Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2013 жылға арналған жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1778 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 7, 165-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2013 жылға арналған жоспарында:
реттік нөмірлері 48, 49-жолдар алынып тасталсын;
2) «Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2013 жылға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 13 наурыздағы № 238 қаулысында:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2013 жылға арналған іс-шаралар жоспарында:
реттік нөмірлері 22, 23-жолдар алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов