Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою


Облыс әкімиятының
2008 жылғы 27 наурыздағы
№ 88 қаулысымен
бекітілген

Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты
«Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою»

1. Жалпы ережелер

1. Осы стандарт ақпараттық кеңістігі жай-күйін дұрыс әрі уақтылы талдау мақсатында Жамбыл облысында таратылатын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын (бұдан әрі - шетелдік БАҚ) есепке қою бойынша мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін анықтайды.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңының 4-4 бабының 2) тармақшасы, «Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 шілдедегі № 843 қаулысы негізінде жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызмет «Жамбыл облысы әкімиятының ішкі саясат департаменті» мемлекеттік мекемесімен көрсетіледі, Тараз қаласы, Абай көшесі, 125, 520 кабинет, www.zhambyl.kz.
5. Тұтынушы алатын көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетуді аяқтау нысаны (нәтижесі) тарату үшін мәлімделген шетелдік БАҚ есепке алынғаны туралы анықтама болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (әрі қарай - тұтынушы) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері:
1) мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері: (тіркелген күннен бастап) 15 күнтізбелік күн ішінде;
2) қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт: 30 минут;
3) құжаттарды алған кезде кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт: 30 минут.
8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына және қол жетімділігіне қойылатын талаптар туралы ақпарат көзі ретінде мемлекеттік қызмет көрсету стандарты облыстық «Ақ жол», «Знамя труда» газеттерінде жарияланған, Жамбыл облысы әкімиятының ресми сайтында: www.zhambyl.kz орналастырылған, Тараз қаласы, Абай көшесі, 125, 520 кабинет.
10. Жұмыс кестесі: шетелдік БАҚ есепке қою бойынша құжаттарды қабылдау күн сайын (сенбі және жексенбіден басқа) сағат 1300-ден 1500-ге дейін түскі үзіліспен сағат 0900-ден 1900-ге дейін алдын-ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
11. Азаматтарды қабылдау бөлмелері қызметті тұтынушылармен жұмыс үшін жабдықталған, мүмкіндіктері шектеулі адамдар, күту және қажетті құжаттарды дайындау үшін жағдайлар қарастырылған.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

12. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) шетелдік БАҚ-ты есепке алу туралы өтініш, онда мыналар көрсетілуі тиіс:
өтініш берілетін жергілікті атқарушы органның атауы;
таратушының мәртебесі (жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға), оның ұйымдық-құқықтық нысаны, атауы (аты, әкесінің аты және тегі), орналасқан жері (тұрғылықты жері);
Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік БАҚ-тардың толық атауы;
шетелдік БАҚ-тың таралу аумағы;
таратылатын шетелдік БАҚ-тың тілі (тілдері);
таратылатын шетелдік БАҚ-тың негізгі тақырыптық бағыттығы;
шетелдік БАҚ-тар мерзімді баспасөз басылымдарының таратылатын даналарының болжамды саны, хабарларын тарту көлемі;
2) таратушы жеке тұлға үшін - кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқығын растайтын құжаттың көшірмесі;
3) таратушы заңды тұлға (филиал немесе өкілдік) үшін - заңды тұлғаны (филиалды немесе өкілдікті) мемлекеттік тіркеу (есепке алу) туралы куәліктің көшірмесі.
13. Мемлекеттік қызметті алу үшін толтырылуы қажет бланк (өтініш нысандары және т.с.с.) беру «Жамбыл облысы әкімиятының ішкі саясат департаменті» мемлекеттік мекемесінде, мына мекен-жай бойынша жүзеге асырылады: Тараз қаласы, Абай көшесі, 125, 520 кабинет.
14. Мемлекеттік қызметті алу үшін толтырылған өтінішті және басқа да құжаттарды жауапты тұлғаға мына мекен-жай бойынша тапсырылады: Тараз қаласы, Абай көшесі, 125, 520 кабинет.
15. Тұтынушының мемлекеттік қызметті алғаны туралы барлық қажетті құжаттарды тапсырғанын растайтын тіркеу журналы жүргізіледі.
16. Анықтаманы беру жеке бару арқылы «Жамбыл облысы әкімиятының ішкі саясат департаменті» мемлекеттік мекемесінде, мына мекен-жай бойынша жүзеге асырылады: Тараз қаласы, Абай көшесі, 125, 520 кабинет.
17. Мемлекеттік қызмет көрсету ұсынудан мына жағдайларда бас тартылуы мүмкін, егер:
1) осы стандарттың 12-тармағында көзделген барлық қажетті құжат ұсынылмаса;
2) осы стандарттың 12-тармағында көзделген құжаттарда толық емес немесе дұрыс емес ақпарат көрсетілсе;
3) шетелдік БАҚ материалдары Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күшпен өзгертуді, тұтастығын бұзуды, мемлекеттік қауіпсіздігін әлсіретуді, соғысты, әлеуметтік, тектік-таптық, діни, нәсілдік, ұлттық және рулық артықшылықты, қатыгездікті, зорлыққа табынуды және порнографияны насихаттауды немесе үгіттеуді қамтыса;
4) таратушыға қатысты оған қызметтің осы түрімен айналысуға тыйым салатын сот шешімі болса;
5) шетелдік БАҚ өніміне қатысты оны Қазақстан Республикасының аумағында таратуға тыйым салу туралы сот шешімі болса.

3. Жұмыс қағидаттары

18. Жамбыл облысы әкімияты ішкі саясат департаменті қызмет көрсету барысында тұтынушыға қатысты басшылыққа алатын жұмыс қағидаттары:
1) сыпайылық;
2) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат;
3) тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету;
4) тұтынушы белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету болып табылады.

4. Жұмыс нәтижелері

19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа қосымшаға сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік мекеменің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.

5. Шағымдану тәртібі

21. Уәкілетті лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіру және шағым дайындауға жәрдем көрсетету «Жамбыл облысы әкімиятының ішкі саясат департаменті» мемлекеттік мекемесінде, мына мекен-жай бойынша жүзеге асырылады: Тараз қаласы, Абай көшесі, 125, 520 кабинет, электрондық пошта: [email protected], телефон: 45-55-73, факс: 43-71-74.
22. Шағым «Жамбыл облысы әкімиятының ішкі саясат департаменті» мемлекеттік мекемесіне, мына мекен-жай бойынша беріледі: Тараз қаласы, Абай көшесі, 125, 506 кабинет, электрондық пошта: [email protected].
23. Келіп түскен шағымды қарау Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген тәртіп және мерзімде жүзеге асырылады.
Берілген шағымға жауапты алудың мерзімі мен орынын, шағымның қаралу барысы туралы «Жамбыл облысы әкімиятының ішкі саясат департаменті» мемлекеттік мекемесінде, мына мекен-жай бойынша білуге болады: Тараз қаласы, Абай көшесі, 125, 520 кабинет, электрондық пошта: [email protected], телефон: 45-55-73, факс: 43-71-74.

6. Байланыс ақпараты

24. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік мекеме басшысының, оның орынбасарларының және жоғары тұрған ұйымның байланыс деректері:
1) «Жамбыл облысы әкімиятының ішкі саясат департаменті» мемлекеттік мекемесінің директоры: Тараз қаласы, Абай көшесі, № 125, 506 кабинет, электрондық пошта: [email protected], байланыс телефоны: 43-08-54, қабылдау уақыты: дүйсенбі сағат 1500 ден - 1800 дейін.
2) «Жамбыл облысы әкімиятының ішкі саясат департаменті» мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары: Тараз қаласы, Абай көшесі, № 125, 510 кабинет, электрондық пошта: [email protected], байланыс телефоны: 45-97-99, қабылдау уақыты: сейсенбі, сәрсенбі сағат 1500 ден - 1800 дейін.
3) жоғары ұйымның байланыс деректері Жамбыл облысының Әкімияты, Тараз қаласы, Абай көшесі, № 125.
25. Шетелдік БАҚ есепке қою мәселелері бойынша консультацияны мына телефондарына қоңырау шалып алуға болады: 45-55-73, факс: 43-71-74.

 

Құжаттың толық нұсқасын төменнен қараңыз

ВложенияРазмер
Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою.doc58.5 Кбайт