Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 23 сәуірдегі № 387 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 23 сәуірдегі
№ 387 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер
1. «Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдік мерзімді баспа басылымдарын есепке алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 29 шілдедегі № 843 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 25, 265-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдік мерзімді баспа басылымдарын есепке алуды жүзеге асыру қағидаларында:
6-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) заңды тұлға үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* көшірмесі немесе анықтама;
филиал немесе өкілдік үшін – филиалды немесе өкілдікті есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* көшірмесі немесе анықтама.
Ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.»;
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. «Ұлттық мұрағат қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттарын Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге уақытша әкетуге рұқсат беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 ақпандағы № 98 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 3, 45-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Ұлттық мұрағат қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттарын Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге уақытша әкетуге рұқсат беру ережесінде:
5-тармақтың 1) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасында құрылған заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* көшірмесі немесе анықтама немесе сауда тізілімінен заңдастырылған үзінді көшірме немесе шетелдік заңды тұлғаның осы тұлға шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатындығын растайтын басқа заңдастырылған құжаты.
Ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.».
3. «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 мамырдағы № 440 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 17, 192-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру қағидаларында:
4-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) азаматтың жеке басын куәландыратын құжаттың, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* көшірмесі немесе анықтама.
Ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.».
4. «Ақпарат және мұрағат ісі саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2315 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 5, 61-құжат):
1) көрсетілген қаулымен бекітілген «Бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою» мемлекеттік қызмет стандартында:
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Мемлекеттiк қызмет алу үшiн алушы не (сенімхат бойынша) өкілі мыналарды ұсынады:
1) уәкілетті органға:
осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша белгiленген үлгiдегi өтiнiш;
жеке тұлға үшiн – алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
алушыны заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* көшірмесі немесе анықтама;
бюджетке тіркеу алымының төленгенiн растайтын құжат.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасының үшінші, төртінші және бесінші абзацтарында көзделген, мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын құжаттар мәліметтерін уәкілетті органның қызметкері уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында порталдың ақпараттық жүйесі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Мерзiмдi баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттiгiн қайта есепке алу үшiн (меншiк иесiнің ауысуына не ұйымдық-құқықтық нысаны, атауы, таралу аумағы, негiзгi тақырыптық бағыты және шығару мерзiмдiлiгiнiң өзгеруiне байланысты) алушы уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:
осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша белгiленген үлгiдегi өтiнiш;
меншiк иесi ауысқан жағдайда осы өзгерiстердi растайтын құжаттар талап етiледi;
мерзiмдi баспасөз басылымына және (немесе) ақпарат агенттiгiне меншік құқығын басқа тұлғаға берудi растайтын шарт;
жеке тұлға үшiн – алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
алушыны заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* көшірмесі немесе анықтама.
Осы тармақтың үшінші бөлігінің 1) тармақшасының бесінші және алтыншы абзацтарында көзделген, мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын құжаттар мәліметтерін уәкілетті органның қызметкері уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында порталдың ақпараттық жүйесі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Мерзiмдi баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттiгiн есепке қою туралы куәлiктiң жоғалуына байланысты телнұсқаны алу үшiн алушы уәкілетті органға мыналарды ұсынады:
жоғалту себебін көрсете отырып, осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша белгiленген үлгiдегi өтiнiш;
жеке тұлға үшiн – алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
алушыны заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* көшірмесі немесе анықтама;
бюджетке тіркеу алымының төленгенiн растайтын құжат.
Осы тармақтың бесінші бөлігінің үшінші, төртінші және бесінші абзацтарында көзделген, мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын құжаттар мәліметтерін уәкілетті органның қызметкері уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында порталдың ақпараттық жүйесі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
2) порталға:
ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
жеке тұлға үшiн – алушының жеке басын куәландыратын құжат;
алушыны заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік* немесе анықтама;
бюджетке тіркеу алымын төлегенiн растайтын құжат.
Осы тармақтың жетінші бөлігінің 2) тармақшасының үшінші, төртінші және бесінші абзацтарында көзделген, мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын құжаттар мәліметтерін уәкілетті органның қызметкері уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында порталдың ақпараттық жүйесі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Мерзiмдi баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттiгiн қайта есепке алу үшiн (меншiк иесiнің ауысуына не ұйымдық-құқықтық нысаны, атауы, таралу аумағы, негiзгi тақырыптық бағыты және шығару мерзiмдiлiгiнiң өзгеруiне байланысты) мемлекеттік қызметті алушы уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:
ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
меншiк иесi ауысқан жағдайда осы өзгерiстердi растайтын құжат талап етiледi – электрондық көшірме түрінде электрондық сұрау салуға тіркеледі;
мерзiмдi баспасөз басылымына және (немесе) ақпарат агенттiгiне меншік құқығын басқа тұлғаға берудi растайтын шарт – электрондық көшірме түрінде электрондық сұрау салуға тіркеледі;
жеке тұлға үшiн – алушының жеке басын куәландыратын құжат;
алушыны заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік* немесе анықтама.
Осы тармақтың сегізінші бөлігінің 2) тармақшасының бесінші және алтыншы абзацтарында көзделген, мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын құжаттар мәліметтерін уәкілетті органның қызметкері уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында порталдың ақпараттық жүйесі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.»;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген «Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында таратылатын шетелдiк мерзiмдi баспасөз басылымдарын есепке алу» мемлекеттік қызмет стандартында:
11-тармақтың үшінші, бесінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын алушының жеке басын куәландыратын құжаттар мәліметтерін, алушыны заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікті* немесе анықтаманы, филиал мен өкілдікті есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікті* немесе анықтаманы уәкілетті органның қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында орталықтың ақпараттық жүйесі арқылы алады.»;
«Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын алушының жеке басын куәландыратын құжаттар мәліметтерін, алушыны заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікті* немесе анықтаманы, филиал мен өкілдікті есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікті* немесе анықтаманы уәкілетті органның қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында орталықтың ақпараттық жүйесі арқылы алады.».
Ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.»;
көрсетілген стандартқа 4-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
5. «Фильмге прокаттау куәлігін беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 21 желтоқсандағы № 1391 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 6, 74-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Фильмге прокаттау куәлігін беру қағидасында:
көрсетілген Қағидаға қосымша осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
6. «Мәдениет саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілген мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 83 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 24, 343-құжат):
1) көрсетілген қаулымен бекітілген «Фильмге прокаттау куәлігін беру» мемлекеттік қызмет стандартында:
көрсетілген стандартқа 1-қосымша осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген «Тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметке лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу» мемлекеттік қызмет стандартында:
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы (не сенімхат бойынша өкілі) мынадай құжаттардың тізбесін ұсынады:
1) уәкілетті органға немесе орталыққа:
осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;
жеке тұлға үшiн – жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
заңды тұлға үшiн – жарғысының (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда, нотариалды куәландырылған), заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* көшірмесі немесе анықтама;
дара кәсiпкер үшiн – мемлекеттік қызметті алушыны дара кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда, нотариалды куәландырылған);
мемлекеттік қызметті алушыны салық органында есепке қою туралы куәлiктiң көшiрмесi (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда, нотариалды куәландырылған);
«электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, бюджетке лицензиялық алымды төлегенiн растайтын құжаттың көшірмесі;
нотариалды куәландырылған сенімхат (құжаттарды өкілі тапсырған жағдайда).
Осы тармақтың 1) тармақшасының үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші абзацтарында көзделген, мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын құжаттар мәліметтерін уәкілетті органның қызметкері уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында порталдың ақпараттық жүйесі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі лицензияны алуға мемлекеттік қызметті алушылар үшін:
осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес тарих пен мәдениет ескерткіштерінде археологиялық жұмыстарды жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны;
мемлекеттік қызметті алушының тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру құқығына археология саласындағы ғылыми ұйымның ұсыным хаты.
Тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі лицензияны алуға мемлекеттік қызметті алушылар үшін:
осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес тарих пен мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны.
Уәкілетті органның немесе орталықтың қызметкері құжаттарды қабылдау кезінде түпнұсқалардың шынайылығын құжаттардың көшірмелерімен және мемлекеттік ақпараттық жүйелерден берілген мәліметтермен салыстырып тексереді, одан кейін түпнұсқаларды алушыға қайтарады.
2) порталға:
мемлекеттік қызметті алушының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
жеке тұлға үшiн – алушының жеке басын куәландыратын құжат;
алушыны заңды тұлға ретінде мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік* немесе анықтама;
заңды тұлғаның жарғысы;
дара кәсiпкер үшiн – мемлекеттік қызметті алушыны дара кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк;
мемлекеттік қызметті алушыны салық органында есепке қою туралы куәлiк;
бюджетке лицензиялық алымды төлегенiн растайтын құжат не «электрондық үкімет» төлем шлюзінің мәліметтері.
Осы тармақтың 2) тармақшасының үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы абзацтарында көзделген, мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын құжаттар мәліметтерін уәкілетті органның қызметкері уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында порталдың ақпараттық жүйесі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі лицензия алуға мемлекеттік қызметті алушылар үшін:
осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес тарих пен мәдениет ескерткіштерінде археологиялық жұмыстарды жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны;
мемлекеттік қызметті алушының тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру құқығына археология саласындағы ғылыми ұйымның ұсыным хаты – электрондық көшірме түрінде электрондық сұрау салуға тіркеледі.
Тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыруға лицензия алуға мемлекеттік қызметті алушылар үшін:
осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес тарих пен мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны.
Мемлекеттік қызметті алушы (немесе сенімхат бойынша өкілі) қайта ресімделген лицензияны алу үшін күнтiзбелiк отыз күн iшiнде уәкілетті органға немесе орталыққа «электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы төлеген жағдайларды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін бюджетке лицензиялық алымды төлегенiн растайтын құжаттың көшірмесін қоса бере отырып, өтінішті не порталға электрондық құжат нысанында сұрау салуды ұсынады.
Қайта ресімделген лицензияны алған кезде мемлекеттік қызметті алушы бұдан бұрын берілген лицензияны (бар болған жағдайда) уәкілетті органға қайтарады.
Ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.»;
көрсетілген стандартқа 2-қосымша осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
7. «Телерадио хабарларын тарату мақсаты үшін жиіліктердің белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 14 қыркүйектегі № 1198 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 71, 1030-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Телерадио хабарларын тарату мақсаты үшін жиіліктердің белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөлу қағидаларында:
көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
8. «Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 қазандағы № 1263 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 71-73, 1056-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген «Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу» мемлекеттік қызмет стандартында:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі порталда уәкілетті органның уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық лицензия нысанында теле-, радиорналарды тарату жөніндегі қызметке лицензия, қайта ресімделген лицензия (бұдан әрі – лицензия) беру не электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
Егер уәкілетті орган белгiленген мерзiмде мемлекеттік қызметті алушыға лицензияны бермеген не лицензияны беруден дәлелдi түрде бас тарту себебі туралы мемлекеттік қызмет алушыны хабардар етпеген жағдайда, онда лицензияны беру үшін осы стандарттың 7-тармағында белгіленген мерзiмдер өткен күннен бастап бес жұмыс күнінен кейін уәкілетті орган лицензияны беруге мiндеттi.
Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) өзгерген жағдайда, дара кәсіпкер қайта тіркелген, оның атауы мен мекенжайы өзгерген жағдайда, заңды тұлға біріктіру, қосу, бөлу немесе қайта ұйымдастыру нысанында қайта құрылған, қызмет түрінің атауы өзгерген кезде қайта ресімделген лицензия беріледі.»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы мынадай құжаттарды ұсынады:
1) уәкілетті органға:
осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;
жеке тұлға үшiн – алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
дара кәсiпкер үшiн – алушыны дара кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда, нотариалды куәландырылған);
заңды тұлға үшiн – жарғысының (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда, нотариалды куәландырылған), заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* көшірмесі немесе анықтама;
алушыны салық органында есепке қою туралы куәлiктiң көшiрмесi (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған);
ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, бюджетке лицензиялық алымды төлегенiн растайтын құжаттың көшірмесі;
осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес бiлiктiлiк талаптарына сәйкес мәлiметтер мен құжаттар;
нотариалды куәландырылған сенімхат (құжаттарды өкілі тапсырған жағдайда).
Осы тармақтың 1) тармақшасының үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы абзацтарында көзделген, мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылатын құжаттар мәліметтерін уәкілетті орган уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында портал арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Уәкілетті органның қызметкері құжаттарды қабылдау кезінде түпнұсқалардың шынайылығын құжаттардың көшірмелерімен және мемлекеттік ақпараттық жүйелерден берілген мәліметтермен салыстырып тексереді, одан кейін түпнұсқаларды алушыға қайтарады.
2) порталға:
алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
заңды тұлғаның жарғысы;
алушыны заңды тұлға ретінде мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік* немесе анықтама;
жеке тұлға үшiн – алушының жеке басын куәландыратын құжат;
алушыны дара кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк;
алушыны салық органында есепке қою туралы куәлiк;
бюджетке лицензиялық алымды төлегенін растайтын құжат не ЭҮТШ арқылы жүргізілген бюджетке лицензиялық алымды төлеу туралы мәліметтер электрондық сұрау салуға тіркеледі.
Осы тармақтың 2) тармақшасының үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші абзацтарында көзделген, мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылатын құжаттар мәліметтерін уәкілетті орган уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында портал арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Мемлекеттік қызметті алушы (сенімхат бойынша өкілі) қайта ресімделген лицензияны алу үшін күнтiзбелiк отыз күн iшiнде «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төлеген жағдайларды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін бюджетке лицензиялық алымды төлегенiн растайтын құжаттың көшірмесін қоса бере отырып, уәкілетті органға немесе орталыққа өтініш береді не порталда электрондық құжат нысанындағы сұрау салуды ұсынады.
Қайта ресімделген лицензияны алған кезде мемлекеттік қызметті алушы бұдан бұрын берілген лицензияны (бар болған жағдайда) уәкілетті органға қайтарады.
Ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.»;
көрсетілген стандартқа 1-қосымша осы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 23 сәуірдегі
№ 387 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасында
таратылатын шетелдiк мерзімді
баспа басылымдарын есепке
алу қағидаларына
1-қосымша
_____________________________________________________________________
(өтінішті тіркейтін органның атауы және мекенжайы)
Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдiк мерзімді баспа
басылымдарын есепке алу туралы
өтініш
Сізден Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдiк мерзімді
баспа басылымдарын есепке алуды сұраймын.
Таратушының деректері:
_____________________________________________________________________
(ұйымдық-құқықтық нысанын көрсетумен дара кәсіпкердің/заңды тұлғаның
атауы)
_____________________________________________________________________
(ЖСН/БСН)
_____________________________________________________________________
(тіркелген орны, нақты мекенжайы, байланыс телефондары, электрондық
поштасы)
Р/c |
Шетелдік мерзімді баспа басылымдары атауының тізбесі |
Шетелдiк мерзімді баспа басылымдарының таралу аумағы |
Таратылатын шетелдiк мерзімді баспа басылымдарының тiлi (тiлдерi) |
Негiзгi тақырыптық бағыттылығы |
Мерзімділігі |
Таратылатын даналарының болжамды саны |
1. |
||||||
2. |
Қосымшалар: 1. _________________________
2. _________________________
бірінші басшының/дара кәсіпкердің қолы
М.О. 20__ ж. «___» _____________________
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 23 сәуірдегі
№ 387 қаулысына
2-қосымша
«Облыстың, республикалық маңызы
бар қаланың, астананың аумағында
таратылатын шетелдiк мерзiмдi баспасөз
басылымдарын есепке алу»
мемлекеттік қызмет стандартына
4-қосымша
_____________________________________________________________________
(өтінішті тіркейтін органның атауы және мекенжайы)
Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдiк мерзімді
баспасөз басылымдарын есепке алу туралы
өтініш
Сізден Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдiк мерзімді
баспасөз басылымдарын есепке алуды сұраймын.
Таратушының деректері:
_____________________________________________________________________
(ұйымдық-құқықтық нысанын көрсетумен дара кәсіпкердің/заңды тұлғаның
атауы)
_____________________________________________________________________
(ЖСН/БСН)
_____________________________________________________________________
(тіркелген орны, нақты мекенжайы, байланыс телефондары, электрондық
поштасы)
Р/с |
Шетелдік мерзімді баспасөз басылымдары атауының тізбесі |
Шетелдiк мерзімді баспасөз басылымдарының таралу аумағы |
Таратылатын шетелдiк мерзімді баспасөз басылымдарының тiлi (тiлдерi) |
Негiзгi тақырыптық бағыттылығы |
Мерзімділігі |
Таратылатын даналарының болжамды саны |
1. |
||||||
2. |
Қосымшалар: 1. ________________________
2. ________________________
бірінші басшының/дара кәсіпкердің қолы
М.О. 20__ ж. «___» ____________________
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 23 сәуірдегі
№ 387 қаулысына
3-қосымша
«Фильмге прокаттау куәлігін
беру» мемлекеттік
қызмет стандартына
Фильмге прокаттау куәлігін
беру қағидасына
қосымша
___________________________________
(фильмге прокаттау куәлігін
беретін органның толық атауы, орган
басшысының Т.А.Ә.)
___________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы,
заңды тұлға басшысының Т.А.Ә.
немесе жеке тұлғаның Т.А.Ә.)
Өтініш
Сізден фильмге прокаттау куәлігін беруді сұраймын.
Фильмнің атауы: _____________________________________________________
Фильм қоюға негіз болған әдеби туындының атауы және авторы:
_____________________________________________________________________
Фильмді шығарған ел:_________________________________________________
Фильмді шығарушы-студия: ____________________________________________
Фильмнің шыққан жылы: _______________________________________________
Фильмнің форматы: ___________________________________________________
Фильмнің хронометражы: ______________________________________________
Сценарий авторы: ____________________________________________________
Қоюшы-режиссер: _____________________________________________________
Қоюшы-оператор: _____________________________________________________
Қоюшы-суретші: ______________________________________________________
Музыкалық шығарманың авторы: ________________________________________
Фильм серияларының саны: ____________________________________________
Фильмнің жанры: _____________________________________________________
Фильмнің тілі, фильмді дубляждау тілдері (олар бар болса):
_____________________________________________________________________
Шығарушы ел берген көрермендердің жас шегі бойынша ақпарат:
_____________________________________________________________________
Өтініш берушінің деректемелері ______________________________________
(заңды мекенжайы, пошталық индексі, электрондық поштасы, телефондары,
факс, заңды тұлға үшін – бизнес сәйкестендіру нөмірі, жеке тұлға үшін
– жеке сәйкестендіру нөмірі)
Өтініш берілген күн: ________________________________________________
Өтініш берушінің Т.А.Ә. _____________________________________________
(қолы)
М.О.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 23 сәуірдегі
№ 387 қаулысына
4-қосымша
«Фильмге прокаттау куәлігін беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
1-қосымша
___________________________________
(фильмге прокаттау куәлігін
беретін органның толық атауы, орган
басшысының Т.А.Ә.)
___________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы,
заңды тұлға басшысының Т.А.Ә.
немесе жеке тұлғаның Т.А.Ә.)
Өтініш
Сізден фильмге прокаттау куәлігін беруді сұраймын:
Фильмнің атауы: _____________________________________________________
Фильм қоюға негіз болған әдеби туындының атауы және авторы:
_____________________________________________________________________
Фильмді шығарған ел: ________________________________________________
Фильмді шығарушы-студия: ____________________________________________
Фильмнің шыққан жылы: _______________________________________________
Фильмнің форматы: ___________________________________________________
Фильмнің хронометражы: ______________________________________________
Сценарий авторы: ____________________________________________________
Қоюшы-режиссер: _____________________________________________________
Қоюшы-оператор: _____________________________________________________
Қоюшы-суретші: ______________________________________________________
Музыкалық шығарманың авторы: ________________________________________
Фильм серияларының саны: ____________________________________________
Фильмнің жанры: _____________________________________________________
Фильмнің тілі, фильмді дубляждау тілдері (олар бар болса):
_____________________________________________________________________
Шығарушы ел берген көрермендердің жас шегі бойынша ақпарат:
_____________________________________________________________________
Өтініш берушінің деректемелері: _____________________________________
(заңды мекенжайы, пошта индексі, электрондық пошта, телефондар, факс,
заңды тұлға үшін – бизнес сәйкестендіру нөмірі, жеке тұлға үшін жеке
сәйкестендіру нөмірі)
Өтініш берілген күн: ________________________________________________
Өтініш берушінің Т.А.Ә. _____________________________________________
(қолы)
М.О.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 23 сәуірдегі
№ 387 қаулысына
5-қосымша
«Тарих және мәдениет ескерткіштерінде
археологиялық және (немесе)
ғылыми-реставрациялау жұмыстарын
жүзеге асыру жөніндегі қызметке
лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу»
мемлекеттік қызмет стандартына
2-қосымша
_____________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
кімнен ______________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке
тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда), жеке
сәйкестендіру нөмірі)
Өтініш
_____________________________________________________________________
(қызметтің түрін көрсету)
жүзеге асыруға лицензияны қағаз тасығышта _________ (лицензияны қағаз
тасығышта алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек) беруді
сұраймын.
Заңды тұлғаның мекенжайы ____________________________________________
(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы,
үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі
Электрондық поштасы _________________________________________________
Телефондары _________________________________________________________
Факс ________________________________________________________________
Банк шоты ___________________________________________________________
(шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)
Қызметті жүзеге асыру мекенжайы (лары) ______________________________
(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы,
үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі
__________________________________________ парақта қоса беріліп отыр.
Осымен,
көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып
табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға
қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген
ақпаратты жіберуге болатындығы;
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе)
кіші түрімен айналысуға сотпен тыйым салынбағандығы;
қоса беріліп отырған құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес
келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады.
Басшы/Жеке тұлға ______________________________________________
____________________ __________________________________________
(қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)
М.О. (болған жағдайда) Толтырылған күні: 20__ жылғы «___» _____
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 23 сәуірдегі
№ 387 қаулысына
6-қосымша
Телерадио хабарларын тарату
мақсаты үшiн жиiлiктердiң
белдеулерiн, радиожиiлiктердi
(радиожиiлiк арналарын) бөлу
қағидаларына
2-қосымша
Үміткерлердің конкурстық ұсыныстары
Өтінімге мыналар қоса беріледі:
1) мынадай құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері:
заңды тұлға үшін – мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік* немесе анықтама;
жеке тұлға үшін – жеке басын куәландыратын және кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқықты растайтын құжаттар;
2) теле-, радиоарналардың қамту аймағының шекаралары түсірілген және радиотарату жабдығының орнатылған орны көрсетілген болжамды қызмет көрсету аумағының жергілікті жерінің картасы;
3) мынадай мәліметтер көрсетілетін түсіндірме жазба:
телевизиялық сигналдың (бір сөйлеу, көп сөйлеу) дыбыстық сүйемелдеу түрі;
теле-, радиоарналарды тарату үшін жоспарланатын жабдықтардың болуы, оның сипаттамалары, жай-күйі және түрі туралы ақпарат;
білікті техникалық персоналдың болуы (дипломдар мен еңбек кітапшаларының көшірмелерін қоса беріп);
болжамды қаржыландыру көздері, жоспарланатын шығындар мен кірістер, жобаның өтелу мерзімі;
4) теле-, радиоарналарды тарату стандартының орындалуы туралы міндеттемелер;
5) арнаның орташа ақпараттық жылдамдығын және жоспарланатын хабар тарату сапасының стандарттарын ұстап тұру туралы міндеттемелер;
6) телерадио хабарларын тарату желісін ұйымдастыру немесе бір бағдарламалық хабар тарату схемасы;
7) спутниктік байланыс арналары пайдаланылған жағдайда қосымша:
пайдаланылатын жердің жасанды спутниктерінің атауы, орналасқан жері және тиесілігі (спутниктік оператор), олардың орналасу нүктесі, қызмет көрсету аймағы;
спутниктік операторға берілген желіде пайдаланылатын қабылдағыш-таратқыш спутниктік станцияларының трансмиссиялық жоспарларының көшірмесі;
жиіліктердің алатын белдеулері (пайдаланылатын спутниктік ресурс мөлшері);
8) радиостанциялар үшін қосымша шығармашылық ұсыныстар:
радиоарнаның хабар тарату кестесі (кейінгі айға);
мынадай мәліметтерді қамтитын ақпарат:
радиоарнаның тақырыптық бағытталуы;
хабар таратудың тілдік арақатынасы, мемлекеттік тілдегі радиобағдармаларды тарату уақыты;
меншіктік радиобағдарламалардың, сатып алынатын радиобағдарламалар мен ретрансляциялардың арақатынасы.
Ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 23 сәуірдегі
№ 387 қаулысына
7-қосымша
«Теле-, радиоарналарды тарату бойынша
қызметпен айналысу үшін лицензия беру,
лицензияны қайта ресімдеу»
мемлекеттік қызмет стандартына
1-қосымша
_____________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
кімнен ______________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке
тұлғаның тегi,аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда), жеке
сәйкестендіру нөмірі)
Өтініш
_____________________________________________________________________
(қызметтің түрін көрсету)
жүзеге асыруға лицензияны қосымшаны қағаз тасығышта ____ (лицензияны
қағаз тасығышта алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек)
беруді сұраймын.
Заңды тұлғаның мекенжайы ____________________________________________
(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы,
үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі
Электрондық поштасы _________________________________________________
Телефондары _________________________________________________________
Факс ________________________________________________________________
Банк шоты ___________________________________________________________
(шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)
Қызметті жүзеге асыру мекенжайы (лары) ______________________________
(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы,
үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі
__________________________________________ парақта қоса беріліп отыр.
Осымен,
көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып
табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға
қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген
ақпаратты жіберуге болатындығы;
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе)
кіші түрімен айналысуға сотпен тыйым салынбағандығы;
қоса беріліп отырған құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес
келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады.
Басшы/Жеке тұлға ______________________________________________
___________________ ___________________________________________
(қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)
М.О. (болған жағдайда) Толтырылған күні: 20__ жылғы «___» _____
Источник: Информационно-правовая система «Әділет» http://adilet.zan.kz/