2012 жылғы 16 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауында Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың республикалық бюджет қа


«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағына, 33-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мынадай нормативтері белгіленсін:
1) сайлау алдындағы бағдарламаны теледидар арқылы баяндау – 105 000 (жүз бес мың) теңге сомасында;
2) бағдарламаны радио арқылы баяндау – 62 000 (алпыс екі мың) теңге сомасында;
3) баспа басылымдарында екі мақала жариялау – 135 000 (жүз отыз бес мың) теңге сомасында;
4) сайлаушылармен кездесулер үшін үй-жайлар жалдау – 25 000 (жиырма бес мың) теңге сомасында;
5) үгіттiк баспа материалдарын басып шығару – 50 000 (елу мың) теңге сомасында;
6) көліктік шығыстар – 100 000 (жүз мың) теңге сомасында.
2. Осы қаулы Астана қаласының сайлау комиссиясына жіберілсін.
3. Астана қаласының сайлау комиссиясы осы қаулыны Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына тіркелген кандидаттардың назарына жеткізсін.

Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы
Қ. Тұрғанқұлов

Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
хатшысы
Б. Мелдешов

Астана, 2011 жылғы 27 желтоқсан
№ 76/142