордерлердің берілуін бақылау мен есепке алуды адвокаттар алқасының төралқасы жүзеге асырады.
Өзінің қызметін Қазақстан Республикасы бекіткен тиісті халықаралық шарт негізінде жүзеге асыратын шетелдік адвокаттың өкілеттігі жеке басын, адвокат мәртебесін және заң көмегін көрсету өкілеттігін белгілейтін құжатпен расталады.
2. Адвокат Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында, сондай-ақ, егер бұл қабылдаған тапсырманы орындау үшiн қажет болса және тиiстi мемлекеттердiң заңдарына және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына қайшы келмесе, оның аумағынан тыс жерлерде адвокаттық қызметпен айналысуға құқылы.

14-бап. Адвокаттың құқықтары
1. Адвокат көмек сұрап келген адамға ол мұқтаж болған кез келген заң көмегiн көрсетуге құқылы.
2. Адвокат өзiне өтiнiш жасаған адаммен заң көмегiн көрсету туралы өз атынан жазбаша шарт жасасады.
3. Адвокат, қорғаушы немесе өкiл ретiнде әрекет жасай отырып, iс жүргiзу заңына сәйкес:
1) барлық соттарда, құзыретiне тиiстi мәселелердi шешу кiретiн мемлекеттiк, өзге де органдар мен ұйымдарда заң көмегiн сұрап өтiнiш жасаған тұлғалардың құқықтары мен мүдделерiн қорғауға және бiлдiруге;
2) барлық мемлекеттiк органдардан және мемлекеттiк емес ұйымдардан адвокаттық қызметтi жүзеге асыруға қажеттi мәлiметтердi сұратуғажәне алуға;
3) заң көмегiн көрсету үшiн қажет нақты мәлiметтердi дербес жинауға және дәлелдер табыс етуге;
4) көмек сұрап өтiнiш жасаған адамға қатысты материалдармен, соның iшiнде iс жүргiзу құжаттарымен, тергеу және сот iстерiмен танысуға және олардағы ақпаратты заң актiлерiнде тыйым салынбаған кез келген тәсiлмен белгiлеп алуға;
5) iске қатысуға жiберiлген сәттен бастап жолығулар санын, олардың ұзақтығын шектемей және мұндай жолығулардың құпиялығын қамтамасыз ететiн жағдайларда өзi қорғайтын адаммен оңаша жолығып тұруға;
6) заң көмегiн көрсетуге байланысты туындайтын және ғылым, техника, өнер мен басқа да қызмет салаларында арнайы бiлiмдi қажет ететiн мәселелердi түсiндiру үшiн шарттық негiзде мамандардың қорытындыларын сұратуға;
7) өтiнiштер, мәлiмдеуге, әдiлет, прокуратура, анықтау, алдын ала тергеу органдары мен соттың лауазымды адамдарының, сондай-ақ көмек сұрап өтiнiш жасаған адамдардың құқықтарына және заңдармен қорғалатын мүдделерiне қысым жасайтын өзге де лауазымды адамдардың әрекеттерiне белгiленген тәртiппен шағым жасауға;
8) мемлекеттiк құпияларды құрайтын ақпаратпен, сондай-ақ әскери, коммерциялық, қызметтiк және заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтитын ақпаратпен, егер бұл анықтау, алдын ала тергеу кезiнде және сотта қорғау немесе өкiлдiк ету үшiн қажет болса, заң актiлерiнде көзделген тәртiппен танысуға;
9) заң көмегiн сұрап өтiнiш жасаған адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғаудың заңдарда тыйым салынбаған барлық құралдары мен тәсiлдерiн пайдалануға;
10) заңдарға қайшы келмейтiн өзге де әрекеттердi жасауға құқылы.
4. Мемлекеттiк орган немесе лауазымды адам адвокаттың заң көмегiн сұрап өтiнiш жасаған адамның мүддесiн бiлдiру құқығын танудан бас тарта алмайды.
5. Адвокат соттардың, прокуратураның, қылмыстық процесті жүргізуші органдардың әкімшілік ғимараттарына белгіленген тәртіппен өзінің адвокаттық куәлігін көрсетуі бойынша еркін кіру құқығын пайдаланады.
Адвокаттың ұсталғандар, тұтқынға алынғандар және жазасын өтеп жатқандар отырған орындарға кiруi белгiленген рұқсаттық режимге сәйкес жүзеге асырылады.
6. Адвокат мiндеттi сақтандыру қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын мемлекет кепiлдiк берген әлеуметтiк қорғалуға құқықты.
Әлеуметтiк сақтандыруға арналған жарналарды адвокаттар қолданылып жүрген заңдарға сәйкес төлейдi.

15-бап. Адвокаттың мiндеттерi
1. Адвокат заң талаптарын сақтауға, адвокатураны ұйымдастыру мен оның қызметiнiң принциптерiн басшылыққа алуға, кәсiптiк мiнез-құлық нормаларының талаптары мен адвокаттық құпияны сақтауға мiндеттi. Адвокат өзінің кәсіби біліктілігін үнемі арттырып отыруға міндетті.
2. Егер адвокат осы iс бойынша мүдделерi көмек сұрап өтiнiш жасаған адамның (тараптардың өзара келiсiмi бойынша ара ағайын болған жағдайларды қоспағанда) мүдделерiне қайшы келетiн адамдарға заң көмегiн көрсетiп жүрсе немесе бұдан бұрын көрсеткен болса немесе судья, прокурор, анықтауды жүргiзушi адам, тергеушi, сарапшы, маман, аудармашы, куә, жәбiрленушi немесе куәгер, азаматтық талап қоюшы немесе азаматтық жауапкер ретiнде iске қатысқан жағдайларда, сондай-ақ егер iстi тергеуге немесе қарауға адвокатпен жақын туыстық қатынастағы лауазымды адам қатысса, ол заң көмегiн көрсету туралы тапсырмадан бас тартуға мiндеттi.
3. Адвокат заң көмегiн көрсетуге байланысты өзiне мәлiм болған мәлiметтердi құпия сақтауға мiндеттi және көмек сұрап өтiнiш жасаған адамның келiсiмiнсiз оларды жария етуге құқығы жоқ.
4. Iс бойынша адвокаттың көмек сұрап өтiнiш жасаған адамның жағдайын нашарлататын құқықтық позиция ұстануына тыйым салынады.
5. Адвокаттың қылмыстық iс бойынша қабылданған тапсырмадан бас тартуға құқығы жоқ және ол қорғалатын адамның немесе адвокаттың өзiнiң көзқарасы бойынша әдiлетсiз үкiм шығарылған жағдайда алған белгiленген тәртiппен шағым жасауға мiндеттi.
Адвокат сенім білдірушінің құқықтарын, бостандығы мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге қолайлы әсерін тигізетін іс жүзіндегі мән-жайларды анықтау жөніндегі кез келген, заңмен тыйым салынбаған іс-әрекеттерді орындауға міндетті.
6. Адвокатқа мемлекеттiк қызметте болуға және кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға, оқытушылық, ғылыми немесе шығармашылық қызметтен басқа өзге де ақы төленетiн қызметпен айналысуға тыйым салынады.

16-бап. Адвокаттың кәсiби мiнез-құлық нормалары
Адвокат заң көмегiн көрсету кезiнде мынадай кәсiптiк ережелердi сақтауға тиiс:
1) көп күш-жiгер не уақыт жұмсауды талап ететiн қажеттi әрекеттер жасаудан жасқанбай ыждағаттылық пен құлшыныс бiлдiру;
2) заң мәселелерiн қарап жатқан органдар мен лауазымды адамдарға қатысты өзiн әдептi ұстау;
3) өз кәсiби мiнез-құлқын көмек сұрап өтiнiш жасаған адамның құқықтары мен заңды мүдделерiне сәйкес қалыптастыра және тежей отырып, iстi негiзсiз сөзбұйдаға салуға, заң көмегiн көрсетудiң заңсыз әдiстерiне, алдауға жол бермеу;
4) көмек сұрап өтiнiш жасаған адамның мүдделерiне адал болу және оның мүдделерiне қарсы қандай да болмасын әрекет жасамау.

17-бап. Адвокаттық қызметтiң кепiлдiктерi
1. Заңнамаға сәйкес жүзеге асырылатын адвокаттық қызметке араласуға не осы қызметке қандай да болмасын тәсілмен кедергі жасауға тыйым салынады.
2. Адвокатты ол заң көмегiн көрсетiп отырған адаммен теңдестiруге тыйым салынады.
3. Адвокаттан өз кәсiби мiндеттерiн жүзеге асыруға байланысты оған мәлiм болған мән-жайлар туралы куәгер ретiнде жауап алуға тыйым салынады.
4. Адвокаттардан, олардың көмекшілері мен тағылымдамадан өтушілерінен,адвокаттар алқасы төралқасының, заң консультацияларының, адвокаттық кеңселердiң басшылары мен қызметкерлерiнен, заңмен белгiленген жағдайларды қоспағанда, белгiлi бiр адамға заң көмегiн көрсетуге байланысты қандай да болмасын мәлiметтер берудi талап етуге тыйым салынады.
5. Адвокаттық іс жүргізу, онымен байланысты өзге де материалдар мен құжаттар, сондай-ақ адвокаттың мүлкі, оның ішінде ұялы байланыс құралдары, аудиоаппаратурасы, компьютерлік техникасы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделгеннен басқа жағдайларда, тексеруге, қарауға, алуға, алып қоюға және тексеріске жатпайды.
6. Адвокатқа өзi қорғайтын адаммен оңаша жолығудың құпиялылығын қамтамасыз ететін жағдайларда осылайша жолығуына рұқсат беруден бас тартуға, сондай-ақ олардың саны мен ұзақтығына шек қоюға тыйым салынады.
7. Анықтау, алдын ала тергеу органдары мен соттар адвокатты iске қатысуға жiберген сәттен бастап оған өзi қорғайтын адам қамауда болатын бүкiл кезеңге iске қатысуға жiберiлген туралы дереу жазбаша растау беруге мiндеттi.
8. Анықтау және алдын ала тергеу органдары, iс жүргiзу заңында көзделген жағдайларда, адвокатпен келiсiлген мерзiмде тергеу және өзге iс жүргiзу әрекеттерiне оның қатысуы қажеттiгi туралы адвокатқа хабарлауға мiндеттi.
9. Мемлекеттiк қызметшiлер мен мемлекеттiк емес ұйымдардың басшылары адвокаттың нақты iс бойынша заң көмегiн көрсетуiне байланысты өтiнiшiне он күн мерзiмнен кешiктiрмей жазбаша жауап беруге мiндеттi.
10. Адвокаттардың қызметiне заңсыз араласуға жол берген немесе осындай қызметтi жүзеге асыруға кедергi келтiретiн адамдар заңға сәйкес жауапқа тартылады.

18-бап. Адвокат құпиясы
1. Адвокат құпиясын адвокатқа жүгiну фактiсi, көмек сұрап өтiнiш жасаған адаммен және басқа да адамдармен жасалған ауызша және жазбаша келiссөздердiң мазмұны туралы, көмек сұрап өтiнiш жасаған адамның мүдделерiнде жасалатын әрекеттердiң сипаты мен нәтижелерi туралы мәлiметтер, сондай-ақ заң көмегiн көрсетуге қатысты өзге ақпарат құрайды.
2. Адвокаттардың, олардың көмекшілері мен тағылымдамадан өтушілердің адвокаттар алқасы төралқасы, заң консультациясы, адвокат кеңсесi қызметкерлерiнiң заң көмегiн көрсетуге байланысты алынған мәлiметтердi жария етуге, сондай-ақ өз мүдделерi немесе үшiншi бiр адамдардың мүдделерi үшiн пайдалануға құқығы жоқ.
3. Адвокат құпиясына жататын мәлiметтердi көмек сұрап өтiнiш жасаған адамның келiсiмiнсiз жария еткен адвокат заңға сәйкес жауапты болады.
4. Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға заңсыз жолмен алынған кірістерді заң дастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржы ландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Рес публикасының заңнамасына сәйкес мәліметтер мен ақпарат беру адвокаттық құпияны жария ету болып табылмайды.

3-тарау. Адвокаттық қызметті ұйымдастыру

19-бап. Адвокаттық қызметтi ұйымдастыру нысандары
Адвокат өз қызметiн заң консультациясы арқылы жүзеге асыруға не дербес немесе басқа адвокаттармен бiрлесiп, сондай-ақ заңды тұлғаны тiркемей-ақ жеке дара адвокаттық кеңес құруға құқылы.
Адвокат тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында құрылған және әрекет ететін адвокаттар алқасының мүшесі болуға тиіс.
Заңды тұлғаны тіркемей-ақ кәсіптік қызметін дара жүзеге асыратын адвокаттың азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауға, адвокаттық іс жүргізуді сақтауды және адвокаттық құпияны сақтауды қамтамасыз ету үшін жағдай жасауға қажетті қызметтік үй-жайы болуға міндетті.

20-бап. Адвокаттар алқасы
1. Адвокаттар алқасын адвокаттық қызметпен айналысуға құқығы бар адамдар құрады.
2. Адвокаттар алқасы жеке және заңды тұлғаларға бiлiктi заң көмегiн көрсету үшiн, адвокаттардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бiлдiру және қорғау үшiн, осы Заңда белгiленген өзге де мiндеттердi орындау үшiн құрылатын адвокаттардың коммерциялық емес, кәсiби, өзiн-өзi басқаратын және өзiн-өзi қаржыландыратын ұйымы болып табылады.
3. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында адвокаттардың бiр ғана алқасы құрылып, жұмыс iстеуi мүмкін, оның басқа облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында өзінің құрылымдық бөлімшелерін (филиалдары мен өкілдіктерін) құруға құқығы жоқ.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында адвокаттар алқасы болмаған жағдайда, ол осы Заңның 7-бабының талаптарына сәйкес келетiн кемiнде он құрылтайшының бастамашылығымен құрылады.
Адвокаттар алқасын құруға мемлекеттiк органдардың арнайы рұқсаты талап етiлмейдi.
Адвокаттар алқасының атауы аумағында өзi құрылған әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң атауын қамтуға тиiс.
4. Адвокаттар алқасының негiзгi мiндеттерi:
1) адвокаттық қызметтi жүзеге асыру кезiнде алқа мүшелерiне жәрдемдесу, кәсiби көмек көрсету және оларды қорғау;
2) алқа мүшелерiнiң қызметiн материалдық-техникалық және анықтамалық-ақпараттық қамтамасыз ету;
3) адвокаттық қызметтi жүзеге асыруға кәсiптiк бақылауды ұйымдастыру;
4) алдынала тергеу және сот органдарының белгiлеуi бойынша тегiн заң көмегiн көрсету (осы Заңның 6-бабы) мен қорғауды ұйымдастыру болып табылады.
5. Адвокаттар алқасы заң консультацияларын құрады.

21-бап. Адвокаттар алқасының жарғысы
1. Адвокаттар алқасының жарғысы:
1) адвокаттар алқасының атауын, қызметiнiң мәнi мен мақсаттарын;
2) адвокаттар алқасы мүшелерiнiң құқықтары мен мiндеттерiн;
3) адвокаттар алқасына мүшелiкке қабылдау, мүшелiктi тоқтата тұру мен тоқтату тәртiбiн;
4) адвокаттар алқасының құрылымын, оның органдарының қалыптасу тәртiбi мен құзыретiн;
5) заң консультацияларын құру мен олардың жұмыс iстеу тәртiбiн;
6) мүлiк жинау көздерi мен оған иелiк ету тәртiбiн;
7) мүшелiк жарнаны төлеу тәртiбiн;
8) адвокаттардың тегiн заң көмегiн көрсету тәртiбiн және адвокаттар арасында сот, анықтау және алдын ала тергеу органдарының тағайындауы бойынша заң көмегiн бөлу тәртiбiн;
9) адвокаттарды аттестациялауды өткiзу тәртiбiн;
10) адвокаттар алқасы мүшелерiнiң және адвокаттардың тағлымдамадан өтушiлердiң тәртiптiк жауапкершiлiгi мен оған тарту тәртiбiн;
11) адвокатты лицензиясынан айыру туралы өтiнiш жасау тәртiбiн;
12) адвокаттар алқасын қайта ұйымдастыру мен тарату тәртiбiн;
13) адвокаттар алқасы таратылған жағдайда мүлiктiң тағдырын көздеуге тиiс.
2. Адвокаттар алқасының жарғысы заңдарға қайшы келмейтiн өзге ережелердi де қамтуы мүмкiн.

22-бап. Адвокаттар алқасының органдары
1. Адвокаттар алқасының жоғары органы алқа мүшелерiнiң жалпы жиналысы (конференциясы), оның атқарушы органы - төралқа, бақылаушы органы - тексеру комиссиясы болып табылады.
2. Жоғарыда көзделген реттерде адвокаттар алқасында адвокаттар алқасы мүшелерiнiң жалпы жиналысы (конференциясы) қабылдайтын ережелер негiзiнде жұмыс iстейтiн басқа органдар құрылуы мүмкiн.

23-бап. Адвокаттар алқасы мүшелерiнiң
жалпы жиналысы (конференциясы)
1. Жалпы жиналыс (конференция) адвокаттар алқасы қызметiнiң кез келген мәселелерiн шешуге құқылы.
2. Жалпы жиналыстың (конференцияның) ерекше құзыретiне мыналар жатады:
1) адвокаттар алқасының Жарғысын және Жарғыға өзгерiстер енгiзу туралы шешiмдер қабылдау;
2) төралқаны, төралқа төрағасын, тексеру комиссиясын, тексеру комиссиясының төрағасын сайлау;
3) Жарғыда көзделген басқа органдарды және олардың басшыларын сайлау, осы органдар туралы ережелердi бекiту;
4) адвокаттар алқасы органдарының, адвокаттар алқасы басшылары мен қызметкерлерiнiң қызметi туралы есептердi тыңдау мен бекiту;
5) 2009.11.12. № 230-IV ҚР Заңымен алып тасталды
6) 2009.11.12. № 230-IV ҚР Заңымен алып тасталды
7) органдардың және адвокаттар алқасы басшылары мен қызметкерлерiнiң шешiмдерiне адвокаттардың шағымдарын қарау;
8) адвокаттар алқасының басшылары мен қызметкерлерiн мерзiмiнен бұрын керi шақыру.
3. Жалпы жиналыс (конференция) адвокаттар алқасы мүшелерiнiң жалпы санының үштен екiсi немесе, тиiсінше, конференция сайлаған делегаттар құрамы болған жағдайда шешiмдер қабылдауға құқылы.
4. Жалпы жиналысты (конференцияны) жылына кемiнде бiр рет адвокаттар алқасының төралқасы шақырады. Тексеру комиссиясының немесе алқа мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде төрттен бiрiнiң талап етуi бойынша алқасы төрағасы отыз күн iшiнде жалпы жиналысты (конференцияны) шақыруға мiндеттi.
5. Адвокаттар алқасының Жарғысында жалпы жиналыстың (конференцияның) ерекше құзыретiне жататын өзге мәселелер көзделуi мүмкiн.

24-бап. Адвокаттар алқасының төралқасы
1. Адвокаттар алқасының төралқасы мен төралқа жасырын дауыспен төрт жыл мерзiмге сайланады.
2. Адвокаттар алқасының төралқасы:
1) адвокаттар алқасының жеке және заңды тұлғаларға заң көмегiн, соның ішінде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда мемлекеттік бюджеттің қаражаты есебінен адвокаттар көрсететін заң көмегін көрсету жөнiндегi жұмысын ұйымдастырады;
2) жалпы жиналыстың (конференцияның) шешiмдерiн орындауды ұйымдастырады, жалпы жиналысты (конференцияны) шақырады;
3) адвокаттардың кәсiби және өзге де құқықтарын қорғайды;
4) адвокаттар алқасының мүшелiгiне қабылдауды жүзеге асырады, алқа мүшелiгiнен шығарады, адвокаттардың тағлымдамадан өтушiлерiн даярлауды ұйымдастырады;
4-1) есептік көрсеткішке еселенетін мөлшердегі мүшелік жарна ставкаларын белгілейді;
5) адвокаттың әрекеттерiне жеке және заңды тұлғалардан түскен шағымдарды (ұсыныстарды) тексеру жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
6) адвокаттардың тәртiптiк терiс қылықтары туралы материалдарды қарайды және кiнәлi адамдарға тәртiптiк жаза қолданады;
7) адвокаттарды аттестациялауды өткiзудi және олардың кәсiби бiлiктiлiк арттыру жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
8) осы Заңда (12-бап) көзделген реттерде адвокатты лицензиясынан айыру туралы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне өтiнiш жасайды;
9) адвокаттардың кәсiби деңгейiн көтеру жөнiндегi шараларды жүргiзедi, оң жұмыс тәжiрибесiн талдайды, қорытады және таратады;
10) кодификациялық-анықтамалық жұмысты жүргiзудi ұйымдастырады, дербес немесе Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiмен бiрлесiп адвокаттық қызмет мәселелерi бойынша әдiстемелiк құралдар мен ұсынымдар әзiрлейдi және басып шығарады;
11) заң консультацияларын құрады, олардың меңгерушiлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
12) адвокат куәлiгiн бередi, оның нысанын Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi бекiтедi;
13) адвокаттар алқасының қаражатына Жарғы мен жалпы жиналыс (конференция) белгiлейтiн тәртiппен иелiк жасайды;
14) бухгалтерлік есептің, қаржылық есептіліктің жүргізілуін, іс қағаздарын жүргізуді және алғашқы статистикалық деректерді қалыптастыруды ұйымдастырады;
14-1) адвокаттар алқасының мүлкіне билік ету тәртібін белгілейді;
15) адвокаттар алқасы мүшелерiнiң жалпы жиналысының (конференциясының) ерекше құзыретiне жатқызылғандарды қоспағанда, адвокаттар алқасы қызметiнiң өзге де мәселелерiн шешедi.

25-бап. Адвокаттар алқасы төралқасының төрағасы
1. Адвокаттар алқасы төралқасының төрағасы болып, сайланған күнiне дейiн кемiнде екi жыл тiкелей адвокаттар алқасының мүшесi болған адвокат сайлана алады.
2. Алқаның Жарғысына сәйкес адвокаттар алқасы төралқасының төрағасы:
1) төралқаның жұмысын ұйымдастырады, оның отырыстарында төрағалық етедi және төралқаның, алқа мүшелерiнiң жалпы жиналыстары (конференциялары) шешiмдерiнiң орындалуына бақылауды жүзеге асырады;
2) төралқа аппаратының жұмысын басқарады, алқа аппаратының қызметкерлерiн жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
3) мемлекеттiк органдарда, қоғамдық бiрлестiктерде, басқа да ұйымдар мен мекемелерде адвокаттар алқасының атынан өкiлдiк етедi, олармен және азаматтармен хат жазысады.
3. Адвокаттар алқасының төралқасы төрағасының басқа өкiлеттiктерi Адвокаттар алқасының жарғысымен белгiленедi.

26-бап. Адвокаттар алқасының тексеру комиссиясы
1. Адвокаттар алқасының тексеру комиссиясы оның бақылау-тексеру органы болып табылады.
2. Тексеру комиссиясы, оның төрағасы алқа мүшелерiнiң жалпы жиналысында (конференциясында) төрт жыл мерзiмге сайланады.
3. Тексеру комиссиясы адвокаттар алқасының, заң консультацияларының, адвокаттық кеңселердiң қаржы-шаруашылық қызметiне, сондай-ақ жеке дара жұмыс iстейтiн адвокаттардың қаржылық қызметiне тексеру жүргiзедi.

27-бап. Адвокаттар алқасына мүшелiк
1. Адвокаттар алқасына мүшелiк мiндеттi болып табылады. Адвокат лицензиясы болған және алқа Жарғысын мойындаған жағдайда алқаға қабылдаудан бас тартылмауға тиiс. Адвокаттар алқасына мүшелiкке қабылдаудан бас тартуға сот тәртiбiмен шағым жасалуы мүмкiн.
2. Кiсi алқадан шығарылған, бiрақ адвокат лицензиясын сақтап қалған жағдайда ол шығарылған сәттен бастап кемiнде алты ай өткеннен кейiн алқаға қайта қабылдануы мүмкiн. Бұл кезеңде адвокаттық қызметтi жүзеге асыруға жол берiлмейдi.

28-бап. Адвокаттар алқасы мүшесiнiң құқықтары
1. Адвокаттар алқасы мүшесiнiң:
1) алқаның, оның органдары мен лауазымды адамдарының жәрдемiн, кәсiби көмегiн және қорғауын пайдалануға;жәрдемiн
2) адвокаттар алқасының органдарына сайлауға және сайлануға;
3) адвокаттар алқасы органдары алдына алқа қызметiне қатысты мәселелер қоюға, алқа мен оның органдарының жұмысын жақсарту жөнiнде ұсыныстар енгiзуге, шешiмдердi талқылау мен қабылдауға қатысуға, адвокаттар алқасы органдарынан олардың қызметi туралы құжаттар мен материалдар берудi талап етуге;
4) алқа органдары оның қызметiн немесе мiнез-құлқын тексерген және талқылаған барлық жағдайларда өзi қатысуға;
5) алқаның жарғысында белгiленген тәртiп пен шарттарда адвокаттар алқасының мүлкiн пайдалануға;
6) өз бастамасымен алқа құрамынан шығуға құқығы бар.
2. Адвокаттар алқасының мүшелерi өзiнiң құқықтары мен мiндеттерi жөнiнен тең болады.

29-бап. Адвокаттар алқасын мүшесiнiң мiндеттерi
Адвокаттардың жалпы мiндеттерiне қоса (осы Заңның 15-бабы) адвокаттар алқасының мүшесi:
1) адвокаттар алқасы Жарғысының талаптарын сақтауға;
2) адвокаттар алқасы мен оның органдарының жалпы жиналысының шешiмдерiн орындауға;
3) мүшелiк жарналар төлеуге;
4) адвокаттар алқасының төралқасына өз жұмысы туралы есепті табыс етуге міндетті.
Адвокаттар алқасының мүшесi адвокаттар алқасының алдында мүшелiк жарналар төлеу мiндеттемесiнен басқа өзгедей бiржақты мүлiктiк мiндеттемелердi мойнына алмайды.

30-бап. Адвокаттар алқасы мүшелерінiң тәртiптiк жауапкершiлiгi
1. Осы Заңының, басқа да нормативтiк құқықтық актiлердiң, алқа Жарғысының талаптарын бұзғаны үшiн адвокаттар алқасының мүшелерi тәртiптiк жауапкершiлiкке тартылуы мүмкiн.
2. Тәртiптiк iс жүргiзу адвокаттар алқасы төралқасының құзыретiне жатады.
3. Тәртiптiк жаза шаралары, оларды қолдану, алып тастау мен шағымдану тәртiбi адвокаттар алқасының Жарғысымен белгiленедi.
4. Осы баптың ережелерi тағлымдамадан өтушi адвокаттарға да қолданылады.

31-бап. Адвокаттар алқасынан шығару
1. Адвокатты алқадан адвокаттар алқасының төралқасы мынадай жағдайларда:
1) адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензиясынан айырылған немесе қолданылуы тоқтатылған;
2) адвокат өз міндеттерін орындау кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары мен нормаларын, адвокаттар алқасының жарғысында бекітілген адвокатураны ұйымдастыру және оның қызметінің принциптерін, адвокаттардың кәсіби әдебі ережелерін өрескел не бірнеше рет бұзған;
3) бiлiктiлiгiнiң жеткiлiксiздiгi салдарынан адвокаттың өз кәсiби мiндеттерiн орындай алмайтыны анықталған;
4) мүшелiк жарнаны ұдайы төлемеген;
5) кәсiпкерлiк қызметпен, сондай-ақ өзге де ақы төленетiн қызметпен айналысқан;
6) өз тiлегi бойынша;
7) алқа Жарғысында көзделген өзге де жағдайларда шығарады.
2. Осы баптың 1-тармағының 2), 3)-тармақшаларында көзделген негiздер бойынша адвокатты алқадан шығару адвокатты лицензиясынан айыруға әкеп соғады.
3. Алқадан шығаруға алқа төралқасының шығару туралы қаулысының көшiрмесi адвокатқа берiлген күннен бастап бiр ай мерзiмде сот тәртiбiмен шағым жасалуы мүмкiн.

32-бап. Заң консультациясы
1. Азаматтарға білікті заң көмегінің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін адвокаттар алқасының төралқасы заң консультацияларын, оның ішінде мамандандырылған заң консультацияларын құрады.
2. Заң консультациясы орналасатын жердi адвокаттар алқасының төралқасы белгiлейдi.
3. Заң консультациясы адвокаттар алқаларының құрылымдық бөлiмшесi (филиалы) болып табылады. Оның өз атауы мен тиiстi адвокаттар алқасына тиесiлiлiгi белгiленген мөрi мен мөртаңбасы, заң көмегiн көрсетудi ұйымдастыру үшiн қажеттi өзге де атрибутикасы болады. Заң консультациясы адвокаттар алқасының жалпы жиналысы (конференциясы) бекiткен Ереже негiзiнде iс-қимыл жасайды.
4. Заң консультациясын адвокаттар алқасының төралқасы тағайындайтын меңгерушi басқарады.

33-бап. Адвокат кеңсесi
1. Адвокат кеңсесi мекеме нысанындағы коммерциялық емес ұйым болып табылады.
2. Адвокат кеңсесi адвокаттардың заң көмегiн көрсетуiнiң материалдық, ұйымдастырушылық-құқықтық және өзге де шарттарын қамтамасыз ету мақсатында құрылады /ұйымдастырылады/.
3. Адвокат кеңсесiн адвокаттар алқасының мүшесi (мүшелерi) құрады.
Адвокат тек бiр ғана адвокат кеңсесiнiң құрылтайшысы (тең құрылтайшысы) бола алады.
4. Бiр адвокат құрған адвокат кеңсесi өз қызметiн Жарғының негiзiнде жүзеге асырады.
Адвокат кеңсесiн бiрнеше адвокат құрған жағдайда Құрылтай шарты да құрылтай құжаты да болуы мүмкiн.
Адвокат кеңсесiнiң құрылтайшысы (құрылтайшылары) мемлекеттiк тiркеуден өткен соң он күн мерзiмде бұл туралы тиiстi адвокаттар алқасына жазбаша хабарласуға және оның қарамағына адвокат кеңсесiнiң құрылтай құжаттарын беруге мiндеттi.
5. Адвокат кеңселерiн құруға мемлекеттiк органдардың арнайы рұқсаты талап етiлмейдi.

33-1-бап. Адвокаттық қызметті жеке-дара жүзеге асыру
1. Кәсіби қызметті жеке-дара жүзеге асыруға шешім қабылдаған адвокат бұл туралы адвокаттар алқасын хабардар етеді. Хабарламада адвокаттың тегі, аты, әкесінің аты, оның тұрақты тұратын жері көрсетіледі.
2. Кәсіби қызметті заңды тұлға құрмай жеке-дара жүзеге асыратын адвокат банктерде есеп айырысу және өзге де шоттар, жеке мөр, мөртабандар, жеке бланкілер иеленуге құқылы.

4-тарау. 2009.11.12. № 230-IV ҚР Заңымен алып тасталды

Қазақстан Республикасының
Президентi
Н. Назарбаев