2012 жылғы 15 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауында Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттығына кандидаттардың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының нормативтерін белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 28-бабының 3, 4, 5-тармақтарына, 33-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттығына кандидаттардың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мынадай нормативтері белгіленсін:
1) сайлау алдындағы бағдарламаны теледидар арқылы баяндау:
- облыстық, Астана және Алматы қалалық мәслихаттардың депутаттығына кандидаттар үшін – 135 000 (жүз отыз бес мың) теңге сомасында;
- қалалық және аудандық мәслихаттардың депутаттығына кандидаттар үшін - 63 900 (алпыс үш мың тоғыз жүз) теңге сомасында;
2) бағдарламаны радио арқылы баяндау:
- облыстық, Астана және Алматы қалалық мәслихаттардың депутаттығына кандидаттар үшін – 40 000 (қырық мың) теңге сомасында;
- қалалық және аудандық мәслихаттардың депутаттығына кандидаттар үшін - 20 000 (жиырма мың) теңге сомасында;
3) баспа басылымдарында екі мақала жариялау:
- облыстық, Астана және Алматы қалалық мәслихаттардың депутаттығына кандидаттар үшін – 70 200 (жетпіс мың екі жүз) теңге сомасында;
- қалалық және аудандық мәслихаттардың депутаттығына кандидаттар үшін - 43 200 (қырық үш мың екі жүз) теңге сомасында;
4) сайлаушылармен кездесулер үшін үй-жайлар жалдау:
- облыстық, Астана және Алматы қалалық мәслихаттардың депутаттығына кандидаттар үшін – 34 000 (отыз төрт мың) теңге сомасында;
- қалалық және аудандық мәслихаттардың депутаттығына кандидаттар үшін - 17 000 (он жеті мың) теңге сомасында;
5) үгіттiк баспа материалдарын басып шығару:
- облыстық, Астана және Алматы қалалық мәслихаттардың депутаттығына кандидаттар үшін – 20 000 (жиырма мың) теңге сомасында;
- қалалық және аудандық мәслихаттардың депутаттығына кандидаттар үшін - 10 000 (он мың) теңге сомасында;
6) көліктік шығыстар:
- облыстық, Астана және Алматы қалалық мәслихаттардың депутаттығына кандидаттар үшін – 50 000 (елу мың) теңге сомасында;
- қалалық және аудандық мәслихаттардың депутаттығына кандидаттар үшін - 25 000 (жиырма бес мың) теңге сомасында.
2. Осы қаулы облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларына жіберілсін.
3. Облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссиялары осы қаулыны төмен тұрған сайлау комиссияларының және Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттығына кандидаттардың назарына жеткізсін.
4. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы
Қ. Тұрғанқұлов
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
хатшысы
Б. Мелдешов
Астана, 2011 жылғы 24 қараша
№ 63/118