Право и СМИ Центральной Азии

Құқық арқылы демократия үшін Еуропалық Комиссиядағы Қазақстан Республикасының мүшелігі туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 13 наурыздағы № 283 Жарлығы

Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануға тиіс

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы қоса берілген Құқық арқылы демократия үшін Еуропалық Комиссияның (бұдан әрі — Венеция комиссиясы) Жарғысына қосылсын.
2. Мыналар:
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы Игорь Иванович Рогов Қазақстан Республикасынан Венеция комиссиясының мүшесі;
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары Талғат Советбекұлы Донақов Қазақстан Республикасынан Венеция комиссиясы мүшесінің орынбасары болып тағайындалсын.
3. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев