Алматы облысының аумағында таратылатын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу» мемлекеттік қызметін көрсетудің


Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою және миссионерлік қызметпен айналысатын азаматтарды есептік тіркеуге (қайта тіркеуге) қою жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы Алматы облысы әкімдігінің 2008 жылғы 16 сәуірдегі № 75 қаулысы

Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 9-1-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы «Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы» № 558, 2007 жылғы 30 маусымдағы «Заңды және жеке тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» № 561 қаулыларын жүзеге асыру мақсатында Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсету стандарты;
2) миссионерлік қызметпен айналысатын азаматтарды есептік тіркеуге (қайта тіркеуге) қою жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімі аппарат басшысының орынбасары Е.Нұрбековке жүктелсін.
3.Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Құжаттың толық нұсқасын төменнен қараңыз

ВложенияРазмер
Алматы облысының аумағында таратылатын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу» мемлекеттік қызметін көрсетудің.doc102 Кбайт