Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 желтоқсандағы № 515-IV Заңы
"Егемен Қазақстан" 2012 жылғы 5 қаңтардағы № 3 (27074); "Казахстанская правда" от 05.01.2012 г., № 3 (26822)
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1. «Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс туралы» 2005 жылғы 12 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2005 ж., № 6, 8-құжат):
1) кiрiспе «Қазақстан Республикасы» деген сөздерден кейiн «мемлекеттiк органдарының және» деген сөздермен толықтырылсын;
2) бүкiл мәтiн бойынша «жобаларды» деген сөз «әлеуметтiк жобаларды» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 1-бапта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) әлеуметтiк бағдарлама – өзара байланысты әлеуметтiк жобалар кешенi;»;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) әлеуметтiк жоба – әлеуметтiк мәнi бар салалардағы мақсаттарға қол жеткiзуге бағытталған, бiр және одан да көп жылдар iшiнде iске асырылатын ұйымдастырушылық, экономикалық және техникалық шаралардың жиынтығы;»;
2) тармақшадағы «әлеуметтiк бағдарламаларды, жобаларды, сондай-ақ әлеуметтiк мiндеттердi шешуге бағытталған жекелеген iс-шараларды» деген сөздер «әлеуметтiк мiндеттердi шешуге бағытталған әлеуметтiк бағдарламаларды, әлеуметтiк жобаларды» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшадағы «орындаушыны» деген сөз «ықтимал өнiм берушiнi» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) және 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«5) мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыстың өнiм берушiсi (бұдан әрi – өнiм берушi) – мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты жүзеге асыруға арналған шарт бойынша әлеуметтiк бағдарламаларды, әлеуметтiк жобаларды iске асыратын үкiметтiк емес ұйым;»;
«8) үкiметтiк емес ұйымдармен өзара iс-қимыл және ынтымақтастық жөнiндегi кеңестер – құрамына мүдделi мемлекеттiк органдар мен үкiметтiк емес ұйымдардың өкiлдерi кiретiн, мемлекеттiк орган мен үкiметтiк емес ұйымдар арасындағы өзара iс-қимылды және ынтымақтастықты жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу үшiн құрылатын консультациялық-кеңесшi органдар;»;
мынадай мазмұндағы 10), 11), 12) және 13) тармақшалармен толықтырылсын:
«10) мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыстың iске асырылу мониторингi – мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыстың iске асырылуы туралы ақпаратты жинау, өңдеу және талдау;
11) мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – мемлекеттiк органдардың мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс саласындағы қызметiн үйлестiретiн мемлекеттiк орган;
12) мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс саласындағы мемлекеттiк орган (бұдан әрi – мемлекеттiк орган) – мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты қалыптастыру және iске асыру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган, оның iшiнде орталық атқарушы және жергiлiктi атқарушы орган;
13) Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыстың өнiм берушiлер тiзiлiмi – мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты жүзеге асыруға арналған шарт бойынша әлеуметтiк бағдарламаларды, әлеуметтiк жобаларды iске асыруға қатысқан үкiметтiк емес ұйымдардың тiзбесi.»;
4) 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«4-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi
Қазақстан Республикасының Үкiметi:
1) уәкiлеттi органды айқындайды;
2) мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыстың iске асырылу мониторингiн жүзеге асыру қағидаларын бекiтедi;
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыста көзделген қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртiбiн айқындайды;
4) Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыстың өнiм берушiлер тiзiлiмiн жүргiзу тәртiбiн айқындайды;
5) өзiне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiмен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.»;
5) мынадай мазмұндағы 4-1 және 4-2-баптармен толықтырылсын:
«4-1-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi
Уәкiлеттi орган:
1) мемлекеттiк органдардың мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты қалыптастыру және iске асыру жөнiндегi қызметiн үйлестiрудi жүзеге асырады;
2) мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты қалыптастыратын және iске асыратын мемлекеттiк органдарға ақпараттық, консультациялық және әдiстемелiк қолдау көрсетедi;
3) мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыстың iске асырылу мониторингiн жүзеге асырады;
4) Қазақстан Республикасының Үкiметiне мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыстың iске асырылу мониторингiнiң қорытындылары бойынша ақпарат ұсынады;
5) өз құзыретiнiң шегiнде мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейдi және (немесе) бекiтедi;
6) Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыстың өнiм берушiлер тiзiлiмiн жүргiзудi жүзеге асырады;
7) мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс саласындағы электрондық ақпараттық ресурстарды құрады және олардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың оларға қол жеткiзуiн ұйымдастырады;
8) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
4-2-бап. Мемлекеттiк органдардың құзыретi
Мемлекеттiк органдар:
1) Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты қалыптастыруды және iске асыруды жүзеге асырады;
2) үкiметтiк емес ұйымдармен өзара iс-қимыл және ынтымақтастық жөнiндегi кеңестердi құрады;
3) уәкiлеттi органға мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыстың iске асырылуы жөнiндегi ақпаратты ұсынады;
4) мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты жүзеге асыратын үкiметтiк емес ұйымдарға ақпараттық, консультациялық, әдiстемелiк қолдау көрсетедi;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.»;
6) 5-баптың 13) тармақшасы «келiсiмдi» деген сөзден кейiн «және ұлттық бiрлiктi» деген сөздермен толықтырылсын;
7) 6-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты мемлекеттiк органдар және үкiметтiк емес ұйымдар жүзеге асырады.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы Заңның 5-бабында көзделген бағыттар бойынша жарғылық мақсаттарға сәйкес қызметтi жүзеге асыратын ықтимал өнiм берушiлер конкурсқа қатысуға жiберiледi.»;
4-тармақ алып тасталсын;
8) 7-баптың екiншi бөлiгiндегi «жүзеге асыру» деген сөздер «iске асыру» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. «Мемлекеттiк сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., № 17, 135-құжат, 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 20, 87-құжат; № 21, 97-құжат; № 24, 128-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 9-10, 47, 49-құжаттар; № 15-16, 74-құжат; № 17, 78, 82-құжаттар; № 24, 129, 133-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 17-18, 108-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 2, 26-құжат; № 4, 37-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат):
17-баптың 1-тармағы «конкурстық құжаттаманың негiзiнде» деген сөздерден кейiн «қазақ және орыс тiлдерiнде» деген сөздермен толықтырылсын.
2-бап. Осы Заң 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президентi Н. НАЗАРБАЕВ