Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасында телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссияны құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 ақпандағы № 203 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 6, 52-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссияны құру туралы»;

кiрiспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Телерадио хабарларын тарату саласындағы қоғамдық мүддені есепке алу және қорғау, сондай-ақ халықтың теле-, радиоарналарға қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:»;

1-тармақта:

бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Мынадай құрамда телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелерi жөнiндегi комиссия құрылсын:»;

Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

Мыңбай

Дархан Қамзабекұлы

Қазақстан Республикасының  Мәдениет және ақпарат министрі, төраға
Қырықбаев

Арман Оразбайұлы

 

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі, төрағаның орынбасары

 

Қалианбеков

Болат Серікұлы

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің төрағасы, хатшы

 

Мұхамеджанов

Төлеген      Мұхамеджанұлы

Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша)

 

Әшімбаев

Мәулен Сағатханұлы

Қазақстан Республикасының  Парламенті Мәжілісінің  депутаты (келісім бойынша)

 

Ықсанова

Гүлнар  Мұстақымқызы

Қазақстан Республикасының  Парламенті Мәжілісінің  депутаты (келісім бойынша)

 

Қуанышев

Жапсарбай Iлиясұлы

 

Қазақстан Республикасы Президентiнiң

Әкiмшiлiгi Iшкi саясат бөлiмiнiң меңгерушiсi (келiсiм бойынша)

 

Башимов

Марат Советұлы

«Еуропа құқығы және адам құқықтары институты» қоғамдық бiрлестiгiнiң сарапшысы, профессор, заң ғылымдарының докторы (келiсiм бойынша)

 

Кациев

Олег Ахсарович

Қазақстандағы «Internews Network» халықаралық ұйымы өкілдігінің директоры (келісім бойынша)

 

Жұмабаев

Айдар Әбілмәжінұлы

«Қазақстан Республикасы телерадио хабарларын таратушылар қауымдастығы» қоғамдық қорының төрағасы (келісім бойынша)

 

Матаев

Сейітқазы Бейсенқазыұлы

Қазақстан журналистер одағы басқармасының төрағасы (келісім бойынша)

 

Оразов

Нұрай Нұрғожаұлы

«Нұр Медиа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бас директорының бірінші орынбасары (келісім бойынша)

 

Ерімбетов

Нұрлан Кенжебекұлы

«Әлеуметтік әріптестік орталығы» корпоративтік қорының бас директоры (келісім бойынша)

 

Жолдыбай

Кенжеболат Махмұтұлы

«Бас редакторлар клубы» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті (келісім бойынша)

мына:

«Нұршабеков

Ризат Рахатбекұлы

Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің төрағасы»

деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«Нұршабеков

Ризат Рахатбекұлы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация  министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің төрағасы»;

көрсетілген құрамнан Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев, Ләззат Мұратқызы Танысбай, Болат Талапұлы Берсебаев, Есім Ғарифолла, Ерлан Зайроллаұлы Нығматулин, Қуаныш Сұлтанұлы Сұлтанов шығарылсын;

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасы Мәдениет және  ақпарат министрлiгiнiң Ақпарат және мұрағат комитетi болып белгiленсiн.».

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

     Қазақстан Республикасының

               Премьер-Министрі                                                               К. Мәсімов