Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 10 шілдедегі № 36-V Заңы

   1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

31. «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 21, 771-құжат; 2001 ж., № 10, 122-құжат; 2003 ж., № 24, 175-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 12, 77-құжат; 2007 ж., № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 7-құжат; № 15-16, 74-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 22, 130-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 25-құжат):
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
«13-1) стационарлық үй-жайлар — iргетасы бар, олардың тiреу конструкциясына нұқсан келтiрмей оларды орнынан ауыстыру мүмкiн болмайтын күрделi ғимараттар, құрылыстар немесе олардың бір бөлiгi;»;
2) 4-3-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) мерзімді баспасөз басылымдарын және ақпарат агенттіктерін есепке қоюды жүзеге асырады;»;
3) 4-4-баптың 3) тармақшасы алып тасталсын;
4) 10-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мерзiмдi баспасөз басылымын немесе ақпарат агенттiгiн есепке қою, қайта есепке қою туралы өтiнiш түскен күнiнен бастап он жұмыс күні iшiнде қаралуға тиiс. Өтiнiштi қараудың қорытындылары бойынша уәкiлеттi орган мерзiмдi баспасөз басылымының немесе ақпарат агенттiгiнiң меншiк иесiне есепке қою туралы куәлiк бередi не мынадай негiздер бойынша:
1) егер уәкiлеттi орган бұрын сол атаумен және сол аумаққа таралатын не оның аты бұрын құрылған мерзiмдi баспасөз басылымының немесе ақпарат агенттiгiнiң атымен айырғысыз дәрежеде ұқсас мерзiмдi баспасөз басылымын немесе ақпарат агенттiгiн есепке қойғаны туралы куәлiк берген болса;
2) егер өтiнiштiң мазмұны осы Заңның 11-бабының талаптарына сай келмейтiн болса;
3) егер мерзiмдi баспасөз басылымын немесе ақпарат агенттiгiн есепке қою үшiн алым төленбесе;
4) егер меншiк иесiнiң ауысуына орай мерзiмдi баспасөз басылымын немесе ақпарат агенттiгiн қайта есепке қою туралы өтiнiште мерзiмдi баспасөз басылымына немесе ақпарат агенттiгiне меншiк құқығын басқа тұлғаға берудi растайтын шарттың нөмірі мен жылы, айы, күні көрсетілмесе;
5) егер шығарылуын бұрын сот тоқтатқан аты (атының бiр бөлiгi) бiрдей және тақырыптық бағыты дәл сондай мерзiмдi баспасөз басылымы немесе ақпарат агенттiгi есепке қоюға мәлiмделген болса немесе аты мен тақырыптық бағытын қайталайтын мерзiмдi баспасөз басылымы немесе ақпарат агенттiгi мәлiмделген болса, сондай-ақ шығарылуы сот шешiмiмен тоқтатылған мерзiмдi баспасөз басылымының немесе ақпарат агенттiгiнiң меншiк иесi немесе бас редакторы (редакторы) соттың шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап үш жыл iшiнде өтiнiш берген жағдайда есепке қоюдан бас тартады.»;
5) 11-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мерзiмдi баспасөз басылымын немесе ақпарат агенттiгiн есепке қою туралы өтiнiште:
1) мерзiмдi баспасөз басылымы немесе ақпарат агенттiгi меншiк иесiнiң – жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), жеке сәйкестендіру нөмірі, тұрғылықты жерi немесе мерзiмдi баспасөз басылымы немесе ақпарат агенттiгi меншiк иесiнiң – заңды тұлғаның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, орналасқан жерi, ұйымдық-құқықтық нысаны;
2) мерзiмдi баспасөз басылымының, ақпарат агенттiгi материалдары мен хабарларының тiлi (тiлдерi);
3) шығарылымның болжамды мерзiмдiлiгi;
4) негiзгi тақырыптық бағыты;
5) таралу аумағы;
6) бас редактордың (редактордың) тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде);
7) редакцияның мекенжайы көрсетiлуге тиiс.»;
6) 14-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Эротикалық сипаттағы материалдарды жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдарын:
1) стационарлық емес үй-жайларда;
2) мөлдiр ораммен буып-түйiлмеген күйiнде;
3) білім беру ұйымдарының, балалар мекемелерінің, ғибадат үйлерінің (ғимараттарының) үй-жайларында және аумақтарында;
4) жасы он сегізге толмаған адамдарға бөлшек саудада сатуға тыйым салынады.»;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Субъектілер, эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзiмдi баспасөз басылымдарын тарату жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағанға дейін «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен қызметін жүзеге асыратын жердегі облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына бұл туралы хабарлама жасауға міндетті.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзiмдi баспасөз басылымдарын таратуды бастағаны туралы хабарлама жасаған субъектілердің тізілімін жүргізеді.».

….

88. «Телерадио хабарларын тарату туралы» 2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 3, 24-құжат):
1) 6-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) теле-, радиоарналарын тарату жөніндегі қызметтi лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiтедi;»;
2) 7-баптың 18) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«18) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мiндеттi ведомстволық есептiлiктiң, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесiн бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзiрлейдi және бекiтедi;»;
3) 17-баптың 4-тармағында:
бірінші абзацтағы «он бес күн» деген сөздер «он жұмыс күні» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) егер меншiк иесiнiң ауысуына орай теле-, радиоарнаны қайта есепке қою туралы өтiнiште теле-, радиоарнаға меншiк құқығын басқа тұлғаға беру туралы шарттың нөмірі мен күні көрсетілмесе;»;
4) 18-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Теле-, радиоарнаны есепке қою туралы өтiнiште:
1) теле-, радиоарна меншiк иесiнің-жеке тұлғаның тегi, аты және әкесiнiң аты (ол болған кезде), жеке сәйкестендіру нөмірі, тұрғылықты жері, теле-, радиоарна меншiк иесiнің-заңды тұлғаның атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі, орналасқан жерi, ұйымдық-құқықтық нысаны;
2) жеке және ретрансляцияланатын хабар таратуының орташа тәулiктiк көлемi көрсетiлген теле-, радиоарнаның тақырыптық бағыты көрсетiлуге тиiс.
2. Өтінішке:
1) трансляцияланатын және ретрансляцияланатын теле-, радиобағдарламаларды жазып алу және алты ай бойы сақтау туралы мiндеттеме;
2) теле-, радиоарнаның меншiк иесiнiң кiретiн есiгi бөлек үй-жайлар мен алаңдарға немесе оларды жалға алуға, оның iшiнде:
телерадио хабарларын таратудың жұмыс iстеуi үшiн қажеттi техникалық құралдарды орналастыруға және пайдалануға арналған (студиялық, аппараттық, қосалқы) арнайы үй-жайларға;
шығармашылық (редакциялық) персоналын орналастыруға арналған үй-жайларға;
әкiмшiлiк-басқару персоналына арналған үй-жайларға мүлiктiк құқықтарының болуы туралы мәліметтер нысаны қоса тіркеледі.».

2-бап.
1. Осы Заң:
1) 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 7-тармағын, 31-тармағы 5) тармақшасының үшінші абзацын, 83-тармағы 5) тармақшасының екінші-сегізінші абзацтарын және 88-тармағы 4) тармақшасының үшінші абзацын;
2) 2013 жылғы 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 62-тармағының 4)5) тармақшаларын6) тармақшасының төртінші — алтыншы абзацтарын және 7) тармақшасының төртінші — жетінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. Осы Заңның 1-бабы 31-тармағы 5) тармақшасының үшінші абзацы және 88-тармағы 4) тармақшасының үшінші абзацы осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«1) мерзiмдi баспасөз басылымы немесе ақпарат агенттiгi меншiк иесiнiң-жеке тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде), салық төлеушінің тіркеу нөмірі, тұрғылықты жері, мерзiмдi баспасөз басылымы немесе ақпарат агенттiгi меншiк иесiнiң — заңды тұлғаның атауы, салық төлеушінің тіркеу нөмірі, орналасқан жерi, ұйымдық-құқықтық нысаны;»;
«1) теле-, радиоарна меншiк иесiнің-жеке тұлғаның тегi, аты және әкесiнiң аты (ол болған кезде), салық төлеушінің тіркеу нөмірі, тұрғылықты жері, теле-, радиоарна меншiк иесiнің — заңды тұлғаның атауы, салық төлеушінің тіркеу нөмірі, орналасқан жерi, ұйымдық-құқықтық нысаны;».
3. Осы Заңға сәйкес хабарлама жасау тәртібіне жататын қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері осы Заң күшіне енген күннен бастап үш ай ішінде «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қызметінің басталғандығы туралы хабарлама беруге тиіс.

     

Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н. НАЗАРБАЕВ