Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы Қазақстан Республикасының 1997 ж. 20 маусымдағы № 136-1 Заңы (2007.19.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
22-4-бап. Мiндеттi зейнетақы жарналарының уақтылы ұсталмағаны және аударылмағаны үшiн жауапкершiлiк
7. Салық қызметі органдары жыл сайын бұқаралық ақпарат құралдарында салық төлеуші агенттің тіркеу нөмірін, басшысының тегін, атын, әкесінің атын және міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек сомасын көрсете отырып, міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешегі туындаған күннен бастап алты айдан астам мерзімде өтелмеген берешегі бар агенттердің тізімдерін жариялайды.
41-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларының құқықтары, мiндеттерi және қызметiн жүзеге асыру
2. Жинақтаушы зейнетақы қорлары:
4) алушының жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйi туралы ақпараттың құпиялығын қамтамасыз етуге;
8) бұқаралық ақпарат құралдарында уәкілетті органмен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген тәртiппен қаржылық есептiлiктi және уәкiлетті орган белгiлеген тәртіппен өзге де есептілік пен өз қызметi туралы ақпаратты жариялауға мiндеттi. Бұл ретте жинақтаушы зейнетақы қорларына жарналар бойынша табысқа кепiлдiк немесе уәде қамтылған ақпаратты, сондай-ақ Қазақстан Pecпубликасының заңдарымен жариялауға тыйым салынған өзге де мәліметтердi жариялауға жол берiлмейдi;
Прикрепленные файлы:
пенсионном обеспечении каз.doc