1-тарау. Жалпы ережелер (1 — 5 баптар)
2-тарау. Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жүйесi және (6 — 8 баптар)
оның негiзгi мiндеттерi
3-тарау. Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан (9 — 15 баптар)
Республикасы Парламентiнiң, Үкiметiнiң, соттарының,
мемлекеттiк органдары мен меншiк нысандарына
қарамастан ұйымдарының ұлттық қауiпсiздiктi
қамтамасыз ету саласындағы өкiлеттiктерi
4-тарау. Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету (16 — 25 баптар)
5-тарау. Қорытынды ережелер (26 — 29 баптар)
Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының тәуелсiз егемендi мемлекет ретiнде дамуының басты шарты болып табылады.
Осы Заң мемлекеттiк органдардың, меншiк нысандарына қарамастан ұйымдардың және азаматтардың ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы құқықтық қатынастарын реттейдi, Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң мақсатын, жүйесi мен бағыттарын белгiлейдi.