Право и СМИ Центральной Азии

Телерадио хабарларын тарату саласындағы мемлекеттiк техникалық қызмет туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 6 тамыздағы № 1025 Қаулысы

 

 

 

«Телерадио хабарларын тарату туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 18 қаңтардағы Заңының 6-бабының 11) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң «Телекоммуникация саласындағы техникалық сүйемелдеу және талдау орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны телерадио хабарларын тарату саласындағы мемлекеттiк техникалық қызмет болып белгiленсiн.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                                  К. Мәсiмов