Нормативтiк құқықтық актiлер туралы 1998 ж. 24 наурыздағы № 213-1 Қазақстан Республикасының Заңы (2008.04.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
12) нормативтік құқықтық актілердің ресми мәтіндерін кейіннен жариялау — Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне сәйкестік сараптамасынан өткен нормативтік құқықтық актілерді баспа басылымында жариялау;
14) нормативтік құқықтық актіні ресми жариялау — нормативтік құқықтық актінің толық мәтінін ресми және мерзімдік баспа басылымдарында жалпы жұрттың назарына салу үшін жариялау;
6-тарау. Нормативтік құқықтық актілерді жариялау

ҚР 06.03.02 ж. N 298-II Заңымен 30-бап жаңа редакцияда; 2005.21.10. № 81-III Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.31.01. № 125-III Заңымен (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара) ; 2007.29.06. № 271-III Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 315-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 30-бап өзгертілді
30-бап. Нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялаудың міндеттілігі
1. Барлық заңдар, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттар жарияланады. Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің ресми жариялануы оларды қолданудың міндетті шарты болып табылады.
Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілер жинағы, Қазақстан Республикасының орталық атқару¬шы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы ресми басылымдар болып табылады.
2. Нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялауды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен конкурстық негізде мұндай құқық алған мерзімді баспа басылымдары да жүзеге асырады.
Нормативтік құқықтық актілердің мәтiндерiн кейiннен ресми жариялауды баспа басылымдары Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен және олар жариялайтын мәтіндер Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне сәйкестік сараптамасынан өткізілген жағдайда жүзеге асырады.
Нормативтік құқықтық актілер мәтіндерінің кейіннен ресми жариялануының белгіленген тәртібінің сақталуын бақылауды әділет органдары жүзеге асырады.
Нормативтік құқықтық актілердің мәтіндерін кейіннен ресми жариялауды жүзеге асыру құқығын беру тәртібі осы баптың 1-тармағының екінші бөлігінде аталған, нормативтік құқықтық актілердің мәтіндерін кейіннен ресми жариялау қажеттілігі туралы өз бетінше шешім қабылдайтын ресми басылымдарға қолданылмайды.
3. Құқық қолдану тәжірибесінде нормативтік құқықтық актілердің ресми жарияланымдары пайдаланылуы тиіс.
4. Нормативтік құқықтық актілердің бейресми жариялануына олар ресми жарияланғаннан кейін ғана жол беріледі.

ҚР 06.03.02 ж. N 298-II Заңымен 31-бап жаңа редакцияда
31-бап. Заң актілерін ресми жариялау
1. Қазақстан Республикасының заң актілері Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысында, сондай-ақ осы Заңның 30-бабында белгіленген тәртіппен басқа да баспа басылымдарында ресми жарияланады.
2. Заң актілерін ресми жариялау Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ғана жүзеге асырылады.

ҚР 06.03.02 ж. N 298-II Заңымен 32-бап жаңа редакцияда
32-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын ресми жариялау
1. Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілер жинағында, сондай-ақ осы Заңның 30-бабында белгіленген тәртіппен басқа да баспа басылымдарында ресми жарияланады.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын ресми жариялау Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ғана жүзеге асырылады.

ҚР 06.03.02 ж. N 298-II Заңымен 33-бап жаңа редакцияда ; 2007.29.06. № 271-III Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 315-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 33-бап өзгертілді
33-бап. Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерін ресми жариялау
1. Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілері осы Заңның 30-бабында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында, сондай-ақ басқа да мерзімді баспа басылымдарында ресми жарияланады.
2. Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерін ресми жариялау Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ғана жүзеге асырылады.

ҚР 06.03.02 ж. N 298-II Заңымен 34-бап жаңа редакцияда
34-бап. Мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдерін, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары мен әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдерін ресми жариялау
1. Мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдерін, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары мен әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдерін ресми жариялау осы Заңның 30-бабында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
2. Мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдерін, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары мен әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдерін ресми жариялау тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында жүзеге асырылады.

35-бап. Нормативтік құқықтық актілердің мазмұны толық жарияламауға жол бермеу
Мемлекеттік құпиялар және заңмен қорғалатын өзге де құпиялар бар нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, нормативтік құқықтық актілердің мазмұнын ресми түрде толық жарияламауға жол бермейді.

ҚР 06.03.02 ж. N 298-II Заңымен 35-1-баппен толықтырылды
35-1-бап. Орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің жариялануын бақылау
1. Орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің жариялануын бақылауды Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен оның аумақтық органдары жүзеге асырады.
2. Орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің жариялануын бақылауды жүзеге асыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

Прикрепленные файлы:
нормативных правовых актах каз.doc