Орындаушыларға және фонограммалар шығарушыларға берiлетiн сыйақының ең төменгi ставкаларын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 23 қарашадағы № 1373 Қаулысы


      «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 10 маусымдағы Заңының 40-2-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған орындаушыларға және фонограммалар шығарушыларға берiлетiн сыйақының ең төменгi ставкалары бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                                  К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң    
2011 жылғы 23 қарашадағы
№ 1373 қаулысымен
бекiтiлген   

Орындаушыларға және фонограммалар шығарушыларға берiлетiн
сыйақының ең төменгi ставкалары

р/с

Пайдаланудың түрi, орны, талаптары, пайдаланушылар

Сыйақының ең төменгi ставкалары

ақылы кiру кезiнде

тегiн кiру кезiнде

1

2

3

4

1. Көпшiлiк алдында орындау, көрсету, жалпы жұрттың назарына хабарлау және жеткiзу жолымен орындаулар мен фонограммаларды пайдалану

1.

Дәмханалар, барлар (айына әрбiр отыратын орынға)

0,2 АЕК

0,1 АЕК

2.

Мейрамханалар (айына әрбiр отыратын орынға)

0,25 АЕК

0,15 АЕК

3.

Басқа да қоғамдық тамақтандыру объектiлерi (айына әрбiр отыратын орынға)

0,008 АЕК

0,004 АЕК

4.

Түнгi клубтар (айына әрбiр отыратын орынға)

билеттердi сатудан түскен кiрiстен 1%

0,2 АЕК

5.

Казино және басқа да ойын мекемелерi (айына әрбiр отыратын орынға)

0,4 АЕК

6.

Мәдени ойын-сауық орталықтары, кешендер (айына дыбыстандырылатын алаңның әрбiр шаршы метрi үшiн)

0,05 АЕК

7.

Спорттық-сауықтыру орталықтары, кешендерi (айына дыбыстандырылатын алаңның әрбiр шаршы метрi үшiн)

0,01 АЕК

0,001 АЕК

8.

Жәрмеңкелер, көрмелер, сән көрсетулер, сұлулық және кәсiби шеберлiк сайыстары (айына дыбыстандырылатын алаңның әрбiр шаршы метрi үшiн)

0,02 АЕК

0,002 АЕК

9.

Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлерi және пансионаттар (айына дыбыстандырылатын алаңның әрбiр шаршы метрi үшiн)

0,2 АЕК

10.

Жолаушылар көлiгi құралдары (әрбiр билеттi сату нәтижесiнде түскен кiрiстен)

0,001%

11.

Спорттық жарыстар, спортшылардың көрсетiлiмдiк орындаулары (әрбiр өткiзiлген iс-шарадан түскен кiрiстен)

0,05 %

0,001 %

12.

Конькимен, роликпен жаппай сырғанау орындары (айына осы мақсатта пайдаланатын орындардың (аумақтың) әрбiр шаршы метрi үшiн)

0,05 АЕК

0,01 АЕК

13.

Театрлар, кинозалдар және фильмдердi демонстрациялауға арналған өзге де орындар (айына дыбыстандырылатын үй-жайдың әрбiр шаршы метрi үшiн)

0,01 АЕК

0,001 АЕК

14.

Мәдени-демалыс ұйымдары (мәдениет және демалыс парктерi, мәдениет үйлерi мен сарайлары, аквапарктер) (айына дыбыстандырылатын аумақтың (үй-жайдың) әрбiр шаршы метрi үшiн)

0,01 АЕК

0,001 АЕК

15.

Сауда үйлерi, дүкендер, сауда базарлары және сауда мақсатына арналған өзге де орындар (айына дыбыстандырылатын аумақтың әрбiр шаршы метрi үшiн)

0,002 АЕК

16.

Театрландырылған, концерттiк, цирктiк бағдарламалар (iс-шара өткiзу нәтижесiнде түскен кiрiстен)

0,02 %

0,01 %

17.

Бұқаралық iс-шаралар, қала күндерi, мейрамдар, фестивальдар (iс-шара өткiзу нәтижесiнде түскен кiрiстен)

0,02 %

0,01 %

18.

Музыкалық автоматтар жүйелерi және караоке арқылы (айына әрбiр музыкалық автомат және караоке үшiн)

0,2 АЕК

0,1 АЕК

19.

Қазақстан Республикасында заңнамада белгiленген тәртiппен тiркелген эфирлiк телевизиялық хабар тарату ұйымдары (жарнамадан түскен кiрiстен)

0,1%

20.

Қазақстан Республикасында заңнамада белгiленген тәртiппен тiркелген эфирлiк радио хабар тарату ұйымдары (жарнамадан түскен кiрiстен)

0,1%

21.

Қазақстан Республикасында заңнамада белгiленген тәртiппен тiркелген кәбiлдiк (өткiзгiштi), жерсерiктiк телевизиялық хабар тарату ұйымдары (айына кәбiлдiк, жерсерiктiк теледидар қызметi үшiн түскен абоненттiк төлемнен)

0,1%

22.

Қазақстан Республикасында заңнамада белгiленген тәртiппен тiркелген кәбiлдiк (өткiзгiштi), жерсерiктiк радио хабар тарату ұйымдары (айына кәбiлдiк, жерсерiктiк радио хабар тарату қызметi үшiн түскен абоненттiк төлемнен)

0,1%

2. Табыс алу мақсатында қайта шығару (көбейту) және (немесе) тарату арқылы орындаулар мен фонограммаларды пайдалану

23.

Орындауларды дыбыс және дыбыстау-бейнелеу жазбаларында қайта шығару (көбейту) және (немесе) тарату (орындаулардың санына қарамастан, әрбiр шығарылған данасын өткiзу бағасынан)

0,3%

24.

Орындаулар мен фонограммаларды телефондар (ұялы, смартфондар, дербес қалта компьютерлерi), музыкалық аппараттар, автоматтар және караоке жүйелерi үшiн музыка, әуен (рингтондар, реалтондар) және қоңырау (рингбэктондар) ретiнде қайта шығару және (немесе) тарату (айына әрбiр пайдаланылатын туындының әрбiр пайдаланғаны үшiн)

0,03 АЕК

25.

Орындаулардың дыбыс жазбалары және (немесе) дыбыстау-бейнелеу түрiндегi даналарын прокатқа, жалға беру (айына әрбiр пайдаланылатын дана үшiн)

0,01 АЕК

      Ескертпе:
1. Орындаушылар мен фонограмма шығарушыларға берiлетiн ең төменгi сыйақы ставкалары орындаулар мен фонограммаларды оларда белгiленген пайдалану түрлерi үшiн ең төменгi болып табылады.
2. Сыйақының мөлшерiн, оны төлеудiң тәртiбi мен мерзiмдерiн орындаушылармен, фонограмма шығарушылармен, олардың құқықтық мирасқорларымен не мүлiктiк құқықтарды ұжымдық негiзде басқаратын ұйыммен жасалатын лицензиялық шартта тараптар белгiлейдi.
3. Сыйақыны төлеу кезiнде осындай сыйақыны төлеу күнi қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген АЕК мөлшерi пайдаланылады.
4. Коммерциялық мақсатта жарияланған орындауларды және фонограммаларды көпшiлiк алдында орындауды, эфир немесе кабель арқылы хабарлауды жүзеге асыратын немесе ұйымдастыратын заңды және жеке тұлғалар, оның iшiнде жеке кәсiпкерлер пайдаланушылар болып табылады.
5. Егер мәдени ойын-сауық орталығының, спорттық-сауықтыру орталығының, сауда үйiнiң аумағында көпшiлiк алдында орындау, көрсету, жалпы жұрттың назарына хабарлау және жеткiзу арқылы орындаулар мен фонограммаларды өз бетiнше пайдаланатын 1, 2, 3, 12, 13 және 14-тармақтарда көрсетiлген пайдаланушылар орналасқан жағдайда, сыйақыны төлеу мiндетi осы пайдаланушыларға жүктеледi.
6. Егер көпшiлiк алдында орындау, көрсету, жалпы жұрттың назарына хабарлау және жеткiзу арқылы орындаулар мен фонограммаларды өз бетiнше пайдаланбайтын 1, 2, 3, 12, 13 және 14-тармақтарда көрсетiлген пайдаланушылар орналасқан мәдени ойын-сауық орталықтың, спорттық-сауықтыру орталығының, сауда үйiнiң барлық аумағында орындаулар мен фонограммалар көпшiлiк алдында орындалған, көрсетiлген, жалпы жұрттың назарына хабарланған немесе жеткiзiлген жағдайда, сыйақыны мәдени ойын-сауық орталығының, спорттық-сауықтыру орталығының, сауда үйiнiң иесi төлейдi.
7. 21-тармақта көзделген сыйақы мөлшерiн орындаушылар мен фонограмма шығарушылардың құқықтарын сақтауды көздейтiн лицензиялық шарттары бар кәбiлдiк (өткiзгiштi), жерсерiктiк телевизиялық хабар тарату ұйымдары төлемейдi.

      Аббревиатураның толық жазылуы:
АЕК - айлық есептiк көрсеткiш