"Интернет желiсiнiң қазақстандық сегментiнiң домендiк кеңiстiгiн тiркеу, пайдалану және тарату қағидасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрiнiң 2010 жылғы 7 қыркүйектегi № 220 бұйрығына өзгерiс енгiзу туралы


Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрiнiң 2011 жылғы 21 қазандағы № 319 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде 2011 жылы 16 қарашада № 7299 тiркелдi

________________________________________

«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабының 26) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Интернет желiсiнiң қазақстандық сегментiнiң домендiк кеңiстiгiн тiркеу, пайдалану және тарату қағидасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрiнiң 2010 жылғы 7 қыркүйектегi № 220 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2010 жылғы 7 қыркүйекте № 6523 болып тiркелген, «Егемен Қазақстан» газетiнде 2010 жылғы 9 қарашада № 461-468 (26311) жарияланған) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Интернет желiсiнiң қазақстандық сегментiнiң домендiк кеңiстiгiн тiркеу, пайдалану және тарату қағидасының 4-тармақ, 8-тармақтың 6) тармақшасының және 9-тармақтың 3) тармақшасының iс-қимылдары осы бұйрық қолданысқа енгiзiлгенге дейiн тiркелген домендiк атауларға таралмайды. Жаңа домендiк атауларды тiркеу қосымша берiлiп отырған Интернет желiсiнiң қазақстандық сегментiнiң домендiк кеңiстiгiн тiркеу, пайдалану және тарату қағидасына сәйкес жүргiзiледi.».
2. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгiнiң Ақпараттық технологиялар саласындағы мемлекеттiк саясат департаментi (Қ.Б. Елеусiзова) заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiнен кейiн, оның ресми жариялануын және Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгiнiң интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсiн.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат вице-министрi С.С.Сарсеновке жүктелсiн.
4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Министр А. Жұмағалиев