Право и СМИ Центральной Азии

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң «Электрондық ақпараттық ресурстарды мемлекеттiк органдардың интернет-ресурстарына орналастыру ережесiн бекiту туралы» 2007 жылғы 13 шiлдедегi № 598 және «Мемлекеттiк органдардың интернет-ресурстарына орналастырылатын мемлекеттiк органдар туралы электрондық ақпараттық ресурстардың тiзбесiн бекiту туралы» 2007 жылғы 3 қазандағы № 891 қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 29 мамырдағы № 698 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) «Электрондық ақпараттық ресурстарды мемлекеттiк органдардың интернет-ресурстарына орналастыру ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 13 шiлдедегi № 598 қаулысында:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Электрондық ақпараттық ресурстарды мемлекеттiк огандардың интернет-ресурстарына орналастыру ережесiнде:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Мемлекеттiк органдардың интернет-ресурстарына орналастырылатын электрондық ақпараттық ресурстар, серпiндi және статикалық ақпаратты қамтитындар болып бөлiнедi»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Ережеде мынадай негiзгi терминдер мен ұғымдар пайдаланылады:
1) атрибут – HTML тiлiнiң түрлерiне, алаңдарына, әдiстерiне, ерекшелiктерiне және басқа да кейбiр құрылымына жазылатын қосымша ақпарат;
2) балама мәтiн – тек мәтiндi көрсететiн құрылғыларды пайдаланған кезде мәтiндiк емес веб-контенттiң мазмұнын және функциясын түсiнуге мүмкiндiк беретiн мәтiн;
3) веб-контент – электрондық ақпараттық ресурстың мәтiндiк, мәтiндiк емес немесе медиа мазмұны;
4) интернет-ресурс – ашық ақпараттық-коммуникациялық желiде жұмыс iстеп тұрған электрондық ақпараттық ресурс, оны жүргiзу және (немесе) пайдалану технологиясы, сондай-ақ ақпараттық өзара iс-қимылды қамтамасыз ететiн ұйымдастырушылық құрылым;
5) серпiндi ақпарат – бұл мемлекеттiк органның ағымдағы қызметiн көрсететiн уақытша сипаттағы ақпарат (перспективалық даму, өзектi оқиғалар, басым бағыттар және басқалары);
6) статикалық ақпарат – бұл мемлекеттiк органның iшкi қызметiн көрсететiн тұрақты (анықтамалық) сипатқа ие ақпарат (нормативтiк құқықтық актiлер, құрылым, мемлекеттiк орган ережесi және басқалар);
7) тегi – интернет-ресурстың веб-бетiндегi мәтiннiң көрiнiсiн өзгертетiн HTML тiлiнiң элементi;
8) Web Content Accessibility Guidelines (WCAG.2.0) – әртүрлi пайдаланушылардың барынша қалың тобы үшiн, оның iшiнде мүмкiндiгi шектеулi адамдар үшiн қолжетiмдi веб-контенттi құрудың заманауи ережелерi мен қағидаттарын сипаттайтын веб-контентке қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету жөнiндегi нұсқалық.»;
6-тармақтың бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Мемлекеттiк органдардың интернет-ресурстарындағы статикалық ақпарат қажеттiлiгiне қарай жаңартылады.»;
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
«6-1. Мемлекеттiк органдардың интернет-ресурстарына электрондық ақпараттық ресурстарды орналастыру WCAG.2.0 сәйкес жүргiзiледi:
1) безендiру мақсатында пайдаланылатын мәтiндiк емес веб-контенттен басқа мәтiндiк емес және медиа веб-контенттер баламалы мәтiнмен сүйемелденiп, бағдарламалық кодта тиiстi атрибуттармен белгiленуге тиiс;
2) веб-бетте бейнеленген, мағынасы оның түсiне байланысты болатын мәтiндiк емес және мәтiндiк веб-контент мағыналық жүктемесi дәл сондай баламалы мәтiндi қамтуы тиiс;
3) нысанында, мөлшерiнде және орналасуында мағыналық жүктеме бар веб-контент элементтерi тиiстi мәтiндiк анықтамамен сүйемелденуi тиiс;
4) медиа веб-контент титрлермен немесе транскрипттермен сүйемелденуi тиiс;
5) егер веб-контенттi оқудың дұрыс дәйектiлiгi оның мағынасын анықтаса, онда ол бағдарламалы түрде анықталуы тиiс;
6) үш секундтан аса автоматты түрде ойналатын аудио веб-контент үшiн тоқтау, үзiлiс немесе дыбысты ажырату механизмдерiн беру қажет;
7) интернет-ресурста орналастырылған веб-контент пернетақта арқылы басқарылуы тиiс;
8) уақыт бойынша шектелетiн бет немесе қосымша тоқтататын, икемдейтiн немесе шектеу мерзiмiн ұзартатын механизмдi қамтуы тиiс;
9) секундына үш реттен астам жарқылдауды қамтитын, автоматты түрде қозғалатын, жыпылықтайтын, айналатын веб-контенттi құру ұсынылмайды, қолданылған жағдайда осы веб-контенттi тоқтату жөнiндегi механизмдi беру қажет;
10) үлкен көлемдi графикалық элементтерi немесе навигациялық сiлтемелерi бар веб-бетте көрнекi бөлiгiнде веб-контенттiң негiзгi бөлiгiне өту үшiн сiлтеме жасау қажет;
11) әрбiр веб-бетте беттiң мақсаты мен тақырыбын сипаттайтын, тиiстi тегте көрсетiлетiн ақпаратты тақырып болуы тиiс;
12) сiлтеменiң мақсаты сiлтеменiң өз мәтiнiнен не сiлтеме мәтiнi мен оның бағдарламалы анықталған контекстiнен түсiнiктi болуы тиiс;
13) веб-бетте негiзгi қолданылатын тiл тиiстi атрибуттың көмегiмен бағдарламалық кодта анықталуы тиiс;
14) пайдаланушының ақпаратты енгiзген кезiндегi анықталған кез келген қате мәтiндiк хабарлама түрiнде ұсынылуы қажет.»;
2) «Мемлекеттiк органдардың интернет-ресурстарына орналастырылатын мемлекеттiк органдар туралы электрондық ақпараттық ресурстардың тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 3 қазандағы № 891 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 36, 411-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген мемлекеттiк органдардың интернет-ресурстарына орналастырылатын мемлекеттiк органдар туралы электрондық ақпараттық ресурстардың тiзбесiнде:
реттiк нөмiрi 4-жолдың 3-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттiк органның қарамағындағы жалпы пайдаланымдағы ақпараттық жүйелердiң, деректер банкiнiң, тiзiлiмдердiң, тiркелiмдердiң тiзбелерi. Азаматтар мен ұйымдарға ұсынылатын ақпараттық ресурстар мен қызметтердiң тiзбесi.
2. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жоспарларын iске асыру және ақпараттық жүйелердi әзiрлеу туралы ақпарат.»;
реттiк нөмiрi 13-жол алынып тасталсын;
ескертпе ** алынып тасталсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                               К. Мәсiмов