Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 2 наурыздағы № 283 Қаулысы
________________________________________
«Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейiнгi кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2009 жылғы 24 тамыздағы № 858 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейiнгi кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасын iске асыру жөнiндегi 2012 жылға арналған iс-шаралар жоспары (бұдан әрi – Iс-шаралар жоспары) бекiтiлсiн.
2. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдардың бiрiншi басшылары (келiсiм бойынша):
1) Iс-шаралар жоспарын орындау жөнiнде шаралар қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне 2012 жылғы 20 мамырдан және 10 қарашадан кешiктiрмей Iс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат берсiн.
3. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi 2012 жылғы 10 маусымнан және 10 желтоқсаннан кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Үкiметiне Iс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсiн.
4. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi 2012 жылғы 10 шiлдеден және 2013 жылғы 10 қаңтардан кешiктiрмей Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне Iс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсiн.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне жүктелсiн.
6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi К. Мәсiмов