“Интернет желісінің қазақстандық сегментінің домендік кеңістігін бөлу ережесін бекіту туралы” Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі төрағасының 2005 жылғы 5 сәуірдегі № 88-б Бұйрығы
Қазақстан Республикасының "Ақпараттандыру туралы" Заңына, "Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi агенттiгiнiң мәселелерi" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 22 шiлдедегi № 724 қаулысына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 10 қарашадағы № 1471 Жарлығымен бекiтiлген "Қазақстан Республикасында "электрондық үкiмет" қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасына" сәйкес Интернет желiсi қазақстандық сегментiнiң домендiк кеңiстiгiн бiрыңғай бөлудiң тәртiбiн анықтау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған Интернет желiсiнiң қазақстандық сегментiнiң домендiк кеңiстiгiн бөлу Ережесi бекiтiлсiн.
2. Ақпараттандыру және заң қызметi департаментi (Ә.С. Жайлаубаева) заңнамамен белгiленген тәртiппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне мемлекеттiк тiркеуге қамтамасыз етiлсiн.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгi төрағасының орынбасары Қ.Б. Есекеевке жүктелсiн.
4. Осы бұйрық ресми жарияланған күннен бастап он күн iшiнде қолданысқа енгiзiледi.
Төрағаның
мiндетiн атқарушы
Келісілген:
Қазақстан Республикасы Ұлттық
қауіпсіздік комитетінің төрағасы
Қазақстан Республикасы
Ақпараттандыру және байланыс
агенттігі төрағасының
міндетін орындаушы
2005 жылғы 5 сәуірдегі
№ 88-б бұйрығымен
бекітілген
Интернет желісінің қазақстандық сегментінің домендік кеңістігін бөлу ережесі
1. Жалпы ереже
1. Осы Интернет желісінің қазақстандық сегментінің домендік кеңістігін бөлу Ережесі (бұдан әрі — Ереже) Қазақстан Республикасының "Ақпараттандыру туралы" Заңына және "Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 шілдедегі № 724 қаулысына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 10 қарашадағы № 1471 Жарлығымен бекітілген "Қазақстан Республикасында "электрондық үкімет" қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес әзірленді.
2. Осы Ереже Интернет желісі қазақстандық сегментінің домендік кеңістігін бөлу тәртібін анықтайды, сонымен қатар KZ доменінде және барлық кіші домендердің домендік атауларын бөлу туралы барлық сұраныстарға таратылады.
3. Осы Ережеде мынадай терминдер мен түсініктемелер пайдаланылады:
1) уәкілетті орган — ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және қызметті мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
2) домендік атау — әріп-цифр нысанында көрсетілген Интернет желісінің иерархиялық атаулары кеңістігінің облысын белгілейтін, бірегей атау;
3) домендік атау KZ — ISO-3166 халықаралық стандартқа сәйкес Қазақстан Республикасы үшін екі әріптік кодқа сәйкес келетін жоғарғы деңгейдегі домендік атау;
4) домендік кеңістік — Интернет желісінің иерархиялық атаулар кеңістігі;
5) интернет желісінің қазақстандық сегменті — домендік атауларына бірінші деңгейдегі домен атауы "KZ" кіретін ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің жиынтығы;
6) RFC — Интернет желісінің жұмысының сәтін анықтайтын техникалық және ұйымдастырушылық пен қоғамдық ұйымдармен қабылданған Internet Engineering Task Force (IETE) — Internet
Engineering Steering Group (IESG) стандарты;
7) өтініш — тіркеушіге домендік атауларды немесе бұрын хабарланған мәліметтерді өзгерту, тіркеу (пайдалану мерзімін ұзарту) үшін белгіленген нысан бойынша барлық қажетті мәліметтерден тұратын өтініші;
8) тізілім — тіркелген KZ домендік атауларының деректер қоры;
9) тізілімді жүргізу — тізімде тіркелушілер берген жүйедегі домендік атаулардың деректерін және өзгерістерін енгізу мүмкіндігін, домендік атаулар тізілімінің жұмысын қамтамасыз ету;
10) домендік атауды тіркеу — тізілімге домендік атауды және тіркелушіге домендік атаумен басқару жөніндегі өкілеттігі туралы мәліметтерді енгізу;
11) тіркеу орны — мемлекеттік уәкілетті орган мен тіркеу орны арасындағы жасасқан жоғарғы деңгейдегі "KZ" доменімен басқару жөніндегі Келісімге сәйкес тізілімді жүргізуді және Интернет желісіндегі домендік атаудың "KZ" жұмысын қолдауды жүзеге асыратын уәкілетті орган;
12) тіркеуші — тіркеу орны мен тіркеуші арасындағы жасасқан Келісімге (Шартқа) сәйкес домендік атауды тіркеу бойынша тіркелеушілерге қызмет көрсететін, қажетті ақпаратты тізілімге кіргізуді қамтамасыз ететін, заңды тұлға;
13) тіркелуші — тіркеушіге домендік атаулардың қажетті құжаттарын және өтінішін (өзгерістерін, өкілеттілігін) тіркеу үшін жіберетін жеке және заңды тұлға;
14) Web — сервер — HTTP және HTTPS (RFC2616) протоколдары бойынша қолжетімділікті ұсынатын және Интернет желісіне қосылған сервер;
15) DNS — сервері — ( Domain Name System) — RFC 1034, 1035, 1122, 1123 стандарттарына сәйкес домендік атаулардың сервисін ұсынатын сервер;
16) атаулардың домендік жүйесі — (Domain Name System -) DNS — домендік атаулардың және (RFC 1034) IP адресінің сәйкестігі туралы ақпараттан тұратын бөлінген деректер қоры;
17) доменнің түбірі — DNS иерархиясының жоғарғы жағы. Доменнің түбір RFC (882) нүктемен белгіленеді ".";
18) бірінші деңгейдегі домен (жоғарғы деңгей) — DNS иерхиясында домендік түбірден төмен сатыда орналасқан және (RFC 882) түбірлік доменнің тікелей кіші домені болып табылатын домен;
19) екінші деңгейдегі домен — DNS иерархиясында бірінші деңгейдегі доменнен төмен сатыда орналасқан және (RFC 882) бірінші деңгейдегі доменнің (тура) тікелей кіші домені болып табылатын домен;
20) үшінші деңгейдегі домен — DNS иерархиясында екінші деңгейдегі доменнен төмен сатыда орналасқан және (RFC 882) екінші деңгейдегі доменнің (тура) тікелей кіші домені болып табылатын домен.
4. Арналуы анықталған резервтенген домендік атаулардың тізбесіне мыналар кіреді:
1) ORG. KZ — коммерциялық емес ұйымдар мен жобалар үшін үшінші деңгейдегі домендік атауларды тіркеуге арналған;
2) EDU. KZ — білім қызметіне лицензиясы бар Қазақстан Республикасы резиденттерінің ұйымдары үшін үшінші деңгейдегі домендік атауларды тіркеуге арналған;
3) NET. KZ — уәкілетті органның тиісті лицензиясы бар деректерді беру бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсынатын ұйымдар үшін үшінші деңгейдегі домендік атауларды тіркеуге арналған;
4) GOV. KZ — Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары үшін үшінші деңгейдегі домендік атауларды тіркеуге арналған;
5) MIL. KZ — Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің органдары үшін үшінші деңгейдегі домендік атауларды тіркеуге арналған;
6) COM. KZ — коммерциялық ұйымдар үшін үшінші деңгейдегі домендік атауларды тіркеуге арналған.
Арналуы анықталған резервтенген домендік атаулардың тізбесі тіркеу орнымен толықтырылуы мүмкін.
2. Интернет желісінің қазақстандық сегментінің
домендік кеңістігін бөлудің ерекшеліктері
5. Тіркеуші домендік атауларды тіркеу кезінде мыналарды жүзеге асырады:
1) тіркелушінің осы Ережеге қосымшаға сәйкес домендік атауларды тіркеу үшін рәсімделіп берілген өтінішін, оны алған күнінен бастап 10 күн ішінде қарайды;
2) тіркелушімен домендік атауларды тіркеу бойынша көрсетілетін қызметтерді нақты реттейтін, домендік атауларды тіркеу туралы келісім жасасады;
3) Ереженің 7 тармағында көзделгендей домендік атауларды тіркеуден бас тартады.
6. Тіркелуші домендік атауларды тіркеу үшін өтініш берген кезінде мыналарды жүзеге асырады:
1) осы ережеге Қосымшаға сәйкес рәсімделген домендік атауларды тіркеу үшін өтінішінде шынайы және толық ақпаратты электрондық нысанда немесе қағаз жүзінде береді;
2) тіркеушіге өтінішін берген сәтінен бастап Интернеттің RFC 1034, 1035, 1122, 1123 стандарттарына сәйкес Интернет желісінде тұрақты жұмыс істейтін DNS серверін (кем дегенде екеуін) көрсетеді;
3) тіркеушімен домендік атауларды тіркеу бойынша нақты көрсетілетін қызметтерді реттейтін, домендік атауларды тіркеу туралы келісім жасайды.
3. Домендік атауларды тіркеуден бас Тарту
7. Домендік атауды тіркеуде мынадай жағдайларда:
1) ережеге қосымшада көзделгендей, белгіленген нысанға сәйкес келмейтін өтініш берілсе;
2) өтінішінде бұрын тіркелінген домендік атау болса;
3) сұраным Ереженің 7-тармағының 2-тармақшасында аталған Интернеттің стандарттарына сәйкес келмесе;
4) домендік атаулардың тізімінде тіркелінетін домендік атаулары болған жағдайда.
Ереженің 7 тармағында көзделгендей тіркеуші тіркелушіге 10 күн ішінде домендік атауларының тіркелмегені туралы, тіркелмеуінің себебтерін көрсетіп хабарламаны жібереді.
4. Домендік атаулардың тіркелімін тоқтату
8. Домендік атауларды тіркеу мынадай жағдайларда тоқтатылуы мүмкін:
1) тіркеу кезінде тіркелуші ұсынған ақпараттың толық емес және шынайы еместігі анықталғанда;
2) Қазақстан Республикасынан тыс орналасқан, домендік атаулары тіркелген Веб-серверлер;
3) базисін ауыстырған кезде, осы атаулар бұрын тіркеуде болса;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот шешімі бойынша;
5) Тіркелушінің өтініші бойынша.
9. Ереженің 8 тармағымен көзделгендей, егер тіркеуші мен тіркелуші арасындағы келісіммен немесе сот шешімімен ұзақ мерзім белгіленбеген жағдайларда, тіркеуші осы доменнің тіркелуін тоқтатады, 10 күн мерзімде оның тоқтатылғаны туралы хабарламаны жібереді. Тіркелуші осы мерзім ішінде қосымша деректерді ұсыну немесе тоқтатылған себебін жоюы керек.
10. Ереженің 8 тармағының 4) тармақшасында көзделгендей, тіркеуші тіркелушінің хабарламасы мен тізілімге тиісті мәліметтерді енгізумен тіркеуді тез арада тоқтатады.
11. Егер Тіркеушімен домендік атаулардың өкілеттігі тоқтатылса, онда тіркелушінің өтініші бойынша жаңартылады.
5. Домендік атаулардың тіркелімінің күшін жою
12. Қосымша деректер ұсынылмаған немесе тоқтатылған себептері жойылмаған жағдайда, домендік атаулардың тіркелімін кері қайтарып алу жүргізіледі.
13. Қосымша деректер ұсынылған немесе тоқтатылған себептері жойылған жағдайда, домендік атаулардың тіркелімін қайтадан жаңартады.
14. Ереженің 12 тармағымен көзделгендей, тіркеуші тіркелушінің хабарламасы мен тізілімге тиісті мәліметтерді енгізумен тіркеу тез арада қайтадан жаңартылады.
15. Ереженің бұзылғаны анықталған кезде уәкілетті орган сотқа тіркелімнің күші жойылғаны туралы өтініш беруге құқылы.
Құжаттың толық нұсқасын төменнен қараңыз
Прикрепленные файлы:
желісінің қазақстандық сегментінің домендік кеңістігін.doc