Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы
Қазақстан Республикасының 1998 ж. 2 шiлдедегі № 267-1 Заңы
(2007.27.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

7-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жәрдемдесетiн адамдарға тиiспеушiлiк кепiлдiктерi
1. Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық фактiсi туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске өзге де түрде жәрдемдесетiн адам мемлекеттiң қорғауында болады.
2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жәрдемдесетiн адам туралы ақпарат мемлекеттiк құпия болып табылады және осы Заңның 6-бабының 2 және 4-тармақтарында аталған органдардың немесе соттың сұратуы бойынша заңда белгiленген тәртiппен ғана табыс етiледi. Бұл ақпаратты жария ету заңда белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.
3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргiзушi органдар қажет болған жағдайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жәрдемдесетiн адамдардың жеке басының қауiпсiздiгiн қамтамасыз етедi.
4. Осы баптың ережелерi көрiнеу жалған ақпарат хабарлаған осы Заңға сәйкес жауап беруге тиiс адамдарға қолданылмайды.

Прикрепленные файлы:
жемқорлыққа қарсы күрес туралы.doc