Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссияны құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 ақпандағы № 203 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 6, 52-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Құл-Мұхаммед — Қазақстан Республикасының Мәдениет және
Мұхтар Абрарұлы ақпарат министрі, төраға
Күзеков — Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының
Асхат Сәйпиұлы депутаты (келісім бойынша)
Бекхожин — «Қазақстан Республикасы Президентінің
Ерлан Қалижанұлы телерадиокешені» коммерциялық емес акционерлік
қоғамының бас директоры (келісім бойынша)
Құдайбергенов — «Атамекен» одағы» Қазақстан ұлттық экономикалық
Нұрлан Баязитұлы палатасының мүшесі (келісім бойынша);
көрсетілген құрамнан Дархан Қамзабекұлы Мыңбай, Төлеген Мұхамеджанұлы Мұхамеджанов, Владимир Матвеевич Якушенко шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С.Ахметов