Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы Қазақстан Республикасының
1998 жылғы 22 желтоқсандағы № 326-I Заңы
(2007.08.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Осы Заң Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын қалыптастыру, сақтау мен пайдалану және Қазақстан Республикасындағы мұрағат ісін мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.

15-бап. Ұлттық мұрағат қоры құжаттарын пайдаланудағы жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен мүдделеріне кепілдіктер
1. Мемлекеттік меншік болып табылатын мұрағат құжаттарындағы ақпараттар мемлекеттік интеллектуалдық меншігі ретінде Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалады.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұрағаттары мен олардың филиалдарындағы құжаттар, сондай-ақ оларға арналған ақпарат жүйесі олар мемлекеттік мұрағаттар мен филиалдарға келіп түскен соң бір жыл өткеннен кейін жұртшылықтың пайдалануы үшін ашылады.
3. Ұлттық мұрағат қорының жеке меншіктегі құжаттарын пайдалану меншік иесінің келісімімен ғана жүзеге асырылады.
4. Қазақстан Республикасы жеке және заңды тұлғаларының мемлекеттік және ведомстволық мұрағаттар мен олардың филиалдарында сақталатын, пайдалану үшін ашылған Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын тегін пайдалануға құқығы бар. Жеке және заңды тұлғалардың жекелеген санаттарына құжаттарды пайдалануды шектеу осы Заңның 16-бабында белгіленіп отыр.
5. Мемлекеттік, ведомстволық және жеке мұрағаттар жеке және заңды тұлғаларға өздерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құжаттар негізінде тиісті мұрағаттық анықтамалар беріп отыруға міндетті. Заңды және жеке тұлғалардың мұрағаттық құжаттан куәландырылған мұрағаттық көшірмелер мен үзінділер алуға құқығы бар. Мемлекеттік мұрағаттар мен олардың филиалдары, ведомстволық және жеке меншік мұрағаттар берген көшірмелер мен үзінділер түпнұсқалық заңды күші бар ресми құжаттар болып табылады.
16-бап. Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын пайдаланудағы шектеулер
1. Ұлттық мұрағат қорының мемлекеттік және мемлекеттік емес құпиялары бар құжаттарын пайдаланудағы шектеулер, оларды құпиясыздандыру және жалпы пайдалануға беру тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленеді.
2. Құжаттарды кәмелетке толмағандардың, сондай-ақ сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған адамдардың пайдалануына тыйым салынады.
3. Пайдалануға шектеу қоюға құқығы бар меншік иелерінің мұрағат құжаттарын олардың өздері немесе құқық мұрагерлері (мұрагерлері) келісім бергенде ғана пайдалануға болады.

Прикрепленные файлы:
мұрағат қоры және мұрағаттар туралы Қазақстан Республикасының.doc