Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрiнiң 2012 жылғы 29 маусымдағы № 92 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2012 жылы 31 шiлдеде № 7819 тiркелдi
«Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 2-тармағын iске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған тарихи немесе мәдени құндылығы бар теле-, радиобағдарламалар жазбаларын сақтаудың қағидалары бекiтiлсiн.
2. «Тарихи немесе мәдени құндылығы бар теле-, радиохабарлар жазбаларын сақтаудың ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрi мiндетiн атқарушының 2005 жылғы 25 мамырдағы № 138 бұйрығының күшi жойылды деп танылсын (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiркелiмiнде № 3702 тiркелген).
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң ақпарат және мұрағат комитетi:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;
2) осы бұйрықтың орнатылған тәртiпке сәйкес ресми түрде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсiн.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат вице-министрi А.О. Қырықбаевқа жүктелсiн.
5. Осы бұйрық ресми түрде алғашқы жарияланған күнiнен кейiнгi он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Министр Д. Мыңбай
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрiнiң
2012 жылғы 29 маусымдағы
№ 92 бұйрығымен
бекiтiлген
Тарихи немесе мәдени құндылығы бар теле-, радиобағдарламалар
жазбаларын сақтаудың қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Тарихи немесе мәдени құндылығы бар теле-, радиобағдарламалар жазбаларын сақтаудың Қағидасы (бұдан әрi — Қағида) Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңының 16-бабы 2-тармағына сәйкес әзiрлендi және бұқаралық ақпарат құралдары (теле-, радиохабарлар) арқылы жасалған тарихи немесе мәдени құндылығы бар теле-, радиобағдарламалар жазбаларын сақтаудың тәртiбiн анықтайды.
2. Тарихи немесе мәдени құндылығы бар теле, радиобағдарламалар жазбаларын (бұдан әрi — жазба) қабылдау, сақтау, сақтауды қамтамасыз ету, есепке алу, пайдалану, Қазақстан Республикасының мұрағаттық iс және құжаттама саласындағы заңнамасымен белгiленген тәртiпте бұқаралық ақпарат құралдары (теле-, радиоарналар) ұйымының ведомстволық немесе жеке мұрағаты (бұдан әрi — ұйым мұрағаты) құрылады.
3. Бұқаралық ақпарат құралдары (теле-, радиоарналар) жазуларды Қазақстан Республикасының мұрағаттық iс және құжаттама саласындағы заңнамасымен белгiленген тәртiпте мемлекеттiк мұрағатта тұрақты сақтауға жiбередi.
4. Ұйым мұрағатының паспорты жыл сайын жасалады және одан әрi Ұлттық мұрағат қоры және оны толықтыру көздерi құжаттарының құрамы мен мазмұны туралы деректер Жинағына мәлiметтердi енгiзу үшiн үш жылда бiр рет тиiстi мемлекеттiк мұрағатқа тапсырылады. Мәлiметтердi Жинаққа енгiзу «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген.
2. Жазбаларды сақтау тәртiбi
1-Параграф. Жазбаларды сақтауға қабылдау тәртiбi
5. Жазбалар ұйым мұрағатына мынадай:
1) осы ұйымның немесе оның құқық мирасқорларының қызметiнде пайда болған iс жүргiзуi өндiрiсi аяқталған жазбалар;
2) осы ұйымда әзiрленген немесе басқа ұйымнан келiп түскен әртүрлi ақпарат тасығыштағы теле-, радиобағдарламалар жазуларының түпнұсқалары және көшiрмелерi түрiнде келiп түседi.
6. Жазулар тұрақты сақтауға қоса тiркелетiн iлеспе хатпен жiберiледi, оған қоса:
1) киноқұжаттар үшiн — аннотациялар, монтаждық парақтар, аяқталған туындыға рұқсат беретiн куәлiктер, техникалық күйiнiң актiлерi, жарық және түрлi-түстi паспорттардың жазбалары;
2) фоноқұжаттар және бейнеқұжаттар үшiн — техникалық күйiнiң актiлерi, сөйлеген сөздердiң мәтiндерi, грампластинка каталогтары, сөз сөйлейтiндердiң тiзiмi, кештердiң, концерттердiң, рецензиялардың, мақалалардың бағдарламалары, қолданылатын фоноқұжаттарға және бейне құжаттарға тiкелей қатысты басқа да құжаттар кiредi;
3) мұрағат iсi және құжаттама саласындағы нормативтi-құқықтық актiлерге сәйкес жүзеге асырылатын, құжаттардың құндылық сараптамасының қорытындысы.
7. Жазбаларды сақтауға қабылдау кезiнде ұйым мұрағатының қызметкерi құжаттарды тапсыруды жүзеге асыратын тұлғаның қатысуымен:
1) құжаттардың жинақтылығын;
2) құжаттардың физикалық сақталуын;
3) осы Қағиданың 6-тармақта көзделген талаптарға сәйкес, қоса берiлетiн мәтiндiк iлеспелi құжаттаманың жинақтылығын тексередi.
8. Қабылданған теле-, радио хабарлар жазбалары, осы Қағиданың 1-қосымшадағы нысан бойынша журналда есепке алуға жатады.
2-Параграф. Жазбалардың iстер тiзiмдемесiн жасаудың тәртiбi
9. Сараптау комиссиясымен тарихи немесе мәдени құндылығы бар деп танылған жазбалар осы Қағиданың 2, 3, және 4-қосымшадағы нысандар бойынша тiзiмдемеге енгiзiлуге және де өзге нормативтiк құқықтық акттермен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тұрақты сақтауға жатады.
10. Киноқұжаттар мен бейнеқұжаттар:
1) түрлерiне қарай — фильмдер, арнайы шығарылымдар, киножурналдар, жеке кино- және телесюжеттер;
2) фильмдердiң, арнайы шығарылымдардың, киножурналдардың шығу жылдарына қарай; жеке кино- және телесюжеттердiң өндiрiстiк нөмiрлерi бойынша;
3) есепке алу бiрлiктерiне (толықтыру);
4) түстi (түрлi-түстi, ақ-қара);
5) үлдiрдiң форматы (8 миллиметр (бұдан әрi — мм), 16 мм, 35 мм, 70 мм және басқа) бойынша жүйеленедi.
11. Үнқұжаттар, ақпаратты дыбыстық жазу түрлерi – фонографиялық, граммофонды, оптикалық, магниттiк, лазерлiк болып жүйеленедi. Белгiлi бiр жазба түрiнiң үнқұжатына жеке тiзiмдеме құрастырылады. Үнқұжаттың iшкi түрлерi сақтау бiрлiктерiне және толықтырулары бойынша орналастырылады.
12. Тұрақты сақталатын жазулардың iстер тiзiмдемесiнiң осы Қағиданың 5-қосымшаға сәйкес титулдық парағы, мазмұны, алғысөзi, қысқартылған сөздер тiзiмi мен қорытынды жазбасы болады.
3–Параграф. Құжаттардың сақталуын ұйымдастыру тәртiбi
13. Ұйымның мұрағатындағы жазулардың сақталуын қамтамасыз ету үшiн мынадай:
1) материалдық-техникалық базаны (құжаттардың сақтау ғимараты және үй-жайлары, құралдары, жабдықтар, құжаттарды көшiрiп алу және зақымданғандарын қалпына келтiру құралдары және басқада жабдықтар) құру мен дамытуды көздейтiн жазулардың сақталуын ұйымдастыру жөнiндегi;
2) құжаттарды уақытша сақтаудың нормативтiк шарттары мен параметрлерiн (сақтаудың температуралық-ылғалдылық, жарық, санитарлық-гигиеналық, күзету режимдерi) құру мен тұрақты сақтау жөнiндегi;
3) алдын алу сипатындағы (құжаттардың физикалық-химиялық сақталуын қамтамасыз ету, мұрағат қоймаларынан құжаттардың берiлуiн регламенттеу, құжаттардың бар-жоғын және жай-күйiн тексерудi жүргiзу, аса бағалы құжаттарды табу, сақтандыру қорын және пайдалану қорын құру) шаралар жүзеге асырылады.
14. Сақтауды ұйымдастыру жөнiндегi шаралар жүйесi жазулардың сақталуын және ұйымның мұрағатына құжаттар келiп түскен кезде, оларды сақтау және тиiстi мемлекеттiк мұрағатқа тұрақты сақтауға тапсыру кезiнде олардың физикалық жай-күйiн бақылауды қамтамасыз етедi. Сақтауды ұйымдастыру және сақтауға тиiстi жағдайлар жасау кезiнде құжаттардың көрiнiстi құрам ерекшелiгiн және олардың материалдық тасығыштарының ерекшелiктерiн ескеру керек.
15. Сақталудағы құжаттардың көлемi мен құрамына сәйкес ұйым мұрағатына мұрағат құжаттарын сақтауға арнайы салынған немесе ыңғайластырылған жеке ғимарат немесе әкiмшiлiк ғимараттың бiр бөлiгi берiледi.
16. Әкiмшiлiк ғимаратты салу немесе қайта жаңарту кезiнде ұйым мұрағаты үшiн арнайы үй-жайлар көзделуi мүмкiн. Арнайы үй-жай болмаған кезде мұрағат үшiн ұйымның әкiмшiлiк ғимаратында ыңғайластырылған үй-жайлар бөлiнедi.
Әкiмшiлiк ғимараттағы ыңғайластырылған үй-жайларда ұйымның мұрағатын орналастыру олардың жарамдылығын (өртке төзiмдiлiгi, ұзақ мерзiмдiлiгi, конструкциясының берiктiгi, техникалық жағдайы, жылыту және ауа тазарту жүйесiнiң болуы) анықтайтын сараптамадан кейiн ғана жүргiзiледi.
17. Ұйым мұрағаты үшiн мынадай ғимараттарды:
1) құжаттарды сақтауға арналған мұрағат қоймаларын;
2) зерттеушiлердiң жұмыс iстеуiне арналған бөлменi (оқу залын);
3) мұрағат қызметкерлерiнiң жұмыс бөлмелерiн;
4) алмалы-салмалы электрондық тасымалдауыштардың, серверлiк және коммуникациялық жабдықтардың автоматтандырылған кiтапханасына арналған бөлмелерiн ұсыну көзделедi.
18. Қызметкерлер мен зерттеушiлерге арналған жұмыс бөлмелерi және зерттеушiлердiң жұмыс iстеуiне арналған үй-жайлар (оқу залы) мұрағат қоймаларынан жеке орналастырылады.
19. Жұмыс бөлмелерiнен қалқалары жоқ мұрағат қоймалары арнайы орнатылған қалқалармен бөлiнедi. Бөгде адамдар мұрағат қоймасына басшының рұқсатымен және ұйым мұрағаты қызметкерiнiң қатысуымен ғана кiргiзiледi.
20. Мұрағат қоймалары химиялық заттарды немесе тамақ өнiмдерiн сақтауға немесе қолдануға байланысты зертханалық, өндiрiстiк және қойма үй-жайларынан қашықта орналастырылады.
21. Мұрағат қоймалары өрт жағынан қауiпсiз және су басудан кепiлдендiрiлген болуы тиiс. Олардың iшiнде газ, су құбыры, кәрiз және басқа да магистральдық құбыржолдар болмауы тиiс.
22. Мұрағат үй-жайларының сыртқы есiктерiне металл парақ қағылады және берiк ысырмалары болады. Жұмыс уақытында мұрағат қоймаларын кiлттеп жабылады. Жұмыстан тыс уақытта мұрағаттың барлық үй-жайларына мөр басылады немесе пломбыланылады. Мөр (пломба) кiлттермен бiрге ұйым бойынша кезекшiге, күзетшiге немесе iшкi ведомстволық қағидаларында белгiленген орынға тапсырылады.
Ұйым мұрағатынан құжаттарды ғимараттан тысқары жерге алып шығу ұйым басшысы белгiлеген тәртiппен ұйымның арнайы рұқсаттамалар бойынша ғана жүзеге асырылады.
23. Ұйым мұрағатының үй-жайлары күзет дабылдарымен жабдықталады. Орналасуы сырттан кiруге мүмкiндiк беретiн терезелерге металл торлар орнатылады.
24. Мұрағат қоймаларындағы электр өткiзгiш жасырын болуы тиiс, штепсельдiк розеткалар герметикалық қолдануда ғана пайдаланылады. Жалпы және әр қабаттағы ажыратқыштар мұрағат қоймаларының үй-жайларынан тысқары орналастырылады.
25. Ұйым мұрағатының өрт сөндiру жүйесi мен құралдарында жазулар үшiн қауiпсiз бейтарап заттар қолданылады.
26. Мұрағат қоймаларында отты, қыздыру құралдарын қолдануға, сырт киiмдермен, дымқыл және лас аяқ киiммен кiруге, тамақ өнiмдерiн сақтау мен пайдалануға, темекi шегуге жол берiлмейдi.
4–Параграф. Iстердi орналастыру және сақтау тәртiбi
27. Киноқұжаттарда қорғану ракордтары болады. Бастапқы ракордтың ұзындығы 3 мқұрайды, ракордтың соңғы ұзындығы — 1,5-2 мқұрайды. Бастапқы және соңғы ракордтарға шифрлеу белгiсi қойылады. Сыртқы қабатта киноқұжаттарды фотографиялық өзекшелер рулонға оралған болуы тиiс. Орам бағыты – басынан соңына дейiн. Орам тығыз болуы тиiс, рулон шеттерiндегi iлгерi орам да.
28. Магниттiк таспадағы үнқұжаттар жазбалардың дәл көшiрмесiн алу жылдамдығына байланысты түсi әртүрлi ракордтармен ресiмделедi. Бастапқы ракордқа жұмыс жүргiзбейтiн жағынан шифрлеу белгiсi қойылады. Сыртқа құжатты жұмысшы қабатпен өзекшеге оралған болуы тиiс. Сондай рулондағы iлгерi орамдардың биiктiгi 0,05 мм шамасынан артық болуы тиiстi емес. Үнқұжаттардағы орам бағыттары осындай болу керек, дәл көшiрмесiн алуда магнитофондағы жазылған рулон сағаттық тiлiне қарсы айналатын.
29. Теле-, радиобағдарламалар жазу құжаттары сақтауындағы әрбiр бiрлiк шығаруға арналған жеке герметикалықсыз орамаға ылғал мен шаңның ену мүмкiншiлiктерiнен, жарық сәулелердiң тиюлерiнен, механикалы зақым келудiң қорғанышынан орнығады. Олардың iшiндегi жазулардың еркiн ауысуларына кедергi болуы тиiстi. Буып-түйiлген материалдардың салғырт болуы химиялық, хлорлы, азотты асырамау, оларға буып-түйетiн материалды құжаттардың зақымдануы немесе био зақымдануы мүмкiн. Буып-түйiлген материалдардың жоғарғы сапалығы жазулардың зақымдануына немесе жабысуына әкелiп соқтырмауы тиiс. Орама алғашқы және екiншi болып бөлiнедi. Алғашқы ораманың қолданылуы тек зиянды газды қоспалардың жоғары концентрация шарттарында ауа тазартуы жоқ болуы және шаң бойынша пайдалы.
30. Киноқұжаттар жiңiшке қағаздан немесе полиэтиленнен көп қабатты пакетке, полиэтилентерефталата және металл қорапқа тиiстi буып-түйiлген болуы керек. Пакет мөлшерiн рулон мөлшерiне тиiстi талапқа сай болады.
31. Үнқұжаттарда магниттiк таспада полиэтилен қабыршақтан пакетке тиiстi iшiне салынған және — қорапты немесе полиэтилендiк қапқа орналастырылған (контейнер) этикеткаларға арналған ойықтармен болады.
32. Бейнефонограмманы тиiстi сақталу арнайы зауыттық берiк полимерлiк материалдан оралады.
33. Дискiлiк тасығыштағы теле-, радиобағдарламалар жазу құжаттары зауыттық орамаға салынады, ал содан соң қорап ыдысқа орналастырылады.
5–Параграф. Құжаттарды сақтау режимiн қамтамасыз ету тәртiбi
34. Ұйым мұрағатында құжаттардың сақтау бүлiнуден сақтауды қамтамасыз ететiн және қоршаған ортаның зиянды ықпалынан қорғау жағдайында жүзеге асырылады.
Жазуларды, iстердi қорғау мына талаптарды орындауды:
1) жарық режимiн сақтау;
2) температуралық-ылғалдылық режимiн сақтау;
3) санитарлық-гигиеналық режимiн сақтау есебiнен қамтамасыз етiледi.
35. Ауа тазартқыш жүйелермен жабдықталған мұрағат қоймаларында құжаттарды сақтау үшiн мынадай оңтайлы температуралық-ылғалдық режимдер белгiленедi.
1) ақ-қара үлгiдегi құжаттар үшiн — температура + 150 С, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 40-55 %;
2) түрлi түстi үлгiдегi құжаттар үшiн — температура +2 — +50 С, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 40-55 %;
3) магниттiк таспадағы және дисктiк тасмалдауыштағы құжаттар үшiн — температура +8–ден +180 С-ге дейiн, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы — 45-65 %;
36. Климаты реттелмейтiн мұрағат қоймаларында ұйымның ғимаратын ұтымды жылыту, мұрағат қоймаларындағы ауаны желдету және ылғалдандыру (құрғату) негiзiнде климаттық жағдайларды оңтайландыру жөнiндегi тиiстi iс-шаралар жүзеге асырылады.
37. Мұрағат қоймаларындағы температуралық-ылғалдылық режимi тиiстi бақылау-өлшеу приборларының көрсеткiштерi негiзiнде ауаның температурасы мен салыстырмалы ылғалдылығы параметрлерiн үнемi өлшеп тұру жолымен бақыланады: желдетiлетiн үй-жайларда аптасына екi рет, климаты реттелмейтiн үй-жайларда аптасына үш рет өлшенедi.
38. Бақылау-өлшеу аспаптары (термометрлер, психометрлер, гигрометрлер) басты өткелде стеллаждарда жылытқыш және желдеткiш жүйелерден аулақ орналастырылады. Аспаптар көрсеткiштерi тiркеу журналдарына жазылады, журналдың нысанын ұйым анықтайды.
Мұрағат қоймаларындағы температуралық және ылғалдылық көрсеткiштердiң ауытқуына жол берiлмейдi.
39. Ұйым мұрағатының барлық үй-жайлары зең, жәндiктер, кемiргiштер пайда болу, шаң жиналу мүмкiндiгiне жол бермейтiн жағдайда күтiп ұсталады.
40. Мұрағат қоймаларында санитарлық-биологиялық қауiптi, желдетiлмейтiн аймақтардың пайда болуын болдырмайтын ауа айналымы қамтамасыз етiледi.
41. Жылдың жылы уақытында ашылатын терезелер, сондай-ақ мұрағат қоймаларының қабырғаларындағы, төбелердегi, едендерiндегi желдету тесiктерiн және желдету жүйелерiнiң сыртқы тесiктерiн диаметрi 0,5 мм аспайтын торлармен қорғау керек.
42. Мұрағат қоймаларында жүйелi түрде дымқыл тазалық жүргiзiп тұру қажет. Жылына кем дегенде бiр рет стеллаждарды, шкафтарды, жазуларды алғашқы қорғау құралдарын шаңсыздандыру қажет. Бұл ретте едендер, терезе алды тақтайлары, стеллаждардың төменгi жақтары формалиннiң екi пайыздық ерiтiндiсiмен тазаланады.
43. Жазулар мен мұрағат қоймаларына жылына екi рет (жылыту мерзiмi басталған және аяқталған кездi) жәндiктер мен өңездi саңырауқұлақтарды уақтылы анықтау үшiн тексеру жүргiзiледi.
Биологиялық зиянкестер табылған жағдайда жедел залалсыздандыру және дәрiлеу шаралары жүргiзiледi.
Тарихи немесе мәдени құндылығы
бар теле-, радиобағдарламалар
жазбаларын сақтау Қағидасына
1-қосымша
Нысаны
Теле-, радиобағдарламалар жазбаларының келiп түсуiн
және шығуын есепке алу журналы
№№ |
Теле-, радиобағдарламалар |
Теле-, радиобағдарламалар |
Теле-, радиобағдарламалар |
Келiп түскен |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
кестенiң жалғасы
Теле-, |
Теле-, радиобағдарламалар |
Ескертпе |
||||
Тұрақты |
Тұрақты |
Уақытша |
||||
Есепке |
Сақтау |
Есепке |
Сақтау бiрлiгiнiң саны |
Есепке |
Сақтау бiрлiгiнiң саны |
|
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
___________ жылы барлығы ________________________есепке алу бiрлiгi
(цифрмен және жазбаша)
_________________________ сақтау бiрлiгi келiп түстi,
(цифрмен және жазбаша)
____________есепке алу бiрлiгi ______________ сақтау бiрлiгi шықты.
(цифрмен және жазбаша) (цифрмен және жазбаша)
Қорытынды жылдық жазбаны жасаған Қолтаңбаның
қызметкер лауазымының атауы __________________ толық жазылуы
(өз қолы)
Мұрағат басшысы _______________________________ Қолтаңбаның
(өз қолы) толық жазылуы
Уақыты
Формат А3 (297Х420)
Тарихи немесе мәдени құндылығы
бар теле-, радиобағдарламалар
жазбаларын сақтау Қағидасына
2-қосымша
Нысаны
Тұрақты сақталатын бейнеқұжаттардың iстер тiзiмдемесi
Бекiтiлген | Бекiтемiн |
Жергiлiктi атқарушы органның (республикалық мемлекеттiк мұрағаттың) сараптама тексеру комиссиясы_____ жылғы ______ № ___хаттамасымен |
Ұйым басшысы лауазымның атауы ________ Қолының толық жазылуы (жеке қолы) Күнi |
№ ___ Тiзiмдеме
____________________________________________________
(ұйымның ресми атауы көрсетiлген тiзiмдеменiң атауы)
______ жылдар(ға)
Есепке алу бiрлiгiнiң нөмiрi |
Сақтау бiрлiгiнiң нөмiрi |
Индекс, өндiрiстiк нөмiр |
Құжаттың тақырыбы |
Авторы |
Шығарманы орындаушы |
Тiлi |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
кестенiң жалғасы
Жазу, қайта жазу уақыты |
бейнежазбаның хронометражы |
Жазбаның түрi мен форматы |
Сақтау бiрлiгiнiң саны |
Iлеспелi құжаттама мәтiнiнiң құрамы |
Ескертпе |
|
түпнұсқа |
көшiрме |
|||||
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
Тiзiмдеменiң бұл бөлiмiне _________________ № __ -ден № ___ -ге дейiн
сақтау бiрлiгi енгiзiлдi (санмен және жазбаша)
оның iшiнде:
арнайы нөмiрлер ________
қалып кеткен нөмiрлер _______ және оларға қатысты iлеспе құжаттаманың мәтiнi.
Тiзiмдеменi құрастырушының
лауазымының атауы _________ Қолының толық жазылуы
(қолы)
Күнi
Ұйымның орталық сараптама комиссиясы (сараптама комиссиясы)
____жылғы ___ _________
№ ____ хаттамасымен
келiсiлдi
Форматы А4 (210Х297)
Тарихи немесе мәдени құндылығы
бар теле-, радиобағдарламалар
жазбаларын сақтау Қағидасына
3-қосымша
Нысаны
Тұрақты сақталатын киноқұжаттардың iстер тiзiмдемесi
Бекiтiлген | Бекiтемiн |
Жергiлiктi атқарушы органның (республикалық мемлекеттiк мұрағаттың) сараптама тексеру комиссиясы______ жылғы ______ № ___ хаттамасымен |
Ұйым басшысы лауазымның атауы ________ Қолының толық жазылуы (жеке қолы) Күнi |
№ ___ Тiзiмдеме
(ұйымның ресми атауы көрсетiлген тiзiмдеменiң атауы)
______ жылдар(ға)
Есепке алу бiрлiгiнiң нөмiрi |
Сақтау бiрлiгiнiң нөмiрi |
Индекс, өндiрiстiк нөмiр (ұйымдағы есепке алу нөмiрi) |
Құжаттың тақырыбы |
Авторы |
Түсiрiлiмнiң, дайындықтың уақыты |
Вариант (үнсiз, дыбысты, а/б, түрлi-түстi, форматы, тiлi) |
Сақтау мерзiмiнiң/ метраждың саны |
негатив |
|||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
кестенiң жалғасы
Сақтау мерзiмiнiң/метраждың саны |
Iлеспелi құжаттама мәтiнiнiң құрамы |
Ескертпе |
|||||
Дубль-негатив |
Фонограмма (негатив) |
Магниттiк фонограмма магнитная (негiзгi, бiрiктiрiлген) |
Аралық позитив |
Позитив |
Бекiтiлген роликтер түрлi-түстi төлқұжаттар |
||
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
15 |
16 |
Тiзiмдеменiң бұл бөлiмiне _________________ № __ -ден № ___ -ге дейiн
сақтау бiрлiгi енгiзiлдi (санмен және жазбаша)
оның iшiнде:
арнайы нөмiрлер ________
қалып кеткен нөмiрлер _______ және оларға қатысты iлеспе құжаттаманың мәтiнi.
Тiзiмдеменi құрастырушының
лауазымының атауы _________ Қолының толық жазылуы
(қолы)
Күнi
Ұйымның орталық сараптама комиссиясы (сараптама комиссиясы)
____жылғы ___ _________
№ ____ хаттамасымен келiсiлдi
Форматы А4 (210Х297)
Тарихи немесе мәдени құндылығы
бар теле-, радиобағдарламалар
жазбаларын сақтау Қағидасына
4-қосымша
Нысаны
Магниттiк жазбадағы үнқұжаттардың iстер тiзiмдемесi
Бекiтiлген | Бекiтемiн |
Жергiлiктi атқарушы органның (республикалық мемлекеттiк мұрағаттың) сараптама тексеру комиссиясы______ жылғы ______ № ___ хаттамасымен |
Ұйым басшысы лауазымның атауы ________ Қолының толық жазылуы (жеке қолы) Күнi |
№ ___ Тiзiмдеме
____________________________________________________
(ұйымның ресми атауы көрсетiлген тiзiмдеменiң атауы)
______ жылдар(ға)
Есепке алу бiрлiгiнiң нөмiрi |
Сақтау бiрлiгiнiң нөмiрi |
Индекс, өндiрiстiк нөмiр |
Құжаттың тақырыбы |
Авторы |
Шығарманы орындаушы |
Тiлi |
Жазу, қайта жазудың уақыты |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
кестенiң жалғасы
Жазу, қайта жазудың жерi |
Жазу, қайта жазудың уақыты |
бейнежазбаның хронометражы |
Жазбаның түрi мен форматы |
Сақтау бiрлiгiнiң саны |
Iлеспелi құжаттама мәтiнiнiң құрамы |
Ескертпе |
|
түпнұсқа |
көшiрме |
||||||
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
15 |
16 |
Тiзiмдеменiң бұл бөлiмiне _________________ № __ -ден № ___ -ге дейiн
сақтау бiрлiгi енгiзiлдi (санмен және жазбаша)
оның iшiнде:
арнайы нөмiрлер ________
қалып кеткен нөмiрлер _______ және оларға қатысты iлеспе құжаттаманың мәтiнi.
Тiзiмдеменi құрастырушының
лауазымының атауы _________ Қолының толық жазылуы
(қолы)
Күнi
Ұйымның орталық сараптама комиссиясы (сараптама комиссиясы)
____жылғы ___ _________
№ ____ хаттамасымен келiсiлдi
Тарихи немесе мәдени құндылығы
бар теле-, радиобағдарламалар
жазбаларын сақтау Қағидасына
5-қосымша
Нысаны
Тұрақты сақталатын құжаттар тiзiмдемесiнiң титулдық парағы
___________________________________________________________________
(мемлекеттiк мұрағаттың атауы)1
____________________________________________________________________
(қордың атауы)
________________________________
(орналасқан жерi)
№ _______________________ қор
_______________________ тiзiмдеме
____________________________________________________________________
(тiзiмдеменiң атауы)
Құжаттың алғашқы және соңғы күнi___________
______________________
1 Мемлекеттiк мұрағат толтырады