«Интернет желісінің қазақстандық сегментінің домендік кеңістігін бөлу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2005 жылғы 5 сәуірдегі № 88-б бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2010 жылғы 1 ақпандағы № 30 Бұйрығы
«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Премьер–Министрінің 2009 жылғы 25 тамыздағы № 125-ө өкімімен бекітілген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттық–коммуникациялық желілер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 10 шілдедегі Заңын іске асырудың мақсатында қабылдануы керек нормативтік құқықтық актілер тізбесінің 11-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Интернет желісінің қазақстандық сегментінің домендік кеңістігін бөлу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2005 жылғы 5 сәуірдегі № 88-б бұйрығына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізімінде № 3652 тіркелді, 2005 жылғы 20 қыркүйектегі № 172 «Заң газетінде» жарияланған), мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Интернет желісінің қазақстандық сегментінің домендік кеңістігін бөлу ережесінде:
3 тармақта:
1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі — уәкілетті орган) — ақпараттандыру және «электрондық үкімет» саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және қызметті мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
2) домендік атау — Интернет желісіндегі адресаттың ережелеріне сәйкес қалыптастырылған, желінің объектісіне атаулы жолданымға арналған және белгілі бір желілік мекенжайға сәйкес нышандық (әріптік-цифрлы) белгі;»;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) Интернет желісінің қазақстандық сегменті — Қазақстан Республикасының хостингтерінде (серверлерде) орналастырылған ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің жиынтығы;»;
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«11) тіркеу орны – Интернет желісінде KZ домендік атаулардың жұмыс істеуін қолдау және Тізілімін жүргізу үшін ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкілетті органның қолдаухаты бойынша және ICANN (Internet Corporation for Assignet Names and Numbers) халықаралық ұйымымен аккредиттелген ұйым;»;
14) тармақша алынып тасталсын;
7-тармақта:
бірінші абзацтағы «тіркеуден бас тартылуы мүмкін» деген сөздер «тіркеуден бас тартады» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) сол немесе қайталаушы атаумен домендік атауын пайдалануға тыйым салу туралы күшіне енген сот шешімі бар болса.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Домендік атауларды тіркеу мынадай жағдайларда тіркеушімен немесе тіркеу орнымен тоқтатылады:
1) тіркеу кезінде тіркелуші ұсынған ақпараттың толық емес немесе шынайы еместігі анықталғанда;
2) домендік атаудың иеленушісі ауысқан кезде;
3) тіркелушінің өтінімі бойынша;
4) Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сот шешімі бойынша.»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Домендік атаулардың тіркелімінің күшін жою мынадай жағдайда жүргізіледі:
1) қосымша деректері берілмесе;
2) домендік атауды тіркеуді тоқтатылған себептерін жойылмаса;
3) осы Ереженің 17-тармағында көзделгендей.»;
мынадай мазмұндағы 6-тараумен толықтырылсын:
«6. Домендік атауларды пайдалануға тыйым салу
16. Бұқаралық ақпарат құралдары болып табылатын Интернет-ресурста орналасқан ақпаратты таратуды тоқтату туралы сот шешімі сол атаумен немесе қайталанатын атаумен үш айға дейінгі мерзімде пайдалануға тыйым салуға әкеп соғады.
17. Бұқаралық ақпарат құралдары болып табылатын Интернет-ресурста орналасқан ақпаратты таратуды тоқтату туралы сот шешімі, бұрын сот шешімімен сол домендік атауды немесе қайталанатын атаумен тіркеудің күші жойылмаса бір жыл бойы пайдалануға тыйым салуға әкеп соғады.».
2. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің Ақпараттық технологиялар департаменті (Қ.Б. Елеусізова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарда оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары Е.Д. Дурмағамбетовқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық ресми жарияланғаннан күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Ақпараттандыру және байланыс
агенттігі төрағасы
Қ. Есекеев
Келісілген:
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік
Комитетінің төрағасы
А. Шаяхметов
2010 жылғы 5 ақпан