Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Азаматтық қорғау туралы

Осы заң Қазақстан Республикасының халқын, объектілері мен аумағын азаматтық қорғау жөніндегі іс-шараларды жүргізу процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді әрі табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуға және олардың салдарын жоюға, төтенше жағдай аймағындағы халыққа медициналық және психологиялық көмек көрсетуге, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтық қорғанысының негізгі міндеттерін, құрылуы мен жұмыс iстеуінің ұйымдастыру қағидаттарын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік материалдық резервін қалыптастыруды, сақтауды және пайдалануды, авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының ұйымдастырылуы мен қызметін айқындайды.
Ғарыш кеңістігін пайдалану, химиялық және ядролық қаруды жою, оқ-дәрілерді пайдалану және кәдеге жарату кезіндегі қауіпсіздікті, еңбекті қорғау, экологиялық қауіпсіздік саласындағы автомобиль және темір жолдар бойынша қозғалыс қауіпсіздігін, ішкі су көлігі қозғалысының қауіпсіздігін, энергия және энергия үнемдеу объектілерінің қауіпсіздігін, су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы әуе көлігінің ұшу қауіпсіздігін құқықтық реттеу Қазақстан Республикасының арнайы заңнамасымен жүзеге асырылады.

1-бөлім. Жалпы ережелер 1-тарау. Негізгі ережелер

1-бап. Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) «112» бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметі – әкімшілік бірлік аумағында орналастырылған барлық шұғыл жедел қызметтердің іс-қимылдарын үйлестіруді қамтамасыз ететін күштердің, телекоммуникациялық жабдықтардың бағдарламалық және аппараттық құралдар мен көлік құралдарының ұйымдық-техникалық бірігуін қамтитын уәкілетті орган құрған қызмет;
2) авария – ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) техникалық құрылғылардың қирауы, технологиялық процестің бұзылуы, механизмдердің, жабдықтардың және құрылыстардың зақымдануы, бақыланбайтын жарылыс және (немесе) қауiптi заттардың шығарындысы;
3) авариялық-құтқару жұмыстары – төтенше жағдайлар аймағындағы адамдарды, материалдық және мәдени құндылықтарды іздеу және құтқару, халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету, төтенше жағдайлар аймағында және әскери іс-қимылдарын жүргізу кезінде табиғи ортаны қорғау, оқшаулау және жою немесе оларға тән қауіпті факторлардың әсерін барынша төмен деңгейге дейін жеткізу жөніндегі  іс-қимыл;
4) авариялық-құтқару құралымы – авариялық-құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге арналған дербес немесе аттестатталған авариялық-құтқару қызметінің құрамына кіретін құрылым;
5) авариялық-құтқару қызметі – негізін авариялық-құтқару құралымдары құрайтын функциональдық тұрғыда бірыңғай жүйеге біріктірілген төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою жөніндегі міндеттерді шешуге арналған басқару органдарының, күштер мен құралдардың жиынтығы;
6) адамдар жаппай жиналатын объекті – бір мезгілде жүз және одан да көп адамның келуіне есептелген сауда, қоғамдық тамақтандыру, тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарының, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық, мәдени-ағарту және ойын-сауық ұйымдарының, діни ғимараттардың, ойын-сауық орындарының, барлық көлік түрлері вокзалдарының ғимараттары, құрылыстары мен үй-жайлары, сондай-ақ бір мезгілде жиырма бес және одан да көп адамның келуіне есептелген денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет ұйымдарының, қонақ үйлердің ғимараттары мен құрылыстары;
7) азайтылмайтын қор – Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын мемлекеттiк материалдық резервтiң материалдық құндылықтары қорының тұрақты сақталатын көлемi;
8) азаматтық қорғаныс – әскери қақтығыстар кезінде немесе осы қақтығыстар салдарынан туындайтын қауіптерден ел халқы мен аумағын қорғау жөніндегі іс-шаралар кешенін іске асыруға арналған азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің құрамдас бөлігі;
9) азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдері – төтенше жағдайлар мен әскери қақтығыстар кезінде немесе осы қақтығыстар салдарынан туындайтын қауіптерден ел халқы мен аумағын қорғауға арналған басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың дербес-ұйымдық бірлігі болып табылатын мемлекеттік мекемелер;
10) азаматтық қорғаныстың қорғау құрылысы – халықты қазіргі заманғы зақымдау құралдарынан қорғау үшін арнайы арналған инженерлік құрылыс (жеке тұрған және қосып салынған баспаналарға, радиациядан қорғану панаханаларына бөлінеді);
11) азаматтық қорғау – азаматтық қорғаныс, оның ішінде террористік актілерден туындаған төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарларын жою іс-шараларын қамтитын төтенше жағдайлар аймағындағы халыққа медициналық және психологиялық көмек көрсетуге, халықты, объектілер мен аумақты қорғауды қамтамасыз етуге, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыруға, сақтауға және пайдалануға бағытталған бейбіт уақытта және соғыс уақытында жүргізілетін жалпы мемлекеттік іс-шаралар кешені;
12) азаматтық қорғау күштері – азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдері, авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары, оның ішінде әскерилендірілген тау-кен құтқару, бұрқаққа қарсы және газдан құтқару, судан құтқару, жедел-құтқару, мемлекеттік және мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет бөлімшелері, шұғыл медициналық және психологиялық көмек қызметі, азаматтық қорғау құралымдары, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның авиациясы, қадағалау, жағдайды бақылау және болжау қызметтері;
13) азаматтық қорғау құралдары – халықты қорғау және азаматтық қорғау күштерін жарақтандыру үшін қолданылатын материалдық-техникалық мүлік;
14) азаматтық қорғау қызметтері – азаматтық қорғаудың арнайы іс-шараларын орындауға арналған азаматтық қорғаудың республикалық, облыстық, аудандық, қалалық басқару органдары мен күштерінің жүйесі;
15) азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау – жеке және заңды тұлғалардың азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамалары және өзге де нормативтік құқықтық актілері талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған уәкілетті органның өз құзыреті шегіндегі қызметі;
16) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
17) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның авиациясы – азаматтық қорғау міндеттерін шешу үшін пайдаланылатын әуе-көліктік құралдар;
18) азаматтық қорғаудың арнайы іс-шаралары – төтенше жағдайлар мен әскери қақтығыстар кезінде немесе осы қақтығыстар салдарынан туындайтын қауіптерден ел халқы мен аумағын қорғауға бағытталған инженерлік, радиациялық, химиялық, медициналық, өртке қарсы, көліктік, материалдық, техникалық, гидрометеорологиялық және басқа да қамтамасыз ету бойынша алдын ала және жедел іс-қимылдары;
19) азаматтық қорғаудың басқару органдары – төтенше жағдайлар мен әскери қақтығыстар кезінде немесе осы қақтығыстар салдарынан бейбіт уақытта және соғыс уақытында туындайтын қауіптерден ел халқын, объектілері мен аумағын қорғау жөніндегі іс-шаралар кешеніне басшылықты жүзеге асыратын және оның орындалуын қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдары, ұйымдары;
20) азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі – төтенше жағдайлар мен әскери қақтығыстар кезінде немесе осы қақтығыстар салдарынан бейбіт уақытта және соғыс уақытында туындайтын қауіптерден ел халқын, объектілері мен аумағын қорғау жөніндегі іс-шаралар кешенін іске асыруға арналған басқару органдарының, күштер мен құралдардың жиынтығы;
21) азаматтық қорғаудың хабардар ету жүйесі – адамдардың өмірі мен денсаулығына төнген қатер, қалыптасқан жағдайдағы іс-қимылдар тәртібі туралы мемлекеттік басқару органдары мен халыққа хабарлауды қамтамасыз ететін бағдарламалық-техникалық құралдар жиынтығы;
22) аккредиттеу – уәкілетті органның өрт қауіпсіздігі саласындағы тәуекелдерге тәуелсіз бағалау жүргізу жөніндегі жұмыстарды орындауға заңды тұлғаның құқықтылығын ресми тануы;
23) аккредиттеу аттестаты – өрт қауіпсіздігі саласындағы тәуекелдерге тәуелсіз бағалау жүргізу жөніндегі жұмыстарды орындауға заңды тұлғаның құқығын куәландыратын уәкілетті орган беретін құжат;
24) «Баршаңыздың назарыңызға!» хабардар ету дабылы – дыбыстық және сөйлеу пішіміндегі дабылдамалармен және басқа да дабыл беру құралдарымен берілетін халықты хабардар етудің бірыңғай дабылы. Осы дабыл бойынша халық теледидарларды, радионы және басқа да ақпарат қабылдау құралдарын іске қосуға, беріліп жатқан ақпаратты мұқият тыңдап, іс-қимыл тәртібі мен жүріс-тұрыс ережелері жөніндегі талаптарды орындауға міндетті;
25) басқару пункттері – азаматтық қорғанысты басқаруды жүзеге асыратын органды орналастыруға және оның жұмысын қамтамасыз етуге арналған мемлекеттік органдардың техникалық құралдармен, тіршілікті қамтамасыз ету элементтерімен арнайы жабдықталған және жарақталған құрылыстары немесе көлік құралдары;
26) броньнан шығару – кейiннен қайта салмай не оларды кәдеге жарату (жою) мақсатында кейiннен сала отырып, босқындарға көмек, гуманитарлық көмек көрсету, нарыққа реттеушілік ықпал жасау және табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарларын жою жөнiндегi бiрiншi кезектегi іс-шараларды қабылдау үшiн материалдық құндылықтарды мемлекеттiк резервтен шығару;
27) ерікті өрт сөндіруші – ерікті өрт сөндірушілер тізілімінде тіркелген өрттің алдын алу және (немесе) оны сөндіру жөніндегі қызметке ерікті негізде тікелей қатысатын азамат;
28) жергілікті хабардар ету жүйесі – объектіде және елді мекендері бар немесе осы объекті авариясы салдарының ықпалына ұшыраған жекелеген мекендері бар іргелес аумақтарда хабардар етудің автоматтандырылған дабыл беруін қамтамасыз ететін бағдарламалық және аппараттық құралдар, телекоммуникациялық жабдық пен көлік құралдары кешені;
29) жұмылдыру резервi – жұмылдыру, соғыс жағдайы кезiнде және соғыс уақытында жұмылдыру тапсырысын орындау, гуманитарлық көмек көрсету, бейбiт уақытта табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар салдарларын жою жөніндегі бiрiншi кезектегі іс-шараларды қабылдау үшiн қажеттi және жұмылдыру тапсырысы бар ұйымдар ағымдағы өндiрiстiк қызметiнде пайдаланбайтын мемлекеттiк материалдық резервтiң құрамдас бөлiгi болып табылатын шектеулi номенклатура бойынша материалдық құндылықтар қоры, сондай-ақ арнайы құралымдардың материалдық-техникалық құралдары;
30) залал келтіруші – авариялар себептерін тергеу комиссиясы белгілеген әрекеті (әрекетсіздігі) салдарынан техногендік сипаттағы төтенше жағдай болған немесе заңсыз әрекетінен (әрекетсіздігінен) техногендік сипаттағы төтенше жағдай болған жауапты заңды немесе жеке тұлға;
31) зардап шегуші – табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың туындау нәтижесінде денсаулығына немесе мүлкіне залал келтірілген заңды немесе жеке тұлға;
32) инцидент – қауiптi өндiрiстiк объектiде қолданылатын техникалық құрылғылардың істен шығуы немесе бұзылуы, технологиялық процестiң режимінен ауытқуы;
33) кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі – қауіпті өндірістік объектілерге тәулік бойы қызмет көрсетуге арналған, дара басшылық қағидатымен әрекет ететін және оны басшылыққа алатын, қауіптілігі жоғары жағдайларда құтқарушылардың денсаулығы мен өмірі үшін рұқсат етілетін тәуекелі бар профилактикалық және авариялық-құтқару жұмыстарын атқаратын қызмет;
34) қауіпті өндірістік фактор – қауіпті өндірістік объектілерде авариялар, инциденттер кезінде туындайтын, жеке және заңды тұлғаларға, қоршаған ортаға зиян келтіретін физикалық құбылыс;
35) қауіпті өндірістік объектілердің гидротехникалық құрылыстары – тау-кен, байыту, металлургиялық өндірістердің қалдықтары болып табылатын минералдық түзілімдердің, сұйықтықтардың, қоспалар мен ауыр металдардың жиналуына арналған жасанды технологиялық инженерлік құрылыстар;
36) қоныстану аумағы – тұрғын үй қорын, қоғамдық ғимараттар мен құрылыстарды, сондай-ақ жекелеген коммуналдық және өнеркәсіп объектілерін орналастыруға арналған елді мекен аумағының бөлігі;
37) құтқару – көмек көрсету және төтенше жағдай аймағынан (орнынан) адамдарды эвакуациялау жөніндегі шаралар жиынтығы немесе төтенше жағдайлар салдарының әсерінен адамдарды қорғау;
38) құтқарушы – авариялық-құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге арнайы даярлық пен аттестаттаудан (қайта аттестаттаудан) өткен жеке тұлға;
39) қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объекті иесiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi – Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгiленген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың өз қызметі нәтижесінде үшiншi тұлғаға келтiрген залалын өтеу мiндетi;
40) материалдық құндылықтар – номенклатурасын (тiзбесiн және көлемiн) Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын уәкiлеттi органның алдына қойылған мiндеттердi қамтамасыз ету үшін қажет тауарлар;
41) материалдық құндылықтарды мемлекеттiк материалдық резервке жеткізу – материалдық құндылықтарды сатып алу және (немесе) оларды мемлекеттiк материалдық резервтiң материалдық құндылықтарын сақтау пункттерiне тиеп жөнелту (жеткiзу);
42) материалдық құндылықтарды мемлекеттiк материалдық резервке салу – материалдық құндылықтарды мемлекеттiк материалдық резервте сақтау үшiн қабылдап алу;
43) материалдық құндылықтарды мемлекеттік материалдық резервтен шығару – материалдық құндылықтарды жаңарту, қарызға беру, броньнан шығару тәртібімен мемлекеттік материалдық резервтен алып қою;
44) материалдық құндылықтардың орнын ауыстыру – материалдық құндылықтарды тиеу мен түсiрудi қоса алғанда, мемлекеттiк материалдық резервтiң материалдық құндылықтарын сақтайтын бiр пункттен екінші пунктке материалдық құндылықтарды тасымалдау;
45) мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет – өрттің алдын алу және оларды сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды жүргізу және ұйымдарда, объектілер мен елді мекендерде өртпен байланысты бірінші кезектегі авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу құқығына аттестаттаудан өткен басқару органдары, заңды тұлғалардың күштері мен құралдары;
46) мемлекеттік инспектор – азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адам;
47) мемлекеттiк материалдық резерв (бұдан әрi – мемлекеттiк резерв) – жұмылдыру мұқтаждарына, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарларын жою жөнiндегi бiрiншi кезектегi шараларды қабылдауға, босқындарға көмек көрсетуге, гуманитарлық көмек көрсетуге және нарыққа реттеушiлік ықпал жасауға арналған материалдық құндылықтар қоры;
48) мемлекеттік өртке қарсы қызмет – өрттің алдын алуды және оларды сөндіруді ұйымдастыруға, бірінші кезектегі авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен құрылған облыстардағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы, облыстық маңызы бар қалалардағы, аудандардағы мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының басқару органдары, күштерi мен құралдарының жиынтығы;
49) мемлекеттік резерв жүйесінің ведомстволық бағынысты ұйымы – мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын қалыптастыру мен сақтауды жүзеге асыратын заңды тұлға;
50) мемлекеттiк резервтен материалдық құндылықтарды қарызға беру – саны бірдей және сапасы ұқсас материалдық құндылықтарды белгiлi бiр шарттармен мемлекеттiк резервке кейiннен қайтара отырып, материалдық құндылықтарды мемлекеттiк резервтен шығару;
51) мемлекеттiк резервтi жаңарту – саны бірдей және сапасы ұқсас материалдық құндылықтарды мемлекеттiк резервке бiр мезгiлде немесе уақыт өткiзiп салған кезде оларды сақтаудың белгiленген мерзiмдерi аяқталғанға дейiн материалдық құндылықтарды мемлекеттiк резервтен шығару;
52) мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын сақтау пункттерi – мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын сақтауды және сақтауға байланысты қызметтер көрсетудi шарт негiзiнде жүзеге асыратын заңды тұлғалар;
53) объекті – жеке немесе заңды тұлғалардың мүлкі, мемлекеттік мүлік, оның ішінде үйлер, ғимараттар, құрылыстар, техникалық қондырғылар, жабдық, агрегаттар және азаматтық қорғау саласындағы талаптар белгіленген немесе белгіленуі мүмкін өзге де мүлік;
54) операция жасау – мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын жеткізу, сақтау және шығару;
55) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк – жеке және заңды тұлғалардың, қоршаған ортаның қауiптi өндiрiстiк факторлардың зиянды әсерінен қорғалуының жай-күйі;
56) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы аттестат – өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды орындауға заңды тұлғаның құқығын куәландыратын өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган беретін құжат;
57) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы аттестаттау – өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның заңды тұлғаның өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды орындауға құқықтылығын ресми тануы;
58) өрт – жеке және заңды тұлғалардың өмiрi мен денсаулығына, қоғам мен мемлекеттiң мүдделерiне зиян, материалдық залал келтiретiн бақылаусыз жану;
59) өрт депосы (бөлім, жеке бекет) – өрт сөндіруді ұйымдастыру мен жүзеге асыруға және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған өрт техникасы мен техникалық қызмет көрсету үй-жайлары, жеке құрам мен өрт сөндіру бөлімі байланыс пунктінің қызметтік және қосалқы үй-жайлары орналастырылған, өрт сөндіру автомобильдері мен өрт сөндіру-техникалық қару-жарағы орналасқан өртке қарсы қызмет объектісі;
60) өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзу – өрт және өнеркәсіптік қауiпсiздiк саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындамау немесе тиісінше орындамау;
61) өрт қауiпсiздiгi – адамдардың, мүлiктiң, қоғам мен мемлекеттiң өpттeн қорғалуының жай-күйі;
62) өрт қауіпсіздігі саласындағы тәуекелдерді тәуелсіз бағалау – объектілердің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігін немесе сәйкес еместігін белгілеу жөніндегі кәсіпкерлік қызмет;
63) өрт қауiпсiздiгi шаралары – өрт қауiпсiздiгi талаптарын орындау жөніндегі іс-қимылдар;
64) өрт қауiпсiздiгi талаптары – өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген техникалық және (немесе) әлеуметтiк сипаттағы арнайы шарттар;
65) төтенше жағдайлар салдарларын жоюға байланысты бірінші кезектегі авариялық-құтқару жұмыстары – төтенше жағдайлар кезінде адамдарды, мүлікті құтқару және эвакуациялау, зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету жөніндегі іс-қимылдар;
66) өрт-техникалық өнімдері – өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған арнайы техникалық, ғылыми-техникалық және зияткерлік өнім, оның ішінде өрт сөндіру техникасы мен жабдығы, өрт сөндіру жарақтары, отты сөндіретін және оттан қорғайтын заттар, арнайы байланыс және басқару құралдары, электрондық есептеу машиналарына арналған бағдарламалар мен деректер базасы, сондай-ақ өрттің алдын алу және оларды сөндірудің өзге де құралдары;
67) өртке қарсы ерікті құралымдар – дала өрттерін, сондай-ақ ұйымдар мен елді мекендерде өрттің алдын алу және оны сөндіру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру үшін құрылатын қоғамдық бірлестіктер;
68) өртке қарсы қызмет гарнизоны – функцияларына өрттің алдын алу және оны сөндіру, сондай-ақ бірінші кезектегі авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жатқызылған, ведомстволық тиістілігіне және меншік нысанына қарамастан белгілі бір аумақта орналасқан басқару органдарының, бөлімшелер мен ұйымдардың жиынтығы;
69) өртке қарсы режим – өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуын алдын алуды және өрт сөндіруді қамтамасыз ететін азаматтардың жүріс-тұрысының белгіленген қағидалары, өндірістік және шаруашылық қызметті ұйымдастыру тәртібі, құрылыстарды, ғимараттарды, үй-жайларды (аумақтарды), өндірістік және арнаулы жабдықты күтіп-ұстау шарттары;
70) сақтау нормативтері – мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын ұстау және сақтау шарттары жөніндегі техникалық талаптар;
71) сараптама ұйымы – өрт қауіпсіздігі саласындағы тәуекелдерді тәуелсіз бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған белгіленген тәртіппен аккредиттелген ұйым;
72) судан құтқару қызметі – акваториялардағы төтенше жағдайлардың алдын алуға, судан құтқару, суасты-техникалық жұмыстарын ұйымдастыруға және жүргізуге арналған басқару органдары, күштер мен құралдар;
73) табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар – қауіпті табиғи құбылыстар (геофизикалық, геологиялық, метеорологиялық, агрометеорологиялық, гидрогеологиялық қауіпті құбылыс), табиғи өрт, iндеттер, эпизоотиялар, энзоотиялар, панзоотиялар, ауылшаруашылық өсiмдiктерiнiң және ормандардың аурулармен және зиянкестермен зақымдануы нәтижесінде қалыптасқан төтенше жағдайлар;
74) тапсырыс беру – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бюджет қаражаты есебiнен мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын жеткізу және шығару үшін өнiм берушiлер мен тұтынушыларды таңдау;
75) техникалық басшы – ұйымның технологиялық процесіне басшылықты жүзеге асыратын тиісті жоғары техникалық білімі бар маман;
76) техникалық құрылғылар – машиналар, жабдықтар және дербес маңызы бар өзге де конструкциялар;
77) техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар – қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсері, көлiк және басқа да авариялар, өрт (жарылыстар), күштi әсер ететiн улы, радиоактивтi және биологиялық қауiптi заттардың шығарындылары бар (шығарынды қатері бар) авариялар, ғимараттар мен құрылыстардың кенеттен қирауы, бөгеттердің бұзылуы, тiршiлiктi қамтамасыз ететiн электр энергетика және коммуникация жүйелерiндегi, тазарту құрылыстарындағы авариялар туғызған төтенше жағдайлар;
78) төтенше жағдай – адам шығынына, адамдардың денсаулығына немесе қоршаған табиғи ортаға едәуір материалдық шығынға және адамдардың тыныс-тіршілігінің бұзылуына әкеп соғуы мүмкін немесе әкеп соққан аварияның, қауіпті табиғи құбылыстың, апаттың, зілзаланың немесе өзге де ауыртпалықтың салдарынан белгілі бір аумақта қалыптасқан жағдай;
79) төтенше жағдай аймағы – төтенше жағдай қалыптасқан аумақ;
80) төтенше жағдайды жою басшысы – төтенше жағдай салдарын жою жөніндегі жұмыстарға басшылық жасайтын басты өкімші және жауапты адам;
81) төтенше жағдайларда халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету – төтенше жағдайлар аймақтарында, эвакуациялау бағыттарында және эвакуацияланғандарды орналастыру орындарында адамдардың өмірін сақтау және денсаулығын қолдау үшін барынша қажетті жағдайларды жасауға және сақтауға бағытталған азаматтық қорғаудың күштері мен құралдарының уақыты, ресурстары және өткізу орындары бойынша өзара байланысқан іс-шаралар жиынтығы;
82) төтенше жағдайлар салдарларын жою кезіндегі кезек күттірмейтін жұмыстар – авариялық-құтқару жұмыстарын жан-жақты қамтамасыз ету, төтенше жағдай аймағындағы халыққа медициналық және басқа да көмек түрлерін көрсету, адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтауға қажетті жағдайлар жасау жөніндегі қызмет;
83) төтенше жағдайлардың алдын алу – алдын ала жүргізілетін және төтенше жағдайлардың туындау тәуекелін мүмкіндігінше барынша азайтуға, сондай-ақ адамдардың денсаулығын сақтауға, материалдық шығындар туындаған жағдайда олардың мөлшерін азайтуға бағытталған іс-шаралар кешені;
84) төтенше жағдайлардың жiктемесi – адам денсаулығы мен өмірі, тыныс-тіршілігі жағдайларының бұзылуы, материалдық залал өлшемі үшін олардың қауіптілігіне сәйкес төтенше жағдайларды сыныптарға жатқызу тәртібі;
85) төтенше жағдайлардың салдарларын жою – адамдардың өмiрiн құтқаруға және денсаулығын сақтауға бағытталған авариялық-құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды, сондай-ақ төтенше жағдайлар туындаған кезде халықты эвакуациялауды жүргізу, төтенше жағдайлар аймағындағы халыққа медициналық және психологиялық көмек көрсету, материалдық шығындар мөлшерін азайту, төтенше жағдайлар аймағын оқшаулау, оларға тән қауіпті факторлар іс-қимылдарын тоқтату, сондай-ақ табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар нәтижесінде азаматтар мен ұйымдарға келтірілген залалды өтеу;
86) тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету объектісі – пайдаланылуын тоқтату (тоқтата тұру) елді мекендер мен аумақтардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдары қызметінің бұзылуына әкеп соғатын денсаулық сақтау, телекоммуникациялар, байланыс, газбен, энергиямен, жылумен, сумен жабдықтау және су бұру ұйымдары;
87) уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері – уәкілетті орган берген өкілеттігі шегінде азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік реттеу, бақылау мен қадағалауды атқаратын белгілі бір әкімшілік аумақта құрылған мемлекеттік мекеме;
88) уәкілетті органның жедел резерві – белгілі бір номенклатура мен көлемдегі техника және материалдық құндылықтар, оның ішінде дәрі-дәрмек құралдары, медициналық мақсаттағы бұйымдар қоры;
89) уәкілетті органның шұғыл медициналық және психологиялық көмек қызметі – төтенше жағдай аймағындағы халыққа медициналық және психологиялық көмек көрсету жөніндегі кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге, төтенше жағдайларды жоюға қатысушылардың денсаулығын сақтауға, қалпына келтіруге және оңалтуға арналған кәсіби медициналық авариялық-құтқару қызметі;
90) эвакуациялық органдар – халықты, материалдық құндылықтарды қауіпсіз аймаққа эвакуациялауды, оларды орналастыруды, өндірістік қызметті және тыныс-тіршілікті қамтамасыз етуді жүзеге асыру үшін орталық және жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар құратын эвакуациялық және эвакуациялық қабылдау комиссиялары.

2-бап. Азаматтық қорғау туралы заңнама

1. Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау туралы заңнамасында көзделгеннен өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.

2-тарау. Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі

3-бап. Азаматтық қорғаудың негізгі
            міндеттері мен қағидаттары

1. Азаматтық қорғаудың негізгі міндеттері:
табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдынс алу және олардың салдарларын жою;
2) халықты және объектiлердi қорғау;
3) төтенше жағдайлар туындаған кезде авариялық-құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу арқылы адамдарды құтқару және эвакуациялау;
4) азаматтық қорғау күштерін құру, оларды даярлау және төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарға ұдайы әзірлікте ұстау;
5) орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың мамандарын даярлау және халықты оқыту;
6) табиғи және техногендік сипаттағы қауіпті факторлардың, қазіргі заманғы зақымдау құралдарының ықпал ету әсерін жою, азайту жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізу;
7) қорғану құрылыстарының қажетті қорын, жеке қорғану құралдарының және азаматтық қорғаныстың басқа да мүлкінің қорларын жинақтау және әзірлікте ұстау;
8) адамдардың өмірі мен денсаулығына төнген қатер және қалыптасқан жағдайдағы іс-қимыл тәртібі туралы халықты, орталық және жергілікті атқарушы органдарды хабардар ету;
9) азық-түлікті, су көздерін (шаруашылық-ауыз су мақсаттары үшін су жинау орындарын), тамақ өнімдерін, жемшөпті, жануарлар мен өсімдіктерді радиоактивтік, химиялық, бактериологиялық (биологиялық) уланудан, эпизотийден және эпифитотийден қорғау;
10) өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
11) хабардар ету және байланыс жүйелерін ұйымдастыру, дамыту және ұдайы әзірлікте ұстау;
12) қауіпті факторлардың зақымдау әсерін азайту немесе жою жөніндегі іс-шаралардың мониторингін жасау, оларды әзірлеу және іске асыру болып табылады.
2. Азаматтық қорғаудың негізгі қағидаттары:
1) аумақтық-салалық қағидат бойынша ұйымдастыру;
2) азаматтық қорғау күштері мен құралдарының төтенше жағдайларға жедел ден қоюға, азаматтық қорғанысқа және авариялық-құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге, зардап шеккендерге шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсетуге ұдайы әзірлігі;
3) жариялылық және халық пен ұйымдарды болжанып отырған және пайда болған төтенше жағдайлар, олардың алдын алу мен оларды жою жөнiндегi қабылданған іс-шаралар туралы хабардар ету;
4) авариялық-құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу кезінде ақталған тәуекел және қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылады.

4-бап. Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі

1. Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі аумақтық және салалық кіші жүйелерден тұрады.
Аумақтық кіші жүйелер олардың аумақтары шегінде азаматтық қорғаныстың іс-шараларын орындау, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жоюдың үшін облыстық, қалалық және аудандық деңгейде құрылады және осы аумақтардың әкімшілік-аумақтық бөлінуіне сәйкес келетін бөлімдерінен тұрады.
Салалық кіші жүйелерді олардың мемлекеттік реттеу және бақылау саласында азаматтық қорғау іс-шараларын орындау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру үшін орталық атқарушы органдар құрады.
2. Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің үш деңгейі бар: республикалық, аумақтық және объектілік. Әрбір деңгейге:
үйлестіруші органдар – төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиялар; азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін басқару органдары;
күнделікті басқару органдары – басқару пункттері, жедел-кезекші қызметтері;
күштер мен құралдар;
байланыс, хабардар ету және ақпараттық қамтамасыз ету жүйелері кіреді.
Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесіне басшылықты:
1) республикалық (мемлекеттік) деңгейде:
Қазақстан Республикасының Үкіметі;
азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган;
Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары;
2) аумақтық деңгейде:
жергілікті атқарушы органдар;
уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері;
объектілік деңгейде:
ұйымның басшылары жүзеге асырады.
Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жүйесіндегі мемлекеттік басқару халықты, объектілер мен аумақтарды қорғаудың өзекті мәселелері мен міндеттерін шешуді, төтенше жағдайлардан төнген қауіп-қатерді және залалды азайтуды мемлекеттік биліктің барлық деңгейі мен тармақтарын қатыстыру арқылы жүзеге асырылады.
Бейбіт уақытта азаматтық қорғау жүйесінің жұмыс істеуінің мынадай режимдері белгіленеді:
күнделікті қызмет режимі – өндірістік-өнеркәсіптік қызмет, сондай-ақ төтенше жағдайлардың туындау қаупі жоқтығымен сипатталатын ведомстволық бағынысты аумақта радиациялық, химиялық, биологиялық, сейсмикалық, гидрометеорологиялық, эпидемиологиялық, эпизоотиялық, эпифитотиялық қауіпсіздік кезінде азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің, оның аумақтық және функционалдық кіші жүйесінің жұмыс істеу тәртібі.
Күнделікті қызмет режимінде азаматтық қорғаудың басқару органдары мынадай іс-шараларды жүргізеді:
төтенше жағдайларды болжау;
халықты, объектілерді және аумақтарды табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау туралы ақпаратты белгіленген тәртіпте жинақтау, өңдеу және алмасу;
төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша шараларды әзірлеу және іске асыру;
азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерінің іс-қимылдарын жоспарлау, олардың қызметін дайындауды және қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
халықты төтенше жағдайлардағы іс-қимылдарға даярлау;
азаматтық қорғау саласындағы білімді насихаттау;
төтенше жағдайлар салдарын жою үшін материалдық ресурстар резервтерін құруға, орналастыруға, сақтауға және толықтыруға басшылық ету;
өз өкілеттігі шегінде азаматтық қорғау саласында мемлекеттік сараптама және бақылау жүргізу;
2) жоғары дайындық режимі – төтенше жағдайлардың туындау қаупі кезінде енгізілетін азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің, оның жекелеген кіші жүйелерінің жұмыс істеу тәртібі.
Жоғары дайындық режимінде азаматтық қорғаудың басқару органдары мынадай іс-шараларды жүргізеді:
төтенше жағдайлардың туындауын және олардың салдарын болжау;
қажет болған кезде басқару пункттерінде азаматтық қорғау жүйесінің басқару органдары мен күштерінің басшылары мен лауазымды адамдардың тәулік бойы кезекшілігін енгізу;
болжанатын төтенше жағдайлар туралы мәліметтерді жинақтау, өңдеу және азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштеріне беру, олардан қорғану тәсілдері туралы мемлекеттік билік органдары мен халықты хабардар ету;
төтенше жағдайлар туындауының алдын алу және оларды жою, олар туындаған жағдайда залал мен шығындар мөлшерін азайту, сондай-ақ төтенше жағдайларда объектілердің беріктігін арттыру және жұмыс істеу қауіпсіздігі бойынша жедел шараларды қабылдау;
төтенше жағдайлар салдарын жою үшін құрылған материалдық ресурстардың қажетті резервін толтыру;
қажет болған жағдайда эвакуациялау іс-шараларын жүргізу;
3) төтенше жағдай режимі – төтенше жағдай туындаған және оның салдарын жою кезінде енгізілетін азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеу тәртібі.
Төтенше жағдай режимінде азаматтық қорғаудың басқару органдары мынадай іс-шараларды жүргізеді:
туындаған төтенше жағдайлардың дамуын және олардың салдарын болжау;
төтенше жағдайлардың туындауы және салдары туралы орталық және жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар басшыларын, сондай-ақ халықты хабардар ету;
төтенше жағдайлардан халықты және аумақтарды қорғау бойынша іс-шараларды жүргізу;
төтенше жағдайлар салдарын жою және азаматтық қорғау күштері мен құралдарының іс-қимылдарын жан-жақты қамтамасыз ету, оларды жүргізу барысында қоғамдық тәртіпті ұстау, сондай-ақ туындаған төтенше жағдайлардың салдарын жоюға қажет болған жағдайда белгіленген тәртіппен ішкі істер органдарын, қоғамдық ұйымдар мен халықты тарту бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
төтенше жағдай аймағындағы жағдай мен оны жою бойынша жұмыстарды жүргізу барысы туралы ақпаратты үздіксіз жинау, талдау және алмасу;
төтенше жағдайларды және оның салдарын жою мәселелері бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың үздіксіз өзара іс-әрекетін ұйымдастыру және қолдау;
төтенше жағдайларда халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды жүргізу.

5-бап. Азаматтық қорғаудың хабардар ету жүйесі

1. Хабардар ету жүйелері:
1) республикалық деңгейде – республикалық хабардар ету жүйесі (Қазақстан Республикасының аумағында);
2) аумақтық деңгейде – облыстық хабардар ету жүйесі (Қазақстан Республикасының облысы немесе республикалық маңызы бар қаласы аумағында);
3) жергілікті деңгейде – аудандық хабардар ету жүйесі (облыс ауданы, қала аумағында, адамдар жаппай жиналатын орындарда);
4) объектілік деңгейде – жергілікті хабардар ету жүйесі құрылады.
2. Хабардар ету жүйелері барлық деңгейлерде бірігуі тиіс.
3. Хабардар ету жүйелерін құру және жұмылдыруға тұрақты әзірлікте ұстау азаматтық қорғауды дайындау және жүргізу, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі тиісті аумақтарда (объектілерде) өз өкілеттігі мен міндеттері шегінде мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар, заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер жүргізетін іс-шаралар кешенінің құрамдас бөлігі болып табылады.
4. Хабардар ету жүйесі табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындау қаупі кезінде, әскери іс-қимылдарын жүргізу немесе осы іс-қимылдар салдарынан пайда болған қауіптер туралы басқару органдары мен халыққа ақпаратты және хабардар ету дабылдарын уақтылы жеткізуді қамтамасыз етуге арналған.
1) Республикалық хабардар ету жүйесінің негізгі міндеті ақпараттар мен хабардар ету дабылдарын:
Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына;
Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарына;
уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне – облыстар және қалалардың төтенше жағдайлар департаменттеріне (бұдан әрі – уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі) жеткізуді қамтамасыз ету болып табылады.
Республикалық хабардар ету жүйесін тұрақты әзірлікте ұстауға уәкілетті орган жауап береді.
2) Облыстық хабардар ету жүйесінің негізгі міндеті ақпараттар мен хабардар ету дабылдарын:
Қазақстан Республикасы облысының азаматтық қорғаудың басшылық құрамына және азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің аумақтық кіші жүйелеріне;
қалалар мен аудандардың төтенше жағдайлар басқармаларына;
халықты және аумақтарды төтенше жағдайлардан қорғау және (немесе) жергілікті өзін-өзі басқару органдары жанындағы азаматтық қорғау саласындағы міндеттерді шешетін арнайы уәкілетті органдарға;
жергілікті атқарушы органдардың кезекші-диспетчерлік қызметтеріне;
облыс аумағында төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, азаматтық қорғаудың күштері мен құралдары үшін тағайындалған және бөлінген (тартылған) азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің арнайы дайындалған күштері мен құралдарына;
ықтимал қауіпті объектілер мен адамдар жаппай жиналатын объектілерді пайдаланатын ұйымдардың кезекші-диспетчерлік қызметтеріне;
Қазақстан Республикасының тиісті облысының облыс орталығы, қалалары, аудан орталықтары аумағында тұрып жатқан халыққа жеткізуді қамтамасыз ету болып табылады.
Облыстық хабардар ету жүйесін тұрақты әзірлікте ұстауға уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі жауап береді.
3) Аудандық хабардар ету жүйесінің негізгі міндеті ақпараттар мен хабардар ету дабылдарын:
азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі аумақтық кіші жүйесінің, жергілікті атқарушы органдар буынының басшылық құрамдарына;
аудан аумағында төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, азаматтық қорғаудың күштері мен құралдары үшін тағайындалған және бөлінген (тартылған) арнайы дайындалған күштері мен құралдарына;
ықтимал қауіпті өндірістік объектілер мен адамдар жаппай жиналатын объектілерді пайдаланатын ұйымдардың кезекші-диспетчерлік қызметтеріне;
тиісті аудан аумағында тұрып жатқан халыққа жеткізуді қамтамасыз ету болып табылады.
Аудандық хабардар ету жүйесін тұрақты әзірлікте ұстауға жергілікті атқарушы органдардың басшылары жауап береді.
4) Хабардар етудің жергілікті жүйесінің негізгі міндеті ақпараттар мен хабардар ету дабылдарын:
ықтимал қауіпті объектілер мен азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің объектілік бөлімі пайдаланатын ұйымдардың азаматтық қорғаудың басшылық құрамына;
объектілік авариялық-құтқару, оның ішінде мамандандырылған құралымдарына;
қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланатын ұйым персоналына;
хабардар етудің жергілікті жүйесінің іс-қимылы аймағында орналасқан ұйымдардың басшылары мен кезекші-диспетчерлік қызметтеріне;
хабардар етудің жергілікті жүйесінің іс-қимылы аймағында тұрып жатқан халыққа және адамдар жаппай жиналатын объектідегі азаматтарға жеткізуді қамтамасыз ету болып табылады.
Хабардар етудің жергілікті жүйесін тұрақты әзірлікте ұстауға объектіні пайдаланатын ұйымның басшысы жауап береді.
5. Мемлекеттік басқару органдары мен халықты хабардар етудің негізгі тәсілі – байланыс операторларының, телерадиохабарлаудың және байланыс пен хабардар етудің ведомстволық объектілік желілерінің телекоммуникациялық желілері арқылы ақпаратты және хабардар ету дабылдарын беру.
6. Хабардар ету жүйелерін жұмылдыруға:
республикалық хабардар ету жүйесі – жаһандық төтенше жағдайлар кезінде– Қазақстан Республикасының азаматтық қорғаныс бастығы — Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі және өңірлік төтенше жағдайлар кезінде уәкілетті органның басшысы, азаматтық қорғаныс бойынша тексерістер мен оқу-жаттығуларды өткізу кезінде толық техникалық тексеріске өкім беріледі.
облыстық хабардар ету жүйесі – жергілікті төтенше жағдайлар кезінде облыстардың, қалалардың әкімдері, Азаматтық қорғаныс бойынша техникалық тексерістер мен оқу-жаттығулар өткізу кезінде уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің басшылары;
аудандық хабардар ету жүйесі – жергілікті төтенше жағдайлар кезінде аудандар және ауылдық (селолық) округ әкімдері, Азаматтық қорғаныс бойынша техникалық тексерістер мен оқу-жаттығулар өткізу кезінде уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің басшылары;
хабардар етудің жергілікті жүйесі – объектіні пайдаланатын ұйымның басшысы өкім береді.
7. Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдары ақпаратты немесе хабардар ету дабылдарын алып, олардың алынғанын растайды, алынған ақпаратты немесе хабардар ету дабылдарын белгіленген тәртіппен азаматтық қорғаудың басқару органдарына, күштері мен құралдарына дереу жеткізеді.

6-бап. «112» бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметі

1. Жеке және қоғамдық қауіпсіздікті, азаматтар мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету, табиғи және техногендік сипаттағы қатерлерге, терроризм актілеріне қарсы іс-қимыл жасау, сондай-ақ шұғыл жедел қызметтерді шақыру тәсілін үйлестіру мақсатында Қазақстан Республикасы аумағында шұғыл жедел қызметтерін шақырту үшін «112» бірыңғай нөмірі белгіленеді.
2. Уәкілетті орган «112» бірыңғай нөмірі арқылы шұғыл жедел қызметтерді шақыруды қамтамасыз ету жүйесін құру, дамыту және пайдалану бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару органдары мен жергілікті атқарушы органдар жүргізетін жұмыстардың үйлестірушісі болып табылады.
3. «112» бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметінің негізгі міндеттеріне мыналар жатады:
1) халық пен ұйымдарды адамдардың өмірі мен денсаулығына төнетін қатер және қалыптасқан жағдайда іс-әрекет жасау тәртібі туралы хабардар ету;
2) халықтан және ұйымдардан табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындау қаупі немесе фактісі туралы ақпаратты қамтитын кез келген төтенше оқиғалар (өртті қоса алғанда) туралы хабарлама қабылдау;
3) түскен ақпараттың дұрыстығын тексеру және талдау, оны қабылданған хабарламаға жедел ден қою құзыретіне кіретін кезекші-диспетчерлік қызметке жеткізу;
4) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы мәліметтерді өңдеу және талдау, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда жедел ден қоюға тартылатын өзара іс-қимыл жасайтын (бағынысты) кезекші-диспетчерлік қызметтерді нақтылау, оларды жоғары дәрежедегі әзірлік жағдайына көшіру туралы хабардар ету;
5) өрт, авариялар, дүлей зілзалалар мен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын оқшаулау және жою жөніндегі міндеттерді тұрақты әзірліктегі күштердің назарына жеткізу, қажетті шұғыл шаралар мен шешімдерді қабылдау (жоғары тұрған орган белгілеген өкілеттіктер шегінде);
6) өзара іс-қимыл жасайтын кезекші-диспетчерлік қызметтерден қоршаған ортаның мониторинг жүйелерін (ықтимал қауіпті және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету объектілері аварияларының автоматтандырылған бақылау жүйесін мен ықпалдастырылып автоматтандырылған жүйесін, өрт және өрт сөндіру-күзету автоматты дабылдарының және басқа жүйелерін) жинау және оларға табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындау қаупі немесе фактісі, қалыптасқан жағдай мен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою бойынша күштер мен құралдардың іс-әрекеті туралы ақпаратты назарына жеткізу;
7) азаматтық қорғаудың хабардар ету жүйесін қолдану әзірлігін бақылау, жоспарлы техникалық тексерулер жүргізу;
8) «112» бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметі тәулік бойы жұмыс істейді, тиісті өкілеттіктері бар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындауы немесе қаупі туралы мәліметтерді алғаннан кейін оны болдырмау немесе жою бойынша шұғыл іс-әрекеттер жасауға дереу кіріседі;
9) «112» бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметінің жедел кезекшісінің адамдарды қорғау және құтқару бойынша дербес шешім қабылдау құқығы бар (өз өкілеттіктері шегінде), егер де қалыптасқан жағдай шұғыл іс-қимылдарды аудан және қала, аудандық және қалалық қызметтер басшыларымен келісуге мүмкіндік бермесе, адамдарды, материалдық және мәдени құндылықтарды қорғау және құтқару бойынша қажетті шаралардың уақтылы қабылдануы үшін жауапкершілікте болады.
4. Ақпаратты жедел алу және ұсыну мақсатында «112» бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметі басқа мемлекеттік органдардың  ақпарат жүйелерімен ықпалдасады.

      7-бап. Төтенше жағдайлардың алдын алу және
             оларды жою жөніндегі комиссиялар

1. Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиялар консультативтік-кеңестік органдар болып табылады және азаматтық қорғау саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүргізу жөнінде ұсыныстарды әзірлеу мақсатында құрылады.
Төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиялар азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің республикалық, аумақтық деңгейлерінде құрылады.
Республикалық деңгейде Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен консультативтік-кеңестік орган болып табылатын және авариялармен, апаттармен, дүлей және өзге зілзалалармен негізделген төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және жүргізуге ұсыныстар әзірлеу мақсатында Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссия құрылады.
Аумақтық деңгейде облыстардың, қалалардың, аудандардың төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиялар құрылымы мен құрамы, сондай-ақ олар туралы ережелер тиісті жергілікті атқарушы органдар шешімдерімен айқындалады.
2. Төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиялар өз өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының министрліктерімен, өзге орталық және жергілікті атқарушы органдарымен, кәсіпорындарымен, мекемелерімен және ұйымдарымен, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасай отырып, жүзеге асырады.
3. Төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиялардың негізгі міндеттері:
1) азаматтық қорғауды жетілдіру және одан әрі дамытудың негізгі бағыттарын айқындау;
2) бейбіт және соғыс уақытында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, халықты және аумақты төтенше жағдайлардан қорғауға бағытталған құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық-техникалық және өзге шаралар жүйесін қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
3) азаматтық қорғау күштері мен құралдарын құру және дамыту саласында бірыңғай техникалық саясатты жүргізу;
4) авариялар, апаттар, дүлей зілзалалар және өзге апаттар нәтижесінде зардап шеккен азаматтарды, төтенше жағдайлар салдарын жоюға қатысқан адамдарды әлеуметтік-экономикалық және құқықтық қорғау, медициналық оңалту мәселелері бойынша министрліктердің, өзге орталық және жергілікті атқарушы органдар қызметтерін үйлестіру болып табылады.
4. Төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиялар:
1) азаматтық қорғау саласындағы министрліктер, өзге орталық және жергілікті атқарушы органдар, ғылыми, қоғамдық ұйымдар және бірлестіктер іс-қимылдарын үйлестіру бойынша ұсыныстар енгізуге;
2) төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы іс-шараларға қатысты мәселелер бойынша министрліктер, өзге орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары мен лауазымды адамдарын тыңдауға;
3) министрліктерден, өзге орталық және жергілікті атқарушы органдардан, ұйымдардан Төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия жұмысына қажетті олардың өз қызметі бойынша ақпаратты сұратуға;
4) азаматтық қорғау мәселелері бойынша мемлекеттік нысаналы бағдарламаларды министрліктердің, өзге орталық және жергілікті атқарушы органдардың орындауына талдау жүргізуге;
5) азаматтық қорғау мәселелері бойынша талдау, сараптама және басқа да жұмыстарды орындау үшін Қазақстан Республикасының кәсіпорындары, мекемелері және ұйымдары мамандарын (олардың басшыларымен келісу бойынша) тартуға құқылы.

8-бап. Азаматтық қорғау қызметтері

1. Азаматтық қорғаудың арнайы іс-шараларын орындауды және осы мақсаттарда күштер мен құралдарды дайындауды қамтамасыз ету үшін азаматтық қорғаудың республикалық, облыстық, аудандық, қалалық қызметтері құрылады.
2. Қызметтері азаматтық қорғаудың басқару органдары негізінде құрылған басқару пункттерінің, азаматтық қорғаудың күштері мен құралдарының белгіленген мақсаты бойынша іс-әрекеттер жасауға әзірлігін қамтамасыз етеді.
3. Эвакуациялық іс-шараларды орындауды ұйымдастыру мақсатында орталық және жергілікті атқарушы органдарда, ұйымдарда эвакуациялық, эвакуациялық қабылдау комиссиялары және эвакуациялық органдар құрылады.

9-бап. Азаматтық қорғау құралымдары

1. Азаматтық қорғау құралымдары бейбіт және соғыс уақытта авариялық-құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге арналған.
2. Азаматтық қорғау құралымдары орталық және жергілікті атқарушы органдарда, ұйымдарда құрылады.
3. Азаматтық қорғау құралымдарына І, ІІ, ІІІ топ мүгедектерін, жүкті әйелдерді, сегіз жасқа дейінгі балалары бар әйелдерді және соғыс уақытында – жұмылдыру ұйғарымы бар әскери міндеттілерді қоспағанда, еңбекке қабілетті ерлер мен әйелдер қабылданады.

10-бап. Уәкілетті органның білім беру ұйымдары

Уәкілетті органның білім беру ұйымдары білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын мамандықтар бойынша жоғары білімі бар мамандарды даярлау және азаматтық қорғау органдары қызметкерлері мен өзге де жұмыскерлерінің біліктіліктерін арттыру мақсатында құрылады.
Уәкілетті органның білім беру ұйымдарының басты міндеттері:
1) азаматтық қорғау органдары қызметкерлері мен өзге де жұмыскерлерінің кәсіби өсуі және біліктіліктерін арттыру үшін жағдай жасау;
2) азаматтық қорғау органдары үшін мамандарды даярлау;
3) мамандар даярлау бейініне сәйкес қызметті жетілдірудің өзекті проблемалары бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу, зерттеулерден алынған нәтижелерді оқу процесіне және практикаға ендіру болып табылады.

3-тарау. Азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік реттеу

      11-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
              азаматтық қорғау саласындағы құзыретi

Қазақстан Республикасының Үкiметi азаматтық қорғау саласында:
1) мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын, оны жүзеге асыру жөніндегі стратегиялық және тактикалық шараларды әзiрлейдi және олардың іске асырылуын қамтамасыз етеді;
2) мемлекеттік резервке жалпы басшылықты жүзеге асырады және оның дамуының бірыңғай саясатын айқындайды;
3) мемлекеттік резервті құрады;
4) Қазақстан Республикасының аумағында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға, сондай-ақ басқа мемлекеттерге гуманитарлық көмек көрсетуге Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервiнен қаражат бөледi;
5) азаматтық қорғау саласында техникалық регламенттерді бекітеді;
6) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың жіктемесін белгілейді;
7) азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі туралы ережені бекітеді;
8) азаматтық қорғаудың хабардар ету жүйелерін ұйымдастыру қағидасын және Қазақстан Республикасының халқы мен басқару органдарын бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайларда хабардар ету тәртібін бекітеді;
9) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау номенклатурасы мен көлемін бекітеді;
10) азаматтық қорғаныс мүлкін құру және пайдалану тәртібін айқындайды;
11) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттерінің тізбесін бекітеді;
12) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарына операция жасаудың тиісті қағидасын бекітеді;
13) Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның құрылымы мен құрамын бекітеді;
14) кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің қауіпті өндірістік объектілерге ие болған және (немесе) оларды пайдаланатын ұйымдарға қызмет көрсету қағидаларын бекітеді;
15) су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын бекітеді;
16) өрт қауіпсіздігі қағидасын бекітеді;
17) өнеркәсіптік қауіпсіздік қағидасын бекітеді;
18) қауіпті өндірістік объектілерді сәйкестендіруге, ұйым құрамындағы объектіні қауіпті өндірістік объектілер санатына жатқызуға негізгі талаптарды бекітеді;
19) объектілерді декларациялауға жатқызу өлшемшарттарын айқындайтын Қағидаларды және өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын әзірлеу тәртібін бекітеді;
20) объект қауіптілігінің жалпы деңгейін айқындау тәртібін бекітеді;
21) мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің жұмысын жүзеге асыру тәртібін бекітеді;
22) өрт қауіпсіздігі саласында тәуекелдерді тәуелсіз бағалауды жүргізу тәртібін бекітеді;
23) өрт қауіпсіздігі саласында тәуекелдерді бағалау бойынша есептерді жүргізу тәртібін бекітеді;
24) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою жөніндегі орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың іс-қимылдары, сондай-ақ олардың күштер мен құралдарды бөлу тәртібін бекітеді;
25) азаматтық қорғау құралымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз етуді құру, қамту, даярлау және тарту тәртібін бекітеді;
26) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды мемлекеттік есепке алуды жүзеге асыру тәртібін бекітеді;
27) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын есептен шығару және кәдеге жарату (жою) тәртібін бекітеді;
28) азаматтық қорғаудың республикалық қызметтерінің тізбесін бекітеді;
29) мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет міндетті түрде құрылатын ұйымдар мен объектілердің тізбесін бекітеді;
30) төтенше жағдайлар аймағындағы халықтың тыныс-тіршілігін азық-түлікпен және басқа да материалдық техникалық құралдармен, сондай-ақ азаматтық қорғау күштерін қамтамасыз етуге арналған техникалық құралдармен ең тқменгі қамтамасыз ету нормаларын бекітеді;
31) құтқарушыларды қызмет өткерген кезде, сондай-ақ кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын қамсыздандыруға бөлінетін қаражат есебінен шығыстарды төлеумен бірге авариялық-құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу кезеңінде тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету нормаларын бекітеді;
32) азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу тәртібін айқындайды;
33) азаматтық қорғауды бейбіт жағдайда соғыс жағдайына көшіру, эвакуациялық іс-шараларды жүргізу тәртібін айқындайды;
34) бейбіт уақытта азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерін қолдану тәртібін айқындайды;
35) азаматтық қорғаныс объектілерін құру және пайдалану тәртібін айқындайды;
36) азаматтық қорғаныс іс-шараларын орындау туралы жыл сайынғы есепті ұсыну тәртібін айқындайды;
37) мемлекеттiк резервтi сақтауды жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге шығындарды өтеудiң, сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою, нарыққа реттеушiлiк ықпал жасау, босқындарға көмек және гуманитарлық көмек көрсету үшiн шығарылатын мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтары үшiн залалдарды өтеу тәртібін айқындайды;
38) мемлекеттік резервтің дебиторлық берешегін есептен шығару тәртібін айқындайды;
39) тендер түрінде жаңарту және броньнан шығару тәртібінде мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын шығару тәртібін айқындайды;
40) мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет міндетті түрде құрылатын ұйымдарда, объектілерде өртті сөндіруге мемлекеттік өртке қарсы қызмет тартылған жағдайда шығындарды өтеу тәртібін айқындайды;
41) еңбек сіңірген жылдарына пайыздық үстемеақылар төлеу үшін кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары құтқарушыларының еңбек өтілін есептеу тәртібін айқындайды;
42) авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары құтқарушыларының сыныптылығына үстемеақы төлеу тәртібін айқындайды;
43) хабарлау, білімді насихаттау, халықты және азаматтық қорғау саласындағы мамандарды оқыту тәртібін айқындайды;
44) өртті және оның салдарын мемлекеттік есепке алу тәртібін айқындайды;
45) нарыққа реттеушiлiк ықпал жасау үшін мемлекеттiк резервтi пайдаланған жағдайда материалдық құндылықтарды алушылардың – сауда қызметi субъектiлерiнiң тiзбесiн, сауда үстемесiнiң көлемiн, бағасын және мөлшерiн, сондай-ақ осы тiзбеге енгiзiлетiн сауда қызметiнiң субъектiлерiн iрiктеу қлшемшарттарын айқындайды;
46) мемлекеттік резервтің азайтылмайтын қорында сақтауға жатқызылатын материалдық құндылықтар көлемін айқындайды;
47) ірі ауқымды авариялар, апаттар мен дүлей зілзалалар кезінде авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін Қазақстан Республикасы азаматтық қорғанысының жекелеген әскери бөлімдерін жіберуге шешім қабылдайды;
48) басқа жерге орын ауыстыру, авариялық-құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстардың басқа түріне қайта бейінделуі немесе кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын жою туралы шешім қабылдайды;
49) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар негізінде Қазақстан Республикасы аумағынан тыс төтенше жағдайлар салдарын жоюға кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын тартуға шешім қабылдайды;
50) броньнан шығару және қарызға алу тәртібінде мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын шығару туралы шешім қабылдайды;
51) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтауға арналған объектілерді орналастыру және салу жөнінде шешім қабылдайды;
52) жаңартуға жататын мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын басқа мемлекеттік органдар балансына тапсыру туралы шешім қабылдайды;
53) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттерінің бейіні өзгертілген, олар қайта ұйымдастырылған, жекешелендірілген немесе таратылған жағдайларда мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының орнын ауыстыру туралы шешім қабылдайды;
54) қажет жағдайда республикалық бюджет қаражаты есебінен белгіленген мөлшерден тыс мемлекеттік резервке қосымша материалдық құндылықтарды салу туралы шешім қабылдайды;
55) төтенше жағдайларды, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындауына әкеп соқтырған зілзалалар мен апаттарды тергеу тәртібін белгілейді;
56) өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілермен белгіленбеген талаптардың келісілу тәртібін белгілейді;
57) төтенше жағдайлар аймағындағы адамдарды құтқаруға және аса қажетті жағдайда ұйымдардың байланыс, көлік құралдарын, мүлкі мен өзге материалдық құралдарын пайдалану тәртібін белгілейді;
58) авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын, сондай-ақ мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді аттестаттау және қайта аттестаттау тәртібін белгілейді;
59) авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді;
60) уәкілетті органға қарастырылған бюджеттік қаражат есебінде және шегінде медициналық мекемелер және оңалту орталықтары негізінде азаматтық қорғаныс органдарының қызметкерлерінің медициналық және психологиялық оңалту тәртібін белгілейді;
61) жергілікті атқарушы органдарының өрт бекеттерін құру, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары құрылмаған елді мекендерде олардың материалдық-техникалық жарақтану тәртібін белгілейді;
62) өрт сөндіру-техникалық өнімдерін өндіру тәртібін белгілейді;
63) дала өрттерін, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары құрылмаған елді мекендерде өрттерді сөндіру тәртібін белгілейді.
64) кәсіби авариялық-құтқару қызметтерін жабдықтау және кинологиялық қызметтерді қамтамасыз ету нормаларын белгілейді;
65) мемлекеттік өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің киім және арнайы киім-кешек үлгілері мен тиесілік нормаларын белгілейді;
66) уәкілетті органның білім беру ұйымдары курсанттарын тамақпен қамтамасыз ету бойынша нормаларды белгілейді;
67) мемлекеттік өртке қарсы қызметі өрттерден қорғайтын халық қоныстанған аумақтың және мемлекеттік меншіктің аса маңызды объектілерінің тізбесін белгілейді;
68) уәкілетті органның жедел резерві материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен көлемін айқындайды;
69) Қазақстан Республикасының барлық аумағында кезекші диспетчерлік қызметтерінің жұмысын үйлестіру тәртібін және «112» бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметінің өкілеттіктерін белгілейді;
70) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыс түрлерін өткізуге аттестаттаудан өткен ұйымдарға талаптарды бекітеді;
71) азаматтардың денсаулығы мен мүлкіне, шаруашылық объектілеріне келтірілген залалды өтеу тәртібін айқындайды;
72) Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

12-бап. Уәкілетті органның құзыреті

Уәкілетті орган:
1) азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді, салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;
2) азаматтық қорғау іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу кезінде азаматтық қорғау күштеріне басшылық етеді;
3) өз құзыреті шегінде орталық және жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар мен азаматтар азаматтық қорғауды дайындау және жүргізу мәселелері бойынша орындауға міндетті шешімдерді қабылдайды;
4) төтенше жағдай аймағындағы халықтың бірінші кезектегі тіршілігін қамтамасыз ету және оған медициналық көмек көрсету үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы аумағындағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарын жоюмен байланысты бірінші кезектегі авариялық-құтқару жұмыстары үшін уәкілетті орган жедел резервінің материалдық құралдарын бөледі және оны пайдаланады;
5) уәкілетті органның жедел резервінің материалдық құндылықтарына операция жасау, олардың орнын ауыстыру, оларды пайдалану, толықтыру қағидаларын бекітеді;
6) уәкілетті органның жедел резерві туралы ережені бекітеді;
7) Қазақстан Республикасы азаматтық қорғанысының әскери бөлімдері мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігін қамтамасыз етеді;
8) өз құзыреті шегінде мемлекеттік өртке қарсы органдары қызметкерлерін және әскери қызметшілерді қызметке қабылдау, қызмет бойынша алмастыру, қызметтен шығару, әскери және арнайы атақтарды беру мәселелерін шешуді жүзеге асырады;
9) ведомстволық наградалармен марапаттайды және мемлекеттік наградалармен марапаттауға ұсынады;
10) мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау номенклатурасы мен көлемі жөніндегі ұсыныстарды әзірлейді және оларды Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізеді;
11) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын қалыптастыру және сақтау жөніндегі шығыстардың мөлшері мен құрылымы бойынша Үкіметке ұсыныстар енгізеді;
12) мемлекеттік резервке материалдық құндылықтарды жеткізуге тапсырыстар береді;
13) азаматтық қорғау саласында хабарлауды және халықты хабардар етуді қамтамасыз етеді;
14) авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуді жүзеге асырады;
15) азаматтық қорғау саласында мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады, жеке және заңды тұлғалар орындауға міндетті ұйғарымдарды береді, жеке және заңды тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тартады, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіпте өндірісті тоқтату үшін материалдарды сотқа жібереді;
16) азаматтық қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
17) мемлекеттік резерв жүйесін басқаруды жүзеге асырады, мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын орналастыру, сақтау, толықтыру, орнын ауыстыру, жаңарту және мақсатты пайдалану кезінде осы Заңның және басқа нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтауды қамтамасыз етеді;
18) мемлекеттік резерв жүйесінің материалдық құндылықтарын сақтауды және жаңартуды жүзеге асырады;
19) сақтау пункттеріндегі материалдық құндылықтардың сақталуына түгендеуді жүзеге асырады, тиісті мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары мен мамандарын түгендеу жүргізуге тартады;
20) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарымен жүргізілетін операциялардың қатысушыларымен жасалған шарттардан туындайтын талаптар бойынша берешек пен тұрақсыздық айыппұлын өндіріп алу іс-шараларын жүзеге асырады;
21) өз өкілеттігі шегінде өрттер бойынша анықтауды жүзеге асырады;
22) белгіленген құзырет шегінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы өндірісті жүзеге асырады және бақылайды;
23) өндірістік бақылау тиімділігін, аварияларды және оның салдарын жоюды ұйымдастыру дайындығын, қауіпті өндірістік объектілерде авариялар мен оның салдарын оқшаулау және жою бойынша жұмысты бақылайды;
24) өртке қарсы қызметтерінің жұмысын үйлестіреді;
25) өрт қауіпсіздігі саласындағы техникалық регламенттермен белгіленген талаптардың орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
26) азаматтық қорғау саласындағы ғылыми зерттеулерді, білімдерді насихаттауды, халықты және мамандарды оқытуды ұйымдастырады;
27) елді мекендерде және объектілерде, олардың ведомстволық қатыстығына және меншік нысанына қарамастан өрт сөндіру бөлімшелерінің өртке қарсы күрестің әзірлігін бақылауды жүзеге асырады;
28) азаматтық қорғаныс жоспарларының және төтенше жағдайлар салдарын жою бойынша іс-қимылдар жоспарларының құрылымын айқындайды;
29) республика, облыстар, қалалар, аудандардың азаматтық қорғанысжоспарларын әзірлейді және тиісті азаматтық қорғаныс бастықтарына бекітуге ұсынады;
30) жаһандық және өңірлік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарын жою бойынша іс-қимылдар жоспарларын әзірлейді және оларды Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекіту үшін ұсынады;
31) азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерін дайындау бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлейді және бекітеді;
32) азаматтық қорғауды қамтамасыз ету үшін қару-жараққа, техникаға, қорғау құралдарына және басқа да материалдық-техникалық құралдарға қажеттілікті айқындайды;
33) азаматтық қорғаныстың мүлігін сақтау, есепке алу, есептен шығару және кәдеге жарату тәртібін айқындайды;
34) азаматтық қорғаныстың қорғау құрылыстарын есептен алу тәртібін айқындайды;
35) Қазақстан Республикасы аумағында қолданылатын өрт сөндіру-техникалық өнімдер түрлеріне арнайы қорытынды беру бойынша рәсімді айқындайды;
36) аккредиттеу туралы құжаттарды қарау үшін және олар бойынша шешім қабылдау жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссия құрамын және қызметінің тәртібін айқындайды;
37) авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын тіркеу тәртібін айқындайды;
38) техникалық регламенттерді бекітуді қоспағанда азаматтық қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілер, нормативтік актілер, нормативтер, стандарттар мен қағидалар жобаларын әзірлейді, бекітеді және келіседі;
39) азаматтық қорғау күштері бөлімшелерін жұмылдыру және жұмылдыру дайындығы, бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлар туындаған кезде олардың жұмыстарының тұрақтылығын арттыру бойынша шаралар әзірлейді;
40) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық статистикалық есептілік, тексеру парақтары, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері нысандарын әзірлейді және бекітеді;
41) мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандарын даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жөнінде мамандандырылған оқу орталықтарының біліктілік талаптарын бекітеді;
42) мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің мамандарын арнайы даярлау бойынша оқыту бағдарламасын және курстарын бекітеді;
43) азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының көлемі мен мазмұнын бекітеді;
44) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау нормативтерін бекітеді;
45) кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының құтқарушыларын оқыту және даярлау бағдарламаларын бекітеді;
46) ерікті өрт сөндірушілерді алғашқы дайындықтан өткізу бағдарламасын бекітеді;
47) төтенше жағдайлар туындаған және әскери қақтығыстар немесе осы қақтығыстар салдары кезде қорғану әдістері және іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың басқару органдарын және күштерін, халықты даярлау бағдарламасын бекітеді;
48) азаматтық қорғаудың республикалық қызметтері туралы ережені бекітеді;
49) өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту тәртібі мен өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту бағдарламасының мазмұнына қойылатын талаптарды бекітеді;
50) материалдық құндылықтарды шығару (жаңарту тәртібімен) және мемлекеттік резервке жеткізу туралы шешім қабылдайды;
51) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттерінің бейіні өзгертілген, олар қайта ұйымдастырылған, жекешелендірілген немесе таратылған жағдайларда Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының орнын ауыстыру бойынша ұсыныстар енгізеді;
52) мемлекеттік резерв номенклатурасын толықтыру мақсатында жұмылдыру резервінің броньнан шығарылған материалдық құндылықтарын орнын ауыстыру туралы шешім қабылдайды;
53) объектілік кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының орнын ауыстыру, оларды қайта бейіндеу немесе тарату туралы ұйым басшылығының шешімдерін келіседі.
54) жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органмен және Қорғаныс министрлігімен келісу бойынша мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттерінің тізбесін жасайды және бекітеді;
55) азаматтық қорғау саласында ведомстволық бағынысты ұйымдар, оның ішінде ғылыми-зерттеу ұйымдарын, коммерциялық емес мамандандырылған оқу орындарын, шұғыл медициналық және психологиялық көмек қызметін құру және қайта құру бойынша іс-шаралар жүргізеді;
56) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын орналастыруды, есепке алуды, олардың сан және сапа жағынан сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді;
57) азаматтық қорғау күштерінің қызметін қамтамасыз етеді;
58) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау және пайдалану тәртібін бұзған кінәлі адамдарды жауапкершілікке тарту туралы мәселені шешу үшін құқық қорғау органдарына түгендеу материалдарын жібереді;
59) төтенше жағдайлардың салдарын жою үшін мемлекеттік және жұмылдыру резервтері құрамындағы материалдық-техникалық, азық-түлік, медициналық және басқа ресурстар қорларын пайдалану туралы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражатты пайдалану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметіне ұсыныстар енгізеді;
60) мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, өз құзыреті шегінде авариялар себептерін тексеруді ұйымдастырады және жүргізеді;
61) қолданыстағы заңға сәйкес төтенше жағдайлар салдарын жою кезінде ұйымдардың материалдық-техникалық ресурстарын жұмылдырады;
62) азаматтық қорғау мониторингін жүргізеді;
63) ұйымдардың өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыс жүргізу құқығына аттестаттауды және олардың қызметіне бақылауды жүргізеді;
64) өрт сөндіру қауіпсіздігі саласында тәуекелдерді тәуелсіз бағалау бойынша ұйымдарға аккредиттеу жүргізеді;
65) азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік есепке алуды жүргізеді;
66) сараптау ұйымдарының мемлекеттік тізілімін жүргізеді;
67) азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері және өзге де жұмыскерлері үшін арнайы киім үлгілерін белгілейді;
68) қауіпті өндірістік объектілерде ғимараттардың, құрылыстардың, техникалық қондырғылардың, материалдардың уақтылы техникалық куәландыруын жүргізуді бақылайды;
69) қызметі үшінші тұлғаға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті түрде сақтандыру жөніндегі шарттарын жасасу бойынша міндеттемелерді қауіпті өндірістік объектілер иелерінің орындауын бақылайды;
70) қауіпті өндірістік объектілерді, технологияларды, техникалық жабдықтарды, материалдарды, оның ішінде шетелде өндірілгендерді пайдалануға рұқсат береді;
71) жарылғыш материалдарды, оның ішінде шетелде өндірілгендерді қолдануға рұқсат береді;
72) тау жұмыстарын дамыту жоспарларын келіседі;
73) өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша әдістемелік ұсынымдарды келіседі;
74) мемлекеттік инспекторға бірыңғай үлгідегі куәлікті, төс белгіні, нөмірлі мөр мен пломбирді беру тәртібін айқындайды;
75) қызметтік куәліктің, төс белгінің, нөмірлік мөр мен пломбирдің үлгілерін белгілейді;
76) мемлекеттік инспекторлардың акт нысандарын бекітеді;
77) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері мен ведомстволарына өзінің жекелеген өкілеттіктерін жүзеге асыру үшін табыстайды;
78) қылмыстың алдын алу, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қорғау, халық тарапынан сенім мәселелері басымдылығымен, өкілдік органдар мен қоғамның беретін сыртқы бағалау тетіктерін анықтаумен, сыбайлас жемқорлық деңгейін рейтингтік бағалауды енгізумен есептілік жүйесі мен қызметті бағалауды жетілдіреді, сондай-ақ азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастықтың әр түрлі нысандарын белгілейді;
79) халық қоныстанған аумақтарды және мемлекеттік меншіктегі аса маңызды объектілерді өрттерден қорғауды қамтамасыз етеді;
80) азаматтық қорғаудың мемлекеттік хабардар ету жүйесін басқарады;
81) қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңартуға, консервациялауға және жоюға жобалық құжаттаманы келіседі;
82) қосалқы (қалалық, қала сыртындағы), көмекші, жылжымалы басқару пункттерін құруды қамтамасыз етеді;
83) азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің, ахуалдық-дағдарыс орталықтарының корпоративтік ақпараттық-коммуникациялық жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
84) Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдарында және Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге функцияларды жүзеге асырады.

      13-бап. Азаматтық қорғау саласындағы орталық
              атқарушы органдардың құзыреті

Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары өз құзыреті шегінде:
1) орталық атқарушы органның азаматтық қорғаныс жоспарын әзірлейді және бекітеді;
2) азаматтық қорғау саласындағы нормативтерді, стандарттар мен қағидаларды әзірлейді, бекітеді және/немесе келіседі, мемлекеттік салалық есепке алуды жүргізеді және осы деректерді азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға ұсынады;
3) төтенше жағдайлар бойынша салалық комиссия, оның ішінде салалық өрт-техникалық комиссияларын құрады, олардың ережелерін және құрамын бекітеді;
4) олардың қарамағындағы төтенше жағдайлар жағдайын қадағалау, бақылау және оларды болжау қызметтеріне басшылық жасайды;
5) азаматтық қорғау саласында ғылыми зерттеулер, білімді насихаттау, халықты және мамандарды оқыту ісін ұйымдастырады;
6) азаматтық қорғау саласында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің орындалуын қамтамасыз етеді;
7) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау үшін ұйымдардың тізбесі жөнінде ұсыныстар әзірлейді, олармен мемлекеттік резервке материалдық құндылықтарды жеткізу және сақтау үшін шарттар жасасуға жәрдемдеседі;
8) жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын сақтау пунктерінің бейіні өзгертілген, олар қайта ұйымдастырылған, жекешелендірілген немесе таратылған жағдайларда жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарының орнын ауыстыру бойынша ұсыныстарды жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органға жолдайды, ол оларды Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді;
9) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын қалыптастыруға және сақтауға ұйымдастырушылық көмек көрсетеді;
10) уәкілетті органмен келісе отырып, белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын қарызға беру және броньнан шығару туралы ұсыныстар енгізеді;
11) жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын сақтау бөлігінде жұмылдыру тапсырыстарын орындауға ұйымдармен шарт жасасады;
12) заңнамамен белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының Үкіметіне жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын қалыптастыру және сақтау шығындарының көлемі мен құрылымы бойынша ұсыныстар енгізеді;
13) мемлекеттік органдардағы өрт қауіпсіздігінің жай-күйіне бақылауды қамтамасыз етеді, өрттердің алдын алу бойынша іс-шаралар жүргізеді;
14) салаларда азаматтық қорғанысқа басшылық етуді жүзеге асырады;
15) ведомстволық бағынысты ұйымдарда азаматтық қорғаныс мүлкінің запастарын құрады және олардың сақталуына, жаңартылуына және қолдануға әзірлікте ұсталуына бақылауды жүзеге асырады;
16) жаһандық және өңірлік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою бойынша іс-қимылдар жоспарларын әзірлеуді және олардың бекітілуін ұйымдастырады;
17) қосалқы (қалалық, қала сыртындағы), көмекші, жылжымалы басқару пункттерін құруды қамтамасыз етеді.

      14-бап. Азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан
              Республикасы Қорғаныс министрлігінің құзыреті

Қорғаныс министрлігі:
1) уәкілетті органды, ал жергілікті әскери басқару органдары арқылы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерін жауынгерлік дайындықтың тиісті деңгейіне келтіру туралы, сондай-ақ жұмылдыруды жариялау туралы хабардар етеді;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары негізінде Қазақстан Республикасының азаматтық қорғаныс жүйесіне азаматтарды міндетті әскери қызметке шақыруды, сондай-ақ жұмылдыру бойынша шақыруды жүзеге асырады;
3) қазіргі зақым келтіру құралдарын қолдану салдарынан халықты және аумақты қорғау жөнінде, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою жөніндегі міндеттерді шешу кезінде уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасайды.

      15-бап. Азаматтық қорғау саласындағы жергілікті
              атқарушы органдардың құзыреті

1. Жергілікті атқарушы органдар жергілікті ауқымдағы тиісті аумақта табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуға және оларды жоюға жауапкершілік тартады.
2. Азаматтық қорғау саласындағы жергілікті атқарушы органдардың өкілеттіктеріне:
1) азаматтық қорғау саласындағы шаралар туралы халық пен ұйымдарды ақпараттандыру;
2) өз құзыреті шегінде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккен азаматтар мен қызметшілердің әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету, азаматтардың денсаулығы мен мүлкіне, қоршаған ортаға және объектілерге келтірілген зиянды өтеу;
3) мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары құрылмаған елді мекендерде өрт сөндіру бекеттерін, олардың материалдық-техникалық жабдықтандыруын ұйымдастыру;
4) қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсер етуі жағдайында адамдардың өмірін құтқару, олардың денсаулығын, құқықтары мен мүдделерін қорғау, меншіктерін сақтау, қоғамдық тәртіпті қолдау, оларды оқшаулау шараларын орындау бойынша бар күштер, құралдар мен ресурстарды қатыстыра отырып, қажетті көмек көрсету;
5) азаматтық қорғаудың басқару жүйесін, күштері мен құралдарын құру және оларды үнемі әзірлік жағдайында ұстап тұру;
6) азаматтық қорғау құралымдарын даярлауды ұйымдастыру;
7) апаттарды, төтенше жағдайларды тергеуге қатысу;
8) азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі жергілікті бюджеттің атқарылуын бекітілген бюджет тағайынына сәйкес қамтамасыз ету;
9) төтенше жағдайлар салдарының жойылуынан кейін қоршаған ортаны сауықтыру, ұйымдар мен азаматтардың шаруашылық қызметін қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру;
10) өз құзыреті шегінде азаматтық қорғауға басшылықты жүзеге асыру;
11) азаматтық қорғаныс мүлігінің көлемін айқындау және оларды жинақтау, сақтау, жаңартып отыру және әзірлік жағдайында ұстау жөніндегі қажетті шаралар қабылдау;
12) уәкілетті органмен келісу арқылы азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының талаптарын, өрт, өнеркәсіптік, сейсмикалық, тасқынға қарсы, сел, көшкін және сырғыма қауіпсіздігі шараларын, пайдалы қазбаларды өндіріп шығаруды дамытудың болашағы және оның геологиялық құрылымдар тұрақтылығына әсерін қамтамасыз ете отырып, аумақтарды салуды жоспарлау, ғимараттар мен құрылыстарды салу және қолданысқа тапсыру;
13) кен өндірілетін аудандарда ғимараттар мен құрылыстардың беріктілігі мен орнықтылығын арттыру;
14) хабардар ету мен ақпараттандырудың техникалық құралдарын орналастыруды ұйымдастыру;
15) «112» бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметі мен азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі кіші жүйелерінің аудандардың, қалалардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың авариялық қызметтерінің ақпараттық өзара іс-қимылын ұйымдастыру;
16) төтенше жағдайларда халықтың тіршілігін қамтамасыз ету;
17) жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайлардың салдарын жою жөніндегі іс-қимыл жоспарларын бекіту;
18) дала өрттерін, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет құрылмаған елді мекендердегі өрттерді сөндіру;
19) жергілікті атқарушы органдардың төтенше резервінен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуға және оларды жоюға қаражат бөлу;
20) аудандық хабардар ету жүйесін құрып, тұрақты әзірлікте ұстау;
21) төтенше жағдайларды болдырмау, адамдардың өмірін құтқару және денсаулығын сақтау, материалдық және мәдени құндылықтарды қорғау, сондай-ақ төтенше жағдайлар салдарын жою және олардан болатын залалды азайту бойынша шараларды әзірлеу және қабылдау;
22) төтенше жағдай аймағында зардап шегушіге медициналық, оның ішінде дәрі-дәрмектік және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
23) қосалқы (қалалық, қала сыртындағы), көмекші, жылжымалы басқару пункттерін құруды қамтамасыз ету жатады.
3. Қазақстан Республикасының аумағында халықтың жергілікті маңызы бар мәселелерінің дербес шешілуін қамтамасыз ететін жергілікті өзiн-өзi басқарудың төтенше жағдайлар салдарының алдын алуға және оларды жоюға қатысуына жол беріледі. Жергілікті өзiн-өзi басқару органдарының ұйымдастыру және қызметінің тәртібін заңда белгіленген шекте азаматтардың өздері айқындайды.
4. Жергілікті өкілдік органдар олардың бұзылуы әкімшілік жауапкершілікті көздейтін төтенше жағдайлар кезінде қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті, олардың алдын алу және жоюды қамтамасыз ету жөніндегі қағиданы қабылдайды.

      16-бап. Ұйымның құқықтары мен міндеттері

1. Ұйым:
1) мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға азаматтық қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстарды енгізуге;
2) оның объектілерінде болған авариялардың және өрттердің себептері мен мән-жайларын анықтау жөнінде жұмыстар жүргізуге;
3) заңнамада белгіленген шекте азаматтық қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі әлеуметтік және экономикалық ынталандыру шараларын белгілеуге;
4) азаматтық қорғау мәселелері жөнінде ақпарат алуға;
5) өз қаражаты есебінен қамсыздандырып отырған мемлекеттік емес өртке қарсы қызметті заңда белгіленген тәртіпте құру, қайта құру және жоюға, сондай-ақ мұндай қызметті шарт негізінде қызметтестікке тартуға;
6) өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы тәуекелдерді бағалауды жүргізуге;
7) белгіленген тәртіпте мемлекеттік билік және басқару органдарынан, кәсіпорындардан, мекемелер мен ұйымдардан төтенше жағдайлар көздері мен оларды жою шаралары туралы ақпарат алуға құқылы.
2. Ұйым:
1) азаматтық қорғау талаптарын сақтауға, сондай-ақ мемлекеттік инспекторлармен берілген азаматтық қорғау саласындағы талаптардың бұзушылықтарын жою жөніндегі нұсқаманы орындауға;
2) өнеркәсіптік және өрт сөндіру қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға;
3) өртке қарсы насихат жүргізуге, сондай-ақ өрт сөндіру қауіпсіздігі шараларына өз қызметкерлерін оқытуға;
4) өртке қарсы қызметтің құрылуы міндетті ұйымдар мен объектілерде мемлекеттік емес өртке қарсы қызметті, соның ішінде шарт негізінде жұмыс істейтін осындай қызметтерді құруға және оларды өз қаражаты есебінен қамсыздандыруға;
5) өрт сөндіру жүйелері мен құралдарын жарамды күйінде ұстауға, олардың мақсатсыз пайдаланылуына жол бермеуге;
6) өрттерді сөндіру, олардың пайда болуы мен дамуының себептері мен шарттарын анықтау кезінде, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуына және өрттердің пайда болуына кінәлі адамдарды анықтауда өртке қарсы қызметке көмек көрсетуге;
7) өртті анықтап табу және сөндірудің автоматты құралдарын ендіру жөніндегі шараларды жүзеге асыруға;
8) Үкіметпен белгіленген тәртіпте ұйымдардың аумақтарындағы өрттерді сөндіру кезінде қажетті күштер мен құралдарды, жанар-жағар май материалдарын, сондай-ақ өрттерді сөндіру жөніндегі іс-қимылдарды орындауға қатысушы өртке қарсы қызметтің бөлімшелері және өрт сөндіруге жұмылдырылған күштер үшін азық-түлік және демалу орындарын ұсынуға;
9) өрттерді сөндіру, аварияларды жою кезінде, олардың пайда болуы мен дамуының себептері мен шарттарын анықтауға, сондай-ақ өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзуға және өрттер мен авариялардың пайда болуына кінәлі адамдарды анықтап табуға көмек көрсетуге, заңда белгіленген тәртіпте ұйымдар аумақтарында азаматтық қорғау органдары бөлімшелерінің өз қызметтік міндеттерін жүзеге асыра алуын қамтамасыз етуге;
10) өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жағдайы туралы, оның ішінде шығарылған өнімінің өрт қауіпсіздігі туралы, сондай-ақ олардың аумақтарында болған өрттер, авариялар мен олардың салдары туралы мәліметтерді және құжаттарды ұсынуға;
11) пайда болған өрттер, өртке қарсы қорғау жүйелері мен құралдарының ақаулықтары туралы, жолдар мен кіреберістер жағдайының өзгерістері туралы өртке қарсы қызметке дереу хабарлауға;
12) белгіленген тәртіпте ақпарат ұсынуға, қызметкерлерді және халықты төтенше жағдайлардың пайда болу қаупі туралы немесе пайда болуы туралы хабардар етуге;
13) заңда көзделген жағдайларда қызметкерлерге және өзге азаматтарға төтенше жағдайлардың салдарынан келтірілген залалды өтеуді қамтамасыз етуге, төтенше жағдайлар салдарын жоюдан кейін қоршаған ортаны сауықтыру, азаматтар мен ұйымдардың шаруашылық қызметін қалпына келтіру жөнінде іс-шаралар өткізуге;
14) жұмыскерлер мен өндірістік және әлеуметтік мақсаттағы объектілерді төтенше жағдайлардан қорғау жөніндегі қажетті шараларды жоспарлауға және жүзеге асыруға;
қауіпті өндірістік объектілері бар және (немесе) олардағы жұмыстарға тартылатын аттестатталған, жобалық және басқа да мердігерлік ұйымдар:
1) Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды қолдануға;
2) өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуы үшін өндірістік бақылауды ұйымдастыруға және жүзеге асыруға;
3) заңнамада белгіленген мерзімде ғимараттардың өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізуге, тау жұмысын дамыту жоспарларын келісуге, қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын құрылыс және техникалық құрылғылардың, материалдардың диагностикасын, сынағын, жарамды-жарамсыздығын куәландыруды жүргізуге;
4) техникалық құрылғыларды, материалдарды пайдаланудың нормативтік мерзімі аяқталғаннан кейін олардың одан әрі қауіпсіз пайдаланылу мерзімін айқындау үшін сараптама жүргізуге;
5) белгіленген талаптарға сәйкес қауіпті өндірістік объектілерде лауазымды адамдар мен қызметкерлердің жұмыс істеуіне рұқсат беруге;
6) қауіпті өндірістік объектілерге бөтен адамдардың кіруіне жол бермеу жөніндегі шараларды қабылдауға;
7) авариялардың, инциденттердің пайда болу себептеріне талдау жүргізуге, қауіпті өндірістік факторлардың және олардың салдарының денсаулыққа зиянды әсер етуінің алдын алуға және жоюға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыруға;
8) авариялар және қауіпті өндірістік факторлардың пайда болуы туралы уәкілетті органдардың аумақтық бөлімшесін, жергілікті мемлекеттік басқару органдарын, халықты және қызметкерлерді дереу хабардар етуге;
9) авариялар, инциденттер есебін жүргізуге;
10) қауіпті өндірістік объектінің қаржылық-экономикалық қызметінің жоспарларын әзірлеу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған шығындарды қарастыруға;
11) қауіпті өндірістік факторлардың, жарақаттанудың және кәсіби аурудың зиянды әсері туралы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне ақпаратты ұсынуға;
12) Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты декларациялауға жататын қауіпті өндірістік объектiлер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыруға;
13) мемлекеттік инспекторды ол қауіпті өндірістік объектіде болған кезде қорғау құралдарымен, қауіпсіздік аспаптарымен қамтамасыз етуге және өз міндеттерін орындау кезінде өзге көмек көрсетуге;
14) пайдаланудың нормативтік мерзімін өтеген техникалық құрылғылардың, материалдардың уақтылы жаңартылуын қамтамасыз етуге;
15) осы Заңда белгіленген қауіпті өндірістік объектілерді декларациялауға;
16) белгіленген заңнамаға сәйкес қауіпті өндірістік объектінің қызметкерлер штатының жасақталуын қамтамасыз етуге;
17) өнеркәсіптік қауіпсіздігі саласындағы қызметкерлердің дайындығын, қайта даярлығын, біліктілігін арттыруды және білімін тексеруді қамтамасыз етуге;
18) өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясына сараптама жүргізуді қамтамасыз етуге;
19) кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерімен және құралымдарымен қызмет көрсету жөнінде шарт жасасуға және/немесе объектілі кәсіби авариялық-құтқару қызметтерді және құралымдарды құру;
Бұл ретте тек геологиялық барлау жұмыстары (көмірсутегі шикізатын геологиялық барлауды қоспағанда); бұрғылау-жару жұмыстарын жүргізусіз жалпыға таралған пайдалы қазбаларды өндіру бойынша тау-кен жұмыстары жүргізіліп жатқан; жүк көтергіш механизмдері пайдаланылатын қауіпті өндірістік объектілер кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерімен және құралымдарымен қызмет көрсету туралы шарт жасасуға және/немесе объектілік кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын құруға міндетті емес;
20) уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне қауіпті заттардың тасымалданатыны туралы үш тәулік ішінде жазбаша хабарлауға;
21) уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде қауіпті өндірістік объектілерді есепке қоюды, есептен шығаруды жүзеге асыруға;
22) азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік инспекторымен немесе оның орынбасарларымен қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңартуға, консервациялауға және жоюға жобалық құжаттаманы келісуге;
23) қауіпті өндірістік объектілерді пайдалануға енгізу кезінде уәкілетті органның мемлекеттік инспекторының қатысуымен қабылдау сынақтарын жүргізуге;
24) авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін қажетті техникамен, жабдықпен, сақтандыру және жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ете отырып, объектілік кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын әзірлікте ұстауға;
25) қауіпті өндірістік объектілерде болуы мүмкін аварияларды және олардың салдарын оқшаулау және жою бойынша іс-шараларды жоспарлауға және жүзеге асыруға;
26) болуы мүмкін авариялардың, инциденттердің салдарын оқшаулау және жою үшін материалдық және қаржылық ресурстар резервтеріне ие болуға;
27) қауіпті өндірістік объектілерде авариялар, инциденттер болған жағдайда бақылау, хабардар ету, байланыс және іс-қимылдарды қолдау жүйелерін құруға және олардың тұрақты қызмет етуін қамтамасыз етуге;
28) қауіпті өндірістік объектілерде аварияның, инциденттің болуы кезінде қызметкерлерді азаматтық қорғау және жасалынатын іс-қимылдар жөнінде оқытуды жүзеге асыруға;
29) жергілікті хабардар ету жүйелерін құруға және оларды тұрақты әзірлікте ұстауға (қауіптілігі ықтимал объектілер үшін жергілікті хабардар ету жүйесін уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің диспетчерлік пунктіне техникалық қосу міндетті болып табылады);
азаматтық қорғаныс жөніндегі санатқа жататын объектілер иелері:
1) азаматтық қорғаныс жоспарларын әзірлеуге және оларды іске асыру бойынша басшылық етуді жүзеге асыруға;
2) объектілі сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларын әзірлеуге және бекітуге;
3) әскери қақтығыстарды жүргізу кезінде жұмыскерлер мен объектілерді қорғау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға;
4) қызметкерлерді азаматтық қорғаныс бойынша оқытуды жүзеге асыруға;
5) ұжымдық және жеке қорғану құралдарын құруға және оларды тұрақты әзірлікте ұстауға;
6) өз объектілерінде авариялық-құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуді ұйымдастыруға міндетті.
3. Өрт қауіпсіздігі мен өрт сөндіруді қамтамасыз ету ұйымдар басшыларына жүктеледі.

      17-бап. Азаматтық қорғау саласындағы
              қоғамдық бірлестіктердің құзыреті

Қоғамдық бірлестіктер Қазақстан Республикасының заңнамасына және олардың жарғыларына сәйкес азаматтық қорғау, халықты, қоршаған орта мен объектілерді қорғау іс-шараларына қатыса алады.
Қоғамдық бірлестіктердің төтенше жағдайлардың салдарын жою жөніндегі қатысушыларының мемлекеттік аттестаттауын растайтын арнайы дайындығы болуы тиіс.
Қоғамдық бірлестіктер азаматтық қорғау саласындағы білімді насихаттауды жүзеге асыра алады.
Қоғамдық бірлестіктер республикалық, облыстық және жергілікті деңгейдегі мемлекеттік құрылымдарға төтенше жағдайлардан зардап шеккен халықтың зілзаладан кейін қалпына келтірілуіне және шұғыл гуманитарлық көмек көрсетуіне жәрдемдесуі мүмкін.
Қоғамдық бірлестіктер өздерінің зілзаладан кейін қалпына келтіру көмегі мен шұғыл көмек көрсету жөніндегі қызметін уәкілетті органмен және оның аумақтық бөлімшелерімен үйлестіруі тиіс, олардың іс-қимылдары төтенше жағдайлар туындаған жағдайда олардың салдарын жою жөніндегі тиісті іс-қимылдар жоспарларында көрсетілуі керек.

      18-бап. Азаматтық қорғау саласындағы жеке
              тұлғалардың құқықтары мен міндеттері

1. Жеке тұлғалар:
1) олар ұшырауы мүмкін табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың қауіпті факторларының пайда болу қаупі және қажетті қауіпсіздік шаралары туралы хабардар болуға;
2) азаматтарды, объектілерді төтенше жағдайлардан және олардың салдарынан қорғау мәселелері жөнінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына және жергілікті басқару органдарына жеке жүгінуге, жеке және ұжымдық өтініштерді жіберуге;
3) төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою жөніндегі іс-шараларға қатысуға, ұжымдық және жеке қорғану құралдарын, азаматтық қорғауға арналған басқа мүлікті пайдалануға;
4) қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіпте төтенше жағдайлар, өрт салдарынан олардың денсаулығы мен мүлкіне келтірілген залалдың өтелуіне;
5) азаматтық қорғауды қамтамасыз етуге қатысуға;
6) төтенше жағдайлар туындаған жағдайда өмірінің, денсаулығының және жеке мүлкінің қорғалуына;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жарақаттануына немесе ауруына байланысты еңбекке қабілеттілігінен айрылған, асыраушысынан айрылған, жарақаттануынан немесе ауруынан қаза тапқан немесе қайтыс болған жағдайда, егер олар төтенше жағдайларды жою жөніндегі міндеттерді орындау салдарынан болса, әлеуметтік қамсыздандырылуға;
8) сотқа табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан олардың денсаулығы мен мүлкіне келтірілген зиянды өтеу туралы талап-арыз қоюға құқылы.
2. Жеке тұлғалар:
1) азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға;
2) төтенше жағдайлардың туындауына әкеп соқтыруы мүмкін авариялар, табиғи құбылыстар қаупі туралы тиісті органдарға хабарлауға;
3) «Баршаңыздың назарыңызға!» дабылы бойынша іс-қимыл тәртібін білуге және орындауға;
4) азаматтық қорғау жөніндегі оқудан өтуге;
5) тұрмыста және күнделікті еңбек және шаруашылық қызметте қауіпсіздік шараларын сақтауға, төтенше жағдайлардың туындауына әкеп соғуы мүмкін өндірістік және технологиялық тәртіптің, қауіпсіздік талаптарының бұзылуына жол бермеуге;
6) өртке қарсы қызмет бөлімшелері келгенге дейін адамдарды, мүлікті құтқару және өрттерді сөндіру жөнiнде қолдан келген шараларды қабылдауға;
7) өндірістік қауіпті объектілердегі авариялардың, инциденттердің себептерін тексеру кезінде, сондай-ақ өртке қарсы қызметке өрттерді сөндіру кезінде ықпал етуге;
8) азаматтық қорғау органдарының ұйғарымдарын және өзге заңды талаптарын орындауға;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте азаматтық қорғау органдарына оларға тиісті өндірістік, шаруашылық, тұрғын және өзге үй-жайлар мен құрылыстарға азаматтық қорғау саласындағы бақылау мақсатында зерттеу және тексеріс жүргізу мүмкіндігін ұсынуға;
10) төтенше жағдайлар салдарын жою бойынша өткізілетін оқу-жаттығуларға және жаттығуларға қатысуға, халық пен объектілерді қорғау құралдарында құнтты қарауға міндетті.
3. Қауіпті өндірістік объектілерде жұмыс істейтін жеке тұлғалар:
1) өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға;
2) ұйым әкімшілігін, қауіпті өндірістік объектідегі авариялар, инциденттер туралы шұғыл хабарлауға, өрттердің болуын анықтаған жағдайда ол туралы өртке қарсы қызметке хабарлауға;
3) өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша оқытудан өтуге және нұсқау алуға, қайта даярлықтан, білім тексерісінен өтуге;
4) қауіпті өндірістік объектілердегі авариялардың, инциденттердің себептерін анықтауға, сондай-ақ өртті сөндіру кезінде өртке қарсы қызметке көмек көрсетуге;
5) өртке қарсы қызмет бөлімшелері келгенге дейін адамдарды, мүлікті құтқару және өрттерді сөндіру жөнiнде қолдан келген шараларды қабылдауға;
6) азаматтық қорғау органдарының нұсқамаларын және өзге заңды талаптарын орындауға;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте азаматтық қорғау саласын бақылау мақсатында азаматтық қорғау органдарына өздеріне тиесілі өндірістік, шаруашылық, тұрғын үйді және өзге үй-жайлар мен құрылыстарды зерттеуге және тексеруге ұсынуға міндетті.
4. Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар азаматтық қорғау саласында Қазақстан Республикасымен бекітілген халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтары үшін белгіленген құқықтар мен міндеттерге ие болады.

4-бөлім. Азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік
бақылау және қадағалау

      19-бап. Азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау
              мен қадағалаудың түрлері мен міндеттері

1. Азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын сақтау мақсатында азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалауды уәкілетті орган жүзеге асырады.
2. Азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалаудың түрлері:
1) азаматтық қорғаныс саласындағы іс-шаралардың орындалуын бақылау;
2) өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау;
3) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қадағалау;
4) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою саласындағы бақылау;
5) қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру саласындағы бақылау болып бөлінеді.
3. Азаматтық қорғаныс саласындағы бақылаудың міндеті халықты, аумақтар мен объектiлерді қазіргі зақым келтіру құралдарынан қорғауға бағытталған нормативтік құқықтық актілердің орындалуын тексеру болып табылады.
4. Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылаудың міндеті субъектілерді құқықтық мәртебесіне, меншік нысанына және қызмет түрлеріне қарамастан осы Заң нормалары талаптарының, Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының, ал Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, тек Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының және Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының сақталуын анықтау мақсатында тексерулерді жүзеге асыру болып табылады.
5. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қадағалау қауіпті өндірістік объектілердегі авариялардың, инциденттердің нәтижесінде туындайтын қауіпті өндірістік факторлардың персоналға, халыққа зиянды әсерінің алдын алуға бағытталған.
6. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою саласындағы бақылаудың міндеті халықты, аумақтар мен объектілерді төтенше жағдайлардан қорғауға бағытталған нормативтік құқықтық актілердің орындалуын тексеру болып табылады.
7. Қызметтері үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершіліктерін міндетті сақтандыру саласындағы бақылаудың міндеті объектілер иелерінің міндетті сақтандыру шарттарын жасасуын тексеру болып табылады.
8. Шахталардың, кеніштердің, кен қазбаларының жерасты құрылыстарында, ашық көмір разрездерінде, мемлекеттік орман қорының аумағында, сондай-ақ әуе, ішкі су және теміржол көлігінде өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылауды Қазақстан Республикасының тиісті уәкілетті органдары жүзеге асырады.
9. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының дипломатиялық мекемелерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шет елдердегі өзге де өкілдіктерінің өрт қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуін бақылау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      20-бап. Азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік
              бақылау және қадағалауды жүзеге асыратын
              лауазымды адамдар

1. Азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға:
1) азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік инспекторлары – азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі ведомстволарының басшылары;
2) азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік инспекторларының орынбасарлары – азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі ведомстволары басшыларының орынбасарлары;
3) азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі Қазақстан Республикасының мемлекеттік инспекторлары – азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі ведомстволарының мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі мамандары;
4) азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік инспекторлары – азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органдардың аумақтық бөлімшелерінің басшылары;
5) азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік инспекторларының орынбасарлары – азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органдардың аумақтық бөлімшелері басшыларының орынбасарлары;
6) азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қаланың, аудандардың мемлекеттік инспекторлары – азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органдардың аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі мамандары жатады.
2. Мемлекеттік инспекторға уәкілетті органмен белгіленген тәртіпте бірыңғай үлгідегі куәлік, нөмірлік мөртабан, төс белгісі және пломбир беріледі.

      21-бап. Азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік
              инспектордың құқықтары мен міндеттері

Азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік инспектор:
1) белгіленген тәртіпті сақтай отырып, азаматтық қорғау саласындағы жағдайға тексерулерді жүргізу мақсатында құқықтық мәртебесіне, меншік нысанына және қызмет түріне қарамастан тексерілетін субъектіге баруға;
2) азаматтық қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының орындалуын тексеруге қажетті құжаттармен танысуға;
3) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында белгіленген тәртіпте бұзушылықтарға кінәлі адамдарды әкімшілік жауапкершілікке тартуға;
4) адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін ұйымның қызметін немесе қызметінің жекелеген түрлерін, оның ішінде қауіпті өндірістік объектілерді, техникалық құрылғыларды пайдаланумен байланысты қызметін соттың шешімінсіз үш тәуліктен аспайтын мерзімге тоқтата тұруға немесе оған тыйым салуға және анықталған бұзушылықтар үш тәулік ішінде жойылмаған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамаға сәйкес тоқтата тұруға немесе тыйым салуға сотқа талап-арыз жолдауға;
5) Актіні шығару жолымен тексерілген заңды немесе жеке тұлға ұсынған бұзушылықтарды жою туралы жазбаша хабарламаның негізінде ұйымның қызметін немесе қызметінің жекелеген түрлерін, оның ішінде қауіпті өндірістік объектілерді, техникалық құрылғыларды пайдаланумен байланысты қызметін қайта бастау туралы шешім қабылдауға құқылы.
Қалған барлық жағдайларда ұйымдардың, жекелеген өндiрiстердiң, өндiрiстiк учаскелердiң, агрегаттардың жұмысын жартылай немесе толық тоқтата тұруды, субъектiлер азаматтық қорғау саласындағы нормаларды, қағидалар мен техникалық регламенттерді бұза отырып жүзеге асыратын, сондай-ақ ұйымдарды, объектiнi, құрылыстарды, ғимараттарды салу, реконструкциялау, кеңейту немесе техникалық қайта жарақтандыру кезiнде жобаларда көзделген өрт және өнеркәсіптік қауiпсiздiгiнiң талаптары орындалмағанда ғимараттарды, құрылыстарды, электр желiлерiн пайдалануға және өрт шығу қаупi бар жұмыстарды жүргiзуге тыйым салуды уәкiлеттi орган ведомстволарының немесе аумақтық бөлімшелерінің арызы бойынша сот жүргiзедi.
Субъектiнiң жұмысын жартылай немесе толық тоқтата тұру немесе оған тыйым салу туралы талап-арыз уәкiлеттi орган немесе уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiпте және негiздерде сотқа жiбередi.
Азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік инспектор:
1) азаматтық қорғау саласындағы бақылау және қадағалауды жүзеге асыруға;
2) азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын жеке және заңды тұлғалардың сақтау жағдайын сипаттайтын көрсеткіштерді жинауға, жалпылауға, жүйелендіруге және талдауға;
3) азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге міндетті.
3. Өз қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісті түрде орындамағаны үшін мемлекеттік инспекторлар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тәртіптік, әкімшілік, материалдық және қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Мемлекеттік инспектордың әрекетіне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте шағым берілуі мүмкін.
4. Мемлекеттік инспекторлардың өмірі мен денсаулығын сақтандыру Қазақстан Республикасының сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Мүгедектігі бойынша, асыраушыдан айырылған жағдайда мемлекеттік инспекторлардың отбасы мүшелерінің әлеуметтік қамсыздандырылуы Қазақстан Республикасының мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      22-бап. Мемлекеттік инспектор актілері

1. Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау саласындағы заңнамасы талаптарының анықталған бұзушылықтарына байланысты жүргізілген мемлекеттік бақылау және қадағалау нәтижелері бойынша мемлекеттік инспекторлар мынадай актілер шығарады:
1) тексеру нәтижелері туралы акт;
2) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама;
3) Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау саласындағы заңнамасының талаптарын бұзған жағдайда кінәлі адамдарды әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қаулы;
4) азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары талаптарының бұзушылықтарын жою туралы ұйғарым;
5) тексеру нәтижелері бойынша ұйымның қызметін немесе қызметінің жекелеген түрлерін, оның ішінде қауіпті өндірістік объектілерді, техникалық құрылғыларды пайдаланумен байланысты қызметіне тыйым салу туралы нұсқама-акт;
6) тексерілетін заңды немесе жеке тұлғалар бұзушылықтарды жойғаны туралы жазбаша хабарламаны ұсынғаннан кейін берілетін ұйымның қызметін немесе қызметінің жекелеген түрлерін, оның ішінде қауіпті өндірістік объектілерді, техникалық құрылғыларды пайдаланумен байланысты қызметін қайта бастау туралы акт.
3. Мемлекеттік инспекторлардың актілері жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.

      23-бап. Азаматтық қорғау саласындағы бақылау
              және қадағалауды жүзеге асыру тәртібі

1. Азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау тексеру және өзге нысандарда жүзеге асырылады.
2. Тексерулерді жүргізудің түрлері мен тәртібі Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы заңнамасына сәйкес анықталады.
3. Мемлекеттік бақылау және қадағалаудың өзге нысандары осы Заңға және қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың өзге нысандары жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жүзеге асырылады.
5. Мемлекеттік бақылау және қадағалаудың өзге нысандарының қорытындылары бойынша азаматтық қорғау саласындағы заңнаманы бұзу анықталған жағдайда уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша анықталған бұзушылықты дереу жою туралы нұсқама шығарады.
6. Бақылаудың өзге нысандарының нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды дереу жою туралы нұсқамалардың орындалуын бақылау «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өткізілетін жоспардан тыс тексерулер арқылы жүзеге асырылады.

      24-бап. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы
              өндірістік бақылау

1. Өндірістік бақылауды қауіпті өндірістік объектілерде қауіпті өндірістік факторлардың өндірістік персоналға, халыққа, қоршаған ортаға зиянды әсерінің тәуекелін барынша азайту мақсатында ұйым иесіне тікелей бағынатын өндірістік бақылау қызметінің персоналы жүзеге асырады.
2. Өнеркәсіптік қауіпсіздікті өндірістік бақылаудың міндеттері болып қауіпті өндірістік объектілерде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының орындалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ жұмыс өндірісі қауіпсіздігінің жағдайына әсер ететін бұзушылықтардың мән-жайлары мен себептерін анықтау табылады.
3. Қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланатын барлық ұйымдарда өндірістік бақылау туралы ереже әзірленеді.
Ережеде өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік нормалары мен талаптарының іске асырылуына бақылауды жүзеге асыратын ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің өкілеттігі қамтылуы тиіс.
Ережеге сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік нормалары мен талаптарының сақталуына бақылауды жүзеге асыратын адамдардың функциялары мен өкілеттіктерін бекіту ұйым бойынша бұйрықпен ресімделеді.

5-бөлім. Азаматтық қорғаныс

      25-бап. Азаматтық қорғанысқа басшылық ету және
              оны басқару

1. Азаматтық қорғаныс азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде соғыс уақытында азаматтық қорғау міндеттерін орындауға арналған.
2. Азаматтық қорғанысқа басшылық етуді лауазымы бойынша Қазақстан Республикасының азаматтық қорғанысының бастығы болып табылатын Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі жүзеге асырады.
3. Уәкілетті орган басшысы лауазымы бойынша Қазақстан Республикасының азаматтық қорғаныс бастығының орынбасары болып табылады және бейбіт уақытта азаматтық қорғанысқа басшылық етеді.
4. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдарда, ұйымдарда Азаматтық қорғанысқа басшылықты олардың бiрiншi басшылары жүзеге асырады, олар лауазымы бойынша тиiстi Азаматтық қорғаныс бастықтары болып табылады.
5. Уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің басшылары лауазымы бойынша азаматтық қорғаныстың соған сәйкес басшыларының орынбасарлары болып табылады.
6. Мемлекетті азаматтық қорғаныс бойынша дайындау қару-жарақтың, әскери техниканың және әскери қақтығыстарды жүргізу кезінде немесе осы қақтығыстар салдарынан туындайтын қауіптерден халықты қорғау құралдарының дамуын ескере отырып, алдын ала бейбіт уақытта жүзеге асырылады.
7. Қазақстан Республикасының аумағында немесе оның жекелеген жерлерінде азаматтық қорғанысты жүргізу ерекше жағдайларда әскери қақтығыстардың нақты басталуынан немесе Қазақстан Республикасының аумағында немесе оның жекелеген жерлерінде әскери жағдай енгізуден, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімі бойынша басталады.
8. Азаматтық қорғаныс іс-шараларының орындалуын қамтамасыз ету:
1) уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелеріне;
2) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың орталық және жергілікті атқарушы органдарында азаматтық қорғанысты ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі бөлімшелеріне;
3) бірінші басшыға тікелей бағынысты азаматтық қорғанысты ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі санатталған ұйымдардың бөлімшелеріне (жекелеген қызметкерлеріне) жүктеледі.
Уәкілетті органдарда, оның аумақтық бөлімшелерінде және ведомстволық бағынысты мекемелерде штат санының лимиті шегіндегі лауазымдар бөлігі әскери қызметкерлерден, оның ішінде Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінен, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер органдарынан, өзге әскерлер мен әскери құралымдардан ауыстырылған (іссапарға жіберілген) әскери қызметшілерден жасақталады.
9. Азаматтық қорғаныс бастықтары:
1) Қазақстан Республикасының азаматтық қорғаныс бастығы белгiлеген тәртiппен тиісті деңгейдегi азаматтық қорғаныс жоспарын бекiтуге және қолданысқа енгізуге;
2) белгiленген тәртiппен ведомстволық бағыныстағы аумақта халықты эвакуациялауға;
3) заңнамада белгiленген тәртiппен азаматтар мен ұйымдарды азаматтық қорғаныс іс-шараларын жүргiзуге тартуға міндетті.
10. Уәкілетті органның туы мен рәмізі бар.
Уәкілетті органның туы мен рәмізінің сипаттамасын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.

      26-бап. Қалаларды азаматтық қорғаныс бойынша топтарға
              жатқызу. Ұйымдарды азаматтық қорғаныс бойынша
              санаттарға жатқызу

1. Азаматтық қорғаныс бойынша қалаларды – топтарға, ұйымдарды санаттарға жатқызу мемлекеттiк, қорғаныстық маңызына және халықтың тiршілігін қамтамасыз етуiне қарай азаматтық қорғаныс iс-шараларын кешендi және сараланған түрде жүргiзу мақсатында жүзеге асырылады.
2. Азаматтық қорғаныс бойынша орындалатын мiндеттерiнiң көлемiне қарай қалалар үшін мынадай топтар айқындалады: ерекше, бiрiншi, екiншi және үшінші.
Қалаларды топтарға жатқызу мынадай критерийлер бойынша белгiленедi:
1) ерекше топқа астана мен республикалық маңызы бар қала жатады;
2) бiрiншi топқа:
халқының саны миллион адам және одан астам;
халқының саны 500 мың адам және одан астам, аумағында кемiнде аса маңызды санаттағы үш ұйым немесе 50-ден астам санаттандырылған ұйымдар орналасқан;
қала халқының не аумағының 50 пайыздан астамы жаһандық немесе өңiрлік ауқымдағы ықтимал төтенше жағдайлар аймағына енетiн қалалар жатады;
3) екiншi топқа:
халқының саны 500 мың адам және одан астам;
халқының саны 250 мың адамнан 500 мың адамға дейiн, аумағында кемiнде аса маңызды санаттағы екi ұйым не 20-дан астам санаттандырылған ұйымдар орналасқан;
қала халқының не аумағының 30-дан 50 пайызға дейiн жаһандық немесе өңiрлiк ауқымдағы ықтимал төтенше жағдайлар аймағына енетiн қалалар жатады;
4) үшінші топқа:
халқының саны 250 мың адамнан 500 мың адамға дейiн;
халқының саны 10 мың адамнан 250 мың адамға дейiн, аумағында кемiнде аса маңызды санаттағы бiр ұйым не екеуден астам санаттандырылған ұйымдар орналасқан;
қала халқының не аумағының 30 пайыздан кемi жаһандық немесе өңiрлiк ауқымдағы ықтимал төтенше жағдайлар аймағына енетін қалалар жатады.
3. Ұйымдар үшін әлеуетті қауiптілiгiне, әлеуметтiк-экономикалық зардаптарының шамасына, ықтимал төтенше жағдайларға қарай азаматтық қорғаныс бойынша мынадай санаттар айқындалады: аса маңызды және санаттандырылған.
Ұйымдарды санаттарға жатқызу мынадай критерийлер бойынша айқындалады:
1) аса маңызды санатқа аумағында жұмыс iстеуiнiң бұзылуы ұлттық қауiпсiздiкке қатер төндiретiн және төтенше жағдайдың туындау қаупiн тудыратын стратегиялық объектілер орналасқан ұйымдар жатады;
2) санаттандырылғандарға жұмыс iстеуiнiң бұзылуы едәуiр әлеуметтік-экономикалық зардаптарға, өңiрлiк және жергілiктi ауқымдағы төтенше жағдайлардың туындауына әкелуi мүмкiн мынадай ұйымдар жатады:
аса маңызды мемлекеттік объектiлер;
өнеркәсіптің, көлiк-коммуникация кешенiнiң, энергетиканың, байланыстың жұмыс iстеп тұрған, салынып жатқан, қайта жаңартылатын және жобаланатын қауiптi өндiрiстік объектiлерi бар әрi маңызды мемлекеттiк және экономикалық мәнi бар ұйымдар;
тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен уларды шығарумен, қайта өңдеумен, тасымалдаумен, сатып алумен, сақтаумен, сатумен, пайдаланумен және жоюмен айналысатын ұйымдар;
аумағында тіршілiктi қамтамасыз ету объектiлерi орналасқан ұйымдар.
4. Ұйым азаматтық қорғаныс бойынша санатқа жатқызылған ұйыммен бiр өндiрiстік аумақта орналасқан кезде ол дәл сол санатқа теңестiрiледi.
5. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілiктi атқарушы органдары азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерімен келiсе отырып, жыл сайын азаматтық қорғаныс бойынша қалаларды топтарға, ұйымдарды санаттарға жатқызу жөнiндегі ұсыныстарды дайындайды және бекiту үшiн оларды азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға жiбередi.

      27-бап. Азаматтық қорғаныс іс-шаралары

1. Халықты, аумақтар мен объектілерді әскери қақтығыстар туындаған жағдайда қорғау, одан болатын залал мен шығынды азайту мақсатында орталық және жергілікті атқарушы органдар, азаматтық қорғаныс жөнінде санаттандырылған ұйымдар өз құзыреті шегінде:
1) алдын ала:
азаматтық қорғаныс жоспарларын әзірлеуді;
азаматтық қорғаудың басқару, хабардар ету және байланыс жүйелерін құруды және дамытуды, оларды пайдалану үшін әзірлікте ұстауды;
азаматтық қорғау күштерін құруды, жасақтауды, жарақтандыруды және әзірлікте ұстауды;
басқару органдарын дайындауды және зақымдандыру құралдары қолданылған жағдайда халықты қорғау тәсілдері мен іс-қимылдарын жүргізуге жаппай оқытуды;
қорғау құрылыстарын салуды және оның қорын жинақтауды, оларды жұмыс істеу әзірлігінде ұстауды;
азаматтық қорғаныс мүлкін құруды, жинақтауды және уақтылы жаңартуды;
эвакуациялық іс-шараларды жоспарлауды;
салалар мен ұйымдардың тұрақты жұмыс істеуі жөніндегі іс-шараларды жоспарлауды және орындауды;
азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдерінің жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларын өткізуді;
2) әскери қақтығыстар туындаған жағдайда:
қазіргі заманғы зақымдандыру құралдарының қолданылу қатерi мен қолданылуы жайында туралы хабардар етуді, халықты іс-қимыл тәртібі мен ережелерi жөнiнде хабарлауды;
халықты қорғау құрылыстарында паналатуды, қажет болған жағдайда жеке қорғану құралдарын пайдалануды;
жарақаттанғандар мен зақымданғандарға медициналық көмек көрсетуді;
эвакуациялық іс-шараларды;
азаматтық қорғаудың қосымша басқару, хабардар ету және байланыс пункттерін құруды;
авариялық-құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды;
басқарудың, хабардар етудің және байланыстың бұзылған жүйелерін қалпына келтіруді;
азаматтық қорғау құралымдарының әзірлігін қалпына келтіруді жүргізеді.

      28-бап. Азаматтық қорғаныс күштерінің құрамы

Азаматтық қорғаныс күштеріне азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның азаматтық қорғаныс басқару органдары мен әскери бөлімдері органдары, азаматтық қорғаудың басқару органдары, азаматтық қорғау күштері және басқа да ұйымдар кіреді.

      29-бап. Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғанысының
              әскери бөлімдері мен олардың бейбіт және соғыс
              уақытындағы міндеттері

1. Азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдерінің негізгі міндеттері:
1) бейбіт уақытта:
Қазақстан Республикасының аумағында төтенше жағдайлар кезінде авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу;
әскери, жұмылдыру және саяси дайындықты ұйымдастыру;
төтенше жағдайлар аймақтарында халықтың тіршілігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды орындау;
төтенше жағдайларды алдын алуға және оларды жоюға бағытталған іс-шараларға қатысу;
Қазақстан Республикасы тиiстi келiсiмдер жасасқан шет мемлекеттердiң аумақтарында төтенше жағдайлар болған кезде авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу;
басқару пункттерін күзету және оларға қызмет көрсетілуді қамтамасыз ету;
төтенше жағдайлар аймақтарына, оның ішінде шет мемлекеттерге жеткізілетін жүктерді тасымалдау, алып жүру және күзету;
жұмылдыруды өрістетуге дайындық және жауынгерлiк әзiрлiктiң жоғары дәрежесiне келтiру жөнiндегi іс-шараларды жүзеге асыру;
бейбiт және соғыс уақытында азаматтық қорғаныстың әскери бөлiмдерiн кеңінен өрістетуге, авариялық-құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргiзуге арналған қару-жарақты, техниканы, басқа материалдық-техникалық құралдарды жинақтау, сақтау және уақтылы жаңарту;
оқу-жаттығу объектілерді, полигондарды әзірлікте ұстау;
уәкілетті органның жедел резервін ұстау болып табылады.
2) соғыс уақытында:
қорғаныс шептері мен позицияларын құру;
зақымдану ошақтары мен залалдану аймақтарында радиациялық, химиялық барлау жүргiзу;
зақымдану ошақтарында, залалдану және топан су басқан аймақтарда құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу;
аэродромдарды, жолдарды, өткелдерді және тыл инфрақұрылымның басқа да маңызды элементтерін қалпына келтіру, қайта тиеу пункттерін жабдықтау;
халықты эвакуациялауды жүргізуге қатысу;
аумақтық қорғаныстың жекелеген міндеттерін орындау;
қорғанысты ұйымдастыру мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының нұсқауларын орындау болып табылады.
2. Азаматтық қорғаныс әскери бөлiмдерiнің Қазақстан Республикасы тиісті келiсiмдер жасасқан шет мемлекеттері аумақтарында авариялық-құтқару жұмыстарға және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарға қатысуы халықаралық шарттарда белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
3. Бейбіт уақытта азаматтық қорғаныстың әскери бөлiмдерiн қолдану туралы шешімді уәкілетті органның басшысы қабылдайды.
4. Қазақстан Республикасы азаматтық қорғанысының әскери бөлімдері азаматтық персоналмен де жасақталады. Азаматтық қызметкерлер атқаратын лауазымдардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен жалпы сан шегiнде уәкілетті органның басшысы белгiлейдi.
5. Азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдері техника және құрал-жабдықтармен жарақтандырылады.
6. Азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдерін жұмылдыруды өрістету үшін штаттарға және нормаларына сәйкес техника, қару-жарақ, материалдық және техникалық құралдардың қорлары құрылады және ұсталады.
7. Азаматтық қорғаныстың әскери бөлiмдерi жеке құрамының авариялық-құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу кезіндегі қызмет режимін және жұмыс уақытының ұзақтығын төтенше жағдайларды жоюдың сипаты мен жүргізілетін жұмыстардың ерекшеліктерін ескере отырып оның басшысы белгілейді.
8. Азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдерінің тұрғын үй-жайлары және әскери қалашықтарының өзге құрылыстары, полигондар, оқу-жаттығу объектілері, оқу-материалдық базасы, материалдық және техникалық құралдары мемлекеттің меншігі, активтері болып табылады. Азаматтық қорғаныс бөлімдері жоғарыда аталып кеткен және бөлінген өзге мүліктерге қатысты жедел басқару құқығын пайдаланады.

      30-бап. Азаматтық қорғаныстың объектiлерi және мүлкi

1. Азаматтық қорғаныстың объектiлерiне: азаматтық қорғаныстың басқару органдарының басқару пункттерi, жеке тұрған және қосып салынған баспаналар, радиациядан қорғану панаханалар, азаматтық қорғаныс мүлкiн сақтауға арналған қойма үй-жайлары жатады.
Азаматтық қорғаныс мүлкiне: жеке қорғану құралдары, радиациялық, химиялық барлау мен дозиметрлiк бақылау құралдары, жеке медициналық қорғану құралдары, байланыс және хабардар ету құралдары және басқа да материалдық-техникалық құралдар жатады.
2. Азаматтық қорғаныс іс-шараларын қамтамасыз ету үшiн азаматтық қорғаныстың басқару органдарында азаматтық қорғаныс мүлкiнiң қоры құрылады.
3. Жедел басқару, шаруашылық жүргізу құқығындағы экономика салаларының ұйымдарына бекітілген және азаматтық қорғаныс іс-шараларын қамтамасыз ету мен жұмылдыру тапсырмаларын орындауға арналған мемлекет меншігі болып табылатын азаматтық қорғаныс объектiлерi мен мүлкi иеліктен айыруға жатпайды.
4. Мемлекеттік органдардың басқару пункттері қосалқы (қалалық, қала сыртындағы), қосымша және жылжымалы болып бөлінеді.
Қалалық қосалқы басқару пункттері азаматтық қорғаныстың санаттандырылған қалаларының баспаналарында орналастырылады. Азаматтық қорғаныстың санаттандырылмаған қалалардағы және ауыл аудандарындағы басқару пункттері радиациядан қорғану панаханаларында орналастырылады.
Қала сыртындағы қосалқы басқару пункттері қауіпсіз аймақта, апатты су басу ықтимал аймағынан тыс жерде орналастырылады.
Қосымша басқару пункттерінің күштері мен құралдарын басқару қиын болған немесе мүмкін болмаған жағдайда белгілі бір уақыт кезеңіне мемлекеттік басқару органына ведомстволық бағынысты басқару пункттерінің жұмыс істеп тұрған базасы бірінде өрістетілетін қосымша басқару пунктері құрылады.
Жылжымалы басқару пункттері автомобильдерде, әуе кемелерінде, ішкі су және темір жол көліктерінде орналастырылуы мүмкін.
5. Мемлекеттік органдардың қорғау құрылыстары тиісті деңгейдегі мемлекеттік бюджет есебінен ұсталады.
Қауіптілігі ықтимал объектілердің, азаматтық қорғаныстың санаттандырылған объектілердің аумағында орналасқан, олардың ең көп жұмыс істейтін ауысымы үшін жұмылдыру тапсырысы бар қорғау құрылыстары ұйымдар қаражаты есебінен ұсталады және азаматтық қорғаныс мүддесінде қолданылады.
6. Азаматтық қорғаныстың объектісі мен мүлкі бар заңды тұлғаның түрі мен нысаны өзгерген жағдайда, оларды нысаналы мақсат бойынша пайдалануға дайындауда ұстау, сондай-ақ құру мен жинақтау бойынша тапсырмалар сақталады.

2-бөлім. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше
жағдайларды алдын алу 6-тарау. Азаматтық қорғау іс-шаралары

      31-бап. Халықты, аумақтар мен объектiлерді табиғи және
              техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардан
              азаматтық қорғау іс-шаралары

1. Төтенше жағдайларды алдын алу төтенше жағдайлар олардың туындау мүмкіндігі, олардан келтірілетін залалдың мүмкіндігі ескере отырып жүргізіледі.
2. Табиғи және техногендік төтенше жағдайларды алдын алу жөніндегі іс-шараларға:
1) Қазақстан Республикасының халқы мен аумағын қорғау жөніндегі құқықтық, экономикалық, нормативтік-әдістемелік және техникалық құжаттарды әзірлеу;
2) төтенше резервтерді құру және пайдалану жөніндегі жұмыстарды үйлестіру, тиісті мемлекеттік органдарға ұсыныстар енгізу;
3) меншік нысаны мен ведомстволық қатыстылығына қарамастан атқарушы билік, жергілікті басқару органдарының, мемлекеттік мекемелердің, объектілердің және ұйымдардың табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды алдын алу саласындағы қызметтерін үйлестіру;
4) тиісті аумақта табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды алдын алу жөніндегі бағдарламаларды, Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктері аумақтарының қауіпсіздік паспорттарын, тиісті аумақтардың су айдындары паспорттарын, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қауіп-қатерінің каталогтарын, қауіпті өндірістік объектілердің қауіпсіздік декларациясын, объектілердің тұрақты қызмет етуін арттыру жөніндегі іс-шаралар кешенін әзірлеу;
5) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың болуы ықтималдығын есепке ала отырып, аумақтағы құрылыстарды жоспарлауды үйлестіру;
6) ғимараттар мен құрылыстарды сейсмикалық төзімді етіп салу және оларды сейсмикалық күшейту;
7) халық үшін қаржы ресурстарының резервін, азық-түліктің, дәрі-дәрмектің және материалдық-техникалық құралдардың, уақытша тұрғын үй қорларын құру;
8) басқару органдарының, азаматтық қорғау күштері мен құралдарының әзірлігін қамтамасыз ету;
9) төтенше жағдайлар салдарын жоюға дайындық бойынша іс-қимыл жоспарларын әзірлеу және оқу-жаттығулар, жаттығулар, сабақтар өткізу;
10) табиғи және техногендік сипаттағы болуы ықтимал төтенше жағдайлар қауіптілігін, сондай-ақ халық үшін әлеуметтік-экономикалық салдарын ғылыми зерттеу, болжамдау және бағалау;
11) мониторинг, халықты хабардар ету, аумақтар мен объектілерді табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау жүйелерін ұйымдастыру;
12) жер сілкінісін болжаудың жаңа тәсілдерін әзірлеу және енгізу жөніндегі сын-тәжірибелік және ғылыми-зерттеу жұмыстары кешенін орындау жатады.
3. Халықты, аумақтар мен объектiлерді болуы ықтимал жер сiлкiнiстерiнен қорғау мақсатында ғимараттар мен құрылыстарды сейсмикалық күшейту жөніндегі алдын ала іс-шаралар жүргізу керек.
4. Теңіздер мен ірі су айдындарының су тасқындарынан, тасқындарынан және су деңгейлерінің көтерілуінен және таяздануынан, сел тасқындарынан, қар көшкіндерінен, көшкіндерден, қатты жер сілкінісінен қорғау бойынша іс-шаралар халықтың, объектілердің, инфрақұрылымның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған және оларға:
1) қорғау гидротехникалық және өзге құрылыстарды жобалау, салу және пайдалануға беру;
2) теңiздер мен iрi су айдындары деңгейлерi өзгеруiнiң, қоршаған орта жағдайының мониторингi жүйелерiн ұйымдастыру, жағалау аймағындағы желкөтерме құбылыстары туралы халықты және шаруашылық жүргiзушi субъектiлердi хабардар етуді ұйымдастыру;
3) сел және көшкін қауіпсіздігі мониторингі, халық пен объектілерді сел қаупі мен туындауы туралы тиісті хабардар ету жүйелерін ұйымдастыру;
4) тау баурайлары, биік таулы, морендік және мұздық көлдер қаупін азайту жөніндегі алдын ала іс-шараларды әзірлеу және жүзеге асыру;
5) тау арналарының, сел ошақтарының, көшкін қауіпі бар аймақтардың фитомелиорациясын өндіру;
6) қар көшкіндерін күштеп түсіру жұмыстарын жүргізу кіреді.
5. Пайдалы қазбалардың кен орындарын игеруге байланысты төтенше жағдайлардан азаматтық қорғау іс-шараларына:
1) игеріліп жатқан кен орындары аудандарындағы бар үйлер мен ғимараттардың беріктілігі мен орнықтылығын арттыру;
2) табиғи және техногендік сипаттағы болуы ықтимал төтенше жағдайлар туралы мониторинг жүйесін ұйымдастыру;
3) кен орындарын игеруге байланысты төтенше жағдайлардан келтірілуі мүмкін залалды азайту жөнiндегi іс-шараларды ұйымдастыру, ал оларды жүргiзу мүмкiн емес жағдайда қорғау іс-шараларының қажеттi кешенiн орындай отырып, кен орындарын өндiрудi тоқтату және кенiштердi консервациялау кiредi.
6. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды алдын алу жөніндегі іс-шараларды уақтылы және толық жүргізу мақсатында орталық, жергілікті атқарушы органдар, мемлекеттік мекемелер, объектілер және ұйымдар басшылары меншік нысанына және ведомстволық қатыстылығына қарамастан халықты, аумақты және объектілерді қорғау жөніндегі қосымша шараларды қабылдауы тиіс.

7-тарау. Азаматтық қорғау саласындағы ғылыми зерттеулер,
білімді насихаттау және халықты оқыту

      32-бап. Азаматтық қорғау саласындағы ғылыми зерттеулер,
              мониторинг және болжамдау

Халықты, объектілерді және аумақты стихиялық апаттардан, авариялар мен зілзалалардан қорғаудың кешенді ғылыми негізін қалыптастыру және дамыту мақсатында уәкілетті орган азаматтық қорғау саласындағы ғылыми зерттеулерді ұйымдастырады және үйлестіреді.
Ғылыми зерттеулердің негізгі міндеттеріне табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың теріс әсерлерін азайтуға бағытталған ғылыми-тәжірибелік негіздерді әзірлеу; тәуекелдерді бағалау және басқару жөнінде нормативтік-әдістемелік қамтамасыз ету кіреді.
Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар мониторингі және болжамдау қызметi азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесіне кіреді.
Азаматтық қорғау саласындағы ғылыми-техникалық қамтамасыз етуді ғылым саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аккредиттелген және аттестаттаудан өткен ғылыми-зерттеу ұйымдары мен оқу орындары жүзеге асырады.
Азаматтық қорғау саласындағы ғылыми-техникалық әзірлемелерді қаржыландыру бюджеттік қаражат және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған қаржыландырудың басқа да көздері есебінен жүзеге асырылады.
Ғылыми зерттеулерді үйлестіру уәкілетті органға жүктеледі.

      33-бап. Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері
              мен өзге де жұмыскерлерін кәсіптік оқыту,
              азаматтық қорғаудың басқару органдарының басшы
              құрамы мен мамандарын даярлау және азаматтық
              қорғау саласында халықты оқыту

1. Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен өзге де жұмыскерлерін азаматтық қорғау саласындағы кәсіптік оқыту бекітілген мамандықтар мен білім беру стандарттарына сәйкес ынтымақтастық туралы келісімге қол қойған Қазақстан Республикасының және шетел мемлекеттердің оқу орындарында жүргізіледі.
2. Азаматтық қорғаудың басқару органдарының басшы құрамы мен мамандарын даярлау және азаматтық қорғау саласында халықты оқыту төтенше жағдайлар кезінде іс-қимылдарға дағдыландыру, авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргiзу, өзiне-өзі және өзара көмек көрсетудiң негiзгi тәсiлдерi мен әдiстерiн үйрету, халық арасындағы шығындарды барынша азайту, материалдық залалды азайту мақсатында жүргiзiледi.
Азаматтық қорғаудың басқару органдарының басшы құрамы және мамандары, сондай-ақ білім беру ұйымдарының, бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары ынтымақтастық туралы келісім жасасқан Қазақстан Республикасы уәкілетті органының және шетел мемлекеттердің ұйымдары мен оқу орындарында даярлаудан және қайта даярлаудан өтеді.
Қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердің, ұйымдардың, мектепке дейінгі мекемелердің басшылары, азаматтық қорғау құралымдарының командирлері, ұйымдардағы оқу топтарының жетекшілері, барлық түрдегі жалпы білім беру мектептер мен орта кәсіптік оқу орындарының оқытушылары, қауіпті өндірістік объектілер мамандары уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде даярлаудан және қайта даярлаудан өтеді.
Даярлықтан өткен тыңдаушыларға азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілеген бірыңғай үлгідегі сертификаттар береді.
3. Азаматтарды оқыту мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру мекемелерінде, жұмыс, оқу орны және тұрғылықты жері бойынша ұйымдарда, сондай-ақ өздігінше жүргізіледі.
Сейсмикалық қауiптi өңірлерде немесе қауiптi өндірістік объектiлер жақын орналасқан ұйымдарда, мектепке дейінгі мекемелерде және оқу орындарында тоқсан сайын сейсмикалық жаттығулар немесе қатты әсер ететiн улы және радиоактивті заттардың шығарылуынан туындаған авариялар кезiндегi персоналдың, студенттердiң, оқушылардың, балалардың iс-әрекеті бойынша жаттығулар жүргiзіледі.
Сел қауіпті, сырғыма қауіпті, көшкін қауiпті аудандарда, сондай-ақ су басу, тасқын су болуы ықтимал аймақтарда орналасқан ұйымдарда, мектепке дейінгі мекемелер мен оқу орындарында қауіпті кезеңнің басталуы алдында жаттықтыру жүргiзіледі.

      34-бап. Азаматтық қорғау саласындағы ақпараттандыру,
              білімді насихаттау және оқыту

1. Халыққа төтенше жағдайлар туралы ақпарат байланыс пен хабардар етудің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары арқылы беріледi.
2. Азаматтық қорғау саласындағы ақпараттандыруға және оқытуға:
1) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халықты төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдардың қағидалары мен тәртібіне үйретуді ұйымдастыру;
2) төтенше жағдайлардан қорғану саласындағы білімді, тұрмыстағы және өндірістегі қауіпсіздік қағидаларын насихаттау жөніндегі басылымдарда жүйелі түрде жариялануды, радио және телерадио хабарларын тарату желілері бойынша бағдарламалардың шығуын ұйымдастыру;
3) халықты дүлей апаттардың алдын алу және оларды жою, техногендік зілзалалар мен авариялар бойынша мемлекетпен қабылданып жатқан шаралар туралы ақпараттандыру;
4) республикалық және облыстық (қалалық) телеарналарда халықты азаматтық қорғау саласындағы ақпараттандыру және оқытуға арналған арнайы бағдарламаларды құру жатады.
3. Азаматтық қорғау саласындағы білімдерді насихаттауды уәкілетті орган, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен ұйымдар және қоғамдық бірлестіктер жүзеге асырады. Білімдерді насихаттау үшін бұқаралық ақпарат құралдары пайдаланылуы мүмкін.
4. Мемлекеттік органдар және жергілікті мемлекеттік басқару органдары халықты олар азаматтық қорғау саласында қабылдаған шешімдер туралы ақпараттандырулары және білімдердің таралуына жәрдемдесулері тиіс.
5. Қауiптi өндірістік объектілер орналасқан аудандардағы халықты хабардар етуді ұйымдастыру үшін жауапкершілік олар қарамағына кіретін ұйымдарға жүктеледі.

3-бөлім. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше
жағдайлардың салдарын жою. Азаматтық қорғау күштері 8-тарау. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше
жағдайлардың салдарын жою

      35-бап. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше
              жағдайлардың салдарын жою кезінде жүргізілетін
              іс-шаралар

1. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға жедел іс-қимыл жасау мақсатында:
1) таралу ауқымыне байланысты табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларын әзірлеу;
2) азаматтық қорғаудың басқару органдарын таралу ауқымыне байланысты табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою жөніндегі іс-қимылдарға дайындау;
3) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою бойынша бекітілген іс-қимылдар жоспарларына сәйкес табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жоюға тартылған күштер мен құралдардың жағдайын бақылау;
4) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарына сәйкес азаматтық қорғаудың күштері мен құралдарын уақтылы жіберу, бөлімшелерді белгіленген тәртіпке сәйкес уақытша басқа жерге орналастыруды қамтамасыз ету;
5) азаматтық қорғау күштері мен құралдарын оралымды басқару, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға жедел ден қою жөніндегі міндеттерді қою және оларға жеткізу, қажетті кезек күттірмейтін шаралар мен шешімдерді қабылдау;
6) авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының жұмыстарын үйлестіру, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жоюға тартылған түрлі бөлімшелердің өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз ету;
7) төтенше жағдайлар туралы мәліметтерді талдау, төтенше жағдайлардың таралу ауқымын анықтау және залал мен адам шығындарын алдын ала бағалау;
8) төтенше жағдайлардың даму мүмкіндігін бағалау, жалпы жағдай туралы мәліметтерді жалпылау, талдамалық материалдарын әзірлеу (картографиялық, электрондық-графикалық);
9) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою мәселесі жөніндегі басқару шешімдерінің варианттарын әзірлеу;
10) штаттық режимде және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде азаматтық қорғаныстың қызметтері мен құралымдарымен өзара әрекет ету бойынша іс-шаралар жүргізіледі.
2. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою кезінде төтенше жағдайды жою басшысы бірінші кезекте міндетті түрде төтенше жағдайлардың салдарын жою бойынша іс-қимылдар жоспарын нақты әзірлеу үшін мамандарды тартуы тиіс.

      36-бап. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше
              жағдайлардың салдарын жою кезінде құтқару
              және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарға
              басшылық ету

1. Төтенше жағдайлардың салдарын жоюға тартылатын күштер мен құралдарға басшылық жасауды және олардың өзара іс-қимыл етуін ұйымдастыруды төтенше жағдайды жою басшысы жүзеге асырады.
2. Төтенше жағдайды жою басшысы болып:
тиісті аумақ әкімінің шешімімен төтенше жағдайлар болған аумақтың жергілікті атқарушы органының лауазымды адамы;
төтенше жағдайлардың өңірлік және ғаламдық көлемдегі жіктелуі бойынша Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімімен уәкілетті органның лауазымды адамы тағайындалады.
3. Авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыруды және оларға басшылық етуді төтенше жағдайларды жою басшысы жүзеге асырады.
4. Төтенше жағдайлар аймақтарының шекарасын төтенше жағдайларды жою басшысы айқындайды.
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар таралу ауқымы бойынша объектілі, жергілікті, өңірлік және ғаламдық болып бөлінеді.
5. Төтенше жағдайдың сипатын бағалауды, төтенше жағдайлар жою басшысына оларды оқшаулау және жою жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуді жедел штаб жүзеге асырады. Жедел штаб авариялық-құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге қатысатын азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдарының іс-қимылдарын үйлестіреді.
6. Жедел штаб төтенше жағдайды жою басшысының шешімімен құрылады.
Жедел штаб бастығы болып уәкілетті органның лауазымды адамы тағайындалады және ол төтенше жағдайлар жою басшысының орынбасары болып табылады.
Жедел штаб бастығы төтенше жағдайды жою басшысымен келісу бойынша және төтенше жағдайлардың ауқымы мен аймағына байланысты жедел топтардың қажет санын құрады және олардың жұмысын төтенше жағдай аймағында бөледі.
7. Төтенше жағдайларды жою басшысын белгiленген тәртiпте мiндетiн атқарудан шеттетуден, басшылықты өзiне қабылдаудан немесе өзге лауазымды адамды тағайындаудан басқа ретте оның төтенше жағдайларды жою жөнiндегi қызметіне араласуға ешкiмнiң құқығы жоқ.
8. Төтенше жағдайларды жою басшысы тиісті мемлекеттік органдардың, ұйымдардың басшыларын олармен қабылданған шешімдер туралы дереу ақпараттандыру жөніндегі шараларды қабылдауға міндетті.
9. Авариялық-құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге технологиялық мүмкіндік болмаған жағдайда, төтенше жағдайларды жою басшысы бірінші кезекте төтенше жағдай аумақтарындағы адамдарды құтқару бойынша барлық шараларды қабылдай отырып, көрсетілген жұмыстарды толық немесе олардың белгілі бір бөліктерін тоқтата тұру туралы шешімдерді қабылдай алады.
10. Төтенше жағдайларды жою басшысы:
1) төтенше жағдай аймағында барлауды және жағдайды бағалауды, қолда бар күштер мен құралдарды пайдалана отырып, адамдарды құтқаруды ұйымдастырады;
2) авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзу бойынша негізгі күштерді шоғырландыру учаскелерін, күштер мен құралдардың қажетті санын, құтқару жұмыстарын жүргiзудiң әдiстерi мен тәсiлдерiн айқындайды;
3) төтенше жағдайлар аймағындағы объектiлерде және ұйымдардың аумағында құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргiзу туралы шешiм қабылдайды;
4) авариялық-құтқару қызметтерi мен құралымдарына мiндеттер қоюды жүзеге асырады, олардың өзара iс-қимылын ұйымдастырады, олардың қауiпсiздiгiн және қойылған мiндеттердiң орындалуын қамтамасыз етедi;
5) төтенше жағдай аймағындағы жағдайдың өзгеруiне бақылауды жүзеге асырады және тиісті шешiмдер қабылдайды;
6) қажеттiлiк шамасына қарай қосымша күштер мен құралдарды шақырьады, олардың кездесуін ұйымдастырады, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзу орнын (ауданын) айқындайды;
7) күштер мен құралдардың резервiн құруды ұйымдастырады, ауысыммен жұмыс істеу тәртiбiн айқындайды;
8) төтенше жағдайдың ғаламдық және өңірлік ауқымда таралуы кезiнде Қазақстан Республикасының Үкiметiне, уәкілетті органына төтенше жағдайлар аймағында қалыптасқан жағдай және авариялық-құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды ұйымдастыру және жүргiзу жөнiндегі олардың қабылдаған шешiмдері туралы хабарлайды;
9) күштер мен құралдардың төтенше жағдай орнынан кету тәртiбiн айқындайды;
10) төтенше жағдайдың таралуы кезінде аса қажеттілік жағдайда төтенше жағдайды жою басшысы (адамдардың өмiрi мен денсаулығына тiкелей қауiп төнгенде):
төтенше жағдай аймағына адамдар мен көлiктiң кіруiн шектейдi;
төтенше жағдай аймағындағы ұйымдардың қызметiн тоқтата тұрады;
авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзуге авариялық-құтқару қызметтерiнiң күштерi мен құралдарын, азаматтық қорғау құралымдарын және көрсетілген құралымдардың құрамына кiрмейтiн құтқарушыларды тартады;
кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргiзуге ерiктi негiзде халықты, сондай-ақ құтқарушы болып табылмайтын жекелеген азаматтарды олардың келiсiмімен құтқару жұмыстарын жүргiзуге тартады;
төтенше жағдай аймағында эвакуациялық iс-шараларын жүргiзудi ұйымдастырады;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шығыстарды кейіннен өтей отырып, ұйымдардың материалдық-техникалық, азық-мүліктік, медициналық және басқа ресурстарын тартады;
аса қажет болған жағдайда қабылданған шешiмдер туралы тиiстi мемлекеттiк органдарды, ұйымдардың басшыларын тез арада хабардар ету жөнiнде шаралар қабылдайды;
төтенше жағдайлардың өрлеуіне әрі құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстардың барысына негізделген өзге де қажеттi шараларды қабылдайды.

      37-бап. Авариялық-құтқару қызметі мен құралымдарды
              төтенше жағдайлардың салдарын жоюға тарту

1. Авариялық-құтқару қызметтерін төтенше жағдайлардың салдарын жоюға тарту:
1) төтенше жағдайлардың туындауы және дамуы кезінде;
2) авариялық-құтқару қызметтері және құралымдарымен қызмет көрсетілетін объектілер мен аумақтарда;
3) төтенше жағдайлардың салдарын жою бойынша іс-қимылдар жоспарларына сәйкес;
4) авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдардың қызметтеріне басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның лауазымды адамдарының шешімі бойынша, сондай-ақ аумағында төтенше жағдайлар қалыптасқан мемлекеттік орган немесе ұйымдардың сұрау салуы негізінде жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде төтенше жағдайлардың салдарын жоюға кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын тарту Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жүзеге асырылады.
3. Шарт негізінде қауіпті өндірістік объектілерге қызмет көрсететін кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын уәкілетті лауазымды адамның шешімі бойынша төтенше жағдайларды жоюға тарту сол объектілерде олардың қорғанысын қажетті деңгейде қамтамасыз ететін күштер мен құралдардың жеткілікті санының міндетті сақталуы жағдайында жүзеге асырылады.

      38-бап. Ішкi iстер органдарының, Қазақстан Республикасы
              Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлер мен әскери
              құралымдардың күштерi мен құралдарын төтенше
              жағдайларды жоюға тарту

Iшкi iстер органдарының, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа әскерлер мен әскери құралымдардың күштерi мен құралдарын төтенше жағдайларды жоюға тарту Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және төтенше жағдайлар салдарын жою жөніндегі іс-қимыл (өзара іс-қимыл) жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.

      39-бап. Авариялық-құтқару қызметтерi мен
              құралымдарының қызметтеріне көмек көрсету

1. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, ұйымдар төтенше жағдайлардың аймақтарына бара жатқан және төтенше жағдайлардың салдарын жою бойынша жұмыстар жүргізетін және орналасқан жеріне қайтып келе жатқан авариялық-құтқару қызметтерi мен құралымдарына барынша көмек көрсетуге мiндеттi.
2. Авариялық-құтқару мен басқа да кезек күттірмейтін жұмыстар жүргiзілетін жерге бара жатқан кезде кәсiби авариялық-құтқару қызметтерi мен құралымдарының жедел көлiгi, оның iшiнде уақытша тартылған және жалға алынған көлiк кедергiсiз жүру құқығын, аэродромдарда, май құю станцияларында, теңiз және өзен порттарында жанар-жағармай материалдарымен бiрiншi кезекте қамтамасыз етiлу құқығын, сондай-ақ техникалық қызмет көрсету станцияларында, аэродромдарда, теңiз және өзен порттарында жөндеу жұмыстарын бiрiншi кезекте жүргiзу құқығын пайдаланады.

      40-бап. Авариялық-құтқару қызметтерінің құқықтары
              мен жауапкершілігі

1. Төтенше жағдайлар салдарын жою кезінде авариялық-құтқару қызметтері азаматтарды құтқаруға және төтенше жағдайларды болдырмауға бағытталған шараларды қабылдау үшін ұйымдардың аумағы мен өндірістік объектілеріне, тұрғын үй-жайларға кедергісіз кіруге құқылы.
2. Авариялық-құтқару қызметтерінің жеке құрамы, төтенше жағдайлардың салдарын жоюдың өзге де қатысушылары азаматтардың қаза болуын алдын алу және оларды құтқару бойынша шараларды қабылдау кезінде келтірілген шығынды өтеуден босатылады.

      41-бап. Уәкілетті органның жедел резерві

Уәкілетті органның жедел резерві алдын ала құрылады және кезек күттірмейтін және бірінші кезекті тіршілікті қамтамасыз ету, төтенше жағдайлар аймағында зардап шеккен халыққа кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету және Қазақстан Республикасының аумағындағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жоюмен байланысты бірінші кезекті авариялық-құтқару жұмыстарын қамтамасыз ету үшін арналған.

      42-бап. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше
              жағдайлар кезінде мүлікті реквизициялау

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде мүлікті реквизициялау ерекше жағдайларда халықты, қоршаған ортаны және объектiлерді табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардан кепілді түрде қорғауды қамтамасыз ету үшiн құрылған материалдық-техникалық, азық-түлiк, медициналық және басқа да ресурстардың мемлекеттік резерві болмаған немесе жеткіліксіз болғанда «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіпте жүзеге асырылады.

      43-бап. Авариялық-құтқару және басқа да кезек
              күттірмейтін жұмыстар

Авариялық-құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстар:
1) авариялық-құтқару жұмыстарына;
2) басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарға бөлінеді.
Авариялық-құтқару жұмыстары осы жұмыстарды жүргізетін адамдардың өмірі мен денсаулықтарына қауіп төндіретін факторлардың болуымен сипатталады және оларды арнайы дайындауды, қызметтік киіммен жабдықтауды және жарақтандыруды талап етеді.
Авариялық-құтқару жұмыстарына төтенше жағдай аймағын және зақымдандыру ошағын барлау, зардап шеккендерді іздеу және қоршаудан шығару, өрттерді сөндіру, төтенше жағдай аймағына және зақымдандыру ошағына сұйық отынды, газды, электр энергиясын және суды берудің зардап шегушілерді іздеуге және құтқаруға кедергі жасайтын көздерін авариялық сөндіру, адамдарды құтқару, оларға алғашқы медициналық көмек көрсету, зардап шегушілерді төтенше жағдай аймағынан және зақымдандыру ошағынан эвакуациялау, олардың тіршілігін қамтамасыз ету жатады.
Басқа да кезек күттірмейтін жұмыстар тығыз мерзімде орындалады және авариялық-құтқару жұмыстары толық аяқталғанға дейін үздіксіз жүргізіледі.
Басқа кезек күттірмейтін жұмыстарға азаматтық қорғаудың күштері мен құралдарын енгізу маршруттарын және авариялық-құтқару жұмыстардың объектілеріне кіреберіс жолдарын жабдықтау; коммуналдық-энергетикалық желілердегі аварияларды оқшаулау және жою, технологиялық қондырғылар мен құбырларда жарылыстар мен өрттерді болдырмау; су құбырлары, энергетикалық, газ және жылу желілерінің және байланыс желілерінің жекелеген учаскелерін қалпына келтіру; уақытша су құбыры желілерін төсеу; уақытша сұлбалар бойынша зардап шеккен халық пен құтқарушылардың тіршілігін қамтамасыз етудің бірінші кезекті объектілерін қалпына келтіру, аумақтарды санитарлық тазарту, сондай-ақ зардап шеккендер мен құтқарушыларды уақытша орналастыру және басқа да осындай мақсаттар үшін зақым келтірілген ғимараттар мен құрылыстарды нығайту немесе жарым-жартылай қалпына келтіру жатады.

      44-бап. Жеке және заңды тұлғалардың денсаулығы
              мен мүлкiне, азаматтық қорғау саласындағы
              объектілерге келтiрілген зиянды өтеу

Жеке тұлғалардың денсаулығына келтiрiлген зиян жәбірленушінің еңбек қабiлеттілігінен айырылу дәрежесiн, оның емделуiне, денсаулығын қалпына келтiруiне, аурудың күтіміне жұмсалған шығындарды, Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес берілетін бiр жолғы мемлекеттiк жәрдемақыларды ескере отырып, зиян келтiрушiнiң есебінен толық көлемде өтелуі тиiс.
Зардап шеккен жеке және заңды тұлғалар залал келтiрушiден жеке тұлғаның денсаулығына келтірілген залалмен немесе жақын туыстардың өлімімен, сондай-ақ ұйымдар мен азаматтардың қызметi туғызған техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан олардың мүлкінің зақымдануымен немесе жойылуымен байланысты шығындарды өтеудi талап етуге құқылы.
Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан жеке тұлғалардың денсаулығына зиянды, жеке және заңды тұлғалардың мүлкіне залалды өтеу ерікті түрде немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот шешімі бойынша жүргізіледі.
Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындауына кінәлі ұйымдар мен азаматтар жерлердің рекультивациясына және жердің табиғи құнарлығын қалпына келтіру бойынша шығындарды қоса алғанда, жерге, суға, өсімдік және жануарлар әлеміне (аумағына) келтірілген залалды өтеуге міндетті.
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайдың салдарынан болған залал азаматтардың ең аз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажетті мөлшерде өтеледі.
Зардап шегуші төтенше жағдайдың туындау қаупі, мүлікті сақтау тәсілдері туралы хабардар етілген жағдайда мүліктің жойылу немесе бүліну қауіп-қатерін төмендету шараларын қабылдамаған және зардап шегуші ескертуді елемеген кезде залалды өтеу алып тасталады.
Азаматтардың денсаулығы мен мүлкiне, шаруашылық объектiлерге келтірілген залалды өтеуді Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Салынған тұрғын үй Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіпте төтенше жағдай нәтижесінде үйсіз қалған азаматтарға беріледі.
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй Қазақстан Республикасы аумағындағы экологиялық апаттар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын уйі тұруға жарамсыз болған азаматтарға өтемсіз негізде беріледі.
Мыналар:
1) аяқталмаған құрылыс объектілері, уақытша құрылыстар, шаруашылық-тұрмыстық және сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамаға сәйкес жылжымайтын объектілерге жатпайтын өзге де құрылыстар, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар бас жоспарының талаптарына жауап бермейтін аумақтарда салынған объектілер;
2) бағалы киім, сән-салтанатты немесе қымбат бағалы металдардан жасалған, сондай-ақ көркемдік құндылығы бар заттар өтелуге және қалпына келтірілуге жатпайды.
Төтенше жағдай туындаған кезде сақтандыру объектісі болып табылған жеке және заңды тұлғалардың мүлкіне келтірілген залал Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіпте сақтандырушы қаражаты есебінен өтелуге жатады.
Сақтандыру төлемін жүзеге асырған сақтандырушы жүзеге асырылған сақтандыру төлемі шегінде залал келтірушіден сақтандыру төлемін өтеуді талап етуге құқылы.
Республикалық мемлекеттік кәсіпорындарға тиесілі, республикалық меншік объектілері болып табылатын ғимараттарға, құрылыстарға залал келтірілген жағдайда, жергілікті ауқымдағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарын жоюға бюджеттік қаражат бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшілері арқылы республикалық бюджеттен бөлінеді.

9-тарау. Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары

      45-бап. Авариялық-құтқару қызметi мен құралымдарын құру

Қазақстан Республикасында авариялық-құтқару қызметтерi мен құралымдары:
1) тұрақты штат негiзiнде – кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құралымдары, оның iшiнде өртке қарсы, суда құтқару, жедел-құтқару, жедел медициналық және психологиялық көмек, әуе-құтқару, әскерилендiрiлген тау-кен құтқару, атқыламаға қарсы, газдан құтқару және басқа төтенше жағдайлар саласындағы басқа мамандандырылған бөлiмдер мен бөлiмшелер;
2) ерiктi негiзде – ерiктi авариялық-құтқару құралымдары, оның iшiнде ерiктi өртке қарсы және суда құтқару құралымдары құрылады.
2. Кәсiби авариялық-құтқару қызметтерi мен құралымдары:
1) республикалық және аумақтық (бекітілген аумақтар мен қауіпті өндірістік объектілерде авариялық-құтқару жұмыстарын орындайтын мемлекеттік мекемелер және шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындар) – Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша;
2) объектiлiк (қызметiн жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасы заңдарымен және өзге нормативтiк құқықтық актiлермен ұйымдардың өздерінде авариялық-құтқару қызметiнің мiндеттi түрде болуы көзделген) – объект басшысының шешімі бойынша құрылады.
3. Кәсiби авариялық-құтқару қызметтері құтқару және арнаулы техникамен, жабдықпен, құрал-сайманмен, керек-жарақпен, аспаптармен жарақтандырылады.
Құтқару және арнаулы техника, авариялық-құтқару аспап, құтқару жабдығы мен құрал-саймандары, сондай-ақ авариялық-құтқару қызметтерінің құтқарушылары ғимараттар мен құрылыстардың мамандандырылған кешенінде орналастырылады.
4. Ерікті авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын өз қызметкерлерінен жасақталған ұйымдар құрады.

      46-бап. Авариялық-құтқару қызметтерін тiркеу

1. Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары авариялық-құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу құқығына куәлік негізінде міндетті тіркелуге жатады.
2. Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын тіркеуді (есепке алуды) уәкілетті орган жүзеге асырады.

      47-бап. Авариялық-құтқару қызметтерінің қызметi

1. Авариялық-құтқару қызметі мен құралымдары өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамасын, тиісті ережелерді, жарлықтарды, қағидалар мен басқа нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.
2. Кәсіби авариялық-құтқару қызметтері төтенше жағдайлар аймақтары мен зақымдандыру ошақтарындағы авариялық-құтқару жұмыстар мен басқа да кезек күттірмейтін жұмыстардың барлық тізбесін жүргізеді.
3. Кәсiби авариялық-құтқару қызметтерi мен құралымдарының қызметi ерекше сипатта болады, аталған қызметтің басшылары берген бұйрықтар мен өкiмдердi олардың барлық қызметкерлерiнiң мүлтiксiз орындауын көздейдi. Бұл талаптар, сондай-ақ оларды төтенше жағдайларды жоюға ерiктi авариялық-құтқару құралымдарына тартқан кезден бастап қойылады.
4. Кәсiби авариялық-құтқару қызметтерi мен құралымдарының тұрақты дайындығы кәсiби даярлау бойынша оқу-жаттығулар, жүйелi сабақтар мен арнайы жаттықтыру жиындарын өткiзу арқылы қамтамасыз етiледi және өз өкілеттігі шегінде уәкілетті орган жүзеге асыратын аттестаттау және тексерулер барысында тексеріледі.
5. Азаматтық қорғау күштерінің жедел көлігі дыбыстық және жарықтық дабылдары бар арнаулы құрылғылармен, сондай-ақ белгiленген үлгiдегi түрлi-түстi бояулы таңбалармен мiндеттi түрде жабдықталады.

      48-бап. Авариялық-құтқару қызметтерін аттестаттау

1. Авариялық-құтқару қызметтерi мен құралымдары аттестаттауға және қайта аттестаттауға жатады.
2. Авариялық-құтқару қызметтерін және құтқарушыларын аттестаттау:
1) олардың авариялық-құтқару жұмыстарын орындау даярлығының дәрежесін;
2) тиісті техниканың, мүліктің және жабдықтардың болуы мен жай-күйін;
3) құтқарушылардың кәсіби әдетінің, медициналық дайындығының, дене бітімі, психологиялық және моральдық дайындығының сәйкестігін анықтау мақсатында жүргізіледі.
3. Авариялық-құтқару қызметтері және құтқарушылар бастапқы, қайталама, мерзімді және кезектен тыс аттестаттауға жатады:
1) бастапқы аттестаттауға жаңадан құрылған авариялық-құтқару қызметтері, сондай-ақ құтқарушы болуға тілек білдірген азаматтар жатады;
2) авариялық-құтқару қызметтері мен құтқарушылардың қызметін жаңғырту үшін, өткен аттестаттауда анықталған кемшіліктер жойылғаннан кейін қайталама аттестаттау жүргізіледі;
3) авариялық-құтқару қызметтері мен құтқарушыларды мерзімді аттестаттау оларды аттестаттау мерзімі өткен соң, бірақ кемінде үш жылда бір рет жүргізіледі;
4) авариялық-құтқару қызметтері мен құтқарушыларды кезектен тыс аттестаттау олардың орындайтын авариялық-құтқару жұмыстарының тізбесі өзгерген жағдайда жүргізіледі.
4. Аттестаттауды:
1) өзі жұмыс істейтін құтқару бөлімшесінің ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, кәсіби республикалық авариялық-құтқару қызметтерін, құралымдарын аттестаттау және құтқарушыларға «Халықаралық сыныптағы құтқарушы» сыныптық біліктілігін беру үшін уәкілетті органның шешімімен;
2) ведомстволық авариялық-құтқару қызметтерін және құрамаларын аттестаттау үшін уәкілетті органның, министрліктің, ведомствоның, жергілікті атқарушы органның бірлескен шешімімен;
3) құтқарушыларды аттестаттау үшін авариялық-құтқару қызметі, құралымдары бастықтарының шешімімен заңнамада белгіленген тәртіпте құрылатын аттестаттау комиссиялары жүргізеді.
5. Аттестаттаудан өткен авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарына уәкілетті органның тиісті аттестаттау комиссияларының шешімі негізінде авариялық-құтқару жұмыстарының белгілі бір тізбесін жүргізу құқығына белгіленген үлгідегі куәлік, ал құтқарушыларға құтқарушы кітапшасы және жетон беріледі.

      49-бап. Авариялық-құтқару қызметтері мен
              құралымдарының, сондай-ақ мемлекеттік
              емес өртке қарсы қызметтердің жұмысын үйлестiру

1. Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының, мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің жұмысын үйлестiрудi уәкілетті орган жүзеге асырады.
2. Қазақстан Республикасының аумағында авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының, мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің жұмысын үйлестiру:
1) төтенше жағдайлар салдарын жою үшiн қажеттi күштер мен құралдарды жедел тарту;
2) авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары жұмысының нормативтiк құқықтық базасын бiріздендіру;
3) мемлекеттік емес өртке қарсы және авариялық-құтқару қызметтері, құралымдары және мүдделі мемлекеттік органдар бөлімшелері арасындағы өзара іс-қимылды пысықтау мақсатында жүзеге асырылады.

      50-бап. Авариялық-құтқару қызметтерінің орнын ауыстыру,
              оларды қайта бейiмдеу, тарату

1. Мiндеттi түрде құрылу қажеттiгi Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құралымдарын басқа жерге ауыстыруға, оларды құтқару жұмыстары мен басқа да кезек күттірмейтін жұмыстардың өзге түрiне қайта бейiмдеуге немесе таратуға олар қызмет көрсететiн басқа ұйымдардың жұмыс iстеуiнiң тоқтатылуы немесе оларды алдын алу және жою үшiн аталған қызметтер мен құралымдар арналған төтенше жағдайлар пайда болу қаупiнің жойылуы негіз болып табылады.
2. Авариялық-құтқару қызметтерін тарату туралы шешiмдер қабылдаған кезде, ұйым басшылығы ол туралы уәкілетті органды хабардар етеді.

      51-бап. Құтқарушылар

1. Құтқарушы болу ниеті бар Қазақстан Республикасының азаматтары он сегіз жасқа толған, жоғары, орта (толық) жалпы білімі бар, медициналық куәландыру кезінде құтқарушы жұмысына жарамды деп танылған болуы тиіс.
2. Қазақстан Республикасының азаматтары медициналық куәландырудан, дене шынықтыру жөнiндегi нормативтердi орындаудан, құтқарушылар даярлаудың бағдарламасы бойынша оқытудан өткеннен кейiн, авариялық-құтқару жұмыстары мен басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргiзуге аттестаттау нәтижелерi бойынша құтқарушы мәртебесiне ие болады.
3. Қазақстан Республикасының азаматтарына құтқарушы мәртебесiн беру туралы аттестаттау органдарының шешiмi қабылданған кезде оларға белгiленген үлгiдегi куәлiк, құтқарушы кiтапшасы бетіне тегi, аты, әкесiнiң аты, қан тобы және құтқарушының тiркеу нөмiрi жазылған жетон берiледi.

      52-бап. Авариялық-құтқару қызметтері мен
              құралымдарын жасақтау

1. Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының жеке құрамын жасақтау ерiктi негiзде жүзеге асырылады.
2. Авариялық-құтқару қызметтерінде тікелей құтқарушылар міндетін атқаруға құтқарушыларды даярлау бағдарламасы бойынша оқу бiтiрген және авариялық-құтқару жұмыстары мен басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргiзуге белгiленген тәртiппен аттестаттаудан өткен азаматтар тікелей құтқарушылар мiндетiн атқаруға жiберiледi.
Құтқарушылар болып жұмысқа психикалық ауруы, денсаулық жағдайы себепті, маскүнемдігі немесе нашақорлығы бойынша денсаулық сақтау органдарында есепте тұратын, сондай-ақ жұмысқа кіру уақытында Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен соттылығы өтелмеген немесе алынбаған адамдар қабылдана алмайды.
Аталған адамдар кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінде үш ай ішінде тағылымдамадан өткен соң және құтқарушы біліктілігін алғаннан кейін дербес жұмысқа жіберіледі.
Авариялық-құтқару қызметтерінің басшы құрамы қызмет көрсететін ұйым қызметінің немесе аумақтың ерекшелігіне сәйкес жоғары білімі бар және арнайы дайындықтан өткен адамдардан жинақталады.

      53-бап. Құтқарушылардың құқықтары

1. Авариялық-құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарға тартылған құтқарушылардың аталған жұмысты жүргiзетiн жерге бару кезiнде көлiктiң барлық түрiне билеттердi кезексiз алуға құқығы бар.
2. Құтқарушылар тиесілілік нормалары бойынша арнайы киім-кешекпен және жарақтармен қамтамасыз етіледі.
3. Авариялық-құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргiзу барысында құтқарушылар:
1) адамдарды құтқаруға бағытталған кез келген шараларды қолдануға;
2) өз мiндеттерiн орындау үшiн қажеттi толық әрi айқын ақпарат алуға;
3) авариялық-құтқару жұмыстары мен басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргiзу үшiн ұйымдардың аумағы мен өндiрiстiк объектiлерiне, тұрғын үйлерге кедергiсiз кiруге;
4) төтенше жағдай аймағындағы барлық адамдардың бәрінен белгiленген қауiпсiздiк шараларын сақтауды талап етуге;
5) авариялық-құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргiзу технологиясына сәйкес жабдықталуға және жарақтандырылуға;
6) азаматтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында олардың жекелеген учаскелерге, аумақтарға, ғимараттардың үй-жайларына кiрулерiн шектеуге немесе оған уақытша тыйым салуға;
7) азаматтарды құтқаруға бағытталған шараларды қабылдау үшiн дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелерден, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың өкiлдiктерiнен басқа тұрғын үй және өзге де үй-жайларға, заңды және жеке тұлғалардың аумақтарына кедергісiз кiруге;
8) қажет болған жағдайларда жабық есiктер мен терезелердi, сондай-ақ адамдарды құтқаруға кедергi болатын құрылыстарды бұзып ашуға;
9) адамдарды құтқару үшiн ұйымдардың көлігін, байланыс құралдарын, мүлкiн және өзге де материалдық құралдарын пайдалануға құқылы.
4. Авариялық-құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізген кезде адам өмірін құтқарумен байланысты аса қажет болған жағдайларда қатысқан құтқарушылар келтiрiлген залалды өтеуден босатылады.
5. Авариялық-құтқару қызметтерінің құтқарушылары құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу кезеңінде Қазақстан Республикасының Үкiметі белгiлеген нормалар бойынша шығыны авариялық-құтқару қызметi мен құралымдарын ұстауға бөлiнетін қаражат есебiнен төленетiн тамақ өнiмдерiмен және тұратын орынмен қамтамасыз етiлуге құқылы.
6. Еңбек шарты бойынша өздерiне жүктелген мiндеттердi орындау барысында зардап шеккен кәсiби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының құтқарушылары, сондай-ақ ерiктi авариялық-құтқару қызметiнiң құтқарушылары және құтқарушы болып табылмайтын азаматтар оларды авариялық-құтқару жұмыстары мен басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргiзуге тартылған кезде тегiн медициналық қызмет көрсетумен қамтамасыз етіледі.
7. Объектілік авариялық-құтқару қызметiнiң құтқарушыларын және құтқарушылар болып табылмайтын азаматтарды авариялық-құтқару мен басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргiзуге тартқан кезде олардың негiзгi жұмыс орны бойынша орташа жалақысы сақталады.
8. Төтенше жағдайлар салдарын жою кезеңінде әскери авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын тамақпен қамтамасыз ету апат болған қауіпті өндірістік объектінің иесі есебінен жүргізіледі.

54-бап. Құтқарушылардың мiндеттерi

1. Құтқарушылар:
1) зардап шеккен адамдарды iздестiруге, оларды құтқару жөнiнде шаралар қабылдауға, оларға алғашқы медициналық және басқа да жәрдем түрлерiн көрсетуге;
2) авариялық-құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргiзуге қатысуға дайын болуға, өздерiнiң дене шынықтыру, арнайы, медициналық, психологиялық дайындығын жетiлдiруге;
3) авариялық-құтқару құралымдарының құрамындағы iс-қимыл дағдыларын жетiлдiруге;
4) авариялық-құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргiзу технологиясын мүлтіксiз сақтауға;
5) құрамындағы құтқарушылары аталған жұмыстарды жүргізуге қатысатын авариялық-құтқару құралымдары басшыларының авариялық-құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргiзу барысында беретiн бұйрықтарын мүлтiксiз орындауға;
6) төтенше жағдайларға жол бермеу мақсатында азаматтарға қауiпсiз жүрiп-тұру қағидаларын және олар туындаған жағдайда iс-қимыл жасау тәртiбiн түсiндiруге мiндеттi.
2. Кәсiби авариялық-құтқару қызметтерi мен құралымдары құтқарушыларының мiндеттерi тиiстi жарғыларда, ережелерде, нұсқауларда белгiленедi және еңбек шартының құрамдас бөлiгi болып табылады.

      55-бап. Құтқарушылар қызметiнiң құқықтық кепiлдiктерi

1. Авариялық-құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргiзу барысында құтқарушылар осы Заңды, авариялық-құтқару қызметiнiң мәселелерi жөнiндегi өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi басшылыққа алады және құрамында аталған жұмыстарды  жүргiзетiн авариялық-құтқару қызметi мен құралымдарының басшыларына ғана бағынады.
2. Ешкім де құтқарушылардың өз мiндеттерiн атқаруына кедергi жасау мақсатында қандай да бір нысанда ықпал етуге құқылы емес.

      56-бап. Құтқарушылардың жұмыс істеу (қызмет) және
              демалыс режимi

1. Күнделiктi қызметте кәсiби авариялық-құтқару қызметтерi мен құралымдары құтқарушыларының жұмыс істеу (қызмет) режимi iшкi еңбек тәртiбiнiң қағидаларында, кезекшiлiк кестелерiнде, арнайы дайындық жөнiндегi сабақ немесе өзге іс-шаралар кестелерiнде белгiленедi.
2. Кәсiби авариялық-құтқару қызметтерi мен құралымдары құтқарушыларының жұмыс істеу режимi жұмыс күнi мен жұмыс жылы iшiнде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес медициналық және санитарлық-гигиеналық нормалар ескерiле отырып, белгiленедi.
3. Кәсiби авариялық-құтқару қызметтерi мен құралымдары құтқарушыларының күту және авариялық-құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге ұдайы әзірлікте болу режимiнде үйде кезекшiлiк ету уақыты кезекшiлiктiң әр сағатына сағаттың төрттен бiрi мөлшерiнде есептеледi.
4. Авариялық-құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргiзу кезiнде кәсiби авариялық-құтқару қызметтерi мен құралымдары құтқарушыларының жұмыс істеу режимi мен жұмыс ауысымының ұзақтығын төтенше жағдайлардың сипатын, авариялық-құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргiзу ерекшелiктерi мен медициналық ұсыныстарды ескере отырып, төтенше жағдайларды жою басшылары белгiлейдi.
5. Орталық атқарушы органдардың кәсiби авариялық-құтқару қызметтерi мен құралымдарының құтқарушыларына ұзақтығы күнтiзбелік отыз күндi құрайтын ақылы демалыс берiледi. Әр үш жыл өтілі үшін ұзақтығы бір күн, бірақ күнтізбелік он бес күннен аспайтын қосымша ақылы демалыс беріледі.

      57-бап. Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның
              авиациясы

Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның авиациясы:
1) іздеу-құтқару және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша ұшуды, дүлей зілзалалар кезінде көмек көрсетуді;
2) халыққа медициналық көмек көрсету және санитарлық іс-шараларды жүргізу бойынша ұшуды;
3) уәкілетті органның, оның құрылымдық аумақтық бөлімшелерінің және ерікті құтқарушы құралымдардың жеке құрамы мен жүгін төтенше жағдайлар аймақтарына жеткізу бойынша көліктік-жолаушы ұшуын;
4) төтенше жағдай аймағынан зардап шеккен адамдарды, халықты және мүлікті, сондай-ақ шетелдерден азаматтарды эвакуациялау бойынша ұшуды;
5) төтенше жағдайлар аймақтарына гуманитарлық жүкті жеткізу бойынша ұшуды;
6) республикалық және халықаралық оқуларға, уәкілетті органның және басқа да мемлекеттік басқару органдарының желісі бойынша халықаралық жобаларға қатысуды;
7) авиациялық техника мен оның компоненттеріне техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу бойынша қызметтерді көрсетуді;
8) жолаушыларды, багажды, жүктерді және поштаны әуе тасымалдауды;
9) аэротүсірілім, картографогеодезиялық жәнеавиациялық-химиялық жұмыстарды жүргізу бойынша ұшуды;
10) орман шаруашылығына қызмет көрсету бойынша ұшуды;
11) құрылыс-монтаждау және жүкті тиеу-түсіру жұмыстарын қамтамасыз ету бойынша ұшуды;
12) көліктік-байланыс ұшуын;
13) теңiз кемелерiнен және теңiздегi бұрғылау қондырғыларынан, вахталық бригадаларды, жабдықты және басқаларды тасымалдау бойынша мұнай-газ секторының жасанды аралдарынан ұшуды;
14) әуежайлық қызметті жүзеге асыруды;
15) төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою үшін далалы, сулы, орманды және таулы жерлерді патрульдеу бойынша ұшуды;
16) өрттердің алдын алу және оларды сөндіру бойынша ұшуды;
17) бақылау және хабардар ету қызметтерін ұйымдастыру бойынша ұшуды (бекеттерді қою және оларға қызмет көрсету);
18) жағдайды кешенді бағалау мақсатында аумақтарды аэровизуальдық аралап ұшуын (сел ағындары, тасқындар, сырғымалар және басқалар);
19) далалық экспедициялық жұмыстарға қызмет көрсету бойынша ұшуды;
20) электр қуатын беру желілерін және магистральдық құбырларды зерттеу бойынша аэровизуальдық ұшуды;
21) ұшқыштар құрамының кәсіби деңгейін сақтау және жаңа техниканы игеруге арналған жаттығу ұшуын орындайды.

10-тарау. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында
мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің қатысуы

      58-бап. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет

1. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің негізгі міндеттері:
1) ұйымдарда, объектілерде және елді мекендерде өрттің алдын алу және оны сөндіру;
2) ұйымдарда, объектілерде және елді мекендерде өртті сөндіруге байланысты бірінші кезекті авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу болып табылады.
2. Өртке қарсы қызмет міндетті түрде құрылатын ұйымдар мен объектілердің, сондай-ақ елді мекендердегі өрт қауіпсіздігі мемлекеттік емес өртке қарсы қызметпен шарттар жасасу арқылы қамтамасыз етілуі мүмкін.
3. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет өз жұмысын осы Заңға және өртке қарсы қызмет жұмысын реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады.
Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет субъектілері өрт қауіпсіздігі саласындағы міндеттерді орындауда мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына жәрдемдесуге міндетті.
Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің осы Заңда көзделген барлық заңды талаптарын орындауға міндетті.
4. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметке жұмыс істеуге 18 жасқа толған және арнайы дайындық пен оқу курсынан өткен Қазақстан Республикасының азаматтары қабылдана алады.
Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметке жұмыс істеуге психикалық ауруына, денсаулық жай-күйінің шектеулі болуына байланысты, маскүнемдігі немесе нашақорлығы бойынша денсаулық сақтау органдарында есепте тұратын, сондай-ақ мемлекеттік емес өртке қарсы қызметке жұмысқа кіру уақытында Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіпте өтелмеген немесе алынбаған соттылығы адамдар қабылдана алмайды.
Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары үшін белгіленген нормалар бойынша өз қызметкерлерін арнайы киім-кешекпен және өртке қарсы жарақтармен қамтамасыз етуге міндетті.
5. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет өрт сөндіру техникасы, өрт-техникалық жарақтары мен жабдықтары бойынша мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары үшін белгіленген нормаларға сәйкес болуға тиіс.

      59-бап. Өртке қарсы ерікті құралымдар

1. Дала өрттерінің, сондай-ақ ұйымдар мен елді мекендерде өрттің профилактикасы және оларды сөндіру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында өртке қарсы ерікті құралымдар құрылуы мүмкін.
2. Өртке қарсы ерікті құралымдардың негізгі міндеттеріне:
1) дала өрттерінің, сондай-ақ ұйымдар мен елді мекендерде өрттің алдын алу және оларды жою;
2) дала өрттерін, сондай-ақ ұйымдар мен елді мекендерде өртті сөндірумен байланысты бірінші кезекті авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу;
3) өрт қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды орындау және қызмет көрсету жатады.
Өртке қарсы ерікті құралымдар жүктелген міндеттеріне сәйкес халықты өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту және өрт туындаған жағдайда олардың іс-қимылдар жасауға дайындығын жүзеге асыру жөніндегі іс-шараларды жүргізеді.
3. Өртке қарсы ерікті құралымдар ерікті өрт сөндірушілерден жасақталады.
Ерікті өрт сөндірушілерге өздерінің іскерлік және моральдық қасиеттеріне, сондай-ақ денсаулық жай-күйіне қарай өрттің алдын алуға және (немесе) оларды сөндіруге байланысты міндеттерді орындауға қабілетті азаматтар ерікті негізде жеке тәртіпте қабылданады.
Ерікті өрт сөндірушілерге қабылданған азаматтар жүргізуін өртке қарсы ерікті құралымдар жүзеге асыратын ерікті өрт сөндірушілер тізілімінде тіркеледі және мамандандырылған оқу орталықтарында алғашқы дайындықтан өтеді.
Ерікті өрт сөндірушілердің алғашқы дайындық бағдарламасын уәкілетті орган бекітеді.
Ерікті өрт сөндірушілердің кейінгі дайындығы өртке қарсы ерікті құралымда жүзеге асырылады.
Ерікті өрт сөндірушілердің кейінгі дайындық бағдарламасын өртке қарсы ерікті құралымның басшысы әзірлейді және уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің басшысы бекітеді.
4. Өртке қарсы уақытылы іс-қимыл жасау үшін уәкілетті органның аумақтық бөлімшесімен келісілуі бойынша өртке қарсы ерікті құралым басшысы ерікті өрт сөндірушілерді жинау тәртібі мен оларды өрт болған жерге жеткізу жолын айқындайды.
5. Ерікті өрт сөндірушінің өрттің алдын алу және оны сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өртті сөндіруге байланысты бірінші кезекті авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды орындау кезеңінде қаза тапқан (қайтыс болған) немесе жарақаттанған жағдайдағы кепілдіктері өртке қарсы ерікті құралымның жарғысында белгіленеді.
6. Уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі өртке қарсы ерікті құралымдардың тізілімін жүргізеді.

4-бөлім. Өрт және өнеркәсіптік қауiпсiздiктiң жалпы талаптары 11-тарау. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету

      60-бап. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының
              мәртебесi

1. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өрттің алдын алуды, өрт қауiпсiздiгi саласында бақылауды, өрт сөндiрудi және өрт сөндіруге байланысты бірінші кезекті авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу, өртке байланысты барлық қылмыстар туралы істер бойынша анықтауды жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары уәкілетті органнан, уәкілетті органның ведомствосынан, оның аумақтық бөлімшелерінен және мемлекеттік мекемелерінен, оның ішінде уәкілетті органның білім беру ұйымынан тұрады.
3. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының сипатын Қазақстан Республикасының Президенті бекiтетін өз тулары болады.
4. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлеріне төтенше және соғыс жағдайы болған кезеңде атыс қаруы және арнайы құралдарды алып жүру, сақтау және қолдану құқығы беріледі. Атыс қаруын және арнайы құралдарды қолдану тәртібі «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленеді.

      61-бап. Қазақстан Республикасындағы өрт қауіпсіздігін
              қамтамасыз ету жүйесі

1. Қазақстан Республикасындағы өрт қауiпсiздiгi жүйесi – өрт пен одан келтірілетін залалды болдырмауға бағытталған экономикалық, әлеуметтiк, ұйымдастырушылық, ғылыми-техникалық және құқықтық шаралардың, сондай-ақ өртке қарсы қызмет күштерi мен техникалық құралдарының жиынтығы.
2. Өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жүйесi өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн орталық және жергiлiктi атқарушы органдарды, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарын, мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді, өртке қарсы ерікті құралымдарды, өрт-техникалық ғылыми-зерттеу мекемелерiн, уәкілетті органның білім беру ұйымдарын, өрт-техникалық өнiмдерін шығару кәсiпорындарын қамтиды.
3. Қазақстан Республикасындағы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының ведомствоішілік қызметінің міндеттері мен функциялары уәкілетті орган басшысы бекітетін қағидаларда, нұсқаулықтарда (нұсқауларда) регламенттеледі.

      62-бап. Өрт қауiпсiздiгi саласындағы құқықтық реттеу

1. Өрт қауiпсiздiгi саласындағы құқықтық реттеу – нормативтiк құқықтық актiлерде орындалуға мiндеттi өрт қауiпсiздiгi талаптарының белгiленуі.
2. Өрт қауiпсiздiгi саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерге техникалық регламенттер, өрт қауiпсiздiгi нормалары, қағидалары, өрт қауiпсiздiгi талаптарын қамтитын нұсқаулықтар және өзге де нормативтiк құқықтық актiлер жатады.
3. Өнім мен оның өмірлік цикл процестеріне өрт қауіпсіздігінің талаптары техникалық регламенттерде белгіленеді.
4. Мемлекеттік органдар әзірлейтін және өрт қауіпсіздігінің талаптарын белгілейтін нормативтік құқықтық актілер уәкілетті органмен міндетті келісуге жатады.

      63-бап. Өрт қауiпсiздiгi шараларын әзiрлеу және
              iске асыру

Өрт қауiпсiздiгi шаралары Қазақстан Республикасының заңнамасына, өрт қауiпсiздiгi жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес, сондай-ақ өрттің туындау себептерін талдау және оған қарсы күрес тәжiрибесi, заттардың, материалдардың, технологиялық процестердің, бұйымдардың, конструкциялардың, ғимараттар мен құрылыстардың өрт қауіптілігін бағалау негiзiнде әзiрленедi.
Заттарды, материалдарды, бұйымдарды және жабдықтарды дайындаушылар (жеткiзушiлер) тиiстi техникалық құжаттамада осы заттардың, материалдардың, бұйымдар мен жабдықтардың өрт қауіптілігі көрсеткіштерін, сондай-ақ оларды пайдалану кезінде өрт қауiпсiздiгi шараларын мiндеттi түрде көрсетеді.
Кәсіпорындар, ғимараттар, құрылыстар және басқа да объектілерге арналған өрт қауіпсіздігі шараларын әзірлеу және іске асыру, оның ішінде оларды жобалау кезінде міндетті түрде өрт болған жағдайда адамдарды қауіпсіз эвакуациялауды қамтамасыз ететін шешімдер көзделуге тиіс.
Өндірістер үшін міндетті түрде адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шешімдерді көздейтін өртті жою жоспарлары әзірленеді.
Елді мекендер мен әкімшілік-аумақтық құрылымдарға арналған өрт қауіпсіздігі шараларын тиісті мемлекеттік органдар әзірлейді және іске асырады.

      64-бап. Өрт қауiпсiздiгi саласындағы жұмыстарды
              орындау және қызмет көрсету

Қазақстан Республикасында өрт қауiпсiздiгi саласындағы жұмыстарды орындайтын және қызмет көрсететін мемлекеттік емес ұйымдар құрылуы және жұмыс iстеуi мүмкін, ондай жұмыстар мен қызметтерге:
1) өрт-техникалық өнiмiн өндіру, сынақтардан өткiзу, сатып алу және жеткiзу;
2) жобалау, iздестiру жұмыстарын орындау;
3) ғылыми-техникалық кеңес беру және жобалардың мемлекеттік сараптамасының ерекше құзыретіне жатқызылатын сараптама жұмыстарын қоспағанда, сараптама жүргізу;
4) заттарды, материалдарды, бұйымдарды, жабдықтарды және конструкцияларды өрт қауiпсiздiгiне сынақтан өткізу;
5) халықты өрт қауiпсiздiгi шараларына оқыту;
6) өртке қарсы насихатты жүзеге асыру, арнайы әдебиет пен жарнама өнiмдерiн басып шығару;
7) оттан қорғау және мұржа-пеш жұмыстары;
8) өртке қарсы жарақтарды, өрттi сөндiрудiң бастапқы құралдарын өндiру, жөндеу және оларға қызмет көрсету, өрт сөндiру заттарының сапасын қалпына келтiру;
9) өртке қарсы қызметтiң ғимараттары мен құрылыстарын салу, реконструкциялау және жөндеу;
10) өртке қарсы қорғану жүйелерi мен құралдарын өндiру, монтаждау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу;
11) өрт қауіпсіздігі саласындағы тәуекелдерді тәуелсіз бағалау; 12) өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған басқа да жұмыстар мен қызметтер көрсету жатады.

      65-бап. Өртті сөндіру

1. Өрттi сөндiру азаматтарды, мүлiктердi құтқаруға және өрттi жоюға бағытталған iс-қимыл болып табылады.
Қоныстану аумақтарында, стратегиялық, ерекше маңызы бар мемлекеттік объектілерде және мемлекет меншігіндегі тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінде өрт сөндіруді мемлекеттік өртке қарсы қызмет жүзеге асырады.
Өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің өрт сөндіру автомобильдері мен жеке құрамы өрт сөндіру деполарының ғимараттарында орналасады.
Дала өрттерін, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары құрылмаған елді мекендердегі өртті сөндіруді тиісті аумақтағы жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.
Дала өрттерін, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары құрылмаған елді мекендердегі өртті сөндіру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Басқа объектілердегі өртті сөндіруді мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтер жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет міндетті түрде құрылатын ұйымдарда және объектілерде өрт сөндіруге мемлекеттік өртке қарсы қызмет тартылған жағдайда шығындарды өтеу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіпте жүргізіледі.
Өртке қарсы қызмет гарнизонына кіретін күштер мен құралдарды пайдалану тәртібі өртке қарсы қызмет гарнизоны бөлімшелерінің шығу кестесінде, ал ауылдық жерлердегі аудандарда өрттерді сөндіруге күштер мен құралдарды тарту жоспарында белгіленеді.
Өрт сөндiрудi ұйымдастыру және оған мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді тарту тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
Өртке қарсы қызмет бөлiмшелерiнiң өрттi сөндiруге шығуы мүлтіксіз жүзеге асырылады.
Өртке қарсы қызмет бөлiмшелерiн шақыру үшiн елдi мекендердiң телефон жүйелерiнде «101» бiрыңғай нөмiрi орнатылады.
3. Өрт сөндiруге тартылған өртке қарсы қызметтiң барлық бөлiмшелерi өрт сөндiру жөнiндегi басшыға бағынады. Өрттi сөндiру жөнiндегi басшының әрекеттеріне оған уәкілеттігі жоқ лауазымды адамдардың араласуына тыйым салынады.
4. Өрт сөндіруде тікелей басшылықты өрт болған жерге келген өртке қарсы қызмет гарнизонының аға лауазымды адамы жүзеге асырады. Өрт сөндіру жөніндегі басшы өрт сөндіру бойынша міндеттерді орындауға қатысатын жеке құрамды, сондай-ақ өрт сөндіруге тартылған күштерді дара басшылық қағидаты негізінде басқарады.
5. Уәкілетті орган басшысы өртке қарсы барлық қызметтерге қатысты аға жедел бастық болып табылады.
Мемлекеттік өртке қарсы қызметтің аумақтық органдарының басшылары тиісті облыстың, (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), облыстық маңызы бар қаланың, ауданның аумағында орналасқан өртке қарсы барлық қызметтерге қатысты аға жедел бастықтар болып табылады.
6. Өрттердi сөндiру кезiнде келтiрiлген материалдық залал қолданыстағы заңнамада белгiленген тәртiпте өтелуге тиiс. Өртке қарсы қызметтiң жеке құрамы, аса қажеттілік жағдайларда өрт сөндiруге қатысқан өзге қатысушылар келтiрiлген залалды өтеуден босатылады.
7. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер органдары және қорғаныс, Қазақстан Республикасының қылмыстық атқару жүйесі, әуе, ішкі су және темір жол көлігі, мемлекеттік орман қорының объектілеріндегі өрттерді сөндіру уәкiлеттi орган мен Қазақстан Республикасының тиісті заңды тұлғалары арасындағы келісімдерде регламенттеледі.
8. Аварияларды, дүлей зілзалаларды және өрт сөндіруге байланысты емес өзге төтенше жағдайларды жою кезінде мемлекеттік және мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің күштері мен құралдары (ақшалай қаражаттан басқасы) оларды жою жөніндегі басшының қарамағында болады.
9. Өрт сөндiру кезiнде мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнің:
1) өрт сөндiру үшiн көлiк және басқа да материалдық-техникалық құралдарды қоса алғанда, мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердiң және өртке қарсы ерікті құралымдардың күштерi мен құралдарын тартуға;
2) өрттi сөндiру және жою бойынша жұмыстарды жүргiзу кезеңінде цехтер мен объектiлердiң жұмысын тоқтата тұруға, қажет жағдайда қауiптi аймақтан адамдарды эвакуациялауға, материалдық құндылықтарды көшiруге өкім беруге;
3) өрт кезiнде азаматтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында олардың жекелеген учаскелерге, аумақтарға, ғимараттардың үй-жайларына кiруiн шектеуге немесе оған уақытша тыйым салуға;
4) өрт кезiнде азаматтардың жеке қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында және азаматтарды құтқаруға, оттың таралуын болдырмауға және өрттi жоюға бағытталған шараларды қолдану үшiн азаматтардың тұрғын және өзге де үй-жайларына, ұйымдарына, оларға тиесiлi жер учаскелерiне, дипломатиялық өкілдіктерден және консулдық мекемелерден, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың өкiлдiктерiнен басқа аумаққа және үй-жайларға кедергісiз кiруге;
5) қажет болған жағдайларда адамдарды құтқару және өрттерді сөндiру үшін жабулы есiктер мен терезелердi, сондай-ақ қоршалған құрылыстарды бұзуға;
6) өрт сөндіру кезінде адамдарды құтқару үшін ұйымдардың көлігін, байланыс құралдарын, мүлкін және өзге де материалдық құралдарын қолдануға құқығы бар.

      66-бап. Өрт-техникалық өнімді өндіру

Өрт-техникалық өнім Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіпте өндіріледі.
Қазақстан Республикасының аумағында өрт-техникалық өнімді қолдануға рұқсатты Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіпте азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган береді.

      67-бап. Өрт қауіпсіздігі саласындағы сәйкестікті растау

Өрт қауіпсіздігі саласындағы сәйкестікті растау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.

      68-бап. Өрт қауіпсіздігі саласындағы техникалық реттеу
              объектілері

Өрт қауіпсіздігі саласындағы техникалық реттеу объектілері өнім және оның өмірлік циклінің процестері болып табылады.

      69-бап. Жобалау, салу, реконструкциялау және өндіру
              кезіндегі өрт қауіпсіздігі талаптары

Техникалық реттеу объектілерін жобалау, салу, реконструкциялау және өндіру кезінде:
1) объектілерді орналастыру;
2) объектілерді пайдалану;
3) объектілердің өрт-техникалық жіктемесі;
4) объектілерді өрт депосының ғимараттарымен және құрылыстарымен қамтамасыз ету;
5) адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
6) өрттің таралуын болдырмау;
7) өрт сөндіру мүмкіндігін қамтамасыз ету;
8) өрт сөндіру кезінде құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша талаптар сақталуға тиіс.

      70-бап. Пайдалану, сақтау, тасымалдау, қолдану және
              іске асыру кезіндегі өрт қауіпсіздігі талаптары

Техникалық реттеу объектілерін пайдалану, сақтау, тасымалдау, қолдану және іске асыру кезінде:
1) өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралар;
2) адамдарды эвакуациялау жолдары;
3) өрт туындаған жағдайда адамдардың қауіпсіздігін және іс-қимыл тәртібін қамтамасыз ету;
4) инженерлік жүйелердің жарақтандырылуы мен жұмыс істеуі;
5) өрт автоматикасы жүйелерінің жарақтандырылуы мен жұмыс істеуі, оған қызмет көрсету және тұрақты қызмет көрсету персоналы бар жерлерге шығару;
6) өрт техникасының жарақтандырылуы мен жұмыс істеуі;
7) өрттің таралуын болдырмау;
8) өрт сөндіру мүмкіндігін қамтамасыз ету;
9) объектілердің аумақтарын, ғимараттары мен құрылыстарын, үй-жайларын күтіп ұстау;
10) өрт сөндіру кезінде құтқару жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз ету бойынша талаптар сақталуға тиіс.

12-тарау. Өрт қауіпсіздігі саласындағы тәуекелдерді
тәуелсіз бағалау

      71-бап. Өрт қауіпсіздігі саласындағы тәуекелдерді
              тәуелсіз бағалауды жүргізу

1. Өрт қауіпсіздігі саласындағы тәуекелдерді тәуелсіз бағалау объектінің меншік иесі мен сарапшы ұйым арасында жасалатын, тараптардың құқықтары мен міндеттері белгіленетін шарт негізінде жүргізіледі.
Тәуекелдерді тәуелсіз бағалауды жүргізу кезінде сарапшы ұйымның құқықтары мен міндеттері шартта белгіленеді.
Өрт қауіпсіздігі саласындағы тәуекелдерді тәуелсіз бағалау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Сараптама ұйымы өрт қауіпсіздігі саласындағы өзге қызметті жүзеге асыруға, басқа жұмыстарды орындауға және (немесе) қызмет көрсетуге құқылы емес, сондай-ақ өзіне меншік құқығында тиесілі объектіде өрт қауіпсіздігі саласындағы тәуекелдерге тәуелсіз бағалауды жүргізе алмайды.
2. Өрт қауіпсіздігі саласындағы тәуекелдерді тәуелсіз бағалау мынадай іс-шараларды:
1) объектінің өрт қауіптілігін, сондай-ақ персоналдың дайындық деңгейін сипаттайтын құжаттарды талдауды;
2) объектінің өрт қауіпсіздігі жағдайы туралы объективті ақпарат алу, өрттің туындау және өршу, өрттің қауіпті факторларының адамдарға әсер ету мүмкіндігін анықтау үшін, сондай-ақ объектінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігін айқындау үшін объектіні тексеруді;
3) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіпте өрт қауіпсіздігі саласындағы тәуекелдерді бағалау бойынша есептерді жүргізуді;
4) объектінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы қорытынды дайындауды қамтиды.
Өрт қауіпсіздігі саласындағы тәуекелдерге тәуелсіз бағалауды жүргізу нәтижелері қорытынды түрінде ресімделеді.
Сарапшы ұйым қорытынды жасалғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде қорытындының көшірмесін уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне ұсынады.
Қорытындының қолданылу мерзімі үш жылды құрайды.
3. Өрт қауіпсіздігі саласындағы тәуекелдерді тәуелсіз бағалау мемлекеттік меншік объектілерінде, адамдар жаппай жиналатын және тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінде жүргізілмейді.
Тәуекелдерді тәуелсіз бағалау нәтижелері объектілерді қауіп-қатер дәрежесі бойынша бөлу үшін негіз болып табылады.

      72-бап. Өрт қауіпсіздігі саласындағы тәуекелдерді
              тәуелсіз бағалау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу

1. Өрт қауіпсіздігі саласындағы тәуекелдерді тәуелсіз бағалау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеуді уәкілетті орган жүзеге асырады.
2. Өзінің штатында кемінде үш маманы бар мынадай талаптардың біріне сай келетін:
1) өрт қауіпсіздігі саласында жоғары білімі бар;
2) өзге жоғары білімі және мемлекеттік және (немесе) мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерде кемінде бес жыл жұмыс өтілі бар, арнайы оқыту курстарынан өткен ұйымдар сарапшы ұйымдар бола алады.
Сараптама ұйымдарына арналған мамандарды арнайы оқыту курстары мамандандырылған оқыту ұйымдарында өткізіледі, оларға қойылатын талаптарды, сондай-ақ арнайы оқыту курстарынан өту шарттары мен тәртібін уәкілетті орган белгілейді.
3. Аккредиттеу үшін ұйым мынадай құжаттарды:
1) өтінішті;
2) ұйым жарғысының көшірмесін (тексеруге үшін түпнұсқасын ұсынбаған жағдайда нотариалды куәландырылған);
3) ұйымды заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесін;
4) ұйым мамандарының білімі туралы, мемлекеттік және (немесе) мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердегі жұмыс өтілі, сондай-ақ олардың арнайы оқыту курстарынан өткені туралы құжаттарының көшірмелерін (тексеру үшін түпнұсқасын ұсынбаған жағдайда нотариалды куәландырылған);
5) ұйымға меншік құқығында немесе өзге заңды негізде тиесілі үй-жай, жабдық туралы мәліметтерді ұсынады.
4. Аккредиттеу туралы құжаттарды қарау және олар бойынша шешімдер қабылдау үшін тұрақты жұмыс істейтін комиссия құрылады, оның құрамы мен қызметінің тәртібін уәкілетті органның басшысы белгілейді. Аккредиттеу туралы құжаттарды қарауды олар уәкілетті органға түскен сәттен бастап есептелетін отыз жұмыс күні ішінде Комиссия жүзеге асырады.
Оң шешім қабылданған жағдайда уәкілетті орган сарапшы ұйымдардың мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізеді және өтініш берушіге аккредиттеу аттестатын береді.
5. Ұсынылған құжаттар осы баптың 2 және 3-тармақтарының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, уәкілетті орган аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Аккредиттеуден бас тартылған жағдайда, өтініш берушіге бес жұмыс күні ішінде мұндай бас тартудың себептері көрсетіле отырып, дәлелді жазбаша жауап жіберіледі.
6. Аккредиттеу мәселелері бойынша даулар туындаған кезде өтініш берушілер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте сотқа жүгінуге құқылы.
7. Уәкілетті орган берген аккредиттеу аттестаттары Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жарамды және олардың қолданылу мерзімі бес жыл.
Аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі аккредиттеу туралы шешім қабылданған сәттен бастап есептеледі.
Аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты сарапшы ұйым қайта аккредиттеу үшін осы бапта көзделген құжаттарды ұсынады.
8. Аккредиттеу аттестатында:
1) ұйымның атауы (атауы және ұйымдық-құқықтық нысанын көрсету), орналасқан жері;
2) аккредиттеу аттестатының тіркеу нөмірі;
3) аккредиттеу аттестатының сарапшы ұйымдардың мемлекеттік тізілімінде тіркелген күні;
4) аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі көрсетіледі.
Аккредиттеу аттестатының бланкілері қатаң есептілік құжаттары болып табылады, олардың қорғанышы мен нөмірі болады.
Аккредиттеу аттестаты бір данада беріледі, аккредиттеу аттестатын басқа заңды тұлғаларға беруге тыйым салынады.
Жоғалған, бүлінген аккредиттеу аттестаттары сарапшы ұйымның уәкілетті органға жазбаша өтініш (аккредиттеу аттестатының жоғалу, бүліну фактісін растайтын құжаттарды қоса) берген күнінен бастап жарамсыз болып саналады.
Уәкілетті орган өтініш берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде аккредиттеу аттестатының телнұсқасын береді.
9. Аккредиттеу аттестатынан айыру Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіпте жүзеге асырылады.
10. Аккредиттеу аттестатының қолданылуы:
1) сарапшы ұйымның аккредиттеу аттестатының қолданылуын тоқтату туралы өтініш беруі;
2) аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімінің өтуі;
3) заңды тұлғаның таратылуы;
4) аккредиттеу аттестатынан айыру негізінде тоқтатылады.
11. Аккредиттеу аттестатының қолданылуы тоқтатылған жағдайда сарапшы ұйым аккредиттеу аттестатын уәкілетті органға он күн мерзімде қайтаруға міндетті.

13-тарау. Қауiптi өндiрiстiк объектiлерде өнеркәсіптік
қауіпсіздікті қамтамасыз ету

      73-бап. Өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету

1. Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк:
1) өнеркәсiптiк қауiпсiздiктiң мiндеттi талаптарын белгiлеу және орындау;
2) қауiптi өндiрiстiк объектiлерде өнеркәсiптiк қауiпсiздiк нормаларына сәйкестiгiн растау рәсiмдерiнен өткен технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды қолдануға рұқсат ету;
3) қауiптi өндiрiстiк объектiнiң қауiпсiздiгiн декларациялау;
4) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк қадағалау, сондай-ақ өндiрiстiк бақылау;
5) өнеркәсiптiк қауiпсiздiкке сараптама жасау;
6) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласында жұмыстар жүргізуге ұйымдарды аттестаттау;
7) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк мониторингі;
8) кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің қауіпті өндірістік объектілерге қызмет көрсетуі арқылы қамтамасыз етiледi.
2. Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк қағидалары өнеркәсiптiк персоналды, халық пен аумақтарды төтенше жағдайлардан қорғау, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы, қоршаған ортаны қорғау, экологиялық қауiпсiздiк, өрт қауiпсiздiгi, еңбек қауiпсiздiгi мен оны қорғау, құрылыс саласындағы нормаларға сәйкес болуға тиiс.
3. Өнеркәсіптік қауіпсіздік қағидалары Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітіледі.

      74-бап. Аварияларды жою жоспары

1. Қауіпті өндірістік объектіде аварияларды жою жоспары әзірленеді.
2. Аварияларды жою жоспарында адамдарды құтқару бойынша іс-шаралар, персонал мен авариялық-құтқару қызметтерінің іс-қимылдары көзделеді.
3. Аварияларды жою жоспарында:
1) жедел бөлім;
2) аварияларды жоюға қатысатын персонал арасында міндеттерін бөлу, іс-қимылдары дәйектілігі;
3) авария туындаған жағдайда хабардар етілетін және оны жоюға қатысатын лауазымды адамдар мен мекемелердің тізімдері қамтылады.
4. Аварияларды жою жоспарын ұйым басшысы бекітеді және ол кәсіби авариялық-құтқару қызметтерімен және құралымдарымен келісіледі.

      75-бап. Оқу дабылдары және аварияларға қарсы жаттығулар

1. Қауіпті өндірістік объектіде оқу дабылдары және аварияларға қарсы жаттығулар ұйым басшысы бекіткен жоспар бойынша жүргізіледі.
Ұйым оқу дабылдарын және аварияларға қарсы жаттығулар өткізу туралы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне жазбаша хабарлайды.
2. Оқу дабылын ұйым басшысы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің және кәсіби авариялық-құтқару қызметінің өкілдерімен бірлесе отырып, жүргізеді.
3. Оқу дабылының қорытындылары актімен ресімделеді. Актіде жазылған ұсыныстардың орындалуын бақылау ұйым басшысына жүктеледі.

      76-бап. Қауіпті өндірістік объектілерді, техникалық
              құрылғыларды, материалдарды қабылдау сынақтарын
              жүргiзу

1. Қауiптi өндiрiстiк объектiлер, қауiптi өндiрiстiк объектiлерде қолданылатын техникалық құрылғылар, материалдар, оның iшiнде шетелде өндiрiлгендер өнеркәсiптiк қауiпсiздiк талаптарына сәйкестiгi бойынша қабылдау сынақтарынан өтуге жатады.
Қабылдау сынақтарын өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында сараптама жүргізу құқығына уәкiлеттi орган аттестаттаған ұйымдар жүргiзедi.
2. Уәкілетті орган аттестаттаған ұйымдар қауіпті өндірістік объектілерді, техникалық құрылғыларды, материалдарды қабылдау сынақтарын жүргiзу туралы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне жазбаша түрде хабарлайды.
3. Аттестатталған ұйым қауіпті өндірістік объектілерді, техникалық құрылғыларды, материалдарды қабылдау сынақтарын мынадай құжаттар:
1) сынақтар жүргiзу жөнiндегi комиссияның тағайындалғаны туралы бұйрық;
2) сынақтар бағдарламасы мен әдiстемесі болған кезде жүргізеді.
4. Тәжiрибелiк үлгiлерді қабылдау сынақтары қауіпті өндірістік объектілердің, техникалық құрылғылардың, материалдардың өнеркәсiптiк қауiпсiздiк талаптарына сәйкестiгiн қамтамасыз ететiн жағдайларда жүргiзiлу тиiс.
5. Уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша қабылдау сынақтары әзірлеушіде жүргiзiлуi мүмкiн. Сынақтарды жүргізу көлемi мен тәртiбiн аттестатталған ұйым айқындайды.
6. Шетелде өндiрiлген қауіпті өндірістік объектілер, техникалық құрылғылар, материалдар үшін Қазақстан Республикасында аттестатталған ұйымның жеткiзушi елінде үлгiлерді қабылдау сынақтарын жүргiзуiне жол берiледi. Мұндай сынақтарды жүргiзу уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша жүзеге асырылады.
7. Қабылдау сынақтарының нәтижелерi бойынша қауіпті өндірістік объектілердің, техникалық құрылғылардың, материалдардың өнеркәсiптiк қауiпсiздiк талаптары мен нормаларына сәйкестiгi, кемшiлiктердiң бар-жоғы туралы акт, оларды жою бойынша ұсынымдар, өнiмнiң осы түрiн Қазақстан Республикасының аумағында қолдану бойынша ұсыныстар берiледi.

      77-бап. Қауіпті өндірістік объектілерді, технологияларды,
              техникалық құрылғыларды, материалдарды, оның
              ішінде шетелде өндiрiлгендерді қолдануға рұқсат
              беру

1. Қауіпті өндірістік объектілерді, технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды, оның ішінде шетелде өндiрiлгендерді қолдануға рұқсат алу үшін өтініш беруші уәкілетті органға технологиялардың, техникалық құрылғылардың, материалдардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы мемлекеттік және орыс тілдеріндегі сараптамалық қорытындысымен технологиялардың, техникалық құрылғылардың, материалдардың қолданылу мақсаты және олардың қолданылу аясы туралы қысқаша ақпараты бар өтінішті қоса ұсынады.
2. Қауіпті өндірістік объектілер, технологиялар, техникалық құрылғылар, материалдар өнеркәсiптiк қауiпсiздiк талаптарына сәйкес келген кезде уәкiлеттi орган оларды қолдануға рұқсат бередi. Қауіпті өндірістік объектілерді, технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды, оның ішінде шетелде өндірілгендерді қолдануға рұқсат беру үшін материалдарды қарау мерзімі күнтізбелік отыз күнді құрайды.
3. Техникалық құрылғылар құрамына кіретін тораптарды, бөлшектерді, аспаптарды, жиынтықтаушы бұйымдарды, қосалқы бөлшектерді қолдануға рұқсат беру талап етілмейді.
4. Пайдалану процесiнде қауіпті өндірістік объектілердің, технологиялардың, техникалық құрылғылардың, материалдардың, оның ішінде шетелде өндiрiлгендердің өнеркәсiптiк қауiпсiздiк талаптарына сәйкес еместігі анықталған кезде, оларды қолдануға берiлген рұқсат керi қайтарып алынады.
5. Қауіпті өндірістік объектілерді, технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды қолдануға берiлген, керi қайтарып алынған рұқсаттардың есебiн жүргізуді уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
6. Қазақстан Республикасының аумағында рұқсат барлық құқық субъектiлерi үшiн қолданылады.
7. Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген және керi қайтарып алынған қауіпті өндірістік объектілерді, технологиялар, техникалық құрылғылар, материалдар, оның ішінде шетелде өндірілгендері туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.

      78-бап. Жарылғыш материалдарды, оның iшiнде шетелде
              өндiрiлгендерді қолдануға рұқсат беру

1. Жарылғыш материалдарды, оның iшiнде шетелде өндiрiлгендерді қолдануға рұқсатты уәкiлеттi орган сынақтар кешенiн өткiзгеннен кейiн бередi, ол:
1) жарылғыш материалдардың оларды жасап шығаруға және қолдануға арналған техникалық құжаттамада белгiленген талаптарға, оның iшiнде өнеркәсіптік қауiпсiздiк талаптарына сәйкестігін бақылау сынақтарын;
2) өндiрiстiк жағдайларда алдын ала және қабылдау сынақтарын;
3) өндiрiстiк сынақтарды бақылау сынақтарының нәтижелерiне байланысты бiр немесе екi кезеңде жүргiзудi қамтиды.
2. Сынақтар жүргiзу жөнiндегi комиссияның құрамына кәсiпорынның, сарапшы ұйымның және уәкiлеттi органның өкiлдерi енгiзiлуге тиiс.
3. Өтініш беруші рұқсат алу үшін уәкілетті органға тәжірибелік партияны қабылдау сынақтарының актісімен және жарылыс жұмыстары саласындағы аттестатталған ұйымның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі сараптамалық қорытындысымен қоса өтінішті ұсынады.

      79-бап. Өнеркәсiптiк қауiпсiздiкке сараптама жүргізу

1. Өнеркәсiптiк қауiпсiздiкке сараптама жүргізуге:
1) қауiптi өндiрiстiк объектiнi салудың, кеңейтудiң, реконструкциялаудың, техникалық қайта жарақтандырудың, консервациялаудың және жоюдың жобалық құжаттамасы.
Жобалық құжаттамаға өзгерістер енгiзiлген кезде қайта сараптама жүргізу міндетті;
2) қауіпті өндірістік объектілер;
3) қауiптi өндiрiстiк объектiлерде қолданылатын технологиялар, техникалық құрылғылар, материалдар;
4) өндiрiстiк қауiпсiздiк декларациясы;
5) ғимараттардың, құрылыстардың жай-күйі;
6) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстарды жүргізуге аттестат алған кезде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне ұйымдар;
7) қауіпті өндірістік объектіні декларациялау туралы шешім қабылдау үшін қажетті жаңадан енгізілетін қауіпті өндірістік объектілердің жоба алды құжаттамалары және қолданыстағы қауіпті өндірістік объектілері істерінің нақты жағдайы жатады.
2. Өнеркәсiптiк қауiпсiздiкке сараптаманы уәкiлеттi орган аттестаттаған, өтініш беруші ұйымнан тәуелсіз ұйымдар қауiптi өндiрiстiк объект иесiнiң қаражаты есебiнен жүргiзедi.
3. Сараптамалық қорытынды өнеркәсiптiк қауiпсiздiкке жүргізілген сараптаманың нәтижесi болып табылады.

      80-бап. Ұйымдарды өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласында
              жұмыстар жүргiзуге аттестаттау

1. Ұйымдар:
1) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласында сараптама жүргiзу;
2) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласында мамандарды даярлау, қайта даярлау, олардың бiлiктiлiгiн арттыру;
3) жарылыс жұмыстары саласында сараптама жүргізу;
4) өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын әзірлеу;
5) газ тұтыну жүйелеріне техникалық қызмет көрсету құқығына аттестаттауға жатады.
2. Аттестаттау үшін ұйым уәкілетті органға өнеркәсіп саласын және жүзеге асырылатын қызмет түрін көрсете отырып, ұйым жарғысының көшірмесін, ұйымның заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің көшірмесін, ұйымның өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарымен белгіленген өтініш берілген жұмыс түрлеріне сәйкестігі туралы сараптамалық қорытындының түпнұсқасын, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы талаптарды білуіне тексеруден өткен мамандардың біліктілік құрамы, материалдық-техникалық базасы туралы мәліметтермен қоса өтінішті ұсынады.
3. Құжаттарды қарау құжаттардың толық көлемде тапсырылған күнінен бастап бiр айдан кешiктiрмей жүзеге асырылады.
4. Уәкiлеттi орган қарау қорытындылары бойынша аттестаттау немесе аттестаттаудан бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
5. Аттестаттау немесе аттестаттаудан бас тарту туралы дәлелдi шешiм ұйымға шешiм қабылданған күннен бастап бес күндік мерзiмде берiледi.
6. Аттестатты беруден мынадай себептер бойынша:
1) осы баптың 3-тармағында көрсетiлген құжаттар ұсынылмағанда;
2) ұйым өнеркәсiптiк қауiпсiздiк талаптарына сәйкес келмегенде бас тартылуы мүмкiн.
Ұйым көрсетілген себептерді жойған кезде аттестаттау туралы өтініш жалпы негіздерде қаралады.
7. Аттестаттың қолданылу мерзімі бес жылды құрайды.
Аттестат бланктері қатаң есептілік құжаттары болып табылады, олардың қорғанышы мен нөмірі бар.
Аттестат бір данада беріледі, оны басқа заңды тұлғаларға беруге тыйым салынады.
Уәкілетті органға субъектінің жазбаша өтінішті (аттестаттың жоғалу, бүліну фактісін растайтын құжаттарды қоса берумен) берген күнінен бастап жоғалған, бүлінген аттестаттар жарамсыз деп саналады. Уәкілетті орган өтінішті берген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде аттестаттың телнұсқасын береді.
Ұйым осы баптың 1-тармағында көзделген азаматтық қорғау саласындағы заңнама талаптарын бұза отырып, қызметін жүзеге асырған, оның ішінде объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы талаптарға сәйкестігі/сәйкес еместігі туралы толық емес және/немесе дәйексіз ақпаратты ұсынған жағдайда уәкілетті орган Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық заңнамасында көзделген тәртіппен әкімшілік жауапкершілікке тартады және аттестаттың қолданылуын тоқтата тұрады.
Аттестаттың қолданылуын тоқтата тұрудың себептері жойылмаған жағдайда аттестаттан айыру сот тәртібінде жүзеге асырылады.
Аттестаттың қолданылуы:
ұйым аттестатының қолданылуын тоқтату туралы өтінішін ұсынған;
оның қолданылу мерзімі өткен;
заңды тұлға таратылған;
аттестаттан айырған жағдайда тоқтатылады.
8. Аттестат алған ұйымдар немесе аттестат қолданылуының тоқтатылғаны туралы ақпаратты уәкілетті орган өз интернет-ресурсында орналастырады немесе республикалық мерзімді баспа басылымдарында жариялайды.
Уәкілетті орган берілген және қолданылуы тоқтатылған аттестаттардың тізілімін жүргізеді.
9. Заңды тұлға қайта ұйымдастырылған жағдайда аттестат құқық мирасқоры болып табылатын заңды тұлғаның атына бес жұмыс күні ішінде құқық мирасқорлық фактісін растайтын құжаттары қоса берілген жазбаша өтініші негізінде қайта ресімделеді.

      81-бап. Қауіпті өндірістік объектілер

1. Қауіпті өндірістік объектілерге:
1) мынадай:
адам денсаулығы және қоршаған орта үшін қауіпті заттарды қамтитын өндірістік қалдықтар;
иондандырушы сәулелендіру көздері;
тұтанғыш – қалыпты қысым және ауамен қосылу жағдайында тұтанғыш болатын және қайнау температурасы қалыпты қысым жағдайында 20 немесе одан төмен Цельсий градусын құрайтын зат;
жарылғыш – сыртқы әсердің белгілі бір түрлері кезінде жылу бөліп, газ құрап, өздігінен жылдам тарайтын химиялық өзгерістерге ұшырай алатын зат;
жанғыш – өздігінен тұтанып, сондай-ақ от алдыру көзінен от алып, оны алып тастағаннан кейін өздігінен жанатын зат;
тотықтандырғыш – жануға көмектесетін, тұтануды тудыратын және (немесе) тотықтандыру-қалпына келтірудің экзотермиялық реакциясы нәтижесінде басқа заттардың тұтануына себеп болатын зат;
уытты – тірі организмдерге әсер ету кезінде олардың өліміне әкеп соқтыруға бейім және мынадай сипаттамасы бар зат:
асқазанға енгізілген кезде орташа өлім дозасы салмағы бір килограмм салмаққа қоса алғанда 15-тен 200 миллиграмға дейін келетін;
теріге енгізген кезде орташа өлім дозасы салмағы бір килограмм салмаққа қоса алғанда 50-ден 400 миллиграмға дейін келетін;
ауадағы орташа өлім концентрациясы бір литрге қоса алғанда 0,5-тен 2 миллиграмға дейін келетін;
жоғары уытты – тірі организмдерге әсер ету кезінде олардың өліміне әкеп соқтыруға бейім және мынадай сипаттамасы бар зат:
асқазанға енгізілген кезде орташа өлім дозасы бір килограмм салмаққа 15 миллиграмнан аспайтын;
теріге енгізген кезде өлім дозасы бір килограмм салмаққа 50 миллиграмнан аспайтын;
ауадағы орташа өлім концентрациясы бір литрге 0,5 миллиграмнан аспайтын;
қоршаған ортаға қауіп төндіретін, оның ішінде су ортасында мынадай қатты уытты көрсеткіштермен сипатталатын зат:
балыққа тоқсан алты сағат бойына ингаляциялық әсер ету жағдайында орташа өлім дозасы бір литрге 10 миллиграмнан аспайтын; дафнияға қырық сегіз сағат бойына әсер ету жағдайында белгілі бір әсер тудыратын удың орташа концентрациясы бір литрге 10 миллиграмнан аспайтын;
балдырларға жетпіс екі сағат бойына әсер ету жағдайында орташа тежейтін концентрациясы бір литрге 10 миллиграмнан аспайтын қауіпті заттардың біреуі өндірілетін, пайдаланылатын, қайта өңделетін, түзілетін, сақталатын, тасымалданатын, жойылатын;
2) қара, түсті, бағалы металдардың балқымалары мен олардың негізінде алынатын қорытпалары жасалатын;
3) тау-кен, геологиялық барлау, бұрғылау, жарылыс жұмыстары, пайдалы қазбаларды өндіру және минералды шикізатты қайта өңдеу жөніндегі жұмыстар, жер асты жұмыстары жүргізілетін;
4) қауіпті өндірістік объектілердің гидротехникалық ғимараттары пайдаланылатын кәсіпорындар, олардың өндірістік бөлімшелері және басқа да объектілер жатады.
2. Қауіпті өндірістік объектілергесол сияқты:
1) 0,07 мегаПаскальдан аса қысыммен немесе судың 115 градус Цельсийден аса қайнау температурасы кезінде жұмыс істейтін техникалық құрылғылар (0,07 мегаПаскальдан аса қысыммен жұмыс істейтін бу қазандары; 115 градус Цельсийден аса температурамен су жылыту қазандары; 0,07 мегаПаскальдан аса қысыммен жұмыс істейтін сауыттар; 0,07 мегаПаскальдан аса жұмысы қысыммен бу және 115 градус Цельсийден аса температурадағы ыстық су өткізгіш құбырлар);
2) жүк көтергіш механизмдер (жүк көтергіш крандар, көтергіштер, эскалаторлар, арқан жолдар, фуникулерлер, лифтілер) жатады.

      82-бап. Өндірістік объектінің қауіптілігін бағалау

1. Өндірістік объектінің қауіптілігін бағалау:
1) жазатайым оқиғалардың жиілігі;
2) жазатайым оқиғалардың ауырлығы;
3) өлімге әкеп соқтыратын жарақаттанудың жиілігі;
4) кәсіптік ауру;
5) негізгі қорлардың тозуы;
6) негізгі қорларды ауыстыру;
7) қауіпті өндірістік объектінің авариялылығы коэффиценттері бойынша жыл сайын жүзеге асырылады.
Облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана шегіндегі өндірістік объектілердің жалпы қауіптілік деңгейін уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі айқындайды. Ұсынылған мәліметтер негізінде уәкілетті орган республика бойынша қауіптілік деңгейінің орташа салалық көрсеткішін айқындайды.
Қауіпті өндірістік объектілердің иелері және сақтандыру ұйымдары өздері ұсынатын қосымша материалдар негізінде өндірістік объектілер қауіптілігінің есептік деңгейін өзгертуді талап етуге құқылы.
2. Объекті қауіптілігінің жалпы деңгейін айқындау тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітіледі.
3. Қауіпті өндірістік объектілері бар, декларациялауға және сақтандыруға жататын ұйымдардың жыл сайынғы жалпы қауіптілік деңгейі туралы ақпаратты уәкілетті орган өз интернет-ресурсында орналастырады немесе республикалық мерзімді баспа басылымдарында жариялайды.

      83-бап. Өндірістік қауіпсіздікті міндетті декларациялау

1. Пайдалану кезінде қауіпті өндірістік факторлардың халыққа, қоршаған ортаға зиянды әсер ету мүмкіндігі бар қауіпті өндірістік объектілер міндетті түрде декларациялануға жатады.
Қауіпті өндірістік факторлардың халыққа, қоршаған ортаға зиянды әсер ету мүмкіндігі жаңадан енгізілетін қауіпті өндірістік объектілердің жоба алды құжаттамаларына және қолданыстағы қауіпті өндірістік объектілері істерінің нақты жағдайы бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізу арқылы белгіленеді.
Сараптама қауіпті өндірістік объектілердегі қауіпті өндірістік факторларды, сондай-ақ олар әсер етуі ықтимал аймақтағы адамдардың санын анықтайды.
Уәкілетті орган сараптамалық қорытынды негізінде қауіпті өндірістік объектіні декларациялау туралы шешім шығарады.
Уәкілетті органның қауіпті өндірістік объектіні декларациялау немесе декларациялау қажеттілігінің жоқтығы туралы шешімі қауіпті өндірістік объекті иесінің еркін нысанда ұсынған өтініші бойынша сараптамалық қорытындының түпнұсқасымен қоса беріледі.
2. Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк декларациясы (бұдан әрi – декларация) қауiптi өндiрiстiк объектiнi салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, техникалық қайта жарақтандыруға, консервациялауға және жоюға арналған жобалық құжаттаманың құрамында және қолданыстағы қауіпті өндірістік объектілер істерінің нақты жағдайы бойынша әзiрленедi, қайта қаралады.
3. Декларация мынадай мәлiметтердi:
1) қауiптi заттар (оның iшiнде өндiрiлетiн) тiзбесiн және олардың сипаттамаларын;
2) қауіпті өндірістік факторларды (әр фактор жеке; басқа факторлармен өзара әрекетте; қоршаған ортамен өзара әрекетте);
3) қауiптi өндірістік факторлардың таралуы туралы технологиялық деректердi;
4) қауiптiлiк пен тәуекелге талдауды;
5) қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi техникалық шешiмдердi;
6) авариялық жағдайлардың туындау жағдайына талдауды;
7) авариялық жағдайларда персоналды iс-қимыл жасауға дайындауды;
8) авариялардың туындауы мен дамуының болуы ықтимал сценарийлерiнiң схемасын;
9) аварияны жоюдың жоспарын (хабардар ету жүйесi; адамдарды қорғау құралдары мен шаралары; аварияларды, төтенше жағдайларды жоюға арналған резервтiк ресурстар; зардап шеккендерге көмек көрсету бойынша медициналық қамтамасыз ету);
10) объектінің және онымен іргелес аумақтың жергілікті хабардар ету жүйесінің жоспарын қамтуға тиiс.
4. Декларацияны әзiрлеудi қауiптi өндiрiстiк объектiнi пайдаланатын ұйым не өнеркәсiптiк қауiпсiздiк декларациясын әзірлеу құқығына аттестатталған ұйым жүзеге асырады. Бұл ретте, өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын әзірлеген кезде қауiптi өндiрiстiк объектiлердi пайдаланатын ұйым үшін осы аттестаттың бар болуы талап етілмейді.
5. Декларация ондағы өнеркәсіптік қауiпсiздiк мәлiметтерi немесе өнеркәсiптiк қауiпсiздiк талаптары өзгерген жағдайда өзгерiстер пайда болған кезден бастап үш айдан кешіктірмей нақтыланады.
6. Декларацияны қауiптi өндiрiстiк объектiнi пайдаланатын ұйымның басшысы бекiтедi.
Қауiптi өндiрiстiк объектiнi пайдаланатын ұйымның иесi декларациядағы мәлiметтердiң уақтылы ұсынылуына, оның толықтығы мен дұрыстығына Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
7. Декларация уәкілетті орган аттестаттаған ұйымда сараптама жасауға жатады.
Декларацияға өзгерiстер енгiзiлген кезде ол қайта сараптама жасауға және тіркелуге жатады.
8. Декларация қағазда екі данада не электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат түрінде бір данада жоба құрамындағы сараптама қорытындысымен қоса немесе жеке құжат түрінде уәкілетті органға тіркеу үшін ұсынылады. Электрондық құжат түріндегі декларация уәкілетті органда сақталады, декларацияны қағазда ұсынған жағдайда, бір данасы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде, екінші данасы қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйымда сақталады.
9. Қауiптi объектiнi декларациясыз пайдалануға тыйым салынады.
10. Уәкілетті орган өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясы тіркелген объектілердің тізбесін өзінің интернет-ресурсына орналастырады.
11. Объектілерді декларацияланатындарға жатқызу өлшемшарттарын анықтайтын қағидалар мен өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын әзірлеу тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітіледі.

      84-бап. Қауіпті өндірістік объектілерді есепке
              қою және есептен шығару

1. Қауіпті өндірістік объектіні есепке қою, есептен шығару үшін оның иесі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне өтініш береді.
2. Өтініш еркін түрде беріледі. Өтініште қауіпті өндірістік объектіні есепке қою немесе есептен шығару үшін сәйкестендіру негіздемесі көрсетіледі.
3. Қауіпті өндірістік объектіні есепке қою, есептен шығару өтініш берген күнінен бастап он жұмыс күні ішінде қауіпті өндірістік объектіні есепке қою, есептен шығару туралы хабарлама беріле отырып, жүзеге асырылады.
Қауіпті өндірістік объектіні есепке қою, есептен шығару уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде қауіпті өндірістік объектілерді есепке алу журналында және қауіпті өндірістік объектінің паспортында тиісті жазба жасай отырып жүргізіледі.

      85-бап. Қауіпті өндірістік объектілерді салуға,
              кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға,
              консервациялауға және таратуға жобалық
              құжаттаманы келісу

1. Жобалық құжаттаманы келісу үшін қауіпті өндірістік объектінің иесі азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік инспекторына:
жобалық құжаттаманы келісуге жіберу туралы өтінішті;
жобалық құжаттаманың көшірмесін;
жобалық құжаттаманың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы сараптама қорытындысының түпнұсқасын ұсынады.
2. Жобалық құжаттаманы келісу туралы оң шешім немесе оны келісуден дәлелді бас тарту құжат берілген күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде өтініш берушіге толық көлемде жіберіледі.

      86-бап. Қауiптi өндiрiстiк объектiлердiң, сондай-ақ
              осындай объектілерге өнеркәсіптік қауіпсіздік
              мәселелері бойынша жұмыс істеуге тартылған
              аттестатталған, жобалау және басқа да мердігерлік
              ұйымдардың қызметкерлерін кәсiби даярлау, қайта
              даярлау, бiлiктiлiгiн арттыру

1. Қауiптi өндiрiстiк объектiлердiң, сондай-ақ осындай объектілерге өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша жұмыс істеуге тартылған аттестатталған, жобалау және басқа да мердігерлік ұйымдардың қызметкерлерін кәсiби даярлау, қайта даярлау, бiлiктiлiгiн арттыру қауіпті өндірістік объектілер иелеріне және аттестатталған, жобалау және осы сияқты жұмысқа тартылған басқа да мердігерлік ұйымдардың басшыларына жүктеледі.
Кәсіби даярлау, қайта даярлау, біліктілікті арттыру оқыту және одан кейін емтихандар қабылдау арқылы жүзеге асырылады.
2. Қауiптi өндiрiстiк объектiлердiң, сондай-ақ осындай объектілерге жұмыс істеуге тартылған аттестатталған, жобалау және басқа да мердігерлік ұйымдардың қызметкерлерiн оқыту және олардан емтихан қабылдау қауіпті өндірістік объектінің оқу орталығында немесе уәкілетті органның аттестаты бар оқу ұйымында жүргізіледі.
3. Аттестатталған ұйымдар оқытуды жүргізу бойынша олардың басшылары бекітетін оқу жоспарын және ұзақтығы кемінде он, сондай-ақ қырық сағаттық жұмыстарды қауіпсіз орындау талаптарына қызметкерлерді оқытудың бағдарламаларын әзірлейді.
4. Қауіпті өндірістік объектінің технологиялық процесіне қатысатын, қауiптi өндiрiстiк объектiлерді пайдаланатын, оларға техникалық қызмет көрсетуді, техникалық куәландыруды, монтаждауды және жөндеуді орындайтын, қауіпті өндірістік объектілерге жұмысқа түсетін техникалық басшылар, мамандар және жұмысшылар, сондай-ақ осындай объектілерге жұмыс істеуге тартылған аттестатталған, жобалау және басқа да мердігерлік ұйымдар қырық сағаттық бағдарлама бойынша алдын-ала оқытыла отырып, кәсіби даярлықтан өтуге жатады.
5. Қауіпті өндірістік объектінің технологиялық процесіне қатысатын, қауiптi өндiрiстiк объектiлерді пайдаланатын, оларға техникалық қызмет көрсетуді, техникалық куәландыруды, монтаждауды және жөндеуді орындайтын, қауіпті өндірістік объектілерде жұмыс істейтін, сондай-ақ осындай оларға жұмыс істеуге тартылған аттестатталған, жобалау және басқа да мердігерлік ұйымдардың техникалық басшылары, мамандары және жұмысшылары біліктілігін арттыруға жатады:
жыл сайын он сағаттық бағдарлама бойынша алдын-ала оқытудан өтетін қауіпті өндірістік объектілерде жұмыс істейтін жұмыс персоналы, сондай-ақ жұмыстарды қауіпсіз жүргізуге жауапты адамдар;
үш жылда бір рет қырық сағаттық бағдарлама бойынша алдын-ала оқытудан өтетін техникалық басшылар, мамандар және инженер-техникалық қызметкерлер;
6. Қауіпті өндірістік объектінің технологиялық процесіне қатысатын, қауiптi өндiрiстiк объектiлерді пайдаланатын, оларға техникалық қызмет көрсетуді, техникалық куәландыруды, монтаждауды және жөндеуді орындайтын, сондай-ақ осындай объектілерге жұмыс істеуге тартылған аттестатталған, жобалау және басқа да мердігерлік ұйымдардың техникалық басшылары, мамандары және қызметкерлері он сағаттық бағдарлама бойынша алдын-ала оқытыла отырып, мынадай жағдайларда қайта даярлануға жатады:
1) жаңа немесе қайта әзірленген өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық және нормативтік актілер қолданысқа енгізілген кезде;
2) егер жаңа міндеттер басшыдан немесе маманнан қауіпсіздік саласындағы қосымша білімді талап етіп, жаңа лауазымға тағайындалған немесе басқа жұмысқа ауысқан кезде;
3) сыныптылығы, разряды жоғарылаған кезде;
4) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптары бұзылған кезде;
5) жаңа жабдықты пайдалануға енгізу немесе жаңа технологиялық процестерді ендіру кезінде;
6) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарын жеткіліксіз білуі анықталған кезде, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшелерінің талабы бойынша.
7. Қауiптi өндiрiстiк объектiлердiң, сондай-ақ осындай объектілерге жұмыс істеуге тартылған аттестатталған, жобалау және басқа да мердігерлік ұйымдар қызметкерлерiнің білімдерін тексеруді (емтихандарды) ұйымдастыру мен өткізуді бекітілген кестеге сәйкес олардың басшылары қамтамасыз етеді. Білімі тексерілетін адамдар кестемен танысуы тиіс.
8. Қауiптi өндiрiстiк объектiлердiң, сондай-ақ осындай объектілерге жұмыс істеуге тартылған аттестатталған, жобалау және басқа да мердігерлік ұйымдар қызметкерлерінің білімдерін тексеру үшін ұйым бойынша немесе аттестатталған оқу ұйымы бойынша бұйрықпен (өкіммен) тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары құрылады, оларды қауіпті өндірістік объектінің аттестатталған оқу орталығы немесе аттестатталған оқу ұйымы басшысы немесе орынбасары басқарады.
9. Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын ұйымдардың басшылары, сондай-ақ аталған ұйымдардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиясының мүшелері азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік инспекторының немесе оның орынбасарларының төрағалық етуімен уәкілетті орган комиссиясына үш жылда бір рет емтихан тапсырады.
Басқа ұйымдардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссияларының басшылары мен мүшелері азаматтық қорғау саласындағы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік инспекторының немесе оның орынбасарының төрағалық етуімен уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі комиссиясында үш жылда бір рет емтихан тапсырады.
10. Құрамы үш адамнан кем болған жағдайда, емтихан комиссиясының білімді тексеруіне жол берілмейді.
11. Емтихан билеттерін аттестатталған оқу ұйымы әзірлейді, оларды ұйым басшысы бекітеді.
12. Бiлiмдi тексеру нәтижелерi хаттамамен ресiмделедi. Бiлiмдi тексеру хаттамалары білімнің кезекті тексерілуіне дейін сақталады.
13. Емтихан тапсырған адамдарға емтихан комиссиясы төрағасының қолы қойылған белгіленген үлгідегі куәлiк беріледi.
Аттестатталған оқу ұйымында емтихандарды қабылдау кезінде емтихан комиссиясы төрағасының қолы ұйымның мөрімен куәландырылады.
14. Куәлiк онда көрсетiлген мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданылады.
15. Емтихан тапсыра алмаған адамдар бір ай мерзімнен кешіктірмей қайта білім тексеруінен өтеді.
Емтиханды қайта тапсыра алмаған адамдар жұмысқа жiберiлмейдi.
17. Мерзiмi өткен куәлiгі бар адамдар жұмысқа жiберiлгеннен кейiн бiр ай iшiнде емтихан тапсыруы тиiс.
18. Оқытуды ұйымдастыру, оның iшiнде емтихан комиссиясы мүшелерiнiң еңбегiне ақы төлеу бойынша барлық шығыстар қауiптi өндiрiстiк объектiнiң иесiне және осындай объектіге жұмыс істеуге тартылған аттестатталған, жобалау және басқа да мердігерлік ұйымдар басшыларына жүктеледi.
19. Осы баптың оқу ұйымдарына қойылатын талаптары, сондай-ақ қауіпті өндірістік объектілердің оқу орталықтарына да қолданылады.

14-тарау. Инциденттердi, аварияларды, өртті және олардың
салдарын тексеру мен есепке алу       87-бап. Қауiптi өндiрiстiк объектi иесiнiң iс-қимылдары

1. Қауiптi өндiрiстiк объектiнiң иесi техникалық құрылғылар істен шыққан немесе бүлінген, сондай-ақ технологиялық процесс режимiнен ауытқыған (бұдан әрi – инцидент) жағдайда:
1) тәулiк iшiнде уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiн хабардар етедi;
2) инциденттi тергеп тексерудi жүргiзедi;
3) инциденттердi болдырмау жөнiндегi iс-шараларды әзiрлейдi және жүзеге асырады;
4) болған инциденттердiң есебiн жүргiзедi.
2. Авария болған жағдайда:
1) болған авария туралы осы объектіге қызмет көрсететін кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтеріне, уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiне, жергiлiктi атқарушы органға дереу хабарлайды;
2) хабарлама алған орган инстанция бойынша жоғары тұрған органдарды болған авария туралы хабардар етедi;
3) аварияның себептерiн тексеру жөнiндегi комиссияға өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыруға қажеттi барлық ақпаратты ұсынады;
4) комиссия жұмысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн iс-шараларды жүзеге асырады.

      88-бап. Аварияларды тексеру жөнiндегi комиссия

1. Үш адамнан бес адамға дейін қаза тапқан топтық жазатайым оқиғасы болған аварияны уәкілетті орган басшысының бұйрығымен тағайындалған комиссия, ал бестен артық адам қаза тапқанда, Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындаған комиссия тексереді.
Басқа аварияларды уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесi басшысының бұйрығымен тағайындалатын комиссия тексередi.
2. Уәкiлеттi органның немесе аумақтық бөлiмшенiң өкiлi аварияларды тексеру жөнiндегi комиссияның төрағасы болып тағайындалады.
3. Комиссияның құрамына қауiптi өндiрiстiк объектi басшысы және кәсіби авариялық-құтқару қызметінің өкiлi кiредi.

      89-бап. Комиссияның құқықтары

1. Комиссия төрағасы аварияны тексеруге қатысты мәселелер бойынша сараптама тағайындауға құқылы.
2. Сараптама комиссиясы аварияны тексеру жөнiндегi комиссия төрағасының өкiмiмен тағайындалады. Сараптама қорытындысын қажет ететiн сұрақтар жазбаша нысанда қойылады. Барлық мүшелер қол қойған сараптама комиссиясының материалдары аварияны тексеру жөнiндегi комиссияға оның төрағасы белгiлеген мерзiмде ұсынылады.
3. Аварияны тексеру жөнiндегi комиссия оқиғаның куәсі болған адамдардан, лауазымды адамдардан және басқа да адамдардан жазбаша және ауызша түсiнiктеме алуға құқылы.

      90-бап. Тексерудiң мiндеттерi

Тексеру барысында комиссия аварияның болуына себепші мән-жайларды анықтайды, оның себептерiн, техникалық құрылғыларды, технологиялық процестердi пайдалану шарттарын бұзудың сипатын, өнеркәсiптiк қауiпсiздiк жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердің бұзылуын айқындайды, мұндай авариялардың салдарын жою және алдын алу жөнiндегi iс-шараларды белгiлейдi, материалдық залалды анықтайды.

91-бап. Тексеру материалдары

1. Аварияны тексеру материалдарына:
1) аварияның себептерiн тексеру үшiн комиссия тағайындау (құру) туралы бұйрық;
2) аварияның себептерiн тексеру актiсi, оған:
авария болған жердi қарау хаттамасы, жоспарлар, сызбанұсқалар, фото-суреттер;
авария орнының эскизi;
комиссия төрағасының техникалық сараптама тағайындау туралы өкiмi және аварияны тексеру жөнiндегi комиссия шығарған басқа да өкiмдер;
сараптама комиссиясының аварияның себептерi туралы қорытындысы, зертханалық және басқа зерттеулердiң, сынақтардың, талдаулардың нәтижелерi қоса берiледi;
3) кәсіби авариялық-құтқару қызметi қызметкерлерінің (егер олар аварияны жою үшiн шақырылған болса) баянхаттары;
4) аварияға қатысы бар адамдарды, сондай-ақ өнеркәсiптiк қауiпсiздiк туралы нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарын сақтауға жауапты лауазымды адамдарды сұрастыру хаттамалары мен олардың түсiнiктемелерi;
5) қызмет көрсететiн персоналды өнеркәсiптiк қауiпсiздiк бойынша оқыту, бiлiмiн тексеру, нұсқама алуы туралы анықтамалар;
6) аварияның мән-жайлары мен себептерiн сипаттайтын басқа да материалдар жатады.
2. Тексеру материалдарын техникалық ресiмдеу қауiптi өндiрiстiк объектiнiң иесiне жүктеледi, ол аварияны тексеру аяқталғаннан кейiн тексеру материалдарын бес күннен кешiктiрмей уәкілетті органға немесе уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне жібереді.
Комиссияның шешiмi бойынша аварияның себептерiн тексеру материалдары қабылданған процессуалдық шешімімен қоса объектінің орналасу орны бойынша құзыретті органға жiберiледі.

      92-бап. Тексеру қорытындылары

1. Қауіпті өндірістік объектінің иесi он күн ішінде аварияның себептерiн тексерудiң нәтижелерi бойынша бұйрық шығарады.
Бұйрықта аварияның мән-жайлары мен себептерi туралы комиссияның қорытындысы жарияланып, оның салдарын жою жөніндегі іс-шаралар, сондай-ақ мұндай авариялардың алдын алу жөнiндегi және кiнәлi адамдарды жауапкершілікке тарту туралы шаралар белгiленуі тиiс.
2. Қауіпті өндірістік объектінің иесi аварияны тексеру нәтижелерi бойынша ұсынылған iс-шаралардың орындалу мерзiмi туралы жазбаша ақпаратты уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiне ұсынады.
3. Егер авария техникалық құрылғылардың сындарлы кемшiлiктерiнен болса, қауiптi өндірістік объектінің иесi оны дайындаушыға наразылық арызын, ал уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiне оның көшiрмесiн жiбередi.

      93-бап. Аварияларды тексеру бойынша шығыстар

Аварияны тексеруге қатысты барлық шығыстарды қауiптi өндiрiстiк объектiнiң иесi көтереді.

5-бөлім. Мемлекеттік материалдық резерв 15-тарау. Мемлекеттік резерв жүйесін қалыптастыру

      94-бап. Мемлекеттiк резерв жүйесi

Мемлекеттiк резерв жүйесiн уәкiлеттi орган, оның мемлекеттік материалдық резерв саласындағы ведомстволары және ведомстволық бағынысты ұйымдары құрайды.

      95-бап. Мемлекеттiк резервтiң мақсаты

Мемлекеттiк резерв:
1) жұмылдыру мұқтаждарын қамтамасыз ету;
2) табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою жөнiндегi бiрiншi кезектi жұмыстарды қамтамасыз ету;
гуманитарлық көмек көрсету;
нарыққа реттеушiлiк ықпал жасау;
босқындарға көмек көрсету мақсатында құрылады және пайдаланылады.

      96-бап. Мемлекеттiк резервтiң материалдық
              құндылықтарының құқықтық мәртебесi

1. Мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарының қорлары олардың сақталу орнына қарамастан, республикалық меншiк болып табылады.
2. Мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын сақтау пункттерi болып табылатын ұйымдарды шетел қатысатын ұйымдардың сенiмгерлiк басқаруына берген немесе оларды шетел қатысатын ұйымдар жекешелендiрген жағдайда, материалдық құндылықтар Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен құпиялылық режимi сақтала отырып, басқа ұйымдарда орналастырылады.

      97-бап. Мемлекеттiк резервтiң азайтылмайтын қоры

Мемлекеттiк резервтiң құрамында материалдық құндылықтардың азайтылмайтын қоры (оларды сақтаудың тұрақты өзгертiлмейтiн көлемi) жасалады. Мемлекеттiк резервтiң азайтылмайтын қорында сақталуға жататын материалдық құндылықтардың мөлшерiн Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi.

      98-бап. Мемлекеттiк резервке материалдық құндылықтардың
              жеткiзiлуіне тапсырыстарды орналастыру

1. Мемлекеттiк резервке материалдық құндылықтардың жеткізілуіне тапсырыстар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпте жеткізушілер арасында бюджет қаражаты есебiнен орналастырылады.
2. Мемлекеттiк резервке материалдық құндылықтардың жеткізілуіне уәкiлеттi орган тапсырыс берушi болады.
3. Мемлекеттiк резервке жеткiзiлетін материалдық құндылықтар бүкiл сақталу мерзiмiнде техникалық реттеу туралы заңнаманың талаптарына сай болуы тиiс.
4. Мемлекеттік резерв жүйесінің ведомстволық бағынысты ұйымы мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау нормативтерін әзірлейді.

      99-бап. Мемлекеттiк резервтiң материалдық
              құндылықтарын орналастыру

1. Мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтары мемлекеттік резерв жүйесінің ведомстволық бағынысты ұйымдарында және мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын сақтау пункттерiнде сақталады.
2. Мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын сақтау пункттерi және жұмылдыру тапсырыстары белгіленген ұйымдар сақтауға берiлген мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарының сапасы мен саны жағынан сақталуына, сондай-ақ оның уақтылы жаңартылуына жауапты болады.
3. Жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын сақтауды жүзеге асыратын ұйымдардың тізбесін, осы құндылықтардың номенклатурасы мен сақтау көлемі жұмылдыру жоспарымен және есепті жылға арналған өнім өндіру және қызметтерді көрсету жоспарымен белгіленеді.
4. Жұмылдыру тапсырыстары белгіленген ұйымдар мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын жұмылдыру тапсырыстарына сәйкес қалыптастыруды, орналастыруды, сақтауды, олардың орнын ауыстыруды, уақтылы жаңартуды, сондай-ақ оларды іске асыру кезінде шығаруды қамтамасыз етуге міндетті.
Оларды кейіннен жұмылдыру тапсырыстарынан алған және жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын броньнан шығарған жағдайда оларды сақтау мемелекеттік резервтен толық шығарылғанға дейін жүзеге асырылады.
5. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттері және жұмылдыру тапсырыстары белгіленген ұйымдар, ведомстволық бағынысты ұйымдардың филиалдары мемлекеттік резерв материалдық құндылықтарының сапалы және сандық жай-күйі туралы есептерді ұсынады.
6. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттері және жұмылдыру тапсырыстары белгіленген ұйымдар олардың бейіні өзгертілген, олар қайта ұйымдастырылған, жекешелендірілген немесе таратылған жағдайларда ол жөнінде екі ай бұрын уәкілетті органға хабарлайды.

16-тарау. Мемлекеттік резервті пайдалану

      100-бап. Мемлекеттiк резервтен материалдық құндылықтарды
               шығарудың негiздерi мен тәртiбi

Мемлекеттiк резервтi пайдалану:
жұмылдыру мұқтаждары үшiн Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы мен жұмылдырудың тиiстi жоспарлары негiзiнде;
2) табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою жөнiндегi бiрiншi кезектi жұмыстарды қамтамасыз ету, босқындарға көмек көрсету, гуманитарлық көмек көрсету және нарыққа реттеушiлiк ықпал жасау үшiн Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң шешiмi бойынша жүзеге асырылады.
2. Материалдық құндылықтарды мемлекеттiк резервтен шығару:
1) оларды жаңартуға байланысты;
2) қарызға беру тәртiбi бойынша;
3) броньнан шығару тәртiбi бойынша жүзеге асырылады.
3. Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган айқындайтын тәртiпте екiншi деңгейдегi банктердiң кепiлдiк беруi материалдық құндылықтарды мемлекеттік резервтен қарызға беру тәртiбiнде шығарудың міндетті шарты болып табылады.
4. Егер материалдық құндылықтарды алушы:
1) мемлекеттiк бюджетке қарыздар болса;
2) осыдан бұрын алған мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын қайтармаған болса;
3) банкротқа ұшырау кезінде болса, мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтары қарызға беру тәртiбi бойынша шығарылмайды.
5. Материалдық құндылықтарды қарызға беру тәртiбi бойынша шығарған кезде уәкiлеттi орган оны алушымен тиiстi шарт (келiсiмшарт) жасасады.
6. Мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды қарызға алу тәртібімен шығарған кезде алушы қарызға алу шартының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында салым құны жалпы сомасының үш пайызын төлейді.
7. Мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды жаңарту және броньнан шығару тәртібі бойынша шығару, нарыққа реттеушілік ықпал ету, босқындарға көмек көрсету, гуманитарлық көмек көрсету, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою, басқа мемлекеттік органдардың балансына беру жағдайларын қоспағанда, тендер түрінде Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген тәртіпте жүзеге асырылады.
8. Сатып алуды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың мемлекеттiк резервтiң тауарларын сатып алуы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасына сәйкес уәкiлеттi органда немесе оның ведомстволық бағынысты ұйымдарында жүргiзiледi.
9. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою жөнiндегi бiрiншi кезектегi жұмыстарды қамтамасыз ету, босқындарға көмек көрсету және гуманитарлық көмек көрсету үшін мемлекеттiк резерв материалдық құндылықтарын шығару броньнан шығару тәртiбi бойынша жүзеге асырылады.
Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою жөнiндегi бiрiншi кезектегi жұмыстарды қамтамасыз ету, босқындарға көмек көрсету және гуманитарлық көмек көрсету үшін шығарылған материалдық құндылықтарды мемлекеттiк резервке кейiннен салу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпте жүзеге асырылады.
10. Мемлекеттiк резервтен материалдық құндылықтарды иелiктен айыру олардың құны толық төленген немесе аккредитив ашылған, не осы баптың 3-тармағына сәйкес екiнші деңгейдегi банктердiң кепiлдiгi берiлген жағдайда жүргiзiледi.
11. Материалдық құндылықтарды мемлекеттiк резервтен шығарған кезде оларды сату арқылы алынған қаражат бюджет есебiне есептелуге тиiс.
12. Төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою, босқындарға көмек көрсету, гуманитарлық көмек көрсету кезiнде пайдаланылған мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтары бюджет қаражаты есебінен өтелуге жатады.
Гуманитарлық көмекті жеткізу және оны тапсыру бойынша шығыстарды өтеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен жүзеге асырылады.

      101-бап. Мемлекеттiк резервтiң қорларын нарыққа
               реттеушiлiк ықпал жасау үшiн пайдалану

Мемлекеттік резервтiң материалдық құндылықтары дағдарыс құбылыстары мен диспропорцияға қауіп туындаған жағдайда, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерi негiзiнде нарыққа реттеушілiк ықпал жасау үшiн пайдаланылады.

      102-бап. Нарыққа реттеушiлiк ықпал жасау үшін
               мемлекеттiк резервтен материалдық
               құндылықтарды шығару тәртiбi

1. Сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкілетті орган және агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту саласындағы уәкілетті орган тауарларға баға мониторингiн жүргiзедi және бағаның нарыққа реттеушiлiк ықпал жасау қажет болған деңгейге жеткен кезде уәкілетті органмен келiсiлу бойынша шығарылатын материалдық құндылықтарды алушыларды – сауда қызметiнiң субъектiлерiн, сауда үстемесiнiң көлемiн, бағасын және мөлшерiн көрсете отырып, нарыққа реттеушiлiк ықпал жасау үшін материалдық құндылықтарды шығару қажеттiгi туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныс енгiзедi.
2. Уәкiлеттi орган материалдық құндылықтарды мемлекеттiк резервтен шығаруды сауда қызметiнiң субъектiлерiмен шарт жасасу арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi шешiмiнiң негiзiнде жүзеге асырады.
Нарыққа реттеушiлiк ықпал жасау үшін сауда қызметiнiң субъектiлерi мемлекеттiк резервтен шығарылған материалдық құндылықтарды өткiзудi бөлшек сауда арқылы жүзеге асырады.

      103-бап. Мемлекеттiк резервтiң материалдық
               құндылықтарын тасымалдауды қамтамасыз ету

1. Төтенше жағдайлар туындаған немесе төтенше жағдай енгiзiлген кезде мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын тасымалдауды көлiк ұйымдары бiрiншi кезектегі тәртіппен жүзеге асырады.
2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерi негiзiнде, оның iшiнде дүлей зiлзалалардың, авариялардың, апаттар мен басқа табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою бойынша мемлекеттiк резервтен шығарылатын материалдық құндылықтарды меншiк нысандарына қарамастан, көлiк ұйымдары жүкті тасымалдауға алдын ала төлемсiз ұсыну бойынша қабылдайды.

      104-бап. Мемлекеттiк резервтiң материалдық
               құндылықтарының бар екендігі және
               қозғалысы туралы есептілігі

Мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарының бар екедігі және қозғалысы туралы есептілігі заңнамада белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады. Бұл орайда мемлекеттiк резерв жүйесiнiң ұйымдарында және мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарының қозғалысы бойынша есепке алу мен есептілікті сақтау пункттерiнде мемлекеттiк резервтi сақтау жөнiндегi қызметтердi және ұйым жарғысында көзделген өзге де қызметтi есепке алудан және олар бойынша есептіліктен бөлек жүзеге асырылады.

      105-бап. Мемлекеттік материалдық резервті
               құрайтын мемлекеттік мүлікті есепке алу

Мемлекеттік материалдық резервті құрайтын мемлекеттік мүлікті есепке алуды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен уәкілетті орган жүзеге асырады.

6-бөлім. Азаматтық қорғау органдары қызметкерлері мен өзге де
жұмыскерлерінің және олардың отбасы мүшелерінің мәртебесі және
әлеуметтік қорғалуы 17-тарау. Азаматтық қорғау органдары қызметкерлері мен өзге де
жұмыскерлерінің және олардың отбасы мүшелерінің мәртебесі және
әлеуметтік қорғалуы

      106-бап. Азаматтық қорғау органдары қызметкерлері
               мен өзге де жұмыскерлерінің мәртебесі

1. Азаматтық қорғау органдары азаматтық қорғаныс басқармалары мен бөлімдерінің әскери қызметшілерінен, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерінен, құтқарушылардан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де жұмыскерлерінен жасақталады.
2. Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен өзге де жұмыскерлері төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою, азаматтық қорғауды ұйымдастыру және жүргізу, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы функцияны жүзеге асырады.
Азаматтық қорғаныстың басқару органдары мен әскери бөлімдеріндегі әскери лауазымдардың және оларға сәйкес әскери атақтардың тізбесін Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
3. Уәкілетті органда, оның аумақтық бөлімшелерінде және азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдерінде әскери қызметтен өтетін адамдар Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мәртебені иеленеді және құқықтар мен жеңілдіктерді пайдаланады.
4. Арнаулы атақтар берілген мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында әскери қызметтен өтетін адамдар құқық қорғау органдарының қызметкерлері үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мәртебені иеленеді және құқықтар мен жеңілдіктерді пайдаланады.
Мемлекеттік өртке қарсы қызметке жүктелген негізгі міндеттер мен функцияларды тікелей орындайтын лауазымды адамдарға арнаулы атақтар немесе сыныптық шендерді иеленуге құқық беретін мемлекеттік өртке қарсы қызметтің лауазымдар тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
5. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің еңбек қатынасы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде белгіленген тәртіппен «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктерімен жүзеге асырылады.
6. Азаматтық қорғау органдарының өзге жұмыскерлерінің еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасында белгіленеді.
7. Әскери қызметшілер және мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлері әскери және арнайы атақтарына сәйкес айырым белгілері бар белгіленген үлгідегі нысанды киім-кешек киеді.
8. Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен өзге жұмыскерлері табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-шараларды өткізген кезде, оқу-жаттығуларда, жауынгерлік кезекшіліктерде, оқу орталықтарындағы сабақтарда, әскери техникамен сабақтарда, арнайы міндеттерді орындаған кезде уәкілетті орган белгілеген арнайы киімді киеді.
9. Азаматтық қызметшілер және мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын азаматтық қорғау органдары жүйесінің мемлекеттік мекемелері жұмыскелері еңбегінің реттелу ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес белгіленеді.
10. Осы Заңда белгіленген негізгі міндеттерден туындайтын азаматтық қорғау органдары қызметкерлері мен өзге де жұмыскерлерінің нақты міндеттері типтік біліктілік талаптары негізінде айқындалады және тиісті мемлекеттік органдар мен оның аумақтық бөлімшелерінің басшылары бекітетін лауазымдық нұсқаулықтарда (функционалдық міндеттерінде) көрсетіледі.

      107-бап. Азаматтық қорғау органдары қызметкерлерi
               мен өзге де жұмыскерлеріне еңбекақы төлеу,
               оларды зейнетақымен және өзге де қамсыздандыру

1. Азаматтық қорғау органдары қызметкерлерi мен өзге де жұмыскерлері үшін еңбекақы төлеу, зейнетақымен және өзге қамсыздандыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының құтқарушыларына еңбек сіңірген жылдары үшін жұмыс өтіліне қарай ай сайын лауазымдық еңбекақысына пайыз есебімен еңбек сіңірген жылдары:
1) үш жылдан асқанда — он бес пайыз;
2) бес жылдан асқанда — жиырма пайыз;
3) он жылдан асқанда — отыз пайыз;
4) он бес жылдан асқанда — қырық пайыз;
5) жиырма жылдан асқанда — елу пайыз мөлшерінде үстемеақы төленеді.
Кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының құтқарушыларына еңбек сіңірген жылдары үшін пайыздық үстемеақы төлеу үшін жұмыс өтілі Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен есептеледі.
3. Әскери қызметшілер, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары және азаматтық қорғау органдарының авариялық-құтқару қызметі мен құралымдарының қызметкерлері Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген үлгілер мен нормаларға сәйкес нысанды киім және арнайы киім-кешекпен тегін қамтамасыз етіледі.

      108-бап. Өмір мен денсаулықты қорғау.
               Медициналық қамтамасыз ету

1. Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен өзге де жұмыскерлері уәкілетті органның медициналық бөлімшелері мен медициналық ұйымдарында уәкілетті органға көзделген бюджеттік қаражат есебінен медициналық тегiн қамтамасыз етiлуге құқығы бар. Азаматтық қорғау органының қызметкері қызмет ететiн (жұмыс істейтін) немесе тұратын жерiнде уәкілетті органның медициналық ұйымдары жоқ болса, не оларда тиiстi бөлiмшелер не медициналық көрсеткiштер бойынша арнаулы жабдықтар жоқ болса, ведомстволық тиесілілігіне қарамастан, мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдарында, жеке медициналық ұйымдарда және жеке медициналық практикамен айналысатын адамдарда тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемi шегiнде медициналық көмек көрсетiледi.
Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері отбасы мүшелерінің (әйелдері, күйеулері, 18 жасқа дейінгі балалары) және өзге де жұмыскерлерінің, сондай-ақ олардың асырауындағы адамдардың уәкілетті органның медициналық ұйымдарында тегін медициналық көмекке құқығы бар.
Қызметтік міндеттерін орындау кезінде жараланған, контузия, жарақат алған, мертіккен немесе ауырған азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен өзге де жұмыскерлері уәкілетті органға көзделген бюджеттік қаражат есебінен және шегінде медициналық мекемелер мен оңалту орталықтары базасындағы санаторий-курорттық емделуге және оңалтуға жіберіледі.
Осы бапта көрсетілген азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен өзге де жұмыскерлерінің және олардың отбасы мүшелерінің құқықтары мен жеңілдіктері жасына, денсаулығына немесе штаттардың қысқартылуына байланысты әскери қызметтен босатылған, қызмет өткеруiнiң жалпы ұзақтығы 20 және одан да көп жыл болған азаматтық қорғау органдарының зейнеткерлерi мен олардың отбасы мүшелерiне де қолданылады.
Азаматтық қорғаныстың әскерге шақыруы бойынша әскери қызметшілері, уәкілетті органның оқу орындары курсанттары оларда медициналық көрсеткіштері болса, уәкілетті органның медициналық бөлімшелері мен медициналық ұйымдарында уәкілетті органға көзделген бюджеттік қаражат есебінен және шегінде медициналық тегiн қамтамасыз етiлуге құқылы.
Қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен өзге де жұмыскерлерінің балаларында олар кәмелеттік жасқа толғанға дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіпте медициналық және санаторий-курорттық қызмет көрсетілу құқығы сақталады.
2. Азаматтық қорғау саласындағы органдарда бекітілген контингентті және қызметке (жұмысқа) орналасатын адамдарды медициналық және психофизиологиялық куәландыру жүргізу үшін әскери-дәрігерлік комиссиялар құрылады.
Азаматтық қорғау саласындағы органдарға қызметке (жұмысқа) қабылданатын азаматтар қызметке (жұмысқа) жарамдылығын анықтау үшін міндетті түрде әскери-дәрігерлік комиссияларда медициналық куәландырудан өтеді.
Азаматтық қорғау органы қызметкерінің еңбекке уақытша жарамсыздығы, емделуде үздiксiз болу кезеңі, Қазақстан Республикасының заңнамасында жекелеген аурулар бойынша емделудiң бұдан да ұзақ мерзiмi көзделген жағдайларды қоспағанда, төрт айдан аспауға тиiс. Қызметкер емделуде үздiксiз болуының белгiленген мерзiмi өткен соң, ол өзiнiң одан әрi қызметке (жұмысқа) жарамдылығы туралы мәселенi шешу үшiн әскери-дәрiгерлiк комиссиядан медициналық куәландырудан өтуге тиiс.
Қызметтік мiндеттерiн орындау кезiнде жарақаттануына, контузия алуына немесе мертiгуiне байланысты қызметкерлердің емделу уақытына шек қойылмайды. Аталған адамдар медициналық куәландыруға емделiп болған соң немесе ауруының нәтижесi анықталған кезде жiберiледi.
Азаматтық қорғау органдарының жиi және ұзақ ауыратын қызметкерлері мен өзге де жұмыскерлерінің, егер еңбекке жарамсыз болған күндерiнiң саны он екі айда сол бiр ауру бойынша үзiлiссiз төрт айға дейiнгі немесе жыл iшiнде әртүрлi аурулар бойынша бес айға дейiнгi уақытты құрайтын болса, қызметтi (жұмысты) одан әрi атқаруға жарамдылығын анықтау үшiн азаматтық қорғау органдарының кадр бөлімшелері уәкілетті органның медициналық ұйымдарының ұсыныстары бойынша әскери-дәрiгерлiк комиссияға медициналық куәландыруға жiбередi.

      109-бап. Құтқарушылар мен олардың отбасы мүшелерiнiң
               әлеуметтiк кепiлдiктерi

1. Құтқарушыларды міндетті әлеуметтік сақтандыру Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.
2. Құтқарушылар мемлекеттiк органдар мен ұйымдардан шарттар негізінде түскен қаражат есебiнен де сақтандырылуы мүмкiн.
3. Құтқарушы қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде қаза тапқан (өлген) не ол қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде алған жарақаттың салдарынан бiр жыл iшiнде қайтыс болған жағдайда асырауындағы адамдарға оның соңғы атқарған қызметi бойынша бiр жылдық жалақысының кемiнде он есе мөлшерiндегі бiр жолғы жәрдемақы төленедi.
4. Құтқарушыға қызметтiк мiндетiн атқару кезiнде алынған жарақат (зақымдану, жаралану, контузия), ауру салдарынан мүгедектiк белгiлеу кезiнде оған:
1) I және II топтардағы мүгедекке – бiр жылдық жалақысының бес еселенген мөлшерiнде;
2) III топтағы мүгедекке – бiр жылдық жалақысының екi еселенген мөлшерінде бiр жолғы жәрдемақы төленедi.
5. Құтқарушы қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде мүгедектiгі белгiленбей, еңбек қабiлетiн тұрақты жоғалтқан ауыр жарақат алған (зақымдану, жаралану, контузия), ауырған жағдайда оған бiр жылдық жалақысынан кем емес мөлшерде бiр жолғы жәрдемақы төленедi.
6. Егер құтқарушының қаза табуы (өлімi), жарақаттануы, жаралануы (жарақаттануы), ауруы қызметтiк мiндетiн атқарумен байланысты емес мән-жайларға қатысты болғандығы белгiленген тәртiппен дәлелденсе, осы Заңның 3, 4, 5-тармақтарында белгiленген бiр жолғы жәрдемақы төленбейдi.
7. Қайтыс болған немесе қаза тапқан авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының құтқарушысын жерлеу үшін тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленетін мөлшерде жәрдемақы беріледі.
8. Осы баптың 3, 4, 5, 7-тармақтары бойынша жәрдемақы авариялық-құтқару қызметі мен құралымдарын қамитын ұйымдардың қаражаты есебінен төленеді және осы ұйымдардың шығындары кейіннен залал келтірушінің есебінен толық көлемде өтеледі.
9. Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша құтқарушылардың отбасы мүшелерін әлеуметтік қамтамасыз ету мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
10. Еңбек жағдайы зиянды әрi қауiптi ұйымдарға қызмет көрсететiн кәсiби авариялық-құтқару қызметiнің құтқарушыларына Қазақстан Республикасының заңнамасында осы ұйымдар жұмыскелері үшiн белгiленген құқықтық және әлеуметтiк қорғау кепiлдiктерi мен жеңiлдiктерi қолданылады. Олардың жалақысының мөлшері олар қызмет көрсететін қауіпті өндірістік объектілерінің тиісті санаттардағы жұмыскерлерінің жалақысының мөлшерінен төмен болмауы тиіс.
11. Осы бапта көзделген құқықтық және әлеуметтік кепілдіктер ерікті авариялық-құтқару құралымдарының құтқарушыларына, сондай-ақ оларды авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге тартқан кезде құтқарушылар болып табылмайтын азаматтарға қолданылады.

7-бөлім. Қорытынды және өтпелі ережелер 18-тарау. Қорытынды ережелер

      110-бап. Азаматтық қорғау іс-шараларын қаржыландыру

Азаматтық қорғау іс-шараларын қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Азаматтық қорғау іс-шараларын қаржыландыру:
1) бюджет қаражаттары;
2) ұйым қаражаттары;
3) азаматтардың, қорлардың, діни және қоғамдық бірлестіктердің ерікті жарналары;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де қаражат көздері есебінен жүзеге асырылады.

      111-бап. Азаматтық қорғау саласындағы заңнаманы
               бұзғаны үшін жауапкершілік

1. Белгіленген нормативтерді, техникалық регламенттерді және қағидаларды орындамауына немесе жауапсыз орындауына, авариялардың, зілзалалар мен апаттардың пайда болуына жағдайлар мен алғышарттар жасаған, халықты, қоршаған ортаны және объектілерді табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан және азаматтық қорғаныс саласындағы құқыққа қарсы басқа іс-қимылдардан қорғау жөніндегі шараларды қабылдамаған кінәлі лауазымды адамдар мен азаматтар тәртіптік, әкімшілік, мүліктік және қылмыстық жауапкершілікке, ал ұйымдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мүліктік жауапкершілікке тартылады.
2. Төтенше жағдайлардың салдарын жою бойынша жұмыстарды жүргізген кезде азаматтардың денсаулығына қасақана немесе абайсызда зиян келтіргені, қоршаған ортаға, материалдық және мәдени құндылықтарға шығын келтіргені, еңбек шартында оларға жүктелген міндеттерді орындамағаны үшін кінәлі жұмыс басшылары мен авариялық-құтқару қызметі мен құралымдарының құтқарушылары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

      112-бап. Мемлекеттік резервтің материалдық
               құндылықтарымен жүргізілетін операциялар
               бойынша жауапкершілік

1. Мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарымен жүргiзiлетiн операциялар бойынша мүлiктiк жауапкершiлiк Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде айқындалады.
2. Мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарымен жүргiзiлетiн операцияларға қатысушылар арасындағы шартта мүлiктiк жауапкершiлiктiң қосымша шаралары көзделуi мүмкiн.

      113-бап. Азаматтық қорғау саласындағы дауларды шешу

Азаматтық қорғау саласындағы дауларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте соттар шешеді.

      114-бап. Азаматтық қорғау саласындағы
               халықаралық ынтымақтастық

Уәкілетті орган азаматтық қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың:
1) шет елдердің ұйымдарымен, халықаралық ұйымдармен бірлесе тұрақты негізде төтенше жағдайлар мониторингін және болжамын жасау;
2) халықаралық ұйымдардың төтенше жағдайларға қарсы іс-қимыл қызметін құру мен қамтамасыз етуге және азаматтық қорғауды қамтамасыз етуге қатысу;
3) шет елдерге гуманитарлық көмек көрсету;
4) шет елдерде қазақстандық мамандарды оқыту;
5) Қазақстан Республикасында шетел мамандарын оқыту;
6) Қазақстанда және шет елдерде семинарлар, конференциялар, оқулар мен тренингтер өткізу;
7) төтенше жағдайлар мен азаматтық қорғаудың түрлі аспектілері бойынша бірлескен ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру бағыттарына қатысады.

      115-бап. Қазақстан Республикасы аумағында
               халықаралық және шетелдік ұйымдар
               мен азаматтардың халықты азаматтық
               қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі қызметі

Қазақстан Республикасының заңнамасы және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде ноталармен алмасу және «джентельмендік келісімдерді» қоса алғанда, егер ол Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда регламенттелетін болса, Қазақстан Республикасы аумағында шетелдік ұйымдар мен азаматтардың табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынның алдын алу және оларды жою жөніндегі қызметіне рұқсат етіледі.
Қазақстан Республикасының Үкіметі шет елдер жеткізетін сұратылған гуманитарлық көмектің көлемін, халықты қорғау және өзінің аумағында төтенше жағдайларды жою үшін көмек көрсету туралы өтініш білдіргісі келетін елдер мен халықаралық ұйымдар шеңберін айқындайды.
Уәкілетті орган төтенше жағдайлар және шетелдік ұйымдар мен азаматтарды шақыру қажеттілігі туындаған жағдайда, мынадай іс-қимылдарды жүргізеді:
1) төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою және халықты азаматтық қорғауда көмек көрсетуге елдерге жәрдемдесетін ұйымдар және азаматтармен үнемі кәсіби байланыс жасап тұру;
2) зардап шеккен халыққа гуманитарлық көмек жүктерін, төтенше жағдайлар кезінде авариялық-құтқару техникасы мен жабдықтарды кедендік ресімдеудің тәртібін басым қамтамасыз етуге көмек көрсету;
3) шетел мемлекеттерінің көмек көрсету бойынша топтарына Қазақстан Республикасының аумағында шетел азаматтарының келу және кетуі үшін белгіленген рәсімдерден топ мүшелерінің өтуіне, олардың ұйымдарын орналастыруына, тіркеуге және төтенше жағдайлар ауданына шығаруға, төтенше жағдайлар салдарын жою бойынша жұмыс ауқымын айқындауда көмек көрсету;
4) төтенше жағдайлар аймағына гуманитарлық көмек ретінде әкелінетін жүктерді алып жүруді және қорғауды қамтамасыз ету;
5) гуманитарлық акциялар жүргізуді ұйымдастыру.
Әкелуге тыйым салынған тауарларды қоспағанда, гуманитарлық көмекті әкелу кедендік төлемдер мен салықтарды төлемей және әкелуге шек қойылмай жүзеге асырылады.

19-тарау. Өтпелі ережелер

      116-бап. Өтпелі ережелер

2009 жылғы 1 қаңтарға дейін ішкі қызметтің (өртке қарсы қызметтің) полковнигі немесе ішкі қызметтің (өртке қарсы қызметтің) генерал-майоры арнайы атақтары берілген мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлері мынадай шектік:
1) ішкі қызметтің (өртке қарсы қызметтің) полковнигі елу жасқа;
2) ішкі қызметтің (өртке қарсы қызметтің) генерал-майоры елу бес жасқа жеткенде қызметтен босатылуға құқылы.

      117-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

1. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. Осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» 1996 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 11-12, 263-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 1999 ж., № 4, 101-құжат; 2000 ж., № 6, 145-құжат; 2003 ж., № 14, 112-құжат; 2004 ж., № 11-12, 67-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 8, 52-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат);
2) «Өрт қауіпсіздігі туралы» 1996 жылғы 22 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 18, 368-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 1999 ж., № 20, 728-құжат; № 23, 931-құжат; 2000 ж., № 6, 142-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 14, 112-құжат; № 24, 177-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 13, 67-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 15, 97-құжат);
3) «Авариялық-құтқару қызметі мен құтқарушылардың мәртебесі туралы» 1997 жылғы 27 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 6, 69-құжат; 1998 ж., № 24, 436-құжат; 2000 ж., № 8, 187-құжат; 2004 ж., № 11-12, 67-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 21, 97-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат);
4) «Азаматтық қорғаныс туралы» 1997 жылғы 7 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 9, 93-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 1999 ж., № 4, 101-құжат; 2000 ж., № 6, 142-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 16, 104-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат);
5) «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» 2002 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 7-8, 77-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 9, 44-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; №11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 15, 97-құжат);
6) «Мемлекеттік материалдық резерв туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 20, 378-құжат; 2003 ж., № 15, 139-құжат; 2006 ж., № 16, 104-құжат; 2010 ж., № 3-4, 11-құжат; № 17-18, 108-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат).

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

«Азаматтық қорғау туралы»
Қазақстан Республикасының
Заңына қосымша

Табиғи және техногендік сипаттағы төтеншем жағдайлардың
туындауына әкеп соқтырған авариялар, зілзалалар, апаттар
себептерін тергеу актісі

1. Облыс (қала) атауы, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар болған жерлер (бұдан әрі – ТЖ), ұйымның атауы, оның ұйымдастыру-құқықтық нысаны, меншік нысаны және мекенжайы:
_______________________________________________________________
2. Комиссия құрамы:
Комиссия төрағасы:_____________________________________________
(тегі, аты-жөні, лауазымы)
Комиссия мүшелері: ____________________________________________
3. Ұйымның, объектінің, учаскенің, аумақтың, ТЖ орындарының
сипаттамасы (қысқаша) _______________________________________________
Бұл бөлімде басқа мәліметтермен қатар: ТЖ-ға дейінгі
объектінің, жабдықтардың жұмыс режимін (бекітілген, нақты, жобалық),
авария алдындағы объект жағдайы туралы қорытынды беру, техникалық
пайдалану ережелерін сақтау; осы объектіде осыдан бұрын ұқсас ТЖ
болған-болмағанын көрсету, олардың алдын алу жөнінде іс-шаралар
әзірленді ме (қашан, кім, қандай, олар қалай орындалды).
4. Қызмет көрсетуші персонал біліктілігі (техника қауіпсіздігі
бойынша оқуды және нұсқауды, біліктілік комиссиясында білімін
тексеруден қайда және қашан өтті).
5. ТЖ жағдайлары (Осы бөлімнің соңында ТЖ сипаттамасын көрсету).
6. ТЖ ұйымдастыру және техникалық себептері. (Әр себептен кейін
қандай заңнамалық және нормативтік құқықтық актілер талаптарының
орындалмағанын немесе бұзылғанын көрсету).
7. ТЖ себептерін жою жөніндегі іс-шаралар (орындалу мерзімін
көрсете отырып, ТЖ салдарын жою және олардың қайталануының алдын алу
жөніндегі іс-шараларды баяндау).
8. ТЖ-ға жол берген жауапты заңды және жеке тұлғалар туралы
қорытындылар және оларды жазалауға ұсынылған шаралар. (олардың
заңнамалық және нормативтік құқықтық актілер талаптарының қайсысын
орындамағанын немесе бұзғанын көрсету, ТЖкезінде жергілікті атқару
органдарының, жедел қызмет көрсету персоналдары іс-қимылдарына баға
беру).
9. ТЖ-дан келтірілген шығынның қорытынды көлемі, барлығы _____ МЫҢ ТЕҢГЕ
10. Өзге ақпарат (қажет болған жағдайда).
Тергеу жүргізілді және акт жасалды: ___________________________
(жылы, күні, айы)
Қосымша: тергеу материалдары ____ парақ.
Комиссия төрағасы:
Комиссия мүшелері: