Право и СМИ Центральной Азии

«Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау жөнінде комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 9 наурыздағы № 181 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау жөнінде комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 9 наурыздағы № 181 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құрамынамыналар енгізілсін:

 

Кенжебаев
Арман Жанатбекұлы
– «Қазақстан орындаушыларының құқықтарын басқару қоғамы» республикалық қоғамдық бірлестігінің бас директоры (келісім бойынша)
Айдарбеков
Бауыржан Тілеужанұлы
– «Абырой» авторлық қоғамы» республикалық қоғамдық бірлестігінің бас директоры (келісім бойынша)
Блиев
Әсет Асылбекұлы
– «Фонограммалар өндірушілердің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі директорының бірінші орынбасары (келісім бойынша);

 

      мына:

 

«Жақсылықов
Тимур Мекешұлы
– Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда вице-министрі»

 

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

 

«Жақсылықов
Тимур Мекешұлы
– Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрi»;

 

      көрсетілген құрамнан Дархан Әзімханұлы Әзімхан шығарылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Exit mobile version