2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасының «Телерадио хабарларын тарату туралы» Заңының 7-бабы 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлген Телерадио хабарларын тарату жүйелерiнiң техникалық пайдалану ережесi бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң Байланыс саласындағы мемлекеттiк саясат департаментi (В.В. Ярошенко):
осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
осы бұйрық мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн, белгiленген заңнамалық тәртiпте бұқаралық ақпарат құралдарында ресми түрде жариялануын қамтамасыз етсiн.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Көлiк және коммуникация вице-министрi С.С. Сарсеновке жүктелсiн.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтiзбелiк күн iшiнде қолданысқа енгiзiледi.

Министр                                    А. Жұмағалиев

Қазақстан Республикасы
Көлiк және коммуникация министрiнiң
2012 жылғы 20 маусымдағы № 352
бұйрығымен бекiтiлген

Телерадио хабарларын тарату жүйелерiн техникалық пайдалану қағидасы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Телерадио хабарларын тарату жүйелерiн техникалық пайдалану қағидасы (бұдан әрi — Қағида) «Телерадио хабарларын тарату туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 18 қаңтардағы Заңының 7 бабы 15) тармақшасына сәйкес әзiрленген және телерадио хабарларын тарату жүйелерiн техникалық пайдалану тәртiбiн анықтайды.
2. Осы Қағида теле-, радиоарналарды эфирлiк және көпарналы хабар таратулар арқылы тарату бойынша қызметтердi жүзеге асыратын телерадио хабарларын тарату операторларына (цифрлық эфирлi, кәбiлдi, спутниктiк телерадио хабар тарату) (бұдан әрi — Операторлар) және меншiк формасына және ұйымдастырушылық-құқықтық формасына тәуелдi емес теле-, радиокомпанияларға таратылады.
3. Техникалық құралдарды және телерадио хабарларын тарату жүйелерiн пайдалану, тек теле-, радиоарналардың таратылуын қамтамасыз ететiн пайдаланылатын аппаратты-бағдарламалық және техникалық құралдарға сәйкестiк сертификаты болған жағдайда ғана берiледi.
4. Осы Қағидада Заңда белгiленген ұғымдар, сондай-ақ келесi терминдер тиiстi анықтамалармен қолданылады:
1) телерадио хабарларын тарату жүйесiнiң авариясы — ТРХТ жүйесiнiң техникалық тоқтау ұзақтығы 10 минуттан жоғары;
2) төменгi жиiлiк (бұдан әрi — ТЖ) – диапазондағы жиiлiк 30 кГц-тен 300 кГц-ке дейiн;
3) орташа жиiлiк (бұдан әрi — ОЖ) – диапазондағы жиiлiк 300 кГц-тен 3 000 кГц-ке дейiн;
4) жоғарғы жиiлiк (бұдан әрi — ЖЖ) – диапазондағы жиiлiк 3 000 кГц-тен 30 000 кГц-ке дейiн;
5) өте жоғарғы жиiлiк (бұдан әрi — ӨЖЖ) – диапазондағы жиiлiк 30 000 кГц-тен 300 000 кГц-ке дейiн;
6) телевизиялық аппараттық-студиялық кешен (бұдан әрi — АСК) – бiр бiрiмен бiрiккен телевизиялық студия және аппаратты телевизиялық орталықтың жиынтығы;
7) таратушы жер станциясы (бұдан әрi — ЖС) – телерадио хабарларын таратуға және спутниктiк байланысқа телевидение сигналын таратуды қамтамасыз ететiн цифрлық телерадио хабарларын тарату сигналдарын таратудың спутниктiк жер станциясы;
8) телерадио хабарларын тарату жүйесi – телерадиосигналдардың қалыптастырылуын және таратылуын қамтамасыз ететiн және тарату ортасы және/немесе технологияларымен бiрiккен техникалық құралдардың жиынтығы;
9) бағдарламаларды беру құралы – РТС кiруiне теле-, радиоарналарды берудi қамтамасыз ететiн техникалық құралдар мен байланыс арналарының жиынтығы;
10) теле-, радиоарналар сигналының алғашқы таратылуы – теле-, радиоарналар сигналын радиотелевизиялық және (немесе) радио таратушы станцияларға дейiн жеткiзу;
11) техникалық тоқтап қалу – таратқыштың шығуы кезiнде және/немесе сигналдың алғашқы таратылу арналарында сигналдың жоғалуымен туындаған жұмыстың бұзылуы;
12) аса маңызды хабар таратулар — Елбасының сөз сөйлеуiн және республикалық маңызы бар қоғамдық-саяси және мәдени ойын-сауық iс-шараларын трансляциялау;
13) телевизиялық сынақ кестесi (бұдан әрi — ТСК) – нормаланған кескiн, оның элементтерi трактiң шығатын орнында параметрлердi және телевизиялық кескiннiң сипаттамасын хабар тарату телевидениесiнiң немесе оның бөлiктерiн бағалау үшiн қызмет етедi;
14) радиотелевизиялық станция (бұдан әрi — РТС) – телеарналарды эфирлiк трансляциялау үшiн, сондай-ақ ӨЖЖ диапазонындағы радиоарналарға арналған техникалық құралдар мен инженерлiк құрылыстардың кешенi;
15) радио тарату станциясы — ЖЖ, ОЖ және ТЖ диапазонындағы радиоарналарды эфирлiк трансляциялауға арналған техникалық құралдар мен инженерлiк құрылыстардың кешенi.

2. Телерадио хабарларын тарату жүйелерiнiң техникалық пайдалану тәртiбi 

Параграф 1. Телерадио хабарларын тарату жүйелерiнiң техникалық
пайдалану кезiнде оператор мен техникалық қызметкердiң iс-қимылы

      5. Телерадио хабарларын тарату құралдарының техникалық пайдалануы Заңға сәйкес, телерадио хабарларын тарату саласындағы халықаралық және мемлекеттiк стандарттармен, дайындықтан өткен техникалық қызметкермен жүзеге асырылады.
Телерадио хабарларын тарату жүйелерiн пайдалану бойынша жұмыстардың көлемi мен күрделiлiгiне байланысты Операторларда техникалық қызметкерлердiң бiлiктiлiгiне сәйкес жинақталған пайдалану қызметi құрылады.
6. Телерадио хабарларын тарату жүйелерiн пайдалану барысында Оператордың қызметiне келесiлер жатады:
1) телерадио хабарларын тарату жүйелерiн жұмысқа жарамды күйде ұстау және оларды осы Қағиданың талаптарына және басқа да нормативтiк техникалық құжаттарға сәйкес пайдалану;
2) уақтылы және сапалы техникалық қызмет көрсетудi, жоспарлы профилактикалық жөндеудi, сынақтар, жаңғырту және телерадио хабарларын тарату жүйелерi мен жабдықтарын қалпына келтiрудi жүргiзу;
3) телерадио хабарларын тарату жүйелер жұмысының сенiмдiлiгiн және пайдалануының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
4) телерадио хабарларын тарату жүйелерi мен желiлердi пайдалану кезiнде қоршаған ортаны қорғау;
5) телерадио хабарларын тарату жүйелерiндегi жұмыс барысында зақымдануларға тексеру жүргiзу және талдау жасау, телерадио хабарларын тарату жүйелерiн пайдаланумен байланысты жазатайым оқиғаларды есепке алу және олардың пайда болу себептерiн жою бойынша шараларды қолдану;
6) уәкiлеттi органдарға телерадио хабарларын тарату жүйелерiмен байланысты авариялар, өлiмге әкелiп соқтыратын, ауыр және топтық жазатайым оқиғалар туралы хабарламаларды ұсыну;
7) телерадио хабарларын тарату жүйелерiн қорғаныс құралдарымен, өрт сөндiру құралдарымен және құрал-саймандармен жабдықтау;
8) электр қуатын есепке алуды, ұтымды пайдалану және қуатты үнемдеу бойынша шараларды жүргiзу;
9) телерадио хабарларын тарату жүйелерiне қажеттi сынақтарды жүргiзу, найзағайдан қорғану құрылғыларын, өлшеу құралдарын және электр қуатын есепке алу құралдарын пайдалану.
7. Телерадио хабарларын тарату жүйесiн пайдалануды ұйымдастыру жұмыстарын орындау үшiн ұйымның телерадио хабарларын тарату жүйесiн пайдалануға жауапты тұлға тағайындалады.
8. Телерадио хабарларын тарату жүйесiн пайдалануға жауапты тұлғаның қызметтерiне келесiлер кiредi:
1) телерадио хабарларын тарату жүйесiн пайдалануды ұйымдастыру мәселелерi бойынша қажеттi құжаттарды жүргiзу мен әзiрлеудi ұйымдастыру;
2) техникалық қызметкерлердiң оқытуын ұйымдастыру, нұсқаулық жүргiзу, бiлiмдерiн тексеруге және өз бетiнше жұмыс жасауына рұқсат ету;
3) электр қондырғыларда барлық жұмыс түрлерiн қауiпсiз жүргiзу, соның iшiнде iссапардағы қызметкерлердiң қатысуымен жүргiзудi ұйымдастыру;
4) телерадио хабарларын тарату жүйесi мен желiлерiне техникалық қызмет көрсетудiң уақтылы және сапалы орындалуын, жоспарлы профилактикалық жөндеулердi және алдын ала сынақтан өткiзудi қамтамасыз ету;
5) энергоресурстарда Оператордың қажеттiлiк есебiн жүргiзудi ұйымдастыру және олардың шығынын бақылауды жүзеге асыру;
6) энергоресурстарды ұтымды пайдалану бойынша iс-шараларды әзiрлеуге және енгiзуге қатысу;
7) телерадио хабарларын тарату жүйелерi мен желiлерiндегi қорғаныс құралдарын, өрт сөндiру құралдары мен сайманды уақтылы тексерiлуi мен сынақтан өткiзiлуiн және қолданыста болуын бақылау;
8) телерадио хабарларын таратудың жаңа және қайта құрылған жүйесiнiң iске қосылуын және пайдалануға қабылдауын қамтамасыз ету;
9) телерадио хабарларын тарату жүйесiне оперативтi қызмет көрсетудi және авариялық жағдайларды жоюды ұйымдастыру;
10) тексеру белгiсi бар (2 жылда 1 реттен сирек емес) телерадио хабарларын тарату жүйесiнiң пайдалану сызбаларының нақты сәйкестiгiн тексерудi қамтамасыз ету;
11) сапа көрсеткiштерiн өлшеудi (бекiтiлген кестеге сәйкес) бақылау;
12) құрылыс-құрастыру және арнайы ұйым қызметкерлерiн телерадио хабарларын тарату жүйесiнiң қолданыстағы жұмыстарға рұқсат беру сәйкестiгiн бақылау.
9. РТС-қа оперативтi-техникалық қызмет көрсету бекiтiлген кесте бойынша жұмыс iстеп жатқан РТС кезекшi қызметкерiмен iске асырылады.
10. Жұмыс кестесi Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасына сәйкес жасалады. Кезекшi қызметкердi алмастыру тек РТС басшысының рұқсатымен жүзеге асырылады.
11. Теле-, радиоарналарды тарату кезiнде РТС кезекшi қызметкерi Оператордың Басқару және мониторингтеу орталығының кезекшi қызметкерiмен оперативтi байланыста болады.

Параграф 2. Жабдықты, техникалық құралдарды пайдалану барысында
кезекшi қызметкерлердiң iс-қимылы

      12. Телерадио хабарларын тарату операторының қызмет көрсету қызметкерiнiң негiзгi мiндетi жабдық жұмысының үздiксiз және жоғары сапада болуын қамтамасыз етуi болып табылады.
13. Телерадио хабарларын тарату құралдарының ауысымдағы кезекшi қызметкер жабдықтың сапа көрсеткiштерiн және жұмыс iстеу режимiн қадағалайды, ауытқыған жағдайда режимдi қайта қалпына келтiру үшiн шаралар қолданады.
14. Телерадио хабарларын тарату жүйесiне кiрудегi теле-, радиоарналар сигналдарының өтуiнiң зақымданулары кезiндегi зақымданулар телерадио хабарларын таратудың техникалық құралдарының жұмысын есепке алу журналында осы Қағиданың 1 қосымшасына сай форма бойынша тiркеледi.
15. Телерадио хабарларын тарату операторының Желiлердi басқару және бақылау орталығының ауысым кезекшiсi зақымдану туралы теле-, радиоарналар сигналын алғашқы таратудың ауысым бастығына және АСК немесе бағдарламаларды тарату құралдарының ауысым бас маманына хабарлайды.
16. Хабар таратудағы зақымданудың себебiн анықтау үшiн теле-, радиосигналдарының параметрлерiн өлшеудi өткiзедi. Хабар тарату трактi учаскесiнiң жұмыс жасауының бұзылу себебiнiң қорытындысы теле-, радиокомпанияның жауапты өкiлдерiмен және телерадио хабарларын тарату операторымен бiрлесе отырып жасалады, сонымен қатар теле-, радиокомпаниялар мен телерадио хабарларын таратудың техникалық құралдар жұмысын есепке алу журналдарына жазылады.
17. Бiр ауысым бойында туындаған барлық даулы мәселелер бiр тәулiк iшiнде нақты шешiмiн табуға жатады.
18. Телерадио хабарларын таратудың техникалық құралдарының қалыпты жұмыс жасауы бұзылған кезде кезекшi қызметкерлер:
1) резервтi жабдыққа көшедi, егер бұл көшу зақымдануды жоюдан шұғыл iске асырылатын болса, ақауды жоюға кiрiседi, бұл туралы ауысым бас маманына баяндайды және телерадио хабарларын таратудың техникалық құралдар жұмысын есепке алу журналына жазады;
2) резервке көшу мүмкiндiгi болмаған кезде ақаулықтың сипатын анықтайды, жабдықтың қалыпты жұмысын қалпына келтiру үшiн шұғыл шараларды қабылдайды және ауысым бас маманына хабарлайды;
3) телерадио хабарларын таратудың техникалық құралдары жұмысын есепке алу журналына жазбаларды енгiзедi.
19. Жабдық бұзылған жағдайда ақаулықты тудырған жағдай мен себептi көрсетумен жабдықтың жұмысы туралы телерадио хабарларын таратудың техникалық құралдар жұмысын есепке алу журналына жазылады.
20. Техникалық тоқтап қалудың аяқталуы теле-, радиобағдарламаның трансляциялануы қайта қалпына келген сәтi болып саналады.
21. Телерадио хабарларын тарату құралдарының жұмысындағы әр авария жағдайында бес жұмыс күнi iшiнде, мұқият зерттеуден кейiн еркiн формада акт жасалады.
22. Акт үш данада жасалады, РТС бастығымен, құрылымдық бөлiмшенiң техникалық басшысымен қол қойылады және құрылымдық бөлiмшенiң басшысымен бекiтiледi. Бiр данасы жоғарыдағы ұйымға, екiншiсi — өндiрiстiк бөлiмшеге ұсынылады, үшiншi данасы РТС-те қалады.
23. Теле-, радиокомпаниялардың техникалық құралдары немесе теле-, радиоарналарды тарату құралдарының кiнәсiнен туындаған телерадио хабарларын тарату құралдарының жұмыс қабiлеттiлiгiнiң, сондай-ақ электр желiлерi қызметтерiнен электр қуатын берудiң тоқтатылуынан болған бұзылымдар, телерадио хабарларын тарату құралдарының жұмысында жеке ескерiледi.
24. Жабдықтағы жұмыстар (жұмыс iстейтiн немесе резервтi) ортақ кестеге сәйкес, сондай-ақ кестеден тыс осы Қағиданың және еңбектi қорғау мен қауiпсiздiк бойынша ережелер талаптарына сәйкес, РТС ауысым бас маманының келiсiмi бойынша жұмысқа кiру рұқсаты ресiмделгеннен кейiн ауысымнан тыс қызметкермен орындалады.
25. Жұмыс аяқталғаннан кейiн, ауысымнан тыс қызметкер жабдықта орындалған барлық жұмыстарды және табылған ақаулар туралы (жойылған немесе жойылмаған) жазып отырады.
26. Жұмыстардың орындалуы РТС техникалық басшысымен осы Қағиданың 2-қосымшасына қатысты формасы бойынша жоспарлы профилактикалық жұмыстарының журналына тиiстi бағаны қою арқылы бақыланады.
27. Өндiрiстiк қажеттiлiкте немесе РТС авариялық жағдай туындаған кезде ауысымнан тыс қызметкер Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы нормаларының сақталуымен тәулiктiң кез келген уақытында шұғыл жұмыстарды орындауға тартылады.
28. Жұмыс режимдерiн өлшеу, күйге келтiру және тексеру үшiн жабдықты кестеден тыс қосу тек телерадио хабарларын тарату желiсi операторының техникалық жетекшiсiнiң рұқсат етуiнен кейiн жүргiзiледi. Телерадио хабарларын таратудың техникалық құралдарының жұмысын есепке алу журналында қосу (өшiру) уақыты және жұмыс сипаты туралы жазу жазылады.
29. Жабдықты қарап шығу және тексеру, аппаратты салқындату жүйелердiң жұмысқа жарамдылығын тексеру, таратқыштардың қуатын, антеннаның қадағалау жүйесiнiң жұмысын, спутниктен маяк сигналының деңгейiн бақылау әр кезең сайын жүргiзiледi.
30. Ауысым басшысы бейнесигналдың ЖС параметрлерiнiң кiруiнде немесе төмендегi теле-, радиокомпаниямен жасалған шартта бейнеленген бейнесигнал үшiн 30 секунд және дыбыстық сүйемелдеу сигналдары үшiн 5 секунд ұзақтығымен ұйғарынды мәндердiң дыбыстық сигналының сүйемелдеуiнiң төмендеуi кезiнде АСК ауысым бас қызметкерiне осы жағдай туралы және (немесе) бағдарламаларды беру құралдарына хабарлайды.
31. Антеннаның жылыту жүйесi жоқ болған жағдайда, жауын-шашын түрiнде қар жауған кезде, кезекшi қызметкер қабылдау антеннасының жоғары жағын қардан үнемi тазалап тұрады.
32. Антенна өрiсiндегi жұмысты және дизельдi генератор орын-жайдағы аварияны ауыстырып қосу жұмыстарын екi адамнан кем емес (бұл ретте аппаратты жұмыс орнында кем дегенде бiр адам болуы тиiс) жүргiзедi. Жұмыс жасау кезiнде шағын радиостанциялар пайдаланылады.
33. Жұмыс бөгде ұйымдармен жүргiзiлген кезде кiру журналында жұмыстың мақсатын, басталу және аяқталу уақытын, жұмысты орындаушылардың тегi мен қолын тiркеу қажет.
34. Ауысымнан тыс қызметкермен спутниктiк арналардағы өлшеу және реттеп қалпына келтiру жұмыстары телеарнаның хабар таратудағы техникалық үзiлiсi кезiнде жүргiзiледi. Спутниктiк арнаның жұмыс iстеу уақытында ауысымнан тыс қызметкерге эфир (жазба) өлшеу және реттеп қалпына келтiру жұмыстары жүргiзу қажет, ауысым қызметкерiнiң бақылауымен және барынша сақтық шараларымен жасалады.
35. Жабдықты тексеру, өлшеу және жөндеу бекiтiлген жоспар-кестеге сәйкес, сондай-ақ кестеден тыс ЖС техникалық жетекшiсiнiң өкiмi бойынша және ауысым басшысының келiсiмi бойынша жүргiзiледi.
36. Барлық жүргiзiлген жұмыстар және табылған ақаулықтар (жойылған және жойылмаған) туралы тиiстi жазулар телерадио хабарларын таратудың техникалық құралдарының жұмыстарын есепке алу журналында жазылады.
37. Жабдықтағы жұмыстың орындалуы (жұмыс немесе резервтi) жұмысқа кiру рұқсаты ресiмделгеннен кейiн, осы Қағидаға және қауiпсiздiк және еңбектi қорғау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Параграф 3. Телерадио хабарларын тарату жүйесiн пайдалануға қабылдау

      38. Телерадио хабарларын тарату жүйесiн құрастыру немесе қайта құрастыруын бастауға дейiн:
1) жұмыс жобалауы орындалады;
2) көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттi органның бекiтуiмен тиiстi сараптамалық органдарда жобалық құжаттарды келiсу және сараптаудан өткiзу бойынша жұмыстар жүргiзiледi.
39. Телерадио хабарларын тарату жүйесiн пайдалануға қабылдау алдында жүргiзiледi:
1) телерадио хабарларын тарату жүйесi нысанына құрылыс және құрастыру жұмыстарын жүргiзу кезеңiнде — жабдық және құрылыс торабын аралық қабылдау, соның iшiнде жасырын жұмыстары;
2) телерадио хабарларын тарату жүйесi жабдығына қабылдап тапсыру тестiлiк сынақтары және жабдығының кейбiр түрлерiне реттеп iске қосу сынақтары;
3) телерадио хабарларын тарату жүйесiн кешендi тестiлеу.
40. Жабдықтың қабылдап тапсыру сынақтары мен жеке жүйелердi реттеп iске қосу сынақтары телерадио хабарларын таратудың тапсырылатын жүйесi бойынша барлық құрылыс және құрастыру жұмыстары аяқталғаннан кейiн жүргiзiледi, ал кешендi тестiлеу мен тәжiрибелi пайдалану Оператормен мердiгердiң келiсiлген мерзiмiнде жүргiзiледi.
41. Қабылдап тапсыру және реттеп iске қосу сынақтары алдында осы Қағиданың, телерадио хабарларын тарату жүйесi жобасының сызбалық шешiмдерi, құрылыс нормалары мен ережелерi, мемлекеттiк стандарттар мен еңбек қауiпсiздiгi ережелерi, өрт және жарылыс қауiпсiздiгi ережелерi, өндiрушi – зауыттардың нұсқаулары, жабдықты құрастыру бойынша нұсқауларының орындалуы тексерiледi.
42. Құрылыс және құрастыру жұмыстары барысында жiберiлген ақаулар мен кемшiлiктер, сондай-ақ телерадио хабарларын тарату жүйесiн қабылдап тапсыру және реттеп iске қосу сынақтары, кешендi тестiлеудi жүргiзу үдерiсiнде анықталған жабдық ақаулары жойылады. Телерадио хабарларын тарату жүйесiн тәжiрибелi пайдалануға кемшiлiктермен қабылдауға рұқсат етiлмейдi.
43. Телерадио хабарларын тарату жүйесi нысандарын сенiмдi және қауiпсiз пайдалану үшiн телерадио хабарларын тарату жүйесiн тәжiрибелi пайдалануға қабылдау алдында:
1) техникалық және технологиялық қызметкерлер толықтырылады, оқытылады (бiлiмдерiн тексерумен);
2) пайдалану нұсқаулары мен еңбектi қорғау нұсқаулары және оперативтi сызбалары, есептiлiк және есеп жүргiзу бойынша техникалық құжаттамалар әзiрленедi және бекiтiледi;
3) қорғаныс құралдары, саймандар, қосалқы материалдар мен бөлшектер дайындалады, сынақтан өткiзiледi;
4) байланыс құралдары, сигнал беру және өрт сөндiру, авариялық жарық беру және желдеткiш құралдары iске қосылады.

Параграф 4. Телерадио хабарларын таратудың техникалық құралдарын пайдалану

      44. Қазақстан Республикасында телерадио хабарларын таратудың техникалық құралдарының жұмысы Астана қаласының уақытымен жүзеге асырылады.
45. Телерадио хабарларын тарату техникалық құралдарының жұмысы теле-, радиокомпаниямен Операторға апталық кестенi iске асырғанға дейiн үш жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей ұсынылатын апталық кесте бойынша жүзеге асырылады.
46. Теле-, радиоарналардың тәулiк бойы хабар таратылу кезiнде немесе бағдарламалардың басталуы мен аяқталуы белгiленген уақытта апталық кесте берiлмейдi.
47. Теле-, радиоарналардың трансляциялануы бойынша телерадио таратқыштардың жұмыс уақыты телерадио хабарларын таратудың техникалық құралдарының жұмысын есепке алу журналында және/немесе автоматтандырылған мониторинг жүйесiмен тiркеледi.
48. Телерадио хабарларын таратудың техникалық құралдары жұмысына есепке алу журналы аяқталғаннан кейiн РТС-те 5 жыл сақталады.
49. Телеарна бағдарламасының басталу уақыты сәйкестендiрiлген бейнесiн тарату сәтiнен бастап анықталады. Бағдарламаның аяқталуы осы бейненi алып тастау сәтi болып табылады.
50. Радиоарна бағдарламасының басталу уақыты радиоарнаның шартты белгiлерiн беру (сәйкестендiрiлген дыбыстық сүйемелдеу) сәтiнен бастап анықталады. Бағдарламаның аяқталуы осы сүйемелдеудiң аяқталу сәтi болып табылады.
51. Теле-, радиоарналарды Оператордың техникалық құралдарына беру тiркелген спутниктiк және/немесе жер үстi байланыс арналары арқылы жүзеге асырылады.
52. Телерадио хабарларын тарату операторының пайдалану қызметкерлерi теле-, радиоарналарды таратуының басталуынан 15 минут бұрын телерадио хабарларын тарату техникалық құралдарының негiзгi және резервтiк жинағының дайындығын аяқтап, тестiлiк бейнесигналдың түрлi-түстi жолақ генераторының немесе ТСК және/немесе дыбыстық сүйемелдеу сигналының (1000 Гц жиiлiктегi үн) тексеруiне кiрiседi. Тестiлiк сигналдар телерадио хабарларын тарату желiлерiне бағдарламалар көзiнен немесе бағдарламаларды беру құралдарынан берiледi.
53. Сынақ сигналдарының тексеру нәтижесiнiң параметрлерi телерадио хабарларын тарату техникалық құралдарының журналына тiркеледi. Теле-, радиоарналардың хабар таратуы басталғанға дейiн телерадио хабарларын таратудың техникалық құралдарының дайындығы 5 минут бұрын аяқталуы тиiс.
54. Бағдарламаның басталуында кiдiрiс және (немесе) теле-, радиоарналарда техникалық себептер бойынша ұзақтығы 25 минуттан жоғары үзiлiс болған жағдайда, теле-, радиоарналардың бағдарламасын әрi қарай жалғастыру туралы мәселе бағдарламаны дайындайтын теле-, радиокомпанияның жауапты жұмыскерiмен шешiледi, ал ол болмаған жағдайда — бағдарламаларды тарату құралдары және/немесе АСК ауысым бас маманымен шешiледi.
55. Теле-, радиокомпания өкiлдерi және Оператор бағдарламадан бас тартса, теле-, радиоарнаның бағдарламасының басталу, аяқталу және кiдiрiс уақытының ұзақтығы және/немесе үзiлiсi көрсетiлуiмен екi жақты еркiн түрде акт жасалады.
56. Аса маңызды хабарларды жүргiзу кезеңiнде, осы хабардың ұйымдастырылуына қатысатын телерадио хабарларын тарату Операторының құрылымдық бөлiмшелерiнде сапалы бағдарламаны дайындау мен жүзеге асыруға жауапты адамдар тағайындалады.
57. Аса маңызды хабарларды жүргiзуге телерадио хабарларын тарату жүйесiн дайындау, арнайы жасалған ұйымдастырушылық-техникалық шаралар жоспары бойынша жүргiзiледi.
58. Телерадио хабарларын тарату жүйесiнiң пайдаланушы қызметкерi телерадио хабарларын таратудың техникалық құралдарының негiзгi және резервтiк жиынтығын дайындауды аса маңызды хабарларды жүргiзудi трансляциялау басталғанға дейiн 15 минут бұрын аяқтайды. Аса маңызды хабарларды трансляциялау меншiк нысанына байланысты емес барлық қазақстандық теле-, радиокомпанияларда жүзеге асырылады. Теле-, радиокомпания Операторға жоспардан тыс аса маңызды хабарларды өткiзу туралы оның басталуына дейiн үш сағаттан кем емес уақыт iшiнде құжат түрiнде хабарлайды.
59. Телерадио хабарларын тарату желiсiнiң пайдаланушы қызметкерлерi жоспардан тыс аса маңызды хабар таратуды өткiзу уақыты туралы құжат түрiндегi ақпаратты алғаннан кейiн, аса маңызды хабарды жоғары сапада және сенiмдi трансляциялауды қамтамасыз етудi дайындауға дереу кiрiседi.
60. Оператор жоспардан тыс аса маңызды хабарларды жүргiзiлетiн жағдайға, алдын ала ұйымдастырушылық-техникалық шаралар жоспарын әзiрлейдi.
61. РТС жабдықтарына алдын ала тексеру және жөндеу жүргiзулер телерадио хабарларын таратушының өндiрiстiк бөлiмшесiнiң техникалық басшысымен бекiтiлген және теле-, радиокомпаниялар басшыларымен келiсiлген жылдық жоспар – кесте бойынша жүргiзiледi.
62. Профилактикалық қарау және РТС жабдығын жөндеу жұмыстарының жылдық жоспар-кестесi теле-, радиобағдарламаларды беру құралы жұмысының кестесiн есепке алуымен жасалынады.
63. Теле-, радиокомпаниялар мен теле-, радиоарналарының апталық кестесi теле-, радиобағдарламаларды беру құралы жұмысының кестесiн және профилактикалық қарау және РТС жабдығын жөндеу жұмыстарының жылдық жоспар-кестесiн есепке алумен жасалынады.
64. Жылдық жоспар-кестесi негiзiнде айлық кестелер жасалынады және профилактикалық қарау мен жөндеу жұмыстарының көлемдерi анықталады. Айлық кестелерде профилактикалық және жөндеу жұмыстарын жүргiзу бойынша топ жетекшiлерiнiң аты-жөнi және жұмыс орны, күнi көрсетiледi.
65. Кезеңдiлiк және профилактикалық қарау көлемi мен жабдыққа жөндеу жүргiзудiң барлық кезеңдерi iшiнде қарау арасында оның үздiксiз жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуi және жоспарлы алдын алу техникалық қызмет көрсетуге жылдық кестелiк жұмыстарда көрсетiлген кезеңдiлiкке сәйкес болуы тиiс.
66. Профилактикалық қарау және жабдықты жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейiн ауысым бас маманы топ жетекшiсiнен профилактикалық жұмыстары мен жөндеу жүргiзiлуi бойынша барлық орындалған жұмыстарды қабылдап алады.
67. Профилактикалық қарау, жөндеу және басқа да жұмыстарды жүргiзуге рұқсат беру Осы қағида талаптарына және қауiпсiздiк пен еңбектi қорғау ережелерiне сәйкес жүргiзiледi.
68. Технологиялық жабдықтың барлық сызбалық және құрылмалы өзгерiстерi РТС-тегi тиiстi техникалық құжаттамаға енгiзiледi.
69. Технологиялық жабдыққа сызбалық және құрылмалы өзгерiстердi енгiзгеннен кейiн жабдық жұмысының сапалы көрсеткiштерiн кезектен тыс өлшеу жүргiзiледi және хаттама жазылды.
70. Теле-, радиобағдарламаларды трансляциялаудың техникалық құралдарын өшiрудi талап ететiн Телерадио хабарларын таратудың ұлттық желiсiнiң (бұдан әрi — ТҰЖ) техникалық құралдарында жүргiзiлетiн жұмыстар – жоспарлы алдын алу, жоспарлы жөндеу жүргiзу жұмыстары, күтпеген жөндеу мен авариялық-қалпына келтiру жұмыстары болып бөлiнедi.
71. Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы ТРХТ алғаш таратылатын спутниктiк арналарда профилактикалық жұмыстарының кестесiн есепке ала отырып, келесi жылға телерадио хабарларын таратудың республикалық желiлерiнiң профилактикалық жұмыстарының жылдық жоспар-кестесiн жыл сайын жасайды.
72. Кезектi жылға жасалған профилактикалық жұмыстардың жылдық жоспар-кестесi телерадио хабарларын тарату саласындағы уәкiлеттi органдарға келiсу үшiн жiберiледi.
73. Теле-, радиокомпанияларға телерадио хабарларын тарату саласындағы уәкiлеттi органдармен келiсiлген келесi жылға арналған профилактикалық жұмыстарының жылдық жоспар-кестесi ақпарат және келесi жылға хабар тарату торын және апта сайынғы кестесiн жасау кезiнде басшылыққа алу үшiн жiберiледi.
74. Аса маңызды хабарды жүргiзу кезiнде авариялық жағдайларды жою немесе болдырмау жөнiндегi жұмыстардан басқа барлық бұрын жоспарланған жұмыстар тоқтатылады.
75. Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы алдын ала болжанбаған жөндеу жұмыстарының басталуына дейiн 10 жұмыс күнi iшiнде телерадио хабарларын тарату саласындағы уәкiлеттi органдармен күтiлмеген жөндеу жүргiзудiң қажеттiлiгiн дәлелдеумен, жұмысты жүргiзудiң талап етiлiп отырған мерзiмi мен уақытын, сондай-ақ техникалық құралдардың және трансляциялануы өшiрiлетiн, теле-, радиоарналардың толық тiзбесiн көрсете отырып өтiнiмдi келiсуге жiбередi.
76. Телерадио хабарларын тарату саласындағы уәкiлеттi орган бес жұмыс күн iшiнде Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторымен көрсетiлген мерзiмде күтiлмеген жөндеу жұмыстарын жүргiзу мүмкiндiгiн анықтайды және өтiнiмдердi келiсудi жүзеге асырады.
77. Алынған келiсiм негiзiнде Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы бес жұмыс күнiнен кем емес уақытта жұмыстарды жүргiзу кестесi туралы трансляцияның техникалық құралдары өшiрiлетiн теле-, радиокомпанияларға және жұмыстар жүргiзiлетiн аймақтардың жергiлiктi атқарушы органдарына хабарлайды.
78. Эфирде теле-, радиобағдарламалардың болуын талап ететiн күтпеген жағдай жұмыстарды жүргiзу кезеңiнде туындаған кезде телерадио хабарларын тарату саласындағы уәкiлеттi орган Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторларынан телерадио хабарларын таратуды жаңартудың техникалық мүмкiндiктерiн анықтағаннан кейiн, ТҰЖ техникалық құралдарының өшiрiлуiмен жұмыстардың орындалуын тоқтатады және жұмыстарды орындаудың жаңа мерзiмiн анықтайды.

Параграф 5. Техникалық тексеру және жабдықтарға жөндеу жүргiзу түрлерi

      79. Жабдықтың техникалық тексерулерi күн сайынғы және кезеңдiк болып бөлiнедi.
80. Күн сайынғы тексерулер кезекшi қызметкерлермен кезекшiлiктi қабылдап алған кезде және жабдық жұмысының аяқталуымен жүргiзiледi.
81. Күн сайынғы тексерулерге төмендегiлер жатады:
1) резевтi және қолданыстағы жабдыққа сыртқы тексерулер жүргiзу;
2) стационарлық өлшеуiш құралдар мен индикаторлар көрсеткiштерiн тексеру;
3) негiзгi тораптар мен бөлшектердiң қызып кетуiн тексеру.
82. Тексерiлетiн тораптар мен тетiктердiң толық тiзбесi жабдықтың түрiн есепке ала отырып, кезекшi қызметкерлер үшiн пайдаланушы нұсқаулығымен анықталады.
83. Кезеңдiк тексерулер Оператордың техникалық басшысымен бекiтiлген технологиялық карталар және/немесе нұсқаулар бойынша орындалады.
84. Жабдықтың принциптiк сызбасы мен құрылысының және телерадио хабарларын тарату жүйелерiнiң құрылғыларының маңызды өзгерiстерiне байланысты жұмыстар телерадио хабарларын тарату жүйесiнiң техникалық басшысының рұқсатымен ғана жүргiзiледi.
85. Телерадио хабарларын тарату жүйелерiнiң коммутациялық құрылғыларында және АСК немесе олардың бiрлескен жұмыстарына әсер ететiн бағдарламаларды беру құрылғыларында жүргiзiлетiн барлық жұмыстар теле-, радиокомпанияның басшысымен және Оператормен жоспарланып, келiсiледi. Бұл ретте, теле-, радиоарналар сигналдарын беру құралдарының жұмыс кестесi назарға алынады.
86. Металды антенналы тiреудiң жөндеу және пайдалану бойынша жұмыстарын антенналы-дiңгектiк құрылғыларды (бұдан әрi — АДҚ) пайдалану жөнiндегi оператормен әзiрленген нұсқауларға сәйкес, сондай-ақ телерадио хабарларын тарату операторымен бекiтiлген АДҚ аталған түрiне жасалған технологиялық карталар арқылы жүргiзедi.
87. АДҚ-ны және антенналы-фидерлiк құрылғыларды, көтергiш механизмдердi жөндеу және пайдалану бойынша жұмыстар телерадио хабарларын тарату операторының биiкте жұмыс жасауға рұқсат берiлген және медициналық куәландырылудан өткен пайдаланушы қызметкерiмен жүргiзiледi.
88. Жұмыс жүргiзу жобасына сәйкес АДҚ қайта құруын арнайы құрастыру ұйымы жүргiзедi. Қайта құрастырылғаннан кейiн АДҚ қабылдау жұмыстарын АДҚ қайта құрастыру жобасын әзiрлеген ұйым өкiлiнiң қатысуымен комиссия жүргiзедi.
89. Телевизиялық антенналар мен антенналық фидерлердi пайдалануын өнiмге арналған техникалық құжаттамада келтiрiлген өндiрушi-зауыттың техникалық талаптарына сәйкес өткiзiлуi жөн.

Параграф 6. Телевизиялық ретрансляторларды техникалық пайдалану

      90. Телевизиялық ретрансляторлардың барлық жұмыстары телевизиялық станциялар және бағдарламаларды беру құралдарының жұмыс кестесiне сәйкес жасалған кесте негiзiнде жоспарланады.
91. Телевизиялық ретрансляторлар жұмысын бақылайтын РТС қызметкерi телевизиялық ретранслятордың жұмысына бақылау жасау жөнiндегi арнайы нұсқауды басшылыққа алады.
92. Авариялық жағдайлардың алдын алу үшiн теле-, радиокомпанияларға әрi қарай ескерту арқылы жабдыққа жөндеу және күйге келтiру жұмыстарын жүргiзу уақытында телевизиялық ретрансляторлар жұмыстарының жоспардан тыс тоқтатылуына рұқсат етiледi.
93. Жоспардан тыс тоқтату уақыты кепiлдендiрiлген жүктемелерге қосылады.
94. Аса маңызды хабарларды жүргiзу күндерiнде авариялық қалпына келтiру жұмыстарынан басқа кез келген жоспарлы профилактикалық-жөндеу жұмыстарын жүргiзуге тыйым салынады.

Параграф 7. Жер станциясын техникалық пайдалану

      95. ЖС жұмыстары Астана қаласының уақыты бойынша жүргiзiледi.
96. ЖС жұмыстары теле-, радиокомпаниямен келiсiлген хабарларды тарату көлемiнiң негiзiнде жоспарланады.
97. Тоқсанына бiр рет ЖС жабдығын жүктеу көлемiнде тоқсандық кешендi профилактикалық жұмыстар және өлшеу жүргiзу қарастырылған.
98. Профилактикалық жұмыстардың жылдық жоспар-кестесi және келесi жылға өлшеу регламентi жоспарланған жылға дейiн 1 (бiр) ай бұрын әр теле-, радиокомпанияға жеткiзiледi.
99. ЖС жұмысы апталық кестенi қолданысқа енгiзуге дейiн үш жұмыс күнiнен кеш емес тапсырыс берушiмен ұсынылатын анықталған апталық кесте бойынша жүзеге асырылады.
Теле-, радиоарналардың тәулiк бойы хабар таратылуы немесе белгiленген уақытта бағдарламалардың басталуы мен аяқталуы кезiнде апталық кесте ұсынылмайды.
100. Телеарна бағдарламасының басталу уақыты бейненiң сәйкестендiрiлген тарату сәтiнен бастап анықталады. Бағдарламаның аяқталуы осы бейненi алып тастау сәтi болып табылады.
101. ЖС жабдығын хабар таратуға дайындау, бағдарламаның басталуына 15 минут қалғанға дейiн аяқталады.

Параграф 8. Телевизиялық бағдарламаларды ұйымдастыру кезiнде
техникалық құралдарды пайдалану

      102. Бағдарламаның басталуынан 30 минут бұрын (АСК, бағдарламаларды беру құралдары) бағдарламаларды беру көзi, арна бейнесi бойынша және 1000 Герц жиiлiк үнiнiң дыбыстық сүйемелдеуi бойынша ТСК Операторының ЖС кiруiне бағдарламаларды белгiлеумен бередi.
Бұл ретте алғашқы 15 минут iшiнде ЖС – бағдарламалар көзiнiң учаскесiнде сигналдардың өту сапасы, келесi 10 минутта учаскедегi көзi – спутниктiк қабылдау станциясы тексерiледi.
103. Техникалық сынақтың сапасы қанағаттандырылмаған жағдайда сапаның төмендеуiнiң себебiн анықтау және жою үшiн шаралар қолданылады.
104. Телерадио хабарларын тарату операторы тарату уақытынан бос уақытта Ұлттық теле-, радиоарналардың техникалық құралдары бойынша тестiлiк бейненi және (немесе) дыбыстық сигналдарды таратады.
105. Бағдарламаны дайындау және жүргiзу кезiнде ЖС жауапты өкiлi — ЖС ауысым бастығы болып табылады.
106. Бағдарламаларды беру көзiнен келетiн телевизиялық сигналдардың параметрлерi төмендеген жағдайда спутниктiк хабар тарату операторының шұғыл кезекшiсi бұл туралы АСК кезекшi қызметкерлерiне немесе бағдарламаларды беру құралдарының ауысым бас маманына хабарлайды және телерадио хабарларын тарату техникалық құралдарының жұмысын есепке алу журналына басталу, аяқталу уақытын, ақау сипатын және АСК кезекшi қызметкерлерiнiң тегiн немесе бағдарламаларды беру құралдарын жазып алады.
107. Телевизиялық және (немесе) радиохабар тарату сигнал параметрлерi төмендеген жағдайда ЖС кезекшi қызметкерлерiмен бұзылымдардың себептерi зерттеледi. ЖС және АСК шұғыл кезекшiлерi учаскенi және төмендеу себептерiн анықтайды, ЖС жұмысын резервтi жабдыққа ауыстырып және пайдалану құжаттамасында тиiстi жазумен бұзылымдарды жоюға шаралар қолданады.
108. ТСК сигналын алып тастау және бағдарламаларды қайта тарату АСК ауысым бас маманының және (немесе) бағдарламаларды беру құралдары бұйрығымен жүзеге асырылады. Осы сәт ЖС-ға тәуелдi емес себептер бойынша техникалық тоқтап қалулардың аяқталуы болып табылады.
109. Телевизиялық бағдарламаның аяқталуымен ЖС ауысым бастығы және бағдарламаларды беру құралдарының ауысым бас маманы таратудың техникалық бұзылымының, техникалық тоқтап қалудың басталу және аяқталу нақты уақытын және ұзақтығын өзара салыстырады.
110. Жабдықтың жұмыс iстеуiндегi бұзылым себептерiн анықтау үшiн ауысым бас маманы тексерiс жүргiзедi және бағдарламаның аяқталуынан кейiн өлшеу жүргiзедi. Орын алған жағдайдың себептерi туралы соңғы қорытынды ауысым бас маманымен жасалады. Нәтижесi телерадио хабарларын тарату техникалық құралдарының жұмыстарын есепке алу журналына енгiзiледi.

Телерадио хабарларын тарату жүйелерiнiң
техникалық пайдалану қағидасына 1-қосымша

нысан

Телерадио хабарларын таратудың техникалық құралдары жұмысын есепке алу журналы
күнi__айы – 20_ж.

РТС

Бағдарламаның атауы

Арна нөмiрi

Таратқыштар (Вт) қуаты

Жабдық түрi

Тех.тоқтап қалулар

Тех. тоқтап қалулардың себебi

Тех. тоқтап қалулардың белгiлерi

РТС кезекшiсiнiң тегi

Күнi

Бағдарламаның басталуы

Күнi

Бағдарламаның аяқталуы

Ұзақтылығы

                 

сағат

мин

минутта

     
                             
                             
                             
                             
                             
                             
                       

Кезекшi

   

Телерадио хабарларын тарату жүйелерiнiң
техникалық пайдалану қағидасына 2-қосымша

нысан

Телевизиялық және/немесе радиохабарларын тарату таратқыштарының
жоспарлы алдын алу жұмыстары журналы

1. Тарту түрi _________________        Шығару уақыты _______________
ТВА нөмiрi немесе таратқыштың жұмыс жиiлiгi _______________________

Күнi

Тексеру түрi

Торап, блок

Жұмыс басшысының тегi, аты және әкесiнiң (бар болғанда)

Орындаушының тегi, аты және әкесiнiң (бар болғанда)

Жұмыс басшысының қолымен орындалған жұмыстар тiзбесi

Жұмысты бағалау және қабылдау туралы РТС ауысым басшысының қолы

Жұмысты қабылдау және бағалау туралы РТС техникалық басшысының белгiлеуi

1

2

3

4

5

6

7

8