Кәсiптiк одақтар туралы Қазақстан Республикасының
1993 жылғы 9 сәуiрдегі № 2107-XII Заңы
(2007.15.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

10-бап. Кәсiптiк одақтардың құқықтары
Кәсiптiк одақтардың мынадай құқықтары бар:
мемлекеттiк және шаруашылық органдармен, қоғамдық ұйымдармен, кәсiпкерлермен және олардың бiрлестiктерiмен (одақтарымен, ассоциацияларымен) өзара қатынастарда өз мүшелерiнiң құқықтары мен мүдделерiн бiлдiрiп, қорғау, өз мүшелерiнiң құқықтары мен мүдделерiн қорғау мақсатымен сотқа талап қою, сотта, төрелiк сотта, басқа органдарда олардың мүдделерiн қорғау, оларға өзге де құқылық көмек көрсету, заң консультацияларын және құқылық көмек көрсететiн басқа да қызметтер құру, және еңбек дауларын қарау және заңдарға сәйкес ұжымдық еңбек дауларын (жанжалдарын) шешуге қатысу, келiсiмдер мен ұжымдық шарттар жасасу;
ақша қорларын қалыптастыру;
мемлекеттiк басқару органдарының кәсiподақ мүшелерiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiне нұқсан келтiретiн актiлерi жөнiнде сотқа шағым жасау; мемлекеттiк өкiмет пен басқару органдарына олар қабылдаған, кәсiподақ мүшелерiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiне нұқсан келтiретiн құқылық актiлердiң толық немесе iшiнара күшiн жою не оларды өзгерту туралы өтiнiш жасау;
кәсiподақ мүшелерiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiне нұқсан келтiретiн, прокурорлық қадағалау саласындағы құқылық актiлерге наразылық бiлдiру туралы, кәсіподақтар туралы заңнамасын, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзушы адамдарға қарсы iс қозғау туралы прокуратураға өтiнiш жасау;
заңда берiлген құқықтар шегiнде өз мүшелерi жөнiнде еңбек, тұрғын үй және зейнетақы заңнамасының, кәсіподақтар туралы заңнаманың орындалуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыру және анықталған бұрмалаушылықтардың жойылуын талап ету;
бағаның өсуiне байланысты ең төменгi тұтыну бюджетiнiң және оның жекелеген тұтыну себептерiнiң нақтылы-заттай құрылымы мен құрамын қайта қарауға, еңбекке ақы төлеудi, зейнетақыларды және жәрдемақыларды қайта қарауға қатысу;
өз кәсiподағы мүшелерiнiң кәсiпорындары мен жұмыс орындарына өз өкiлдерiн жiберу;
еңбек ұжымдарының тапсырмаларына сәйкес олардың әлеуметтiк-экономикалық құқықтары мен мүдделерiн бiлдiру және қорғау, олардың атынан ұжымдық шарттар жасасу;
заңмен белгiленген тәртiп бойынша жиналыстар, митингiлер, көше шерулерiн, демонстрациялар, ереуiлдер ұйымдастыру және өткiзу;
баспа қызметiмен айналысу, баспасөзде және басқа да бұқаралық хабарлама құралдарында, кәсiпорындарда өз қызметiн көрсету;
меншiкке ие болу;
өндiрiстiк және шаруашылық қызметтi жүзеге асыру.
Мемлекет кәсiподақтардың құқықтары мен мүдделерiн қорғауды жүзеге асырады және олардың қызметiне кепiлдiктер белгiлейдi.
Қазақстан Республикасының заңдарында, жұмыс берушiлермен жасалған келiсiмдерде және шарттарда кәсiптiк одақтардың өзге де құқықтары белгiленуi мүмкiн.
Кәсiподақтардың өкiлеттiгiн жүзеге асыру тәртiбi тиiстi заңдармен және кәсiподақ жарғысымен белгiленедi.
15-бап. Баспа қызметiн жүзеге асыру
Кәсiптiк одақтар өздерiнiң баспа органдарын, баспалар ұстауға, радио мен теледидарды қоспағанда, басқа да бұқаралық хабарлама құралдарын меншiктенуге не өзгелердiкiн пайдалануға құқылы.

Прикрепленные файлы:
профессиональных союзах каз.doc