«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) «Отандық теле-, радиоарнаны есепке, қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
2) «Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
3) «Қазақстан Республикасының аумағына таралатын шетелдік теле-, радиоарнаны есепке, қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
4) «Мерзімді баспасөз басылымын және ақпараттық агенттікті есепке, қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
5) «Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында таралатын шетелдiк мерзiмдi баспасөз басылымдарын есепке алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 5 наурыздағы
№ 180 қаулысымен
бекітілген
«Отандық теле-, радиоарнаны есепке, қайта есепке қою, куәліктің
телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Отандық теле-, радиоарнаны есепке, қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Ақпарат және мұрағат комитеті көрсетеді (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті беруші арқылы;
2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде – 10 (он) жұмыс күні;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең көп уақыты – 15 (он бес) минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең көп уақыты – 15 (он бес) минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – отандық теле-, радиоарнаны есепке қою туралы куәлiк (бұдан әрi – куәлiк), отандық теле-, радиоарнаны қайта есепке қою, отандық теле-, радиоарнаны есепке қою туралы телнұсқаны беру.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі.
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету үшін лицензиялық алымның мөлшерлемелері мынаны құрайды:
1) теле-, радиоарнаны есепке қою туралы куәлікті бергені үшін:
балаларға арналған және ғылыми тақырыптағы теле-, радиоарна құратын жеке немесе заңды тұлғалардан – алым төленген күні қолданылатын екі айлық есептік көрсеткіш;
өзге тақырыптағы теле-, радиоарна құратын жеке немесе заңды тұлғалардан – алым төленген күні қолданылатын бес айлық есептік көрсеткіш;
2) теле-, радиоарнаны есепке қою туралы куәліктің телнұсқасын бергені үшін:
балаларға арналған және ғылыми тақырыптағы теле-, радиоарна құратын жеке немесе заңды тұлғалардан – алым төленген күні қолданылатын бір бүтін оннан алты айлық есептік көрсеткіш;
өзге тақырыптағы теле-, радиоарна құратын жеке немесе заңды тұлғалардан – алым төленген күні қолданылатын төрт айлық есептік көрсеткіш.
Теле-, радиоарнаны есепке қою үшін алым төлеу екінші деңгейдегі банктер арқылы қолма-қол немесе қолма-қол емес есеп айырысу арқылы жүргізіледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға портал арқылы электрондық өтініш берілген жағдайда, төлемді «электрондық үкімет» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асыруға болады.
Теле-, радиоарнаны қайта есепке қою тегін жүзеге асырылады.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн, түскi үзiлiс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн;
2) портал – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) теле-, радиоарнаны есепке қою үшін көрсетілетін қызметті алушы мыналарды ұсынады:
2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес өтiнiш;
3) отандық теле-, радиоарнаны есепке қою үшін алымының бюджетке төленгенін растайтын құжат.
Теле-, радиоарнаны қайта есепке қою үшін (меншік иесінің ауысуына, не ұйымдық-құқықтық нысанының, атауының, сондай-ақ теле-, радиоарна атауының өзгеруіне байланысты) көрсетілетін қызметті алушы мыналарды ұсынады:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес өтiнiш;
2) теле-, радиоарнаны есепке қою туралы куәліктің бұрын берілген түпнұсқасы.
Порталдағы тиісті ақпараттық жүйелерден куәлік туралы мәліметтерді алу мүмкіндігі болмаған кезде ғана мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы куәліктің телнұсқасын алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге мына құжаттарды ұсына отырып өтініш береді:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес өтініш;
2) алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат.
Көрсетілетін қызметті алушы теле-, радиоарнаны есепке қою үшін порталға:
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанындағы сұраныс;
2) бюджетке алымның төленгенін растайтын (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайдан басқа) құжаттың электрондық көшірмесін береді.
Теле-, радиоарнаны қайта есепке қою үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы сұраныс.
Порталдағы тиісті ақпараттық жүйелерден куәлік туралы мәліметтерді алу мүмкіндігі болмаған кезде ғана көрсетілетін қызметті алушы куәліктің телнұсқасын алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге мына құжаттарды ұсына отырып өтініш береді:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы сұраныс;
2) алымның бюджетке төленгенін растайтын (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайдан басқа) құжаттың электрондық көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы, дара кәсіпкер ретінде тіркелгені туралы, алымның төленгені (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайда) туралы мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден мемлекеттік органдардың уәкілетті адамының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанында портал арқылы алады.
Порталда электрондық сұранысты жіберу мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінен» жүзеге асырылады. Сұраныс автоматты түрде таңдалған қызметке сәйкес көрсетілетін қызметті беруші – адресатқа жіберіледі.
10. Мыналар:
1) көрсетілетін қызметті берушінің бұрын дәл сондай атауы бар және сол аумаққа таралатын не оның аты бұрын құрылған теле-, радиоарнаның атымен айырғысыз дәрежеде ұқсас теле-, радиоарнаны есепке қойғаны туралы куәлiк беруі;
2) өтініш мазмұнының талаптарға сай келмеуі (өтініште: теле-, радиоарнаның меншік иесі – жеке тұлға тегінің, атының, әкесінің атының (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірінің, тұратын жерінің, теле-, радиоарнаның меншік иесі – заңды тұлғаның орналасқан жерінің, бизнес сәйкестендіру нөмірінің, ұйымдық-құқықтық нысанының, меншікті және ретрансляцияланатын хабар таратудың тәуліктік орташа көлемі көрсетілген теле-, радиоарнаның тақырыптық бағытының көрсетілмеуі);
3) теле-, радиоарнаны есепке қою үшiн алымның төленбеуі;
4) меншiк иесiнiң ауысуына орай теле-, радиоарнаны қайта есепке қою туралы өтiнiште теле-, радиоарнаға меншiк құқығының басқа тұлғаға берілуі туралы шарттың нөмірі мен күнінің көрсетілмеуі;
5) шығарылуын бұрын сот тоқтатқан, аты (атының бiр бөлiгi) бiрдей және тақырыптық бағыты дәл сондай теле-, радиоарна есепке қоюға өтініш берілуі немесе аты мен тақырыптық бағытын қайталайтын теле-, радиоарнаның мәлiмделуі, сондай-ақ шығарылуы сот шешiмiмен тоқтатылған теле-, радиоарнаның меншiк иесiнің немесе бас редакторының (редакторының) сот шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап үш жыл iшiнде өтiнiш беруі мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз болады.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін
қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының
шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсiздiгіне) шағымдану тәртiбi
11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдардың шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсiздiгіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не мына мекенжай бойынша: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі 8, Министрліктер үйі, 15-кіреберіс, 263-кабинет мекенжайы бойынша Министрлік басшысының атына беріледі.
Шағым почта арқылы жазбаша нысанда не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Шағымды қабылдаған тұлғаның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіліп, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) оның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны анықтау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижесі туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
Шағым портал арқылы жіберілген кезде өтініш туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті алушы «жеке кабинетінен» көре алады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі барысында (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқылы.
4. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін
қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де
талаптар
13. Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайы Министрліктің www.mki.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін құжаттарды сенімхат бойынша өкіл бере алады.
14. ЭЦҚ болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
16. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.mki.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
«Отандық теле-, радиоарнаны есепке,
қайта есепке қою, куәліктің
телнұсқасын беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша
Нысан
__________________________________
(отандық теле-, радиоарнаны есепке
қою туралы куәлік беретін
органның толық атауы)
__________________________________
(отандық теле-, радиоарнаны есепке
қою туралы куәлік беретін орган
басшысының Т.А.Ә.)
Өтініш
Сізден ________________________________________________________
(теле-, радиоарнаның атауы)
отандық теле-, радиоарнаны есепке қоюды сұраймын.
Теле-, радиоарнаның меншік иесінің атауы: _____________________
_____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)/меншік иесінің атауы және
ұйымдық-құқықтық нысаны
Теле-, радиоарнаның меншік иесінің мекенжайы: _______________________
(тұратын орны/ орналасқан жері, байланыс деректері)
БСН/ЖСН _____________________________________________________________
Теле-, радиоарнаның тақырыптық бағыты: ______________________________
Меншікті хабар таратудың орташа тәуліктік көлемі ____________________
Ретрансляцияланатын хабар таратудың орташа тәуліктік көлемі: ________
Теле-, радиоарнаның меншік иесінің жеке кіретін есігі бар
үй-жайларға немесе оларды жалға алуға мүліктік құқықтары:
(үй-жайлардың орналасқан жері және олардың сипаттамасы (алаң
шаршы.м, кадастрлық нөмірі, мүліктік құқықтың түрі, жалға алу
шарттарының деректері)
Р/с |
Үй-жайдың типі |
Мекенжайы |
Сипаттамасы |
1 |
Телерадио хабарларын таратудың жұмыс істеуіне қажетті техникалық құралдарды орналастыру және пайдалану үшін (студиялық, аппараттық, қосалқы) | ||
2 |
Шығармашылық (редакциялық) персоналды орналастыру үшін | ||
3 |
Теле-, радиоарнаның меншік иесіне тиесілі әкімшілік-басқару персоналы үшін |
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)/меншік иесінің атауы және
ұйымдық-құқықтық нысаны)
трансляцияланатын және рестрансляцияланатын теле-,
радиобағдарламаларды таспаға басуға және алты ай бойы сақтауға
міндеттенеді.
____________________________________________ _________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты/ (қолы)
атауы)
М.О. 20__ жылғы «___» _____________
«Отандық теле-, радиоарнаны есепке,
қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын
беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
2-қосымша
Нысан
__________________________________
(отандық теле-, радиоарнаны есепке
қою туралы куәлік беретін органның
толық атауы)
__________________________________
(отандық теле-, радиоарнаны есепке
қою туралы куәлік беретін орган
басшысының Т.А.Ә.)
Өтініш
_____________________________________________ байланысты Сізден
(себебін көрсету)
_____________________________________________________________________
(теле-, радиоарнаның атауы)
отандық теле-, радиоарнаны қайта есепке қоюды жүзеге асыруды
сұраймын.
Теле-, радиоарнаның меншік иесінің атауы: _____________________
_____________________________________________________________________
(меншік иесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)/атауы және
ұйымдық-құқықтық нысаны)
Теле-, радиоарнаның меншік иесінің мекенжайы: _______________________
(тұратын жері/ орналасқан жері, байланыс деректері)
БСН/ЖСН _____________________________________________________________
Теле-, радиоарнаның тақырыптық бағыты: ______________________________
Меншікті хабар таратудың орташа тәуліктік көлемі ____________________
Ретрансляцияланатын хабар таратудың орташа тәуліктік көлемі: ________
Меншік иесінің ауысуы/меншік құқығының берілгенін растайтын
құжаттардың деректері:
_____________________________________________________________________
(меншік құқығы берілетін тұлғаның құжатының деректері, құжаттың
нөмір мен күні, ЖСН/БСН және тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)/
атауы және ұйымдық-құқықтық нысаны (меншік иесі ауысқан
жағдайда толтырылады) көрсетіледі)
Р/с |
Құжаттың деректері |
1 |
|
2 |
_______________________________________ ________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің (қолы)
аты /атауы)
М.О. 20__ жылғы «___» ___________
«Отандық теле-, радиоарнаны есепке,
қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын
беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
3-қосымша
Нысан
__________________________________
(отандық теле-, радиоарнаны есепке
қою туралы куәлік беретін органның
толық атауы)
__________________________________
(отандық теле-, радиоарнаны есепке
қою туралы куәлік беретін орган
басшысының Т.А.Ә.)
Өтініш
________________________________________________________ байланысты
(себебін көрсету)
Сізден ______________________________________________________________
(теле-, радиоарнаның атауы)
отандық теле-, радиоарнаны есепке қою туралы куәліктің телнұсқасын
беруді сұраймын.
Теле-, радиоарнаның меншік иесінің атауы: ___________________________
_____________________________________________________________________
(меншік иесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)/атауы
_____________________________________________________________________
және ұйымдық-құқықтық нысаны)
Теле-, радиоарнаның меншік иесінің мекенжайы: _______________________
(тұратын жері/ орналасқан жері, байланыс мәліметтері)
БСН/ЖСН _____________________________________________________________
Өтінішке қоса беріледі:
1. ____________________________________________________________
2. ____________________________________________________________
_______________________________________ ________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің (қолы)
аты/атауы)
М.О. 20__ жылғы «___» ___________
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 5 наурыздағы
№ 180 қаулысымен
бекітілген
«Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін
лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Ақпарат және мұрағат комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші – www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған, сондай-ақ порталға өтініш берілген сәттен бастап:
лицензия беру – 15 (он бес) жұмыс күні;
қайта ресімделген лицензия беру – 10 (он) жұмыс күні;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің ең көп рұқсат етілген уақыты – 15 (он бес) минут;
3) қызмет көрсетудің ең көп рұқсат етілген уақыты – 15 (он бес) минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған).
6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия, қайта ресімделген лицензия (бұдан әрі – лицензия) не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметі көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
Лицензияны, қайта ресімделген лицензияны қағаз жеткізгіште алуға өтініш берілген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық форматта ресімделеді, басып шығарылады және көрсетілетін қызмет берушінің уәкілетті адамының қолымен және мөрмен расталады.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі.
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету үшін лицензиялық алымның мөлшерлемелері мынаны құрайды:
1) теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызмет түрімен айналысу құқығы үшін 6 (алты) айлық есептік көрсеткіш;
2) лицензияны қайта ресімдеу үшін – лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10%-ы, бірақ 4 (төрт) айлық есептік көрсеткіштен аспайды.
Лицензиялық алымды төлеу екінші деңгейдегі банктер арқылы қолма-қол немесе қолма-қол емес есеп айырысу арқылы жүргізіледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға портал арқылы электрондық өтініш берілген жағдайда, төлемді «электрондық үкімет» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асыруға болады.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн, түскі үзiлiс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;
2) портал – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
9. Лицензия алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) заңды немесе жеке тұлға үшін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;
2) қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
3) біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер және құжаттар:
4) осы мемлекеттік көрсетілетін стандартына 2-қосымшада көрсетілген мәліметтер нысаны;
5) төтенше жағдайлар кезінде халықты хабардар етуді ұйымдастыру схемасы;
6) телерадиохабарларын тарату желісін ұйымдастыру схемасы;
7) жерсеріктік оператор ұсынған жерсеріктік қабылдау-тарату станцияларының желiсiнде пайдаланылатын трансмиссиялық жоспарлар (жерсеріктік байланыс арналары пайдаланылған жағдайда);
8) метрологиялық сипаттамалары мен олардың тексерілгенін немесе метрологиялық аттестатталғанын растайтын құжаттарды (сертификаттардың көшірмелері) көрсете отырып, қолданылатын өлшеу құралдары мен сынау жабдығының тізбесі.
Мыналар:
1) қызмет түрінің атауы және (немесе) кіші түрі;
2) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
3) дара кәсіпкер, оның атауы және мекенжайы;
4) бірігу, қосылу, бөлініп шығу және қайта өзгеру нысанында заңды тұлға;
5) заңды тұлғаның атауы және (немесе) заңды мекенжайы өзгерген жағдайда, лицензия қайта ресімделеді.
Құжаттар ауыстырылған кезден бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде көрсетілетін қызметті алушы лицензияны қайта ресімдеуге мынадай құжаттарды береді:
1) заңды немесе жеке тұлға үшін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;
2) жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттардың деректері туралы, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын мәліметтерді көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден мемлекеттік органдардың уәкілетті адамдарының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық деректер нысанында алады.
Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері құжаттарды қабылдаған кезде төлнұсқалардың түпнұсқалылығын құжаттардың көшірмелерімен және мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтермен салыстырып тексереді, одан кейін төлнұсқаларды алушыға қайтарады.
Лицензия алу үшін порталға өтініш берген кезде қажетті құжаттардың тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұраныс;
2) лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын (ЭҮТШ арқылы төлеуді қоспағанда) құжаттың электрондық көшірмесі;
3) біліктілік талаптарына сәйкес құжаттар:
4) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшада көрсетілген мәліметтер нысаны;
5) төтенше жағдайлар кезінде халықты хабардар етуді ұйымдастыру схемасы – электрондық көшірме түрінде;
6) телерадиохабарларын тарату желісін ұйымдастыру схемасы – электрондық көшірме түрінде;
7) жерсеріктік оператор ұсынған жерсеріктік қабылдау-тарату станцияларының желiсiнде пайдаланылатын трансмиссиялық жоспарлар (жерсеріктік байланыс арналары пайдаланылған жағдайда) – электрондық көшірме түрінде;
8) метрологиялық сипаттамалары мен олардың тексерілгенін немесе метрологиялық аттестатталғанын растайтын құжаттарды (сертификаттардың көшірмелері) көрсете отырып, қолданылатын өлшеу құралдары мен сынау жабдығының тізбесі – электрондық құжат түрінде;
9) өлшеу құралдары мен сынау жабдығының тексерілгенін немесе метрологиялық аттестатталғанын растайтын сертификаттар – электрондық көшірмелер түрінде.
Жоғарыда көрсетілген құжаттар сұранысқа электронды түрде тіркелуге тиіс.
Мыналар:
1) қызмет түрінің атауы және (немесе) кіші түрі;
2) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
3) дара кәсіпкер, оның атауы және мекенжайы;
4) бірігу, қосылу, бөлініп шығу және қайта өзгеру нысанында заңды тұлға;
5) заңды тұлғаның атауы және (немесе) заңды мекенжайы өзгерген жағдайда, лицензия қайта ресімделеді.
Құжаттар ауыстырылған кезден бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде көрсетілетін қызметті алушы лицензияны қайта ресімдеуге мынадай құжаттарды береді:
1) лицензияны қайта ресімдеу туралы көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұраныс;
2) лицензиялық алымның ЭҮТШ арқылы бюджетке төленгені туралы ақпарат немесе лицензиялық алымның бюджетке төленгені туралы құжат – құжаттың электрондық көшірмесі нысанында.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттардың деректері туралы, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын мәліметтерді көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден мемлекеттік органдардың уәкілетті адамдарының ЭЦҚ куәландырылған электрондық деректер нысанында алады.
Портал арқылы өтініш берілген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алатын күні мен уақыты көрсетіліп, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұраныстың қабылданғаны туралы хабарлама-есеп жіберіледі.
Қайта ресімдеу туралы өтінішті лицензиат лицензияны қайтадан ресімдеген кезде жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттармен бірге, күнтiзбелiк отыз күн iшiнде береді.
10. Мыналар мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында субъектілердің осы санаты үшін қызметтің жекелеген түрімен айналысуға тыйым салынуы;
2) теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның төленбеуі;
3) біліктілік талаптарының көрсетілетін қызметті алушы қызметіне сәйкес келмеуі;
4) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысуына тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімінің болуы;
5) сот орындаушысының ұсынымы негізінде көрсетілетін қызметті алушыға соттың лицензия алуға тыйым салынуы.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша орталық
мемлекеттік органдардың, көрсетілетін қызметті берушінің және
(немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне
(әрекетсiздiгіне) шағымдану тәртiбi
11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызметі берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетiне (әрекетсiздiгіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі, 15-кіреберіс, 263-кабинет мекенжайы бойынша Министрлік басшысының атына беріледі.
Шағым почта арқылы жазбаша нысанда не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Шағымды қабылдаған тұлғаның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіліп, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) оның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны анықтау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.
Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижесі туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
Шағым портал арқылы жіберілген кезде өтініш туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті алушы «жеке кабинетінен» көре алады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі барысында (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқылы.
4. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін
қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де
талаптар
13. Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайы Министрліктің www.mki.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
14. ЭЦҚ болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
16. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.mki.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
«Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі
қызметпен айналысу үшін лицензия беру,
лицензияны қайта ресімдеу» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша
Лицензия алу үшін заңды тұлғаның
өтiнiші
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ақпарат және мұрағат комитетіне
(лицензиардың толық атауы)
_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
Қазақстан Республикасының аумағында теле-, радиоарналарды тарату
жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия берудi сұраймын.
(қызметтiң түрi және (немесе) қызметтің кіші түрі(-лері) көрсетiлсiн)
Заңды тұлғаның мекенжайы ____________________________________________
_____________________________________________________________________
(почталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше
атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі)
Электрондық почта ___________________________________________________
Телефоны ____________________________________________________________
Факс ________________________________________________________________
Банктік шоты ________________________________________________________
(шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жері)
Қызметті жүзеге асыру мекенжайы(лары) _______________________________
(почталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені,
көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі)
___ парақ қоса беріліп отыр
Осы арқылы:
көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып
табылатыны және оларға лицензия беру немесе беруден бас тарту
мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатыны;
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе)
кіші түрімен айналысуға соттың тыйым салмағаны;
қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және
жарамды болып табылатыны расталады.
Басшы _________ _____________________________________________
(қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса)
Мөрдің орны Толтырылған күні: 20__ жылғы «___» ________
Лицензия алу үшін жеке тұлғаның
өтiнiші
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ақпарат және мұрағат комитетіне
(лицензиардың толық атауы)
_____________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке
сәйкестендіру нөмірі)
Қазақстан Республикасының аумағында теле-, радиоарналарды тарату
жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия берудi сұраймын.
(қызметтiң түрi және (немесе) қызметтің кіші түрі(-лері) көрсетiлсiн)
Жеке тұлғаның тұратын мекенжайы
_____________________________________________________________________
(почталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы,
үй/ғимарат нөмірі)
Электрондық почта ___________________________________________________
Телефоны ____________________________________________________________
Факс ________________________________________________________________
Банктік шоты ________________________________________________________
(шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)
Қызметті жүзеге асыру мекенжайы(лары) _________________________
почталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді
мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі)
___ парақ қоса беріліп отыр
Осы арқылы:
көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып
табылатыны және оларға лицензия беру немесе беруден бас тарту
мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатыны;
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе)
кіші түрімен айналысуға соттың тыйым салмағаны;
қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және
жарамды болып табылатыны расталады.
Жеке тұлға _________ ________________________________________
(қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса)
Мөрдің орны (бар болса) Толтырылған күні: 20__жылғы «__» ____
«Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі
қызметпен айналысу үшін лицензия беру,
лицензияны қайта ресімдеу» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша
Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметті жүзеге асыру
үшін қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестік туралы
мәліметтер нысаны
1. Қызметкерлер саны __________________________________________
Инженер-техник мамандар саны _________________________________;
мамандығы бойынша жұмыс өтілі:
1 жылға дейін ________________________________________________;
бір жылдан астам _____________________________________________.
Маманның тегі |
Маманның аты |
Маманның әкесінің аты |
Мамандығы |
Жоғары білімі туралы дипломның № |
Диплом берілген күн |
Жоғары оқу орнының атауы |
Мамандығы бойынша жұмыс өтілі |
Лауазымы |
2. Мыналарды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелер:
телерадио хабарларын тарату саласындағы қолданыстағы
стандарттарға сәйкес теле-, радиоарналар бағдарламасының техникалық
сапасын: иә/жоқ;
төтенше жағдайлар кезінде халықты хабардар етуді ұйымдастыруды:
иә/жоқ.
3. Техникалық мәліметтер:
1) құрылатын желінің атауы: эфирлік/кабельдік/жерсеріктік;
2) хабар таратумен қамту аумағы ______________________________;
3) желі типі _________________________________________________;
стандарт атауы _______________________________________________;
стандарт нөмірі ______________________________________________;
4) таратылатын теле-, радиоарналардың тізімі _________________;
даму кезеңдері бойынша тізбе _________________________________;
қысқаша сипаттама ____________________________________________;
5) пайдаланған жағдайда, шартты қолжетімділік жүйесі _________;
6) желіні басқару және пайдалану желісін ұйымдастыру
қағидаттары;
7) желінің сыйымдылығы және/немесе қосылушылар саны, оның
ішінде даму кезеңдері бойынша;
МГц көлемі ___________________________________________________;
қосылушылар саны _____________________________________________;
8) басқа да телерадио хабарларын тарату және байланыс
желілерімен өзара іс-қимыл:
шарттың нөмірі _______________________________________________;
шарт жасалған күн ____________________________________________;
шарт кіммен жасалды (заңды және жеке тұлғаның атауы) _________;
9) нақты техникалық құралдарды көрсете отырып, станцияаралық
байланыстарды ұйымдастыру тәсілі:
меншікті техникалық құралдар бойынша _________________________;
басқа желілердің жалға алынған арналары бойынша ______________;
шарттың нөмірі _______________________________________________;
шарт жасалған күн ____________________________________________;
шарт кіммен жасалды (заңды және жеке тұлғаның атауы) _________;
10) өтініш берушінің желісін басқа операторлардың желісіне
қосуды ұйымдастыру тәсілі:
шарттың нөмірі _______________________________________________;
шарт жасалған күн ____________________________________________;
шарт кіммен жасалды (заңды және жеке тұлғаның атауы) _________;
11) жиілік алуға қажетті жабдықтың атауы _____________________;
12) бас станцияға таратылатын теле-, радиоарналарды жеткізу
көздері мен тәсілдері;
студияның орналасқан жері ____________________________________;
пайдаланылатын желінің типі __________________________________;
13) жиілік берілген жабдықтың санитарлық паспортының болуы:
нөмірі және берілген күні ____________________________________;
паспортты берген органның атауы ______________________________;
паспорттың қолдану мерзімі ___________________________________;
14) жердің жасанды жерсеріктері (жерсеріктік байланыс арналары
пайдаланылған жағдайда):
атауы ________________________________________________________;
тиесілігі ____________________________________________________;
орналасқан жері ______________________________________________;
қызмет көрсету аймағы ________________________________________;
жиіліктің орналасқан белдеуі _________________________________;
арнаның жылдамдығы ___________________________________________;
жерсеріктік жүйенің энергетикалық сипаттамасы ________________.
4. Құқық иеленуші теле-, радиокомпаниялармен (көп бағдарламалы
хабар тарату үшін) ретрансляциялауға алдын ала жасалған шарттар:
шарттың нөмірі _______________________________________________;
жасалған күні ________________________________________________;
шарт кіммен жасалды (заңды және жеке тұлғаның атауы) _________;
шартта көрсетілген арналардың тізбесі ________________________.
5. Техникалық құралдарды орналастыруға және пайдалануға
арналған үй-жайлар мен алаңдардың болуы:
жалға алынған алаң ___________________________________________;
жалға алынған үй-жайлардың орналасқан жері ___________________;
жалға алу шартының нөмірі ____________________________________;
жалға алу шартының жасалған күні _____________________________;
шарт кіммен жасалды __________________________________________.
6. Әкімшілік-басқару персоналына арналған үй-жайлар мен
алаңдардың болуы:
жалға алынған алаң ___________________________________________;
жалға алынған үй-жайлардың орналасқан жері ___________________;
жалға алу шартының нөмірі ____________________________________;
жалға алу шартының жасалған күні _____________________________;
жалға алу шарты кіммен жасалды _______________________________.
7. Халыққа қызмет көрсетуге арналған үй-жайлар мен алаңдардың
болуы:
жалға алынған алаң ___________________________________________;
жалға алынған үй-жайлардың орналасқан жері ___________________;
жалға алу шартының нөмірі ____________________________________;
жалға алу шартының жасалған күні _____________________________;
жалға алу шарты кіммен жасалды ______________________________.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 5 наурыздағы
№ 180 қаулысымен
бекітілген
«Қазақстан Республикасының аумағына таралатын шетелдік
теле-, радиоарнаны есепке, қайта есепке қою, куәліктің
телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасының аумағына таралатын шетелдік теле-, радиоарнаны есепке, қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті көрсетеді (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).
Өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді көрсетілетін қызметті беруші жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап – күнтізбелік 15 (он бес) күн;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің ең көп рұқсат етілетін уақыты – 30 (отыз) минут;
3) қызмет көрсетудің ең көп рұқсат етілген уақыты – 15 (он бес) минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – Қазақстан Республикасының аумағына таралатын шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою туралы куәлiк (бұдан әрi – куәлiк), Қазақстан Республикасының аумағына таралатын шетелдік теле-, радиоарнаны қайта есепке қою, Қазақстан Республикасының аумағына таралатын шетелдік теле-, радиоарналарды есепке қою туралы куәлiктің телнұсқасын беру не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі.
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету үшін лицензиялық алымның мөлшерлемелері мынаны құрайды:
1) теле-, радиоарнаны есепке қою туралы куәлік бергені үшін:
балаларға арналған және ғылыми тақырыптағы теле-, радиоарна құратын жеке немесе заңды тұлғалардан – алым төленген күні қолданылатын екі айлық есептік көрсеткіш;
өзге тақырыптағы теле-, радиоарна құратын жеке немесе заңды тұлғалардан – алым төленген күнін қолданылатын бес айлық есептік көрсеткіш;
2) теле-, радиоарнаны есепке қою туралы куәліктің телнұсқасын бергені үшін:
балаларға арналған және ғылыми тақырыптағы теле-, радиоарна құратын жеке немесе заңды тұлғалардан – алым төленген күні қолданылатын бір бүтін оннан алты айлық есептік көрсеткіш;
өзге тақырыптағы теле-, радиоарна құратын жеке немесе заңды тұлғалардан – алым төленген күні қолданылатын төрт айлық есептік көрсеткіш.
Теле-, радиоарнаны есепке қою үшін алым төлеу екінші деңгейдегі банктер арқылы қолма-қол немесе қолма-қол емес есеп айырысу арқылы жүргізіледі.
Теле-, радиоарнаны қайта есепке қою тегін жүзеге асырылады.
8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн, түскi үзiлiс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес өтiнiш;
2) жеке тұлғалар үшiн – теле-, радиоарнаның меншік иесі болып табылатын шетелдiк жеке тұлғаның паспортының немесе жеке басын куәландыратын басқа құжатының көшiрмесi, қазақ және орыс тiлдерiндегi аудармасын нотариат куәландырған кәсiпкерлiк қызметпен айналысу құқығын растайтын құжаттың көшiрмесi;
3) заңды тұлғалар үшiн – сауда тiзiлiмiнен заңдастырылған үзiндi немесе құрылтайшы – шетелдiк заңды тұлға шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын басқа заңдастырылған құжат;
4) шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою үшін алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат.
Теле-, радиоарнаны қайта есепке қою үшін (теле-, радиоарнаның атауының, негізгі тақырыптық бағытының өзгеруіне байланысты) көрсетілетін қызметті алушы мыналарды ұсынады:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес өтiнiш;
2) жеке тұлғалар үшiн – теле-, радиоарнаның меншiк иесi болып табылатын шетелдiк жеке тұлғаның паспортының немесе жеке басын куәландыратын басқа құжатының көшiрмесi, қазақ және орыс тiлдерiндегi аудармасын нотариат куәландырған, кәсiпкерлiк қызметпен айналысу құқығын растайтын құжаттың көшiрмесi;
3) заңды тұлғалар үшiн – сауда тiзiлiмiнен заңдастырылған үзiндi немесе құрылтайшы – шетелдiк заңды тұлға шет мемлекет заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын басқа заңдастырылған құжат;
4) теле-, радиоарнаны есепке қою туралы куәліктің бұрын берілген түпнұсқасы.
Теле-, радиоарнаны есепке қою туралы куәліктің телнұсқасын алу үшін көрсетілетін қызметті алушы мыналарды ұсынады:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес өтiнiш;
2) жеке тұлғалар үшiн – теле-, радиоарнаның меншiк иесi болып табылатын шетелдiк жеке тұлғаның паспортының немесе жеке басын куәландыратын басқа құжатының көшiрмесi, қазақ және орыс тiлдерiндегi аудармасын нотариат куәландырған, кәсiпкерлiк қызметпен айналысу құқығын растайтын құжаттың көшiрмесi;
3) заңды тұлғалар үшiн – сауда тiзiлiмiнен заңдастырылған үзiндi немесе құрылтайшы – шетелдiк заңды тұлға шет мемлекет заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын басқа заңдастырылған құжат;
4) алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат.
Көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттардың бәрін көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған кезде өтініштің көшірмесіне оның көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелгені туралы белгі қойылып, құжаттардың қабылданған күні мен уақытының көрсетілуі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады.
10. Мыналар:
1) өтініш мазмұнының талаптарға сай келмеуі (өтініште: теле-, радиоарнаның меншiк иесi болып табылатын жеке тұлғаның тегінің, атының, әкесінің атының (бар болса), тұратын жерінің, теле-, радиоарнаның меншiк иесi болып табылатын заңды тұлғаның атауының, орналасқан жерінің, ұйымдық-құқықтық нысанының, теле-, радиобағдарламалардың тілінің (тілдерінің), теле-, радиоарнаның хабар тарату торының, теле-, радиоарнаның негізгі тақырыптық бағытының, теле-, радиоарнаның бас редакторының (редакторының) тегінің, атының, әкесінің атының (бар болса), теле-, радиокомпанияның Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау туралы міндеттемесінің көрсетілмеуі);
2) теле-, радиоарнаны есепке қою үшiн алымның төленбеуі;
3) шетелдiк теле-, радиоарнаның материалдарында Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi, тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiрудi, соғысты, экстремизмдi немесе терроризмдi, қатыгездiк пен зорлық-зомбылықты, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық астамшылықты насихаттауды және үгiттеудi, ұлтаралық және конфессияаралық араздықты қоздыруға бағытталған ақпараттың, сондай-ақ порнографиялық және арнайы сексуалдық-эротикалық сипаттағы кино- және бейнеөнiмдердi, сондай-ақ суицидтi насихаттайтын ақпараттың қамтылуы;
4) дiнтану сараптамасы нәтижелерi бойынша терiс қорытындының болуы;
5) шетелдiк теле-, радиоарна өнiмдерiне қатысты Қазақстан Республикасының аумағында оны таратуға тыйым салу туралы сот шешiмiнің болуы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіз болады.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша орталық
мемлекеттік органдардың, көрсетілетін қызметті берушінің және
(немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне
(әрекетсiздiгіне) шағымдану тәртiбi
11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызметі берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетiне (әрекетсiздiгіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі, 15-кіреберіс, 263-кабинет мекенжайы бойынша Министрлік басшысының атына беріледі.
Шағым почта арқылы жазбаша нысанда не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Шағымды қабылдаған тұлғаның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіліп, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) оның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны анықтау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижесі туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқылы.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып
қойылатын өзге де талаптар
13. Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайы Министрліктің www.mki.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін құжаттарды сенімхат бойынша өкіл беруге болады.
14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.mki.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
«Қазақстан Республикасының
аумағына таралатын шетелдік теле-,
радиоарнаны есепке, қайта есепке
қою, куәліктің телнұсқасын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
қосымша
Нысан
_______________________________________________
(шетелдік теле-, радиоарнаны есепке
қою туралы куәлік беретін органның толық атауы)
_______________________________________________
(шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою
туралы куәлік беретін орган
басшысының Т.А.Ә.)
Өтініш
Сізден ________________________________________________________
(қайта есепке алу жүргізілген және телнұсқа берілген
жағдайда, себептері көрсетіледі)
шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қоюды (қайта есепке қою,
телнұсқа беруді жүзеге асыруды) сұраймын.
Теле-, радиоарнаның меншік иесінің атауы: _____________________
_____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) тұратын жері/орналасқан
жері, ұйымдық-құқықтық нысаны, телефоны, электрондық
мекенжайы)
Теле-, радиобағдарламалардың тілі (тілдері): ________________________
Теле-, радиоарнаның хабар тарату кестесi: ___________________________
(кейінгі ай)
Теле-, радиоарнаның негiзгi тақырыптық бағыты: ______________________
Теле-, радиоарнаның бас редакторы/редакторы: ________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
Теле-, радиокомпанияның заңды мекенжайы: ____________________________
(индексі, қала, аудан, көше, үй, телефон, электрондық
мекенжайы)
Теле-, радиокомпанияның Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау
туралы мiндеттемесi _________________________________________________
Өтiнiшке қоса беріледі:
1._____________________________________________________________
2._____________________________________________________________
3._____________________________________________________________
_______________________________________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты/атауы) (қолы)
М.О. «___» ____________ 20__ ж.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 5 наурыздағы
№ 180 қаулысымен
бекітілген
«Мерзімді баспасөз басылымын және ақпараттық агенттікті есепке,
қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Мерзімді баспасөз басылымын және ақпараттық агенттікті есепке, қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Ақпарат және мұрағат комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті беруші арқылы;
2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде – 10 (он) жұмыс күні;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең көп уақыты – 20 (жиырма) минут.
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең көп уақыты – 20 (жиырма) минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған).
6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – мерзімді баспасөз басылымын және ақпараттық агенттікті есепке, қайта есепке қою туралы куәлік (бұдан әрі – куәлік), куәліктің телнұсқасын беру.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
Көрсетілетін қызметті алушы есепке, қайта есепке қою туралы куәлікті және куәліктің телнұсқасын қағаз жеткізгіште алуға өтініш берген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық форматта ресімделеді, басып шығарылады және көрсетілетін қызмет берушінің уәкілетті адамының қолымен және мөрмен расталады.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі.
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету үшін лицензиялық алымның мөлшерлемелері мынаны құрайды:
1) мерзімді баспасөз басылымын және ақпараттық агенттікті есепке қою туралы куәлікті бергені үшін:
балаларға арналған және ғылыми тақырыптағы мерзiмдi баспасөз басылымын және ақпараттық агенттiк құратын жеке немесе заңды тұлғалардан – алым төленген күні қолданылатын екi айлық есептiк көрсеткiш;
өзге тақырыптағы мерзiмдi баспасөз басылымын және ақпараттық агенттiк құратын жеке немесе заңды тұлғалардан – алым төленген күні қолданылатын бес айлық есептiк көрсеткiш;
2) мерзімді баспасөз басылымын және ақпараттық агенттікті есепке қою туралы куәліктің телнұсқасын бергені үшін:
балаларға арналған және ғылыми тақырыптағы мерзiмдi баспасөз басылымын және ақпараттық агенттiк құратын жеке немесе заңды тұлғалардан – алым төленген күні қолданылатын бір бүтін оннан алты айлық есептiк көрсеткiш;
өзге де тақырыптағы мерзiмдi баспасөз басылымын және ақпараттық агенттiк құратын жеке немесе заңды тұлғалардан – алым төленген күні қолданылатын төрт айлық есептiк көрсеткiш.
Есепке қою, телнұсқа беру үшін алым төлеу екінші деңгейдегі банктер арқылы қолма-қол немесе қолма-қол емес есеп айырысу арқылы жүргізіледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға портал арқылы электрондық өтініш берілген жағдайда, төлемді «электрондық үкімет» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асыруға болады.
Мерзімді баспасөз басылымын және ақпараттық агенттікті қайта есепке қою тегін жүзеге асырылады.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ге дейiн, түскi үзiлiс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн;
2) портал – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес өтiнiш;
2) мерзімді баспасөз басылымын және ақпараттық агенттікті есепке қою үшін алымының бюджетке төленгенін растайтын құжат.
Мерзiмдi баспасөз басылымын және ақпараттық агенттiкті қайта есепке қою үшін (меншiк иесiнің ауысуына не ұйымдық-құқықтық нысанының, меншік иесінің атауының, мерзiмдi баспасөз басылымының және ақпараттық агенттiк атауының, сондай-ақ шығу жиілігі мен таралу аумағының өзгеруiне байланысты) көрсетілетін қызметті алушы мыналарды ұсынады:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес өтiнiш;
2) мерзiмдi баспасөз басылымын және ақпараттық агенттiкті есепке қою туралы куәліктің бұрын берілген төлнұсқасы;
3) мерзімді баспасөз басылымына және ақпараттық агенттікке меншік құқығының басқа тұлғаға берілгенін растайтын шарттан үзінді көшірме.
Порталдағы тиісті ақпараттық жүйелерден куәлік туралы мәліметтерді алу мүмкіндігі болмаған кезде ғана көрсетілетін қызметті алушы куәліктің телнұсқасын алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге мына құжаттарды ұсына отырып өтініш береді:
1) жоғалу себебі көрсетілген осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес белгiленген үлгiдегi өтiнiш;
2) алымның бюджетке төленгенiн растайтын құжат.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттардың деректері туралы, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын мәліметтерді көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден мемлекеттік органдардың уәкілетті адамдарының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық деректер нысанында алады.
Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері құжаттарды қабылдаған кезде төлнұсқалардың түпнұсқалылығын құжаттардың көшірмелерімен және мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтермен салыстырып тексереді, одан кейін төлнұсқаларды алушыға қайтарады.
Мерзімді баспасөз басылымын және ақпараттық агенттікті есепке қою үшін порталға:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы сұраныс;
2) алымның бюджетке төленгенін растайтын (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайдан басқа) құжаттың электрондық көшірмесі.
Мерзімді баспасөз басылымын және ақпараттық агенттікті қайта есепке қою үшін:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы сұраныс;
2) мерзімді баспасөз басылымына немесе ақпараттық агенттікке меншік құқығының басқа тұлғаға берілгенін растайтын шарттан үзінді көшірмесінің сканерленген нұсқасы.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттардың деректері туралы, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын мәліметтерді көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден мемлекеттік органдардың уәкілетті адамдарының ЭЦҚ куәландырылған электрондық деректер нысанында алады.
Портал арқылы өтініш берілген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алатын күні мен уақыты көрсетіліп, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұраныстың қабылданғаны туралы хабарлама-есеп жіберіледі.
10. Мыналар:
1) бұрын дәл сондай және дәл сол аумаққа таралатын не оның аты бұрын құрылған мерзімді баспасөз басылымының немесе ақпараттық агенттіктің атымен айырғысыз дәрежеде ұқсас мерзімді баспасөз басылымының немесе ақпараттық агенттіктің есепке қойылғаны туралы бұрын берілген куәлік;
2) өтініш мазмұнының талаптарға сай келмеуі (өтініште: меншік иесінің атауының және ұйымдық-құқықтық нысанының, сондай-ақ заңды мекенжайы ның, меншік иесінің бизнес және жеке сәйкестендіру нөмірінің, мерзімді баспасөз басылымы және ақпараттық агенттік атауының, тілінің (тілдерінің), болжамды шығу жиілігінің, негізгі тақырыптық бағытының, таралу аумағының, бас редактордың (редактордың) тегінің, атының, әкесінің атының (бар болса), редакцияның мекенжайының көрсетілмеуі);
3) мерзімді баспасөз басылымын немесе ақпараттық агенттікті есепке қою үшін немесе куәліктің телнұсқасын алу үшін алымның төленуі;
4) меншік иесінің ауысына орай мерзімді баспасөз басылымын немесе ақпараттық агенттікті қайта есепке қою туралы өтініште мерзімді баспасөз басылымына немесе ақпараттық агенттікке меншік құқығының басқа тұлғаға берілуі туралы шарттың нөмірі мен күнінің көрсетілмеуі;
5) шығарылуын бұрын сот тоқтатқан, аты (атының бір бөлігі) бірдей және тақырыптық бағыты дәл сондай мерзімді баспасөз басылымын немесе ақпараттық агенттікті есепке қоюға өтініш берілуі немесе аты мен тақырыптық бағытын қайталайтын мерзімді баспасөз басылымының немесе ақпараттық агенттіктің мәлімделуі, сондай-ақ шығарылуы сот шешімімен тоқтатылған мерзімді баспасөз басылымының немесе ақпараттық агенттіктің меншік иесінің немесе бас редакторының (редакторының) сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш жыл ішінде өтініш беруі мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіз болады.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша орталық
мемлекеттік органдардың, көрсетілетін қызметті берушінің және
(немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне
(әрекетсiздiгіне) шағымдану тәртiбi
11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызметі берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетiне (әрекетсiздiгіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі, 15-кіреберіс, 224-кабинет мекенжайы бойынша Министрлік басшысының атына беріледі.
Шағым почта арқылы жазбаша нысанда не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Шағымды қабылдаған тұлғаның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіліп, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) оның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны анықтау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.
көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Шағым портал арқылы жіберілген кезде өтініш туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті алушы «жеке кабинетінен» көре алады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі барысында (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының: 1414 телефоны арқылы алуға болады.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқылы.
4. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін
қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де
талаптар
13. Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайы Министрліктің www.mki.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін құжаттарды сенімхат (нотариалды куәландырылған) бойынша өкіл тапсыра алады.
14. ЭЦҚ болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
16. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.mki.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
«Мерзімді баспасөз басылымын және
ақпараттық агенттікті есепке, қайта
есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
қосымша
____________________________________________
(мерзiмдi баспасөз басылымын және ақпараттық
агенттiкті есепке қою туралы куәлiк беретін
органның толық атауы
____________________________________________
(мерзiмдi баспасөз басылымын және ақпараттық
агенттiкті есепке қою туралы куәлiк беретін
орган басшының Т.А.Ә)
Нысан
Өтініш
Сізден ________________________________________________________
(МББ немесе ақпараттық агенттіктің атауы, түрі)
мерзімді баспасөз басылымын немесе ақпараттық агенттікті есепке
қоюды (қайта есепке қоюды, куәліктің телнұсқасын беруді) сұраймын.
Меншік иесі ___________________________________________________
_____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)/атауы және
ұйымдық-құқықтық нысаны)
БСН/ЖСН ______________________________________________________
Меншік иесінің мекенжайы _____________________________________
(тұрғылықты жері/орналасқан жері, байланыс деректері)
Мерзімді баспасөз басылымының немесе ақпараттық агенттіктің
атауы _______________________________________________________________
Мерзімді баспасөз басылымының немесе ақпараттық агенттіктің
тілі ________________________________________________________________
Шығу жиілігі __________________________________________________
Тақырыптық бағыты _____________________________________________
Таралу аумағы _________________________________________________
Редакцияның мекенжайы _________________________________________
Бас редактордың Т.А.Ә. ________________________________________
М.О. ____________________
(қолы)
20__ жылғы «___» __________
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 5 наурыздағы
№ 180 қаулысымен
бекітілген
«Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың
аумағында таралатын шетелдiк мерзiмдi баспасөз басылымдарын
есепке алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында таралатын шетелдiк мерзiмдi баспасөз басылымдарын есепке алу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ішкі саясат басқармалары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетедi.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті беруші арқылы;
2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және xалыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО) арқылы;
3) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге, ХҚО-ға құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде – 10 (он) жұмыс күні.
ХҚО-ға өтініш берген кезде құжаттардың қабылданған күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең көп уақыты – 15 (он бес) минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең көп уақыты – 15 (он бес) минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында таралатын шетелдiк мерзiмдi баспасөз басылымдарын есепке алу туралы анықтама.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
Анықтаманы қағаз жеткізгіште алуға өтініш берілген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық форматта ресімделеді, басып шығарылады және көрсетілетін қызмет берушінің уәкілетті адамының қолымен және мөрмен расталады.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін негізде көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн, түскі үзiлiс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн;
2) ХҚО – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбі – сенбі аралығында, сағат 9.00-дан 20.00-ге дейiн, түскi үзiлiссіз;
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі, көрсетілетін қызметті алушының қалауы бойынша электрондық кезекті «брондауға» портал арқылы болады;
3) портал – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
9. Лицензия алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) ХҚО-ға өтініш берген кезде:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес өтініш (мерзімді баспасөз басылымдарының атаулары, таралу аймағы, тілі, негізгі тақырыптық бағыты, шығу жиілігі, таралатын даналардың саны);
жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушыны сәйкестендіру үшін талап етіледі).
Құжаттарды қабылдаған кезде ХҚО қызметкері төлнұсқалардың түпнұсқалылығын құжаттардың басып шығарылған көшірмелерімен салыстырып тексереді, одан кейін төлнұсқаларды алушыға қайтарады.
түпнұсқалардың шынайлығын құжаттардың электрондық көшірмелерімен салыстырып тексереді, одан кейін түпнұсқаларды қызмет алушыға қайтарады.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттардың деректері туралы, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын мәліметтерді көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден мемлекеттік органдардың уәкілетті адамдарының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық деректер нысанында алады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмеген болса, мемлекеттік қызметті көрсету кезінде ХҚО қызметкерлері ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады;
2) порталға:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы сұраныс;
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттардың деректері туралы, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын мәліметтерді көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден мемлекеттік органдардың уәкілетті адамдарының ЭЦҚ куәландырылған электрондық деректер нысанында алады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды ХҚО арқылы тапсырған кезде тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат өтініштің қабылданғанын растау болып табылады, онда мыналар көрсетіледі:
өтініштің қабылданған нөмірі мен күні;
сұратылған мемлекеттік қызметтің түрі;
қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;
құжаттарды беру күні (уақыты) және орны;
құжаттарды ресімдеу үшін өтінішті қабылдаған ХҚО қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты;
көрсетілетін қызметті алушының, оның өкілінің толық аты-жөні және олардың байланыс телефондары.
ХҚО-да көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беруді жеке куәлігін көрсеткеннен кейін (не нотариалды расталған сенімхат бойынша оның өкілінің) ХҚО қызметкері қолхат негізінде жүзеге асырады.
Портал арқылы өтініш берілген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алатын күні мен уақыты көрсетіліп, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұраныстың қабылданғаны туралы хабарлама-есеп жіберіледі.
10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, ХҚО қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолхат береді.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін
қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының,
халыққа қызмет көрсету орталықтарының және (немесе) олардың
қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне)
шағымдану тәртiбi
11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, ХҚО-ның және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) қатысты шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті жергілікті атқарушы органы басшысының атына беріледі.
Шағым почта арқылы жазбаша нысанда не көрсетілетін қызметті берушінің немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті жергілікті атқарушы органының кеңсесі арқылы беріледі.
ХҚО кеңсесінде қолма-қол, сол сияқты почта арқылы түскен шағымның тіркелуі (шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатта мөртабан, кіріс нөмірі және уақыты қойылады) оның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны анықтау және тиісті шаралар қабылдау үшін ХҚО басшысына жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе ХҚО-ның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
ХҚО қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым ХҚО-ның www.con.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша ХҚО басшысына жіберіледі.
Шағымды қабылдаған тұлғаның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіліп, көрсетілетін қызметті берушінің немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті жергілікті атқарушы органының кеңсесінде тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) оның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны анықтау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті жергілікті атқарушы органының басшысына жіберіледі.
ХҚО кеңсесінде қолма-қол, сол сияқты почта арқылы түскен шағымның тіркелуі (шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатта мөртабан, кіріс нөмірі және уақыты қойылады) оның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны анықтау және тиісті шаралар қабылдау үшін ХҚО басшысына жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті жергілікті атқарушы органының мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта байланысы арқылы жіберіледі немесе көрсетілетін қызметті берушінің немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті жергілікті атқарушы органының кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
Шағым портал арқылы жіберілген кезде өтініш туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті алушы «жеке кабинетінен» көре алады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі барысында (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқылы.
4. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда және халыққа
қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілетін қызмет көрсету
ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
13. Денсаулық жағдайына байланысты ХҚО-ға өзінің келу мүмкіндігі жоқ көрсетілетін қызметті алушылардан мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттарды қабылдауды ХҚО қызметкерлері көрсетілетін қызметті алушының тұратын жеріне барып (қағаз жеткізгішті толтыра отырып) жүргізеді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін құжаттарды сенімхат бойынша өкіл тапсыра алады.
14. Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайлары мына интернет-ресурстарда орналастырылған:
1) көрсетілетін қызметті беруші – www.mki.gov.kz, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімі;
2) ХҚО – www.con.gov.kz.
15. ЭЦҚ болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының: 1414 телефоны арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының: 1414 телефоны арқылы анықтамалық қызметтен не www.mki.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінен алуға болады.
«Облыстың, республикалық маңызы
бар қаланың, астананың аумағында
таралатын шетелдiк мерзiмдi
баспасөз басылымдарын есепке алу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
1-қосымша
___________________________________________
(анықтаманы берген органның толық атауы)
___________________________________________
(анықтаманы беретін орган басшысының Т.А.Ә.)
Нысан
Өтініш
Қазақстан Республикасында таралатын шетелдік мерзімді баспасөз
басылымын есепке алуды сұраймын.
Таратушының деректері: _____________________________________________________________________
(ұйымдық-құқықтық нысанын көрсете отырып, дара кәсіпкердің/заңды
тұлғаның атауы)
_____________________________________________________________________
(ЖСН/БСН, СТН, тіркеу құжатының нөмірі мен берілген күні)
_____________________________________________________________________
(тіркелген жері, нақты мекенжайы, байланыс телефондары, электрондық
почтасы)
Р/с |
Шетелдік мерзімді баспасөз басылымдары атауларының тізбесі |
Шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарының таралу аймағы |
Таралатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарының тілі (тілдері) |
Негізгі тақырыптық бағыты |
Шығу жиілігі |
Таралатын даналардың болжамды саны |
1. |
||||||
2. |
Қосымшалар: 1. ______________________________________________________
2. ______________________________________________________
бірінші басшының/дара кәсіпкердің қолы
Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпия мәліметтерді
пайдалануға келісемін.
МО 20__ жылғы «___» ___________
«Облыстың, республикалық маңызы
бар қаланың, астананың аумағында
таралатын шетелдiк мерзiмдi
баспаcөз басылымдарын есепке алу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
2-қосымша
__________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты,
әкесінің аты (бұдан әрі – Т.А.Ә.)
немесе көрсетілетін қызметті алушы
ұйымының атауы)
__________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)
Нысан
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы
қолхат
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы
15 cәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын
басшылыққа ала отырып, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК
филиалының № __ бөлімі (мекенжайын көрсету керек) Сіздің мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың
толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты мемлекеттік қызмет
көрсетуге (мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес
мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын көрсету керек) құжаттарды
қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:
Жоқ құжаттардың атауы:
1) ___________________________________________________________;
2) ___________________________________________________________;
3) ….
Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден екі данада жасалды.
(ХҚО қызметкерінің) Т.А.Ә. (қолы)
Телефоны ______________________________________________________
Алдым: көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә./қолы
20__ жылғы «___» ____________
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 5 наурыздағы
№ 180 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір
шешімдерінің тізбесі
1. «Отандық теле-, радиоарналарды есепке, қайта есепке қою» және «Қазақстан Республикасының аумағына таралатын шетелдік теле-, радиоарналарды есепке, қайта есепке қою» мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қыркүйектегі № 1183 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 70, 1019-құжат).
2. «Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 қазандағы № 1263 қаулысы(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 72-73, 1056-құжат).
3. «Ақпарат және мұрағат ісі саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2315 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 5, 61-құжат).
4. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы және мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2315 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 қазандағы № 1278 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 74, 1073-құжат).
5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы және мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2315 және Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 шілдедегі № 842 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 49, 658-құжат).
6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 23 сәуірдегі № 387 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 4, 8-тармақтары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 27, 421-құжат).