«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-тарауы 7-бабының 8-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған Нормативтiк техникалық құжаттардың ресми басылымдарын тарату және пайдаланушыларды олармен қамтамасыз ету қағидалары бекiтiлсiн.
2. «Стандарттарды және стандарттау, метрология, сертификаттау, аккредиттеу жөнiндегi нормативтiк құжаттарды, стандарттар каталогтары мен сiлтемелерiн шығару және пайдаланушыларды олармен және олар туралы ақпаратпен қамтамасыз ету ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi Техникалық реттеу және метрология комитетi төрағасы мiндетiн атқарушының 2005 жылғы 15 сәуiрдегi № 107 бұйрығының (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 3598 тiркелдi, «Заң газетiнде» 2005 жылғы 7 қазандағы № 121-122 (746) жарияланды) күшi жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнiң Техникалық реттеу және метрология комитетi (Р.А. Сәтбаев) заңнамада белгiленген тәртiппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсiн.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрi Қ.А. Тулеушинге жүктелсiн.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Министр Ә. Исекешев
Қазақстан Республикасы
Индустрия және жаңа
технологиялар министрiнiң
2012 жылғы 14 қыркүйектегi
№ 318 бұйрығымен
бекiтiлдi
Нормативтiк техникалық құжаттардың ресми басылымдарын тарату
және пайдаланушыларды олармен қамтамасыз ету қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Нормативтiк техникалық құжаттардың ресми басылымдарын тарату және пайдаланушыларды қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 8-1) тармақшасына сәйкес әзiрлендi.
2. Қағидалар нормативтiк техникалық құжаттардың ресми басылымдарын тарату және пайдаланушыларды олармен қамтамасыз ету тәртiбiн айқындайды.
3. Техникалық реттеу саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) пайдаланушыларға нормативтiк техникалық құжаттар туралы толық, анық және өзектендiрiлген ақпаратты ұсынады.
2. Нормативтiк техникалық қағидаларын ресми басылымдарын тарату
және пайдаланушыларды олармен қамтамасыз ету тәртiбi
4. Мемлекеттiк органдар нормативтiк техникалық құжаттарды, сондай-ақ олар туралы ақпаратты ақысыз негiзiнде ұсынуға арналған сұрауларды қажеттi негiздемемен бiрге уәкiлеттi органға жiбередi.
Мүдделi жеке және заңды тұлғалар сұрауларды, сондай-ақ шарттық негiзiндегi және нормативтiк техникалық құжаттарды, олар туралы ақпаратты ұсынуға арналған абонементтiк қызмет көрсету бойынша сұрауларды уәкiлеттi органға жiбередi.
5. Сұрауларда нормативтiк техникалық құжаттардың қажет етiлетiн мәлiметтерiнiң құрамын (нормативтiк техникалық құжаттардың атауы мен белгiленуi, қажеттi даналар саны, орындаушының аты-жөнi, телефон нөмiрi, факстың нөмiрi, ұйым туралы мәлiметтер) бiр мәндi анықтауға мүмкiндiк беретiн ақпараттарды, сондай-ақ Қағидалардың 9-тармағына сәйкес құжаттарды ұсыну тәсiлiн қамтиды.
6. Сұрау құжаттамамен қамтамасыз ету қызметiне келiп түскен күнi онда тiркеледi және уәкiлеттi орган басшысына қарауға берiледi.
7. Уәкiлеттi орган басшысы сұрау бойынша нормативтiк техникалық құжатты, сондай-ақ олар туралы ақпаратты ұсынуға жауапты орындаушыны (бұдан әрi – орындаушы) айқындайды.
8. Орындаушы нормативтiк техникалық құжатты, сондай-ақ олар туралы ақпаратты дайындайды және оны өтiнiм берушiге жiбередi.
9. Нормативтiк техникалық құжаттар және олар туралы ақпарат қағаз тасығышта немесе электрондық түрде ұсынылады және мыналар арқылы жеткiзiледi:
1) почта байланысы;
2) курьерлiк жеткiзу;
3) электрондық почта;
4) факсимильды байланыс.
10. Сұрауға сәйкес нормативтiк техникалық құжатты ұсынудан бас тарту, егер сұрау бойынша сұралып отырған нормативтiк техникалық құжаттардың құрамын бiр мәндi анықтауға мүмкiн болмаса ресiмделедi.
11. Егер сұрау сұралып отырған нормативтiк техникалық құжаттардың құрамын бiр мәндi анықтауға мүмкiндiк бермесе, орындаушы қажет етiлетiн мәлiметтердi телефон арқылы анықтайды. Осы мәселенi телефон арқылы шешу мүмкiн болмаса, уәкiлеттi орган бас тарту себебiн көрсете отырып, жазбаша жауап бередi.
12. Нормативтiк техникалық құжаттардың болуы және мерзiмi туралы, нормативтiк техникалық құжаттарға енгiзiлген өзгерiстер (өзектендiру), түзетулер, ауыстыру және күшiн жою туралы, нормативтiк техникалық құжаттардың әзiрлеушiлерi туралы және оларды бекiту туралы ақпарат, нормативтiк техникалық құжаттар туралы библиографиялық ақпарат уәкiлеттi органның ресми баспаларында және жалпы пайдаланылатын ақпараттық жүйелерiнде (www.memst.kz) жария етiледi.
13. Нормативтiк техникалық құжаттардың ресми басылымдарын мемлекеттiк органдарға, заңды және жеке тұлғаларға қағаз тасығышта ұсыну сұрау алған күннен бастап күнтiзбелiк 15 (он бес) күнi iшiнде жүзеге асырылады.
14. Нормативтiк техникалық құжаттардың электронды түрiндегi нұсқасымен қамтамасыз ету сұрау алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнi iшiнде жүзеге асырылады.
15. Қағидалардың 11-тармағында көзделген жағдайда, орындаушы 3 (үш) жұмыс күнi iшiнде бас тарту себебiн көрсете отырып, жазбаша жауап дайындайды.