Тауарлар импорты жағдайында ішкі рынокты қорғау шаралары туралы
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 28 желтоқсандағы № 337-I Заңы
(2006.07.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1-бап. Негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
3) қорғау шаралары — ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауардың отандық өндірушілеріне елеулі залал келтіретіндей немесе оны келтіру қаупін туғызатындай мөлшер (отандық өндіріске абсолютті немесе салыстырмалы түрде) мен жағдайларда Қазақстан Республикасының аумағына оның ішкі рыногындағы еркін айналыс үшін әкелінетін тауар жеткізіп беруге қорғау баждары және (немесе) квоталар белгілеу түрінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы негізінде қолданылатын әкімшілік-экономикалық ықпал ету құралдарының жиынтығы;
7) құпия ақпарат — ашылған жағдайда бәсекелестер үшін едәуір артықшылықтар беретін немесе ақпарат берген мүдделі тараптар үшін едәуір қолайсыз зардаптары болатын ақпарат;
13-бап. Құпия ақпарат
1. Іс қараудың барысында уәкілетті органға берілетін құпия ақпарат мүдделі тұлғалардың жазбаша келісімінсіз жария етілмеуге тиіс.
ҚР 2005.16.06. № 59-111 Заңымен 2-тармақ өзгерді
2. Құпия ақпарат беруші мүдделі тұлғалар осы ақпарат бойынша жазбаша түсіндірмелер беруге тиіс.
Түсіндірме ақпараттың мәнін ұғыну үшін жеткілікті мөлшерде егжейтегжейлі болуға не неліктен егжей-тегжейлі, құпия емес ақпарат ұсыну мүмкін болмағанының себептерін түсіндіруге тиіс.
Уәкілетті орган мүдделi тұлға жария етудi және жалпы түрде ашуды қаламайтын ақпаратты, егер осы ақпарат ресми көздерден алынбаған жағдайда ғана, назарға алмауы мүмкiн.
1999.20.07. № 443-1 ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда
3. Құпия ақпаратты, Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, жариялауға, уәкілетті органның лауазымды адамдарының жеке мүдделерінде пайдалануға, үшінші тұлғаларға, сондай-ақ өзге мемлекеттік органдарға беруге болмайды.
18-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің уақытша қорғау
шараларын енгізу туралы қаулысын жариялау
Қазақстан Республикасы Үкіметінің уақытша қорғау шараларын енгізу туралы қаулысы ресми басылымдарда жарияланады.
Жарияланымда уақытша қорғау шараларын енгізудің мерзімдері мен негіздемесі болуы тиіс
Прикрепленные файлы:
импорты жағдайында ішкі рынокты қорғау шаралары туралы.doc