Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрiнiң 2012 жылғы 29 маусымдағы № 89/1 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2012 жылы 6 тамызда № 7820 тiркелдi

 

 

 

«Телерадио хабарларын тарату туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 18 қаңтардағы Заңының 7-бабының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған Телерадио хабарларын тарату операторларының қызмет көрсету қағидалары бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң Стратегиялық жоспарлау және халықаралық ынтымақтастық департаментi:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;
2) осы бұйрықтың орнатылған тәртiпке сәйкес ресми түрде жариялануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсiн.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат вице-министрi А.О. Қырықбаевқа жүктелсiн.
4. Осы бұйрық ресми түрде алғашқы жарияланған күнiнен кейiнгi он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Министр                                         Д. Мыңбай

КЕЛIСIЛДI
Қазақстан Республикасы
Көлiк және коммуникация министрi
____________ А. Жұмағалиев
2012 жылғы 29 маусым

Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң
2012 жылғы 29 маусымдағы № 89/1
бұйрығымен бекiтiлген

Телерадио хабарларын тарату операторларының қызмет көрсету қағидасы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Телерадио хабарларын тарату операторларының қызмет көрсету қағидасы (бұдан әрi – Қағида) Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 18 қаңтардағы «Телерадио хабарларын тарату туралы» Заңына сәйкес әзiрленген және Қазақстан Республикасы аумағында телерадио хабарларын тарату қызметтерiн көрсету тәртiбiн анықтайды.
2. Қағида меншiк формасына және ведомстволық тиесiлiгiне байланысты емес телерадио хабарларын тарату операторларының спутниктiк, эфирлiк және кәбiлдiк желiлер бойынша қызмет көрсететiн телерадио хабарларын тарату операторларына, теле-, радиокомпанияларға, сондай-ақ телерадио хабарларын тарататын оператормен телерадио хабарларын тарататын қызметтердi алуға шарт жасасқан жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi – абонент) таратылады.
3. Осы Қағидада Заңға қатысты түсiнiктемелер, сондай-ақ келесi негiзгi түсiнiктемелер қолданылады:
1) пайдаланушылық жабдық – теле-, радиоарналар сигналдарын қабылдау, өңдеу және жаңғыртуға арналған техникалық құралдар (соның iшiнде спутниктiк қабылдау жиынтығы, телевизиялық қабылдағыш, радиоқабылдағыш);
2) абоненттiк желi – кәбiлдiк телерадио хабарларын таратуды абоненттiк тарату жүйесiмен және пайдаланушылық жабдықпен қосатын желi, байланыс желiсi (бұдан әрi – КТЖ);
3) хабар тарату арнасы – теле-, радиоарналар сигналдарын алу көзiнен абонентке жеткiзудi жүзеге асыратын радиоэлектронды техникалық құралдарымен қалыптастырылған физикалық орта;
4) теле-, радиоарна сигналы – техникалық нормаларға және стандарттарға сәйкес технологиялық параметрлерi анықталған теле-, радиоарнаның электрлiк сигналы;
5) телерадио хабарларын тарату операторының желiсi – телерадио хабарларын тарататын оператормен пайдаланылатын, осы құралдардың өлшемдерiмен анықталатын аумақта теле-, радиоарналардың трансляциялауын және таратылуын қамтамасыз ететiн техникалық құралдар мен байланыс арналарының жиынтығы;
6) қосылу картасы – жан-жақты шағын процессор арқылы пайдаланушы жабдығымен ерекше пайдаланылатын смарт-карта.
4. Телерадио хабарларын тарату қызметтерi телерадио хабарларын тарату операторлары мен абоненттiң немесе телерадио хабарларын тарату операторлары мен теле-, радиокомпаниялар арасында жасалған Телерадио хабарларын таратуға қызмет көрсету туралы шарт негiзiнде көрсетiледi (бұдан әрi – Шарт).
5. Телерадио хабарларын тарату операторы теле-, радиоарналар топтамасын құрастыру барысында 1-ден бастап және одан да көп жүйелi сандарды цифрлық хабар таратуда иелену жолымен басым тәртiпте және арналар жиiлiктерiн бөлу торының басында аналогты хабар таратуда отандық теле-, радиоарналарды орналастырады.
6. Телерадио хабарларын тарату қызметтерiн көрсету кезiнде туындайтын телерадио хабарларын тарату операторларының абоненттермен және теле-, радиокомпаниялармен өзара қарым-қатынастары мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде жүзеге асырылады.
7. Телерадио хабарларын тарату қызметтерi болып табылатындар:
1) эфирлiк телерадио хабарларын тарату қызметтерi;
2) спутниктiк телерадио хабарларын тарату қызметтерi;
3) кәбiлдiк телерадио хабарларын тарату қызметтерi.
8. Телерадио хабарларын тарату қызметтерi абоненттер және теле-, радиокомпаниялардың барлық санаттарына бiрдей шарттармен көрсетiледi.
9. Телерадио хабарларын тарату операторларының желiлер жабдығында жоспарлық алдын алу және жөндеу жұмыстарын жүргiзу барысында телерадио хабарларын тарату қызметтерiн көрсетудiң толық немесе жартылай үзулер түрiндегi технологиялық үзiлiстер, айына бiреуден жиi емес, жұмыс күндерi алты сағаттан көп емес мерзiмде рұқсат етiледi.

2. Телерадио хабарларын тарату қызметiн көрсету тәртiбi

1 Параграф. Шарт жасасу және бұзу тәртiбi

      10. Телерадио хабарларын тарату қызметтерi телерадио хабарларын тарату операторымен және абонент немесе телерадио хабарларын тарату операторымен және теле-, радиокомпания арасында жасалған шарт негiзiнде көрсетiледi.
11. Шарт жасасу үшiн өтiнiш берушi телерадио хабарларын тарату операторына өтiнiш бередi.
12. Телерадио хабар тарату қызметтерiн өтiнiш берушiге ұсынудың техникалық мүмкiндiгi болған жағдайда телерадио хабарларын тарату операторының Телерадио хабарларын тарату қызметiн көрсету туралы шарт жасасудан бас тартуына рұқсат етiлмейдi.
13. Телерадио хабарларын тарату операторы өтiнiш берушiге келесi жағдайларда:
1) қызмет көрсету мемлекеттiң қауiпсiздiгiне немесе қорғаныс қабiлетiне, адамдардың денсаулығына немесе қауiпсiздiгiне қауiп-қатер төндiрсе;
2) қызмет көрсету физикалық, топографиялық немесе басқа да табиғи кедергiлер немесе өтiнiш берушiнiң орын-жайында техникалық мүмкiндiк болмағанда;
3) бос спутниктiк сыйымдылық болмағанда;
4) абоненттiң техникалық құралдары жабдықтың осы түрiндегi техникалық талаптарға сәйкес келмесе;
5) телерадио хабарларын тарату желiлер жобасының техникалық талаптарын немесе Шарт талаптарын сақтамаса;
6) телерадио хабарларын тарату операторы лицензиясының қызмет көрсету мерзiмi тоқтатылса Шарт жасасудан бас тартады.
14. Шарттағы барлық өзгертулер мен толықтырулар Шартқа қосымша келiсiм жасау жолымен жазбаша түрде ресiмделедi. Тараптар қосымша келiсiмге қол қойғаннан кейiн, ол Шарттың (қосымшасымен) ажырамас бөлiгi болып қалады.
15. Абонент, теле-, радиокомпания осы желiлерге кедергi тудырмайтын басқа операторлардың телерадио хабарларын тарату желiлерiне қосқан жағдайда, осы Қағидада белгiленген тәртiпте телерадио хабарларын тарату қызметтерiн көрсетуге бiрнеше телерадио хабарларын тарату операторларымен шарт жасасады.
16. Телерадио хабарларын таратудың қолданыстағы желiлерiндегi оператордың құқығы басқа тұлғаға өткен кезде, алдыңғы Шарттар абонентпен, теле-, радиокомпаниямен бұзылады және осы Қағидаға сәйкес жаңа Шарттар жасалады.
17. Абонент, теле-, радиокомпания жаңа мекенжайға көшкен жағдайда Шартты бұзады және осы Қағидаға сәйкес телерадио хабарларын тарату операторымен жаңа Шарт жасасады.
18. Абонент, теле-, радиокомпания Шарт талаптарын, жабдықты пайдалану қағидасын бұзған және телерадио хабарларын тарату желiсiнде сертификатталмаған жабдықты пайдаланған жағдайда, сондай-ақ телерадио хабарларын тарату қызметтерiне уақтылы төлем жасамаған кезде, телерадио хабарларын тарату операторы хабардар етiлгеннен кейiн он күнтiзбелiк күн аяқталғаннан соң телерадио хабарларын тарату желiсiне қосылуды тоқтатады.
19. Егер өзгелер шартта көрсетiлмесе, телерадио хабарларын тарату операторларына Шартты бұзу туралы өтiнiш, Шартты бұзудың ұсынылған күнiне дейiн жазбаша түрде отыз күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей берiледi.
20. Телерадио хабарларын тарату қызметтерiн көрсету туралы Шартты бұзу, сондай-ақ теле-, радиокомпанияның абонентке телерадио хабарларын тарату қызметтерiн көрсетудi тоқтату, оны бар болған берешектердi төлеу мiндетiнен босатпайды.

2 Параграф. Теле-, радиокомпанияларға телерадио хабарларын
тарату қызметтерiн көрсету тәртiбi

      21. Телерадио хабарларын тарату операторымен қызметтi ұсыну уақыты жоспарлы бақылау өлшеулердi және жоспарлы тоқтап қалуларды жүргiзуге қажеттi уақытты есепке алумен теле-, радиокомпанияның апталық кестесiмен регламенттелiнедi.
22. Қызметтер көлемi телерадио хабарларын тарату операторымен және теле-, радиокомпаниямен қол қойылған қызмет көрсету актiлерiнде ай сайын белгiленедi.
23. Телерадио хабарларын тарату операторы:
1) теле-, радиоарналар сигналдарын тарату барысындағы технологиялық параметрлерiнiң сақталуын қамтамасыз етедi;
2) теле-, радиокомпанияны телерадио хабарларын таратудың жаңа техникалық құралдарын қолданысқа енгiзу, енгiзулердiң Шартты орындау талаптарына тiкелей немесе жанама түрде қатысты болуы, хабар тарату арналарының алдын алу жұмыстарын жүргiзу уақыты туралы отыз күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей жазбаша түрде ескерту-хабарлама жiбередi.
24. Теле-, радиокомпания:
1) телерадио хабарларын тарату операторымен келiсiлген теле-, радиоарналар сигналдарын берудiң үздiксiз режимiн қамтамасыз етедi;
2) телерадио хабарларын тарату операторының техникалық құралдарына, телерадио хабарларын тарату операторымен Шартта көрсетiлген тиiстi техникалық өлшемдерге сәйкес теле-, радиоарналар сигналдарын берудi қамтамасыз етедi.

3 Параграф. Спутниктiк және эфирлiк хабар тарату арналары
арқылы теле-, радиоарналарды тарату бойынша қызмет көрсету тәртiбi

      25. Спутниктiк және эфирлiк хабар тарату арналары арқылы теле-, радиоарналарды тарату бойынша қызметтер, ағымдағы аптаға дейiн үш күннен кем емес жұмыс күнде теле-, радиокомпаниямен телерадио хабарларын тарату операторына ұсынылған апталық хабар тарату торына сәйкес ұсынылады.
Теле-, радиоарна тәулiк бойы хабар таратқан кезде немесе хабарлардың басталуы мен аяқталуы белгiленген уақытта апталық кесте ұсынылмайды.
26. Телерадио хабарларын тарату операторы желiсiне беру үшiн хабар таратудың орташа тәулiктiк және жалпы көлемi, қызмет көрсету орны, қызмет көрсету мерзiмi телерадио хабарларын тарату операторы мен теле-, радиокомпания арасындағы Шартта көрсетiледi.
27. Спутниктiк және эфирлiк хабар тарату арналары арқылы еркiн қолжетiмдi теле-, радиоарналарды тарату бойынша қызметтердi тұрғындарға ұсынудың басталуы пайдаланушылық жабдықты құрастыру және күйге келтiру күнi болып табылады.
Тұрғындарға тiкелей қол жеткiзу арқылы спутниктiк және эфирлiк хабар тарату арналары бойынша теле-, радиоарналардың ақылы пакеттерiн тарату жөнiндегi қызметтердi тұрғындарға ұсынудың басталуы телерадио хабарларын тарату операторының жүйесiнде аталған қызметтiң активтену күнi болып табылады.

4 Параграф. Бейне және аудио жазбаларды тарату бойынша қызмет көрсету тәртiбi

      28. Бейне және аудио жазбаларды тарату қызметтерi өтiнiм түскен сәттен бастап оларды жүргiзу мерзiмдерi бойынша топтастырылады.
29. Бейне және аудио жазбаларды тарату бойынша қызмет көрсетуге өтiнiм телерадио хабарларын тарату операторына жүргiзу мерзiмiне байланысты жазбаша ерiктi түрде берiледi.
30. Бейне және аудио жазбалардың нақты уақыты өтiнiмде көрсетiлген таратудың басталу уақытынан бастап, өтiнiм бойынша тарату уақытының нақты аяқталуына дейiн немесе бейне және аудио жазбаларын таратудың нақты аяқталуымен анықталады.

5 Параграф. Кәбiлдiк телерадио хабарларын тарату қызметтерiн ұсыну тәртiбi

      31. Кәбiлдiк телерадио хабарларын тарату операторлары мiндеттi теле-, радиоарналардың құқығын иеленушi — кәбiлдiк телерадио хабарларын тарату операторлары және теле-, радиокомпаниялар арасындағы өзара есепке алулар негiзiнде мiндеттi теле-, радиоарналарды трансляциялауды және (немесе) ретрансляциялауды жүзеге асырады.
32. Телерадио хабарларын тарату операторлары абоненттi оның орын-жайында дұрыс жұмыс жасайтын абоненттiк желi немесе параметрлерi нормативтiк-техникалық құжаттар талабына сай келетiн сертификатталған дұрыс пайдаланушылық жабдық болған жағдайда телерадио хабарларын тарату желiлерiне қосады.
33. Техникалық мүмкiндiк және бiр абоненттiң абоненттiк желiсi Шартқа сәйкес болғанда, ұжымдық қосылысты ұйымдастыру үшiн абоненттiк тармақ бiрнеше тармаққа қосылуы мүмкiн.
34. Абоненттiң ғимаратында телерадио хабарларын тарату желiлерi болмағанда, ал ол орналасқан орын-жайда – абоненттiк желiлерде жетпей тұрған жабдықты және кәбiлдiк желiлердi құрастыру телерадио хабарларын тарату операторларымен немесе басқа да тәсiлмен жүргiзiлуi мүмкiн. Аталған жұмыстар орындалғаннан кейiн телерадио хабарларын тарату операторлары абонентпен Шарт жасасады.
35. Абоненттiк жабдықтың түрлерi туралы толық ақпарат телерадио хабарларын тарату операторының интернет ресурсында (бар болған жағдайда), сондай-ақ телерадио хабарларын тарату операторларының орын-жайларындағы ақпараттық стендтерде орналасқан.